Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы тоқсандық журнал 2001 ж шыға бастаған 2014



Pdf көрінісі
бет28/31
Дата30.01.2017
өлшемі2,64 Mb.
#3056
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР  
 
1.
 
Лессинг Г.Э. Лаокоон или граница живописа и поэзии. - М., 1953. - 132 c. 
2.
 
Лихачев Д.С. Поэтика древнерусской литературы. - М., 1958. - 376 c. 
3.
 
Лотман Ю.М. Избранные статьи: В 3 т. Т. 1. - Таллинн, 1992-1993. - 478 c. 
4.
 
Бахтин М.М. Формы времени и хронотопа в романе: Очерки по исторической поэтике 
// Бахтин М.М. Вопросы литературы и эстетики. - М., 1975. - 504 c. 
5.
 
Хализев В.Е. Теория литературы. - Москва. Высшая школа, 1999. - 240 c. 
6.
 
Қондыбаев С. Маңғыстау географиясы. - Алматы, «Қағанат», 1997. - 178 б. 
7.
 
Кекілбаев Ә. Таңдамалы, 1 том. - Алматы: Жазушы, 1989. - 498 б. 
8.
 
Темірболат А.Б. Проблема хронотопа в современной прозе. - Алматы, 2003. - 295 б. 
 
 
РЕЗЮМЕ 
 
В  статье  приведен  краткий  обзор  литературных  мыслей  ученых  о  хронотопе  в  литературе. 
Даны  определения  и  отражены  актуальные  проблемы  хронотопа.  Также  в  статье  освещены 
вопросы  соотношения  художественного  времени  и  художественного  пространства.  Хронотоп 
рассматривается в литературе на примере повести А.Кекильбаева «Колодец». 
 
RESUME 
 
The  article  gives  a  brief  overview  of  the  literature  on  the  thoughts  of  scientists  about  literature 
chronotope. The definitions are given and actual problems of the chronotope are reflected. And also the 
issues of correlation  of the artistic time and artistic space are highlighted in the article. In the literature 
chronotope is considered on the example of the story "Well" by A.Kekilbayev. 

 
 
258 
ӘОЖ 81’276:33 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Б.К. Сердәлі 
Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық 
қазақ-түрік университеті,  
ф.ғ.к., доцент 
Медиамәтіндегі 
контент-талдау 
 
Аннотация 
Бұқаралық 
ақпарат 
құралдарының 
мәтіндері 
когнитивті 
лингвистикалық, 
дискурстық 
талдаулардың 
немесе 
сыни 
лингвистикалық, функциональды стилистикалық
прагматикалық,  шешендік  сын  әдістерінің 
көмегімен 
зерттеледі. 
Көп 
жағдайда 
медиалингвистика  әдіснамасының  тәсілдеріне 
осы  компоненттер  себепші  болады,  зерттеудің 
негізгі  түйіні  соларға  негізделеді.  Сондықтан 
бұқаралық  ақпарат  құралдарының  мәтіндеріне 
деген  кешенді  көзқарас,  жүйелі  зерделілік 
аталған  интеграцияның  оң  нәтиже  табуына 
жәрдемдеседі.  Мақалада  медиамәтін,  контент-
талдау,  медиажарияланым  терминдеріне  кеңінен 
сипаттама беріледі.  
Түйін 
сөздер: 
медиалингвистика, 
медиамәтін,  когнитивті  лингвистика,  медиа-
талдау. 
 
 
«Соғыс  ошағы»,  «қауіпті  аймақ»,  «ыстық 
нүкте», 
«саяси 
арена», 
«экономикалық 
тегершіктер»,  «ақпараттық  тасқын»,  «ақпарат 
толқыны»...  Осы  сияқты  метафоралардың  түрлі 
үлгілерін  әлемдік  баспасөз  беттерінен  жиі 
кездестіруге болады.  
Бұқаралық  ақпарат  мәтінін  зерттеуде 
мұндай  контент-талдау  әлеуметтік  сараптама 
жасауда  өлшеусіз  рөл  атқарады.  Ағылшын 
тіліндегі content-мазмұн сөзінен тарқатылған бұл 
тәсілді  кейде  «мазмұндық  талдау  әдісі»  деп  те 
атаймыз.  Мәтіннің  арнайы  бірлігін  бөліп  алып 
қарастыратын,  стилистиканың  негізінде  пайда 
болатын  мұндай  контент-талдау  әдісі  бұқаралық 
коммуникацияны  тарқатып  зерттеушілерге  кең 
мүмкіндіктер  ашады.  ХІХ-ХХ  ғасырлардың 
тоғысында  американдық  әлеуметтік  мектептің 
аясында  пайда  болған  контент-талдау  әдісі 
туралы  мағлұматты  біз  Гарольд  Лассвеллдің 
еңбектерінен  таба  аламыз.  Ол  бұл  әдістің 
базалық принциптерін зерттеуге көп үлес қосты. 
Г.  Лассвелл  өзінің  1927  жылы  жарық  көрген 
«Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде үгіт-насихат 
жұмыстарын  жүргізудің  әдіс-тәсілдері»  [1]  атты 
еңбегінде  мәтін  сөздерінің  қолданысындағы 
таңбаларды зерттеудің, соның нәтижесінде пайда 
болатын  семантикалық  аспектілердің  бағыт-
таушы  тәсілі  –  контент-талдаудың  негізін 
айқындап кетті. Бұл талдау бойынша тілдегі ұсақ 

 
 
259 
 
бөлшектердің  өзінің  тұтастық  қызметін  атқаратыны,  сөйтіп  мәтіннің  маңызды  бірлігін 
құрап,  жүйелі  талдауға  алып  келетіні,  мәтін  арқылы  берілетін  әлеуметтік-идеологиялық 
ерекшеліктердің белгісіз деген қырлардың өзін айқындауға мүмкіндік беретіні жан-жақты 
зерттеліп көрсетілді. 
Контент-талдаудың жалпылама сипаты төмендегідей кезеңдерден тұрады:  
1)
 
Мәтінді зерттеудің нақты мақсаттары мен міндеттерін айқындау; 
2)
 
Зерттеудің мақсат-міндеттеріне сай келетін, статистикалық есептеу бірліктерінен 
бастау алатын мәтіннің маңызды компоненттерін бөліп көрсету
3)
 
Тыңдауға арналған мәтін материалдарының тұтастығын жинақтау; 
4)
 
Таңдап алынған белгі-таңбаларды статистикалық есептеу; 
5)
 
Зерттеу  мақсаттары  мен  міндеттеріне  байланысты  алынған  мәліметтердің 
ғылыми тұжырымын жасау. 
Контент-талдаудың  мұндай  әдістемелік  мүмкіндігі  бұқаралық  ақпарат  құралдары 
мәтіндерінің  кез-келген  компонентін  есептеуге  жол  ашып,  өзіндік  сипаттаушылық  рөл 
атқара  алады:  вербальдық  (сөз,  сөз  тіркесі,  саяси  қайраткерлердің  аты-жөндері  т.б.), 
медиақатарлар  (қайталанатын  бейнелер,  аудио  және  бейне  көріністер).  Дәл  осы  жолмен 
зерттеу  әдісі  ғана  әлеуметтік  ақиқат  туралы  нақты  түсінік  бере  алады.  Бұл  негізінен 
бұқаралық  ақпарат  құралдары  арқылы  көрініс  табады.  Осылай  қарастырғанда  ғана  мәтін 
бұқаралық  қарым-қатынасқа  түсушілердің  әлеуметтік  қызығушылықтары  мен  саяси 
көзқарастарының көңіл-ауанын объективті түрде бере алады.  
Бұқаралық  ақпарат  құралдарының  мәтінінде  қолданылатын  контент-талдау  тәсілі 
медиалингвистикалық сипатты қарастыратын бірқатар мәселелерді айқындауға мүмкіндік 
береді:  тақырыпқа  байланысты  сөздердің  өзара  үндесуі,  тұрақты  коллокация,  ақпарат 
көздеріне  сілтеме  беретін  ең  кең  тараған  тәсілдер,  жаңалық  мәтіндерінің  ең  басты 
топиктері т.б. 
Өткен  ғасырдың  70-жылдарында  бұқаралық  ақпарат  құралдарының  мәтіндерін 
зерттеуде  дисскурстық  талдау  әдісі  кең  өріс  алды.  Дискурс  тұжырымдамасы  және  оның 
негізінде  жасалған  дискурс-талдау  тәсілі  мәтіннің  сыртқы  формальдық  белгілерін  ғана 
емес,  экстралингвистикалық  факторларын  да  ашып  көрсетіп,  оны  тудыратын  өзекті 
мәселелерді  көрсетіп  берді.  Дискурс  тілдің  шеңберімен  ғана  шектелмейді.  Ол  барлық 
қарым-қатынасты қоса зерттейді. Кім-кіммен қарым-қатынас жасайды, қандай әлеуметтік 
мәртебеде  және  қандай  қоғамдық-тарихи  жағдайда  бір-бірімен  ынтымақтасады,  қандай 
арнамен әріптеседі, қарым-қатынастың негізінде қолданылатын әртүрлі типтер бір-біріне 
қалай өзара әрекеттеседі – осының барлығы дискурстық талдаудың нысанын құрайды. 
Бұқаралық  ақпарат  құралдары  мәтіндерін  сипаттау  үшін  қолданылатын  дискурс-
талдау  тәсілдерін  кеңінен  білу  үшін  голландтық  белгілі  ғалым  Теун  ван  Дейктің 
«Жаңалықтарды  дискурстық  талдау»,  «Баспасөздегі  жаңалықтардың  құрылымы»  атты 
еңбектерінің  мәні  зор.  Теун  ван  Дейк  жаңалықты  дискурстың  ерекше  бір  түрі  ретінде 
қарастыра отырып, бұқаралық коммуникация мәтінінің кейбір саласына қатысты маңызды 
қорытынды  қалыптастырады.  Ол  медиамәтіннің  құрылымы  мына  жағдайда  ғана 
көпшілікке  түсінікті  болады  дейді:  «Егер  біз  медиамәтіннің  құрылымын  журналистің 
медиамәтінді жасау барысындағы конгнетивті және әлеуметтік қызметінің жемісі, ал оның 
мағынасы телекөрермендер мен газет оқырмандарының түсінуінің нәтижесі ғана болады, 
оны  журналистердің  бұқаралық  ақпарат  құралдарымен  қарым-қатынас  жасауының 
тәжірибесі  негізінде  қарастырсақ,  сонда  ғана  дискурстық  талдау  әдісі  әрбір  нақты 
мәтіннің  идеологиялық-қоғамдық  байланысын  қалыптастыра  алады.  Ал  бұл  бұқаралық 
коммуникацияға қатысушылардың әлеуметтік қызығушылықтары мен саяси көзқарастары 
арқылы жасалады» [2].  
Көріп отырғанымыздай, мұндай тәсіл дискурсты жасаушылардың және қабылдаушы 
адамдардың  көзқарастары  ескеріле  отырып  жүзеге  асады  екен.  Сыни  дискурстық 
талдаудың  негізгі  мақсаты  мынада:  ол  жалпы  аудиторияның  (тыңдарманның, 

 
 
260 
көрерменнің,  оқырманның)  үкіметпен,  идеологиялық  құрылымдармен  арадағы  толғақты 
мәселелерін сипаттаумен ерекшеленеді. 
Сыни  лингвистика  әдістемесі  (critical  linguistics)  өзінің  міндеттері  жағынан  сыни 
дискурстық-талдау  әдісіне  айтарлықтай  жақын  болып  келеді  және  бұл  әдіс  өткен  –  ХХ 
ғасырдың  соңында  пайда  болған  тіл  білімінің  ең  жаңа  әдістерінің  бірі  болып  табылады. 
Ағылшын  тілші-ғалымдары  аталған  бағыттың  негізгі  ережелерін  қалыптастыру  және 
негізін қалау барысында тілдік таңбалардың бейтарап сипатта болмайтындығын байқады. 
Сыни  лингвистикалық  тәсілдің  мақсаты  –  мәтіннің  құрамындағы  идеологиялық  сипатты 
зерттеуге  арналады.  Осы  жағынан  қарағанда,  бұл  әдіс  бұқаралық  ақпарат  құралдарының 
мәтіндерін  «идеологияланған  мәтін»  ретінде  талдауға  ерекше  назар  аударуға  басымдық 
беретін  сияқты.  Сонымен  қатар,  бұл  тәсіл  бұқаралық  ақпарат  мәтіндерін  когнитивті 
лингвистика  [3]  тұрғысынан  зерттейді,  сол  арқылы  ақпаратты  танымдық  жолдармен 
өңдеп, әртүрлі тілдік үдерістердің қарым-қатынасын айқындауға негіздейді.  
Ақпараттың  сырын  ашып,  оны  таныстыруда  немесе  тілді  танымдық  құрал  ретінде 
қарастырғанда,  зерттеушілер  медиамәтінді  категорияландыру  мен  тұжырымдамалықтың 
жалпы  мәселелерімен  ұштастыра  байланыстырады,  сондай-ақ  оларды  әлемнің  тілдік 
көріністерінің  әртүрлі  қырларымен  салыстырады.  Когнитивті  лингвистикалық  тұрғыдан 
зерттегенде  концепт  (тұжырым)  маңызды  рөл  атқарады.  Концепт  дегеніміз  –  тілдегі 
ментальды  негіздер.  Олар  қоршаған  орта  мен  дүние  туралы  адамның  мәдени-ұлттық 
санасында көрініс береді.  
Сонымен когнитивті лингвистиканың әдістерін қолдана отырып медиасөздің әртүрлі 
концептілерінің  мағыналарын  анықтап,  айқындаудың  жолдарын  білдік.  Иммиграция 
(шетелге көшу), діни қақтығыстар, қоршаған ортаға деген қатынас, гендерлік (жыныстық) 
мәселелер  –  мультимәдени  қоғамның  мәселелерін  когнитивті  талдауға,  олардың  БАҚ-та 
бейнеленуіне  сараптама  жасауға,  әлемдегі  ақпараттық  бейненің  қалай  қалыптасып 
жатқанын  нақты  бір  елдердегі  медиаландшафтың  ұлттық-мәдени  ерекшеліктері  арқылы 
қарастыруға мүмкіндік береді. Сондықтан когнитивті лингвистикалық сипатта ақпараттық 
кеңістікті тақырыптық сараптаудың айтарлықтай мәні бар. Бұл тұрақты медиатопиктердің 
белгілі  бір  жиынтығын  бейнелеп,  медиаағымның  мәдени  ерекшеліктерін  танып-түсінуге 
мүмкіндік береді. 
Когнитивті  түрде  қарастыру  нақты  шындық  пен  оның  медиажарияланымының 
арасындағы өзара әсер ету мен қарым-қатынас мәселелерінің жолдарын айқындай алады. 
Бұқаралық  ақпарат  құралдарындағы  нақты  оқиғаның  бейнелену  жолдарын  түрлендіру  – 
медиажарияланымның  негізгі  үш  түрін  бөле  қарауға  мүмкіндік  береді:  шартты  түрде 
бейнелеу, әдеби өңдеу және аңыз.  
Осылардың ішінде шартты бейнелеу оқиғаның тууына дәл әрі жақын болып келеді. 
Медиажарияланымның мұндай үлгісіне саяси оқиғалар мен әртүрлі ақпараттарды шындық 
тұрғысынан 
нақты 
көрсететін 
жаңалық 
медиамәтіндері 
жатады. 
Аталған 
медиажарияланымның  лингвистикалық  деңгейіне  сілтемелік  сөздер  шоғыры  мен 
саясаткерлердің  сөйлеген  сөздерінің  үзінділері,  ақпарат  көздерінен  берілетін  сілтемелер, 
шолушының талдау-сараптау материалдары жатады.  
Әдеби өңдеу медиажарияланымды сапалы құруға зор мүмкіндік береді: нақты оқиға 
әртүрлі  саяси-идеологиялық  сараптамаларға  байланысты  медиакеңістікте  қайтадан 
«қалпына келтіріледі». Сондықтан медиаөңдеудің өзіне тән ерекше белгісіне шолушының 
талдауы мен идеологиялық тұрғыдан баға беруімен байланыстырамыз. 
Медиажарияланымның  аңыз-оқиға  бейнесі  нақты  шындықтан  жиі  алшақтап 
кететінін байқап жүрміз. Бұл белгілі мақсатпен шартты түрде жазылған медиажарияланым 
үлгісі  болып  табылады.  Бұқаралық  ақпарат  құралдары  көрермен  мен  оқырман  ынтасын 
ояту  мақсатында  шындыққа  жанаспайтын  қауесеттер  туралы  ақпараттарды  жиі 
тарататынын біз жақсы білеміз.  

 
 
261 
Медиамәтіннің  мәдениеттану  саласын  зерттеуде  лингвомәдени  талдау  әдісі  тиімді 
болып  отыр.  Аталған  әдіс  ХХ  ғасырдың  соңында  лингвомәдени  тұжырымдаманың 
негізінде  пайда  болды.  Ол  ұлттың  тілі  мен  мәдениетін  үздікіз  байланыстырып,  оның 
бірлігі  мен  тұтастығын  сақтайды.  «Лингвомәдениет»  ұғымы  мен  «Лингвомәдениеттану» 
пәні  гуманитарлық  ғылымдағы  жаңа  антропоцентристік  парадигманың  пайда 
болғандығын  көрсетеді.  Бұқаралық  ақпарат  құралдарының  мәтінін  талдау  үшін 
лингвомәдениеттану әдісінің маңызы мынада: яғни, медиасөздің барлық жиынтығы қазіргі 
мәдениеттің  маңызды  құрамына  жатады.  Мұнда  мәдени  маңызды  ақпараттар 
медиамәтінде  көбірек  ұшырасады  әрі  ұлттық  тіл  мен  мәдениеттің  қызмет  ету 
парадигмасының  жалпы  және  өзіндік  ерекшеліктері  ескеріліп,  бейнеленіп  отырады.  Дәл 
сол  себепті  медиасөздің  мәдени  маңызы  бар  компоненттерін  айқындау  мен  сипаттау 
зерттеудің  маңызды  бір  бөлігі  болып  отыр.  Мәтіннің  мәдени  ахуал  тудыратын 
элементтерін  айтқанда,  біз  ең  алдмен,  өте  кең  ауқымды  бірліктерді  мысалға  аламыз. 
Олардың  қатарында  нақтылықты  білдіретін  терминдерден  бастап  (Бәйтерек,  Ақорда, 
Қазақпарат  т.б.),  қарапайым  мәдени  ерекшелігі  бар  сөздерге  (саяжай,  тікұшақ  т.б.), 
сондай-ақ,  кірме  лексика  және  шетел  сөздері  мен  тіркестеріне  дейінгі  бірліктерді  (fin  de 
ciecle, haute couture т.б.) назарда ұстаймыз.  
Лингвомәдениеттану  әдісінің  логикалық  жалғасы  ретінде  мәдениеттану  әдісін 
назарға  алған  жөн.  Бұл  әдіс  зерттеушілердің  ынтасын  мәтінді  экстралингвистикалық 
тұрғыда  зерттеуге  аударады.  Бұларға  мәдени  жинақталған  бейнелер,  аудио-бейне 
көріністер  жатады.  Оның  көмегімен  мынадай  сұрақтарға  жауап  беруге  болады:  мәселен, 
неге «Хабар» агенттігінің ток-шоуларына міндетті түрде әртүрлі жастағы өкілдер қатысуы 
тиіс? хиджаб кию туралы пікірталас неден туындады? «карикатуралық жанжалдың» негізі 
неде?  деген  сияқты  сан  түрлі  сауалдар.  Сонымен  бірге  мәдениеттанулық  талдау  әдісінің 
аса  зор  салыстырмалы-салғастырмалы  мүмкіндігі  де  бар.  Мұндай  тақырыптар  мен 
бейнелер бүгінде әртүрлі елдердің медиакурсында өзекті мәселеге айналып отыр. 
Медиамәтіндердің  тәсілдеріне  шолу  жасау  ісі  жеке  медалингвистикалық  әдіспен 
түйінделеді. Оның мәнісі – бұл әдіс вербальды және медиалық қатарлардың өзара әсер ету 
заңдылықтарын 
сипаттайды, 
медиалық 
деңгейдегі 
таңбалық 
ерекшеліктерінің 
қолданылуын  зерттейді,  сонымен  қатар,  медиамәтіннің  барлық  элементтеріндегі  әртүрлі 
принциптердің  өзара  тіркесетіндігін  қарастырады:  сөз  –  дыбыс  –  бейне,  сөз  –  кескіндік 
бейне – образ т.б. Бұлар: иллюстрация, қосымша элементтер, контраст (ақ-қара түстердің 
қарама-қарсылығы) ықпалдастығы, ойлар мен пікірлердің таласы сияқты аудиторияға әсер 
етуді күшейтіп, белгілі бір оңды нәтиже туындатады. 
 
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
 
Lasswell H. Propaganda Technigue in the World War. - N.-Y., 1927. 
2.
 
Теун ван Дейк. Язык. Познание. Коммуникация. - М., 1989. – C. 123. 
3.
 
Когнитивті лингвистика концепциясы «Когнитивті терминдердің қысқаша сөздігінде» 
тереңірек берілген / У.С. Кубрякованың редакциясында. - М., 1996. - С. 53. 
 
 
РЕЗЮМЕ 
В  статье  анализируется  интеграция  различных  методов  анализа  текстов  массовой 
информации  в  рамках  медиалингвистики,  что  позволяет  получить  объемное  комплексное 
представление  о  реальных  свойствах  медиаречи,  ее  стилистике,  о  способах  взаимодействия 
вербального и медийного уровней.  
 
RESUME 
The  paper  analyzes  the  integration  of  the  various  methods  of  analyzing  media  texts  within 
medialinguistics, as it provides a comprehensive picture of the volume of real properties of mediaspeech, 
its style, the methods of the interaction of verbal and media levels.  

 
 
262 
ӘОЖ 821.512 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Б.А. Рахметова 
Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық 
мемлекеттік педагогикалық 
институты, ф.ғ.к., доцент 
Темірғали 
Нұртазин 
Б.Майлин 
шығармашылығы 
туралы 
 
Аннотация  
Мақалада белгілі қазақ жазушысы Б.Майлиннің 
шығармаларын  сыншы  Т.  Нұртазиннің  талдауы  сөз 
болады.  Сыншы,  ғалым  Т.  Нұртазин  қазақ 
әдебиеттануының  дамуына,  қазақ  әдебиеті  тарихын 
жасауға көп үлес қосты.  
Әдебиеттанушы  Б.  Майлин  шығармаларының 
жанрын, 
эстетикалық 
ерекшелігін 
зерттеді. 
Т.Нұртазин 
еңбектерінің 
арқасында 
ғана 
жазушының  қазақ  әдебиеті  тарихындағы  ролі 
айқындалды. 
Түйін  сөздер:  Т.Нұртазин,  әдебиеттанушы, 
Б.Майлин, әдеби жанр, эстетикалық қажеттілік.  
 
 
Ғалым  Темірғали  Нұртазиннің  қазақ  кеңес 
әдебиетінің  ғана  емес,  жалпы  қазақтың  жаңа  заман 
әдебиетінің берік негізін қалаушылардың бірі, шебер 
жазушы  Бейімбет  Майлин  шығармашылығын 
зерттеп, саралаған «Бейімбет Майлин» творчествосы 
[1] атты монографиялық еңбегінің негізгі бір тарауы 
«Эстетикалық  қазығы»  деп  аталуында  үлкен  мән 
бар. 
Біріншіден, бұл – ең маңызды, ең түйінді тарау. 
Өйткені  бізге  қай  жазушының  не  жазғаны  немесе 
қанша  жазғанын  білуден  гөрі,  сол  шығармаларды 
қалай 
жазғанын, 
қандай 
мақсатпен, 
қандай 
эстетикалық  талғам  көзқараспен  жазғанын  білу 
маңыздырақ.  
Екіншіден,  зерттеушінің  жазушы  шығарма-
ларына жекелеп тоқталып талдамас бұрын, алдымен 
оның эстетикалық ұстанымына үңілуі,  ғалымның өз 
азаматтық,  идеялық  позициясының  беріктігін, 
көркем  шығармаға  қояр  эстетикалық  талғамының 
биіктігін 
көрсетеді, 
сыншылық 
талабының 
жоғарылығын білдіреді. 
Бұл жайында белгілі ғалым Т.Кәкішев: «Ашық 
айту  керек,  қазақ  әдебиеттану  ғылымы  әлі  күнге 
дейін  социологиялық  талдаудан  ұзап  кете  алмай 
жүр.  Әрине,  бұл  талдау  бұрынғыдай  дөрекі  түрде 
көрінбейді,  алайда  әлі  басым.  Осы  реттен  келгенде 
Темірғали 
Нұртазиннің 
Б.Майлиннің 
қазақ 
әдебиетіне 
олжа 
салған 
шығармаларын 
социологиялық  тұрғыдан  да,  эстетикалық  тұрғыдан 
да  тұтас  сарапқа  салып,  таразыны  тең  ұстап, 
талдағаны  айрықша  ұтымды  да  өнегелі»  [2]  деп 
жазды сол тұста. 
Зерттеуші  тараудың  алғашқы  жолдарында 
«Б.Майлин  не  жазды?  Әдеби  мұрасының  көлемі 
қанша? 
Әдебиетімізге 
қандай 
үлес 
қосты? 
Шығармаларының  идеялық,   эстетикалық   салмағы 

 
 
263 
қандай?»  [1,  28]  деген  сауал  тастайды.  Осыдан-ақ  ғалымның  Бейімбет  Майлин 
шығармашылығын  зерттеудегі  мақсаты,  алдына  қандай  міндеттер  қойғаны  айқын 
байқалады.  Бейімбет  шығармаларын  қай  қырынан  талдап  таныту  ниеті  аңғарылады. 
Жоғарыдағы  міндеттердің  ең  күрделісі  Бейімбет  мұраларының  көлемін  анықтау  екені 
анық.  Ол  үшін  зерттеуші  ғалым  Троицк  қаласында  1911-1915  жылдары  М.Сералин 
шығарып  тұрған  қазақтың  тұңғыш  журналы  «Айқап»  сандарын  парақтаудан  бастайды. 
Сөйтсе  Б.Майлиннің  баспасөз  бетінде  жарық  көрген  тұңғыш  тырнақалды  туындысы 
«Қостанай  уезі,  Дамбар  болысы»  атты  проблемалық  мақала  екен.  Ол  журналдың  1913 
жылғы 15-санында 335-336-беттерінде жарияланған. 
Ол мақалада Бейімбет қыз ұзату, келін түсіру, ас беру секілді әдет-салттық тойларда 
қазақтың  шала  шабылып,  байлықты  босқа  шашып,  төгіп  ысырап  ететінін,  тойшылдық, 
мақтансүйгіштік орнына сол қаржыны оқу-ағартуға, білім алуға жұмсау керектігін мәселе 
етіп көтерген. Бұдан біз жас, бозбала жігіт  Бейімбеттің сол кездің өзінде сұңғылалығын, 
қазақ  өміріндегі  келеңсіздіктерді  көре  білгендігін  аңғарамыз.  Т.Нұртазин  Б.Майлиннің 
«тырнақалды» тұңғышының қара сөзбен жазылғандығын атап өтеді. «Айқап» журналында 
оның  бір  әңгіме,  бір  өлең,  екі  мақаласы  шыққанын  анықтайды.  1915  жылы  журнал 
жабылып  қалған  соң,  ол  өз  еңбектерін  Ахмет  Байтұрсынұлы  шығарып  тұрған  «Қазақ» 
газетінде жариялай бастайды. 1915 жылы онда тоғыз шығармасын бастырған. 
Ғалым  міне  осындай  шаң  басып  сарғайған,  жарты  ғасыр  бұрын  шығып  тұрған 
басылымдардың  беттерін  ақтарып,  тынымсыздықпен,  табандылықпен  Бейімбет 
шығармаларын  таба  береді.  Ол  кезде  Қазақстанда  газеттер  мен  журналдар  көптеп  шыға 
бастаған. Ташкент  қаласында да бірнеше басылымдар болған.  Соның бәрінен Бейімбетті 
жалықпай іздеу, тапқандарын саралап қатарға қосу әрі зор еңбек, әрі ғылыми ерлік екені 
даусыз. 
Бейімбет  Майлиннің  1923  жылы  тұңғыш  кітабы  «Байшұбар»  атты  балаларға 
арналған поэмасы, 1925 жылы жаңа өлеңдер жинағы баспа бетін көреді. Міне содан былай 
1937  жылы  ұсталып  репрессияға  ұшырағанға  дейін  14  жыл  ішінде  55  кітабы  басылып 
шығады. Әдебиет майданында аса өнімді еңбек етеді. 
Т.Нұртазин осы зерттеу жұмысында Б.Майлиннің эстетикалық принциптерін жақсы 
ашып  берген.  Төңкеріске  дейін  оның  демократтық-ағартушылық  позиция  ұстағанын, 
Ш.Уәлиханов,  Ы.Алтынсарин,  Абай  шығармаларынан  нәр  алып,  солардың  идеяларының 
ықпалында  болғанын,  орыс  классиктері  мен  төңкерісшіл  әдебиеттің  де  оған  зор  әсер 
еткенін  нақты  мысалдармен  дәлелдейді.  Бейімбеттің  жазушылық  жолға  шындап 
түскеннен  кейінгі  кезеңдерде  реалистік  принципті  берік  ұстап,  соны  эстетикалық 
темірқазық  жұлдызы  еткенін  ашып  айтады.  Кейбір  жазушылардың  нанымсыз,  жасанды 
шығармаларын  оқығанда,  ондағы  оқиғалардың  тұрмыста  болмаған,  тұрмыстан 
алынбағанын сынап, пікір білдіре отыратынын жазады.  
«Шығарманың  көңілге  қонымдылығы  да,  тартымдылығы  да,  қызықтылығы  да 
өмірдің өзінен алынуына байланысты деп таниды» [1, 33], - деп, Б.Майлиннің жазушылық 
кредосын  айқындайды.  Оның  «Мен  жете  таныспаған  нәрселерімді  жазуға  тым 
шорқақпын»  [1,  33]  деген  сөзін  мысалға  келтіре  отырып,  Бейімбеттің  әдеби 
кейіпкерлерінің өзіне күнделікті таныс, ауылдас, елдес адамдар екенін көрсетеді.  
Мысалы,  «Шұғаның  белгісіндегі»  Әбдірахман,  сол  сияқты  «Күлпаш»,  «Раушан 
коммунист»,  «Ұлбосын»  шығармаларындағы  кейіпкерлердің  прототиптері  Бейімбеттің 
елдес, ауылдастары екен. Ал қажетті оқиғаларды нанымдылық шеңберінен шықпай ойдан 
шығарып, дамытып отырғаны анық. 
Т.Нұртазин жазушының ұстанған эстетикалық қазығын айқындауда оның өміріндегі 
өзгерістерді  қоғам  өміріндегі  өзгерістермен  байланыстыра  қарастырады.  Өзгелер  сияқты 
Бейімбет те жасынан өлең шығарған, оның ақындығын танытқан өлеңдері, поэмалары бір 
төбе.  Қара  сөзді  яғни  прозаны  қазақ  ақындары  негізінен  төңкерістен  кейін  бірте-бірте 
меңгерген.  Көбіне  қара  сөз  жазудан  өлең  оңайырақ  көрінген.  Солардың  ортасынан 

 
 
264 
Б.Майлин  алғашқылардың  бірі  болып  проза  жанрына  тез  ойысып,  қаламын  бұрып, 
бейімдеп үлгіреді. 
«Жазушының  прозаға  ерекше  күш  салуында  күрделі  мән  бар.  Ол  бұрынғы 
елеусіздерді,  кедей-батырақтарды  өмірдің  тірегі  деп  таныды;  шығармаларына  басты 
кейіпкер  етті.  Совет  заманында  олар  тынымсыз  жаңара  өзгеруде,  рухани  өсуде  болды. 
Соның  бәрін  лепті  поэзияда  жыр  ету  ұтымды.  Алайда  жойқын  өзгерісті  өмірді  қойнау-
қойнауымен кең алқа күйінде көрсетуге мүмкіндігі шексіз проза керек болды» [1,34], - деп 
көрсетіп,  Б.Майлин  шығармашылығындағы  бетбұрыстың  себебін  ашып  береді.  Одан  әрі 
зерттеуші  жазушының  прозада  таңдап  алған  басты  тақырыбы  -  ауыл  өмірі,  кедейлер 
тұрмысы  болғанын,  және  кедейлерді  20-жылдардағы  әлеуметтік  күш  есебінде  санап, 
көркем  шығармада  солардың  реалистік  бейнесін  жасауға  барынша  күш  салғанын, 
кедейлер өмірінен көптеген тамаша әңгімелер мен повестер тудырғанын, оның: 
Гүлденсе ауыл – гүлденеміз бәріміз,  
Ауыл – десе, біз қозғатар жанымыз, - 
деген  жыр  жолдарымен  түйін-тұжырым  жасауының  зор  философиялық  мәні  бар  екенін, 
кезінде  мұның  ұранға  айналғанын,  қазір  де  ескірмей  маңызын  сақтағанын,  сақтала 
беретінін сүйсіне сөз етеді. 
Т.Нұртазин  Бейімбеттің  ауыл  тұрмысы,  кедейлер  өмірі  жайынан  жазылған 
шығармаларын  айта  келіп,  мынадай  тұжырым  жасайды:  «Жазушының  ол  шығармалары 
оқырман қауымның эстетикалық талғамын өсіруде елеулі белес болды, олар жаңа әлемнің 
жан  тербер  поэзиясын  ашты,  оқушы  миллиондар  жүрегіне  жаңаға  ынтықтық,  махаббат 
дарытты,  жаңа  өмірдің  мызғымас  беріктігіне  жұртшылықтың  сенімін  нығайта  түсті»  [1, 
41]. 
Түйіндей келгенде, ғалым монографияның бұл тарауы арқылы Б.Майлиннің ұстанған 
эстетикалық  темірқазығы  төңкерістен  кейінгі  қазақ  ауылы  мен  кедейлер  өміріндегі  шын 
мәніндегі  күрт  өзгерістер  мен  ел  тұрмысына  енген  әлеуметтік,  мәдени  жаңалықтарды 
реалистік  тұрғыда  суреттеу,  жаңарған  ауыл  адамдарының  бейнелерін  шыншылдықпен 
жасау болғанын аңғартады. 
Көрнекті  ғалым  Т.Нұртазиннің  зерттеушілік  шеберлігі  Б.  Майлиннің  драмалық 
шығармаларының талдау барысында да айқын көрінеді. 
Ғалым  өзіне  мақсат  етіп  қойған  зерттеуін  аса  ұқыптылықпен,  аса  тиянақтылықпен, 
аса  жауапкершілікпен  атқарған.  Өзінің  осынау  еңбегінің  кейін  көптеген  зерттеуші  жас 
ғалымдарға  үлгі  болатынын  бар  жан  дүниесімен  сезініп,  ақыл-ойын  аямай  жұмсағанын 
байқаймыз. 
Әдебиеттанушы  ғалым  З.Жұмағалиев  монографияның  драматургия  тарауына 
байланысты  «Профессор  Т.Нұртазин  жазушының  әлі  күнге  дейін  жеке  басылмай  газет-
журналдардың  бетінде  үзінділер  күйінде  жүрген  пьесаларын  үлкен  ұқыптылықпен 
жинақтап  әрі  оларды  жанрлық  ерекшеліктеріне  қарай  өзара  жүйелеп  зерттеген.  Сөйтіп 
ғалым қаламгердің драма жанры саласында қалдырған мол мұрасы жан-жақты тексеріліп 
әдебиетіміздің тарихында алатын орны айқындала түскен.  
Айта  кету  керек,  ғалым  өз  зерттеу  объектісін  сөз  етер  алдында  қазіргі  күнгі 
әдебиетіміздегі  еңселі  саланың  бірі  –  драматургияның  өз  алдына  отау  тігіп  қалыптасу 
процесінің  алғашқы  қадамдары  қандай  сипатта  болуы  жөнінде  қысқаша  шолу  жасаған. 
Бұл, әрине, еңбектің құнын арттыра түседі» [3] деген тұжырым жасайды. 
Б.Майлин  сан  қырлы  талант  иесі  десек,  Т.Нұртазин  жазушының  сол  талантын  сан 
қырынан жарқырата ашып берген. 
Зерттеуші  төңкеріске  дейін  де  драматургияда  талпыныстар  болғанына  мысалдар 
келтіреді.  Дегенмен,  бұл  қазақ  жазушылары  үшін  сол  кезде  тың  тақырып  болатын.  Сол 
тың  тақырыпты  игеруге  Б.Майлин  алғашқылардың  бірі  болып  кіріскен.  Сөйтіп  қазақ 
драматургиясының  негізін  қаласқан.  Төңкерісшіл  ақын,  қоғам  қайраткері  С.Сейфуллин 
«Бізге  бәрін  де  істеу  керек!»  -  деп  ұран  тастаған.  Себебі  қазақ  жазба  әдебиеті  жаңа 

 
 
265 
қалыптасып  жатқан  тарихи  кезеңде  алғашқы  ақын-жазушыларға  жүктелер  міндеттер 
орасан  зор  еді.  Бейімбеттің  сол  міндетті  дұрыс  атқарғанын,  әдебиеттің  барлық 
салаларында,  жанрларында  керемет,  таңғаларлық  өнімділікпен  еңбек  еткенін  ғалым 
Т.Нұртазин өз зерттеуінде жан-жақты көрсеткен. 
Зерттеуші Б.Майлиннің драматургиялық шығармаларын түгендей келіп, оның жалпы 
жиырма  бес  пьеса,  либретто,  сценарийлер  жазғанын  анықтаған.  Т.Нұртазин  сол 
пьесалардың  жазылу  реті,  жылдарына  қарай  алғашқыларынан  бастап  көбіне  талдау 
жасайды,  тақырыптарына,  көтерген  өмірлік  проблемаларына  тоқталады.  Ол  Б.Майлин 
пьесаларын  шартты  түрде  комедиялар  және  драмалар  деп,  екі  жүйеге  бөледі.  Сонымен 
бірге комедияларын көтерген мәселелеріне қарай үш топқа жіктеп қарастырады. Бірінші - 
прогреске,  адамгершілікке  кесір  келтіретін,  сорақылықтарды  әшкерелейтін  «Шаншар 
молда»,  «Ауыл  мектебі»  секілді;  екінші-ауылда  кеңес  тәртібін  орнатушыларға  қарсы 
әрекет  етушілерді  айыптайтын  «Неке  қияр»,  «Қос  қақпан»,  «Протокол»,  «Көзілдірік» 
сияқты;  үшінші  -  колхозды  жаңа  ауыл  құруға  жат  пиғылдарды  әшкерелеуге  арналған 
«Талтаңбайдың тәртібі», «Жасырын жиылыс», «Келін мен шешей» секілді пьесалар. 
Т.Нұртазин  жазушының  драматургиялық  шығармаларын  талдай  отырып, 
Бейімбеттің  шеберлігіне,  пьесаларының  көркемдігіне,  тіл  ерекшеліктеріне  тоқталып, 
мысалдар  келтіріп  бағалап  отырады.  Драмалық  шығармалар  негізінен  кейіпкерлердің  іс-
әрекеттерін,  олардың  бір-бірімен  үнемі  сөйлесіп,  түрлі  қимыл  тартыстарға  түсуін 
суреттеуге арналады. Сондықтан драмада диалог ерекше роль атқарады. 
Зерттеуші  Б.Майлиннің  диалог  құруға  аса  шебер  әрі  тапқырлығын,  кейіпкерлерінің 
әрқайсысын  өз  тілдерінде  сөйлете  білетінін  айрықша  атап  жоғары  бағалайды.  Б.Майлин 
өмірде  өте  қарапайым,  тұйық  мінезді,  ойын-күлкі,  сауық-сайранға  әуестігі  жоқ  адам 
болғаны  белгілі.  Оның  қалпына  қарап  отырып,  сықақшыл  кісі  деп  ешкім  ойламайтыны 
анық.  
Бейімбеттің  сықақшыл  ғана  емес,  асқан  сатириктігі  оның  түрінде  емес, 
шығармаларында,  әсіресе,  комедияларында  екенін  Т.Нұртазин  дөп  басып  тауып  айтады: 
«Әзіл,  қалжың,  сықаққа  келгенде  Б.Майлин  дарыны  тасқындаған  тау  өзеніндей,  оның 
шығарма  атаулысында  әзіл,  қалжың,  сықақтан  аяқ  алып  алып  жүре  алмайсың. 
Қаламгердің  талантына  халықтың  сарқылмас  әзілқойлығы,  сықаққойлығы  мол  дарыған. 
Оның  комедиялары  толған  сықақ  …  көл-көсір  төгіліп  жатқан  күлкі;  еркін,  ен  дүние. 
Жазушы  күнделікті  үй  арасы,  от  басындағы  күлкіні  өсіре,  өнерлендіре  отырып,  озық 
искусствоның  дәрежесіне  көтерген»  [1,  272]  деген  жолдардан  зерттеушінің  драматург 
Б.Майлиннің тіліндегі өзіндік ерекшелікті, оған табиғат пен халқы дарытқан сықақшылық 
қасиетті дәл байқағанын көреміз. 
Б.Майлин пьесаларының ішінде көлемі жағынан да, көтерген мәселелерінің ауқымы 
жағынан да өміршеңдігі жағынан да қазақ драматургиясы алтын қорына қосылатындары: 
«Талтаңбайдың  тәртібі»,  «Майдан»,  «Жалбыр»  және  Ғ.Мүсіреповпен  бірігіп  жазған 
«Амангелді».  
Зерттеуші-ғалым, 
міне, 
осы 
төртеуіне 
толығырақ 
тоқталады. 
Мысалы, 
«Талтаңбайдың  тәртібіндегі»  Талтаңбаев  жиынтық-типтік  бейне.  Колхоздастыру 
кезеңіндегі  асыра  сілтеушілер  дәл  осы  пьесадағы  Талтаңбаев  секілді  әрекет  етіп  елдің 
берекесін алғаны анық. Т.Нұртазин осы жағымсыз кейіпкерді сөз ете отырып, әр кезең, әр 
дәуірдің  өз  Талтаңбайлары  болатынын  және  солардың  мінездері  мен  әрекеттері  бір-
бірлеріне сондай ұқсас екенін, сол себепті де бұл шығарманың оқиғасы ескі болғанымен 
көркем  бейнелердің  өміршеңдігін,  солардың  басты  сипаттарын  санамалап  дәлелдеп 
береді.  Атап  айтқанда,  Талтаңбайлардың  өздерін  жер  тәңірісі  санайтын  әміршілдігін, 
мораль,  ынсап  дегенді  білмейтін  тойымсыздығын,  ысырапқорлығын,  жемқорлығын, 
әйелқұмарлығын  және  басқа  қасиеттерін  сипаттайды.  «Бұл  сипаттар  асыра  сілтеу 
кезеңінде  ғана  емес,  әр  кезеңдегі  Талтаңбай  біткеннің  бәрінен  табылады.  Пьесаның 
өміршеңдігі осындай жағдаймен байланысты» [1, 274],  - деп қорытынды жасайды. Оқып 

 
 
266 
отырып,  бүгінгі  нарық  заманының  Талтаңбайлары  көзге  елестейді.  Ғалымның  тапқыр 
тұжырымына риза боласыз. 
Көркем шығарманы көркем тілмен талдап түсіндіруде, қасиеттерін жан-жақты ашуда 
Т.Нұртазин талдауларының мәні зор. Мысалы «Майдан» пьесасының идеялық-көркемдік 
дәрежесін: «Пьеса зор шабытпен жазылған. Қазір оны оқығанда, иә сахнада көргенде сол 
дүбірлі  мезгілдің  айбынды  күшін,  құдіретті  демін  сезінесің»  [1,  307],  -  деп  көтеріңкі 
көркем  де  әсерлі  сөздермен  жеткізіп  бағалайды;  пьесадан  нақты  мысалдар  келтіріп  көз 
жеткізеді.  «Аманкелді»  мен  «Жалбыр»  драмаларының  да  әдебиетіміздегі  классикалық 
туындылар екенін шегелеп айтады. Сонымен бірге сол пьесаларға кезінде сыншылардың 
жазған  сындарына  да  тоқталып,  солардың  орынды  пікірлері  мен  артық  айтқан,  таққан 
кінәларын сөз етеді; өз байламдарын айтып, әділ бағасын беріп отырады; кемшіліктерін де 
көрсетеді. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет