Сборник текстов на казахском, русском, английском



Pdf көрінісі
бет5/70
Дата31.01.2017
өлшемі8,9 Mb.
#3082
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70

 

Бауыржан 

 

Тоған басында ойнап жүр едiк, бiр бала: 

– 

Қараңдаршы, Қарақұл атаның үйiнде той болып жатыр, – дедi. 



Жалт қарадық. Қарақұл ата үйiнiң жаны ығы-жығы. Ат айқаса байланып, 

машиналар тiзiлiп тұр. 

– 

Кеттiк! – деп, киiмiмiздi жүгiре жолай киiп келемiз. Жол бойында үлкен 



кiсiлерден: 

– 

Бауыржан  келiптi!  Бауыржанды  көрейiк,  –  дегендi  естiп  қалдық.  Аты 



аңызға айналған, кiтаптан оқыған батырды көргенше асықтық. Асығып келсек 

те үйге кiре алмадық. Үлкендер жол бермейдi, Қарақұл ата сыртқа шықты. Жүзi 

жайдары. 

– 

Қарақтарым-ау,  бiздiң  Бауыржанды  көрдiңдер  ме?  Тез  ертiп  келе 



қойыңдаршы. 

Қарақұл  атаның  Бауыржаны  төменгi  ескi  сарайда  шымшық  ұяларынан 

балапан  алып  жүр  екен.  Ойынды  қимай,  әзер  келдi.  Оған  iлесiп  iшке  зып 

бердiм.  Төрде  қырандай  қомданып,  бурка  жамылған  бiр  кiсi  отыр.  Айбатты, 

түсi суық. 

– 

Батыр ағаңа сәлем бер, – дедi Қарақұл ата баласына. Өзi батырдың оң 



жағында отыр. Ол кiсi Бауыржанның батырлығын жыр қып айтатын. Батырдың 

қарамағында  әскерi  болдым  дегенде,  аузымызды  ашып  қалатынбыз.  Батырды 

жақсы көретiнi сонша, кенже ұлының атын Бауыржан деп қойған. Ендi, мiне, ол 

батырдың қасында тұр. 



 

Тұсау кесу 

(Әңгіме) 

 

Нартай  Ерлан  ағаларының  үйіне  ерте  келіп  алды.  Өйткені  кішкентай 



Ержанның тұсауын кескелі жатқанын әжесінен кеше естіп алған болатын. Сол 

есінде, ертеңгілік шайын ішті де, тартып отырды. 

Келсе  кішкентай  Ержан  да  оянып алыпты.  Үйде  сәкі  жағалап  жүр  екен. 

Нартайды көріп, қолын созды. Нартай оны бірден көтеріп алған жоқ. Жақындап 

барып, үш-төрт қадам аралық тастап тұрып: 

– 

Келе  ғой,  Ержан.  Маған өзің  жүріп кел,– деді  екі қолын  жайып,  өзіне 



шақырып.  Бұлай  етуді  кеше  ғана  үлкендерден  көрген  болатын.  Соны  енді  өзі 

істеді. 


Ержан  құлап  қалудан  қорқа  жүріп  алдымен  Нартайға  қарай  бұрылды. 

Әбден  орнығып  тұрып  алған  соң  аяғын  апыл-тапыл  басып  келіп  Нартайдың 

құшағына  құлады.  Өзі  әлденеге  мәз.  Неге  екенін,  бұл  қылығына  Нартай  да 

қатты қуанды. Үлкендер де мәре-сәре күліп жатыр. 

– 

Бүгін тұсауыңды кесеміз, сосын Нартай ағаңа еріп шауып кетесің,– деді 



қасынан өтіп бара жатқан Ерлан ағасы. 

Сәлден  соң  маңайдағы  көршілер  де  келе  бастады.  Ұзамай  Нартайдың 

атасы мен әжесі келді аяңдап. «Әй, сен бізді тастап, өзің кетіп қалыпсың ғой»,– 


35 

деді  бұны  көргенде.  Кешікпей  дастарқан  жайылып,  шай  құйыла  бастады. 

Соңын ала «Тұсау кесу» рәсімі де басталып жүре берді. 

Адамдар екі жаққа бөлініп тұрып, ортадан орын қалдырылды. Іле екі әже 

Ержанды екі қолтығынан демеп, төр жаққа апарды. Сол сәт көрші үйдегі тағы 

бір әже дайын тұрған майлы ішекпен Ержанның аяғын тұсады. 

– 

Тұсауды кім кеседі?– деді артынан үй иелеріне қарап. 



– 

Үлкендермен  ақылдаса  келе,  тұсауды  демалысқа  келіп  жатқан  Омар 

атаның баласы, ауылымыздың мақтанышы Берік кессе деп шешкеміз,– деді есік 

жақта тұрған Ерлан бір-екі қадам алға жылжып. 

– 

Әп, бәрекелді! Жөн! 



– 

Табылған ақыл! 

– 

Дұрыс.  Берік  секілді  оқымысты  жігіт  болсын  деген  ғой!–  десті  төрде 



отырған үлкендер. 

Нартайдың  жүрегін  мақтаныш  кернеді.  Өйткені  Берік  оның  қалада 

тұратын  көкесі  болатын.  Жақында  демалысқа  келіп,  шөп  шауып  жүрген-ді. 

Іздеп еді, босаға жақта тұр екен. Іле сәл ыңғайсызданған бейнеде жүзі қызарып, 

төрге  қарай  жүрді.  Ержанның  алдына  келген  соң,  жақын  тұрған  әйелдің 

қолынан  бәкі  алып,  жүрелей  отырды.  Еңкейіп  барып  «Биссімилла!  Жүйрік 

бол!» деп тұсауды кесті. 

Осы сәтті күтіп тұрған үлкендер: 

– 

Әй, бәрекелді! Берік ағаң секілді елгезек азамат бол! 



– 

Шауып кет енді сүрінбей!– деп тілек білдіріп жатты дуылдасып. 



 

Уақыт емші 

 

Баяғы заманда Ғашық, Қызғаныш, Байлық және Бақыт төртеуі бір аралда 



өмір сүріпті. Қызғаныш байлықтың тұрмысына іштарлықпен қараса, ал Байлық 

Бақыттың өміріне қызығып та, қызғана қарайды екен. 

Осы төртеуінің ішінде ең арманшыл, да келешекке үмітпен қарайтын, тек 

жақсы  жақты  ғана  көретін,  кешірімді  де  кішіпейіл  және  ең  аңқауы  —  Ғашық 

еді. Күн артынан күн, ай артынан ай, тіпті жылдар өтіп жатыпты-мыс. Бір күні 

жел келіп:  

— 

Аз күнде дауыл тұрады, — деген суыт хабар жеткізеді. Оны естігендер 



бірден  қашудың  амалын  ойлап,  өздеріне  қайық  жасауға  кіріседі.  Бірақ,  бір 

қызығы Ғашық: 

— 

Әй,  сол  дауыл  не  істейді  дейсің?  Ештеңе  де  етпейді,  мен 



қорықпаймын!  —  деп  отыра  береді.  Айтып  ауыз  жиғанша,  дауыл  да  жетіп 

келеді. Ғашықтан басқа арал тұрғындары қайықтарын жасап үлгерген еді. Тек 

қана,  «дауыл  не  істейді?»  деген  Ғашық  бейшара  жүрегі  аузына  тығыла,  не 

істерін, кімнен көмек сұрарын білмей сасады. Сонда долдана жылаған Ғашық, 

қасынан Байлықты көріп: 

— 

Байлық,  Байлық,  өтінемін,  маған  көмегіңді  бере  көрші,  —  деген  еді, 



оған Байлық: 

— 

Менің көп ақша табуым керек, саған жәрдем етер уақытым жоқ, — деп 



теріс  айналады.  Дәл  сол  мезетте  Ғашық  жанынан  Қызғаныштың  өтіп  бара 

36 

жатқанын байқап қалып: 

— 

Қызғаныш, маған көмек ете көр! — деп жалбарынады. Сонда өзімшіл, 



өркөкірек Қызғаныш: 

— 

Жоқ!  —  деп  кесіп  айтып,  бұрылып  кетеді.  Көзінен  мөлт-мөлт  аққан 



жасын  сүрткен  Ғашық,  жүрегі  қан  жылап,  қараңғы  түнде  қиналып  отырып 

қалады. Кенет әлде бір жарықты көреді. Сөйтсе ол қуанышында шегі жоқ, екі 

езуі құлағына жеткен Бақыт екен. Ғашық оған да жалбарынып, жылап тұрып: 

— 

Бақыт,  Ба-қыт, өті-не-мін…  — дейді.  Жауап жоқ,  Бақыт  бұрылды да 



кетті. 

Үмітін үзген Ғашық: «Болды өлген жерім осы екен ғой» дейді… 

Ақыры  барлығы  өз  жөндерімен  кетеді  де,  қатты  шаршап,  қалжыраған 

Ғашық есінен танып құлайды. 

Бірақ, ол айы оңынан туып, ұйқылы-ояу қайықта келе жатқанын сезеді де, 

«Осы маған көмек бергенге, егер аман болсам, қарымтасын қайтарамын ғой…» 

деп  ойлайды.  Сөйтіп,  Ғашық,  жағалауға  шығады,  яғни  аман  қалады.  Сонда 

өзіне кімнің көмек бергенін білмек болып, Білімнен сұрайды. Білім болса: 

— 

Саған тек қана Уақыт көмек берді, — дейді. Сөйтіп, қиындық көрген 



Ғашықты ақыры Уақыт құтқарған екен. Иә, «уақыт — емші» — деген осыдан 

қалса керек…. 

 

Ұйықтар алдында 

 

Аякөз! Ұйықтайтын уақыт болды, қызым! - деп, әжесі айқайлап еді: - Әлі 

ойнай  тұрайыншы,  -  деді  кішкене  қыз  еркелеп.  Дала  қараңғы.  Аспанда  күміс 

жұлдыздар  жылтырайды.  Ауыл  үстіне  тыныштық  орнапты.  Әжесі  жетектеп 

алды.  -  Қарашы,  сиыр  да,  қой  да,  ешкі  де  тынығып  жатыр.  Секіріп,  дамыл 

көрмейтін  ақ  лағыңды  көрдің  бе,  енесінің  жылы  бауырына  кіріп  алыпты. 

Тауықтар да көздерін тас жұмып, ұйқыға кеткен. Атақаз мойнын созып, қатты 

қаңқылдап  жіберді.  -  Әже,  қаз  неге  ашуланды  -  деді,  Аякөз  қорқып  кетіп.  - 

Тыныштығымды  бұздыңдар,  ұйықтайтын  уақыт  болды,  -  деп  ұрысып  жатыр. 

Аякөздің  ұйқысы  келмеді.  Көргендерінің  бәрі  көз  алдынан  өтті.  Оймақтай 

аузын тез-тез қозғап, ақ лақ күйіс қайырады. Сағаттың тықылы тынбайды. Ақ 

лақ  қалай  ұзақ  күйсейді  деп,  таңданған  Аякөздің  көздері  жұмыла  берді. 

Ертемен  оянғанда,  мал  өріске  кетіпті.  Тауықтар  да,  қаздар  да  жайылып  жүр. 

Атақаз қоқилана қарайды. Аякөз тамақтанған соң, бақшаға қарай жүгіріп бара 

жатты. - Уақыттан кешіге көрме! - деп айқайлайды әжесі. 

 

Наурыз мейрамы 

 

 

Ежелгі  заманнан  бері  Шығыс  халықтары  Наурыз  мерекесін  тойлап 



келеді. Бұл мереке табиғат пен адамның үндестігін көрсетеді. Наурыз күн мен 

түннің  теңелген  күні,  яғни  бір  тәуліктегі  күн  мен  түннің  ұзақтығы  бірдей 

болған  күні  тойланады.  Көктемгі  күн  тоғысы  наурыз  айының  21-нен  22-не 

ауысқан түні болады. Осы уақыттан бастап күн ұзарып, түн қысқарады. Наурыз 

– 

жыл  басы.  Парсы  тілінде  «ноу»  –  «жаңа»,  «руз»  –  «күн»  деген  ұғымдарды 



37 

білдіреді. 

Халық  наурыз  мерекесіне  алдын  ала  дайындалады.  Үйдің  іші  ескі, 

қажетсіз  заттардан  тазартылып,  үйге  қос  шырақ  жағылады.  Ыдыстардың 

барлығы ернеуіне дейін айранмен, сүтпен немесе бұлақ суымен толтырылады. 

Бұл – тоқшылықтың белгісі. 

Мереке  сәлемдесуден  басталады.  Ер  адамдар  қос  қолдасып,  ал  әйелдер 

құшақтасып  амандасады.  Сәлемдескен  кезде  «Жасың  құтты  болсын!»,  «Ұлыс 

береке берсін!» деген сияқты тілектер мен құттықтаулар айтылады. 

Ақсақалдар  да,  жастар  да  көкжиекті  көру  үшін  жазық  далаға  шығады. 

Адамдардың  барлығы:  «Армысың,  қайырымды  Күн  –  Ана!»  –  деп  күнге  бас 

иеді.  Күнге  тағзым  еткеннен  кейін  ер  адамдар  қолдарына  күрек  алып, 

бұлақтарды  тазартады.  Бұлақтардың  қасына  ағаштар  отырғызады.  «Бұлақ 

көрсең,  көзін  аш!»,  «Бір  тал  кессең,  он  тал  ек!»  деген  сөздер  осыдан  шыққан 

болу керек. 

Наурыз  күні  әр  үйде  мерекелік  дастарқан  дайындалады.  Дастарқанға 

дәстүрлі ет тағамдары, ұлттық тамақтар қойылады. Бұл мейрамның негізгі асы 

– 

наурызкөже.  Оны  жеті  түрлі  тағамнан  пісіреді.  Сөйтіп,  бүкіл  халық  ауыл-



ауылды, үй-үйді аралап, амандасып, наурызкөже ішеді. 

Халықта  «Наурыз  көжені  тойып  ішу  керек,  сонда  жыл  бойы  тоқшылық 

болады!» деген сенім бар. 

Дастарқан  басында  жастар  үлкендерден  бата  алады.  Бата  –  үлкендердің 

өзінен жасы кішілерге беретін ықыласты тілегі. 

Ақсақалдар: «Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын, қайда барса жол болсын!» 

– 

деп бата жасайды. 



Кешке  жақын  жұрт  үлкен  айтысқа  жиналады.  Айтыс  –  домбырамен 

сүйемелденетін  ақындардың  өлең  жарысы.  Оған  үлкендер  де,  жастар  да 

қатысады. Наурыз айтыс – Жақсылық пен Жамандықтың, Суық пен Жылының, 

Жаз бен Қыстың айтысы. Сөз жарысын Жақсылықты дәріптеген ақын жеңеді. 

Мереке  қызған  кезде  жастар  алтыбақан  жанында  ұлттық  ойындар 

ойнайды. Ән айтып, би билейді. Той тойға ұласады. 

Міне, Наурыз мерекесі осылай тойланады. 

 

Сыйлық сыйлау 

 

Бүгінгі таңда кітап сыйлау кең тараған. Кітапты өте мұқият таңдау керек. 

Ол  сыйлық  алушы  адамның  талғамына  сай  болуы  керек.  Алтын  ереже  – 

ешқашан жазу жазуға болмайды, оған тек автор ғана құқылы. Кез-келген басқа 

жазу  жазу  кітапты  бұзады.  Егерде  жылы  лебіздеріңізді  қалдырғыңыз  келсе, 

құттықтау қағазын қыстыруға болады.  

Әрбір сыйлық – сыйлық сыйлаушының жан-дүниесінің айнасы. Сыйлық 

сыйлау ол міндет емес, көңілдің, жылы қатынастың белгісі. Сыйлықты алдын-

ала ойластырып алғаны жөн болар. Сыйлық сыйлау - ол өнер, оны кез-келген 

өнер сияқты үйренуге болады.  



 

Қымызмұрындық 

38 

 

Қымызмұрындық – ұлт мерекесі. Атадан-балаға мирас болып келе жатқан 

игі дәстүр. Ертеде жер аяғы кеңіп, бие құлындар, желіге байланған тұста көптен 

көріспеген  ағайын  -туған  қауқылдасып,  бірін-бірі  қымызмұрындыққа 

шақырысып,  мәре-сәре  болысқан.  Мереке  мамыр  айынан  бастап  шілде  айына 

дейін  созылады.  Осы  кезде  биелер  желіге  байланады.  Еңкейген  кәріден 

еңбектеген балаға дейін әр ауылдан жеткізілген сары қымыздың дәмін татады. 

Төрге ақсақалдар отырады. Қарттар жұртқа бата береді . Саулық тілейді.  

Алғашқы қымызбен емдейтін емхана 1910 жылы Бурабайда ашылған.  

 

Нұрмағанбет Баймырзаұлы, Балуан Шолақ 

 

 

Қазақтың  халық  композиторы,  ат  ойынының  түрлі  тәсілін  меңгерген 



өнерпазы,  күш  өнерін  көрсеткен  спортшысы,  жауырыны  жерге  тимеген 

балуаны. 

Оның есімін де халық осы соңғы өнеріне сүйсінгендіктен еркелетіп, жас 

күнінде  саусағын  үсітіп  алуына  байланысты  «Балуан  Шолақ»  деп  атаған, 

әйтпесе өзінің азан шақырылып қойылған шын аты – Нұрмағанбет.  

14 


жасынан  бастап  күреске  түсіп,  ат  құғында  ойнаған  спортшы  болған, 

шауып келе жатқан ат үстінде әр түрлі күрделі жаттығуларды шебер орындаған. 

Мысалы: жүйткіп келе жатқан ат үстінде түрегеліп, не басымен тұруы, аттың 

бауырынан  өтуі,  бір  аяғын  үзеңгіге  қыстырып,  шалқалап  жатып  шабуы 

бойындағы  жойқын  күшті,  ептілікті  шебер  игере  алатындығын,  қазақтың 

далалық цирк өнерінің іргетасын қалағандығын айғақтайды.  

Мұның  үстіне  Балуан  Шолақ  ән-күйге  жасынан  құмар  болады.  Бертін 

келе, жігіт шағында Балуан Шолақ осы екі өнерді қатар дамытады.  

Өзі  ұстаз  тұтқан  Біржан  сал,  Ақан  сері  әндерінің  тамаша орындаушысы 

әрі насихатшысы болады.  



 

Ақорда 

 

Резиденция өзіне ең таяу деген құрылыстардан 300 метр жерде биіктігі 6 

метр жасанды жотаның үстінде оқшау тұр. 

Негізі  кескін  ретінде  классикалық  кубиктік  форма  таңдалып  алынған. 

Ғимарат  қабырғаларға  сіңірілген  колонналар  арқылы  салтанатты  реңде,  сырт 

қарағанда әрі жеңіл. 

Ақорданың  аумақты  да  еңселі  күмбезі  көксеңгірленіп  Арқа  аспанымен 

астасып  жатыр.  Күмбездің  ұшар  биігінде  жер  шары  мүсінделген,  одан 

жоғарыда  қанатын  жайып  жіберген  қыран  –  тәуелсіз  елдің,  еңсесін  тіктеген 

қазақ  ұлысының  кең  әлемге  еркін  құлаш  ұрған  шағы.  Жер  шарын  сұр  жебе 

көтеріп  тұр.  Жебе  тарихын  талай  тар  жол,  тайғақ  кешуін  бастан  кешірген 

халықтың  қаһармандығын,  айбаты  мен  сұңқар  сестілігін,  мұқалмас  жігерін 

білдірсе,  жұмыр  жер  адамзаттың  алтын  ұясы  ұғымын  ұқтырады.  Жер-ана 

ардағың да, қасиетің де, қастерлің де, ол сондықтан да бәрінен биік қойылған. 



 

39 

Қазақстан Республикасының ұлттық музейі 

 

Музей ғимараты ерекше пішінімен алыстан көз тартады. Аса ірі бірегей 

музей  кешені  74  000  м

2

 



жерді  алып  жатыр  және  тоғызыншы  қабатқа  дейін 

ауыспалы қабатты болып келетін жеті блоктан тұрады. Жалпы көлемі 14 000 м

2

 

асатын экспозициялық алаң 14 залды алып жатыр. 



Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде бірнеше зал бар Олар: Астана 

залы,  Тәуелсіз  Қазақстан  залы,  Алтын  залы,  Ежелгі  және  орта  ғасыр  тарихы 

залы,  Тарих  залы,  Этнография  залы,  Қазіргі  заманғы  өнер  залы.  Ұлттық 

қазынаны зерделеу жөніндегі музей құрылымы ғылыми-зерттеу институтынан 

тұрады.  Сондай-ақ,  балалар  музейіне,  балалар  шығармашылығы  орталығына, 

екі  көрме  залына,  қалпына  келтіру  шеберханасына,  зертханаларға,  кәсіби  қор 

сақтауға,  оқу  залы  бар  ғылыми  кітапханаға,  мәжіліс  залы  мен  кәдесый 

дүңгіршектеріне арналған үй-жайлар көзделген. 

  

 

Асан қайғы 

 

Асан қайғы Желмаяға мініп, жиһан кезіп, «Жерұйық» дейтін ну орманды, 

көгорай  шалғынды,  сулы  жер,  қой  үстіне  бозторғай  жұмыртқалайтын  қоныс 

іздейді. «Елді сол жерге қоныстандырсам!» - деп, арман етеді. Жүрген жерінде 

жақсы  қонысқа  да,  жаман  қонысқа  да  баға  беріп  отырады.  Түркістанның 

қасында  ескі  қорған  қала  Сауранды  көргенде:  «Әттеген-ай,  қорғанды  ай 

тақырдың  бетіне,  Шөлістанның  өтіне  салған  екен.  Сарқырап  аққан  суы  жоқ, 

жайқалып тұрған нуы жоқ - түбі тұрақты қала бола алмас», - деген екен. Асан 

қайғы Маңғыстауға үш барып, үш қайтыпты. Асанның екі баласы: «Маңғыстау 

малға жайлы қоныс бола алар ма?» - дегенде, Асан қайғы: «Түбінде мал баққан 

шаруаға  Маңғыстаудан  жақсы  жер  болмас»,  -  депті.  Жетісуды  көргенде: 

«Мынау  Жетісудың  ағашының  басы сайын  жеміс  екен,  шаруаға  жақсы  қоныс 

екен», - депті. Баянауыл тауын көргенде: «Баянға жаймай, қой семірмес», - деп, 

Асан қазіргі Баянауылды өзіне жайлау етіпті. 

Қаратал өзенінің өлкесін  көргенде:  «Ей,  сарқырап  аққан  Қаратал,  артың 

кең, алдың тар-ау!» - депті. Өйткені бұл өзен құмға сіңіп жатады екен. 



 

Қазақстан туралы 

 

Қазақстан — Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда орналасқан мемлекет. 

Бaтысында Еділдің төмeнгі ағысынан, шығысында Алтай тауларына дейін 3000 

километрге, солтүстіктегі Батыс Сібір жазығынан, оңтүстіктегі Қызылқұм шөлі 

мен  Тянь-Шань  тау  жүйесіне  1  600  километрге  созылып  жатыр.  Қазақстан 

Каспий  теңізі  арқылы  Әзірбайжан,  Иран  елдеріне,  Еділ  өзені  және  Еділ-Дон 

каналы арқылы Азов және Қара теңіздерге шыға алады. Мұхитқа тікелей шыға 

алмайтын мемлекеттердің ішінде Қазақстан - ең үлкені. 

Қазақстан  бес  мемлекетпен  шекаралас,  соның  ішінде  әлемдегі 

құрлықтағы ең ұзақ шекара солтүстігінде Ресеймен — 6 467 километр құрайды. 



40 

Оңтүстігінде — Түрікменстан — 380 километр, Өзбекстан — 2 300 километр 

және  Қырғызстан  —  980  километр,  ал  шығысында  —  Қытаймен  —  1  460 

километр  шектеседі.  Жалпы  құрлық  шекарасының  ұзындығы  —  13392,6 

километр.  Батыста  Каспий  теңізімен,  оңтүстік  батыста  Арал  теңізімен 

шайылады.  

2016 

жылдың  1  қаңтарға  елдегі  тұрғындар  саны  -  17  670  957  адам  бұл 



әлем  бойынша  64-орын.  Жер  көлемі  жағынан  әлем  елдерінің  ішінде  9-орын 

алады (2 724 900 км²).  



 

Туған жер 

 

Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, 

өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық 

шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін 

Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен 

үшін туған кент. Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат жер 

Бестөбе  кентінен  басталады.  Дәл  осы  жерде  менің  көңілді  де,  шаттықты, 

уайымсыз  балалалық  шағым  өтті.  Үйдің  маңындағы  аулада  ойнағаным  және 

бала-бақшаға  барған  көше  әлі  есімде.  Сол  кезде  ол  маған  өте  ұзын  болып 

көрінетін.  Мұнда  көлік  сирек  жүретін,  бірақ  серуендеп  жүретін  адамдар  көп 

болатын.  

Иә... Туған жер ұзаққа қиып жібермейтін. Сен әрқашан өзің бармасаң да, 

оймен қиялдап туған көшені, есіктің алдын, «Қызым, үйге кір...»деген ананың 

сөздерін еске түсіресің. Жүректің әлсіздүрсілі естіледі.  

Қазір  бойжеттім,  бірақ  та  өмір  бойы  мен  үшін  балалық  шақтағы  туған 

аула  мен  көше  –  менің  кішкентай  Отаным.  Сонымен  бірге  мен  елімнің  бір 

бөлшегімін, оның бүгіні мен болашағымын.  

 

Абайдың жұмбағы 

 

Абай үйінде отырып, өзінің досы Бегештен: 

Дауасыз не? арзан не, қымбат не? - деп сұрапты. Бегеш оған: 



Дауасыз - кәрілік; арзан - өтірік; қымбат - шындық,- деп жауап береді. 

Абай  риза  болады.Тағы  бірде  үйіне  Төлтай,  Ошыбай  деген  кісілер  келгенде 

Абай: 


Қаттыда не қатты, тәттіде не тәтті? - деп сұрайды.Ошыбай: 

Құрттың ақ малтасына қосып жеген қанттан тәтті бар дейсіз бе? - дей 



бастағанда, Төлтай құрдасы Ошы байға кейіп: 

Әй,  сен  оттама!  Қатты  деген  жоқшылық,  тәтті  деген  жан  емес  пе?  - 



депті. Абай мырс етіп күліп: 

Жарайсың, Төлтай! - депті. 



 

Қамқорлық 

 

Назымбек  екiншi  кезекте  оқиды.  Жер  тайғақ.  Асыға  басып,  мектебiне 



41 

келе жатыр. Бiрер рет аяғы тайып кетiп құлап тұрды. 

Өзiмен  бiрге  оқитын  Нақысбектi  жолда  кездестiрдi.  Ол  бiр  кiшкентай 

баланы қолтықтап алған. Бала еңiреп жылап келедi. 

– 

Мына бала сенiң iнiң бе? – деп сұрады Назымбек. 



– 

Жоқ. Құлап, аяғын ауыртып алған екен. 

– 

Оны қайда апарасың? 



– 

Дәрiгерге көрсетiп, жарасын таңғызып берейiн. Екеулеп апарып салсақ 

қайтедi? – деп өтiнгендей болды Нақысбек. 

– 

Сабақтан кешiгемiз ғой... 



– 

Мен  кешiксем,  Күлпәш  Құлекеноваға  айтарсың,  мертiккен  баланы 

дәрiгерге әкеттi деп. 

– 

Айтайын, көп жүрiп қалма! – деп, жүгiре жөнелдi Назымбек. Нақысбек 



арқалап  алған  бала  зар  қағады.  Ауырсынып,  шырылдауына  қарағанда  аяғы 

сынған болу керек. 

– 

Жылама, қазiр дәрiгерге жетемiз, таяу қалды. Сенiң атың кiм? 



– 

Төлеген... 

– 

Ал,  Төлеген  батыр,  мойнымнан  мықтап  ұста,  тез  жеткiзе  қояйын,  – 



Нақысбек Төлегендi хирургке алып келдi. Олар айнаға түсiрiп, сынық бар дептi. 

Емханаға салатын болды. Хирург Нақысбекке: 

– 

Кiшiге  көрсеткен  қамқорлығың  үшiн  саған  рақмет!  –  деп,  басынан 



сипап, арқасынан қақты. Ендi Нақысбек мектепте қарай жүгiрдi. 

 

Әдеп 

 

Бiр  жұрттың  бас  әкiмi  екiншi  бiр  байға  жолығысып  сөйлесiп  тұрғанда, 

қасынан бiр жарлы мұжық өтiп бара жатып иiлiп, бас ұрып сәлем бердi дейдi. 

Оған қарсы әлгi үлкен әкiм төре онан да төменiрек бас ұрып сәлем алды.  

Қасындағы бай: 

– 

Тақсыр, осынша жүрттың үстiнен қараған әкiмсiз, осы бiр мұжыққа неге 



сонша бас ұрасыз? – деп айтты дейдi. 

Сонда әкiм: 

– 

Ешбiр  iлiм-бiлiм  үйренбеген  мұжық  сонша  иiлiп,  әдептiлiгiн 



көрсеткенде, мен онан әдепсiз болып қала-йын ба? – дедi дейдi. 

 

Кино 

 

Бала  кезінен  Бикен  Римова  театрды  өте  ұнатқан.  Ол  драмалық 



үйірмелерге  қатысып,  олимпиадаларда  жүлделі  орындарға  ие  болған.  Мұхтар 

Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық театрының болашақ әртісіне 

Қалибек  Қуанышбаев,  Күләш  Байсейітова,  Құрманбек  Жандарбеков  сияқты 

қазақ драмалық өнерінің шеберлері көп әсерін тигізді. Жас актрисаның сахнаға 

тұңғыш  шығуы  –  Мұхтар  Әуезовтің  «Еңлік-Кебек»  трагедиясындағы  Еңлік 

рөлі.  Онда  ол  кейіпкердің бүкіл драмалық  өмірін  көрсете  білді. Жиырма  жыл 

бойы  Еңлік  бейнесі  Бикен  Римваның  орындауымен  сахна  төрінде  жұлдыздай 

жарқырап жүрді.  



42 

Актриса  әрбір кейіпкерге  тән  өз  бейнесін  дәл  сомдай  білді.  Оның  сахна 

төрінде ойнаған рөлдері – қайталанбас бейнелер. Көпшілігімізге Бикен Римова 

«Өжет  қыздарға»  -  Баршагүл,  «Тақиялы  періштедегі»  -  Жамал,  «Менің  атым 

Қожадағы»  -  ана  бейнесі  және  «Тоғысқан  тағдырлар»  теленовеелласындағы 

Гүлбибі апа кейіпкелері арқылы белгілі. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет