Халықаралық ғылыми-көпшілік журнал Международный научно-популярный журнал



Pdf көрінісі
бет33/38
Дата30.01.2017
өлшемі5,36 Mb.
#3042
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38

Төлеген Мұхтар Әділбекұлы
Қостанай мемлекеттік  педагогикалық институтының оқу-әдістемелік 
жұмыстар жөніндегі проректоры,  (PhD) философия докторы, 
заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
Mukhtar_T80@mail.ru 87013284555
Нұрмағанбет Ермек Талантұлы
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің 
заң факультетінің ғылыми-иннновациялық қызмет және халықаралық байланыс жөніндегі 
декан орынбасары, (PhD) философия докторы, доцент
Избасова Асель Боранбаевна
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу 
және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНДА 
КРИМИНАЛДЫ АҚПАРАТТАРДЫ ЖАРИЯЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Резюме.  Мақалада  қылмыстылықпен  күресу  жүйесіндегі  мемлекеттік  органдардың,  қоғамдық  ұйымдар  мен 
бұқаралық ақпарат құралдарының өзара әрекеттестігін үйлестіру тұрғысынан қылмыстылық феномені, бұл құ-
былысты тудыратын факторлар, қылмыскердің жеке тұлғасы және қылмыстылыққа қарсы іс-қимыл іс-шаралары-
ның кешені қарастырылады.   
Түйінді сөздер: қылмыстылықтың алдын алуды ұйымдастыру, құқық қорғау қоғамдық ұйымдары, әрекетте-
стік.
Резюме. В статье рассматриваются феномен преступности, факторы его порождающие, личность преступ-
ника и комплекс мер по противодействию преступности в контексте координации взаимодействия государственных 
органов, общественных организации и средств массовой информации в борьбе с преступностью.
Ключевые слова: организация предупреждения преступности, правозащитные общественные организации, вза-
имодействие.
Resume. The article considers crime phenomenon, factors that cause it, criminal personality, and the complex of measures 
for crime prevention in the context of coordination of interaction between state organs, social organizations and mass media 
in crime control.
Keywords: organization of the crime prevention, human rights public organizations, interaction.
Қазақстан  Республикасы  өз  тәуелсіздігінің 
алғашқы  күндерінен  бастап  құқықтық,  демокра-
тиялық  мемлекет  ретінде  дамып,  азаматтық  қоғам 
институттары  одан  әрі  нығайып  келеді.  Қазақстан 
Республикасының  Конституциясының  20-бабын-
да:  «Сөз  бен  шығармашылық  еркіндігіне  кепілдік 
беріледі. Цензураға тыйым салынады. Республика-
ның конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, 
оның  тұтастығын  бұзуды,  мемлекет  қауіпсіздігіне 
нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлт-
тық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, 
сондай-ақ  қатыгездік  пен  зорлық-зомбылыққа  бас 
ұруды насихаттауға немесе үгіттеуге жол берілмей-
ді», -деп көрсетілген [1, 300 б.].
Елбасының әрбір халыққа жолдауы мен баян-
дамалары мемлекеттік дамудың тұрақтылығының 
негізі  болып  табылатын  адамдардың  құқықтары 
мен заңды мүдделерін қорғау, құқықтық тәртіп пен 
заңдылықты  күшейту  іс-шараларымен  негіздел-
ген  [2].  Қазақстан  Республикасының  Президенті 
–  Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстан-2050» 
стратегиясы:  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  сая-
си бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: 
«Азаматтық  қоғам  дамуда,  тәуелсіз  БАҚ  жұмыс 
істеуде. Түрлі бағыттағы 18 мыңнан астам үкімет-
тік емес ұйымдар жұмыс істейді. 2,5 мыңдай БАҚ 
бар, оның  90%-ы – жеке иелікте. Сонымен бірге, 
бізге  қоғамдық  бақылауды,  жергілікті  жерлерде-
гі ахуалға азаматтардың ықпалын күшейту керек. 
Біз ең ұсақ құқық бұзушылықпен, бұзақылықпен, 
мәдениетсіздікпен  ымыраға  келмеуіміз  керек,  өй-
ткені,  осының  өзі  қоғам  тыныштығын  бұзады, 
өмірдің сапасына селкеу түсіреді. Тәртіпсіздік пен 
бетімен кетушілікті сезіну одан да елеулі қылмы-
старға жол ашады. Ұсақ құқық бұзушылыққа төз-
беу  ахуалы  –  қоғамдық  тәртіпті  нығайтуға,  қыл-
мыспен  күреске  бастайтын  маңызды  қадам.  Біз 
құқықтық  нигилизмді  жеңіп,  қоғамды  қоғамдық 
тәртіпті  қорғау  ісіне  тартуымыз  керек.  Мемлекет 
пен қоғам жемқорлыққа қарсы күресетін бір күш 
болуға тиіс. Бүгінде, интернет пен жоғары техно-
логиялар  ғасырында,  ақпараттар  тасқындаған  за-
манда,  «сүзгі»  адамның  ішінде  болу  керек.  Клас-
сиканы  оқыңыздар,  фильмдерді  көріңіздер»,-  деп 
атап өтті. Аталған құжаттарда қылмыстық саясат-
тың барлық бағыттарының демократизацияланып, 
тиісінше  ондағы  ақпараттардың  ашықтығы  мен 
тұнықтығын қамтамасыз етуге бағытталғандығын 
анық көруге болады. Қазақстан Республикасының 
Бас прокуратурасы құқықтық статистика және ар-

239
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №2/2 (37). 2016
найы есепке алу жөніндегі Комитетінің жыл сай-
ынғы қылмыстар туралы статистикасы айғақ бола 
алады. 
Айталық,  қылмыстылық  саны  2005  жылы  – 
146 347 болса, 2006 жылы – 141 271, 2007 жылы 
– 128 064, 2008 жылы – 127 478, 2009 жылы – 121 
667, 2010 жылы – 131 896, 2011 жылы – 206 801, 
2012  жылы-  287  681.  Бұл  уақытқа  дейін  қылмы-
стылық  деңгейінің  жоғарғы  шегі  тәуелсіздіктің 
алғашқы  жылдары,  яғни  1993  жылға  келеді  деп 
есептелетін, ол жылы қылмыстардың саны 206 006 
дейін жеткен болатын. Бірақ, Қазақстан Республи-
касында 2011, 2012 жылдары тіркелген қылмыстар 
саны 1993 жылы тіркелген қылмыстардан да асып 
түсті.
Қылмыстылық  көрсеткішінің  артуы  Елба-
сы  Н.Ә.  Назарбаевтың  тапсырмасы  бойынша  Бас 
прокуратура мен ішкі істер министрлігінің тіркеу 
тәртібін  күшейту  жөніндегі  қабылдаған  іс-шара-
ларымен, 2012 жылы ТМД елдерінде ұқсасы жоқ 
қылмыстардың барлық түрлерін қабылдау, тіркеу, 
есепке алудың бірыңғай айқын жүйесін енгізумен 
тікелей байланысты.
Осыған  орай,  қылмыстар  мен  құқық 
бұзушылықтар  туралы  есепке  алу-тіркеу  сала-
сында  қылмыстардың  латенттілігімен  күресуге 
бағытталған  көптеген  өзгерістер  енгізіліп  жатыр. 
Бұл  көбіне  қылмыстарды  жасыруға  емес,  сандық 
(цифрлық)  көрсеткіштердің  сапалық  қасиетке  ие 
болуына,  яғни  қылмыстармен  күресуге  жұмыл-
дырылған  органдардың  қызметін  «қылмыстарды 
ашу» көрсеткішіне емес, криминогенді жағдайды 
ашық көрсетуге, тиісінше қылмыстардың шынайы 
шеңберімен нақты күресуге бағытталған. 
Бұл  бағыттағы  жұмыстардың  оң  нәтижелері 
де жоқ емес, мысалы 2012 жылы Алматы қаласын-
да тіркелген қылмыстардың саны екі есеге артқан 
[3, 2 б.].
Ведомства басшысы С. Айтпаеваның хабарла-
уынша, жылдың өткен кезеңінде тіркелген қылмы-
стардың  деңгейі  52,5%  (137  789-дан  210  133-ке), 
оның ішінде ауыр қылмыстар 10,5 % (20 419-дан 
22  561-ге)  өскен,  дегенмен  аса  ауыр  қылмыстар 
саны 10 % (1 069-дан 953-ке) төмендеген. 
Қылмыстылық қай қоғамда болмасын мемле-
кеттердің  өркениетке  ұмтылу  жолындағы  эконо-
микалық-әлеуметтік,  саяси,  адамгершілік-мәдени 
процестердің  дамуына  теріс  әсер  ететін  құбылыс 
болып  отыр.  Белгілі  криминолог  А.И.  Долгова-
ның  пайымауынша,  «ұйымдасқан  қылмыстылық 
пен  терроризмге  бой  алдыруда  олардың  қызметі-
нен көрі оларды насихаттайтын БАҚ материалда-
рының әсері жоғары болып отыр» [4, 300 б.]. Бұл 
үрдіс «информогенді катастрофа» деп аталып жүр. 
Егер әртүрлі техногенді апаттар ашық түрде көзге 
көрінетін болса, БАҚ арқылы «улану», мәдениет-
тің  құнсыздануы  көзге  көрінбей  әрі  ақырын-ақы-
рын жүзеге асады екен [5, 123 б.]. 
Профессор  Е.Алауханов  сыбайлас  жемқор-
лықпен  күресу  мәселесін  қарастыра  келе,  бұл 
тақырыпты  зерттеудің  мақсатына  мыналарды 
жатқызған:
-  салыстырмалы-құқықтық талдау негізінде 
сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілік туралы 
қылмыстық заң нормаларын қолданумен байланы-
сты едәуір маңызды теориялық және
практикалық проблемаларды шешу;
-  мемлекеттік  қызметкерлердің  сыбайлас 
жемқорлық  әрекеттерінің  кейбір  түрлерінің  кри-
миналдану мәселелерін кешенді зерттеу;
-  осы  проблемаға  қатысты  қылмыстық 
заңдарды және мемлекеттік қызмет туралы заңдар-
ды ары қарай жетілдірудің жолдары мен әдістерін 
іздестіру;
-  билік органдарындағы сыбайлас жемқор-
лықты шектеу жөнінде нақты шаралар мен ұсыны-
стар даярлау [6, 45 б.]. 
БАҚ-та  таратылатын  ақпараттарда  қылмы-
стардың жасалу тәсілі, құрылып берілген жоспар-
дай  уақыты,  жері,  күдіктілердің  түр-сипаты, 
жәбірленушілер туралы ақпараттар, құқық қорғау 
органдарының  әлеуеті  туралы  мәліметтер  толып 
жүр.  БАҚ  арқылы  криминалды  ақпараттарға  ха-
лықтың  түгелдей  дерлік  топтары  азды-көпті  қа-
тыстырылған. Ақпараттардың көптігі жағдайында 
біз қылмыскердің жаңа тұлғасын алудамыз, оның 
портреті  шамамен  мынадай  –  белсенді,  ақпарат-
пен қаруланған, өзіндік жауапты шешімдер қабыл-
дай  алатын  адам.  Аталғандардың  барлығы  құқық 
қорғау  органдарының  қызметіне  белгілі  бір  дең-
гейде жаңаша тәсілдермен түзетулер енгізуді алға 
тартады. 
Қазіргі уақытта БАҚ криминалды ақпараттар-
ды  құнды  жаңалықтарға  айналдырып,  өздерінің 
негізгі  өнімі  етіп  отыр.  БАҚ  құрылымдары  елді 
елең еткізу мақсатында жаңалықтарда қылмыстар 
туралы елдегі қылмыстылық жағдайымен сай келе 
бермейтін  түсінік  қалыптастырады.  Яғни,  БАҚ 
өзінің ақпараттарды беру тәсілін өзгертуіне қарай, 
қылмыстар туралы ақпараттарды әртүрлі етіп жет-
кізеді.  Оны  қазіргі  қазақстандық  БАҚ-тардан  да 
көріп жүрміз, яғни кейбір БАҚ фактіні қылмыс деп 
көрсетсе,  екіншісі  оны  кездейсоқ  табиғи  жағдай 
деп көрсетеді. 
Қатыгездік  пен  жалаңаштықты  қоғам  қанша 
қажет етсе, БАҚ сонша деңгейде көрсетуге қашан-
да даяр. Сондықтан қоғам олардан бас тартқан не-
месе бас тартуға мәжбүр еткен жағдайда ғана бұл 
процесс тоқтауы немесе азаюы мүмкін.
БАҚ  арқылы  таратылатын  материалдардың 
сапалы  жақтарын  ескере  отырып,  сонымен  қатар 
арнайы  сараптама  көрсеткеніндей,  қазіргі  Қа-
зақстандық  қоғамда  батыстың  ықпалы  жоғары. 
Өйткені,  қазақстандық  БАҚ-тың  80%-ын  Ресей 
Федерациясының БАҚ құрайды, ал олар өз кезегін-
де Батыс Еуропадан көшірілген «еліктеушілік» не-

240
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №2/2 (37). 2016
месе «табыс көзі» ретіндегі рухани-адамгершілік-
тен  жұрдай,  сапасыз  материалдар  таратады.  Бұл 
материалдардың мазмұны көп ізденбейтін, жалқау, 
білімі  таяз,  сауатсыз  адамдар  аудиториясына  ар-
налған, қоғамның ар-ождансыз қажеттіліктерін қа-
нағаттандыруға бағытталған [7, 123б.]. 
Теріс  салдары  ретінде  классикалық  үздік 
туындыларды  терең  тебіреніспен  оқуды  бұрышқа 
тықпалап,  оларды  жеңіл-желпі  (5-6  беттік) 
ұсақ-түйектерге  айналдырып,  жаппай  сауатсыз-
дыққа  итермелеп,  адамдардың  тәні,  адамгершілік 
қасиеттері құнсыздандырылып, келеңсіз, орынсыз 
қылжақбастыққа  тәрбиелеуде  (жастар  проститу-
циясы,  гомосексуализм,  балалар  порнографиясы, 
педофилия,  жалаңаштану,  қатыгез  ойындар,  реа-
лити-шоулар және т.б.). Сондықтан идеологиялық 
бағытта  аталған  материалдарға  шығармашылық 
«сүзгі» қойылып, білім беру ісіндегі тәрбиені кү-
шейтіп, рухани, моральдық және адамгершілік са-
лада БАҚ сапасын арттыру қажет. 
Қазіргі  таңда  бұқаралық  ақпарат  құралдары 
қоғамдық  ойды  қалыптастыратын  ең  маңызды 
құрал. Егер БАҚ-тағы ақпараттарды ойланбастан, 
жауапсыздықпен  «жалған  журналисттер»  тарата-
тын болса, «төртінші билік» болып саналатын бұл 
құрал қоғамда дүрбелең тудырып, өте қауіпті күш-
ке айналады. 
Қазіргі  уақытта  Қазақстан  Республикасының 
2015  жылдың  2  қарашасындағы  (№383-VЗРК) 
«Қоғамдық кеңестер туралы» заңына сәйкес, көп-
теген  мемлекеттік  органдардың  жанында  қоғам-
дық кеңестер құрылуда.
Ақпараттардың  бұрмалануына  жол  бермеу 
және  БАҚ  материалдарының  мазмұнын  бақылау 
мақсатында  БАҚ  материалдарына  тәуелсіз  сарап-
тама  жасайтын  қоғамдық  кеңес  құрылуы  тиіс. 
Бұл қоғамдық кеңестің құрамына тәжірибелі заң-
герлер,  құқық  қорғау  органдарының  ардагерлері, 
ғалымдар,  журналистер,  саясаттанушылар,  мәде-
ниеттанушылар, дінтанушылар, тарихшылар, әле-
уметтанушылар,  қоғамдық  бірлестіктер,  партия-
лар өкілдері мен психологтар қатыстырылуы тиіс. 
Сондай-ақ  БАҚ-тың  өзіндік  ішкі  шығармашылық 
комиссиялары  білікті  әрі  сауатты  жұмыс  жасауы 
өте маңызды.
Қоғамды  мәдени  «сауықтандыру»  кезек  күт-
тірмейтін  мәселе  болып  отыр.  Өйткені,  мәдениет 
антикриминогенді фактор болып табылады.
Жоғарыда аталғандардың негізінде, біздің ой-
ымызша  Қазақстан  Республикасындағы  біртұтас 
ақпараттық  кеңістікті  дамыту,  қылмыстылықтың 
алдын алу барысындағы қылмыстылықпен байла-
нысты  ақпараттардың  тұнықтығын,  ашықтығын 
және  толықтығын  қамтамасыз  ету,  бұл  үдеріске 
қалың  бұқараны  қатыстыру  арқылы  қоғамдық 
бақылауды күшейту, қылмыстарды жасауға ыңғай-
сыз жағдайлар жасау, мемлекет пен қоғамдық ұй-
ымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының қы-
зметіндегі өзара үйлесімділікті қамтамасыз етудің 
сапалық қасиеттерін арттыруға байланысты нақты 
ғылыми  ұсыныстар  енгізу  елімізде  құқықтық 
тәртіпті қамтамасыз ету мен заңдылықтың сақта-
луына тиімді әсер етері анық.
Қолданылған әдебиеттер:
1.  Қазақстан  Республикасының  Конституциясы.  Ғылыми-құқықтық  түсініктеме.  Авторлар  ұжымы.  Қа-
зақстан Республикасының заң шығару институты. Алматы, «Жеті жарғы», 2005.-392 бет. 
2. ҚР Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің 
жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы//Егемен Қазақстан, 15.12.2012ж.1-3 бб.; «Әлеуметтік-эко-
номикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты» ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына 
жолдауы. //27.01.2012 ж.; «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық серпіліс – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» ҚР 
Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. //29.01.2010 ж. «Қазақстан-2030» Ел Президенті Н.Ә. 
Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Алматы, Юрист, 2006. -112 б. //ҚР 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі 
кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы туралы ҚР Президентінің 2009 жылғы 28 тамыздағы №858 
Жарлығы.//ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ҚР судьяларының V съезіндегі сөйлеген сөзі. Астана, 18.11.2009 ж.
3. Виктор Бурдин «Камера видит, камера знает...» газета «Время», 05.01.2013г. с.2.
4.  Реагирование на преступность: концепции, закон, практика. М., 2002. -451 с. 
5.  Преступность среди социальных подсистем. Новая концепция и отрасли криминологии / Под ред.докт.юрид.
наук, профессора Д.А. Шестакова.-СПб.: Издательство «Юридический центр Пресс», 2003.-353 с.
6.  Алауханов Е.О., Оразалиев М.М. Айып тағу және айыптау қорытындысын түзу: монографиялық зерттеу. 
– Алматы, 2003 ж. – 175 б.  
7.  Кудрявцев В.Н. Борьба мотивов в преступном поведении. М.: Норма, 2007.-128 с.

241
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №2/2 (37). 2016
Абдижами Айтуған Жұмахметқызы 
«Болашақ» академиясы қылмыстық құқық  және қылмыстық іс жүргізу 
кафедрасының доценті,  заң ғылымдарының кандидаты
Төлеген Мұхтар Әділбекұлы 
Қостанай мемлекеттік педагогикалық  институтының оқу және әдістемелік 
жұмыстар жөніндегі проректоры,  (PhD) философия докторы, 
заң ғылымдарының кандидаты,  қауымдастырылған профессор
Mukhtar_T80@mail.ru 87013284555
Сериев Болат Абдулдаұлы
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік  университетінің қаржы-экономика факультетінің 
деканы, экономика магистрі, заң ғылымдарының кандидаты, доцент 
КЕЙБІР ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫ ЖАСАУ УАҚЫТЫ 
МЕН ОРНЫН АНЫҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Резюме. Мақалада қазақстандық қылмыстық заңнама бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасау 
уақытын анықтауға, сонымен қатар қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалу орнын нақты бекітуге қатысты 
мәселелер талданады.
Түйін сөздер: қылмыстық заң, қылмыстық құқық бұзушылықты жасау уақыты мен орны, жауаптылық, жаза 
тағайындау.
Резюме. В статье акцентируется внимание на проблемы определения времени и места совершения некоторых 
уголовных правонарушений, а также вопросы определения места совершения преступного правонарушения. 
Ключевые слова: уголовный закон, место и время совершения уголовного правонарушения, ответственность, 
назначение наказания.
Resume. The article reviews the problems in detecting time and place of commission of some criminal offences. 
Keywords: criminal law, place and time of commission of criminal offence, responsibility, sentencing.
Қылмыстық  заңның  күшіне  енуі  үшін  оның 
қандай  мерзімде  күшіне  енетінін  анықтау  қажет, 
оған қылмыс жасау уақытын нақты көрсету де бі-
раз үлес қосады. Бұл тұрғыдан алғанда қылмыстық 
құқық  ғылымында  қылмыс  жасау  уақытын  нақты 
анықтауға байланысты түрлі пікірлер кездеседі. Ол 
пікірлерге А. Е. Якубов «Обратная сила уголовно-
го закона: некоторые проблемы совершенствования 
Уголовный кодекс РФ» атты еңбегінде жан-жақты 
тоқталып,  өзінше  қорытындылап,  заңдағы  «қыл-
мыс жасау уақыты ретінде іс-әрекетті жасау уақы-
ты  танылады»  деген  анықтаманың  субъективтік 
айыптауға  сай  келетін  көрсеткен  [1,  35-40  ].  Сон-
дықтан  доктринадағы  пікірлердің  барлығын  тал-
дап, қайталаудың қажеті жоқ деп ойлаймыз. ҚР ҚК 
4-бабында  да  осы  ереже  бекітіліп,  қылмыс  жасау 
уақыты ретінде қоғамдық қауіпті іс-әрекет жүзеге 
асырылған  уақыт,  зардаптың  басталған  уақытына 
қарамастан  қылмыстық  іс-әрекет  жасалған  уақыт 
танылады. 
Бұл  ереже  бір  заң  күшінде  болғанда  жасала-
тын  қылмыстық  іс-әрекеттердің  жасалу  уақытын 
анықтауға  көмектеседі.  Дегенмен  де  қылмыстың 
ескі (күшін жойған заң) заң әрекет еткенде баста-
лып, жаңа заң (қолданыстағы заң) күшіне енгеннен 
кейін аяқталатын жағдайлары кездеседі. Тіпті кей-
де қылмыс жасалғаннан бастап бір емес, екі не одан 
да көп заңның қабылданып, күшіне енетін кездерін 
де жоққа шығара алмаймыз. 
Мұндай қылмыстық құқықбұзушылықтардың 
объективтік  жағы  жауаптылық  тудыратын  іс-әре-
кеттің  сипатымен:  іс-әрекеттің  ұзақ  уақытқа  со-
зылуы  (созылмалы  және  жалғаспалы  қылмыстық 
құқықбұзушылықтар),  іс-әрекет  пен  туындайтын 
зардап  арасындағы  уақыт  алшақтығы  (материал-
дық  құрамдарда),  қатысушылардың  әрекеттері 
арасында екі немесе одан көп заңның күшіне енуі 
күрделендіреді. 
Оларды  шешудің  теорияда  әр  түрлі  жолдары 
көтерілді. Біреулер бұл кезде әрекетті жасау уақы-
ты анықтаушы болады, өйткені ол адам санасының 
бақылауымен жасалады. Қылмыстық салдар адам-
ның санасына бағынбайды, оны қылмыскер өзгерте 
де, жоя да алмайды деп есептесе [2, 14-15.; 3, 16-
17], енді бір авторлар қылмыс жасау уақытын зи-
янды салдардың туындауымен байланыстырады [4, 
92 ]. 
Біздіңше,  созылмалы  және  жалғаспалы  қыл-
мыстық  құқықбұзушылықтарды  бір  топқа  бірік-
тіріп қарастырудың критерийі ретінде қылмыстың 
аяқталу сәті алынады. Өйткені, субъект қай заңның 
талабын  бұзды,  қай  заң  күшінде  болғанда  оның 
еріктілік  әрекеттері  аяқталды,  қылмыс  қай  кезде 
заңды  түрде  аяқталды-осының  бәрі  қылмыстың 
аяқталу сәтімен тығыз байланысты.   
Бұл  қылмыстық  құқықбұзушылықтар  үшін 
қолданылатын заңды анықтағанда екі жағдайдың қа-
лай шешілетінін: қылмыстық құқықбұзушылықтар-

242
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №2/2 (37). 2016
ды жасаған кезде күшінде болған бірнеше (біреуден 
көп) қылмыстық заңдардың соңғысы алғашқысына 
қарағанда  неғұрлым  жеңіл;  екіншіден,  керісінше 
заңдардың соңғысы неғұрлым қатал болғанда еске-
ру қажет.
Созылмалы  және  жалғаспалы  қылмыстық 
құқықбұзушылықтар  мәселесіне  монографиялық 
зерттеулерде  аз  назар  аударылады,  оған  ғалымдар 
көбінесе  қылмыстық  құқықбұзушылықтар  көптігі 
ұғымының  мазмұнын  жан-жақты  ашу  үшін  ғана 
тоқталып  өткен  [5,  23-28.;  6,  62-78.].  Бұл  қылмы-
стық  құқықбұзушылықтардың  түрлерін  «Совет-
ское  уголовное  право»  курсының  авторы  А.А.Пи-
онтковский  да  қылмыстық  құқықбұзушылықтар 
көптігі  атты  тақырыпта  біріңғай  қылмыстық 
құқықбұзушылықтарды  ажыратуда  пайдалана-
ды  [7,  69  ].  Сонымен  бірге,  жоғарыда  да  келтір-
гендей,  қылмыс  құрамының  объективтік  жағы 
күрделі  болғандықтан,  мұндай  қылмыстық 
құқықбұзушылықтарды  көбіне  қылмыс  құрамы-
ның  элементтеріне-объективтік  жағына  арналған 
еңбектерде  де  қарастырған.  Оларда  қылмыстық 
іс-әрекеттерді  (әрекет  немесе  әрекетсіздік)  және 
одан туындайтын қылмыстық салдарды зерттеу ба-
рысында, бұл қылмыстық құқықбұзушылықтардың 
табиғатын терең талдаса, [8, 69-98 ]. шетелдердің 
қылмыстық  құқығында  көбіне  жалғаспалы  қыл-
мыстық құқықбұзушылықтар мәселесіне көңіл ау-
дарған [9, 567-576]. 
Біздің ойымызша, созылмалы және жалғаспа-
лы қылмыстық құқықбұзушылықтарды жан-жақты 
зерттеу үшін қылмыстың көптігі институтын неме-
се қылмыстың   мәселелерін шешуге болады. Қыл-
мыс құрамының объективтік белгілері қылмыстың 
жасалу  уақытын  анықтауға  көмектеседі,  ал  оны 
өз  кезегінде  жаңа  заңның  күшіне  ену  уақытымен 
салыстыра аламыз: егер қылмыс жаңа заң күшіне 
енгенге  дейін  аяқталса,  ескі  заң  қолданылады,  ал 
керісінше  болғанда  жаңадан  қабылданып,  күшіне 
енген  заң  әрекет  етеді.  Бұл  жерде  қолданыстағы 
заңнамаға сәйкес, қылмыстық заңның кері күшінің 
ережелері де ескеріледі.     
Теорияда  мұндай  қылмыстық  құқықбұ-
зу-шылықтарды  жасау  уақыты  барлық  жағдай-
да  нақты  көрсетілмейді,  даулардың  болуын  да 
осы  жағдай  түсіндіреді.  Мәселен,  Ю.И.Ляпунов 
«жиынтығы  бір  қылмыс  құрамын  құрайтын  қыл-
мыстық  актінің  соңғысын  жасаған  сәтті  қылмы-
сты  жасау  уақыты  деп  түсініп,  соңғы  қылмыстық 
әрекетті жасау сәтінде күшінде болған қылмыстық 
заңды  қолданамыз»  деп  жазса,  «жаңа  заң  шыға-
рылғаннан кейін жасалған созылмалы қылмыстық 
құқықбұзушылықтар  мен  жаңа  заң  әрекет  еткен-
де  жалғаспалы  қылмысты  құрайтын  әрекеттің  ең 
болмаса  біреуі  жасалатын  болса,  бұл  қылмыстық 
құқықбұзушылықтарды жаңа қылмыстық заң күші-
не  енген  уақытта  жасалды  деп  тану  керек»,-дейді 
А. А. Пионтковский [7, 233 ].
Созылмалы қылмыстық құқықбұзушылықтар-
да адам қылмыстың бастапқы және соңғы сәттері 
аралығында қылмыс жасайды. Оның басталу уақы-
ты  ретінде  кінәлінің  заңмен  жүктелген  міндет-
терді  ұзақ  уақыт  орындамауы  немесе  құқықтық 
тыйымдарды  ұзақ  уақыт  бойы  бұзуын  туғызған 
белгілі  бір  іс-әрекеттерді  жасауын  түсінеміз.  Ал, 
қылмыс  басталғаннан  бастап,  оны  аяқталды  деп 
есептеу үшін біршама мерзім өтуі керек. Ол қыл-
мыскердің өзінің қылмыстық іс-әрекетті тоқтатуға 
бағытталған әрекеттері нәтижесінде (кінәлінің ер-
кімен қамтылған, мысалы кінәсін мойындап келуі) 
немесе  өзге  де  жағдайлардың  (құқық  қорғау  ор-
гандары қызметкерлерінің немесе жәбірленушінің 
не  азаматтардың  құрығына  түсуі)  нәтижесінде  не 
заңда тікелей анықталған жағдай - уақыттың туын-
дауымен  (мысалы,  қашқындық  құрамында  әскери 
бөлімге келу мерзімі өткен соң және арнайы мақ-
саты қылмыстың аяқталуын білдіреді) байланысты 
болуы мүмкін. Ал қылмысты жасау уақыты ретінде 
оның аяқталу сәті танылады. Сондықтан созылма-
лы  қылмыстық  құқықбұзушылықтарды  жасаған 
кезде  бірнеше  заң  ауысатын  болса,  қылмыстың 
басталу сәтінде күшінде болған заңды қолдану ке-
рек.
Жалғаспалы қылмыстық құқықбұзушылықтар 
созылмалы  қылмыстық  құқықбұзушылықтар  си-
яқты күрделі жеке қылмыстық құқықбұзушылықтар-
дың бір түрі. Оның анықтамасы қылмыстық заңда 
белгіленген,  яғни  ҚР  ҚК  11-бабында:  бір  ниет-
пен,  бір  мақсатпен  қамтылып,  тұтас  алғанда  бір 
қылмысты  құрайтын  бірқатар  бірдей  әрекеттер-
ден  тұратын  қылмыстық  құқықбұзушылықтарды 
жалғаспалы  қылмыстық  құқықбұзушылықтар  деп 
атайтынын белгілеген. 
Жалғаспалы  қылмыстық  құқықбұзушылық-
тарға осы қылмыстық әрекетерді құрайтын соңғы 
әрекетті  жасағанда  күшінде  болған  заң  қолда-
нылуы тиіс деген пікір төңірегінде Я.М. Брайнин, 
А.И.  Бойцов,  М.И.  Блум,  А.А.  Тилле,  Н.Д.  Дур-
манов,  И.И.  Солодкин  секілді  белгілі  заңгерлер 
бір  пікірге  келгендей.  Аталған  пікірге  көптеген 
ғалымдар,  соның  ішінде  А.А.  Комиссаров,  Ю.А. 
Красиковтар қосылмайды. Ол мұндай қылмыстық 
құқықбұзушылықтар үшін жауаптылық...осы қыл-
мысты бастайтын акт жасалған сәтте әрекет еткен 
заңға  сәйкес  туындауы  тиіс,-дейді  [8,  45  ].  Проф. 
С.Г. Келина да мұндай қылмыс жасаған тұлғаға ұқ-
сас  қылмыстық  әрекеттің  алғашқысы  орын  алған 
кездегі күшіндегі қылмыстық заңды қолдану керек 
деп есептейді. 
Бұл пікірмен біздің келіспеу себебіміз жиын-
тығында осы қылмысты құрайтын әрекеттерді жеке 
әрекет ретінде қарастырғанда, ол әрекетте қылмы-
стың  белгілері  болмай,  қылмыстық  жауаптылық 
тудырмайтын болуы тиіс (болған күнде де ҚР ҚК-
нің 9-бабының 2-бөлігіне сай қылмыс деп таныл-
майды) немесе әкімшілік құқық бұзушылық ретін-

243
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №2/2 (37). 2016
де танылуы керек. Қылмыс эпизодтары, кезеңдері 
әр түрлі уақытта және кейде бірнеше мемлекеттер 
аумағында  орындалғанмен,  қылмысты  құрайтын 
әрекеттер  заңдық  жағынан  бірдей  бола  отырып, 
жалғаспалы  қылмыстық  құқықбұзушылықтарды 
құрайтын,  бір  ниет,  бір  мақсатпен  қамтылып  жа-
салатын  жеке  әрекеттердің  дербес  мәнге  ие  бол-
мау мүмкіндіктері бар. Сондықтан бұл қылмыстық 
құқықбұзушылықтарды  қылмыс  деп  тану  үшін 
қылмыстық  іс-әрекеттің  соңғысын  жасауы  өте 
маңызды. Тұтас алғанда іс-әрекетті соңғы деп тану 
үшін бір ниет-мақсатпен жасалған бірқатар бірдей 
қылмыстық іс-әрекеттер орын алу керек және олар 
жалғаспалы  қылмыстың  міндетті  кезеңдері  деп 
қарастырылуы  қажет.  Егер  алдыңғы  әрекеттерді 
қылмыс  деп  тану  мүмкіндіктері  болмаса,  ол  үшін 
жауаптылыққа  тарту  мүмкін  емес.  Сәйкесінше, 
әрбір  әрекетті  жасаған  кезде  күшінде  болған  заң-
ды  қолдана  алмаймыз.  Сондықтан,  біздің  ойымы-
зша, жалғаспалы қылмыстық іс-әрекетті құрайтын 
соңғы  іс-әрекетті  жасаған  кезде  күшінде  болған 
заңды қолдану керек.    
Осы жерде қылмысқа оқталу мен жалғаспалы 
қылмыстық  құқықбұзушылықтарды  ажырату  ке-
рек. Оқталу қылмыстың даму сатысы ретінде қара-
лады және қылмыскердің еркінен тыс жағдайларда 
қылмысты ақырына дейін жеткізе алмаса, сол оқта-
лу  әрекеттері  жасалған  уақытта  әрекет  еткен  заң 
қолданылады. 
Жекелеген 
авторлар 
қылмыс 
жасау 
уақытын  анықтағанда  жалғаспалы  қылмы-
стық  құқықбұзушылықтар  мен  қылмыстық 
құқықбұзушылықтардың  бірнеше  мәрте  жа-
салуын  ажыратып  жатпайды.  Бұл  қылмыстық 
құқықбұзушылықтардың  бірнеше  мәрте  жасалуы-
ның  кең  мағынадағы  анықтамасынан  туындайтын 
сияқты. Ол бойынша бір тұлғаның екі немесе одан 
да  көп  қылмыстық  құқықбұзушылықтарды  жаса-
уы және бұл жерде қылмыс жасаған тұлғаның осы 
қылмыстық құқықбұзушылықтарды жасағаны үшін 
сотталған, сотталмағанынан тәуелсіз түрде таныла-
ды. Бұған қатысты мысалы, М.И. Блум, А.А. Тил-
ле  «Қылмыс  қайталануында  қолданылатын  заңды 
анықтағанда орын алған іс-әрекеттің соңғысының 
аяқталу сәтін анықтау маңызды», -дейді  [9, 38-40 ]. 
Бұл  көзқарастың  қате  екендігі  ҚР  ҚК  11-ба-
бының  4-бөлігіндегі  нормадан  да  көрінеді.  Онда 
«Жалғаспалы  қылмыстық  құқықбұзушылықтар 
бұл  қылмыстық  құқықбұзушылықтардың  бірнеше 
мәрте жасалуы ретінде танылмайды» деп келтіріп, 
теориядағы дауларды тоқтатқан.    
Осы  жерде  бұл  қылмыстық  құқықбұ-
зу-шылықтардың мәнін терең түсінбей тұрып, заң-
ның кері күші тұрғысында неғұрлым қатаң заңды 
қолдану қылмыстық құқықтың қағидаларына қай-
шы келмейді ме деген де күмән туындауы мүмкін. 
Заңды қолдану мен заңның кері күші ұғымдары әр 
түрлі ұғым. Қылмыстық заңды қолдану-бұл мемле-
кеттік органдардың қылмыс жасаған тұлғаны қыл-
мыстық  жауапқа  тартумен  (немесе  одан  босату), 
қылмыстық іс-әрекеттерді саралаумен, тиісті жаза-
ны  тағайындаумен  (медициналық  сипаттағы  және 
тәрбиелік  әсері  бар  мәжбүрлеу  шараларын  қоса) 
немесе тұлғаны жауаптылыққа тартудың құқықтық 
салдарын  шешуге  бағытталған  қызметі  болса  [10, 
8-15  ],  заңның  кері  күші  қолданылатын  заңды 
анықтаумен байланысты. Сондықтан ол кезде қыл-
мыстық заңның кері күші туралы мәселе емес, осы 
қылмыс  жасалған  уақытта  күшінде  болған  заңды 
қолдану  туралы  мәселе  көтеріледі.  Қолданыла-
тын заңды анықтаған соң, ол заңның ережелерінің 
бұрынғы  заңға  қарағанда  қатаңдығын  ескеруге 
мүмкіндік туындайды.
Мысалы,  заңгер-ғалым,  профессор  Е.Алау-
хановтың пікірінше қазіргі көптеген әлеуметтік-э-
кономикалық  және  саяси-құқықтық  проблемалар 
қатарындағы сыбайлас жемқорлықпен күресу про-
блемасының маңыздылығы да ерекеше [11, 25 ].
Жаңадан  заң  қабылданған  кезде  жалғаспалы 
немесе созылмалы қылмысты құрайтын іс-әрекет-
ті жасаған тұлғаның жаңа неғұрлым қатаң заңның 
талаптарымен  өзінің  мінез-құлқын  үйлестіруге, 
қылмысты  тоқтатуға  мүмкіндігі  бар.  Егер  қыл-
мыс  субъектісі  қатаң  заңның  талабына  бағынбай, 
бұл  мүмкіндікті  пайдаланбаса  (пайдаланғысы 
келмесе)  және  әрі  қарай  қылмыс  жасауын  жалға-
стыра  берсе,  қатаң  заңды  қолданудан  бас  тартуға 
ешқандай  да  негіздер  жоқ  [12,  48  ].  Бұл  қазіргі 
қылмыстық  саясаттың  негізгі  идеясы,  яғни  ауы-
рлығы  онша  емес,  ауырлығы  орташа  қылмыстық 
құқықбұзушылықтар  үшін  қылмыстық  жауап-
тылықты жеңілдету, керісінше ауыр, аса ауыр қыл-
мыстық  құқықбұзушылықтар  немесе  қылмыстық 
құқықбұзушылықтардың  қайталануы  кезіндегі 
қылмыстық  құқықбұзушылықтар  үшін  жауапкер-
шілікті  қатаңдату  идеясына  да  қайшы  келмейді, 
заңды білмеу қылмыстық жауапқа тартудан да бо-
сатпайды.  Бұл  қылмыстық  құқықбұзушылықтар 
аяқталғаннан кейін, істі тергеу немесе ашу кезінде, 
бірақ сот үкімі шыққанға дейін жаңа заң күшіне ен-
гізілсе, аталған қылмыстық құқықбұзушылықтарға 
қылмыстық  заңның  уақыттағы  күшінің  қағидала-
ры, соның ішінде заңның кері күшінің ережелері де 
толығымен қолданылады.  Олай болса, ҚР ҚК-нің 
9-бабына сәйкес, қылмыс деп осы кодексте жазалау 
қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамға қауіпті 
әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) танылады. 
Жоғарыда  көрсетілгендер  негізінде  қылмы-
сты тек бір ғана адам емес, адамдар тобы, сыбай-
лас  қатысушылар да жасайтындықтан, ҚР ҚК-нің 
6-бабының 2-бөлігін «ҚР-ның аумағында жасалған 
қылмыс  деп  ҚР-ның  немесе  өзге  мемлекеттің  ау-
мағында қылмыс жасаған адамның, сондай-ақ қа-
тысушылықпен жасалған әрекет басталған, немесе 
жалғастырылған  не  аяқталған  әрекет  танылады» 
деп белгілеу тиімді деп анықтаймыз. 

244
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №2/2 (37). 2016
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1 Якубов А.Е. Обратная сила уголовного закона: некоторые проблемы совершенствования УК РФ. -СПб.: ”Юр-
ЦентрПресс”, 2003. -206с.
2 Кузнецова Н.Ф. Значение преступных последствии для уголовной ответственности. -М., Госюриздат, 1958. 
-219с. 
3 Блум М.И. Вопросы действия советского уголовного закона во времени // Учен.зап. Латвийского ун-та. Т.44. 
Вып.4. -Рига, 1962. -С.12-43.  
4 Уголовное право. Часть Общая: Учеб.пособие: В 4 т. / Отв.ред. И.Я. Козаченко. Т.1. -Екатеринбург, 1991. 
5 Яковлев А.М. Совокупность преступлений. -М., Госюриздат, 1960. -119с. 
6 Барканов А.Н. Обратная сила уголовного закона. Автореф. к.ю.н.: 12.00.08., СЮИ. -Саратов., 2000.
7 Курс Советского уголовного права в 6-томах. Под ред. А.А.Пионтковского., П.С. Ромашкина и В.М. Чхиквадзе. 
-М., Наука, 1970. -Т.1. Часть Общая. «Уголовный закон». -312с.
8 Уголовное право. Общая часть. Уч. для вузов // Под ред. Б.В. Здравомыслова., Ю.А. Красикова., А.И. Рарога. 
-М.: Юр.лит, 1994. -536с. 
9 Блум М.И., Тилле А.А. Обратная сила закона. -М.: Юридическая литература, 1969. -136с.
10 Наумов А.В. Реализация уголовного права. Уч.пособие. -Волгоград, 1993. 
11 Алауханов Е.О. Сыбайлас жемқорлықпен күресудің проблемалары // «Заң», №2/2008. -25-30 б.
12. Блум М.И. Вопросы уголовного права и процесса.-Рига, изд.Зинатне, 1969. 

245
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №2/2 (37). 2016

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет