Сборник текстов на казахском, русском, английском



Pdf көрінісі
бет8/70
Дата31.01.2017
өлшемі8,9 Mb.
#3082
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   70

Наурыз мейрамы.  

 

Ежелгі заманнан бері шығыс халықтары Наурыз мерекесін тойлап келеді. 



Бұл мереке табиғат пен адамның үндестігін көрсетеді. Наурыз күн мен түннің 

теңелген күні, яғни бір тәуліктегі күн мен түннің ұзақтығы бірдей болған күні 

тойланады.  Көктемгі  күн  тоғысы  наурыз  айының  21-нен  22-не  ауысқан  түні 

болады. 


Халық  наурыз  мерекесіне  алдын-ала  дайындалады.  Киіз  үйдің  іші  ескі, 

қажетсіз  заттардан  тазартылып,  үйге  қос  шырақ  жағылады.  Ыдыстардың 

барлығы ернеуіне дейін айранмен, сүтпен немесе бұлақ суымен толтырылады. 

Бұл-тоқшылықтың белгісі.Мереке сәлемдесуден басталады. Сәлемдескен кезде 

«Жасың  құтты  болсын!»,  «Ұлыс  береке  берсін!»  деген  сияқты  тілектер  мен 

құттықтаулар айтылады.  

Кешке  жақын  жұрт  үлкен  айтысқа  жиналады.  Наурыз  айтыс-жақсылық 

пен жамандықтың, суық пен жылының, жаз бен қыстың айтысы.Мереке қызған 

кезде,  жастар  алтыбақан  жанында  ұлттық  ойындар  ойнайды.  Ән  айтып,  би 

билейді. Той тойға ұласады. 

Міне, Наурыз мерекесі осылай тойланады. 


59 

 

Ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтары 



 

XXI 


ғасыр  техниканың  дамуының  шарықтау  шегіне  жеткен,  даму, 

өркендеу,  жалпы  айтқанда  техника  ғасыры.  Бір  кездері  адам  баласына  арман 

болған, қиял-ғажайып дүниенің барлығы қазір күнделікті тұрмыста қолданыста. 

Орыс халқында «қазіргі кездегі барлық техника адамның жалқаулығынан пайда 

болған»  деген  сөз  бар.  Шынымен  де  қарап  отырсаң  барлығыда  адамның 

жұмысын  жеңілдету  мақсатында  жасалып,  күннен-күнге  дамып  жатқан  адам 

ойының жемісі.  

Бұл мәселе ғылымда дәлелденген, әлде де зерттелу үстінде. Қазіргі кезде 

бұл  жөнінде  әлем  ғалымдарының  айтары  көп.  Кейде  дәл  осы  компьютерді 

«қауіпті ғасыр ойыншығы» деп те атайды.  

 

Батыр туса - ел ырысы 

 

1925 



жылғы  25  қазанда  Ақтөбе  облысы,  Қобда  ауданының  Бұлақ 

ауылында  Сарқұлов  Нұрмұхаммед  және  Молдағұлова  Маржанның  отбасында 

дүниеге келген. Бала кезінде анасынан айырылып,кейіннен Алматыда ағасының 

қолында тұрған.  

1943 

ж.  Мергендер  дайындау  орталық  әйелдер  мектебін  аяқтайды.  1943 



жылғы  бастап  54-ші  арнайы  атқыштар  бригадасы  4-батальонының  снайпері 

болған (22-ші әскер, 2-ші Балтық жағалауы фронты). Жау әскерінің 30-дан аса 

сарбаздары  мен  офицерлерінің  көзін  жойған.  1944  ж.  14  қаңтарда  Псков 

облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты. 

Әлия  Нұрмұхамбетқызы  Молдағұловаға  1944  жылғы  4  маусымда  Кеңес 

Одағы Батыры атағы берілді. Ленин орденімен марапатталды. 



 

Білім. Ғылым. Инновация. 

 

Адамзат  баласының  қол  жеткізген  ұлы  игіліктерінің  бірі  –  білім 



қазынасы.  Ал  білім  сипаты  алуан  түрлі.  Ол  ұрпақтан  –  ұрпаққа  ауызша, 

жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен. 

Қазіргі  кезде  білім  –  адам  өміріне  өте  қажет.  Онсыз  адам  оқуға  түсе 

алмайды.  Ал  оқуға  түсе  алмаса,  өзінің  мақсатына  жете  алмай  және  оны 

жұмысқа алмайды. Жұмыс істемесе ол ақша тауып өзін-өзі қамтамасыз етпейді. 

Қазіргі  заманда  білімді  болмау  мүмкін  емес,  өйткені  ғалымдар  әртүрлі 

техникалық заттар телефон, планшет, компьютерлер ойлап тапты. Егер бұнын 

бәрін  сатып  алып  және  оған  ғаламтор  қоссақ,  мектепте  болып  жатқан 

тақырыптарды алдын ала қарастырып, алдын ала есептерін шығарып тастауға 

болады. Менің ойымша, білімсіз адам болмайды. Әр адамның әртүрлі білімділік 

қасиеті бар, бірі математикадан шебер, ал келесісі ойына бір оқығаннан-ақ есіне 

бәрін  сақтап  қалады.  Бірақ  адам  көбірек  оқыса,  ол  білімді  болады,  ал  білімді 

болмаса 

оған 


өмір 

сүру 


қиын 

болады. 


Мінекей 

осыдан 


«Оқу – білім бұлағы, Білім – өмір шырағы» - деген мақал шыққан. 

60 

Нағыз білім кітапта. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл – ойының 

жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. «Кітап дегеніміз – алдыңғы 

ұрпақтың  артқы  ұрпаққа  қалдырған  рухани  өсиеті.  Кітап  оқудан  тиылсақ,  ой 

ойлаудан да тиылар едік» - деген еді Ғабит Мүсірепов. Кітап таңдап, талғап оқи 

білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу – әрбір 

адамның  білігі  мен  білімін,  пайымы  мен  парасатын  айқындайтын  алғы 

шарттардың бірі. 

  

Сауда жасай білесің бе? 

 

Көптеген  елдерде  нақ  осы  сауда  жасау  мәдениетіне  қатысты  арнайы 

ұстаным  да  бар  екен.  Мысалы6 жапон халқы  «Кез  келген сауда  жасап  тұрған 

адам  эмоцияға  берілмеуі  тиіс.  Дүкенге  барғанда  дүкен  сатушыларының  амал-

айласын  және  маркетингтік  жүрістерді  бақылап  тұру  керек.  Сондай-ақ  сауда 

жасауға қомақты қаржымен барудың да қажеті жоқ» деген қағиданы ұстанатын 

көрінеді.  Бізде  бұл  үрдіс  керісінше  емес  пе?  Біздің  басым  бөлігіміз  гу-гу 

ақшаны  қалтаға  басып  алып  базар  аралауға,  дүкенге  барса  жалақысының  кем 

дегенде  20%  сол  дүкенге  қалдырып  кетуге  дайынбыз.  «Осыдан  барып  елде 

айлықтан  айлыққа  әрең  жететіндердің  қарасы  көбейіп  келеді.  Біз  ақшаны 

тіршілік етудің бір құралы деп есептер болсақ, қолымыздағы қаржыны үнемдей 

білуді  үйренгеніміз  абзал»  дейді  сарапшылар.  Ал  оны  қалай  үнемдейміз?  Ол 

үшін біз ең алдымен бірінші кезекте сауатты сауда жасай алуымыз керек екен... 

Сауатты сауда дегеніміз не? 

Нақ осы сауатты саудаға қатысты қаржы әлемінде мынадай ұстанымдар 

да бар: 


Бірінші,  жоспарсыз  сауда  жасаудан  сақтану  үшін  әмиянға  көп  ақша 

салып жүрудің қажеті жоқ. Бұл – үнемділікке бастайтын алғашқы жол. 

Екінші, жалақы алған күні дүкендерге әсіресе киім дүкендеріне, базарға 



барудан  бас  тарта  тұрыңыз.  Себебі  сіз  қолыңызға  тиген  ақшаның  буымен 

ертеңгі күніңізді ойламай, өзіңізге қажетсіз нәрселерді көптеп алып қоюуыңыз 

мүмкін. 

Үшінші,  қолыңызға  қаржы  тиген  соң  алдымен  үйіңізге  қажетті  азық-



түліктің  легін  жазып,  тізіп  алыңыз.  Сосын  азық-түлік  алуға  барғанда 

әрқайсысының тұсына қанша мөлшерде ақша кеткенін белгілеп қойыңыз. Бұл 

да кеткен ақшаның есебін шығаруға өте қолайлы дүние.  

Бұдан соң күнделікті жұмсаған қаржыңызды дәйім белгілі бір дәптерге 



есептеп  жазып  отырыңыз.  Бұл  да  шығыс  пен  кірісті  есептеуге,  үнемдеуге 

таптырмайтын – тәсіл.  

 

Жаһандық энергетикалық дағдарыс 

 

Жаһандық  энергетикалық  тоқырау  алғаш  рет  ХХ  ғасырдың  70-

жылдарында  басталды.  Әлемде  мұнай  бағасының  тұңғыш  рет  күрт  көтерілуі 

энергетикалық  дағдарыс  туғызып,  бүкіл  дүниежүзінің  экономикасына  әсерін 

тигізді.  Көп  ұзамай  мұнай  бағасы  тұрақтап,  энергетикалық  даму  қайтадан 


61 

қарқын алды. Бірақ осы бір оқиға арзан да мол мұнай дәуірінің аяқталып келе 

жатқандығын  аңғартты.  «Жаһандық  энергетика  дағдарысының  болмай 

қоймайтынын  бүгінде  барша  жұрт  толық  түсінеді,  сондықтан  да  техника  мен 

ғылым  үшін  қуат  проблемасы  алдыңғы  қатарға  шығып  отыр»,  деп  жазды 

атақты П.Л.Капица 1975 жылы. 

Иә, көмір адамзат тарихындағы өнеркәсіптік төңкеріс дәуірін бастады. Ал 

ХІХ  ғасырда  адам  баласы  электр  қуатын  ойлап  тауып,  өнеркәсіптік  төңкеріс 

жетістіктерін еселей түсті. Қолжетімді әрі сенімді көмір, мұнай және газ сияқты 

қазба  отын  көздерінің  арқасында  адамзат  ХХ  ғасырда  энергетикалық 

молшылық  дәуірін  бастан  кешірді.  Оның  молшылығы  соншалық,  жер  шарын 

мекендейтін  жеті  миллиард  халық  электр  қуатынсыз  «шырпы  басын  сындыра 

алмайтын» халге жетті. Тіпті, жаһандық ауқымда жарты күн электр энергиясы 

болмай  қалса,  техногендік дәуір перзенттерінің  тіршілігі толық  тұралап  қалар 

еді. 

Жұмыр жерді мекендейтін жеті миллиард адамның шексіз энергетикалық 



сұранысын дәл бүгінгі күні де көмір, мұнай және газ арқылы өндірілетін электр 

қуаты  қамтамасыз  етуде.  «Судың  да  сұрауы  бар»  демекші,  қазір  адамзат 

алдында  энергетикалық  тоқырау  атты  тығырық  тұр.  Қазіргі  таңда  өркениет 

әлемін  энергетикалық  шикізат  көздерінің  жетімсіздігі,  олардың  бағасының 

жылдан-жылға  көтерілуі  ерекше  алаңдатып  отыр.  Бүгінгі  энергетикалық 

тоқырау  салқынын сезінген өркениет  әлемі  ертеңге  энергетикалық  қатер  атты 

мәселені  күн  тәртібіне  ашық  шығаруда.  Халықаралық  энергетикалық 

агенттіктің  болжамы  бойынша,  алдағы  жылдары  индустриялық  дамыған 

елдердің  электр  энергиясын  тұтынуы  жылына  1,3  пайызға,  ал  дамушы 

мемлекеттердің электр энергиясын тұтынуы жылына 4,2 пайызға артады. 

 

Достық пен татулық – таптырмас бақыт 

 

 

«Халықтың бірлігі –  біздің барлық жетістіктеріміздің  кілті.  Бейбітшілік 



пен  тұрақтылық  –  күн  сайынғы  еңбекпен  қорғап,  нығайтуды  қажет  ететін 

жалпыхалықтық жетістік»-деп Елбасы айтқандай, көп ұлтты мемлекеттің даму 

болашағының  бір  көзі  –  Қазақстан  халықтарының  бірлігі  және  осыған  сай 

Қазақстан  сияқты  жас  мемлекеттің  өркендеуінің  бір  кепілі  еліміздегі 

ынтымақтастық пен бейбіт өмір.  

Халқымыз  достық,  ынтымақтастыққа  ерекше  мән  берген.  Мемлекеттің 

мемлекет  болуы  –  бірлікте.  Ал  бірлік  дегенің  –  халық  салты.  Елдігіміздің  ел 

болып  еңсе  түзегеннен  бергі  қанға  сіңген  осы  берік  бірлігі,  ұйымшылдығы, 

басқа халықтармен одақтасып, достаса білуі жеңістен жеңіске жеткізіп келеді. 

Оған  халық  пен  талайды  өткерген  тарихымыз  куә!  Қазақстан  мемлекеті  көп 

ұлтты мемлекет. Біздің елімізде 130-дан астам ұлттар тіршілік етуде. Ынтымақ 

пен бірлікті ту еткен біз татумыз, доспыз.  

Туған  Отанымыздың  экономикалық  дамуы  мен  саяси  тұрақтылығының 

тірегі болған Қазақстан халқы Ассамблеясы. Ассамблея – еліміздегі бірлік пен 

келісімнің  киелі  бесігі,  тұтастық  пен  тұрақтылықтың  құтты  шаңырағы. 

Ассамблея  осы  жылдар  ішінде  байсалды  жолдан  өтіп,  байыпты  тәжірибе 



62 

жинақтады.  Ол  еліміздегі  этносаралық  қарым-қатынасты  дамытудың  іргелі 

институтына,  татулық  пен  сыйластықтың  берекелі  берекетіне  айналды. 

Жиырма  жылдан  асқан  тарихында  Ассамблея  қарқынды  дамып,  елеулі 

өзгерістерді бастан кешірді. Бүгінде Ассамблея ел Президенті Төрағалық ететін 

Конституциялық  орган  болып  табылады.  Бұл  оның  ерекше  мәртебесін 

айқындайды.  Қазақстан халқы  Ассамблеясы –  еліміздегі бірлік  пен  келісімнің 

бесігі,  тұтастық  пен  тұрақтылықтың  құтты  шаңырағы  екенін  көрсетеді. 

Ассамблея мемлекетіміздің көп ұлтты және басты байлығымыз бірлікте екенін 

түйсіндіре білді.  

 

Кәсіп – бақыттың шырағы 

 

Ертеде  ата-бабаларымыз  амандасқанда:  «Мал-жан  аман  ба?»  –  деп 

сұрайтын.  Осы  бір  ауыз  сөздің  өзінен  қазақ  өмірінде  малдың  орны  ерекше 

екенін  ұғуға  болады.  Малдың  күші,  сүті, жүні,  еті,  терісі  –  халықтың  тағамы, 

киімі,  баспанасы,  үй  жиһазы  –  өмірінің,  тіршілігінің  негізі.  Мал  өсіру, 

малшылық – тіршіліктің (егіншілік, балықшылық сияқты) бір түрі. Тұрмыстың 

бұл  түрінің  адамзат  өркениетіне,  мәдениетіне  қосқан  үлесі  зор.  Малдың 

өнімінсіз  әлі  де  күн  көру  қиын.  Малдың  етін  айтпағанда,  сүт  және  одан 

өндірілетін  тағамдарсыз,  жүн,  тері  және  олардан  жасалатын  бұйымдарсыз 

қазіргі  адамзат  өмірін  көз  алдына  елестету  мүмкін  емес.  Кейінгі  кездерде 

балықшылықпен айналысқандар – кеме жасауды, егіншілікпен айналысқандар – 

техниканы  игеріп  алға  шықты.  Ал  малшылықпен  айналысқандар  қазіргі 

техника  жоқ  кезде  адам  игеруге  келмейтін  жерлерді  игеріп,  бүкіл  адамзатқа 

қажет  нәрселерді  ойлап  тапты,  мысалы:  шалбар,  етік,  ертоқым,  жүген;  еттен, 

сүттен  жасалатын  тағамдар;  теріден,  жүннен  жасалатын,  т.б.  бұйымдар. 

Малшылық  адамзаттың байырғы дәуірден бірге жасасып келе жатқан кәсібі. 

Ол  қоғамның  әлеуметтік  дамуына  зор  әсер  етті,  жаңа  қарым-қатынастар, 

мәдениет, өркениет, өнер, қолөнер, ой-сананың қалыптасуына әкелді. 

Барлық  мал  бағушы  халықтардың  қаншама  өзгешеліктері  болғанымен, 

ұқсастықтары  да  бар.  Олар:  жауынгерлік,  табиғат  талқысына  көнбістік, 

поэзияға, көркем тілге, ойға тапқырлық, салт-дәстүрінің ұқсастығы. 

Сонымен  қатар  табиғат,  жер-су  өзгешеліктеріне  байланысты  әрбір 

халықтың өзіне тән ерекшеліктері болады. 

Қазақ халқы негізінен мал шаруашылығымен айналысты. Сонымен қатар 

ертеден-ақ  қазақ  егіншілікпен  де  айналысқан.  Бірақ  оны  кең  көлемде  дамыта 

алмады.  Балық  аулау  да,  аңшылық  та  қазақта  бар  кәсіп,  бірақ  олар  негізгі 

тіршілік амалына айналмаған.  

 

Қазақстанның су ресурстары 

 

Су ресурстары – пайдалануға жарамды өзен, көл, теңіз, мұхит, жасанды 

су айдындары, жер асты сулары, топырақтағы ылғал, тау және полюстік өңірдің 

мұздықтары,  атмосферадағы  су  булары,  т.б.  қорлары.  Дүние  жүзіндегі  су 

ресурстарының жалпы қоры шамамен 1390 млн. км

3

-



ге тең, оның 1340 млн.км

3

-



63 

і – Дүниежүзілік мұхит суы. 3%-ы (35,8 млн.км

3

) – 


тұщы су, оның пайдалануға 

жарамдысы  0,3%  шамасында.  Табиғаттағы  су  айналымын  тиімді  пайдаланған 

жағдайда  су  ресурстары  үздіксіз  жаңарып  тұрады.  Суды  әртүрлі  мақсатта 

пайдалану  жыл  сайын  жоғары  қарқынмен  өсуде;  көптеген  елдерде  су 

ресурстарының жетіспеушілігі байқалуда. Су сапасының нашарлауы көлемінің 

азайғанынан  әлдеқайда қауіпті  (  мысалы,  1  м

3

 

тазаланбаған  ақаба  су  40-50  м



3

 

табиғи өзен суын ластап, жарамсыз етеді). 



Қазақстан  су  ресурстарының  көп  жылдық  орташа  мөлшері  100,5  км

3

 



(2000). 

Оның  шамамен  44-45%-ы  көршілес  елдерден  келсе,  55-56%-ы 

республика аумағында қалыптасады. Қазақстанның кең-байтақ аумағында ірілі-

ұсақты  48  мыңнан  астам  көлдер  және  3  мыңға  жуық  бөгендер  бар.  Климат 

жағдайына  байланысты  көлдердің  көбі  Қазақстанның  солтүстігіне  қарай 

орналасқан.  Олардың  ішінде  Каспий  теңізі,  Арал  теңізі  және  Балқаш,  Зайсан, 

Алакөл сияқты ірі көлдерден басқа, көбі (94%) көлемі бір шаршы километрден 

кем шағын көлдер. Көлдердің барлығы дерлік тұйық көлдер. Олардың деңгейі 

ауық-ауық өзгеріп отырады. Көбінің суы тұзды, сондықтан тұнба тұзды болады, 

олардан тұз өндіріледі. Қазақстанда ауданы 100 шаршы километрден астам 22 

көл бар. Олар республикада көлдердің бүкіл ауданының 60%-ын алып жатыр.  

Қазақстан өзендерінің негізгі су көздерінің бірі – мұздықтар. Мұздықтар 

тұщы  судың  орасан  зор  қоймасы.  Қазақстан  Ұлттық  Ғылым  академиясы 

География  институтының  ғалымдары  республика  мұздықтарының  каталогын 

құрастырды.  Соның  нәтижесінде  Қазақстанның  тау  мұздықтарының  картасы 

жасалды.  Қазақстан  жерінде  қазіргі  мұздықтары  тарлаған  аудандары  шығыс 

және  оңтүстік-шығыс  аймақтарындағы  –  Алтай,  Сауыр  жоталары,  Жоңғар 

(Жетісу)  Алатауы,  Қырғыз  Алатауы,  Іле  Алатауы,  Күнгей  Алатау,  Теріскей 

Алатау  жоталары  жоталары.  Республиканың  барлық  тауларында  2724  мұздық 

бар.  Олардың  алып  жатқан  ауданы  –2033,3  км

2. 

Бұл  мұздықтардағы  мұздың 



жалпы көлемі –100 км



Ол – Қазақстан жерінде жиналатын өзен ағындарының 

жылдық мөлшерінен екі есе артық тұщы су қоры. 



 

Тарихи тұлғалар тағылымы 

 

Өткен  ғасырдың  басында  ұлт  үшін  өлшеусіз  қызмет  жасаған  алаш 

қайраткерлерінің ішінде Нәзір Төреқұловтың есімі ерекше құрметпен аталады. 

Ол  кісіні  ұлтымыздың  арасынан  шыққан  тарихи  тұлғалардың  бірі,  көрнекті 

мемлекет  және  қоғам  қайраткері  ретінде  тануға  тек  еліміз  дербес  саясатын 

жүргізе бастаған соңғы кезде ғана мүмкіндік туды. 

Нәзір  Төреқұлов  Ресей  отаршылдығының  Түркістан  халықтарына 

қаншалықты  қасірет  алып  келетінін  жан-жүрегімен  сезінген.  Бұл  туралы 

ойларын  ол  Ташкентте,  Мәскеуде  шығып  тұрған  басылымдарда  жариялаған 

мақалары  мен  баяндамаларында  бүкпесіз  айтқан.  Патшалық  Ресей  мен 

большевиктер билеген  Ресей  Түркістанды  шикізат өндіретін  ел ретінде санап, 

оның  мәдени  өркендеуіне  мүдделі  болмағанын,  қайта  халықтың  өсіп-

өркендеуін  тежеп,  кедергі  келтіріп  отырғанын  тұңғыш  рет  ашып,  аяусыз 

әшкерелеген. 



64 

Көп  ұлтты  Түркістан  Республикасының  саяси  тынысында  Нәзір 

Төреқұлов  партиялық  және  жоғары  билік  тұтқаларын  ұстаған.  Жергілікті  ұлт 

өкілдерінің  алғашқылары  қатарында  Түркістан  компартиясы  Орталық 

комитетінің  бірінші  хатшылығына  сайланған.  Одан  кейін  де  Түркістан 

Республикасы  Орталық  Атқару  комитетін  (ЦИК),  Оқу-ағарту  халық 

комиссиариатын басқарды. Ірі лауазымды қызметтер атқара жүріп, саяси ғана 

емес  мәдени  шаралар  бойынша  оң  шешімдер  қабылдаған.  Адамзаттық 

құндылықтарды  игеруді  қадір  түтуды  өз  ұлтының  дәстүрімен  ұштастырған. 

ТурЦИК-тің төрағасы болған кезде демалыс күнін жексенбіден жұмаға көшіру 

туралы қаулы қабылдаған.  

 

Н.Төреқұлов  1922-1926  жылдары  Мәскеуге  шақырылып,  КСРО 



халықтарының  Орталық  баспасын  басқарды,  ғылыми-педагогикалық  жұмысқа 

араласқан. 1928 жылы небәрі 36 жасында ол Һижаз Неж (Сауд Аравиясы), әрі 

қосылған  аймақтардағы  КСРО-ның  өкілетті  уәкілі  болып  тағайындалады.  Ол 

кезде  мұндай  жауапты  қызметке  жас  адамның  тағайындалуы  дипломатиялық 

тәжірибеде  өте  сирек  кездесетін  жайт  екен.  Араға  екі  жыл  салып  Нәзір 

Төреқұлов КСРО-дағы тұңғыш қазақ елшісі атанды.  

 

Қызым – жағадағы құндызым... 

 

Қазақ  аулында  бала  тәрбиесіне  бүкіл  ауылдың  үлкендері,  әсіресе 



қарттары  араласқан.  Үлкендер  ауылдастарының  балаларының  өрескел  мінез-

құлқын  көрсе,  ұрсып,  зекіп,  тыйым  салуға,  ақыл  айтуға,  тіпті  ретті  жерінде 

ұруға да құқылы болған.  

Ата-бабамыз  ұлды  өздеріндей  еңбексүйгіш,  малсақ,  жауынгер,  әнші, 

күйші, аңшы, құсбегі – бесаспап азамат етіп, тәрбиелеуді мақсат еткен. Жігіттің 

бойына  өнер  мен  еңбекті,  ізгі  адамгершілік  қасиеттерді  қатар  сіңірген.  Ер 

баланы  бес  жасынан  бастап  ат  жалын  тартып  азамат  болғанға  дейін  мал  бағу 

мен  аң  аулауға,  отын  шабуға  қора  салуға,  ағаштан,  теріден,  темірден  түрлі 

тұрмысқа  қажетті  бұйымдар  жасауға  яғни,  қолөнер  шеберлігіне  баулыған. 

Әсіресе  әкелері  мен  аталары  ұлдарға  мал  жаюдан  бастап,  шаруаның  алуан 

тәсілдерін  үйретіп  баққан.  Мысалы,  малды  ерте  өргізу,  саулатып  қоя  бермей, 

алдын  кес-кестеп  қайырып,  тоқтатып  жаю,  шаңқай  түске  дейін  жусатпауды 

тапсырған. 

Қонақ күту, үлкенге иіліп сәлем беру, ән айтқызу, домбыра тартып, күй 

шерткізу,  өлең-жыр  жаттату,  жаңылтпаш,  жұмбақ  үйрету  немесе  теңге  алу, 

жамбы  ату,  аударыспақ,  сайыс,  көкпар,  күрес  сияқты  ұлт  ойындарын  үйрету 

тәрбиенің басты шарты болып есептелген. 

Қай  ата-ананы  алсақ  та,  қызының  ертең  барған  жерінде  «балдай  татып, 

судай сіңіп» кетуін, жақсы жар, әдепті келін, аяулы ана болуын армандайды. 

Қасиетті ана қызының тәрбиелі жан болып өсуі үшін жасынан ақ шашты 

қарияның алдынан аттатпай өсіреді. Халқымыз «келіннің – аяғынан, қойшының 

– 

таяғынан»  дегенде,  жаңа  отаудың  береке-құтын,  ағайын-туыс,  ауыл 



арасындағы  беделін,  болашақ  ұрпағына  дұрыс  тәлім-тәрбие  беруін  келіннің 

жақсы-жаман қасиеттерімен өлшеген. 



65 

 

Биоалуантүрлілік.  

 

Биоалуантүрлілік  –  адамзатты  шексіз  ұзақ  уақыт  энергетикалық, 



техникалық  және  басқа  ресурстармен  қамтамасыз  етудің  жалғыз  көзі. 

Биоалуантүрліліктің  экожүйедегі  байланыстарының  толық  болуының  шарты 

және негізгі факторы бола отырып, оның ең маңызды қасиеті – тұрақтылықты 

қамтамасыз етеді.  

Егер  ертеректе  бір  түр  орташа  алғанда  2000  жылда  жойылып  отырса, 

соңғы  300  жылда  әр  10  жыл  сайын  жойылып  отыр.  1600  жылдан  бастап 

омыртқалы  жануалардың  173  түрі  (109  құстар  және  65  сүтқоректілер)  және 

өсімдіктердің 20 түрі жойылып кетті.  

Омыртқалы  жануарларға  қатысты  алсақ  бұл  факторға  түрлердің 

жойылуының  60  %  жағдайлары  сәйкес  келеді.  Екінші  орында  шектен  тыс 

пайдалану, содан кейінгі орында азық қорының кемуі, зиянкестерді жою және 

кездейсоқ  жемтік  тұр.  1983  жылы  тек  қана  тіс  сүйектері  үшін  ғана  80  мың 

Африка пілдері жойылды. Түрлердің жойылуындағы маңызды себептердің бірі 

олардың интрдукцияланған, яғни сырттан әкелінген түрлерімен бәсекелестікке 

қабілетсіз  болу.  Мұндай  құбылыстарға  шектелген  территорияларға,  аралдарда 

тіршілік ететін түрлер өте сезімтал болып келеді. Түрлердің алуан түрлілігінің 

кемуінің әсіресе екі салдары ерекше назар аударуды қажет етеді.  

Ішкі  су  қоймаларының  ластануы,  тұздылығының,  қышқылдылығының 

артуы нәтижесінде көптеген жануарларға жойылу қаупі төніп отыр. Ертеде бай 

балық шаруашылығымен ерекшеленетін Арал теңізі іс жүзінде бағалылығынан 

айырылды.  Азов  және  Каспий  теңіздерінде  балық  өндіру  10-12  есе  кеміп 

кеткен.  Әсіресе,  бекіре  тәрізділердің  саны  шектен  тыс  аулау  мен  браконерлік 

себебінен  күрт  төмендеген.  Сонымен  қатар,  судың  улану,  оттегінің  кемуі, 

қышқылдық жаңбырлардың әсерінен бекіре тәрізді балықтардың аурулары 1980 

жылдардан  бері  кең  етек  алып  отыр. Адамның барлық ірі  ауқымды іс-әрекеті 

биологиялық  алуантүрліліктің  кемуіне  әкеледі.  Осының  нәтижесінде  бүкіл 

табиғи белдеулердің де жойылу факторлері белгілі.  

 

Наурыз және әлем халықтарының оны қарсы алу ерекшеліктері 

 

Наурыз  –  ежелгі  мейрам.  Наурыз  мерекесін  тойлау  дәстүрі  дүниежүзі 

халықтарының  көпшілігінің  тұрмыс-салтында  бағзы  замандардан  орын  алған. 

Парсы тілдес халықтар Наурызды бірнеше күн тойлаған. Олар бұл күндерде әр 

жерге үлкен от жағып, отқа май құяды; жаңа өнген жеті дәнге қарап болашақты 

болжайды;  жеті  ақ  кесемен  дәстүрлі  ұлттық  көже  «сумалақ»  ұсынады;  ескі 

киімдерін  тастайды;  ескірген  шыны  аяқты  сындырады;  бір-біріне  гүл  сыйлап, 

үйлерінің  қабырғасына  дөңгелек  ою  –  «күн  символын»  салады;  үйдегі  тіреу 

ағашқа  гүл  іледі;  түрлі  жарыстар  (жамбы  ату,  т.б)  ұйымдастырады.  Дәстүрлі 

қазақ  қоғамында  Ұлыс  күні  жыл  басы  саналған.  Халық  таза,  жаңа  киімдерін 

киген.  Ауылдың  ер  адамдары  бір-бірімен  қос  қолдасып,  төс  қағыстырады; 

әйелдер  құшақтасып,  бір-біріне  игі  тілектер  айтады.  Бірін-бірі  мерекеге  арнап 



66 

дайындалған  наурыз  көже  ішуге  шақырады.  Оған  қойдың  басы  мен  сүр  ет 

салып пісірілуі – қыс тағамымен (етпен) қоштасуды, құрамына ақтың қосылуы 

– 

жаз тағамымен (сүт, ақ) қауышуды білдіреді. Әдетте, осы күні адамдар арам 



пиғыл,  пендешілік  атаулыдан  тазарып,  ар-ожданы  алдында  арылады.  Ауыл 

ақсақалдары  араларына  жік  түскен  бауырлас  ел,  руларды,  ағайын,  дос-

жарандарды  бір  дастарқаннан  дәм  таттырып,  табыстырған,  жалғыз  жарым 

жетімдерді  үйлендіріп,  жеке  отау  еткен.  Кембағал,  мүгедектерді  жақын 

туыстарының  қарауына  арнайы  міндеттеп  тапсырған.  Жұтқа  ұшырап 

қиналғандарға,  жылу  жинап  берген.  Алтыбақан  басында  ән  айтылып,  күй 

тартылады.  Дәстүрлі  ұлттық  ойындар  (көкпар,  аударыспақ,  күрес,  қыз  қуу, 

алтыбақан,  тең  көтеру,  т.б)  ойналады.  Таң  ата  көпшілік  биік  төбенің  басына 

шығып, атқан таңды қарсы алады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет