1. Оқу процесінде пәннің мақсаты. Пәннің мақсат-міндеттері және оның оқу процесіндегі орны


  Оқулық  текстермен  жұмыс  істеу  тәсілдері



Pdf көрінісі
бет12/15
Дата31.01.2017
өлшемі1,32 Mb.
#3071
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

2.  Оқулық  текстермен  жұмыс  істеу  тәсілдері:Тарихты  оқытудың  алдында  тұрған 
білімділік-тәрбиелік міндеттердің  ойдағыдай шешілуі үшін оқушылардың тарих курсының 
мазмұнын калай меңгеріп отырғандықтарын білудің маңызы зор. Тарихты оқыту процесінде 
мұғалім  мектеп  оқушыларына  білім  беру,  оларды  тәрбиелеу  және  дамыту  жөніндегі  бір-
бірімен  тығыз  байланысты  міндеттерді  шешеді.  Оқушылар  негізгі  тарихи  фактілерді 
меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар оларды елегінен өткізе отырып, теориялық білімдерді, 
яғни курстың идеялары мен ұғымдарын игеруі, тарихи процестің кейбір зандылықтарын біліп 
алуы  керек.  Білімнің  терең  меңгерілуі  оқушылардың  ойлауын  дамытуды:  фактілерді  талдай 
және қорытындылай білуді, оқиғалар мен құбылыстарды салыстырып, саралай білуді, оларды 
өз бетімен бағалай білуді көздейді. Соған қоса  тарих нұскаулары, қосымша тарихи әдебиет 
мен карталар және көрнекі құралдармен өз бетімен жұмыс істеу шеберлігі мен дағдысын игеруі, 
оқушы-лардың ауызша және жазба тілін дамыту қарастырылады. 
Орыстың атақты педагогы В. Сухомлинский: «Мектеп дегеніміз - ең ал-дымен кітап» - деген 
екен.  Байқайсыз  ба,  өте  терең  айтылған  сөз.  Бала  бір  ғана  мұғалімнің  айтылғанымен 
шектеліп,  оқулыктарды  ғана  қанағат  тұтса,  қайтіп  қанаттанады.  Аясы  тар  түсініктің  ғана 
өрісінде шектеліп калады. Осының бәріне кең жол ашатын - кітап. Кітап - ол жансыз мұғалім. 
Ол сені білім нәрімен сусандырады. Сондықтан да оқушы білімін үнемі жетілдіріп,  тәуелсіз 
еліміздің  тарихи  кезеңдеріне  саяси,  экономикалық  және  мәдени  материалдар  берілген 
кітаптар,  кітапшалар,  энциклопедияларды,  мерзімді  баспасөз  беттерінде  берілетін  тарихи-

қоғамдық материалдарды оқушылардың өз бетінше ізденуіне бағыт-бағдар бере білу керек. Ел 
тарихын  оқытуда  сыныптан  тыс  оқу,  қосымша  көркем  тарихи  әдебиетді  сабақта  пайдалану  - 
оқушылардың білімінің, тарихи ұғымдардың жүйелілігіне әсер етеді; оқушылардың ақыл-
ойын,  танымын,  сезімін  дамытуға  мүмкіндік  береді.  Ең  бастысы,  оқушыны  еңбектене  білуге 
үйретіп,  қызығушылығын  арттырады.  «Махамбеттің  жебесі»,  «Көшпенділер»,  «Алмас 
қылыш»,  «Абылай  хан»,  «Сырым  туралы  сыр»,  «Кенесары  хан»,  «Қызылдар  қырғыны», 
«Нәубет»,  және  тағы  баска  тарихи  көркем  әдебиет  оқушыларға  тарихи  оқиғалар  мен 
адамдық  тұлға  жөнінде  жан-жақты  мағлұмат  бере  отырып,  адамгершілік  қасиеттерге 
тәрбиелейді, сана-сезімінің жетілуіне әсер етеді. 
Тарихи  қайраткерлердің  тарихи  образы,  егер  ол  нақты  және  оқиғалы  материалдарға 
байланысты  баяндалса  білім  берік  және  ұзақ  есте  сакталады.  XVIII  ғасырдағы  Қазақ 
хандығының  саяси  жағдайы  мен  жоңғар  шапқын-шылығы  кезіңдегі  қазақ  батырларының 
ерлігін  баяндауда  М.  Жұмабаевтың  «Батыр  Баян»  поэмасынан  үзінді  келтіруге  болады. 
Мысалы:  ақын  поэманың  басты  кейіпкерлеріне  -  Абылай  хан,  Баян  батырды  және  бір  топ 
батырларды атап, олардың әркайсысына мінездеме береді. 
...Жиылды өңшең ноян ығай - сығай, 
                                    Байжігіт, Тасболат пен би Толыбай.  
                                  Ту баста Абылайды хан көтерген 
 Камқоры Қарауылдтың шешен Қанай. 
 Ашуы жауған қардай, шөккен нардай, 
Қарты қыран Қанжығалы карт Бөгенбай - деп, Қанайдың басқаларға қарағанда шешендігін, оның 
батырлығын,  ал  Бөгенбайдың  басқаларға  қарағанда  жасы  үлкеңдігін,  ал  мінезін  ашу  үшін 
«қыран» деген теңеуді шебер қолданған. 
Не болмаса, жауынгер жырау Қазтуғанның (XV ғ.) тәлімдік идеяларын қолдану. 
                                 ...Жатып қалған бір тоқты, 
                                  Жайылып мың қой болған жер. 
...Шырмауығы шеккен түйе таптырмас, 
                          Балығы  көлге  жылқы  жапсырмас  -  деген  өлең  жырларынан  Қазтуған-
жыраудың туған жеріне деген сүйіспеншілігін көреміз. 
Халық  батыры  Бауыржан  Момышұлы  былай  деген  екен:  «Біздің  тарихымыз  батырға  бай 
тарих,  халқымыз  батырлықты  биік  дәріптеп,  азаматтық  пен  кісіліктің  символы,  үлгісі 
санаған.  Батырлык  деген,  ерлік  деген  ұрпактан  ұрпаққа  ата  дәстүр  болып  қала  бермек. 
Өткенін білмеген, тәлім-тәрбие, ғибрат алмаған халықтың ұрпағы - түп, келешегі тұрлаусыз. 
Біздің қазақ халқы - батыр халық». Қазақ халқын құрып кету қаупінен сақтап қалған, жерін 
жауға  бермей,  ұлан  байтақ  өлкесін  казақ  еліне  мәңгі  қоныс  ету  мақсатында  жарғақ  құлағы 
жастыққа  тимей,  елім  деп  еңіреп  өткен  хас  батырлар  қаншама  десеңізші!  Бұлардың  ерлігі 
кейінгі ұрпаққа қашан да болса өнеге болмақ. 
Біздің  жыл  санауымызға  дейінгі  530  жылы  Сақ  патшасы  Томирис  өз  кезіңде  ешкімнен 
жеңілместей  көріп  асқактаған  парсы  патшасы  Кирді  женіп,  өзінің  7  мың  атты  әскерімен 
төбенің  басына  шығып:  «Массагеттер!  Сендердің  патшаларың  сөзіңде  тұрды!  Ал,  Парсы 
патшасы, сенің аңсағаның қан еді, енді тойғаныңша іш!» деп, қолындағы қоржыннан Кирдің 
басын  алып,  меске  толтырылған  қанға  өз  қолымен  батырған  екен.  Міне,  бұл  да  осы  ұлан 
байтақ  даланың  төсінде  өткен  қайсарлық.  Бұл  қасиетгер  ұрпақ  бойына  оқумен,  біліммен, 
үйренумен, талпынумен бітеді. Отанға, ел тарихына деген құрмет, ерлік рухын, ата салтын 
қалыптастыру, оны кеңінен таратуға, соның нәтижесінде оқушыларға білім мен тәрбие беруді 
жандандыруда тарих пәні мұғалімдерінің рөлі ерекше. 
      б/  тезис  және  конспект  құру  және  басқа  тәсілдер.  Оқулықпен  оқушылар  өзіндік 
жұмыс  жасау  барысында  оның  мәтінін  түсінуге,  оқиғаны  есінде  сақтап,  қайта  әңгімелеп 
беруге,  жай  және  күрделі  жоспар  жасауға  тезис,  конспект  жазуға  үйренеді.  Бұның  өзі 
оқушылардың  түрлі  дерек  көздерімен  баспасөз  материалын  және  сабақтан  тыс  алған 
мәліметтерін  еркін  пайдалануға,  өмірлік  тәжірибеде  дұрыс  қолдануға  мүмкіндік  береді. 
Оқушының толық, терең, жүйелі білім алуы оқулықпен дұрыс жұмыс істеуіне байланысты. 
В.А.Сухомлинский оқушының өздігінен, ынтасымен кітап оқуын ақыл-ой тәрбиесінің екінші 
бағдарламасы деп есептеген.  

Тамыры  тереңде  жатқан  таным  құндылықтар,  бабалардан  қалған  тәлімдік  өнегелер  бүгінгі 
ұрпақ тарихи даму барысында өзін-өзі тануына игі ықпал ететін құбылыс. 
Тарих 
оқулықтарының 
құндылықтарды 
қалыптастыруда 
оқушылардың 
өздік 
жұмыстарынан  аңғаруға  да  болады.  Ол  пән  мұғалімінің  шебер  ұйым-дастыруының 
арқасында  ғана  нәтижелі  болмақ.  Әсіресе,  жоғары  сыныптардағы  сабақтарда  мұғалімнің 
ауызша баяндау әдістері, тарихи құжаттар, мерзімді баспасөз, оқулық пен хрестоматияны 
пайдалану  және  оқытуды  қоршаған  ортамен,  қазіргі  кезеңмен  байланыстыру 
оқушылардың өздік жұмыстарын орындауы барысында  байқалады. 
Оқушылардың  өзіндік  жұмыстарын  ұйымдастыруда  мынадай  қағида-  ларды  есте  сақтау 
керек. 
1.Өздігінен  орындайтын  жұмыстың  мазмұны  бағдарламадағы  талаптар-  ға  сәйкес  болуы 
тиіс. 
2.Өзіндік жұмыс оқушылардың ойлау кабілетін дамытуы тиіс. 
3.Өзіндік жұмыстың түрі, мазмұны әр түрлі болу керек. 
   4.Әрбір өзіндік жұмыс тексеріліп, бағалануы керек. Өз  бетінше жұмыстың нәтижелілігі 
оның  балаға  түсінікті  болуына  және  алдын-ала  дайындалуына  байланысты.  Сабақтың 
тақырыбы, мазмұнына қарай бір сабақта бірнеше өзіндік жұмыстар тапсыруға болады. 
Баланың жеке қасиеттерін ескеріп, саралап оқыту әдісін пайдаланған дұрыс. Өйткені,  әр 
баланың  танымдық  қабілеттері,  кызығуы,  бейімділігі,  білімі
 
әр  түрлі.  Сондықтан 
жалпылама берілетін тапсырмаларды орындату ешқандай нәтижеге жеткізбейді, бала үшін 
де ондай жұмыстың берері аз. 
Өз  бетінше  жұмыстар  оқушының  ойлауын  шығармашылықты  талап  ететіндей  болып 
келгені дұрыс. 
3. Тарихи құжаттар түрлері. Тарихты оқытудағы құжаттардың маңызы. 
Тарихты  оқытуда  тарихи  мәліметтер  мен  құжаттарды  пайдаланудың  білімдік-тәрбиелік 
маңызы зор. 
Тарихи  мәліметтер  мен  құжаттардан  алынған  материалдық  деректер  нақтылығымен, 
нанымдылығымен ерекшеленеді. Бұл тарихи құжаттарда белгілі бір кезеңдер мен дәуірлер 
бейнесі  көрініс  табады.  Ал  оқушылардың  түпнұсқамен  жұмыс  істеуі  тарихи  білімді 
меңгерудің әсерлілігін күшейтеді, әрі тарихи оқиға не құбылысқа деген сыни көзқарастың 
қалыптасуына ықпа-лын тигізеді. 
Тарихи  мәліметтер  мен  құжаттардан  алынған  мәліметтерді  талдау,  са-лыстыру, 
ерекшелігін анықтау, қорытынды жасау, оқушылардың өз ойын еркін баяндауға, өздігінше 
жұмыс істеуге үйретеді. 
Мұғалімдер  тәжірибесі  көрсеткендей  құжатты  материал  мұғалім  әңгімесін  байыта  түсу 
мен  нақтылай  түсу  үшін  кеңінен  қолданылады.  Құжатты  пайдаланғанда  төмендегідей 
шарттарды ескерген жөн. Біріншіден, құжат материалы қысқа түсінікті болуы; екіншіден, 
бейнелі,  әсерлі  үзінділерді  іріктеу.Тарихты  оқытуда  құжат  материалдарымен  жұмыс 
істеудің  роліне  көптеген  ғылымдар  қалам  тартқан.  Олар:А.А.Вагинмен  Н.В. 
Сперанскаяның  «Тарих  сабағындагы  құжатты  материал.  5-7  сыныптар.»  (Л.,1959.),  О.В. 
Волобуев, С.А .Секиринский «Көркем-тарихи хрестоматия» (М.,1965), Ф.П.Коровкинмен 
Н.И. Запорожец. 5-6  сыныптарда ежелгі және орта гасырлар тарихын оқыту  методикасы 
(М., 1974), И.Я. Лернердің « Тарихты оқытудагы танымдық тапсырмалар» (М., 1968) және 
т.б. 
Тарихи  жазба  деректердің  көптүрлілігі,  олардың  мұғалім  әңгімесінде  тұтасынан,  немесе 
үзінді  ретінде  қолдануы,  осы  деректі  материалдарды  әртүрлі  әдістемелік  тәсілмен 
пайдалануға  мүмкіндік  береді.  Бір  жағдайда,  құжат  әңгімемен  ұштастырып  оқытылып, 
тарихи  оқиға  не  құбылысты  те-рендете  түседі  де,  иллюстрациялық  қызмет  атқарады. 
Екіншіден,  құжат  оқушылардың  тарихи  құбылысты  толыққанды  оқып  үйренуіне 
көмектеседі.  Үшіншіден,  құжатты  пайдалану  қарастырылып  отырған  қоғамға  сипаттама 
береді, сол дәуірдегі адамның өмірі мен тіршілігі, тұрмысы, діни нанымдары мен салт— 
дәстүрі  туралы  мол  дерек  бере  отырып,  оқушылардың  шығармашылық  кабілеттерін 
дамытуға септігін тигізеді. 

5-6  сынып  оқушыларының  құжатпен  жұмысы  әдетте  мұғалімнің  жетекшілігімен 
жүргізіледі.  Осы  сыныптағы  оқушылармен  жұмыс  жұргізгенде  мұғалім  құжаттың  ең 
маңызды  белігін  тандап  алып,  оқушыларға  біртіндеп  сұрақ  қоя  отырып,  оқушыларды 
құжатты  талдауға  бағыттап,  сол  оқиға  туралы  жалпы  түсінік  қалыптастыруға  ықпал 
жасайды. Қойылған сұрақтар оқиғаның барысын, себебін, маңызын және қорытындысын 
түсінуге мүмкіндік береді. 
Оқушылардың  назары  тарих  ғылымындағы  жаңа  көзқарастарға  ауда-рылды.  Жоғары 
сынып  оқушыларын  нақты  тарихи  оқу  материалын  талдауға,  фактілерді  дәлелдеуге, 
өзіндік пікір айтуға, қорытындылауға, бағалауға үйретуге бағытталған жұмыс жүргізілді. 
Бұл мақсатты шешуде әсіресе  қазіргі оқулықтарда, хрестоматияда жоқ, тың  құжаттардан 
материалдар,  қазіргі  болып  жатқан  оқиғаларды,  өткен  тарихымызды  айғақтайтын 
естеліктерден, мемуарлардан жаңа үзінділер таңдап алған жөн. Мысалы, 8-9 сыныптарда 
тың  деректерді  жаңа  сабақта  оқып  үйрену  жолдарын  қарастырайық.  Бір  проблеманы 
қарастыру  үшін  үш-төрт  тың  құжаттан  үзінді  келтіріледі.  Ондағы  түрлі  авторлардың 
фактілі  деректері  салыстырылып,  оқиғаға,  адам  қызметіне  қарама-қайшы  бағалар 
келтірілген  мәліметтер  бойынша  окушыдардың  өзіндік  пікірі,  ой-тұжырымдары 
талқыланады. Бүгінгі күндері оқулық қандай болу керек дегенде ғалымдар арасында түрлі 
пікірлер,  көзқарастар  бар.  Соның  ішінде  тарих  оқулығы  жайлы  айтқанда,  әсіресе  оның 
деректемелік  көздерін байыту  қажет  деп  санаймыз.  Сабақта  бір не  бірнеше  құжаттардан 
үзінді  келтіру  арқылы  окушылардың  ойын  өздігінен  тұжырым-дауға  әрі  оны  шешуге 
бағыт  беру  жолымен  де  проблемалық  жағдай  жасалуы  мүмкін.  Тәжірибе  жұмысы 
көрсеткендей, оқушыларды қарама-қарсы көзқарастармен таныстыру белгілі дайындыкты, 
әрі  әдістемелік  жұмыстарды  ретімен  орындауды  қажет  етеді.  Сондықтан  тарихи 
деректермен  оқушы-ларды  таныстырғанда  біртіндеп  кезеңмен  оқытуды  жүзеге  асыру 
керек. Алдымен бір-екі дерекпен езіндік жұмыс істеуге үйретіп, содан кейін ғана түрлі, әрі 
баламалы  деректерді  оқып-үйренуге  кешуге  болады.  Оқушылар-дын  деректі 
материалдармен ойдағыдай өзіндік жұмысын ұйымдастыру үшін арнайы жадынама үлгісі 
ұсынылады. Жадынама оқушыларға жұмысты қалай тиімді жүргізуге бағыт-бағдар береді. 
Мұнда  оқушылардың  төмендегідей  дағдылары  қалыптасуына  назар  аударылады:  түрлі 
деректерді  салыстыру  бағытын  анықтау;  қарама-қайшы  фактіпер,  пікірлер,  багалар, 
көзқарастарды табу; шын, ақиқат мәлшетті іріктеп, оз таңдауын дәлелдеу; қабылданбаған, 
жоққа  шыгарылган  мәліметті  сынау  т.б.  Жаңа  материалды  оқып-үйренуде  үш-төрт  жаңа 
құжатты материалдан үзінді келтіріп, ондағы түрлі авторлардың тұжырымдары, фактілері 
салыстырылып, оқиға, тарихи құбылыс, адам қызметіне қарама-карсы пікірлер келтірілген 
мәліметтерге  талдау  жасалады,  сөйтіп  оқушылардың  іздеген  қорытындыларына 
жақындатылады. Жаңа білімнің кең де берік болуына жағдай жасалады. Деректе фактілер, 
оңдағы  әрбір  мәселе  құнды,  әрбір  мәтіннен  (автор  сөзінен)  үзінді,  өте  маңызды 
қорытынды  жасауға  әкеледі.  Ал  бұл  оқушы  ойының  нәтижелі,  жемісті  болуына  ықпал 
етеді.Оқушы  деректі  материалмен,тарихнамалық  фактілермен  танысу  арқылы,  сол 
заманды  баяндайтын  не  басқа  тұжырымдаманы  суреттейтін  фактілермен,  түрлі 
көзқарастармен  танысады.  Өздері  деректемелік  мәтіннен  негізгі  фактілерді  тауып,  оны 
толық  және  саналы  түрде  түсінгеннен  соң  ғана,  шығармашылық  жұмыс  жасайды. 
Құжатпен  оқушы  үнемі  жүйелі  жұмыс  істеп,  ондағы  айтылатын  құбылыстарды 
салыстыру,  құбылыстың  өздеріне  бұрын  кездеспеген  жаңа  елеулі  белгілерін,  оның 
себептерін  анықтау,  негізгі  ойды  тауып,  ажыратып,  қорытынды  жасап  отырса  ғана 
оқушының  оқу  қызметінің  табысты  болуына  көмектеседі.  Әдіскерлердің  айтуынша, 
құжаттарды  алғаш  білім  ретінде  пайдалану  оқушылардың  тарихи  фактілер  мен 
образдарды берік есте сақтауын едәуір арттырады. «Мұндай  құжаттың образды мазмұны 
оқушылардың назары мен белсенділігін арттырып қана қоймайды, сонымен бірге олардың 
образды  ойлауын,  шығармашылык  қиялын  арттырады,  сөйтіп  талданған  құжаттын 
мазмұнына  байланысты  оқушылардың  бұрын  алған  түсініктері  мен  білімдерінің  бүкіл 
кешені белсенділік жағдайына келтіріледі». 
4.  Құжаттармен  жұмыс  істеуді  талап  ету.  Құжатпен  жұмыс  істегенде  оқушылардың 
тандауы  үшін  қойылатын  түрлі  деңгейдегі  сұрақтар  мен  тапсырмалар  олардын  жауап 

беруіне,  шәкірттердің  оқиғаны,  не  құбылысты  ұғынуына,  оның  себептерін,  маңызы  мен 
нәтижелерін  түсінуіне  мүмкіндік  береді.  Мұнда  мынадай  жағдайларды  ескеруіміз  керек: 
құжат  материалдарының  жүйелі  орналасуы  мен  үйлесімділігі,  проблемалы  жағдай, 
қайшылықтың пайда болуы ; материалды (мәтінді) және оны түсінудегі қайшылық; түрлі 
деректен шығатын қайшылық. 
Зерттеу  жұмысында  құжат,  деректерді  төмендегідей  өлшемдер  (критерийлері)  бойынша 
іріктеу қажеттігі анықталды: 
— дерек оқушының түсінігін нақтылап, оларға сезімдік әсер етуі тиіс; 
—  Қазақстан  тарихы  бағдарламасына,  тақырыптардың  мазмұнына  сай,  онымен  тығыз 
байланыста болуы, оқушылардың дербес жұмыс істеу белсенділігін арттыруға бағытталуы 
қажет; 
—  мазмұны  мен  көлемі  жағынан  үйлесімді,  түсінікті,  ықшамды,  әрі  білімдік,  тәрбиелік, 
дамытушылық жағынан маңызды, қажеттісін іріктеу; 
— тарихи кезеңге сәйкестігі; 
— тарихи оқиға, құбылыс, фактілердің баламалы қабылдауын қамтама-сыз ету; 
—    оқушының  танымдық  дербестік  әрекетін  арттыру  үшін  мәліметтің  барынша 
жеткіліктілігі, әдеби және ғылыми құндылықтардың толыққанды болуы; 
— көп сырлы, әсерлі баяндалуы және тұрмыстық сюжеттік мазмұнды толық суреттеуі. 
Отан  тарихы  курсының  маңызды  деген  тақырыптары  бойынша  құжат-тар  біртіндеп 
бағдарламаға  сай  іріктелініп  алынды,  мазмұны  мен  тапсырма-ларға  байланысты 
күрделеніп  отырылды.  Құжат,  деректер  бойынша  түрлі  деңгейдегі  сұрақ-тапсырмалар 
жүйесі  сабақта  фронталды,  топтык  және  жеке  жұмыс  түрлерін  ұйымдастырғанда 
пайдаланылды. 
Қазақстан тарихын оқытуда деректі материалдар,түрлі денгейдегі обле-малы сұрақтар мен 
тапсырмалар, естеліктер, карта, көрнекілік пайдалану, оқушылардың танып білу жөніндегі 
белсенді қызметін ұйымдастыру үшін проблемалық жағдай жасауды жиі қолданған тиімді. 
Оқушылар  құжатпен  танысу  арқылы  ондағы  фактілерді  әңгіме  бары-сында,  рөлдік 
ойында, сөзжұмбақ шешуде, шығарма, хабарлама дайында-ғанда, тіпті кейбіреулері өздері 
салған  суреттермен  де  байланыстыра  біледі  Біздің  өз  тәжірибемізде  деректер  тек 
пайдаланып  қойылған  жоқ,  олар  оқыту  дың  басқа  элементгерімен  өзара  байланыста 
болды. Оқушыларға сол тарихи оқиға, құбылыс, адам туралы түрлі көзқарастар, пікірлер 
және  қайшы  -лықтарды  көрсету  арқылы  проблемалық  сұрақтар  қойылды.  Білім 
деректерімен  жұмыс  істегенде  оқушылар  қойылған  сұраққа  жауап  іздеп  табуға,  шешуге 
деген  ынтасын  білдіріп,  талпыныс  жасайды.  Бұнда  аддымеі  тарихнамалық  білімнің  рөлі 
өссе, екіншіден оқушынын оқу қызмет біртіндеп күрделене түседі. Келесі кезенде оқушы 
мұғалім  сұрағына  жауап  берудің  орнына,  өзі  сұрақ  қойып,  оған  жауап  іздейді. 
Проблеманы шешуге қатысады. Оқиғаның себеп-салдарын анықтайды. Өзі мәтінді жазуға 
(мәселен,  хабарлама,  реферат,  конспект,  кесте,  нобай  сызу,  көрнекілік  дайында  деректер 
бойынша) кіріседі. 
Сөйтіп, оқушылар алдымен мұғалімнің көмегімен, кейіннен түр деректегі  әртүрлілік пен 
сәйкестілікке  көзі  үйреніп,  шығармашылықпен  өздігінен  жұмыс  істеуге  үйренеді. 
Қойылған танымдық тапсырмалардіы шешуге қатысады. 
Бекету сұрақтары:  
1. Оқушылардың өз бетімен оқулық текстерімен жұмыс істеуін талап ету,  
2. Оқыту процессінде оқулық текстерімен жұмыс істеудің маңызы қандай? 
3. Оқулық текстермен жұмыс істеу тәсілдерін атап беріңіз? 
4. Тарихи документтер түрлерінатап беріңіз? 
5.Тарихты оқытудағы құжаттардың маңызы қандай? 
6. Құжаттармен жұмыс істеуді қалай талап етуге болады? 
 
Дәріс тақырыбы: . Қазіргі таңдағы Қазақстан тарихы сабағы.3 сағат. 
Жоспар: 
1.
 
Қазақстан тарихы сабағы- мектепте оқытуды ұйымдастырудың түрі. 
2.
 
Қазақстан тарихы сабағына қойылатын талаптар.  

3.
 
Ұғымдардың  ара-қатынасы:  сабақты  ұйымдастыру  жайы,  сабақты 
ұйымдастыру  ережесі,  Қазақстан  тарихы  сабағына  қойылатын  талаптар. 
Қазақстан тарихын оқытудың дидиктикалық принциптері.  
4.
 
Қазіргі таңдағы Қазақстан тарихы сабағы арқылы тарихи білімді 
қалыптастыру.   
5.
 
Мектептегі Қазақстан тарихы курсының мазмұнына құрылымдық 
әдістемелік сипаттама. 
6.
 
Қазіргі таңдағы Қазақстан тарихы сабағының жаңа түрлері 
7.
 
Жаңа сабақ түрлеріне сипаттама, оларды ұйымдастыру жолдары 
8.
 
Реконструктивті-вариативтік және шығармашылық тапсырмалар 

Қазақстан  тарихын  оқыту  әдістемесінің  жалпы    құрылымы  15  тарау-тақырыптан 
құралады. Енді соларды қысқаша болса да ғылыми-әдістемелік тұрғыдан негіздеп көрейік. 
1.
 
"Қазақстан  тарихын  оқыту  әдістемесінің"  пайда  болуы  және  дамуы.  Мұнда  қазақ 
тарихын оқытуға тұңғыш әрекет жасаған Ы.Алтынсарин екендігіне назар аударылады. Ал, 
кеңестік  дәуірде  тек  50-жылдардың  аяқ  кезінен  бастап  қана  Қазақстан  тарихының 
материалдары  Жалпы  білім  беретін  мектептерде  оқытыла  бастағаны,  проблемалардың 
орын  алғаны,  қолайсыз  тенденциялардың  болғаны  баяндалады.  Қазақстан  Республикасы 
тәуелсіздік алғаннан кейін ғана ол мектептің оқу жоспарына дербес пән болып енгізіліп, өз 
дәрежесінде оқытуға жағдай жасалғандығы аталып өтеді 
2.
 
"Қазақстан  тарихын  оқыту  әдістемесі  -  ғылыми  пән"  деп  аталатын  тарауда  жеке 
пәнді  оқыту  әдістемесінің  дидактиканың  бір  бөлімі,  оның  ғылыми  зерттеу  бағыты 
педагогика  ғылымының  методологиясына,  дидактиканың  жалпы  принциптеріне 
сүйенетіңдігі,  бірақ  жеке  пән  әдістемесінің  зерттеу  объектісі  мен  мақсатының  өзіңдік 
ерекшелігі бар екендігіне назар аударылады. Жеке пәңді оқыту әдістемесі-педагогикалық 
ғылым  екендігі,  демек,  тарихты  оқыту  әдістемесі  де  педагогикалық,  қоғамдық  ғылым 
деген тұжырым жасалады. 
3.
 
"Қазакстан  Республикасы  мектептеріндегі  Қазақстан  тарихы  пәнінің  қазіргі 
құрылымы"  тарауында  Республиканың  осы  күнгі  жалпы  білім  беретін  мектептердегі 
Қазақстан  тарихының  құрылымы  талданады.  Оның  5-кластан  бастап,  мектеп  бітіргенше 
жеті класта оқытылатыны, пәннің екі курсқа бөлінетіні, яғни 5-класта элементарлық, ал 6-
11 кластарда жүйелі курс оқытылатьны көрсетіледі. Бул курстардың, сондай-ақ Қазақстан 
тарихының жеке кластарда оқытылатын бөлімдерінің құрылымы мен мазмұнына ғылыми-
әдістемелік талдау жасалады. 
4.  Келесі  тарау-тақырып  Қазақстан  тарихы  пәнін  оқытудың  мақсат-міңдеттеріне      және   
соларға      сүйене      отырып      оның    білім      мазмұнын  анықтауға  арналады.  Қоғамдық 
пәндерді,  соның  ішіңде  әсіресе  тарихты  оқытуда  болып  жаткан  үлкен  өзгерістерді, 
оқытуды ізгілендіру, демократияландыру принциптерін басшылыққа ала отырып, тарихты 
оқытуға  мүлде  жаңаша  қарау  қажеттігі,  осыған  байланысты  пәнді  оқытудың  мақсат-
міндеттеріне елеулі өзгерістер енгізілетіні көрсетіледі. Пәннің білім мазмұнын сұрыптап, 
іріктегеңде басшылыққа алынатын принциптер, критерийлер мен талаптар анықталады. 
5."Пәңді  оқытудың    ұйымдастыру  формалары"    -  деп    аталатын  тақырыпта  оқыту 
формаларын  анықтауға ерекше мән беріледі.  Өйткені,  әдетте,   сабақтың   типтері    мен   
оқыту      формалары      шатастырылады,  семинар,  лекциялар  да  сабақ  деп  есептелінеді. 
Дұрысы, сабақ, семинар лекция, конференция, экскурсия, кеш сияқтылар, яғни өздерінің 
ішкі  құрылымы  мен  оқыту  әдіс-тәсілдері  жөнінен  бір-біріне  ұқсамайтындар  оқытуды   
ұйымдастырудың  түрлі    формаларына   жатады.   Ал,   тарих сабақтарының бұрыннан 
қалыптасқан  яғни  тарихты  оқыту  әдістемесі  ғылыми  жағынан,  соңдай-ақ  мектеп 
практикасы іс жүзінде дәлелдеген онға жуық типі бар екені белгілі. Соңғы жылдары тарих 
сабақтарының  типтері  "әдеттен  тыс  сабақтар"  деп  аталатын  жаңа  типтер  есебінен 
көбейтілді.  Ондай  әдеттен  тыс  сабақтар  типтеріне  бірқатар  алдыңғы  қатарлы  тарихшы 
мұғалімдер өткізіп жүрген интегралданган, ролдік, топ-топқа  бөліп  оқытатын,  кездесу,  
ойын  сахналандырылған  және басқа сабақ типтері жатады. Сөйтіп "әдістеме пәннің" бұл 

тарауында  осындай    болашақ    жас    тарихшы      мұғалімдерге      аса      қажет    ғылыми-
әдістемелік мәселелер толық көрсетілуі тиіс. 
 6"Тарихты оқыту әдістері" тарауыңда осы пәнді оқытуда көптеген пайдаланылып   келе   
жатқан   әңгіме,    әңгімелесу,    тарихи    көркем әдебиетті,   тарихи   құжаттарды,   тарихи   
деректерді,    көрнекі   және техникалык құралдарды пайдалану сияқты иллюстрациялап-
түсіңдіру  әдістерін  шығармашылықпен  қолданып,  оларды  оқушылардың  ойлау,  таным  
қызметін дамыту  мақсатына  тиімді  пайдаланудың  жолдары көрсетіледі.  Сонымен қатар 
оқушыларды  тікелей  шығармашылыққа,  ізденушілікке      үйрететін    логикалық   
тапсырмалар      беру,      проблемалы  баяндау,  проблемалы  оқыту,  проблемалық  ситуация 
туғызу сияқты әдіс, тәсілдерді  пайдалану жолдары толық,  әрі  нақты  мысалдар  келтіре 
отырьп баяндалуы тиіс. 
 7.  "Оқушыларда  тарихи  білімдерді  қалыптастыру  кезеңдері"  тарауыңда 
оны 
қалыптастырудың  белгілі  бір  реті,  жүйесі  барлығы,  оны  үнемі  ескеріп  отыру  қажетігіне 
назар  аударылады.  Олардың  қатарына:  тарихи  фактілерді,  оқиғаларды,  құбылыстарды 
түсіңдіру арқылы оқушыда түсінік қалыптастыру, ұғымдарды, заңдарды, заңдылықтарды 
талдап-түсіндіру жатады. 
8.  "Тарихи  материалдың  тәрбиелеушілік  мүмкіңдіктерін  жүзеге  асыру  әдістемесі" 
тарауында  бұл  мәселе  мүлде  жаңаша  карастырылуы  тиіс.  Тарихты  оқыту  барысыңда 
алдымен  қоғамдағы  адамдардың  үлгілі  тәжірибелерін,  үлгілі  істерін  көрсетуге  осы 
мақсатта  өркениеттілік,  мәдениеттанушылық  сипатты  материалдарды  көбірек  пайдалану 
кажеттігі  көрсетіледі.  Тәрбиелік  аспектілерді  анықтағаңда  құндылыққа,  ізгілікке, 
отаншылдыққа, адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу бірінші орынға шығады. Бұл 
тарауда  оқушылардың  тәрбиелілік  деңгейлерінің  көтерілгенін  анықтайтын  өлшемдерінің 
үлгілерін берген дұрыс. Мәселен, егер оқушы жауап берген сұрағының мазмұнына қарай 
өзінің сезіміндегі өзгерістерді білдірсе, тарихи оқиғаларға, құбылыстарға баға берсе, сабақ 
материалының  мазмұнына  қарай  қуану,  не  ренжу  т.б.  сезімдерін  білдірсе  меңгерілген 
білім оқушының тәрбиелілігіне әсер етті деуге болады. 
9. 
"Ұғымдар мен біліктерді қалыптастыру әдістемесі" деп аталатын тарауда әдістеменің 
аса  бір  маңызды  мәселелері  қарастырылады.  Өйткені  оқу  бағдарламасында  көрсетілген 
ұғымдардың  ғылыми  түсінігі  оқушыларда  берік  қалыптаспаса,  олар  бағдарлама 
талаптарына сай ғылыми білім ала алмайды. Ал, біліктср қалыптаспаса оқушылардың ой-
лау,  таным  қызметін  тиісті  дәрежеде  дамыту,  яғни  тұлғаны  талапқа  сай  қалыптастыру 
мүмкін емес. 
10.
 
"Қазақстан тарихының оқулықтары" тарауында осы пәннен жасалатын оқулықтарға 
қойылатын  ғылыми-әдістемелік  талаптар  көрсетіледі,  осы  курстан  1959-1990  және  1991-
1995  жылдар  аралығыңда  жарық  көрген  оқулықтарға  қысқаша  сипаттама  беріліп, 
оқулықтардың  кейінгі,  яғни  дербес  пән  болғаннан  бергі  5-11  кластар  үшін 
жасалғандарына талдау жасалынып, олардың ерекшеліктері көрсетіледі. 
11.
 
"Оқыту  нәтижесін  тексеру  және  есепке  алу"  деген  тарау-оқу  бағдарламаларында 
көрсетілген  базалық  білім  мен  біліктерді  оқушылардың  қаңдай  дәрежеде:  "мүмкіндік" 
және "міндетті" деңгейлерде меңгергенін анықтауға арналады. Былайша айтқанда, мұнда 
оқушылардың  білімі  мен  біліктеріне  койылатын  мемлекеттік  стандарт  талаптарының 
орындалуы  тексеріледі.  Осыған  орай  тарауда  оқушылардың  меңгеретін  тарихи 
білімдсрінің  толықтығына,  тереңдігіне,  беріктігіне  қойылатын  талаптар,  сондай-ақ 
білімдсрдің "мүмкін" деңгейі мен "міндетті" деңгейінің көлемі мен мөлшері анықталады. 
 
Бұл тарауда оқушылардың білімдері мен біліктерін тексерудің түрлі әдіс, тәсілдері 
туралы  нұскаулар  беріледі.  Мәселен,  оқыту  нәтижелерін  қатар  жазбаша  тексерудің: 
тақырыптың  жәй  және  толық  жоспарларын,  тезисін  жасау;  тақырыпты  сұрақтарға  бөліп, 
оларға жауаптар жазғызу; графикалық тапсырмаларды орындату; диаграммалар, схемалар, 
хронологиялык, синхрондық таблицалар сыздырту т.б. түрлерін қолдануға болады. Мұнда 
білім  тексерудің  тест  әдісін  қолдану  туралы  да  әдістемелік  нұсқаулар  болады. 
Оқушылардың  білімдері  мен  біліктері  тарихи  білімдерінің  тірек  категориялары:  тарихи 
уақыт,  тарихи  кеңістік,  тарихи  қозғалыс  бойынша  тексерілгені  дұрыс.  Бұл  нұсқау 
студенттерге  түсінікті  болу  үшін  оқыту  нәтижесін  тексеруге  арналған  сұрақтар  мен 

тапсырмалардың үлгілерін берген орыңды. 
   12.  "Өлкетану  жұмыстары"  тарауында  тарихшы  мұғалімдердің  өз  өлкесін  зерттеуге 
оқушыларды  қатыстыруы,  осы  бағытта  жүргізілетін  жұмыстарды  жоспарлау  және 
ұйымдастыру  жолдары  баяндалады.  Өлкетану  жұмысы  нәтижесіңде  жинақталған 
материалдарды қорыту, сақтау және оларды мектептің оқу, тәрбие жұмысыңда пайдалану 
жолдары  көрсетіледі.  Осы  тарауда  өз  өлкесі  тарихы  бойынша  оқу  құралдарын  дайындау 
және  оқыту  жолдары,  сондай-ақ  Қазақстан  тарихының  белгілі  дәуірлерін  бағдарлама 
бойынша  өтіп  болғаннан  кейін,  сол  дәуірдегі  өз  өлкесінің  тарихын  баяндауға  арналған 
сабақты ұйымдастыру және өткізу жолдары туралы да әдістемелік ұсыныстар беріледі. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет