1. Оқу процесінде пәннің мақсаты. Пәннің мақсат-міндеттері және оның оқу процесіндегі орны


  Тарихты  оқытуда  фактілердің  ролі



Pdf көрінісі
бет13/15
Дата31.01.2017
өлшемі1,32 Mb.
#3071
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

    2.  Тарихты  оқытуда  фактілердің  ролі.    Тарихи  білім  берудің  ең  басты  элементі  -  ол 
білім. Білім  адамзаттың әлеуметтік тәжірбиесін жинақтаған тарих саласындағы мәлімет, 
танымдардан құралады. Білім қоғамның дамуы туралы ғылыми түсінік қалыптастырады, 
тарихи  шындық  және  адамзаттың  оған  қол  жеткізу  жолдары  туралы  дүниетанымды 
негіздейді.  Тарихи  білімнің  құрылымы  тарих  ғылымының  өзін  танудан  басталады.    Оқу 
мазмұны мыналар: ғылымның мазмұны, тарихи материалмен теориялық және әдістемелік 
(ғылыми  танымның  түрлері  мен  әдістері,  құрылымының  қағидалары  туралы  ғылым) 
негіздерімен жұмыс жасай алу. Оқу процесінде  оқушылар дерек, құбылыс,оқиға, процес 
сияқты  санаттарды  қолдану  арқылы    тарихи  білім  элементтерін  игереді.  Тарихта  дерек 
нақты жағдайдың, тарихи шындықтың фрагменті  ретінде қарастырылады. Мысалы, 1986 
жылғы  Желтоқсан  оқиғасы  ұлт-  азатық  қозғалыстың  жеке  дерегі.  Тарихты  тану 
процесінде    деректің  маңызы  зор,  ол  тарихи  байланыстарды  айқындау,  салыстыру  және 
жинақтауда  аса  қажет.  Деректерді  жинақтау  және  жүйелеу  –  тарихи  танымның  құралы.  
Нақты деректермен  тарихи материалды баяндауда бейнелікке қол жеткіземіз.   
Деректерді маңыздылығына қарай негізгі және қосалқы деп бөлуге болады. Мысалы, Ұлы 
Отан  соғысы  -  негізгі,  Курск  шайқасы  -  қосалқы  дерек.  Сабақта  деректі  қолдану  үшін 
оның ғылыми дәлдігін, нақтылығын, бейнелігін, эмоциялығын айқындап алған жөн. Орта 
сынып  буындарында  дерек  бейнелі,  эмоциялы  болса,  жоғары  сыныптарды  ол  құжатқа 
сүйенген, дәлелді болуы тиіс. Тарихты оқытуда дерек пен жинақтаудың арақатынасының 
жігін  білген  жөн.  Бір-бірімен  байланысы  жоқ,  жинақталмаған  тарихи  деректер  басым 
болса, ол сабақ деректер жинағына, ал нақты дерекке сүйенбей жинақтау мен қорытынды 
пікірлерді негізге алған сабақ социологияға айналып кетеді.   
Тарихты танудың өзі процеске жатады. Ол деректерді игеруден басталады. К.Д.Ушинский 
«адам  санасы  біртіндеп  көбейту,  екіншіден  оны  өңдеу  арқылы  байиды.  Деректік  білім 
неғұрлым  парасатты  болған  сайын,  ол  шикі  материал  неғұрлым  жақсы  өңделген  сайын  
адам дами түседі, күшейе түседі»,- деді.  
Тарихи  терминдермен  жұмыс  жасаудың  оқыту  процесіндегі  маңызы  ерекше. 
Оқушылардың тарихи білімдерінің деңгейі өз білгенін қаншалықты нақты әрә дәл айтып 
бере  алуынан  байқалады.  Бұл  жағдайда  тарихи  ұғымдар  мен  заңдылықтарды  өз  атымен 
атау- ойдың жүйелілігін, білімнің нақтылығын көрсетеді.  
Тарих пәнінің мұғалімі оқушыларға тарихи білім беруде ұйымдастыратын педагогикалық 
шаралары  мен  қолданатын  әдістемелік  тәсілдерінде  терминдермен  жұмыс  жасауға  баса 
мән  беру  тиіс.  Бұл  бағыттағы    жұмыстардың  бір  түрі-  оқушыларға  тарихи  терминдер 
сөздігін  жасату.  Күнделікті  сабақ  барысында  және  сабақтан  тыс  шараларда  жүргізілетін 
бұл жұмыс оқушылардың тарихи білімдерін нығайтуға көп ықпал жасайды. 
    3.  Тарихты  оқыту  процессінде  білімнің  қалыптасу  сатылары.  Оқушылардың  оқу 
жұмысының көптеген түрлері бар. Олар сабақ, кеңес, 
сынақ,семинар  және  конференция,  оқу  саяхаттары  болып  бөлінеді.Мемлкеттік 
мектептерде  оқытудың  негізгі  түрі  –  сынып  сабақ  деп  аталады.  Бұл  жердегі  сынып  – 
сынып-сабақ  бірыңғай  базалық  білім  алатын,  сынып  оқушыларының  40-45  минуттан 
тұратын  оқуы.  Бұндай  оқудың  санын  мектептің  оқу  жоспары,  ал  мазмұнын  мемлекеттік 
стандарт пен оқу бағдарламасы айқындайды. 
Практикада  тарихты  оқыту  ортақ,  ұқсас  белгілі  көп  сабақтар  арқылы  жүргізіледі.  Соған 
сәйкес ғалымдар сабақ типтерін олардың негізгі мазмұнына, дидактикалық мақсаттарына, 
өткізу тәсілдеріне, оқыту процесінің буындарына қарай топтастырады. 

 
Көрнекті әдіскер А.А.Вагиннің пікірінше, оқыту процесінде оның негізгі бөлімдері, 
қысқаруы  немесе  кеңеюі,  бір  немесе  бірнеше  сабақта  іске  асуы  мүмкін.  Осы  жағдайлар 
практикада  ескеріліп,  сабақтар  барлық  құрамды  бөлімдері  сақталып  немесе  белгілі  бір 
бөлігі  басым  болып  жүргізілуі  мүмкін.  Оқытуда  бөлімдердің  үйлесуін  сабақтың 
құрылымы деп атайды. 
 
Кейбір  топтастыруда  сабақты  жүргізу  әдісі  (дәріс-сабақ,  пікірталас-сабақ,  кино-
сабақ,  зертханалық  сабақ);  оқушылардың  әрекеті  (жинақтау  сабағы,  проблемалық); 
материал  сипаты  (жаңа  деректі  игеру)  басшылыққа  алынады.  Дағдылар  мен  іскерлікті 
қалыптастыратын сабақтарды ерекше типке жатқызуға болады. 
 
Кіріспе сабақ оқушыларға алдыңғы курстарда алған негізгі білімдерін жаңғыртып, 
тарихтың  жаңа  курсының  негіздеріне  жалпы  сипаттама  беруі  тиіс.  Кіріспе  сабақтың 
мазмұнында оқушылардың жаңа тақырыпты игеруіне көмектесетін мақсаттардың болғаны 
дұрыс.  Қажет  болғанын  жағдайда  мұғалім  бұл  сабақта  оқушылардың  базалық  білімін, 
негізгі дағдыларын айқындайды. 
 
Жаңа материалды игеру типіндегі сабақтардың мынандай түрлерін атауға  болады: 
материалды  мұғалімнің  мазмұндау  сабағы;  мектеп  дәрісі;  саяхат  сабақ;  кино-сабақ; 
оқушылардың  хабарламалары  мен  баяндамаларына  арналған  сабақ.  Жаңа  материалды 
игеру  сабағында  оқу  әрекетінің  бұл  түрлері  басым  болып  келеді  және  сабақтың  едәуір 
бөлігін  қамтиды.  Ал,  бекіту,  қайталау,  оқушылар  білімін  тексеруге  аз  уақыт,  аз  көлем 
бөлінеді. 
 
Оқушылардың  білімі  мен  дағдыларын  тексеруде  аралас  сабақтың  маңызы  зор. 
Мұндай  сабақ  алдыңғы  сабақтағы  білім  дағдылардың  бүгінгі  сабақ  мазмұнымен 
байланыстарын тексеру және есепке алу; жаңа материалды игеруге өту; алдыңғы сабақта 
өткенді қайталап, жаңа сабақты оқып үйрену және бекіту сияқты бөлімдерді қамтиды. 
 
Білімді  тексеру  мынандай  талаптардан  тұрады:  1)  сұрақты  негіздеу  (өткен 
білімдерсіз  алға  жылжу  мүмкін  емес);  2)  барлық  оқушыларды  жұмысқа  жұмылдыру;  3) 
оқушылардың ерекшеліктерін ескеріп, тексеруді жекелеп жүргізу; 4) тексеру мазмұнының 
жаңа сабақпен байланысы; 5) сабақ барысында тексеру кезеңін айқындау;  
 
 Сабақ  басында  сұрақ  оқушыларды  жаңа  материалды  игеруге  дайындап,  алдыңғы 
сабақ тақырыбындағы сұрақтар мен тапсырмалардың мазмұнын қамтуы тиіс. 
 
Әңгіме  оқушының  ауызекі  сөзін  дамытып,  білімді  ауызша  мазмұндау  тәсілдерін 
қолдану  дағдысын  қалыптастырады  (конспектілеу  немесе  түсіндірме  мазмұндау,  жалпы 
әңгіме  және  т.б.)  Төменгі  және  орта  буын  сыныптарда  тізбектей  әңгімеленеді  де, 
оқушылар тарихи себепшарттардың байланысын жақсы аңғара алады және өткен оқиғаға 
деген  өзінің  қатынасы  қалыптасады.  Олар  тарихи  материалдарды  талдау,  жинақтау,  өзі 
ұсынған  тұжырымды  дәлелдеу  арқылы  тарихи  жүйеде  ойлауға  үйренеді.  Оқушылар  өз 
жауабын оқулық мазмұнымен салыстыру арқылы жіберген қателіктерін аңғарады. Жоғары 
сыныптарда  тапсырмалар  күрделене  түседі.  Оқушылар  қисындық  сызбаны  құрастырып, 
күрделі  жоспар  түзеді;  ұғымдарға  жазбаша  анықтама  береді;  партия,  қозғалыс,  тарихи 
тұлғаларға  сипаттама  береді;  түрлі  кестелер  толтырылады.  Сұрау  кезінде  жаңаны  игеру, 
деректі түсіндіру, оқиғаны мазмұндауда теориялық білім тұрақты түрде қолданылуы тиіс. 
Бұл білімдер одан әрі нақтыланып және байи түседі. 
Оқушылардың тарихқа қызығушылығын дамытуда олардың алған білімдерін бағалаудың 
маңызы  зор.  Ол  үшін  түрлі  тәсілдер  бар.  Мысалы:  жауап  берер  алдында  материалды 
оқулық  бойынша  қайталау;  көрсетілген  жұмыс  тәсілі,  үлгісі  бойынша  тапсырманы 
жазбаша орындау; сыныпта үйде дайындалған жоспар бойынша әңгімелесу. 
 
Жаңа материалды оқуға өту  кезеңі дидактикалық тұрғыдан алғанда өте маңызды. 
Мұғалім  жаңаны  оқуға  оқушылардың  зейінін  аударады,  белгісізді  тануға  деген  қажетті 
психологиялық  көңіл  күй  қалыптастырады.  Жаңаны  ауызша  түсіндіргенде  немесе 
оқулықтан  оқығанда    оқушылар  көп  аспектілі  мазмұннан  бұрын  бір  желілі  материалды 
жақсы  игеретіндігі  белгілі.  Мұғалім  оқулықтың  мазмұнына  түзету  жасай  отырып, 
барынша  маңызды,  күрделі  бөлігін  басты  деректер,  жарқын  да  бейнелі  мәселелермен 
толықтырып түсіндіреді. 

Бекіту  деп  сабақта  өтілген  материалды  екінші  қайтара  жаңғыртып,  ой  елегінен  өткізуді 
айтамыз.  Бекіту  мақсаты  -  сабақта  өтілген  материалды  есте  сақтап,  жаңа  мен  бұрынғы 
білімді  байланыстырып,  оқушылардың  зейінін  ұштап,  сонымен  бірге  жаңа  білімдерді 
игеруін тексеру.   
Бекету сұрақтары:    
1.Тарихи білім берудің ең басты элементі – не? 
    2. Бекіту– деп нені айтамыз? 
    3. Оқушылардың оқу жұмысының түрлерін атап беріңіз? 
    4.Қазақстан тарихы курсының мазмұнына талдау бер? 
    5.Тарихи білім мен фактілердің білімдік маңызы неде? 
    6.Қазақстан тарихын оқытудағы тарихи фактілердің  ролі қандай? 
    7.Тарихи заңдылықтарды қалай түсінесің ? 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
«Тарихты оқыту әдістемесі» пәні бойынша практикалық (семинар) 
сабақтарын өткізу үшін әдістемелік нұсқау 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Семей 2015-2016жж. 
 

    5В020300  «Тарих»  мамандығының  4  курс  студенттеріне  «Тарихты  оқыту 
әдістемесі»  пәні  бойынша  практикалық  (семинар)  сабақтарын  өткізу  үшін 
әдістемелік нұсқау құрастырылған. 
 
Құрастырушы: ________________________________________ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
Тақырып № 1 Тарихты оқытуда пәнаралық және курсаралық байланыс 
Мақсаты:  Тарихты  оқытуда  пәнаралық  және  курсаралық  байланыс  туралы 
білімдерін бекіту және оқу дағдыларын қалырптастыру.  
Негізгі сұрақтар: 
1.Тарихты оқыту барысында пәнаралық байланысты пайдалану әдістері. 
2.Тарихты оқыту барысында курсаралық байланысты пайдалану әдістері. 
Тапсырма:  Тарихты  оқытуда  пәнаралық  және  курсаралық  байланысқа 
сипаттама бере отырып тақырыпты ашу. 
Әдістемелік  нұсқау:    Тарих,  география,  әдебиет,  адам  және  қоғам  
пәндерімен  тығыз  байланысты  сабақты  ықпалдастық  сабақ  деп  аталуына 
сипаттама.  Блоктық  оқу  Оқытуды  ұйымдастырудың  жаңа  түріне  жататын 
оқыту  технологиясы.  Жинақтау.  Оқытудың    сынақтық  жүйесіне  сипаттама.   
Ықпалдастық  сабақ  дегеніміз  не?  Тарих  пәні  бойынша  бір  күнде  бірнеше 
сабақ  өткізу  тәсілін  қолдану.  Блоктық  немесе  тақырыптық  оқуды  арнайы  
жоспар бойынша түрлі сабақ формаларын блокқа біріктіру әдістері. 
Есеп беру түрі: семинар сабағында ауызша жауап беру. 
Тақырып № 2Тарих пәнінің  жоспарлары мен бағдарламалары.  
Мақсаты:    Жалпы  орта  білім  беру  мекемелеріндегі  Қазақстан  тарихы  және 
Әлем  тарихы    пәндері  бойынша  оқу  жоспарлары  мен  оқу  бағдарламалары 
туралы білім-біліктерін қалыптастыру.  
   Негізгі cұрақтар: 
1.
 
Мемлекеттік стандарт. 
2.
 
Бағдарлама жасаудың  концентратты принципі. 
3.
 
Хронологиялық принцип. 
4.
 
Негізгі базалық компонент. 
5.
 
Білімділік компоненті.  
6.
 
Мазмұндылық компоненті. 
Тапсырма: Тарих пәндері бойынша білім беру стандартының  мазмұнымен 
танысу. 
1.
 
 Стандарт  бойынша  оқушылардың  Қазақстан  тарихы  бойынша  және 
Әлем тарихы бойынша білім-білік дағдыларын жазу. 
2.
 
Пән  бойынша  типтік  оқу,  оқу  жұмыс  бағдарламаларымен  танысу, 
тәжірибеде қолдану. 
Студенттерді  практикалық  сабақтардың  жоспарымен  таныстыру. 
Қазақстан  тарихын  оқытуға  арналған  негізгі  әдебиетпен,  оқу-әдістемелік 
әдебиетпен таныстыру және оларға қысқаша шолу жасау. 
     3.Әрбір  сыныпта  өтілетін  курсқа  төмендегі  көрсетілген    схемаме  кесте 
жасау. 

сын
ып 
Қазақс
тан 
тарих
ы  
Апта 
сағатын
ың саны 
Автор 
және 
оқулық 
Әдісте
мелік 
құралд
ар 
Хрестом
атия 
Оқуға 
арналған 
кітаптар 
Суретт
ер 
серияс
ы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
4.   Мектеп ба,дарламасы мен оқытудың негізінде Қазақстан тарихы 
курсындағы тараудың білімділік, тәрбиелік, дамытушылық  міндеттерін 
анықтау/ студенттердің қалауы бойынша/. 
Әдістемелік нұсқау: Қазіргі қоғам оқытушылардан үздіксіз, жүйелі де берік 
білім беруді іске асыру міндетінің орындалуын талап етуде. Әр мұғалім осы 
бағытта  оқу  үрдісінің  жалпы  мазмұнын  білу,  кәсіби  терең  білімнің  болуы 
және  білім  беру  құжаттарымен  жұмыс  істей  білу  талаптарын  орындап,  іске 
асыра  білуі  шарт.  Студенттер  Қазақстан  Республикасы  Жалпыға  міндетті 
білім беру стандартын басшылыққа ала отырып, мазмұнымен танысуы қажет 
және  оқу  үрдісін  ұйымдастырудағы  оқу  бағдарламаларымен  танысу, 
тәжірибеде қолдану.  Білім беруді анықтайтын құжаттарға: білім стандарты, 
оқу  жоспары,  оқу  бағдарламалары,  оқулықтар  жатады.  Оқу  үрдісін 
ұйымдастыратын  әрбір  оқытушы  аталған  құжаттармен  жұмыс  істей  алуы 
керек. Себебі олар білім алудың негізгі құралдары болып табылады. 
Есеп беру түрі:: студент тапсырманы жазбаша орындайды. 
Тақырып №3 Тарихи білімдер мен біліктіліктердің қалыптасуы. 
Мақсаты:  Студенттерді  адамзат  қоғамының  ежелгі  заманнан  бүгінгі  күнге  
дейінгі даму тарихынан жүйелі білім негіздерін қалыптастыру, бүкіл адамзат, 
жасаған  құндылықтарды,  мәдени  –  тарихи  тәжірбиенің  негізін  оқытып 
үйрету.  
Негізгі сұрақтар: 
1.Тарихты оқыту методикасының әдістерінің түрлері мен ерекшеліктері  
2.Мектепте  тарихты  оқытудың  ғылыми,  психологиялық  –педагогикалық 
және дидактикалық негіздері
 
Тапсырма: Студент тақырып бойынша Тарихи білімдер мен біліктіліктердің 
қалыптасуымен танысуы керек. 
Әдістемелік 
нұсқау:  оқушылардың 
дүниеге 
ғылыми 
көзқарасын 
қалыптастыру,  дүние  жүзі  халықтарының    тарихын  тығыз  байланыста 
қарастыра  отырып,  оқушыларды  халықтар  арасындағы  өзара  түсінушілік, 
бір-біріне  деген  жақындық    идеясына  тәрбиелеу,тарихи  үрдістің  көп 
қырлылығын,  көп  түрлілігін  көрсете  отырып,  оқушыларды  дүниежүзілік 
тарихи  дамудың  балама  мүмкіндіктері  барын  түсінуге,    соған  орай  тарих 
ғылымына  шығармашылықпен  қарауға  үйрету,оқушылардың  басты  назарын 
қоғам тарихына, халық тарихына, адамдардың өмір тіршілігі мен қызметіне, 
салт  –  дәстүр  тарихына  аудару,  сол  арқылы  жастардың  адамшылықты 
өмірлік  мұрат  ретінде  қабылдауына  көшектесу,оқушыларды  жалпы 

адамзаттық құндылықтардың  мәнін  дұрыс  түсінуге,  тарихи  қайраткерлердің 
өз  елдерінің  өміріндегі  және  дүниежүзілік  тарихтағы  рөлін  дұрыс  түсінуге 
тәрбиелеу,оқушыларды  дүниежүзілік  мәдениетке,  жеке  халықтардың  және 
отанымыздың  рухани  байлығына  құрметпен  қарауға  дайындау,оқушыларды 
бейбітшілік  пен  ынтымақтастық  рухында  тәрбиелеу;  олардың  бойына 
ұлтшылдыққа, нәсілдікке, соғысқұмарлыққа қарсылық сезімін сіңіру, адамзат 
прогресінің 
маңызды 
мәселелерін 
шешуге 
өзіндік 
үлес 
қосуға 
тәрбиелеу,оқушыларды  оқушылардың  жеке  адам  құқықтарын  құрметтеуіне, 
өзінің құқықтарын, еркіндіктерін саналы түрде пайдалана білуіне көмектесу, 
қоғам  алдындағы  жауапкершілігін  сезіне  білуге  тәрбиелеу,тарихи 
материалдарды дұрыс іріктеп, сапалы оқыту арқылы оқушыларды   ізгілікке, 
саналылыққа, 
адамгершілікке 
 
имандылыққа, 
еңбексүйгіштікке, 
ұқыптылыққа  тәрбиелеу,  олардың  жоғары  эстетикалық  талғамын 
қалыптастыру,тұлғаның  жеке  мүддесін,  оның  бейімділігі  мен  танымдық 
мүмкіндіктерін  барынша  ескере  отырып,  оқушыларда  өздігінше  дербес 
әрекет, қызмет жасау біліктерін қалыптастыру; оқушыларда – қоршаған орта 
мен табиғатқа ұқыптылықпен қарап, қорғау сезімін қалыптастыру.  
Есеп беру түрі:  семинар сабағында ауызша жауап беру. 
Тақырып №4 Тарих пәнінен мектеп оқулықтарының сипаттамасы 
Мақсаты:  Тарих пәнінен мектеп оқулықтарына сипаттама бере отырып 
хронологияға мән беру. 
Негізгі сұрақтар:  
1.Мектеп оқулықтарына қойылатын негізгі дидактикалық талаптар. 
2.Қазақстан Республикасындағы жаңа стандартқа сай тарих оқулықтарының 
ерекшеліктері.  
3.Тарих оқулықтарының мәтіндік және мәтіндік емес компоненттері 
4.Тарихтан мектеп оқулықтарының құрылымдық – функционалды талдаудың 
негіздері 
Тапсырма: Тарих пәнінен мектеп оқулықтарымен танысу. 
Әдістемелік  нұсқау:  Мектеп  оқулықтары  мен  танысу.  Оқушылардың  жас 
ерекшелігі  мен  дайындық  деңгейіне  сәйкес  ғылым  негіздерін  ашуға 
қойылатын  талаптармен  танысу.  Дидактикада  мектеп  оқулығына  аңықтама 
беру.  Білім  мазмұнның  баядау.  Оқушыға  оқулықтың  қаншалықты 
пайдалылығы. Оқулық параграфымен оқушылардың жүргізетін жұмыстарын 
ұйымдастыру.  Мектеп  оқулығына    қандай  әдістемелік  талаптар  қойылған. 
Жаңа  буын  оқулықтарының  ерекшеліктеріне  тоқталу.  Оқулық  пен  жұмыс 
істеудің  дағдыларына  сипаттама.  Оқулық  бойынша  оқушыларға  тапсырма 
берудің  тәсілдерін қолдану. 
Есеп беру түрі:  семинар сабағында ауызша жауап беру. 
Тақырып №5 Тарихты оқытуда белсенді және инновациялық әдістерді 
қолдану. 
Мақсаты: Тарих пәнін оқытудағы нәтижелі, сапалы білім көзі- 
интерактивті және инновациялық әдіс-тәілдерді білу, оны тәжірибеде 
қолдану дағдыларын қалыптастыру.  

Негізгі сұрақтар: 
1.
 
Тарихты оқытудағы белсенді әдістің бірі - ойын сабақ. 
2.
 
Ойын сабақтың жоғарғы танымдық потенциялы, ойын сабақ жариялылығы. 
3.
 
Іскерлік ойындар, тарихи шайқастар, театрлік қойылымдар мен байқаулар. 
   Тапсырма:  топта студент ойын тәсілінің әдістемесін көрсетуге даярлану 
   Тарих пәні бойынша сабақта ойын түрлерін қолдану әдістемесін көрсету: 

 
іскер ойын; 

 
рөлді ойын; 

 
дебат; 

 
танымдық-шығармашылық ойындар; 

 
дамыта-оқыту ойындары т.б./ 
Әдістемелік  нұсқау:    Тарих  пәні  бойынша  студенттің  таңдауы  бойынша 
келелі  тақырып    алынып,  ол бойынша ойын  түрлерін қолдану  әдістемесінің 
жоспарын  әзірлеу  қажет,  ның  презентациясын  әзірлеу.Оқытудың  ойындық 
формасына  кіретін  әдістерге  –  ролдік  ойындар,  конкурстар,  жарыстар, 
тренингтер,  интеллектуалдық  шолулар,  брейн  –  ринг  т.б.  іс-шаруалар  өз 
кезегінде  оқушылардың  осы  пәнге  деген  ынтасын  арттырары  сөзсіз. 
Қолданылатын  ойын  атауларын  тізбелесек,  олар:  «Тарихи  шынжыр», 
«саяхат»,  «Жас  деректанушы»,  «ХХІ  ғасыр  көшбасшысы»,  «Проблемалық 
полемика», «Тестік конкурс», «Тарихи сахналық қойылымдар», т.б. 
Есеп беру түрі:  семинар сабағында ауызша жауап беру. 
Тақырып №6 Тарихты  оқытудағы жаңа технологиялар.  
Дәріс мақсаты: Мұғалім мен мектеп жұмысының нәтижелі, табысты болуы 
оқыту  әдісіне  байланысты  екендігін  ескере  отырып,  оқыту  әдістерінің 
құрылымын,  жіктелуімен  таныса  отырып  сабақты  мәнді  өткізуге 
дағдыландыру.  Оқушылардың  танымдық  әрекеттерінің  сипатына  қарай  оқыту, 
ондаң әдістің мазмұнымен, мұғалімнің, оқушының  әрекетімен таныс болуы қажет. 
Негізгі  сұрақтар:  
1.Тарих сабағында жаңа инновациялық технологияны қолдануды үйрету.  
2.Инновациялық  технологияны  қолдану  пайдалануда  қолданылатын  әдіс  – 
тәсілдер.  
Тапсырма:  Студент  тақырып  бойынша  инновациялық  технологияның  
түрлері мен ерекшеліктерін білу керек

    
Оқушылардың  таным  әрекеттері  сипатына  қарай  ажыртылатын 
тарихты  оқыту  әдістері:  түсіндірмелі  көрнекілік,  репродуктивті, 
проблемалық баяндау, ішінара іздену және зерттеу. Әрбір әдістің міндеті 
оқытушы  мен  оқушылардың  іс  әрекеттері,  тарихты  оқыту  процесінде 
қолдану  мүмкіндігі.  Мұндағы  оқушының  іс  әрекеті  берілген  ақпаратты 
қабылдауға, оймен және есте сақтауға негізделген. Репродуктивті әдістің 
басты  бағыты    -  алған  білімді  қолдану  мен  пайдалнуды  білу  және 
дағдыны  қалыптастыру.  Оқушының  әрекеті  әртүрлі  тапсырмаларды 
шешуде  олардың  белгілі  бір  жаттығуларды  орындау  амалдарына  ие 
болуға,  практикалық  іс  әрекетке  алгоритіиге  сүйенуіне  тура  келеді. 
Проблемалық әдістің мақсаты – меңгеретін оқу материалдарына әр түрлі 
мәселелер  мен  әдістер  және  олардың  шешімдерін  ашып  көрсету. 
Оқушының  әрекеті  дайын  ғылыми  нәтижені  ойлау  мен  еске  сақтаумен, 

қабылдаумен  қатар  шектелмейді,  сондай  дәлелдеудің  логикасын 
бақылау, оқушының ойлау  
Оқушының әрекеті проблеманы қою  және шешу жолын табуды меңгеру 
барысында  оқушы  белсенді  қатысады.  Зерттеушілік  әдіс  –  ғылыми 
таным  әдістерімен  қамтамасыз  ету,  оқушылардың  шығармашылық 
әрекетін  дамыту  және  шығармашылық  әрекетті  ойдағыдай  қамтамасыз 
ету, епті пайдалынатын білімнің тұрақталуын үйрету. Оқушының әрекеті 
олардың өз бетімен мәселе қойып, оны шешу тәсілін табумен аяқталады. 
Есеп беру түрі:  семинар сабағында ауызша жауап беру. 
 
Тақырып №7 Тарихты оқытуда көрнекілік құралдарын пайдалану. 
Мақсаты:  Білім  берудің  жаңа  талаптарына  сай  тарих  сабақтарын 
дидактикалық-көрнекілік  жағынан  қамтамасыз  ету  ерекшеліктері  мен 
жолдарын қарастыру.   

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет