Өзіндік бақылау сұрақтары:
1.
Жаңа және қазіргі заман тарихын мектеп курсының мазмұны қандай?
2.
Хронологиялық шегі мен кезеңдеріне тоқталыңыз
3.
. Қоғамның даму заңдылықтарын ашуға қолайлы курстың негізгі ұғымдары мен
жетекші идеяларды атаңыз.
4.
Жаңа және қазіргі заман тарихын мектепте оқыту ерекшеліктері қандай
4- бөлім. Қазақстан Республикасы тарихы оны оқыту әдістемесін
қалыптастыру
Дәріс тақырыбы: 1.Қазақстан тарихын оқыту барысында тарихи білімді
қалыптастыру.2 сағат.
Мақсаты: Мектептегі Қазақстан тарихы курсының мазмұны, тарихи білім мен фактілер,
тарихи процесс жайлы ұғымдарын қалыптастыру, білімді меңгерту
Жоспар:
1.
Әдіскерлік құрылымдық талдау - мектептегі Қазақстан тарихы
курсының мазмұны.
2.
Тарихи білім мен фактілер. Оның Қазақстан тарихын оқыту
процесінде тарихи үғымды қалыптастыру. Окушылардын тарихи
процесс үғымды үғынуын қалыптастыру.
Қазақстан тарихы
6
сынып
—
Ежелгі
Қазақстан
тарихы
(ежелгі
заманнан
б.з.
Ү ғасырына дейін);
7
сынып
—
Орта
ғасырлардағы
Қазақстан
тарихы
(б.з.
Ү ғасырынан ХҮ ғасырга дейін) I бөлім;
8
сынып
-
Орта
ғасырлардағы
Қазақстан
тарихы
(ХҮ
ғасырдан ХҮІІ ғасырдың аяғына дейін) II бөлім
9
сынып
—
Жаңа
замандағы
Қазақстан
тарихы
(ХҮІІғ.
—
1914 ж. дейін)
10
сынып —Қазақстан тарихы (1914-1945 ж.ж.)
11 сынып — Қазақстан тарихы (1945 жылдан — қазіргі уақытқа дейін)
Бүның алдында 1991 жылы "Қазақ ССР тарихы" бағдарламасы қабылданган еді, оны
оқытуға "СССР тарихы", "Жаңа тарих", "Қазіргі заман тарихы" жөне ҮП-ХІ
сыныптардағы "ССРО тарихы" сағаттарын қысқарту арқылы уақыт берідді. Ол
бағдарламада: Қазақстанның тарихи дамуының негізгі кезендері нақтырақ көрсетілген.
"Қазақ ССР тарихы" дербес курс болып енгізілуіне байланысты тарих ғылымдарының
соңғы мөліметгері негізінде, соньшен қатар тарихи оқиғалар мен деректерді жаңа
айқындама түрғысынан қайта қарауға және талдауға байланысты оның мазмүны
айқындалып, кеңейтілді" (Қазақ ССР тарихы бағдарламалары. 1991. З-б.). "Қазірге дейін
пайдаланып келген бағдарламалар мен оқулықтарда Қазақстан тарихының көптеген
маңызды тарихи құбылыстары, оқиғалары, деректер, меселелері баяғы бәз қалпында, ескі
сарында баяндалып, толық ашып көрсетілмегендіктен" (Сонда, 35-6.) осы олқылықтардың
орнын толтыруға тиісті бағдарлама бірқатар кемшіліктеріне қарамастан еліміздің тарихи
білім беру жүйесін орнықтыруға үлкен үлсс қоса алды. Осы үлгі негізінде қабылданған
1993 жылғы багдарлама біршама өзгерістерімен қазіргі кезде қолданылып жүрген
бағдарламаның негізін қүрады. 5 сыныпта өтілетін "Қазақ елінің тарихы" пәні бүрын
түтастай концентрлік мазмүнда оқытылса, қазіргі бағдарламада сынып оқулығы
мазмүнының бірінші жартысы тарих курсына кіріспе ретінде жалпылық сипатга, екінші
жартысы тарихты оқытудың қайталамау принцип! негізінде еліміз тарихының ең ежелгі
кезеңінен бастау алады.
Осылайша тарих пәні бүгінге дейін 5-11 сыныптарда жеті жыл оқытылса, келешскте жаңа
бағдарлама бойынша 5 жыл оқытыльш, 9-сыныпты бітірген оқушы тарих пәнінен
аяқталған білім алады. Демек тарих пеніне оқу жоспары бойынша белінген 612 сағат 442-
ге қысқарады. Осыған байланысты бүған дейін тарихтың жүйелі курсы 6-11 сыныптарда,
ал, 5 сыныпта "Қазақ елінің қысқаша тарихы" оқытылып келсе, қазіргі кезде ол курс
ықшам-далды. Соған сәйкес жүйелі курс 5 сыныптан басталатын бодцы.
Ал 10-11 сынып оқушылары жергілікті жағдайды ескере отырып, біртіндеп бағдарлы
мектеп жүйесіне көшеді. Әзірге бүл сыныптарға қоғамдық-гуманитарлық және
жаратылыстану-математика бағытындағы мектеп бағыттары үсынылуда.
Процесс дегеніміз — даму жағдайының бірізділікпен ауысуы. Тарих процесс уақытпен
тығыз байланысқан деректер тізбегі, оның байланыстырушысы себеп пен салдар.
Мысалы, өнеркәсіптік төңкеріс -- мануфактурадан машиналы өнеркәсіпке өтуді
сипатгайтын процесс.
Тарихты танудың өзі процеске жатады. Ол деректсрді игеруден басталады.
К. Д. Ушинский "адам санасы біртіндеп дерекгерді көбейту, екіншіден оны өңдеу
арқылы байиды. Деректік білім неғұрлым парасатты болған сайын, ол шикі материал
неғұрлым жақсы өңделген сайын адам дами түседі, күшейе түседі", - деді.
Қандай ғылымда болмасын өзінің ұғымдары болады.
Ұғым – заттар мен құбылыстардың мәнді ерекшеліктерін, байланыстарын және
қатынастарын, олардың қарама-қайшылығы мен дамуы үрдісінде бейнелейтін ой
формасы, белгілі бір класқа жататын заттардың жалпы және тек соларға ғана тән
ерекшеліктерін жинақтап көрсететін ой немесе ой жүйесі. Ғылыми ұғымдар заттар мен
құбылыстардың мәнді және қажетті қасиеттерін бейнелейді, ал оны белгілейтін сөз бен
таңбалар (формулалар) ғылыми термин болып табылады.
Термин – атау, ғылым, техника және тұрмыс саласындағы ұғымдарды дәл атау үшін
жұмсалатын сөздер мен сөз тіркестері. Термин көбіне дара мағыналы болады. Термин
қатарында белгілі бір салаға ғана арналған және сол саладағы мамандарға ғана түсінікті
сөздер кездеседі. Сондықтан термин ғылым салаларына қарай сараланып, зерттелінеді,
танылады.
Терминология - өндіріс пен техниканың, ғылым мен өнердің қоғамдық өмірдің т.б.
саласына тән терминдердің жиынтығы. Ол өндіріс пен техниканың, ғылым мен өнердің
қоғамдық өмірдің өсіп-өркендеуіне сәйкес дамып, жетіліп отырады.
Зерттеудің базалық ұғымдары: – методология, зерттеу, гипотеза, социометрия,
диагностика, мониторинг, ранжирование, гистограмма, эксперимент, тест, анкета,
бақылау, проблема, эмпирика, функция т.б.
Гносиология – таным теориясы, яғни айналадағы қоршаған дүниенің адам санасында
белсенді бейнеленуі. Гносиологиялық операциялар - таным операциялары, яғни
гипотезалар, теориялар құру. Идеялар – білімнің обьектісі, ал пікірдің обьектісі яғни, білім
мен пікірдің арақатынасы Платон гнесеологиясының өзекті мәселесі. Идеялар немесе
жалпы ұғымдар туралы ілімді абстракті ойлау, ал заттар туралы пікірді, елесті сезімдік
қабылдау туғызады. Платон ұғымдардың таным процессіндегі рольін ашты. Таным
процессі жекеден жалпыға қарай жүреді (индукция) .
Ұғымдарды реттеу жолдары:
Зерттеу тақырыбына сай қажетті ұғымдарды жинақтау, оларды мағынасына
қарай бөлу.
Олардың мән-мағынасын ашып, білу, түсіну.
Терминдермен жұмыс техникасы:
Зерттеу тақырыбына сай қажетті терминдерді реттеу.
Оларды мағынасына қарай топтастыру.
Терминге анықтама беру.
Глоссарий, тезаурус дайындау, терминологиялық сөздік толтыру.
Терминдерді зерттеу кезеңдеріне сай, оңтайлы қолдану
Тарихи түсініктерді қалыптастыру. Тарихи пәннің көптеген пэндерден ерекшелігі -
негізінен өте ертедегі фактілерді, оқиғаларды баяндайтындығында. Оларды қүр атап айта
салсақ оқушыды ешқандай білім қалыптаспайд. Білімді қалыптастыру үшін өткен
оқиғаның, фактінің бейнесін оқушының көз алдына келтіре отырып, оларда сол оқиға
туралы түсінік қалыптастыруымыз керек. Ал, түсініктер сезу, сезіну арқылы қалыптасады,
ол екі тэсілдің көмегімен жүзеге асады: көру арқылы - демек көрнекі, техникалық т.б.
көрінетін күралдар көмегімен жэне мүғалімнің тарихи фактіні суреттей, сипаттай
айтуымен. Бүл міндеті жүзеге асыру үшін қандай факті, оқиға туралы тарихи түсінік
қалыптастыратынымызды біліуіміз кеерк. Тарихи түсініктер үш түрлі объектілер туралы
қалыптасуы тиіс.
а) қоғамның өткендегі барлық тарихын, фактілерді қамтитын: материалдық
өмір - тү-рмыс (еңбек қүралдары, адамдар кэсібі, шаруашылықтың түрлі
салалары т.б.), элеуметтік - саяси өмір (эртүолі таптардың өкілдері: қүл, феодал,
капиталист, жүмысшы, мемлекттікң қүрылыс т.б.), тарихи қайраткерлер, соғыс
тарихының оқиғалары (қару - жарақ, шайқас алаңын әскрлердің орналасуы),
тарихи - мэдени өмір (халық тү-рмысы, өнер т.б.) т.б. туралы түсініктер.
э) тарихи уақыт туралы (тарихи оқиғаның белгілі бір уақытта болуы, оқиғалардың реті,
үлақтығы) түсінік қалыптастыру қоғамның пәрмеңці дамуын түсінуге мүмкіндік береді.
б) тарихи кеңестік туралы (тарихи оқиғаны сол эрекет - қимыл болған жермен
байланыстыру, тарихи оқиғаны монолизациялау - жергіліктендіру...) тарихи
география - географиялық ортаның оқиғаның, қогамның, мемлекеттің т.б.
дамуына қалай эсер ететіні туралы түсінік қалыптастырады.
в) тарихи қозғалыс.
Сонымен тарихты оқыту барысында үш түрлі түсінік қалыптастырады екен.
Осы түсініктерді қалыптастырудың әдістемесін білу де маңызды. Өйткені ол үшін
көптеген эдіс , тэсілдер қолданылады: ауызша эдістермен қатар, көрнекі қүрал, эсіресі -
бояулы суреттер, схемалар, кестелер, аппликациялар, сынып тақтасы қосымша эдебиет
т.б. Бірақ та оларды қолдану: 5-6, 7-8, 9-11 сыныптарда түрлдіше.
Тарихи үғымдарды қалыптастыру. Кез келген пэнді, ғылымды білу, меңгеру деген, оның
үғымдар жүйесін меңгғру деген сөз. Мектеп қабырғасында оқушылар тарих пэнін жеті
жыл оқығанда оларды 300-дей үғым қалыптастырады. Әрине олар тек тарих пэнінің
үғымдары емес. Тарихи білімді меңгеруде үғымдарды қалыптастыру маңызды орын
алады.
Оқыту барысында тарихи түсінік те үғым да қатар қалыптаса береді. Бірақ айыр-
машылығы мынада. Тарихи түсінік эр оқушыда түрліше қалыптасуы мүмкін, ал үғым
бэрінде бірдей қалыптасады немесе қалыптасуы тиіс.
Өзіндік бақылау сұрақтары:
1. Әдіскерлік құрылымдық талдау - мектептегі Қазақстан тарихы курсының мазмұнын
жүйелеп анықтаңыз.
2 Тарихи үғым дегеніміз не?
3. Окушылардын тарихи процесс үғымды үғынуын қалыптастыру жлдарын атаңыз
4. Термин деген не?
5. Терминдермен жұмыс техникасын атаңыз
Дәріс тақырыбы: 2. Қазақстан тарихын оқыту әдістемесі.2 сағат.
Мақсаты. Қазақстан тарихын оқытудағы әдістемелік тәсілдер, Қазақстан тарихын
оқытудың мәселелері, сабақтағытанымдық міндеттері ситуация (оқиға), қақтығыс ,
қарама- қайшылық турінде шешу жолдарын анықтау, лекциялар, тарихи баспа
мәтіндерімен жұмыс әдістемесі, көрнекілік құралдарды топтастыру жолдарын меңгерту
Жоспар:
1.
Қазақстан тарихын оқытудағы әдістемелік тәсілдер және олардың
оқу процесіндегі рөлі.
2.
Қазақстан тарихын оқытуда ауызша баяндау.
3.
Қазақстан тарихын оқытудың мөселелері. Қазақстан тарихы
сабағындағы танымдық міндеттері ситуация (оқиға), қақтығыс ,
қарама- қайшылық турінде шешу.
4.
Қазақстан тарихын оқытуға мектептердегі лекциялар.
5.
Тарихи баспа мәтіндерімен жұмыс әдістемесі.
6.
Қазақстан тарихы пәні бойынша көрнекілік құралдарды топтастыру.
Қазіргі кезең мектепте тарихты оқытуға көзқарасты өзгертумен сипатталады. Бұл
өзгерістердің басты бағыттары мыналар болып табылады:
-
Отандық тарихты оқытудың басымдылық рөлі;
-
Отандық тарихты әлемдік даму контекстінде оқыту;
-
ұлттық өзіндік сананы қалыптастыру;
-
тарихи білімнің тұлғалық бағдары, догматикалық нышандардан бас тарту;
-
мектептік тарихи білімінің нәтижеге бағдарлануы, оқушының дайын білімді енжар
алушыдан білімдік процестің белсенді субъектісіне айналуын талап ететін білімдік
модельді қалыптастыруға бағытталады;
-
мектепте тарихты оқытуға біртұтас көзқарас қалыптастыру, бұл тарихты оқып
үйренуге формациялық және өркениеттік тұрғыдан қаруды ұштастыруға
негізделген тиісті;
-
формациялық тұрғыдан қарау тарихи даму кезеңдерінің сабақтастығы мен ішкі
байланыстарын бейнелейді, әлеуметтік – экономикалық процестерді логикасын
түсінуге мүмкіндік береді.
-
Үздіксіз білім беру жүйесіндегі тарих пәнінің білімдік, танымдық және тәрбиелік
рөлін күшейту.
-
Отандық білім жүйесін әлемдікбілім кеңестігіне енгізу ауқымында оқушылардың
гуманитарлық дайындығының деңгейін көтеру.
Тарих білім мазмұнын анықтауға қойылатын талаптар мектептік тарих курсына бөлінген
оқу уақытының жалпы көлемін, оқушылардың жас шамасы және психололгиялық
ерекшеліктерін ескере отырып анықталады.
Білім берудің іс -әрекеттік сипаты тарихты оқытудың әдістерін ұйымдастыру
формаларын қайта құруды талап етеді. Қайта құрудың мәні оқушылардың өзіндік
жұмысының басымдық рөлін күшейту. Оқушылардың өзіндік жұмысы: ұжымдық
жұмыстар, брэйнсторинг, рөлдік ойын, дебаттар, жобаларды қорғау, сөздік пинг –
понгтар, жазбаша жұмыстар (эссе, шығарма, рефераттар және т.б.) дайындай түрінде іске
асырылады. .
5 – 10 сыныптарда тарихты оқытудың мазмұны мен мақсаты – міндеттері төмендегі
шешуші біліктіліктерді қалыптастыруға бағытталған:
Саяси және әлеуметтік - оқушылардың азаматтық жауапкершілігі, шешен қабылдай
білуі, қоғам дамуының проблемаларына сыни көзқарасының болуы, еңбек нарығына
белсенді түрде бейімделу қабілеті;
толеранттылық - басқа ұлттардың салт – дәстүрін құрметтеу және түсіністікпен қарау,
тұлға аралық қатынастағы тіл табысушылық;
Когнитивтілік - өз білімін үнемі жетілдіруге дағдылану, шешімін іздеу, түсінігін білдірі,
нақты өмірдегі оқиғалардың себеп – салдарын өздігінен тану;
дүниетанымдық - әлем туралы біртұтас көзқарасты қалыптастыру, қоғамдағы әлеуметтік
орын дұрыс таба білу, отаншылық, қазақ халқының тарихы мен салт – дәстүрін, адамның
құқықтары мен демократиялық принциптерін құрметтеу.
Қатар жүретін пропедевтикалық курстар отандық және дүниежүзілік тарих бойынша
қарапайым түсініктер қалыптастыру міндетін орындауы тиіс. Бұл курстарда кейбір жаңа
ұғымдар мен терминдер, тарихи уақытты өлшеу негіздері, Қазақстан мен шетелдер
тарихының жекелеген тарихи оқиғалары мен құбылыстары оқытылады.
«Қазақстанның ежелгі тарихы» курсында – Қазақстан территориясындағы алғашқы
мемлекеттік жүйеге ерекше назар аудару арқылы қазақ жеріндегі тарихи процестердің
адамзат өркениетімен қатар оның құрамдас бөлігі ретінде дамығандығына, біздің
жерімізде мемлекеттік институт жүйесінің ерте заманда – ақ пайда болғанына көңіл
бөлінеді.
Міне осындай маңызды мәселелерді оқушыларға тереңірек түсіндіру оқушылардың
алғашқы адамдар мен өмір тіршілігі, дүниетанымы мен әрекеті жөнінде нақты білім алуға
септігін тигізбек.
Орта ғасырлар тарихының, жаңа тарих және қазіргі заман тарихының
хронологиялық шектерінің өзгертілуі адамзат тарихы дамуының өркениеттік
тұжырымдамасын меңгеру нәтижесінде жеткен тарих ғылымының жаңа жетістіктеріне
негізделген.
Орта ғасырлар тарихи курсында V ғасырдан ХV ғасырлардың аяғына дейінгі дәстүрлі
қоғамның дамуы, гүлденуі және дағдарысқа ұшырауы оқытылады. «Қазақстанның орта
ғасырлар тарихы» V – ХV ғасырларда қамтиды. Еуразия кеңестігінде батыс пен шығысты
ұштастыратын аймақты мекендегі байырғы түркілер әр түрлі өркениет жетістігін бойына
сіңіре алды. Сондықтан орта ғасырлар тарихы Қазақстан аумағында бірін- бірі алмастыра
отырып, өмір сүрген көптеген мемлекеттер тарихын оқытады. .
Жаңа тарих ХVІ ғасырдан 1918 жылға дейінгі уақытты қамтиды, бұл кезеңде
дәстүрлі қоғамнан индустриалдық өркениетке өту іске асады. Әлемдік тарихи ой мен
ғалымда жаңа заман «қазіргі», яғни, индустриалдық қоғамның қалыптасу дәуірі ретінде
қарастырылады.
Қазіргі заман тарихы – бұл посиндустриалдық қоғамның қалыптасуы мен дамуы
және одан ақпараттық қоғамға өту дәуірі.
1918 жылы – бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталған жылы, жаңа дәуірден қазіргі
заманға өту аралығы ретінде алынған.
ХХ ғасырдың соңғы он жылдығында ақпараттық қоғамға өту процесі басталды. Бұл Кеңес
Одағының ыдырауымен, Шығыс Еуропада социалистік режімнің жойылуы мен, Жаңа
тәуелсіз мемлекеттердің, және әлемдік дамудың жаңа құбылыстары мен процестерінің
пайда болуымен байланысты.
1918 жылдан бастап қазақ халқының ұлт – азаттық күресі саяси партия басқарған, арнаулы
бағдарламасы бар саяси қозғалысқа айналды.
«Қазақстан Республикасының тарихы» курсында Қазақстан тәуелсіз мемлекет
болып жарияланғаннан қазіргі кезеңге дейінгі оқиғалар қамтылады.
6-10 сыныптардағы тарих курстарының мазмұны оқу уақытының көлеміне,
отандық тарихты дәуірлеудің жаңа жүйесіне сәйкес анықталады.
Тарихи білім мазмұнын анықтаудағы вариативтілік 11-12 сыныптарда қолданған
дұрыс, өйткені онда сыныптардың оқу процесінде тарихтың алуан түрлі қырларын
ашатын, тарихты оқып-үйренудің әр түрлі әдіснамалық тұжырымдарын, тарихи процесс
пен тарихи танымның теориялық мәселелерін түсіндіретін бейіндік және факультативті
курстар басым орын алады.
Өзіндік бақылау сұрақтары:
1.
Қазақстан тарихын оқытудың білімділік міндеті қандай?
2.
Қазақстан тарихын оқытудың тәрбиелік міндеті қандай?
3.
Қазақстан тарихын оқытудың дамытушылық міндеті қандай?
4.
Қазақстан тарихы мектепте нешінші сыныптан бастап оқытылады?
5.
1.Қазақстан тарихын оқытудағы әдістемелік тәсілдер және олардың оқу
процесіндегі рөлі қандай?
6.
2.Қазақстан тарихын оқытуда ауызша баяндау әдісіне сипаттама беріңіз
7.
3.Қазақстан тарихын оқытудың мөселелері қандай?
8.
4.Қазақстан тарихы сабағындағы танымдық міндеттері ситуация (оқиға), қақтығыс ,
қарама- қайшылық турінде шешу дегеніміз не?
9.
5.Қазақстан тарихын оқытуға мектептердегі лекциялар, оны жүргізу жолдарын
атаңыз
10.
6.Қазақстан тарихы пәні бойынша көрнекілік құралдарды топтастырыңыз.
Дәріс №15. Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихын оқытудың
ерекшіліктері. 2 сағат
1. Негізгі идеялар мен түсініктер.
2. Курстың оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ерекшеліктері.
3. Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы курсының құрылымы мен
білімділік тәрбиелік мәні, сипаттамасы, құрылымы мен кезеңдерге болу.
4.Қазақстан тарихын оқыту процесінде тарихи ұғымдарды қалыптастыру.
Мектептерде тарихи білім берудің қалыптасуы мен дамуы. XXI ғасырда, ғылыми-
техникалық прогресс қарыштап дамыған тұста біздің еліміз үшін сапалы білім, саналы
тәрбиемен қатар жан-жактылык, яғни баска салалардан хабардар бола білудің маңызы зор.
ҚР Білім беру заңының 8-бабында:
1.
Білім беру жүйесінің басты міңдеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар,
ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруды дамытуға және
кәсіби шындауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау.
2.
Жеке адамның шығармашылық рухани және дене мүмкіндіктерін да-мыту, адамгершілік
пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалып-тастыру, жеке басының дамуы үшін
жағдай жасау арқылы интеллектін бай-ыту;
3..Азаматтық пен елжандылыққа, өз Отанына сүйіспеншілікке,мемлекеттік рәміздерді
кұрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, конституцияға кайшы және коғамға қарсы
кез-келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу деп атап көрсетеді.
«ҚР 2015 ж. дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында» оқушының жеке тұлғасын
жетілдіруге ғаламдық ой-санасын қалыптастырудағы басты міндеттерінің бірі ретінде
азаматтыкка, адам құқықтары мен бостандық-тарына кұрметпен қарауға, елжандылыкка, өз
Отанын сүюге тәрбиелеуге басты назар аударған.
XVI ғасырдың педагог-ғалымы Ян Амос Коменскийдің дидактикасының барлык принциптері
бүгінгі таңға дейін өзінің мәнін жойған емес.
«Ұлы дидактика» еңбегінің XXIII тарауында:
«Мектепте балаларды адамгершілікке нағыз ізгілікке шындап тәрбиелеу үшін, сол
жұмыстарды үлкен шеберлікпен еге білу кажет. Сонда ғана мектеп, толық мағынасында
«адамдар ұстаханасы» болып шықпақ» - дейді. Демек, бүгінгі ғасыр - білімділер ғасыры,
заманына сай зерделі ой-өрісі жоғары азаматтарды қалыптастыру - мемлекеттің аса маңызды
стратегиясы болып отыр. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазакстан - 2030»
бағдарламасындағы Қазақстан халқына Жолдауында:
«Қазақстан азаматтарын мемлекетіміздің құқығын қорғайтын, мүдделерін биік ұстайтын
азамат етіп тәрбиелеу қажет. Біздің балаларымыздың дені сау, сапалы білімді, өресі биік
болып өсуі, тиіс» - деп тегін айтпаса керек.
Қазақ халқы әрқашанда парасатты пір тұтып, даналыққа табынып келген халық. Ұлтымызға
тән тағы бір қасиет, ол білімді біліктіліктен ажырата білу. Ғалым-лингвист, ақын-аудармашы,
ағартушы педагог А. Байтұрсыновтың ұғымында білім-біліктілікке жеткізер баспалдақ қана,
ал біліктілік дегеніміз - білімнің жеткіліктілігі ғана емес, сол білімді іске асыра білу
дағдысы. «Қандай мектептің болсын басты нысаны - оқушыларға сапалы білім, салихалы
тәрбие беріп, оларды білімді, еңбекшіл етіп тәрбиелеу» -деп А. Байтұрсынов үш мақсатты
басты нысанаға алады.
Заман өзгергенімен, қанша құбылғанымен мемлекеттің өркендеуі, халықтың әл-ауқатының
көтерілуін білім-ілімсіз елестету мүмкін емес. Философия, психология ғылымында құндылық
ұғымын ерекше бір ақиқат деп қарастырған. Олар қажеттіліктен туындайды. М.В.
Богусловский, Г.Б. Корнетов сияқты ресейлік әдіскер-зерттеушілер ең жоғарғы
құндылықтар иерархиясын ұсынады: 1. Адам. 2. Денсаулық. 3. Өмір. 4. Жанұя. 5. Отан. 6.
Жер (планета). 7. Адамзат. 8. Бейбітшілік. 9. Еңбек. 10. Білім. 11. Мәдениет. 12. Даму. Ал,
педагог-ғалым К. Төлеубекова. «Қоғам дамудың жаңа кезеңіндегі адамгершілік тәрбиенің
теориялық - әдіснамалық негізі» - деген еңбегінде тоғыз құндылықты атап көрсетеді:
1.
Адам-аса жоғары құндылық;
2.
Жер – жалпы адамзаттың ортақ үйі, өмірі мен тіршілік іс-әрекетінің мекені;
3.
Ұлт-өз ұлтына мақтана білу, қадірлеу, еркіндікті сүю, өз халқының тіліне, тарихына
мәдениетіне құрметпен қарау;
4.
Отан - өз мемлекетінің рәміздеріне құрметпен қарау: әнұран, елтаңба, ту, халықтың
дәстүрлерін қастерлеу. ҚР Ата заңына қайшы келетін қоғамға қарсы кез келген көрініске
төзбеу;
5.
Бейбітшілік–дүниежүзілік кауымдастықта лайықты орын алуды көздеп; казіргі және
болашақ ұрпақтар алдында жоғары жауапкершілікті сезіну.
6.
Мәдениет - рухани жетілудің тірегі.
7. Еңбек - нарық жағдайыңда жаңалық тапқыштық, жаңа технологиялық ойлар, нарық
еңбегіне байланысты туындаған ұжымдық және жеке шаруашылық еңбегінің мақсатын
ұйымдастыру нәтижелігін көрсету;
8.
Білім - үшінші мыңжылдықта білім коғамды өзгертудің шешуші факторы;
9.
Отбасы – отбасылық адамгершілік қарым-қатынасты, отбасының татулық беріктігін,
болашаққа сенімділігін нығайтатын, тірек болатын өмірлік құндылық бұл адамгершілік
қасиеттерді қалыптастыру, оқушылардың өзін-өзі жеке тұлға ретінде танытуға септігін
тигізері сөзсіз.
Ежелден-ақ қазақ халқы өз ұрпағын адамгершілікке, ізгілікке, инабаттылыққа тәрбиелеуді
басты мақсат еткен. Ата-бабамыз жазу-сызудың кем соғып жатқан шағында, көшіп-қонып
жүріп-ақ ұрпақ қамын, оның болашағын жеткілікті ойластырған.
Сонау Әз-Тәукенің «Жеті жарғысы» деп аталатын әдет-ғұрып зандары талай ұрпақты
адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелейтін жақтары мол екендігіне тарихтың өзі куә.
Халқымызда «Адам деген ардақты ат. Адамнан үлкен ат жоқ» - деген қанатты сөз бар.
Тарих - біздің игілігіміз, біз оны құрметтеп, қастерлеуіміз қажет. Сонымен бірге құпия-
сырларға толы, қорқынышты, қанды, кеңес елінің есімінде мәңгілікке қалған беттерінің
шындығын,
ақтаңдақтарын
ашып
жеткізу
тарих
саласындағы
мамандардың
жауапкершілігінде.
1980 жылдың аяғында КСРО- дағы қайта құруға байланысты Қазақстан тарихы мектептердің
оқу жоспарына дербес пән болып енгізілді. Тарих адамға алдымен өз халқының өткенін, оның
озық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпын таныстыруы тиіс. Осы арқылы адамда ұлттық сана,
ұлттық намыс қалыптасады. Тарихи санасы толық қалыптасқан адам ғана өмірдегі,
қоғамдағы өз орнын дұрыс анықтай алады. Тарих сабақтары оқушылардың өткен
кезеңдердің ұлы істерін басынан кешіріп, саралауына, кейінгі ұрпаққа үлгі боларлық
қасиеттердің барлығын пайдалана білулеріне бағыттайды. Тарих –бүкіл халықтың жан
дүниесінің көрінісі.
Адамзат жасаған материалдық және рухани игіліктерді мирас етіп, оларды
еселеп бере
алатындай етіп тәрбиелеу - салауатты қоғамның мәңгіден келе жатқан тілегі. Қазақ
халқының тарихында бірегей рухани тәжірибе, аса бай интеллектуалдық және адамгершілік
яки, күш-жігер, ұшан-теңіз жан дүниесінің маржандары мен шығармашылық ой-қабілетінің
күш-қуаты бар. Халық мінезінің ең жақсы ерекшеліктері-бұл атамекенге деген шексіз
сүйіспеншілік. Шәкірттің жалпы даму процесі,адамзаттың серпінді қозғалысының
зандылықтары ғана емес, сонымен бірге тарихи қайраткерлердің жеке басы, олардың
азаматтық тұлғасын, тарихи фактілерді ақыл-ойымен қабылдаса, өзін интеллектуалдық
жағынан байыта түседі. Тарихи зерде - өз халқының өткеніне деген құрметі, сүйіспеншілік
қөзқарасының іргетасы.
Әрбір пәнді сыр-сипатын бұрмаламай, жұмбақтап әсірелемей, табиғи түрде оқыту қажет.
Көрнекті орыс педагогы К.Д.Ушинский: «Мұғалім өз білімін көтеріп жүргенде ғана мұғалім,
оқуды ізденуді қойса, оның мұғалімдігі жойылады» деген.
Ол үздіксіз білімін шыңдап отырмаса, өмір көшіне жете алмайды, ол заман талабына сай
шәкірттеріне білім, тәрбие бере алмайды. Тарих сабағында оқушылардың дүниеге ғылыми
көзқарасын қалыптастыруға, адамгершілікке, отаншылдыққа, каһармандыққа, ұлтжан-
дылыққа барлық халықтарды құрметтеуге олармен достық қатынас орнатуға, елдің
қауіпсіздігін сақтауға, еңбек сүйгіштікке, діннің тарихтағы рөлін дұрыс түсінуге
тәрбиелеуге, оларға эстетикалық, экологиялык, экономикалық тәрбие беруге толық
мүмкіндік бар.
Сабақ барысында әдістерді қолдану тәсілдерінде оларды әсерлі, эмоциялды түрде жеткізе
білудің маңызы зор. Оқу фильмдерінің фрагменттері, тарихи романнан оқылған 1-2
минуттық әсерлі үзінді, мұғалімнің дауыс ырғағы тақырыптың мазмұнына сай түсіндіруі,
оқушыларды қызықтыра білуі де шеберлікке байланысты. Әрбір ғасырдың ұлы
тұлғаларының өнегелі істерін оқушылардың жүрегіне жеткізе білудің өзі оларды жеңіске
жеткізеді. Оқушыларды саналы тәрбиелеу арқылы дамытушылық "міндеттерді де жүзеге
асыру күрделі емес. Тарихи оқиғаның пайда болуы, дамуы, бәсеңдеуі, аяқталуы, т.б.
байланысты, бұл оқиғаның негізгі себептерін анықтап алайық - деп, қарапайым тәсілдермен
оқушылардың ойлау кызметін дамытуға түрткі жасай отырып, ойландыруды
күрделендіруге болады. Онда әр түрлі тарихи кезеңдердегі оқиғалардың ұқсастығы неде,
ерекшеліктеріне оқушылардың өздігінше атқаратын жұмыстары көмек бола алады. Пән
мұғалімінің тапсырмасымен оқулық мәтінін, қосымша материалды қолдану арқылы
тақырыпты терең, жан-жақты меңгеруі ғасыр талабына сай азаматтарды даярлаудағы рөлі
зор болмақ.
2. Қазақстан Республикасында тарихи білім берудің құрылысы мен
Достарыңызбен бөлісу: |