1. Оқу процесінде пәннің мақсаты. Пәннің мақсат-міндеттері және оның оқу процесіндегі орны


Оқу материалын түсіндіру жолындағы оқушылардың үйретімділігі



Pdf көрінісі
бет9/15
Дата31.01.2017
өлшемі1,32 Mb.
#3071
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15

                  3. Оқу материалын түсіндіру жолындағы оқушылардың үйретімділігі. 
                   Өзіндік жұмыс тәрбиелеу мен оқыту процесінің міндетті құрамдас бөлігі болып 
табылады.  Білім  сапасын  көтеру,  оқу  әдісін  жандандыру  мақсат  болып  отырған  казіргі 
кезенде  өздік  жұмыс  оқушылардың  белсеңділігін  арттыруға,  шығармашылық  қабілетін 
арттыруға,  жетілдіруге  көмектеседі.  Оқушылардың  ой-өрісін,  қиялын  дамытады.  Эмоция 
туғызуға  бұрын  алған  білімдерін  еске  түсіруге  мүмкіндік  береді.  Сондай-ақ,  өздік  жұмыс 
окушының  баспасөз  материалдарын  өзінше  ізденіп  оқуға,  сол  арқылы  танымын  кеңейтуге 
мүмкіндік  береді.  Жауапкершіліке  дағдыландырады.  Өзіндік  жұмыс  қушының  сабақта 
алған білімін кеңейте түседі. 
Өзіндік  жұмысты  ұйымдастыруда  сабақтың  бүкіл  уақытын  қамтымай,  оқушылардың 
жұмысына  өзім  бақылау  жасаймын.  Бастамасы  сыныпта  орындалып,  қалғанын  үйде 
орындайды. (Сабақтан тыс). 
Өз бетінше жұмыс істеуді ұйымдастырудың маңызды шарты, өтілген курстардағы біліміне 
сүйене  отырып  жүзеге  асыру.  Өзіндік  жұмысқа  тарих  курсы  окытыла  бастағаннан-ақ 
дағдылаңдыра  бастау  керек.  Курсты  жаңа  бастаған  окушылар  пәнді  оқып  мазмұндауға 
алғашқыда  дағдылана  алмайды.  Тарихи  материалды  меңгеруге  дайын  болмайды.  Себебі, 
оларда  қоғамдық  өмірдің  құбылыстары  туралы  ой  әлі  қалыптаса  қоймаған.  Оның  үстіне 
сөздік  қорларыда  аз  болады.  Тарихи  оқиғалардың  кейбір  мәліметтері  ғана  таныс. 
Сондықтан  тарих  курсын  жаңа  бастаушы  5-сыныптарда  өтілетін  алғашқы  сабақтарда 
оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуін дамытуға ынталандыру керек. 
Білім  беру  процесінде  оқушылардың  өзіндік  жұмысының  қандай  түрлері  қалай  жүзеге 
асырылып  жүр?  Күнделікті  сабақта  оқытудың  басқа  әдістері  тәрізді  сабақтың  барлық 
уақытын  қамтып  алмайтындай  етіп,  көбінше  сабақты      бекіту      кезеңінде      өзіндік 
тапсырмалар      орындалады.      5-ші,  6-сыныптарында  оқулық  материалдарына  сүйеніп 
мәтіннің тақырыбын онын негізгі сұрақтарын ойлап табудан бастаймыз. 
Мысалы: 1. Андронов мәдениетін жасаушылар қай дәуірде өмір сүрген? (Қола). 
2.
 
Андронов тайпалары шаруашылықтың қандай түрімен шұғылданған? (Балық аулау) 
3.
 
Адамзат  дәуірінің  басталу  кезеңі  неліктен  тас  ғасыры  деп  аталған?  Бұдан  соң 
қарапайым  жоспарлар  құру  оқушыларға  тапсырылады.  Бесінші  сынып  оқушылары  «Көне 
дүние куәлары» тақырыбы бойынша төмендегідей жоспарлады. 
1.
 
Тас құралдар дәуірі. 
2.
 
Егіншіліктің басталуы. 
3.
 
Тарихи деректер. 
Ал кейбір оқушылар кесте түріңде көрсетті. 
Тас құралдар дәуірі 
Егіншілік 
Тарихи деректер 
Тастан жасалған құрал-
саймандар 
Соқа, кетпен 
Жазбадеректер, заттай деректер 
Мұнан соң тексті өз бетінше мәнерлеп оқу. 
Оқушы мәтін сөзін бұзбай мәнерлеп оқуға жаттығады. Тақырып соңында берілген таным 
арттыратын  топтама,  құжаттар,  жеке  тұлғалар  өмірімен  өздік  жұмыс.  Берілген 
материалдарды  мазмұңдауға  немесе  дәптерге    қажеттісін    жазу,  тапсырмаларды  орындау 

ұғымына байланысты мысалдар келтіру. Сөйлем құрау тапсырылады. Жаңа сабақты бекіту 
кезеңінде  алдын-ала даярланған кестені беріп соған байланысты қоғам өмірінің қырларын 
анықтауға жетелеуге болады. Өзіндік жұмыстың мұндай түрлерін орындай отырып, оқушы 
өз бетімен қоғам өмірінің экономикалық, саяси әлеуметтік, таптық, мәдени жағын ажырата 
білуге дағдыланады. Осылайша оқушылар үшін проблемалардың күрделілігі біртіңдеп өсіп 
отырады.  Бұл  орайда  5-6  сынып  оқушыларына  арналған  қосымша  құралдарды  пайдалануға 
болады.  (Жұмыс  дәптерлері,  т.б.)  Оқушының  жаңа  білімді  қалай  меңгергенін  білу 
мақсатында жабық тест түрінде өздік жұмыс тапсырылады. Сонымен бірге, сөз жұмбақтар 
немесе ребус жасау тапсырылады. Ойлауды қажет ететіндіктен көбінесе үйге беріледі. Әр 
оқушы әр түрлі етіп даярлайды. 
Мұндай  жұмыстар  оқушылардың  қабілетіне  қарай  тапсырылады.  Мысалы,  6-сыныпта 
оқушылар  мынадай  топтарға  бөлінген.Поэзияға  аздап  болса  да  бейімділер  «Жас 
Мұқағалишылар» то6ы. Бұл тұрғыдағы өзіндік жұмыс оқушылардың белсенділігін арттырып 
қана қоймайды, сонымен бірге шығармашылық қабілетін де жетілдіруге көмектеседі.  
      Бір оқушы Кұлтегін ескерткішін былайша жұмбақтады: 
Бұл қандай тас он бойына құпиясын жасырған, 
Кеше ғана мәлім болып шежіресі ашылған. 
Бұрынғы өткен көне түркінің баян еткен тағдырын 
Батыры мен бағланының жайып салған жан сырын — десе,екінші оқушы: 
- Биіктегі үш метрден асады, 
Үшбұрышты тастан оны қашады. 
Бір метрден ұзынырақ ені бар, 
Тапшы соны кімдер оны жасады?—деп өлең жолдарымен өрнектейді.  
Ал Хаммурапи заңдарын: 
Екі жүз сексен екі баптан тұрған, 
Патшасы Вавилонның мұны құрған. 
Жер мен қарыз, кепілдің, дәрігерлік 
Табасың не керектің бәрін бұдан. 
Береді мол мәлімет ежелгідей, 
Ұрлық үшін өлімге үкім қылған. 
Бұл қандай заң? (Хаммурапи заңы) деп жұмбақтайды. Мұндай өлеңдер мен жұмбақтаудың 
қайсы  біреулері  ұйқасы  жоқ,  тек  мазмұнын  қара  сөз  арқылы  төрт  жол  етіп  жазып 
келетіндері  де  кездеседі.  Ондай  оқушыларды  өз  бейіміне  қарай  бағыттауға  болады. 
«Қастеевшілер»  тобы  тақырыпқа  сай  өз  суреттерін  салып  келіп,  сол  суреттің  мазмұнын 
ашады. Әңгімелеу барысында оқушылардың өнерін мадақтаумен бірге сол суретті көрсету 
арқылы  білуге  тиісті  сұрақтарға  оқушылар  жауап  береді.  Суретті  салған  оқушы  оның 
сырын  қысқаша  баяндайды,  суреттегі  негізгі  ойды  ашуға  көңіл  бөлінеді.  Өзіндік  жұмыс 
атқаратын келесі топ  «Жас Әуезовшілер»  тобы. Олар көбінесе оқулықтағы суретке карап 
шағьш  көркем  әңгіме  жазып  жүр.  Әңгімелер  өте  қысқа,  ал  кейде  шұбалаңкы  көркемдік 
жағы әлсіз болып келеді. 
4.  Тарих  сабақтарында  мәселелермен,  үйретімділік  жағдайлар  мен  жұмыс  істеу 
әдісі.Сабаққа талдау жасау немесе қазіргі сабаққа қойылатын талаптар. Әрбір мұғалімнің 
және мектеп басшысының сабақ пен сабақтан тыс жұмыстарға қатысып, тексеру, талдау 
жасау  және  тәжірибе  алмасу  жұмыстарын  жүргізіп  отыруы  —  педагогикалық  іс-
тәжірибені  жетілдіру  мен  сабақтың  тиімділігін  арттырудың  маңызды  факторы.  Қатысу 
мақсаты  қандай  болмасын  сабаққа  қатысушы  (тексеруші)  адам  сабаққа  талдау  жасау 
барысында мұғалімнің төрт бағыттағы жұмысын ескеру керек: 
1.
 
Мұғалімнің ұйымдастырушылық қызметі; 
2.
 
Мұғалімнің білімділік (оқытушылық) қызметі; 
3.
 
Мұғалімнің тәрбиелік қызметі; 
4.
 
Оқушылардың іс-әрекетіне қойылатын талаптардың орындалуы. 
Ұйымдастыру  қызметіндегі  талаптардың  ішінде  ең  алдымен,  сабақты  ұйымдастырудың 
психологиялық-педагогикалық  негіздеріне  көңіл  болу  керек.  Көптеген  практиктердің 
тәжірибесі  мен  педагогикалық  жұмысты  зерттеудің  нәтижесінде  дәлелденген  деректерге 

сүйенсек  (В.П.Симонов  "Мектеп  директорына  оку-тәрбие  процесін  басқару  туралы") 
оқушылар  сабақтың  1-4  минутында  мағлұматтың  60  пайызын  игереді.  5-23  минут 
аралығында 80 пайыз, 24-34 минут аралығында 45-50 пайыз, 35-ші минуттан сабақ соңына 
дейін  6  пайыз  шамасында  игереді.  Яғни,  осы  көрсетілген  деректерге  сүйене  отырып, 
сабақтың  кезеңдері  мен  түрлілігін  және  әдістерін  үйлестіру  керек.  Психологтардың 
анықтауы  бойынша  адам  баласы  естігенінің  10  пайызын,  көргенінің  50  пайызын,  өз 
қолымен  жасағанының  90  пайызын  игереді.  Бұдан  шығатын  қорытынды  —  сабақтың 
көрнекілігі мен практикалығының жүзеге асуына көңіл бөлу керек. 
Сабақты  ұйымдастыруда  мұғалімнің  мынадай  талаптары  дұрыс  орындауы  сабақтың 
сапасын арттырады: 
1.
 
Белгіленген сабақ жоспарын орындау; 
2.
 
Оқытудың  көрнекілігі  және  техникалық  құралдарын  мақсатқа  сай  және  нәтижелі 
пайдалану; 
    3.Негізгі психологиялық және гигиеналық талаптарды іске асыру; 
    4.Барлық оқушылармен нәтижелі кері байланыста болу; 
5.
 
Оқу пәнін білуі, педагогикалық тәжірибесінің дәрежесі; 
   6. Сабаққа қажетті құжаттарды дайындаудағы ұйымдастыру дәрежесі; 
7.  Мұғалімнің 
сөйлеу 
мәнерінің 
сапалылығы, 
үйлесімді 
карқыны, 
екпіні, дикциясы, бейнелілігі, сезімділігі, эмоциясы; 
8.
 
Сабақта уақытты ұтымды пайдалануы; 
9.
 
Мұғалімнің педагогикалық мәдениеті, тартымдылығы, сыртқы көрінісі; 
   10.Енбекті корғау және кауіпсіздік техникасы. 
Сабақта әрбір баланы (барлығын) белсенді жұмысқа тарту шеберлігі аса маңызды болып 
табылады.  Мұғалім  оқушылардың  аз  ғана  тобымен  жұмыс  істеп,  жоғары  жетістіктерге 
жетуін  емес,  барлық      баланың      өзіне      лайықты;  жетістігінің  болуын  қамтамасыз  етуі 
керек.  
Мұғалімнің белсенділік (оқытушылык) қызметін талдағанда ескерілетін мәселелер: 
1. 
Оқытудың  ғылымилық принципін іске асыру; 
2.Көрнекілік принципінің жүзеге асуының айқындығы; 
3.Білімінің және икем-дағдыларының беріктігі; 
4.Оқытудың мүмкіндікке және шамаға қарай жүргізілуін қамтамасыз ету; 
5. 
Сабақтың проблемалық принципін жүзеге асыру; 
6.Оқу мен өмірді, теория мен практиканы байланыстыру; 
7.Басты  дидактикалық  мақсаттың  айқындалуы  мен  оның  орындалуы  дәрежесінің 
үйлесімділігі; 
8.Оқыту  әдісін дұрыс таңдау және оның оқушылардың жасы мен даму ерекшеліктеріне 
лайықты болуы; 
9.Оқушылардың білім, икем-дағдыларын тексеру мен бағалауға қойылатын талаптардың 
деңгейін білу дәрежесінің қалыптасуын бақылау; 
10.Үй  тапсырмасы  көлемінің  үйлесімділігі  және  оны  оқушыларға  жеткізу  әдісінің 
тиімділігі. 
Оқу  материалдарының  игерілуі  сабақтағы  уақыттың  тиімді  пайдалануына  тікелей 
байланысты болады және білімнің дұрыс меңгерілуі мен үй тапсырмасының шамадан тыс 
көп берілмеуі үшін жаңа материалды меңгеру мен оны қолдана білу жұмыстарының 80-85 
пайызы сабақ үстінде орындалғаны дұрыс. 
Қай пәннің мұғалімі  болмасын, ол оқытумен бірге тәрбиелік мақсаттағы жұмысты қатар 
алып  жүруі  керек.  Бүгін  оқытып,  ертең  тәрбиелеуге  болмайды.  Бұл  мәселелер  кешенді 
түрде шешілуі, яғни оқытуды тәрбиелей отырып жүргізу — әрбір мұғалімнің міндеті. 
Ой еңбегін дұрыс ұйымдастыра білуге тәрбиелеп отыру көбінесе фор-мальды жүргізіледі. 
Яғни  оқушылардың  сабақты  үлгермеуінің  негізгі  себебі  —  олардың  оқығысы 
келмейтіндігінде, — деп жауап береді көп мұғалімдер. 
Шындығына келсек оқушылардың үлгере алмауының негізгі себептерінің бірі — оқу еңбегін 
неден  бастап,  қалай  жүргізу  керек,  қандай  басты  мәселе-лерге  басты  назар  аудару 

керектігін  білмейтіндігінде.  Сондықтан  да  оқушылардың  ой  еңбегін  ұйымдастыру 
дағдыларын бағыттай отырып, дұрыс қалыптастыруға тәрбиелеу керек. 
Тәрбиелік  мақсатты  жүзеге  асыру  үшін  мына  бағыттағы  жұмыстардың  дұрыс 
ұйымдастырылуын жүзеге асыру қажет: 
1.Сабақтың өнегелі ой мен әлемге көзқарасын қалыптастыру бағытында болуы; 
2.Оқушылардың оқу және еңбек ету дағдыларын қалыптастыру; 
3. 
 Экономикалық тәрбие мен кәсіптік бағдар беру үшін мүмкіндіктерді пайдалану; 
4. Сабақтың оқушылардың дамуы мен ақыл-ой тәрбиесіне әсері; 
5.  
Гигиеналық және дене тәрбиесіне қойылатын талаптар; 
6. Сабақтың оқушыларға эстетикалық әсері; 
7.
 
Тәрбиелік  мақсатты  жүзеге  асыру  үшін  сабақтың  практикамен  және  өмірмен 
байланысын пайдаланудың тиімділігі; 
8.Ауызша және баллдық бағалаудың тәрбиелік мүмкіндіктерін пайдалану; 
9.Мұғалімнің оқушыларға қатынасының бағыты мен оларды басқару стилінің дұрыс-тығы; 
10.  Сабақтағы мұғалімнің жеке басы мен оның іс-әрекеттерінің тәрбиелік мәні.  
 
  Осы  орайда  5-сыныпта  тарих  пәнінен  "тарихи  хронология"  тақырыбында  өткен 
сабағынан  мысал  келтіруге  болады.  Ғасырда  неше  жыл  бар?  Т.б.,  есептер  үшін  алған 
мысалдары сол сыныптың ішінен, оқушылардың өздері мен заттарын қатыстыра отырып 
алынуы  оқушылардың  қызығушылығы  мен  белсенділігін  арттырса,  есепті  шешу 
жолдарының  бірізділігін  сақтауы,  жауапты  толық  беруді  талап  етіп,  өзін-өзі  және  бірін-
бірі тексеруді ұйымдастырып отыруы — оқушыларды ұқыптылыққа, тиянақтылыққа және 
оқушыға қойылатын талап дәрежесін меңгере білуіне тәрбиелеп отырады. 
Сабақта оқушылардың іс-әрекетіне қойылатын талаптардың орындалуы  сабақтың негізгі 
мақсаттарының жүзеге асуының негізі. 
1.Танымдык белсенділігінің деңгейі; 
   2.Сабақ пен оқу пәніне қызығушылығының дәрежесі. 
   3.  Өз бетінше жұмыс істеу дәрежесі; 
4.  Білім  маңыздылығы  (оқу  материалдарынан  алдыңғы  қатарлы,  негізгі,  озық  идеяларды 
айыра білу); 
5. 
Талдау дағдысы мен шеберлігінің деңгейі; 
6.
 
Сабақ барысында сөйлеу, жазу, графикалық және арнайы икем-дағдыларының дамуы; 
7.
 
Ұжымдық (топтық) жұмыс дағдыларын дамыту; 
8.
 
Тақтада жұмыс істей білу; 
9.
 
Ұйымшылдығы мен тәртіп тілігі; 
10.Оқушылардың сыртқы көрінісінің бірыңғай талапқа сай болуы. 
Оқушылардың оқу белсенділігінің мысалы "Алғашқы қауымдық құрылыс" тақырыбында 
өткен  сабақтарында  оқушылардың  жас  ерекшеліктеріне  сай,  тарихи  мұражайдағы 
алғашқы  адамдардың  тұрмыс  тіршілігінен  мысалдар  келтіре  отырып  жүргізуі 
оқушылардың белсенділігінің артуына, оларды бағыттай отырып, өз бетінше талдау жасай 
алуына  дағдыландырып,  оқушылардың  өз  бетінше  сөйлеу,  талдау  жасау  қабілеттерін 
арттырып отырады . 
 
Бекіту сұрақтары
1.Оқыту әдісі туралы түсінік беріңіз? 
                  2. Тарихи материялды ауызша оқытудағы негізгі тәсілдерне қысқаша мінездеме 
бер?. 
                  3.  Оқу  материалын  түсіндіру  жолындағы  оқушылардың  үйретімділігін  қалай 
түсінесіз? 
4. Тарих сабақтарында мәселелермен, үйретімділік жағдайлар мен жұмыс       істеу әдісі 
туралы не түсіндіңіз? 
Әдебиет: 
1. Шаймерденова К.Ш. Қазіргі сабақ және өзекті мәселелері. А., 1990 
2. Тұрлдығұлов Т. Тарих сабағын жетілдіру жолдары. А., 1984 

3.Ө.И.Исенов .Оқыту жүйесіндегі тестілік бақылау және тест құрастыруға 
қойылатын талаптар «Білім беру жүйесінде мамандарды даярлау сапасын көтеру 
жолдары » // Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық оқылымдары туралы 
материалдары. Қостанай ,2008 ж. 2 ақпан. 34-39 бб 
Дәріс  №10.  Антикалық  және  ежелгі  дүние  тарихын  оқытудың 
ерекшеліктері. 2 сағат 
1.
 
Ежелгі  дүние  тарихы  курсының  мазмұны.  Оның  хронологиялық  шегі, 
кезеңдері, негізгі ұғымдары. 
2.
 
Курсты оқытудағы көрнекілік және деректік материалдарды пайдалану. 
3.
 
Пәнаралық байланыстар. 
4.
 
Антикалық  және  ежелгі  дүние  тарихы  курсының  тақырыптары  мен 
бөлімдерінің орны. 
 
Дәріс тақырыбы: 4. Орта ғасырлар тарихын оқыту ерекшеліктері.2 
сағат. 
Дәріс 
№11. 
Ортағасырлардағы 
дүние 
жүзі 
тарихын 
оқыту 
ерекшеліктері. 2 сағат 
1.
 
Орта ғасырлар тарихының курсын оқытудың білімділік, дамытушылық, 
тәрбиелік мақсаттары. 
2.
 
Курстың құрылымы мен мазмұны. 
3.
 
Орта ғасырлар тарихының курсын оқытуда картаны пайдалану. 
 
7 -сын ып т а  орт а  ғасырл ар  т арих ын   оқ ыт у  -  оқ ушы ларға  тарихи  білім  беру 
жүйесінің  маңызды  буыны.  VI  с ы н ы п т а   а л ғ а ш қ ы   қ а у ы м д ы к   қ ұ р ы л ы с   п е н  
к ұ л   и е л е н у ш і л і к   к о ғ а м   т ур а л ы   ұ ғ ы м д а р   м е н   т ус і н і к т е р   қ а л ы п т а с тырған 
окушылар ендігі жерде адамзат тарихының жаң а   к ез ең і   -   ф е од а лд ы к   ф о р м ац и ян ы 
о қ ып  үй р ен уг е   көшеді. 
7-сыныпта  коғамның  даму  заңдарын  толық  тұжырымдап  беру  мүмкін  емес.  Бірақ 
оқушыларды оны меңгеруге  дайындауды  онан  әрі  жалғастыру  -  орта  ғасырлар 
тарихын оқытудың басты міндеттерінің бірі. 
Орта  ғасырлар  тарихының  феодалдьщ  коғам  экономикалық  формациясының  өтпелі 
сипатын  ашып  көрсетудегі  мүмкіндігі  зор.  7-сынып  окушылары  феодалдьщ  коғам 
қүрылысының  даму  кезеңдерін,  оның  қалыптасуын,  дамуын  жөне  ыдырауын 
жүйелі түрде окып біледі. Мұғалім феодалдык күрылыстың ыдырау процесін түсіндіру бары-
сында  оның  заңды  құбылыс  екеніне  окушылардың  кезін  жеткізеді.  Оқушылардың 
феодалдық  коғам  дамуындағы  үш  кезеңді  жете  түсініп,  олардың  өзара  ерекшеліктерін 
ажырата білуіне назар аударады. 
Орта  ғасырлар  тарихын  оку  аркылы  окушылар  сана-сында  «әлеуметтік  топтар», 
«мемлекет»,  «коғамдық  құрылыс»  сиякты  тарихи  ұғымдар  калыптасады. 
«Ортағасырлық  қоғамның  негізгі  белгілері  мен  ерекшеліктері»  деген  тарау  феодалдық 
поместье, феодалдык  бытыраңқылық,  феодалдык қырқысулар, феодалдык саты, шаруалар 
туралы  мағлұматтар  беруге  бағытталған.  Ерте  орта  ғасырларға  тән  ірі  жер 
иеленушіліктің дамып, ерікті ша-руалардың басыбайлыға айналуы, натуралды шаруашы-
л ы к т ы ң   т о л ы к   ү с т е м д і к   қ ү р уы ,   с ө й т і п   е р т е д е г і   ф е о д а л дык  мемлекеттердің 
ірге тебуі сияқты күбылыстар окушылар жадынан орын алады. 
Орта  ғасырлар  тарихының  екінші  бөлімінен  окушылар  Еуропадағы калалардың 
өсуі,  соған  байланысты  ХІ-ХУ  ғасырларда  коғамда  болған  езгерістер: 
колонер-дің  ауыл  шаруашылығынан  бөлініп  шығуы,  қалалык  сауда-қолөнер 
орталыктарының  пайда  болуы,  калалар-дың  тәуелсіздік  үшін  күресі,  сауданың 
дамуы  туралы  білім  алады.  Оқушылар  орта  ғасырдағы  католик  шіркеуінің  коғам 
өміріндегі кертартпа пиғылымен де танысады. 

Үшінші  бөлімнен  оқушылар  Еуропа  мемлекеттерінің  саяси-экономикалық  дамуы, 
мәдениеті,  ағарту  ісі  мен  әдебиеті,  ғылыми  білімдерінің  дамуы,  Ұлы  географиялык 
ашулар,  Ресейде  орталықтанған  мемлекеттің  кұрылуы,  XVII  ғасырдағы  Ресей  жайында 
окып біледі. 
Оқушылардың  адамзат  қоғамының  даму  тарихы  туралы  ғылыми  көзқарастарын 
қалыптастыру,  жалпы  адамзаттық  құндылықтардың  мәнін  дүрыс  түсінуге  тәрбиелеу 
оқыту өдістерін онан өрі жетілдіре түсуді талап етеді. 
Әдістемелік оқу күралы мүғалімнің өз білімін окушы санасына ұтымды жеткізуіне 
көмектеседі. Ол жас мүғалімнің де, тәжірибелі үстаздың да шығармашылық қадамын 
шектемейді, керісінпіе, ізденуге жол ашады. 
Мұғалім тек әдістемелік күралмен шектелмей, жаңа, тың, объективті тарихи зерттеулерді, 
мерзімді басылымдардағы жаңа ой-пікірлер мен көзқарастарды шығармашылықпен 
пайдалана білгені жөн. 
 
Өзіндік бақылау сұрақтары: 
1.
 
Орта ғасырлар тарихын мектеп курсының мазмұны қандай? 
2.
 
Хронологиялық шегі мен кезеңдері сипаттама беріңіз? 
3.
 
 Қоғамның даму заңдылықтарын ашуға қолайлы курстың негізгі ұғымдары мен 
жетекші идеяларының мазмұнын ашып көрсетіңіз? 
4.
 
Азия жөне Африка, Америка,Европа елдерінің ортағасырлық тарихындағы 
негізгі оқиғалар мен процестерге дәйекті сипаттама жасаңыз.  
 
Дәріс  №12.Дүниежүзінің  жаңа  және  қазіргі  заман  тарихы  курсының 
міндеттері мен негізгі мазмұны. 2 сағат 
1.
 
Жаңа  және  қазіргі  заман  тарихын  мектеп  курсының  мазмұны, 
хронологиялық шегі мен кезеңдері. 
2.
 
Қоғамның  даму  заңдылықтарын  ашуға  қолайлы  курстың  негізгі 
ұғымдары. 
3.
 
Азия  және  Африка,  Европа  мен  Америка  елдерінің  жаңа  және  қазіргі 
заман тарихындағы  негізгі оқиғалар мен процестерге сипаттама. 
Европа  және  Америка  елдерінің  жаңа  және  қазіргі  заман  тарихы»  курсы  әлем 
мемлекеттеріндегі  қоғамының  қалыптасу  процесін,  оның  дамуын,  тарихи  оқиғаларды 
объективті түрде жан-жақты дамуын нақты тарихи материал негізінде қарастырады. 
    «Европа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы»  курсы Европа және 
Америка  елдерінің  басқа  мемлекеттермен  тығыз  байланыста  болған  тарихи  оқиғаларын 
көрсететін тарихтың басты және жалпы тарихи процесстер бағытын ашуға бағытталған. 
Пән    17ғ.  ортасы  мен  20ғ.  басына  дейінгі    Европа,  Америка  елдерінің  тарихын  оқытуға 
арналған.  Жаңа  тарихты  зерттеу  бүкіл  әлемдік  тарихи  процесс  барысын  түсіну  үшін 
қажет.  Жаңа  тарих  кезеңі  уақытында  капитализмнің    әлемдік  жүйе  ретінде  қалыптасуы 
мен нығаюы жүзеге асады. Жаңа тарих курсы Европа мен Америка елдерінің жаңа тарих 
кезеңдегі  әлеуметтік-  экономикалық,  саяси  және  мәдени  дамуының  заңдылықтары  мен 
ерекшеліктерін анықтауға арналған.  
  
Курс  барысында    XVII-  XVIII  ғ.  ерте  буржуазиялық  революциялардың  туу 
заңдылықтарын  анықтауға,  Европа  мен  Америка  елдеріндегі  буржуазиялық 
мемлекеттіктің  қалыптасу  кезеңіне,  саяси  партиялар  мен  қозғалыстардың  пайда  болуы 
мен  қызметіне,  ұлт-  азттық  қозғалыстардың  дамуына  ерекше  көңіл  бөлінген.  Сонымен 
қатар бұл курс барысында капитализмнің дамуының  әртүрлі стадияларының Европа және 
Америка  елдерінің  қоғамдық  саяси  дамуына  тигізген  ықпалын  қарастыруға  зор  мән 
берілген. 
 
Шетелдердің ХХ ғасыр тарихының басты мақсаты – Европа және Америка  
елдеріндегі тарихи процестердің негізгі белгілеріне, құбылыстарына және қарама-
қайшылықтарына жан-жақты анализ беру; 
Шетелдердің қазіргі заман тарихын оқып 
үйрену жастарға  адамзат қоғамының осы дәуірдегі заңдылықтарын қадағалап, әлемде 

болып жатқан күрделі процестерді дұрыс ұғынуға біздің планетамыздағы  өмірді өзгерту 
ісінде, Республикамызда болып жатқан қайта құруда өз орынын табуға көмектеседі. 
Пәнді оқытудың мақсаты:17ғ. -20ғ. басындағы Европа және Америка елдерінің тарихы 
туралы берік, тұтас білім қалыптастыру;Капитализмнің қалыптасуы мен даму 
эволюциясының негізгі заңдылықтарымен, жаңа заман тарихы курсы кезеңіндегі әлем 
елдерінің даму тенденциялары, жекелеме елдердің әлеуметтік-экономикалық және саяси 
даму ерекшеліктерін ашу. 
  Тарихи дамудың негізгі тенденцияларын түсінуде маңызды мәні бар негізгі мәселелерді 
атап көрсетуді мақсат етіп қойды. Қазіргі заман тарихы – бұл, қазіргі уақытпен тығыз 
байланысты дүние жүзілік тарихтың бір бөлігі. Шетелдердің ХХ ғасыр тарихы осы 
ғасырдың басындағы  әлемде болған терең өзгерістерді оқыта отырып, әрбір тарихи 
жағдайда бұрынғылардың өзгеріп, әлеуметтік жаңарудың жаңа жолдары мен түрлері 
пайда болатындығын көрсетеді.  
Курсты оқу барысында оқушылар мына төмендегі дағдылар мен икемділіктерді меңгеруі 
керек: 

 
Пән бойынша негізгі оқиғаларды білу;  

 
Курстың категориялы-түсінік аппаратын және арнайы терминдерді білу; 

 
Оқиғалар мен құбылыстардың негізгі себептері мен болмысын анықтауды меңгеру; 

 
өзіндік қорытындылар жасау, пікір білдіру. 

 
Оқиғаның мәні мен нәтижесін өзіндік бағалау; 

 
Салыстырмалы талдау жасау; 

 
әр түрлі көзқарастарды құрастыру және аргумент келтіру; 

 
негізгі тарихи құжаттардың мазмұныны білу, оларды талдау,оларды қолдануды 
білу. 

 
Тарихи әдебиеттермен жұмыс жасауды білу, сын тұрғысынан талдау, бағалау. 

 
Көрнекті тұлғалардың тарихи портретін дұрыс құрау; 

 
Картамен жұмыс жасауды меңгеру. 

 
Европа ,Америка елдері тарихи облыстарының картасы және картосхемаларын 
білу, білім көзі ретінде пайдалану; 

 
Тарихты ғылыми кезеңдерге бөле білу негізінде, нақты осы кезеңге қысқаша 
тарихи анықтама жасай білу, тарихи оқиғаларда, процестерді кезеңмен, 
заманмен салысытыру, олардың дүниежүзі елдерінің тарихи дамуында алатын 
орынын анықтау; 

 
Тарихи шындықты, обьективті, тарих ғылымының әдістерін (салыстырмалы 
тарихи, синхронды, ретроспективті және т.б.) басшылыққа ала отырып, 
фактілерді талдау, салыстыру, жинақтап, қорыту. 

 
Деректеме, тарихнамалық көзқарас негізінде, әр түрлі дерек көздерін сын 
көзбен талдау, салыстыру, өз пікірін дәлелдеу. 

 
Тарихи оқиғалармен құбылыстарға, көрнекті саяси , қоғамдық қайраткерлер, 
ойшылдар қызметіне баға беру. Маңызы, тағылымдары, дүниежүзілік тарихқа 
қосқан үлесі адамгершілік өлшемдерге сәйкестігі. 

 
Тарихи оқиғаларға берілген түрліше көзқарастарды салыстыру, өз пікірін 
дәлелдеу, айтыстарға қатысу; 

 
Қазіргі қоғам дамуының әр түрлі -әлеуметтік, экономикалық, экологиялық және 
басқа прблемаларын талдауда тарихи білімді қолдана білу; 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет