Халықаралық ғылыми-көпшілік журнал Международный научно-популярный журнал



Pdf көрінісі
бет37/38
Дата30.01.2017
өлшемі5,36 Mb.
#3042
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38

Кульбатырова Жансая Рашитовна
Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Алматы қ., Jonsy28@mail.ru 
ӘУБӘКІР ЫСМАЙЫЛОВ ГРАФИКАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚТЫҢ 
ЭПОСТЫҚ ЖЫРЛАРЫ МЕН ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАРЫ
Түйін:  Бұл  мақалада  автор  Қазақстан  кескіндеме  өнеріндегі  ұлы  тұлғалардың  бірі  Әубәкір  Ысмайыловтың 
иллюстрацияларындағы қазақтың эпостық жырлары мен тарихи тұлғаларды қарастырады. «Қобыланды батыр», 
«Қамбар батыр» және басқа да тарихи тұлғалардың образдарының Исмаилов суреттеріндегі композициялық ерек-
шеліктер жан- жақты талданады. 
Кілт сөздер: бейнелеу өнері, кескіндеме өнері, қазақ батырлары, композиция және иллюстрациялар Резюме: В 
данной статье рассматривается один из представителей Казахстанского изобразительного искусства Аубакира 
Исмаилова  и  его  иллюстраций  на  тему  казахский  эпос  и  исторические  личности  казахского  народа.  Проанализи-
рованы особенности композиционных картин Аубакира Исмаилова в произведениях “Қобыланды батыр”, “Қамбар 
батыр” и другие исторические личности. 
Ключевые слова: изобразительное искусство, живопись, батыры казахского народа, композиций и иллюстраций 
Abstract: This article discusses one of the representatives of Kazakhstan fine arts-Aubakir Ismailov and his illustrations 
on the theme of the Kazakh epic and historical identity of the Kazakh people. The features of composite paintings in the works 
of Aubakir Ismailov as “Kobylandi batyr”, “Kambar batyr” and other historical identities. 
Key words: graphic art, painting, heroes of Kazakh nation, compositions and illustrations 
Кескіндеме өнері – ғажайып бір әлем. Табиға-
ты сұлу етіп жаратылған дүниенің сырлы құпиясын 
айнымастай кенеп бетіне дөп басып суреттеу – қа-
ламы ұшқыр,  жүйрік суретшілерге ғана берілетін 
қасиет. Қазақ өнерінің қайта өрлеу кезеңіндегі да-
рынды  да,  талантты  суретшілердің  бірі,  1933-34 
жылдардағы  сонау  ірге  тасын  қаласқан  алғашқы 
суретшілердің бірегейі, қыл қалам шебері, сиқыр-
лы бояу сырын бейнелеген тұлға- Әубәкір Ысмай-
ылов.  Бұған,  «Ол  көрмедегі  ең  жалғыз  суретші 
қазақ. Әлбетте, ол кескіндеме өнерін үйренеді, өйт-
кені оған бұл өте қажет және одан жақсы қылқалам 
шебері шығады» («Это единственный на выставке 
художник-казах. Очевидно, он будет учиться живо-
писи-а это ему нужно делать и из него получится 
хороший  мастер...»),-  [1.72]  деп  тілші  В.  Ефимо-
вичтің пікірі дәлел.  
Суретші  эпостық  еңбектерінде,  батырлар-
дың  жекпе-жегін,  аң  аулау  көріністерін  көрсетіп, 
ел  ерлігін  жырлайтын  эпикалық  дастандарды 
көркемдеп,  қазақ  халқы  өмірінің  ерекшеліктерін 
бейнелеуге  тырысты.  Ол  этнография  дәріпте-
меді,  керісінше  жүздеген  жылдар  бойы  ел  есінде 
сақталып,  жырланып  келе  жатқан  аңызды  кө-
теріңкі асқақ бейнелеуге тырысты. Бұл ізденістер 
бекерден бекер емес еді, өйткені сол жылдары Ә. 
Ысмайыловтың  батырлар  тақырыбында  жазған 
шығармалары жаңадан тыныс алған кезі болатын. 
Эпосқа деген көзқарасы өзінше бір халық тарихын 
түсіне  білу  және  өзекті  оқиғаларға  бір  жауап  та-
пқандай сезім болатын. Алғашқы нұсқасы ретінде, 
«Қамбар батыр», «Алпамыс батыр»(1943), «Қобы-
ланды  батыр»,  «Қамбар  батыр  мен  Назым  қыз», 
«Қамбар  батырдың  аңға  шығуы»,  «Қамбар  батыр 

266
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №2/2 (37). 2016
аңшылықтан  кейін  ауылда»,  «Қамбар  батырдың 
Қалмақ ханымен жекпежегі» (1930-1940 жылдар), 
«Жоңғарлармен шайқас. Қазақ халқының эпостық 
жырларына иллюстрациялар» (1940), «Қобыланды 
батыр басқыншыларды талқандауда» (1941), «Қы-
зыл салт атты» (1930-1940 жылдар), «Едіге батыр» 
(1942-1943) және тағы да басқа көптеген жұмыста-
ры  эпостық  образдарды  бейнелеп,  сол  уақыттағы 
олардың  жау  алдында  қайсарлық  танытып,  баты-
рлық ерліктерін Ысмайыловтың шығармашылығы 
арқылы көз жеткізуге болады. Суретші ретінде Ә. 
Ысмайылов осы тұстарын ерекше үлкейте көрсету 
арқылы, жауға тап беретін батырға тән қасиеттерін 
жеткізуге тырысты. Ә. Ысмайыловтың иллюстра-
цияларында  аңыздар  шындыққа  жанасқан  көріні-
стерді табуға болатын. Аталмыш туындыларында 
қылқалам шебері қызу-қанды шайқасты, жорыққа 
шығу  немесе  аң  аулау  көріністерін,  қазақ  халқы-
ның  тұрмысын  және  батырлар  ерлігін  шынайы 
бейнелеуге  тырысты.  Сонымен  қатар,  эпос  тақы-
рыбын, оның ұлттық мінезін өткен тарихпен бай-
ланыстыра, шындық тұрғысынан дәл де нақты ай-
қындай білді. 
Бұл  тақырыпқа  қалай  келгендігі  жөнінде  су-
ретші 1943 жылы «Қазақстан суретшісі» («Худож-
ник  Казахстана»)  журналына  берген  сұхбатында 
былай дейді: «Қазақ халқының эпосына мен бала 
кезімнен  қызықтым.  Біздің  ру  Қарағанды  облы-
сы,  Нұра  даласында  көшіп-қонып  өмір  сүрді.  Біз 
қыз мезгілін бер жерде, жазды өзге жерде өткіздік, 
бірақ қай жерде болсақ та ертегі мен ән біздің тұр-
мысқа еніп, үнемі құшағына бөледі. Менің есімде 
қалған ұзақ қыстың кештері, далада қарлы боран 
тұрған кезде, анам Қобыланды мен Алпамыс баты-
рдың ерліктері және сұлу Қыз Жібек жайлы әндер 
шырқайтын. Жол бойындағы от жарығымен қаһар-
ман батырлар жайлы аңыздар тыңдадым. Оларды 
ақсақалды қарттар асықпай, баппен әңгімелеп ай-
тып беретін. Жастар қызыға және үлкен құрметпен 
құлақ  салып  тыңдайтын.  Кейде  ақындар  біздің 
ауылға  келіп  тұратын.  Олардың  келуі  той  мереке 
болатын. Жан жақты халық жиналып, әндер ертегі 
және ойындармен алмасатын. Сол уақыттар көңіл-
ді де шулы кездер еді...
Менің  біздің  өткен  тақырыбымызбен,  эпо-
спен таныстығым осылай пайда болды. Халық ба-
тырларының  жарқын  бейнелері  шынайы  көрінді. 
Мен  сурет  салуды  ерте  бастадым.  Өзімді  толған-
дырған образдарды бейнелеуге тырыстым. Солар-
дың арасындағы ең сүйіктісі салт атты кісі немесе 
жылқылар - менің ерекше құмартқан тақырыбым 
еді.  Мен  олардың  суретін  барлық  жерде  құмда, 
жартастарды  және  қағаз  қиындыларына  да  сал-
дым. Содан кейін, мен Мәскеуге аттанып, жоғарғы 
көркемсурет  мектебінде  оқыған  бірінші  қазақ  су-
ретшісі  болдым.  Осы  тұста  орыс  кескіндемесінің 
ұлы  шеберлерінің  шығармашылығымен,  әсіресе 
тарии  жанрдағы  –  В.И.  Суриковпен,  В.И.  Васни-
цовпен,  В.Е.Маковскиймен  және  Шығыс  бейне-
леу өнерімен, Иран миниатюрасымен таныстығым 
маған  үлкен  ықпал  жасады.  Осы  алған  әсермен, 
мен өзімнің сүйікті қызық халқының өткен өмірін-
дегі батырлық тақырыбындағы алғашқы туынды-
ларымды жазуға кірістім. Бәрінен бұрын мені қа-
зақ халқының батырлық және лирикалық эпостары 
қызықтырды. Осы тақырыпта мен 15 жыл жұмыс 
істедім және әрі қарай жұмыс істеуді жалғастыра 
бергім келеді...» [2, 45] - деп Әубәкір Ысмайылов 
қазақ эпосы тақырыбымен жұмыс жасауды қалай 
бастағанын баяндайды. 
Әубәкір Ысмайыловтың эпостық тақырыбын-
дағы  ең  алғаш  иллюстрациялар  тізбегін  Қамбар 
батыр мен Қобыланды батыр жырларына арнайды. 
Суретші 1938 жылдан бастап қазақ эпосы жайлы 
мәлімет  жинақтаған  кезде,  батырлардың  бейнесі 
ерекше орын алады. Соның бірі 1946 жылы Қам-
бар батыр мен Назым қыз атты графикалық жұмыс 
болатын. Көлденең композицияға құрылған шағын 
жұмыс көрермен назарын өзіне аудара алды. Ауыл 
ішінен сапарға аттанған Қамбарды Назымның қи-
май  шығарып  салған  кезі.  Жеңіл  бояулардың  үй-
лесімді шешіммен құрылған композицияда негізгі 
басымдылық  Қамбар  бейнесіне  берілген.  Сурет-
ші  бұл  кейіпкерді  ерекше  қозғалыспен  көрсетіп 
батырлығына  көңіл  бөледі.  Композицияның  әр 
бөлігінің өзара қарым-қатынасы бір-біріне сәйкес 
емес.  Сондықтан  да,  туынды  шынайлықтан  көрі 
аңыз  ертегісіне  жақын.  Алты  қанатты  ақшаңқан 
қазақ  үйлер  мен  алыстан  көрінген  көл  және  тө-
бешіктерді ақшыл- көгілдір түстермен беріп, жылы 
реңді туындыға ауаны сездіре жазады. « Суретші 
бұл  еңбектерінде,  батырлардың  жекпе-жегін,  аң 
аулау көріністерін көрсетіп, ер ерлігін жырлайтын 
эпикалық  дастандарды  көркемдеп,  қазақ  халқы 
өмірінің ерекшеліктерін бейнелеуге тырысты. Су-
реттерде ең бастысы, жүздеген жылдар бойы жа-
сап,  ел  есінде  сақталып  жырланып  келе  жатқан 
аңызды көтеріңкі асқақ бейнелеу бары әрқашанда 
сезіледі» [3, 8] Әубәкір Ысмайыловтың иллюстра-
циялары  аңызға  айналған  қазақ  батырларының 
ерліктері  бойына  жан  бітірген  тәрізді.  Ысмайы-
ловтың  жұмыстары  үлкен  қызығушылық  тудыра-
ды,  соның  ішінде  суретшілердің  шығармашылық 
бағытына үлкен мүмкіндік беретін қазақ ертегілері 
мен қаһармандық эпостарға арналған иллюстраци-
ялар 
    Динамикалық қозғалысқа толы иллюстраци-
ясына Қобыланды батыр басқыншыларды талқан-
дауда  атты  тік  форматты  композициясы.  Басты 
кейіпкерлердің шайқас кезіндегі сәтін тік формат-
та  бейнелеуі  бекер  емес.  Жылдам  да  қызу  қанды 
қозғалысты  келтіру  үшін,  иіріле  түскен  сызықты 
композициялық  шешімді  қолданады.  Картинада 
Шығыс миниатюрасына тән декоративтік бөлшек-
тер  орын  алған  батырдың  сауыты,  аттардың  жа-
булары тіпті қол шоқпарлар мен қалқан, садақта-

267
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №2/2 (37). 2016
рын  олардың  өрнектеріне  дейін  жазған.  Әсіресе, 
туындыдағы  үрей  аттардың  бейнесі  байқалады. 
Буырқанған  бұлтты  аспаннан  бейне  бір  найзағай 
ұрып,  күркіреген  күн  естілетіндей.  Алыстағы  та-
улар  да  Қобыландының  қас  жауымен  шайқасына 
сұстана қарайды. Жартылай жарық көлеңкелердің 
көмегімен  қызғылт  реңдерге  қарама-қарсы  көгіл-
дір  түсті  пайдаланып,  негізгі  қарама-қарсы  қай-
шылықты  ұтымды  ашады.  Қазақ  эпосын  ерекше 
түсіне  білген  Ысмайыловтың  шығармашылығы 
оның нағыз талант және дарын иесі екенін көрсет-
ті. Мұны тіпті, 1934 жылы Мәскеуде өткен алғаш 
Қазақстанның кескіндеме өнеріне арналған көрме-
де «Жас жергілікті суретшілер арасынан, әлі де өзі-
не оқуды талап ететін, Ходжиков және Исмаилов 
атты  талантты  суретшілер  өздерін  көрсете  білді» 
(«Среди молодых местных уроженцев, требующих 
еще дальнейшей учебы, талантливо себя проявил 
страстный  Ходжиков  и  Исмаилов»)  [4,  72]  -  деп 
К.Ф.Юан  жоғары  баға  бергендігі  дәлел.  Қазақ 
эпосындағы  батырлар  образдарын  монументал-
ды  етіп,  бояу  түстерінінің  ерекшелігін  үйлесімді 
шешіп  өзінің  аса  сүйікті  тақырыбы  екенін  эпос 
жанрындағы  графикалық  суреттері  арқылы  тағы 
бір дәлелдейді. 
Халық  эпостарынан  бөлек,  Ә.  Ысмайылов 
тарихи  оқиғаларға  да  бейнелік  жұмыстар  жазды. 
Соның  қатарында,  «Қазақ  халқының  ұлы  апа-
ты»,  «Қазақтардың  Жоңғарларды  жеңуі»,  «Аман-
гельдінің  бейнесі»,  «Исатай  мен  Махамбет  На-
рынқұмда», «Едіге батырға» атты бірнеше тарихи 
мұра қалдырды. 
Ысмайылов  өзінің  ырқынан  тыс,  көңілі  сүй-
мейтін еңбекке онша мойын ұсынбаған, қай кезде 
де өзінің өзекті ойын төл туындыларының өресін-
де  жарасымды  етіп  айтатын.  Оның  өз  кезегінде 
туындының жанға, қанаттандырып тұратын бірден 
бір  ұтымды  жұмыс  болу  керектігін  еш  ұмытқан 
емес.  Сондықтан  болар,  қай  шығармашылығын 
алсақ та, жанға қуат бітіретін, ойды толғандырып, 
тебірентетін  көріністері  жетерлік.  Ә.  Ысмайы-
лов  туындыларының  батырлар  шығармашылығы 
әрқашан  өзекті  болып  табылады.  Ғасырлар  бойы 
қазақ  хандығының  құрылуы,  оның  жеңіске  жету 
жолындағы  небір  тартыстары  мен  ондағы  батыр-
лардың ерліктері мен қайтпас қайсарлықтары тек 
Әубәкірді ғана толғандырып қоймай, одан кейінгі 
жас таланттарды да өз жетегіне ал кетті. Әубәкір 
Ысмайыловтың  тарихи  зерттеулері  келешек  ұр-
пақтың ой санасында өз ата-бабаларының бейнесі 
мен тарихын біле алуға мүмкіндік береді. 
Суретшіге  творчестволық  күш  қосатын, 
қозғау салатын нәрсе – дүниені поэтикалық сезіну 
мен бойға біткен дарқан дарын. Шексіз қайталан-
бас  бояулар,  суретшінің  қылқаламымен  ерекше 
шабытпен туған көріністер.
Ысмайыловтың  өнер  жолы  тек  Қазақстанда 
ғана  емес,  сонымен  қатар  шет  елде  де  танымал 
болатын.  Фольклор  тақырыбын  игеріп,  суреттер 
салуы туған жердің тарихын тиянақты, байсалды 
зерттеуімен бірге жүріп жатты Оған дәлел ретінде, 
«Казахстанская правда» атты газетінде К. Васиьев 
Мәскеу  қаласынан  былай  жазды:  «Қазақстаннан 
астанамызға  жас  суретші  Әубәкір  Ысмайылов 
суреттерімен  бірге  келді.  Мұндағы  суреттер  жи-
нағы  Кенесары  Қасымұлы  бастаған  көтеріліске 
арналған еді. Кенесары Қасымұлының бейнесі Ак-
варельмен сомдалған. Көтерілісшілердің жарыққа 
шыққан  кездері,  Ақмола  қамалына  шабуылы  мен 
жаулары  және  серіктестері  бейнеленген.  Кенеса-
рының оң жағында оның ең сенімді серіктері ор-
наласқандығын көреміз: інісі Наурызбай батырды, 
қолбасшысы Ағибай батырды және Бұғыбай атты 
батыр» [5,7.]. Міне, қазақ халқының біртуар талант 
иесінің  шығармашылығындағы  қазақ  тарихының 
орын  алуы  бекерден  емес,  оның  қазақ  халқының 
түпкі тамырымен біте қайнасқан тарихы мен ерлі-
гін жеткізу борышы деп сезінгендей. 
Қазақ  хандығының  тарихы  күл  қазақ  елінің 
болмысы мен қазіргі ұрпағы. Ал, осындай Әубәкір 
тәрізді суретшілеріміздің қылқалам өнері арқылы 
жеткізу  бірден  бір  жігерлікті  қажет  етеді.  Кешегі 
өткен,  қазақ  хандығының  550  жылдығының  той-
лануы,  қазақ  болмысының  дауасыз  дәлелі.  Қазақ 
хандығының  550  жылдығына  арналған  сурет-
шілердің шығармашылық жұмыстарына арналған 
халықаралық  деңгейде  көрме  ұйымдастырылды. 
Бұл  мерекелік  шараның  ұйымдастырушылары 
ретінде  Әубәкір  Ысмайыловтың  ұрпағы  іспеттес 
болды. Келушілердің назарына шеберлердің жеке 
қорынан таңдалып алынған көптеген әшекей бұй-
ымдар  мен  қазақ  батырының  сауыт-саймандары, 
бейнеленген суреттер мен көркем пейзаждар және 
тарихи  тұлғалардың  портреттері  қойылған.  Көр-
меде  қойылған  туындылар,  қазақ  халқына  деген 
махаббатын  әр  суретші  жан-жақты  жеткізуге  ты-
рысқан.  Бірі  қазақ  даласын  бейнелесе,  бірі  қазақ 
хандары  мен  батырлар  ерлігін  паш  еткен.  Әлбет-
те,  Әубәкірдің  асыл  қорында  жинақталған,  қазақ 
хандығына  арналған  біршама  шығармалары  жас 
қылқалам  шеберлеріне  ұсынылды.  Қазақ  халқы-
ның халық суретшісі халқының жанын сыздатқан 
небір оқиғаларды қағаз бетіне күйзеле отырып сы-
зылғандығын,  қазіргі  таңға  дейін  сақталып  келе 
жатқан туындыларынан көруге болады. 
        Қорыта  келгенде,  Суретшінің  өнердегі 
ұзақ та, жемісті ғұмыры әлі уақытқа дейін өз ор-
нын жоғалтпай келуде. Қылқалам шебері Әубәкір 
Ысмайылов  бала  кезінен  аса  қызығушылық  та-
нытқан  қазақ  халқының  эпосын,  тарихты  қы-
зғылықты зерттеу нәтижесінде артына қалдырған 
өзіндік туындылары қазір баға жетпес мұра екені 
сөзсіз. Ол бақыт пен әділдік үшін күрескен, жері 
мен елін қорғаған ұлы батырлар мен тарихи тұлға-
лардың ерліктерін қағаз бетіне түсірген. 

268
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №2/2 (37). 2016
   Ол қазақ халқының эпостық жырлары мен 
тарихы терең де бай екенін тағы да дәлелдей түсті. 
Оның  көркемдік  құндылығы  жоғары  жүздеген 
шығармалар  жазылған  суретшінің  дара  таланты, 
мақсаты, шығармашылық ізденісі бояу тілін жете 
меңгерген  табиғи  дарыны,  натураға  деген  айны-
мас  адалдығы,  ешкімге  ұқсамас  дүниетанымы 
көрушілерден  әділ  бағасын  алған.  Қазақ  ССР  ха-
лық суретшісі атағы 1985 жылы берілгеннен кей-
ін,  бұл  оның  сөзсіз  қылқалам  шеберлігін  толық 
және жетік меңгерген дара тұлға болмысын дәлел-
деді.  Әубәкір  Ысмайыловтың  шығармашылығы 
келешек  ұрпаққа  асыл  мұра  және  қазақ  бейнелеу 
өнерінің «алтын қорына» енгізілген. 
Пайдаланған әдебиеттер
1.  Сырлыбаева Г.Н Графика А. Исмаилова 1930-1940-х гг. 
2.  Мамытова С.М Әубәкір Ысмайылов графикасындағы қазақ эпосы. Н.С Мухин архиві 
3.  Әубәкір Ысмайылов: Альбом/ Құраст.А.Синенький. –Алматы: Өнер, 1986. – 144бет, 100 ил.
4.  Қазақстанның Халық суретшісі Әубәкір Ысмайыловтың 100 жылдығына арналған Халықаралық 
конференциясының материалдары. Астана По. 2013.-190-бет.
5.  Попов Ю. Г. Страницы истории // Индустриальная Караганда. –Караганда, 2010. -30 окт. (№126). 
-С. 7

269
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №2/2 (37). 2016
Ержанұлы Азамат 
Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының 2 курс магистранты
Алматы қ., +7 702 11 99 333, a.yerzhanuly@gmail.com
 МУЗЫКАЛЫҚ БЕЙНЕКЛИПТЕРДІҢ ЭСТЕТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Түйін.  Соңғы жылдары әлемдік тенденцияда экономикалық-әлеуметтік  оңды өзгерістер  өз кезегінде мәдениет 
саласында да өзіндік қолтаңбасын қалдыруда. Ұлт өркениетінің негізгі көрсеткіші саналатын мәдениет саласының 
жетістіктері күн өткен сайын жаңа қарқынмен қалыптасуда. Бұл мәдени прогрестен қазақ өнері де шет қалмай-
ды. Музыкалық бейнебаяндардың эстетикалық талғамы да өзгеріске ұшырап, талғампаз көрерменнің сұранысына 
лайықты сапалы туындылармен толығуда. Осыған орай, дәстүрлі технологияны заманауи  компьютерлік өңдеумен 
жаңғырта отырып, бейнекөріністі жаңаша ұсыну әдістері белсенді түрде жүзеге асуда.
Кілт сөздер: музыкалық бейнеклиптер, қазақ эстрадасы, отандық шоу бизнес, компьютерлік дизайн, ұлттық 
өнер.                                                                              
Резюме. Последнее десятилетие показало, что освоение средств экранной выразительности отнюдь не остано-
вилось. Ведутся активные эксперименты с с поисками новых приемов изобразительного решения как с использовани-
ем традиционных технологий, так и с последующей компьютерной обработкой.  Современное экранное творчество 
все чаще прибегает к выразительным изобразительным и звуковым средствам, несущим значительное количество 
эстетической информации. 
Ключевые слова: музыкальные видеоклипы, казахская эстрада, отечественный шоу бизнес, компьютерный ди-
зайн, национальная культура.                                          
Summary. The last decade has shown that the development of means of expression screen is not stopped. We are actively 
experimenting with the search for new methods of visual solutions using both traditional technologies and with the subsequent 
computer processing. Modern screen work are increasingly resorting to the expressive visual and audible means, carrying a 
significant amount of aesthetic information.
Key words: music-videos, Kazakh platform, the domestic show business, computer design, national culture.
Күн  өткен  сайын  жаһандану  процесі  ел  да-
муының    экономикалық,  әлеуметтік-саяси  өмірін 
ғана емес, сондай-ақ мәдени кеңістікте де үстемдік 
етуде. Кешегі озық технология орнын жаңа ғылы-
ми жетістіктер алмастырып,халықтың талғамы да 
өзгеріске ұшырауда.  Сондықтан қазіргі таңда теле-
экрандық өнімдердің түрлену құбылсы күрделі ке-
зеңде тұруы заңды да. Жаңа технологияның небір  
жетістіктерін пайдалану  арқылы келген  жаңа са-
тыдағы суреттеудің көркемдік тәсілдері шығарма-
ның  мазмұндық  құрылымына,  оның  эстетикалық  
табиғатына да әсерін тигізбей қоймады.  Жаңаның 
жаңалығына  бейімделген  көрермен  үшін  дәурені 
өткен  дәстүрлі  технология  арқылы  жүзеге  асқан 
туындыларға  деген  қызығушылығы  төмендей  бе-
ретіні сөзсіз. Бұл мәселені  аумалы-төкпелі қазіргі 
кезеңдегі  музыкалық  бейнеклиптерге  қатысты  да 
айтуға болады. Шығармашылық бағыттағы үзіліс-
сіз  ізденістер  музыкалық  бейнеклиптердің  жаңа 
формаларының туындауына әкелді.   Осы орайда, 
көрермен  талғамына  сүйенер  болсақ,  бейнеклип-
тердің  кейбір жанр түрлері аз уақыт аралығында 
орасан зор сұранысқа ие болып жатса, енді біреу-
лері керісінше, көпшілікке жол таба алмай жатады. 
Қалай дегенмен де, бүгінгі таңда үлкен құбылысқа 
айналып отырған отандық музыкалық бейнеклип-
тердің  алуантүрлілігі  экрандық  шығарманың  осы 
форматын теориялық негізде тұжырымдауға итер-
мелеп,  жаңа технологиялық дәстерін жіктеуге, са-
лыстыра зерттеуге әкеледі. 
“Заманына  қарай  адамы”,  ендеше,  өркени-
еттің  озық  жетістігінен  хабардар  халық  эстетика-
лық тұрғыда талғамы да жоғары болатыны сөзсіз.  
Бүгінгі  жағдайдағы  қоғамдағы  күрделі  қарым-қа-
тынас  аясында  клиптік  шығарма  туындылары-
ның  көрермен  санасына,  әсіресе,  жастар  аудито-
риясына  деген  ықпалының    орасан  зор  екендігін 
ескерсек,  отандық  музыкалық  бейнеклиптердің 
саны мен сапасы арасындағы  алшақтық  алаңдат-
пай  қоймайды.  Шындығы  керек,  музыкалық  бей-
неклиптердің  көрермені  –  жастар  аудиториясы.  
Олай десек, музыкалық бейнеклиптердің  идеялық 
тақырыбы, көркемдік сапасы, тәрбиелік мазмұны, 
көркемдік ерекшелігі  ой-санасы әлі де болса қа-
лыптасу деңгейіндегі жас көрерменді тәрбиелеудің  
негізгі  құралына  айналып,  бағыт-бағдар  беретін 
эстетикалық көркем дүние қатарында болуы тиіс. 
Сондықтан  өтпелі  кезеңдегі  жас  толқын  “қандай 
дүниелермен  сусындап  жатыр,  музыкалық  бей-
неклиптердің эстетикалық табиғаты сын көтере ме 
?” деген сұрақтар әр адамды алаңдатуы тиіс. Сол 
себептен де, экранды жаулап алған сан алуан жан-
рдағы музыкалық бейнеклиптердің, әсіресе, отан-
дық клиптердің даму жағдайы, бағыты, көркемдік 
сапасы  қандай  деңгейде  деген  мәселе  ең  өзекті 
сұрақтарға жауап іздеуге мәжбүрлейді. 
Жаңа  технологияның  жаршысы  ХХІ  ғасыр  – 
“айшылық  алыс  жерлерден,  жылдам  хабар  алғы-
зып” (Ы. Алтынсарин), көкейдегі сұраққа заманауи 
техника көмегімен жауап табуға мүмкіндік беретін 
данышпан  дәуір  айнасы.  Ақпараттық  ағымның 
әлемдік  деңгейіне  тосқауылсыз  еркін  қол  жеткіз-
ген  осы  заманда  экрандық  шығарманың  ұлттық 
ерекшелігі  қандай    көркемдік  тәсілдер  арқылы 
берілуі тиіс? Қазақстандық бейнеклиптердің өзін-
дік суреттеу ерекшеліктері қандай?  Шығаршылық 

270
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №2/2 (37). 2016
ізденістердің негізгі сатылары не? Талғампаз көре-
рменнің сұранысын қалай анықтауға болады?
Кино  өнерінің  бір  ғасырдан  асар  уақыт  ара-
лығында  соншалықты  өзгеріске  ұшырауы,  те-
левизия  жанрының  күрделенуі,  мультимедиа 
кеңістігінің  пайда  болуы    экран  туындыларының 
эстетикасына да айтарлықтай өзгеріс әкелді.  Бұл 
оңды  үдеріс    қоғамдағы  мәдени  өзгерістердің, 
әлеуметтік  құбылыстардың  ғана  нәтижесі  емес, 
мұндағы маңызды мәселелердің қатарында шығар-
машылық ізденістердің жаңа технология жетістік-
терімен үйлесімділігін де атап айтуға болады. 
Кино,  бейнешығармалар  өндірісіне  соңғы 
жылдардағы  жылдам  қарқынмен  енгізіліп  келе 
жатқан  компьютерлік технология тәсілдері экран-
дық туындының эстетикасын  одан әрі күрделен-
діріп,  дәстүрлі  технология  мен  жаңа  технология-
ның  ара-жігін  ажыратып  берді.    Дегенмен,  заман 
талабына  сай  экрандық  өнер  туындысының  жаңа 
суреттеу  тәсілдерін  жаңа  кезеңде  жинақталған 
тәжірибе негізінде  басқа қырынан тұжырымдауға 
мәжбүрміз, басқалай болуы мүмкін емес те. 
Экран  мәдениеті,  әсіресе,  бүгінгі  көрермен 
үшін  оны  қоршаған  ортада  кинотеатр,  телевизия, 
интернет  арқылы  сан  алуан  қырынан  қалыпта-
суда.  Жаңа  технологиялық  мүмкіндіктердің  қол-
жетімділігі  музыкалық  бейнеклиптер  өндірісінде 
әуесқойлық  бағыттың  кең  дамуына  және  интер-
нет кеңістігі арқылы еркін түрде  таралуына  жол 
ашып отыр. Сондықтан да, музыкалық бейнеклип-
тер сынды қысқаформатты экран туындыларының 
эстетикалық    сипатына  көңіл  аудару  өзекті  мәсе-
леге  айналды.  Осы  орайда  айта  кету  керек,  кино 
саласындағы жаңа кезең теориясы таза кино өнері 
тұрғысынан  ғана  емес,  ендігі  жерде  философия, 
социология,  психология,  филология,  мәдениетта-
ну  ғылымдары  жүйесінде  әлдеқайда  тереңдетіліп 
қарастырылатын деңгейге жетті.  Осындай бағыт-
та ізденіс жұмыстарын жүргізіп жүрген ғалымдар 
соңғы уақытта "өнер эстетикасы мен философия-
сы",  "өнер  психологиясы",  "шығармашылық  пси-
хологиясы"  сияқты  кәсіби  сөз  тіркестерін  өз  жұ-
мыстарында жиі пайдалануда. (2)
Өнер  эстетикасын  философия  ғылымының 
заңдылықтары  тұрғысынан  терең  зерттеп  жүр-
ген танымал ғалым Виктор Бычков  өзінің жұмы-
старында  компьютерлік  технология  заманында 
өнердегі  көркемдік  ізденістер  бағытындағы  аса 
маңызды деп танылған бірнеше өзекті мәселелерді 
алдыңғы қатарға шығарады. Автордың 2003 жылы 
жарық көрген "Эстетика" атты кітабы гуманитар-
лық  ілім  және  жаңа  технология  жаңалықтарын 
тоғыстыра  отырып,  жиырма  бірінші  ғасырдағы 
озық  ойлы  жастар  санасына  лайықты  деңгейде 
жазылған  жаңа  үлгідегі  оқу  құралы  болып  табы-
лады. Осы автордың 2012 жылы баспадан шыққан  
«Триалог. Живая эстетика и современная филосо-
фия  искусства»    атты  монографиясы  жаңа  заман 
өнер  туындыларындағы  эстетика  заңдылықта-
рын зерттеуге бағытталған. Орталық сұрақ ретін-
де  жаңа  кезеңдегі  технология  жаңалықтары  өнер 
саласындағы  көркемдік  сипаттау  тәсілдерінің 
тоқырауына жетелей ме деген мәселе қарастыры-
лады. Бұл тоқырау қашанға дейін созылады және 
классикалық өнер туындыларындағы рухани құн-
дылықтардың  жоғалуына  себепкер  болуы  мүмкін 
бе? Осы мәселелер төңірегінде зерттеулер жүргізе 
отырып,  автор  классикалық  өнер  туындысы  мен 
жаңа кезеңдегі  көркем шығарма арасындағы  қа-
рым-қатынас туралы мәселелерді көтереді. Бүгінгі 
таңда баспасөз беттерінде жиі талқыға түсіп жүр-
ген жаңа кезеңдегі экран шығармасының эстетика-
сы туралы талас-тартыстардың  орталық кейіпкері 
көпшілік жағдайда  жаңа көзқараспен қалыптасқан 
жас көрермен және оның көркем шығарманы эсте-
тикалық  құндылығы  тұрғысынан  қабылдау  мәде-
ниеті болып отыр. (5)
Мақала    ауқымында  қарастырылып  отырған 
негізгі  мәселе  отандық  музыкалық  бейнеклиптер 
эстетикасы болғандықтан, бірден осы форматтағы 
шығармаларды эстетикалық құндылықтары тұрғы-
сынан талдауға көшуге болады. 
Музыкалық 
бейнеклиптердің 
экрандық 
шығарма  форматтарының  басқа  түрлерінен  (мы-
салы, киношығарма, жарнамалық роликтер) ерек-
шеленіп тұрған  айырмасы - эстетикалық және ас-
папты-орындаушылық  өнер  комбинацияларының 
алдыңғы планға шығарылуы. 
Кинодағы  музыка  оқиға  динамикасын  жеткі-
зу  үшін  пайдаланатын  қосалқы  суреттеу  элемент 
ретінде қарастырылады. Киношығарма музыкасы-
ның теориясында 2 тәсіл қолданылады: семиотика 
және  музыкология.  Кинодағы  музыканы  элемент 
ретінде зерттейтін тағы бір  маңызды ғылым – се-
миотика.  Ең  алдымен,  семиотиканың  фильм  му-
зыкасына тигізетін әсері жайлы айтсақ, ол фильм 
музыкасының    көркемдік  элемент  ретінде  роль 
атқарып тұрған кілтін табумен қызықтырады. Мы-
салы, фильмдегі музыка көрермен аудиториясымен 
арнайы  контекст  шегіндегі  элементтер  арқылы 
байланыс  жасай  алады.  Бұл  тәсіл  прaгматикаға 
тәуелді,  нақты  контекстің  мағынасын  зерттеудің 
және  оның  музыкамен  қызығушылығының  функ-
ционалды пункт ретінде қарастыруының фильмде 
болуы – оны тек байланыстырушы пункт ретінде 
бағалайды.  Семиотика  сөзі  көбінесе    экрандағы 
бейнеленген  суреттерді  зерттейтін  ғылым  болып 
қабылдынады,  дегенмен  оның  музыка  жағынан 
зерттелгеніне  көңіл  бөлсек,  онда  фильм  музыка-
сы  жанрына  және  оның  кодекстеріне  қалай  жұ-
мыс  істейтініне  көңіл  бөлінгенін  көруге  болады. 
Семиотика  музыкологияға  тіптен  қарсы  емес.  Ол 
музыканың  социалды  өмірін  қызықтырады,  онда 
дыбыс  пен  тындаушының  арасындағы  келісімді 
көрсететін  жағдай  туғызады.  Бұл  музыканың  со-
циалды өмірімен байланысын ұмытпау қажет, се-

271
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №2/2 (37). 2016
бебі фильм музыкасы - өте ашық және тірі музыка 
формасы, ол фильмге гармония бере отырып, оған 
көрермен  бойында  жоғары  эмоция  туғызатын  ең 
басты бөлігі болып табылады. (4)
Жаңа  кезеңдегі  музыкалық  клиптердің  саны 
мен  сапасы  арасындағы  айырмашылық  жер  мен 
көктей. Музыкалық шығарманың композициясын-
да    бейнелік  қатар  мен  дыбыстық  қатар  арасын-
дағы  үндестік  заңдылығының  бұзылуы  көрермен 
талғамына  кері  әсерін  береді.  Орындаушылық 
өнер шеберлігі  әншінің дауыс ерекшелігі арқылы 
жеткізілуі  тиіс  деген  қағида  соңғы  жылдары  аса 
қаптап кеткен  сапасыз бейнелік клиптерде мүлдем 
басқа қырынан ашылып жатады. Мысалы, бір ғана 
ресейлік "Серебро" музыкалық  тобының орында-
уындағы бейнеклиптер қазіргі заманғы шоу-бизне-
стің ең сұрықсыз үлгісі болып табылады.  Өкініш-
ке орай, осы және осы деңгейдегі басқа да бірқатар   
көркемдік сапасы төмен туындылар экран алдында 
өз  көрерменін  көптеп  жинауда.    Клип  түсіру  ре-
жиссурасы кәсіби талпынысты  талап етеді. Көр-
кем  туынды  эстетикасын  музыка  элементтерімен 
үйлесімді жүзеге асырған сапалы музыкалық бей-
неклиптердің мысалын америка киноөндірісіндегі 
Майкл Джексонның бейнеклиптерінен көптеп та-
буға болады. 
Тәуелсіз  Қазақ  елінің  музыка  индустриясы 
да  жиырма    бес  жылдың  ішінде  айтарлықтай  өз-
геріске  ұшырады.  Десек  те,  батыс  елдерін  басып 
озбаса да, отандық шоу бизнес өкілдерінің шығар-
машылық  ізденістерінде  ілгерілеу  байқалады. 
Жиырмасыншы ғасырдағы қазақ музыка өнерінің 
ұлттық  сипатын  қалыптастыруға  ат  салысқан  та-
нымал композиторлар шығармалары отандық бей-
нклип  өндірісінде  көп  уақытқа  дейін  орны  таба 
алмағандығы мәлім. Алайда, соңғы жылдарда бір-
неше шығармашылық топтардың бейнеклиптерін-
де ұлттық сарын,  салт-дәстүр элементтерін пайда-
лану тәсілдері қайта жанданып,  қазақ музыкалық 
бейнеклиптердің  жаңа ағымы пайда бола бастады. 
Экрандық  өнер  мәдениетін  қалыптастыруды  
телеарналар арқылы көпшілік аудиторияға кең та-
ралатын болғандықтан, ең алдымен бейнеклиптер-
де орындалатын музыкалық композиция сапасынан 
бастау керек. Экрандық шығарманың эстетикалық 
деңгейі ондағы көркемдік сипаттау элементтерінің 
қатарына  жататын  техникалық  көрсеткіштер  (оп-
тика  түрлері,  камера  қозғалысы,  жарық  түсіру, 
дыбыспен  өңдеу)  параметрлерінің  пайдаланылу 
ерекшеліктеріне  де  байланысты  айқындалады. 
Осы  және  басқа  техникалық  тәсілдерді  шығар-
машылық  ізденіспен  келетін    көркемдік  суреттеу 
тілі тұрғысынан пайдалану бейнелік қатар мен ды-
быстың  үйлесімділігі  арқылы  шығарманың  эсте-
тикалық    табиғатына  жол  табуға  болады.  Соңғы 
жылдар көлемінде осы бағытта талпыныс жасаған  
көптеген  музыкалық  топтар  біршама  жетістік-
терге жетті деуге де болады.  Экрандық шығарма 
өндірісі  бүгінгі  таңда  даму  бағытының  жаңа  са-
тысына  көтерілді.  Жаңа  технология  жетістіктерін  
кең  пайдаланған    бүгінгі  бейнеклиптер  таза  тех-
нологиялық  өнім,  демек,  ондай  шығарма  эстети-
касы  да  өзгеріске  ұшырады  деген  сөз.  Дәстүрлі 
эстетикалық  категория  ұғымына    жаңа  техноло-
гия нәтижесінде келген өнімнің жаңа эстетикалық 
ұғымы  қосылады,  нәтижесінде,  бейнелік  қатар 
сапасы  тазарды,  фрагменттерді  еркін  алмастыру 
арқылы  композициялық  кеңістік  өзгеріске  ұшы-
рады.  Бұрын    музыкалық  клипті  әмбебап  маман 
(әрі сценарист, әрі әнші, әрі режиссер)  жасайтын 
болса,  бүгінде  төрт  минуттық    әнбаянның  түсіру 
жұмыстарына  өз  саласын  жетік  меңгерген  кәсіби 
мамандармен  бірлесе  отырып  жүзеге  асыру  кең 
етек ала бастады, ол өз кезегінде туындының көр-
кемдік сапасын арттыруға септігін тигізді. Қазіргі 
заман  талабы  бойынша  музыкалық  бейнеклиптер 
өндіретін шығармашылық топтағы сценарий авто-
рынан бастап, монтаж режиссеріне дейінгі барлық 
маман заманауи технология мүмкіндіктерін толық 
меңгеруі тиіс, сонда ғана кәсіби деңгейде жасалған 
жоғары сапалы өнім тудыруға болады. 
Қазақстандық   Buhar Jerreau тобының шығар-
машылығы  көпшілік  көрермен  назарын  аударуда. 
Осы топпен  келісім-шартқа отырған ресейлік та-
нымал  әнші,  рэп  орындаушысы  Тиматидың  ай-
туынша, “Бұхар жырау” тобы аса сапалы музыка-
лық клиптер түсіруге қабілетті және осы бағытта 
көп ізденуде. 
"Buhar Jerreau -  өте сапалы әндері бар, жаңа 
бағыттағы  топ.  Олар  кретативті  бейнеклиптер 
түсіріп,  музыкалық  нарықта    өзіндік  ерекшелікке 
ие болып үлгерді.   Менің ойымша, Buhar Jerreau  
тобының алар асуы алда, біздің негізгі мақсатымыз 
-  өздігінен  жұмыс  істей  алатын  жас  әрі  заманауи 
өнерпаздардың  барыекенін  көрсету,  әрі  олардың 
шығармашылық  жұмыстарын      тыңдармандарға 
таныту”, - деп мәлімдеді Тимати өзінің "Музыка" 
тілшісіне". (7)
"Бұхар жырау" тобының мүшелері музыкалық 
композицияларына сөздіөзедрі жазып, әнін өздері 
өңдейді,  ал  топтың    концерттерді  ұйымдастыру, 
түрлі  мерекелік  кештерге  қатысу  сияқты  менед-
жерлік  жұмыстары    продюсерлік  орталыққа  жүк-
телген.  “Buhar  Jerreau”  тобының  орындауындағы 
хип-хоп  жанры    ұлттық  нақышпен  сипатталған. 
Әншілердің  айтуынша,  олардың  музыкалық 
шығарма  эстетикасы  көркемдік  сапасы  жағынан 
“Blackalicious”  және    “Gorillaz”  топтарына  ұқсас 
болып  келеді.  Топ  мүшелері    шығармашылық  із-
деністер жолында жаңа тәжірибелік қойылымдар-
дан  бас  тартпайтын  батыл  қадамдарын  мақтан 
тұтады.  Әрі бұл топтың имиджіне, репутатциясы-
на  пайдасын тигізбесе, зияны тимейтіні ақиқат . 
Музыкалық композицияларында ұлттық өрне-
кті кең пайдаланып жүрген тағы бір топ - "Дауыс 
International" тобы. Олардың  халық арасында кең 

272
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №2/2 (37). 2016
тараған "Қамажай" әніне түсірілген жаңа музыка-
лық бейнеклиптері  композициясындағы құрылым-
дық  ерекшелігімен көпшіліктің назарын аударып 
отыр. Халық әні "Қамажайға" клип түсіру идеясы 
қайдан келді деген сұраққа қыздар былай деп жау-
ап береді: “Оның мәні мынада: өткен мен бүгінді 
ұштастырған  қазақтың  дәстүрлі  әуенін  заманауи 
компьютерлік өңдеумен  жасалауында.   Бұл - қа-
зақ  шоу  бизнесіндегі  жаңалық,  яғни  ерекше  әді-
стен туған ізденіс!  Біз әннің қайырмасын  дәстүрлі 
қалыпта орындауды қаламадық,  әннің әуезділігін 
ескере  отырып,  бұрын-соңды  болмаған  ноталар-
мен өңдеуді жөн көрдік.  Бейнеклипте әдеттегі қа-
зақы тұрмыс-тіршілікті бәр сәтте заманауи өмірге 
бейімдедік, нақтырақ айтсақ, киіз үйде өмір сүріп, 
ат  құлағында  ойнап,  ұлттық  киім  киген  қазақ 
халқының өмірі жаңа заманмен, жарқын сәттермен 
суреттедік.  Біз  қазақтың  ұлттық  композициясына 
қазіргі өмірді ұштастыра білдік. Ең бастысы, біздің 
бұл ізденісіміз  сәтті болды.” (6)
Отандық музыкалық бейнеклиптер өндірісі – 
іргелі зерттеу жұмысының іргетасы, алдағы уақыт-
та әр қырынан қарастырып, маңызды мәселелерді 
анықтауға мүмкіндік береді. Қазақ музыка өнерін-
дегі  жаңа  форматтағы  орындаушылық  шеберлікті 
меңгерген  топтар  жаңа  технология  жетістіктерін 
ұлттық  ерекшелік  тұрғысынан  пайдалана  оты-
рып,  өзіндік  стиль  қалыптастыруға  және  шығар-
машылық  ізденістер  арқылы  поэтикалық  сарын-
мен өрнектелген музыкалық композиция тудыруға 
талпыныс  жасауда.  Бірақ  олардың  қай-қайсы  да 
түбегейлі жоғары кәсібилік деңгейге жете қойған 
жоқ. Бұл-шындық. Шығармашылық ізденістер көп 
жағдайда әуесқойлық деңгейде екенін ескергеніміз 
жөн. Десек те, сел жүрді, сең қозғалды. Демек, бәрі 
уақыт еншісінде.
Әдебиет:
1.  Аязбеков С.А. Восток-Запад и социально-философский анализ казахской музыкальной культуры. - Алма-Ата, 
1992. 
2.  Бычков В. В. Эстетика. Краткий курс. — М.: Проект, 2003.
3.  Основы режиссуры мультимедиа-программ. – СПб.: СПбГУП, 2005. 
4.  Аудиовизуальный продукт: технология плюс творчество. – СПб.: СПбГУКиТ, 2007. 
5.  Бычков В.В. «Триалог. Живая эстетика и современная философия искусства», М. : "Прогресс-Традиция", 
2012
6.  http://comode.kz/post/novosti/kamazhaj-i-mashina-vremeni-v-novom-klipe-dauys-international/
7.  http://tengrinews.kz/music/timati-vzyalsya-prodvijenie-rep-gruppyi-kazahstana-Buhar-220268/

273
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №2/2 (37). 2016
   
Г.С. Мауленов 
доктор юридических наук, профессор
Рецензия на учебник «Криминология», подготовленный доктором 
юридических наук, профессором Алаухановым Е.О.
  2013  году  в  юридической  науке  нашей  республики 
произошло знаменательное и историческое событие - в г. 
Санкт-Петербурге (Российская Федерация) в издательстве 
«Юридический центр Пресс» был издан учебник «Крими-
нология» (38 п.л., 608 стр.) известного казахтанского уче-
ного-криминолога,  доктора  юридических  наук,  профес-
сора, члена Союза писателей и журналистов Республики 
Казахстан Есбергена Оразулы Алауханова. Учебник стал 
очередным шагом, ранее им издавалась в России моногра-
фия, тема: «Криминологические проблемы предупрежде-
ния корыстно-насильственных преступлений» (2005 год).
Рецензентами учебника выступили выдающиеся уче-
ные в области уголовного права и криминологии - доктор 
юридических  наук,  профессор  О.Н.  Ведерникова  (судья 
Верховного суда Российской Федерации) и доктор юриди-
ПІКІР - РЕЦЕНЗИЯ - REVIEW
ческих наук, профессор К.Р. Абдрасулова (заведующая кафедрой криминологии Ташкентско-
го юридического института).
По устоявшейся традиции структура учебника представлена в двух частях: Общая и Осо-
бенная. В содержание Общей части учебника включены: предмет, система, методология кри-
минологии, история ее становления и развития, преступность и ее основные характеристики, 
причины преступности, личность преступника, организация и методика изучения преступ-
ности, прогнозирование и предупреждение преступности, понятие и общая характеристика 
виктимологии, как одного из направлений криминологии (девять глав).
В Особенную часть учебника вошли шестнадцать глав, рассматривающих криминологи-
ческую характеристику отдельных видов и групп преступлений, в т.ч. организованная, кор-
рупционная, женская, воинская, корыстно-насильственная, экономическая, пенитенциарная, 
неосторожная и др., отдельная глава рассматривает международное сотрудничество в обла-
сти борьбы с преступностью, особенности организации сотрудничества стран СНГ в борьбе 
с преступностью.
Следует особо отметить, что наш коллега проявил авторский и порой оригинальный под-
ход к решению некоторых проблем  криминологии, изложенные в настоящем учебнике. Так, 
например, затрагивая проблему причинности в криминологии автор, на наш взгляд, справед-
ливо отмечает, что она является общефилософской проблемой и студенты должны ее освоить 
не по учебнику криминологии, а по специальной литературе.
Совершенно справедливы высказывания автора и о том, что каждый ученый видит про-
блему преступности и преступника соответственно своей специальности и создает «свою» 
теорию о ней, ее причинах и людях, совершивших преступления.
Исследуя развитие криминологии в СССР, в т.ч. и в Казахстане, профессор А.О.Алауха-
нов подчеркивает, насколько труден и непрост был путь развития и признания криминоло 

274
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №2/2 (37). 2016
гии, как науки - от полного непризнания, отвержения, объявления лже наукой до признания 
в качестве теоретической основы, как для законотворчества, так и для практики борьбы с 
преступностью.
При раскрытии криминологической характеристики преступлений автором приводятся  
статистические данные по республике о состоянии, структуре, дина-мике различных престу-
плений, конкретные практические рекомендации по их предупреждению.
Кроме того, свое логическое отражение в учебнике профессора Е.О. Алауханова нашли 
труды, как зарубежных, так и отечественных ученых и экспертов, среди них, Н.М. Абдиров, 
Н.А. Агыбаев, У.С. Джекебаев, С.Х. Жадбаев, Е.И. Каиржанов, И.И. Рогов, Г.Р. Рустемова, 
Н.Н. Турецкий и др.
Безусловно, отдельные положения научного труда, на наш взгляд, порой наталкивают 
специалистов на проблемы творческой дискуссии, в частности, соотношение социаль ного и 
биологического в личности преступника; социально-психологический механизм совершения 
конкретного преступления; роль конкретной жизненной ситуации в совершении преступле-
ния; понятие и классификация виктимности.
Но, как нам представляется, актуальность затронутых автором сложных криминологиче-
ских вопросов является ярким достоинством самостоятельности профессора Е.О. Алаухано-
ва, как ученого, как автора более чем 20 монографий и учебников в области криминологии.
Особо  выделим  то  обстоятельство,  что  рецензируемая  работа  автором  посвящена  его 
учителям и наставникам - доктору юридических наук, профессору, академику АЕН РК, За-
служенному деятелю науки и техники РК Елегену Изтлеуовичу Каиржанову и доктору юри-
дических наук, профессору Юлдашу Мустафаевичу Каракетову.
В целом, учебник дает глубокие теоретические знания и пропагандирует криминологи-
ческие знания. В целом, труд написан по-настоящему творчески, является фундаментальным 
и привносит значительный вклад в уголовно-правовую и криминологическую науку совре-
менного Казахстана.
Издание учебника профессора Е.О. Алауханова «Криминология», в большой степени, 
выдвигает авторитет казахстанской криминологии на международный уровень и станет все-
общим признанием заслуг многих поколений казахстанских криминологов, сложившихся за 
последние тридцать лет.
Следует только приветствовать выход Е.О. Алауханова на международную арену и поже-
лать ему в год его 55-летия со дня рождения продолжить неустанную работу по пропаганде 
криминологических знаний в нашей стране, не забывая слова знаменитого поэта  «…И веч-
ный бой, покой нам только снится!». 
Не случайно в предисловии к учебнику наши уважаемые коллеги - российские ученые - 
доктора юридических наук, профессора З.С. Зарипов и С.Я. Лебедев отмечают, что учебник 
отличается логической завершенностью идеи, новизной взглядов и перспективой дальней-
шего исследования.
Безусловно,  изданный  учебник,  подготовленный  профессором  Е.О.  Алаухановым  для 
студентов и магистрантов (докторантов), преподавателей юридических факультетов, специ-
алистов в области уголовного и пенитенциарного права, криминологии, а также всех заинте-
ресованных лиц найдет широкое применение среди ученых и практиков.

275
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №2/2 (37). 2016
Недавно  в  Санк-Петербурге  издателством  «Юридический 
центр-Пресс»  издан  учебник  доктора  юридических  наук,  про-
фессора Е.О. Алауханова «Криминология» с объемом 42 п.л. Ра-
бота посвящена 20-летию независимости Республики Казахстан.
Преступность и причины, ее порождаю щие всегда явились 
объектом пристального внимания человечества, которое посто-
янно  ищет  пути  и  средства  эффективной  борьбы  с  этим  соци-
альным явлением. На этой стезе особая надежда возлагалась на 
государство.  Однако  со  временем  стало  понятно,  что  государ-
ство  самостоятельно  не  в  состоянии  решить  все  возникающие 
сложные проблемы, что ведущая роль принадлежат обществу и 
его гражданским институтам. В своем выступлении на заседа-
нии Совета Безопасности Республики Казахстан 18 июня 1993 
года Президент страны Н.А.Назарбаев отмечал, что «»нужно …
поднять на борьбу с преступностью трудовые коллективы, ши-
рокую общественность, весь народ, средства массовой информа-
ции. Такой опыт у нас был накоплен».   Люди разных профессий 
во все времена задумывались над истоками преступности, над 
тем, какие внутренние или внешние силы заставляют человека нарушать уголовно-правовые запре-
ты,  даже  под  угрозой  наказания.  Естественно,  что  все  они  осмысливали  вопросы  преступности  в 
контексте своего времени и его требований, на том уровне знания, который они застали или которого 
достигли собственными усилиями.
Как известно, непременным условием успешной борьбы с преступностью является понимание 
ее детерминантов. Криминология – это наука о борьбе с преступностью, ее детерминантов, которая 
должна опираться на современные реальности и возможности предупреждения преступлений.
Автор учебника, известный ученый, много работавший в области уголовного права и кримино-
логии, в своем труде постарался изложить разные взгляды и позиции, но при обязательном условии, 
что они важны, даже необходимы для понимания того, что такое преступность и как с ней бороться.
В учебнике на базе современных подходов к структуре и содержанию криминологий рассматри-
ваются предмет, система, методология и история криминологии, задачи и перспективы ее развития. 
Анализ преступности, личности преступников, причин и условий преступлений дается как в общем 
плане, так и применительно к конкретным видам преступлении. 
С тех же позиций рассматривается проблема предупреждения преступности. Специально иссле-
дованы определенные виды преступности:
преступления против здоровья человека, корыстно-насильственная, организованная, коррупци-
онная, экономическая, рецидивная, женская, пенитенциарная, воинская преступность, преступность 
террористического характера, преступный оборот наркотиков, международное сотрудничество в об-
ласти борьбы с преступностью.
Учебник отличает оригинальный подход автора к решению некоторых проблем криминологии, 
в ней приводятся статистические данные и привлекается огромное количество научных и литератур-
ных источников. Книга написана доступным, образным языком и рекомендована для студентов, ма-
гистрантов, преподавателей юридических вузов и специалистов в области криминологий, а также для 
работников суда, прокуратуры и других правоохранительных органов, интересующихся проблемами 
предупреждения преступности. Настоящий учебник является фундаментальным   трудом  в области 
криминологии.
А.Н. Агыбаев
доктор юридических наук, профессор КазНУ им.аль-Фараби,
заслуженный деятель Казахстана 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет