ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Нұртазин Т. Бейімбет Майлин творчествосы. – Алматы: Жазушы, 1966. - 324 бет.
2.
Кәкішев Т. Дарын иесі. // Коммунизм нұры. - 1967. - 10 желтоқсан.
3.
Жұмағалиев З. Құнды еңбек. // Орталық Қазақстан. – 1969. – 8 наурыз.
РЕЗЮМЕ
В статье идет речь об анализе критиком Т.Нуртазиным произведений выдающегося
казахского писателя Б.Майлина.
RESUME
The article is written about the analysis of T.Nurtazin of the works of an outstanding Kazakh writer
B.Maylin.
267
ӘОЖ 82-3-894.342
Ш.С. Әбішева
Ш. Есенов атындағы Каспий
мемлекеттік технологиялар және
инжиниринг университеті,
ф.ғ.к., доцент
Жазушы шеберлігі
Аннотация
Қаламгер Әбіш Кекілбаевтың «Бір шоқ
жиде» повесінің негізгі тақырыбы – ұрпақ
жалғастығы. Мақалада аталған шығармадағы
оқиғалар жүйесіне, кейіпкерлер табиғатына,
заман шындығына талдаулар жасалынады.
Повестің тақырыбын ашудағы қолданылған
көркемдік әдіс-тәсілдер де талданады.
Түйін сөздер: сюжет, композиция, кейіпкер,
образ, диалог, баяндау, ұлттық мінез, халықтың
педагогика, әдет-ғұрып, салт-дәстүр.
Қазақ әдебиетінде ұрпақ тақырыбына қалам
тартпаған жазушы кем де кем. Бұған әр қырынан,
әр тұрғыдан келген қаламгер қауым төл
әдебиетімізде де бала галереясын жасаудай-ақ
жасағанын баса айтуға тиіспіз. Кемеңгер жазушы
Әбіш Кекілбайұлы да бұл тақырыпты аттап
өтпеген. Мысалы, «Көлденең көк атты»
әңгімесінің басты кейіпкері – бала. Мұнда әңгіме
желісі баланың атынан тікелей баяндалады.
Қаламгердің бұдан басқа да хикаяттарында бала
– кейіпкер бейнелері сәтімен сомдалған. Ал, «Бір
шоқ жиде» повесінде жазушы бала тақырыбына
мүлде басқа бір қырынан келеді. Ол – баланың
бағасы, орны, ұрпақ жалғастығы, өмірдің мәні.
Герольд
Бельгер
Ә.Кекілбайұлының
көркемдік палитрасының қуаты мен қасиетіне
жоғары баға бере отырып, қаламгердің сан
қырлы оқиғаларды суреттегенде кейіпкерінің
ішкі әлеміне сыналай ене отырып, өмір
құбылыстары мен көркемдік шешімді шебер
тамырластыра білетін суреткерлігін тамыршыдай
тап баса айтады.
«Бір шоқ жиде» повесінің басты кейіпкері –
Тілеу. Бұл әулет о бастан басқа жарымаған екен.
Ертеректе Өтеу атасы жеті ұлынан айырылып,
құм арасында жалғыз қалғаннан-ақ бұл кесір
жолдас болып келе жатқан көрінеді. Сонда көзіне
жас алмаған мәрт батыр ет жүрегінің езіліп,
қолқасының үзіліп, қабырғасының қаусап,
алқымының біткенін сырт көзге шалдырмаған
күйі көңілінің зарын домбырамен шығарыпты.
Онысын сездіріп алғанда қолды қараша үйінің
сағанағына салыпты. Мұңлы шерін содан жонып
алған сырнайымен шығарыпты. Бұл турасында
қаламгер: «Құдайға өкпелеп, айдалада жалғыз
қалған қайсар ағасына Ақпан бір баласын апарып
береді. Ол – Сақтап аталары», – деп баяндайды
[1, 122].
268
Өтеу ата сондағы зар күйін бұл пәниден озар алдында ғана сыртқа шығарып,
Сақтаптың құлағына шалдырыпты. Ол саздың аты «Бебеу күй» екені шығарманың өн
бойында бір-ақ жерде ғана Тілеудің аузынан айтылады. «Бебеу күй» аты айтып тұрғандай
жай күй емес, көңіл толқыны, жүрек шері, бала қадірін ұрпақтан ұрпаққа аманаттаған
қасиетті туынды. Өтеуден Сақтапқа, одан Сырттанға, одан Сұрапалдыға, одан
Тілепалдыға жалғасып жеткен күйді өлер алдында Тілеу шал Тұяғына аманаттап бұл
жалғаннан оза береді. Қаламгер трагедиялық ситуацияларды дәл тауып, соны жеріне
жеткізе баяндауға машық. Ол диалог сәтіндегі әрбір кейіпкердің бет-әлпетіндегі, дене
қимылындағы әрбір детальды, тіпті болмашы бір ғана сәттегі өзгерісті қалт жібермей
қадағалаған.
Оқиға одан әрі Сақтап төңірегінде өрбиді. Сақтап аталарының ділмар аты шығады.
«Ел аралап жүріп абайламай бір бақсыға тілі тиіп, қарғысқа ұшырайды, баласы тұрмайды»
[1, 122].
Сырттан – Сақтаптың алпыстан асқанда барып көрген соңғы перзенті екен. Қырық
қазанның астынан өткізіп, қырық әйелдің емшегін емізіп, жаңа күшіктеген қызыл
қаншықты бауырына тастап, қысқасы баласы тұрмағанда жасалатын ырымның барлығын
адақтап болып, баланың атын да ит атына теліп Сырттан қойған екен. Кейін Сырттан да
он екі ата Байұлының бесеуінен бес әйел алса да, ерні жібіп, сәби сүйе алмапты. Ақыры,
көрші ауылдан – оң жақта жүкті болып қалған бір қыздың шаранасын бауырына басады.
Оқырманды қызықтырып отырған шығармадағы ырым-жоралғылар «баласыздық
тақсіреті, әулиелер аралап, мінәжат етіп жүріп перзентті болушылық, эпикалық
жырлардағы кездесетін мотив» [2, 163] ондағы қолданылып отырған көркемдік құралдар.
Ол шарана – Тілеудің әкесі – Сұрапалды. Тілеудің өзі – Сұрапалдының қайын жұртынан
алып, бауырына басқан перзенті. Ал, сол Тілеудің жалғыз перзенті Тілепалды соғыстан
қайтпады. Бұл тұста жазушы: «Өз дастарханыңда өзің бата жасап, өзің бас ұстағаның –
жалыңның жалаңаштанғаны. Сарқыт асатар кісінің жоқтығы – көсегеңнің көгермегені» –
деп келтіреді [1, 134].
Міне, Тілеудің сол кепті кие қалған жайы бар. Автор айтқандай, жалы жалаңаш,
көсеге көгермеген, үміт үзілген. Ақыры, бұл да баяғы Өтеу атасының үрдісін ұстанып,
қара домбыраға қарап қала барар ма еді, қайтер еді... Егер сырттан түйе бақырып,
аңыраған әйел даусы естілмесе... Бұл келген мейман – Тілеудің әйелі Зейнептің жеңгесі
болып шықты. Алыстан ат маңдайын туралап келе жатқан беті. Соғыста шейіт болған
жиендері Тілепалдыға бата оқырға келген беті. Қонақ жалғыз емес екен. Түйе қомында
баласы бар.
Келесі оқиға желісі Жаңыл жеңгенің аузынан баяндалады: «Күйеу жігіт пен ерке қыз,
мынау қырқынан шықпаған жаман немені екеуіңе қара болсын деп алып келдім. Мырза
құдайдың рақымы түсіп, ерке қыз құрсақ көтеріп жатса, бұл бесігін тербетер. Төріңде
ұстаймын десең де, есігіңде ұстаймын десең де, біздің көңіліміз баяғыдай. Отыз күн
бауырымды сорғызып ем, ол бұған да, сендерге де салық емес. Сендердің
шаңырақтарыңның ендігі амандығынан садақа, мә, желінімді ошақтарыңа саудым», –
дейді Жаңыл жеңге аттанар сәтінде [1. 136]. Содан соң кішкентайға тігіп әкелген көйлегі
мен көрімдігін ұсынды. Түйеге мінер алдында көрпеге орап қойған кішкене құндаққа
жолаған жоқ. Бір қырынан қарағанда бұл ана тарапынан қатігездік те болып көрінер. Жоқ,
олай емес. Бұл – ерлік. Қазақ әйелінде ғана болатын ұлы ерлік. Ол осы ерлігімен айдалада
аңырап қалған екі бауырына көл-көсір қуаныш сыйлайды. Екі мұңлықтың көз жасына
қарап, сөгілген іргесін бүтіндеді, жетім көңілді жебеді. Балаға
ат
қоярда
жазушы
кейіпкерлердің ішкі сырынан хабардар етеді:
«Күдері кеңк-кеңк күлді.
– Ал, балаңа ат қойдың ба?, – деді Күдері.
– Жоқ.
– Осы кезге дейін не деп келдің?
269
– Сол жаман немені не дейтін едік, жаман неме дей саламыз.
– Жаман немесі несі, атын Жақсылық қою керек.
– Апыр-ай, біздің тұқымда ондай ат болмаушы еді. Артымызда тұяқ болып қала ма
деп отырмыз. Осы күшіктің аты Тұяқ болса қайтеді. Одан әрі Күдерінің әлгінде ғана желп
етіп жоғары көтерілген жалбыр қабағы қайта жадырап сала берді. Төр алдында бұршақтай
терлеп жатқан бөбекті орауымен алып, оң құлағына аузын апарды.
–
Әй, күшік, сенің атың Тұяқ! Естисің бе, ай? Тұяқ! Тұяқ! Тұяқ!
...Шіркін, со бір жылғы жаз-ай. Әшейінде жанарының бар жылтын жалмап жұтып ап,
бүлк етпей бедірейіп жататын да қоятын құба сұр алқап май туа шалқар көлдей шалқыды
да кетті», бұл қуанышқа Табиғат-Ана да бей-жай қарамай пендесімен бірге қуанады.
Диалогке қатысушылар өздерінің репликалары арқылы бір-біріне әсер етіп қана
қоймайды, оқушыға да әсер етеді, оқиғаны шиеленістіріп, оқырманын ынтықтыра түседі
[2, 37].
Жалпы, Әбіш Кекілбайұлы шығармаларының ұлы лейтмотиві – бауырластық.
Адамның адамға деген кіршіксіз көңілі, жүрек жылуы, шапағат-мейірімі. Міне,
шығарманың осы тұсы – соның ең шырқау биігі. Шіркін-ай, ана қараша інгенді жетелеп,
емпеңдеп тартып бара жатқан Жаңылдың көңіліндегі сол сәттегі күй, сол сәттегі шер, сол
сәттегі сезім...
Қаламгер шеберлігі адам образын, кейіпкер характерін қаншалықты дәрежеде
нанымды ашып, көрсете білгеніне қарай танылмақ. Осы орайда шебер суреткер өз
кейіпкерлерінің табиғатын, эстетикалық концепциясын оқырманына барынша шынайы
жеткізеді. Шығарманың басты қасиеті – характерлердің ішкі әлемінің ұңғыл-шұңғылына
дейін айқын көрінуі.
Сонымен, құм ішіндегі екі мұңлықтың құлазыған бауырын, езілген жүрегін
Жаратқан Ием жарылқамағанда, адам жарылқады.
Шығармадағы одан арғы оқиға кішкентай шарана Тұяқтың қатысуымен өрбиді.
Баласының қарын шашын алу, қырқынан шыққан соң, ит көйлек алып қашу, ыстық өтіп
ауырғанда үстінен қарақұйрық бауыздап, бұлауға салу, кекілін тарап, тайға мінгізу –
бұлардың бәрі жайдан-жай бола салмайды. Қазақтың ұлттық бітім-болмысына,
табиғатына тән салт-санамен бірге, кеңінен қамтылып сөз болады.
Әбіш Кекілбайұлы – қарымды қаламгер. Ең бастысы, ол ұлттық салт-дәстүрлердің
бүтін бір энциклопедиясы. Сол біліктілігі жазушының қаламгерлік машығымен астасып,
шығарманың шырайын тым үстеп жібергені де осы тұс. Тілеу мен Зейнептің үкілеп
өсірген сол Тұяғы жігіт болды, ер жетті, әскер қатарында болып қайтты. Өз қалауы
бойынша мамандық алып, кәсіби ортасын тапты... Бұл уақытта Зейнеп бақилық болған.
Марқұмның тілегі қабыл екен. «Әлпештеп баққан баласынан бір уыс топырақ бұйырды.
Тілеудің ендігі уайымы – баласы» [1, 156]. Міне, дәл осы жерде де қазақтың қанына сіңген
бауырмалдық қасиеті шаң береді. Тілеу өз мақсатының ой-арманының орындалысын
тездетеді. Тілеуге тілеулес досы Күдері Тұяққа қалыңдық іздеп, атқа қонады. Арада ай
өтпей жатып, қайта оралады. Сөйтсе ойы оңынан оралып, шаруаны бітіріп келген екен.
Айттырған қызы – ана бір жылы жоқ қарап жүріп мұның үйінің дастарханынан дәм татып
кеткен мейманның қызы екен. Кетерінде домбырасын бұйымшылап бөктере кеткен
мейман Тілеуді ұмытпаған сыңайлы. «Кемпірі өлді дегенде қатты күйзеліп қалыпты, тіпті.
Бір күн көргенге – мың күн сәлем деген осы-а! Сөзге қандай шапшаң болса, іске де сондай
Күдері көп ұзатпай келінді түсіріп те тастады. Тілеудің: «Тек жалғызымның өз қолы өз
аузына тезірек жеткей!», – деген тілегі орындалды» [1, 162]. Тағы бірде Тұяғына Өтеу
бабасының «Бебеу күйін» табыстады. Сосын қолына кәрі серігі қобдиын алды. Асық
жілікті жона бастады. Онысы – болашақ немересінің шүмегі еді. Бұл кезде естуден де қала
бастаған құлағымен келінінің ұл тапқан хабарын естіді. Сонда барып туды-бітті көзіне жас
алмаған қайсар жан керегенің сағанағын құшақтап, екі иығы селкілдеп ұзақ жатты. Содан
Тілеу шалдың беті бері қараған жоқ. Бірақ ол шат-шадыман еді. Көзінен шыққан жас
270
қуаныштың жасы еді. Көңілінде тоқтық. Осыған да тәуба, тәуба! Сол күні рахат ұйқыға,
мәңгілік ұйқыға кете барды... Езуінде өмірбақи жүгірмеген мәз-мейрам күлкінің ізі
қалды...
Алғашқы басылымдарда «Бір шоқ жиде» шығармасы Күдері шалдың Тілеу моласы
басында жападан-жалғыз жыл қайырып, өз жасын өзі санап тұруымен аяқталатын еді.
Таңдамалыда жарияланған соңғы нұсқасында автор оған өзгеріс енгізген. Мұнда зират
басына әке-шешесінің басын қарайтпақ болып, Тұяқ келе жатыр. Сөйтіп, ол – ұрпақтың
бір парызын өтегелі келеді. Тілеу көзі тірісінде: «Ертең о дүниелік болып кеткенде
«бабамыз еді-ау» деп басына топырлап, бір-бір уыс топырақ салса, бағыңның жанғаны
емей немене», – деп ойлайтын. Әке ойы орындалған сыңайлы.
Қарымды қаламгердің осы бір туындысы бір қарағанда қарапайым тірлік иелерінің
бастан өткізген жай ғана бір хикаясы сияқты көрінгенімен, аңғарғанға үлкен
философиялық астарға ие шығарма. Ондағы тірліктің сырт көзге бұйылығы да, оқиғаның
қарапайым, жай ырғақпен өрбуі де бейне бір даланың ұлы өзендерінің ағысын тереңіне
жасырғаны іспетті.
Шығарманың негізгі арқауы – ұрпақ жалғастығы. Ол – тіршіліктің ең маңызды, ең
мәнді тіні.
Ол сонысымен де құнды, сонысымен өміршең. Қаламгердің шеберлігі де осында.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Кекілбаев Ә. Құс қанаты. – Алматы, «Жазушы», 1978.
2.
Пірәлиева Г. Көркем прозадағы психологизмнің кейбір мәселелері. – Алматы, «Алаш»,
2003.
3.
Кәрімов Х. Қанатты сөздер. – Алматы, 1994.
РЕЗЮМЕ
В статье говорится о мастерстве писателя в раскрытии темы смены поколений, природы
персонажей в повести А. Кекильбаева «Бір шоқ жиде».
RESUME
This article is about the art of speech in revealing generation rising, the description of the nature of
the characters in the novel «A Patch of clouds» by Abish Kekilbaev.
271
ӘОЖ 82.512:122
Ибраһим Хатипоғлу
Қазақ-түрік лицейі,
мұғалім
Неологизмдердің
жасалу жолдары
Аннотация
Мақалада сөздік құрамның ерекше түрі –
неологизмдер жайы туралы сөз болады. Тілдік
қорға
жаңа
сөздердің
ену
жолдары
қарастырылады, нақты деректермен талданады.
Түйін сөздер: неологизм, тіл дамуы, жаңа
сөздердің тұрақтануы, жасалу жолдары, сөздік
құрам.
Өмір үнемі өзгеріп, дамып отырады десек,
тіл де ұдайы өзгеріп, дамуда болады. Әсіресе
қоғам өміріндегі ұлы өзгеріс, тарихи үлкен
жағдайлар тілге де үлкен жаңалықтар енгізеді.
Тілімізде,
көркем
шығармаларда
бұрын
болмаған
жаңа
сөздерді неологизм дейді.
Неологизм сөзі грек тілінен аударғанда тілде
пайда болған жаңа сөз, тілдік жаңалық,
грамматикалық ерекшелік дегенді білдіреді [1].
Тілдің даму барысында пайда болып, ғылым
мен
техниканың
өркендеу
барысында,
әлеуметтік-экономикалық өзгерістер негізінде
дүниеге келіп, жаңа түсініктерге анықтама
беретін немесе қалыптасқан атауларға басқаша
жаңа
атау
беретін
тілдік
бірліктерді
неологизмдер деп атаймыз. Жаңа сөздердің
тууы – тілге табиғи нәрсе және тілді өсіретін,
жазушылардың тіл байлығын кеңейте, өрістете
түсетін жайдың бірі.
Жаңа сөздердің тұрақталуы көпшіліктің
тілегімен ұштасуында. Жұртшылық керек
еткен, олардың көкейіне қонған, ой-пікірлеріне
әсер еткен сөздер халыққа тез тарайды. Бір
адам не бір баспа орны емес, көпшілік
қолданады. Сөйтіп, ол тілден тұрақты орын
алады. Сол көпшіліктің қолдануы – ол сөздің
тілімізден тұрақты орын алуы деген сөз.
Неологизмдердің өмірінің ұзақтығы олардың
қоғамдағы алатын орнына байланысты болмақ,
басқаша айтқанда белгілі бір түсінікті атау
барысында
берілген
неологизм
қандай
деңгейде қолданылады, берілген сөздердің
қаншалықты синонимдары бар, жалпы практи-
када қолдану жиілігі қаншалықты жиі болаты-
нына байланысты болмақ. Көптеген неологизм-
дер тілден біржолата жоғалып кетеді, кейбіреуі
сол сөзді ойлап тапқан автордың есімімен қо-
сақталып жүреді, кейбір аймақтарда пайда бол-
ған сөздер кейде мүлдем жоғалып кетеді. Нео-
логизм бүкіл халықтық қолданысқа ие болған-
нан бастап ол сөз неологизм болуын тоқтатады.
272
Неологизмдер кейде жеке, кейде қысқартынды сөз түрінде тууы мүмкін. Кейде түбірі
тілімізде бұрын болса да, оған жұрнақ, жалғаулар қосу арқылы немесе бар сөзге жаңаша
мазмұн, жаңаша мән беру арқылы жасалынуы да мүмкін. Ал қазіргі жаңа атаулардың дені
жаңа сөз немесе сөз тіркесі түрінде туып, қалыптасып келе жатқан зат есімдік атаулар.
Қазақ тілінде жаңа сөздер мынадай жолдармен жасалады:
1) Жаңа сөздер жұрнақ жалғану арқылы жасалады Мысалы: сатыл+ым,
тоңазыт+қыш, ғарыш+кер, зейнет+кер, құра+м, т.б.). Қазақ лексикасының толығуы мен
молаюында сөзжасам амалының құрылымдық негізін құрайтын аффиксация тәсілі
барынша айқын көзге түседі.
2) Жаңа сөздер лексикалық жолмен жасалады. Кейбір сөздер жеке тұрып-ақ жаңа
мағынаға ие болады. Мысалы: мұра – мұрағат, талқы – талқыла. Лексиканың
динамикасында айқын байқалып отырған тілдік бірліктердің әдеби тіл айналымында
орнығу, нормалану сипаты да назар аударарлық. Мысалы: Зайырлы, зияткерлік типтес
сөздер түсіндірмелі сөздіктерде көрсетілмеген немесе басқаша ұғындырылған ( зайырлы –
білгір, білімдар).
3) Жаңа сөздер бірігу арқылы жасалады. Мысалы: әнұран, елбасы, елтаңба,
жәрдемақы, бағдаршам, әуежай, жағажай т.б. Өнімді және өнімсіз тұлғалардың сөз тудыру
қабілетінің қарқындылығымен қатар әдеби тілдің сөздік құрамында сөз біріктіру арқылы
жаңа ұғымның, түсініктің, құбылыстың атауын сөз біріктіру амалы арқылы жеткізу
қалыпты сипат танытуда. Жеке мағыналы сөз деңгейінде болып келген тілдік бірліктердің
сөз-морфемаға қарай ығыса бастауының нәтижесінде де сөздік құрам біріккен сөздер
арқылы толыға түсуде (ашықхат; қолдаухат; баяндаухат; әуежай; тұрғынжай). Әсіресе
терминжасам жүйесін қазақыландыру ісінде бұл жайт өткір байқалады, сондықтан
терминологиялық сөздіктерде молынан қамтылған ( әміртыйым – вето; дыбысқұжат –
фонодокумент; бағакөрсеткі – прейскурант; пікіртерім – опрос; кеудеалқа – аксельбант;
әріпсан – индекс; бейнеорам – видеоклип; бейнеүнхат – видеофонограмма, ақаутапқыш -
дефектоскоп).
Біріктіру арқылы жаңа ұғым тудыратын тәсілдерге төмендегідей жасалу жолдарын
көрсетуге болады:
а) Бірінші сыңары фото, электр, радио, авто, авиа, аэро, гидро, агро, транс, инфра,
ультра, изо, гипер, ал екінші сыңары қазақ сөздері болып келген жаңа сөздер. Мысалы:
фотосурет, электрұстара, радиоқабылдағыш, автоқалам, аэрошана, киноқондырғы,
инфрақызыл, ультракүлгін, изосызық, гипержазық.
ә) Екінші сыңары аралық, ішілік, тану, таным, жай, хат, қағаз, сымақ деген сөздер
және бірінші сыңары әсіре, көп сөздерімен келген жаңа сөздер. Мысалы: халықаралық,
жаратылыстану, тілтаным, жартас, саяжай, қолхат, мектепішілік, рұқсатқағаз,
шешенсымақ, әсіресолшыл, көпбалалы т.б.
б) Әртүрлі екі түбірден құралып, жаңа мәнге ие болған жаңа сөздер. Мысалы:
баспасөз, келіссөз, еңбеккүн, оттегі, үшбұрыш, көпмүше, тозаңқап, сүтқоректі, сөзжасам
4) Лексиканың дамуындағы жаңа бағыттарды танытатын сөз тіркестіру амалы
бойынша
жасалғандар,
негізінен
калька
және
жартылай
калька
жолымен
түзілгендер (атаулы көрсеткі, баға белгіленімі, деректерді өңдеу жүйесі, тұтыну
қоржыны, жаңа енгізім, жасыл дәліз, есептік құжаттама). Сөз тіркестіру тәсілі арқылы
компьютерлік технологияда көптеген неологизмдер пайда болды. Мысалы: Web –
всемирная паутина – бүкіл әлемдік желі.
5) Сөздерді қысқарту (аббревиатура). Кейбір неологизмдер қысқарған сөздер түрінде
қолданылады. Мысалы: PC (personal computer), PR (public relations – nuap), FORTRAIN
(formula translation – фортран). Кейбір неологизмдер қысқарту көмегімен жасалғанымен,
қысқартуға ұқсамайды. Мысалы: scuba (self-contained underwater breathing apparatus) су
астында дем алуға арналған қондырғы, SARS (severe acute respiratory syndrome) – CAPC
ауруы, radar (radio detecting and ranging) – радар.
273
6) Басқа тілдерден ену. Қазақ тіліне көптеген сөздер басқа тілдерден еніп,
неологизмдер қатарына жатқызылады. Мысалы бизнес және қаржы саласында: marketing –
маркетинг, dealer – дилер т.б.
7) Аударма арқылы. Қазақ тіліне басқа тілден енген кірме сөздердің орнына қазақша
баламасын қолданудың 2 түрі бар:
а) тілдегі жергілікті және көне сөздер арқылы:
Кірме сөз
Жергілікті және көне сөздер
Таможня
Кеден
Универсам
Әмбебап
Комплекс
Кешен
Рынок
Нарық
Устав
Жарғы
Статья
Бап
Администратор
Әкім
ә) тілдегі бар сөздерді біріктіру арқылы:
Кірме сөз
Біріккен сөздер
Интернет
Ғаламтор
Аэропорт
Әуежай
Паспорт
Төлқұжат
Музей
Мұражай
Герб
Елтаңба
Гимн
Әнұран
7) Көнерген немесе сирек қолданылатын сөздердің актуалдануымен (зайырлы,
зиялы, зияткер, жадығат, тәмсіл, пәтуа, ғибара, қарашын, алғыншы, айдауыл,
сарбаз) жаңа сөздердің және ғылыми терминдердің қатарын толықтыру үстінде (нысан –
нышан – нысана – нысаналы; қорғау – қорғаушы - қорғаншы). Уақыт өте келе, көнерген
сөз қайтадан қолданысқа еніп, жаңа ұғымның атауы болатын жағдайлар публицистикалық
стильмен жазылған еңбектерде жиі кездеседі. Мысалы: ақорда, елорда, байрақ т.б.
Қазақ тілінің сөздігінде: байрақ – жалау, ту. ала байрақ (көне) – сырт киімдік
жолақ мата, кездеме. байрақты – 1) байрағы бар, байрақ тігілген; 2) Ауыс. таңдаулы,
жақсы. Көне түркі жазуларының ескерткіштерінде батрақ (учига махсус ипаклик осилган
еғочки аскар жанда шу билан узини белгили қилади) ұшына ерекше жібек ілінген ағаш,
әскер ұрыста өзін осымен белгілі қылады, − деп көрсетеді. Қазіргі тіл қолданысында
ақындар шығармаларындағы байрақ тек мемлекеттік белгі (ту, жалау) ретінде
қолданылып, мағынасы тарылған. Оны қазіргі баспасөз беттерінен де байқауға болады:
«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының авторы Шәкен Ниязбеков: Қай жылы
екені есімде жоқ, қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаев көк туды ғарышқа алып ұшты.
Ғарышқа барып келген тудың саны көп емес. Осыны көргенде «Біздің де байрағымыз
ғарышта желбіреген аз ғана тулардың бірі болды-ау» деген мақтаныш сезім көкірегіме
ұялады», − деді. Сөздікте берілген ала байрақ − мата-кездеме атауы. Ал қазіргі тіл
қолданысында «көк байрақ» тіркесі кездеседі. «Көк байрақ» − мұнда тудың матасының
түсі көк болғандықтан, көк сын есімі байрақ зат есімімен тіркесіп, заттанып кетіп отыр.
Бұған бір мысал, Қазақстанның зіл темір көтеруден екі дүркін әлем чемпионы Илья
Илиннің сөйлеген сөзі: «Мен олимпиада тұғырында біздің еліміздің әнұраны шырқалып,
Қазақстанның көк байрағы көтерілгенде өзімнің Отаныма және халқыма деген айрықша
274
мақтаныш сезімде болдым» [5]. Бұл деректерден шығатын қорытынды, мұндағы
байрақтың архисемасы қазіргі ту, жалау сөздеріне қарағанда едәуір мағынасы алшақтап,
көмескіленген, бұл сөздің түп-негіз мағынасы ақындар өмір сүрген кезде мемлекеттік
белгіні білдірмеген. Аталымға уәж болған негізгі ерекшелік қасиеті, олардың матадан
жасалып, ағаш сапқа орнатылуы, және олардың биікте тұру қызметін атқарады, яғни
ономасиологиялық белгісі уәжі және аталымның жасалуында ішкі мағыналық үйлесімі
мағына мен тұрпаттың қалыптасуына, сөйтіп, аталымның таңбалануына себеп болған.
Кез келген тілдің сөздік құрамы сол тілдің ежелгі, төл сөздерінен және шет
тілдерден алынған кірме сөздерден тұратын күрделі құбылыс екені мәлім. Өйткені белгілі
бір тілдегі барлық сөздердің жиынтығы, яки сол тілдің лексикасы сөздік құрамға
қоғамдағы сан қилы маңызды тарихи факторлар өз ықпалын тигізбей қоймайды. Осындай
өзге тілдерден енген сөздердің қазақ тілінен алатын орнын, мұндай элементтердің
мағыналық, фонетикалық өзгерістерге ұшырау жолдарын, сондай-ақ кірме сөздердің
лексикалық, семантикалық, грамматикалық және этимологиялық мәселелерін ғылыми
тұрғыдан зерттеп, анықтаудың маңызы айрықша зор. Бұл ретте қазіргі қазақ тіліндегі
араб-парсы сөздерін, олардың атаулық сипат алу жолдарын зерттеу мәселесі назар
аударады. Өйткені қазақ тілінің сөздік құрамында ана тілімізге ертеден еніп, әбден сіңісіп
кеткен араб-парсы сөздері аз емес. Сондай-ақ қазір тілімізде сирек қолданылатын,
бұрынғы қисса-дастандардан халыққа жақсы таныс кірме қабаттардың түрлері де
баршылық.
Қорыта айтқанда, неологизм дегеніміз мынадай толық анықтамаға ие болады: «тілде
жаңадан пайда болған сөз: ол өзге тілден енген кірме сөз түрінде де, тілде бұрыннан бар,
бірақ әдеби нормаға жатпайтын шектеулі лексикада жүрген немесе белсенді қолданыстан
ығысып көнерген сөздің белсенді қолданысқа қайтып оралуы, тілде дайын үлгімен
жасалған, жазбаша тіркелген жаңа сөз ретінде бола алады». Қазақ тіл білімінде неологизм
мәселесі теориялық тұрғыдан толық зерттелмеген мәселелер қатарында. Бұны қазақ тіл
білімінде неологизм мәселесінің тек лексикология саласында лексикалық неологизм және
семантикалық неологизм деп екіге ғана бөлініп қараластырылатыны дәлелдейді. Ал
қазіргі ғылым мен техника қарқынды дамып жатқан кезең неологизм мәселесін жан-жақты
зерттеуді қажет етеді деп ойлаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |