Сборник текстов на казахском, русском, английском



Pdf көрінісі
бет4/70
Дата31.01.2017
өлшемі8,9 Mb.
#3082
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70

 

Қоршаған ортаны қорғау 

 

Қоршаған ортаны қорғау– қоршаған ортаның табиғи жағдайын жақсарту, 

табиғи  ресурстарды  тиімді  пайдалану,  табиғи  байлықтарды  сақтау  және 

көркейту негізінде табиғат пен қоғамның өзара үйлесімді әрекетін қамтамасыз 

етуге  бағытталған  мемлекеттік  және  қоғамдық  ісшаралар  жүйесі.  Қазақстан 

Республикасында “Қоршаған ортаны қорғау туралы” Заң1997 жылы 5 тамызда 

қабылданған. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, шаруашылық және 

басқадай  қызметтің  табиғи  экологиялық  жүйелерге  зиянды  әсеріне  жол 

бермеуге,  биологиялық  әр  алуандылықты  сақтауға  және  табиғатты  оңтайлы 

пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған.  

Қазақстан  Республикасының  экология  қауіпсіздігі  туралы  мемлекеттік 

тұжырымдамада  (1997)  қазіргі  және  болашақ  ұрпақтардың  мүдделерін  ескере 

отырып,  Қоршаған  ортаны  қорғау  және  табиғатты  пайдалануды 


26 

экологияландыруға 

көшу 

стратегиясы 



белгіленген. 

Қазақстан 

Республикасының осы стратегияны басшылыққа алып Қоршаған ортаны қорғау 

туралы заңдарды Қазақстан Республикасының Конституциясына негіздеді және 

ол  “Қоршаған  ортаны  қорғау  туралы”,  “Ерекше  қорғалатын  табиғи  аймақтар 

туралы”, басқа да заңдар мен нормативтік құқықтар актілерінен тұрады. Кейде 

Қоршаған  ортаны  қорғау  табиғатты  қорғау  ұғымымен  баламалы  түрде 

қолданылады.  Бірақ  Қоршаған  ортаны  қорғауға  қарағанда  табиғатты  қорғау 

ұғымының шеңбері кеңірек. 

 

Табиғатты аялайық 

 

Адам  –  табиғаттың  ажырамас  бөлігі  .  Табиғат  пен  адам  қатар  ұғым  . 

Адамсыз  табиғат  ,  табиғатсыз  адам  өмір  сүруі  мүмкін  емес.  Адам  табиғатты 

қасиет тұтады . Табиғат - тіршіліктің құт-берекесі. Табиғатты қорғау міндетіміз. 

Қазіргі кезде экология мәселесі нашарлап кетті. Экологияны қорғау,табиғатты 

сақтау  қазіргі  жастардың  қолында.  Табиғаттың  сырын  қазіргі  кезге  дейін 

ғалымдар  зерттеуде.  Қазақ  халқында  табиғатты  құрмет  тұтады.  Қазақтар 

жұлдыздарға  қарап  бағыт  -  бағдарды  болжаған.  Табиғат  біздің 

асыраушымыз,байлығымыз,күнделікті  тынығатын  сарайымыз.  Табиғат  –

адамның  еңбегінсіз,адам  игілігі  үшін  жаралған  жаратылыстың  сыйы.  Адам- 

табиғаттың патшасы деген ұғым бар. Сондықтан табиғат адам үшін - асыл ана. 

Өйткені адам баласы табиғатта,тіршілікте өсіп-өніп, жетілген.Қажетін алып, өз 

пайдасына жаратқан.  

Табиғат  –ырыздықтың,ырыс  пен  мол  қазынаның  қайнар  көзі  ,  адам 

денсаулығының  сенімді  сақинасы.  Ұрпақтан  –ұрпаққа  мол  мұра  ретінде 

қалушы.Табиғаттағы  жануарлардың  мүйізінен  немесе  өсімдіктің  тамырынан 

халық емшілері дәрі – дәрмектер жасаған сонымен қатар, адам ағзасына дәрінің 

септігін тиерін анықтаған. 



 

Мен табиғатты сүйемін 

 

Адам  –  табиғаттың  ажырамас  бөлігі  .  Табиғат  пен  адам  қатар  ұғым  . 

Адамсыз  табиғат  ,  табиғатсыз  адам  өмір  сүруі  мүмкін  емес.  Адам  табиғатты 

қасиет тұтады . Табиғат - тіршіліктің құт-берекесі. Табиғатты қорғау міндетіміз. 

Қазіргі кезде экология мәселесі нашарлап кетті. Экологияны қорғау,табиғатты 

сақтау  қазіргі  жастардың  қолында.  Табиғаттың  сырын  қазіргі  кезге  дейін 

ғалымдар  зерттеуде.  Қазақ  халқында  табиғатты  құрмет  тұтады.  Қазақтар 

жұлдыздарға 

қарап 

бағыт 


бағдарды 

болжаған. 

Табиғат 

біздің 


сыраушымыз,байлығымыз,күнделікті  тынығатын  сарайымыз.  Табиғат  –

адамның  еңбегінсіз,  адам  игілігі  үшін  жаралған  жаратылыстың  сыйы.  Адам 

табиғаттың патшасы деген ұғым бар. Сондықтан табиғат адам үшін - асыл ана. 

Өйткені адам баласы табиғатта,тіршілікте өсіп-өніп, жетілген.Қажетін алып, өз 

пайдасына жаратқан.  

Табиғат  –ырыздықтың,ырыс  пен  мол  қазынаның  кайнар  көзі  ,  адам 

денсаулығының  сенімді  сақинасы.  Ұрпақтан  –ұрпаққа  мол  мұра  ретінде 


27 

калушы.Табиғаттағы  жануарлардың  мүйізінен  немесе  өсімдіктің  тамырынан 

халық емшілері дәрі – дәрмектер жасаган сонымен қатар адам ағзасына дәрінің 

септігін тиерін анықтаған.  

 

Әлемдік тарту күші 

 

Енді  мынадай  бір  көріністі  көз  алдыңа  елестетіп  көр.  Диаметрі  бес 

километрлік  титтей  планетаның  –  астероидтің  үстінде  космонавт  жүр  екен 

делік.  Әне,  ол  бірдеңенің  үстіне  шықты.  Ол  өзінің  мұнда  жүргенін  ұмытып, 

қуанғаннан секіріп қалып еді, жүздеген метр жоғары көтеріліп кетті. Бұған ыза 

болған космонавт: 

-

 

Бұл  неткен  планета  еді!  қимылдауға  мұрсат  бермейді...  Біздің  Жерді 



айтсаңшы, шіркін! Онда қауіптенбей-ақ емін-еркін жүре бересің! – деп күңк ете 

түсті. Әлем кеңістігіндегі дененің бәрі бірін-бірі өзіне тартып тұрады. Бұл тарту 

күші  денелердің  қашықтығына  және  салмағына  байланысты  болады.  Адам 

жеңіл, ал Жер өте ауыр. Жердің адамды өзіне қатты тартып тұратыны да содан. 

Мықты болсаң Жер бетінен ұшып көрші! 

Әлемдік тарту күші дегеніміз – әлем кеңістігінде тұрақты тәртіпті сақтап 

тұрған  күш.  Бұл  күш  көзге  көрінбейтін  шынжыр  сияқты,  планеталарды  өз 

орбитасында,  Күн  төңірегінде  байлап-матап  ұстайды.  Егер  бұл  күш  ғайып 

болса, планеталар орындарынан ұшып түсіп, беталды лағып кетер еді. Жер беті 

де  қатты  бүліншілікке  ұшырап,  оған  мықтап  бекімеген  дүние-мүліктің  бәрі 

әлем кеңістігін кезіп кетер еді.  

 

Аспани ат 



 

Қазақ  ұғымында  ғарыш  қиял-ғажайып  дүниесіне  толы  болған.  Сондағы 

тіршілік  иелерінің  бірі  –  Тұлпар.  Аспани  аттың  көрнекі  бейнесі.  Құс  тәрізді 

қанаты бар сәйгүлік – көзді ашып жұмғанша қалаған жағына жете алатын ертегі 

ат.  Аспани  әлемнің  адал  да  күшті  тұлпары  адамша  сөйлей  алады.  Олар  өз 

қожайындарына  ақыл  беріп,  көмектескен,  қауіп-қатерден  сақтандырған,  тіпті 

болашақта  болатын  жайтты  да  болжап  отырған.  Қазақ  даласындағы  есімдері 

аңызға  айналған  батырларға  ертегі-аттар  сенімді  серік  болған.  Қобыланды 

батыр  –  Тайбурыл,  Алпамыс  батыр  –  Байшұбар  деген  тұлпрарды  мінген.  Ал 

ағаларын  іздеп  шығып,  кездескен  көпқиыншылықты  жеңуіне  Кендебайдағы 

Керқұла  деген  ғажайып  аты  көмектескен.  Сондықтан  да  Алтын  адамның 

тамаша ертегі «Керқұла атты Кендебай» деп аталады. 

Қанатты  аттардың  бейнелері  ежелгі  дүние  көпенділерінің  өнерін 

көрсететін  ескерткіштерде  де  кездеседі.  Олар  Алтай  өлкесінен  табылған 

сақтардың  әсемдік  бұйымдарында,  Алматы  маңынан  шыққан  атақты  Қарғалы 

тәжінде,  Есік  қорғанынан  алынған  Алтын  адамның  бас  киімнде,  сақтардың 

ыдыс-аяқтарында бар. 

 

 



 

28 

Құс жолы 

 

Құс жолы (немесе бас әріппен Галактика) — құрамына Күн жүйесі және 

көптеген жұлдыздар енетін алып аумақты спиральді галактика. Ол шамамен екі 

жүз  миллиард  жұлдыздан,  сондай-ақ  жұлдыз  шоғыры  мен  тобынан,  газ  бен 

тозаң тұмандықтарынан және жұлдызаралық кеңістікке таралған жеке атомдар 

мен түйіршіктерден құралған. Бұлардың үлкен бөлігінің пішіні линза тәріздес, 

оның  көлденеңі  шамамен  30  кпк,  ал  қалыңдығы  4  кпк.  Кіші  бөлігінің  пішіні 

сфера  тәріздес,  оның  радиусы  шамамен  15000  пк.  Құс  жолы  галактикасының 

барлық  құраушылары  кіші  симметрия  осінен  айналатын,  бірыңғай 

динамикалық жүйе болып байланысқан. 

Жердегі  бақылаушыға  аспандағы  мыңдаған  жеке  жұлдыздар  Құс  жолы 

тәрізді көрінеді. Осыған байланысты біздің галактика Құс жолы жүйесі деп те 

аталады.  Құрамына  Күн  енетін  галактиканы  басқа  галактикалардан  ажырату 

үшін,  оны  кейде  «біздің  галактика»  деп  те  атайды.  Кейде  Галактика  (бас 

әріппен) деп те жазылады. 

Құс  жолы  —  кең,  ақшыл  жолақ  болып  тұтасқан  орасан  көп  жұлдыз 

шоғыры.  Алайда  аспан  сферасына  қатарласа  проекцияланатын  жұлдыздар 

кеңістікте бір-бірінен алшақ орналасқан. Сондықтан әртүрлі бағытта секундына 

ондаған,  жүздеген  километр  жылдамдықпен  қозғалатындығына  қарамастан, 

олар  бір-бірімен  ешқашан  соқтығыспайды.  Жұлдыздардың  кеңістікте  таралу 

тығыздығы Галактика полюстерінің бағытында тым аз болады.  

Жұлдызаралық зат та кеңістікке бір қалыпты таралмаған, олардың басым 

көпшілігі  жеке  бұлттар  мен  тұмандықтар  түрінде  галактикалық  жазықтықтың 

маңына шоғырланған. 

 

 

Тыңдалым 

Айтып несіне әуре боласын 

 

Сократқа біреу келіп: – Досың жайлы не естідім айтайын ба? – дейді. 

Ол үшін тесттен өту керектігін айтты Сократ. 

Бірінші  фильтр  –  “Шындық  филтрі”.  Досым  туралы  айтатының  100 



пайыз шындық екеніне сенімдісің бе? 

– 

Жоқ. Негізі біреудің айтқанын естідім де, содан… 



Сен  ол  әңгіменің  өтірік-рас  екенін  білмейсің.  Екінші  фильтр  -

“Жақсылық филтрі”. Досым туралы айтатының жақсы ма әлде..? 

– 

Жоқ, жақсы емес, керісінше… 



– 

Сен рас болып болмағанын білмей тұрып, досым туралы жаман нәрсе 

айтқың  келді  ме  сонда?  Соңғы  фильтр  –  “Керектілік  филтрі”.  Досым  туралы 

айтатының керегіме жарай ма? 

– 

Білмеймін ғой енді, бәлкім.. 



– 

Маған  айтатының  шындық  емес,  жақсылық  емес  және  қажеттілігім 

болмаса, оны айтып несіне әуре боласың? 

 


29 

Келетініңді біліп едім! 

 

Әскер қатты оқтың астымен жүгіріп барып, досын арқалап торуыл жаққа 

әрең дегенде жетеді. Капитан жаралы Әскердің жүрек соғысын тыңдайды да: – 

Саған “өміріңді қауіпке қойып баруға тұрмайды” демедім бе? Досың бәрі–бір 

өліп  қалды,  –  дейді.  –  Жоқ,  жолдас  капитан,  баруға  тұрарлық  болды,  –  дейді 

демін алаған әскер. – Қалайша тұрарлық дейсің? Бұл Әскер өлді, көріп тұрсың 

ба?! – Бәрі–бір тұрарлық. Өйткені, досымның қасына барғанымда ол әлі тірі еді. 

Оның  соңғы  сөздерін  есту  мен  үшін  өте  маңызды  болды,  –  деді  де  жылап 

жіберіп,  досыңның  соңғы  сөздерін  қайталады:  –  “Келетініңді  біліп  едім! 

Келетініңді білдім! Рақмет.” 

 

Білместік 

 

Досына  қонаққа  бара  жатқан  Тазша  бала  автобус  тоқтар-тоқтамастан, 

түсіп  жатқан  жолаушыларды  қағып-соғып  ішке  ұмтылды.  Ойы-тезірек  бос 

орынға  жайғасу.  Отырғаны  сол  еді,  кондуктор  бұны  жұлқылап  тұрғызып 

жіберді: 

-

Тұр,  үлкендер  отырсын.  Ақшаңды  төле!  (Бұл  түрін  өзгертіп  алған 



Мыстан еді.) 

Менде ақысы алдын ала төленген көлікте жүру билеті бар. 



Оны сен қазір пайдалана алмайсың. - Неге? 

-

Қазір  демалыс  кезі,  ал  ол  билет  мектепке  қатынау  үшін  ғана  берілген. 



Сондықтан билет ал, - деп кондуктор қасарысып тұрып алды. Сенер – сенбесін 

білмеген Тазша ақшасын төледі 

 

Түбір мен қосымша 

 

Түбір: - Сенің атың кім? - деп сұрайды. 

 



Менің атым Қосымша, - дейді. Ол атына таң қалады. Қосымша: 



Ал сенің атың кім? - дейді. 

Менің атым Түбір, - деп айтады. Бір-бірінің атын біліп алғаннан кейін, 



түбір одан: 

Қосымша екеуміз дос болып, бір үйде тұрайық, - дейді. 



Қуана-қуана  келіседі.  Барлығы  бір  үйде  тұрады.  Екеуі  айырылмас  дос 

болады. 


Олар  Қазақ  тіліне  жұмысқа  тұрады.  Көптеген  қызмет  атқарып,  баянды 

өмір кешеді.  



 

Ауыл 

 

Ауыл  —  дәстүрлі  қазақ  қоғамында  ежелден  қалыптасқан  қауымдастық. 

Қазақ  халқындағы  “Ауыл  түбі  —  бірлік,  қауым  түбі  —  тірлік”  деген  мақал 

ауылдың этникалық, экономикалық және рухани маңыздылығын білдіреді. Мен 

даланы  қоныс  еткен  көшпелілер  үшін  табиғатпен  үйлесімді  тіршілік  ету 


30 

жеткіліксіз  еді.  Олардың  әлеуметтік  ортасы  да  адамға  қолайлы  болуы  қажет. 

Бұл қажеттілік жеті аталық үрдіс деп аталатын қоғамдық құрылымды тудырды. 

Дәстүрлі  қазақ  ауылы  бір  атадан  тараған  (аздаған  кірме,  қоңсыларды 

қоспағанда)  ру  мүшелерінен  тұрды.  Ауыл  ішінде  негізінен  некелік 

қатынастарға  тыйым  салынған.  Жеті  аталық  үрдіс  дегеніміз  экзогамиялық 

некенің ең қатты сақталатын түріне жатады. 

 

Ас үйдегі аласапыран 



 

Қарны ашқан Тазша бала тоңазытқыштағы тамақты ысытып ішпек болды. 

Газды  бұрын  жағып  көрмеген  ол  пештің  құлағын  бұрап  еді,  от  жанбады.  Не 

істерін  білмеген  Тазша  бала  тоңазытқыштан  алма  алды  да,  теледидар  көре 

тұрмақ болып бөлмесіне кіріп кетті. Осы сәтте даладан кірген анасы дереу ас 

үйге ұмтылды:  

Ойбай-ау,  балам-ау,  тірісің  бе?Анасы  газдың  шүмегін  жауып,  терезені 



шалқасынан ашып тастады. Ашық қалған мұздатқыштың есігін жапты. Жүгіріп 

келген Тазша бала не бүлдіргенін түсінбей жыпылық-жыпылық етті. 

-

Ойбай-ау, газдың құлағын ашып қойғаның не? 



Ашса не болады? 

Жанбай ашық қалған көзінен газ шыға береді. Үйдің іші газға толғанда... 



Анасының ары қарай түсіндіруге аузы бармай, құр басын шайқай берді. 

Ал сиқырлы айнасынан бәрін көріп отырған Мыстан ішін басып, жерге домалап 

ішек-сілесі қата күлді. 

 

Жол қырсығы 



 

Ойындағылары  жүзеге  аспай  жатқанына  ызаланған  Мыстан  долданып, 

жер  тепкілеп  жылады.  Оның  көз  жасынан  дауыл  тұрып,  жаңбыр  жауды. 

Жаңбырдың аяғы қарға айналды. Төпелеп жауған қарлы жаңбырдан көзін аша 

алмай  келе  жатқан  жүргізуші  Тазша  баланы  анадайдан  көзі  шалып  қалды. 

Дереу  тежегішті  басқанымен  машина  біраз  жерге  тайып  келіп,  баланы  жанай 

тоқтады.  Тазша  бала  қорыққанынан  шалқасынан  құлап  түсті.  Жүргізуші 

көлігінен атып шығып, баланы көтеріп алды. Бақытына орай, еш жеріне зақым 

келмепті. 

 

Қауіпті ойын 



 

Бұл  жолы  Мыстан  кемпір  немересі  Сумұрынды  Самат  деген  баланың 

бейнесіне енгізіп Тазшаға жіберді. 

О, Самат, халің қалай? 



Жүр, ойнайық. Мен бір қызық ойын ойлап таптым. 

Қандай ойын? 



Машиналардың артына жабысып ұстап аламыз да, сырғанаймыз. Кеттік. 

 

Тілашар 


31 

 

«Тілашар  тойына  арнап  шашу  шашады».  Әр  отбасы  баласы  7  жасқа 

толған  соң  мектепке  оқуға  беріледі.  Бұл  да  бала  өміріндегі  елеулі  оқиға,  есте 

қаларлық елеулі кезең болып табылады. Осы күні балаға жаңа киім кигізіп, оқу-

жабдықтарын  дайындап,  шағын  той  өткізеді.  Мұны  дәстүрлі  «тілашар»  тойы 

деп атайды. Үлкен кішілер балаға «өстің», «азамат болдың», «алып бол», «ақын 

бол» деген сияқты тілек білдіріп бата береді. Жаңа киіміне байғазы, тағымдар 

ұсынады.  Бұл  тәрбиеден  бала  өскендігінің  белгісі  сезінеді,  оқуға  құмарлығы 

артады. Жақын-жуық адамдар бала ата-анасына «құтты болсын» айтып, балаға 

сәт-сапар тілейді. 

 

Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті 

 

Өткен  заманда біреудің  Айсұлу  және  Күнсұлу  деген  екі  қызы болыпты. 

Екеуі  де  теңдесі  жоқ  сұлу  екен.  Бірінен-бірі  асқан  сұлумын  деп  бірімен-бірі 

үнемі ұрысысып, жиі-жиі жанжалдасып қалады екен. Бір күні Күнсұлу іс тігіп 

отырған Айсұлуға тиісіп: 

– 

Сенен мен сұлумын! - дейді. Ал Айсұлу болса: 



– 

Жоқ, сен сұлу емессің, мен сұлумын! - деп таласады. Ақыр аяғында бұл 

талас  үлкен  шатаққа  айналады.  Ыза  қысып,  әбден  ашуланған  Күнсұлу  өзіне 

қарсы келіп отырған Айсұлудың бетін тырнап алады. Күнсұлу тырнағының ізі 

Айсұлудың бетінде өшпестей болып қалады. Міне, содан бері Айсұлу жұрттан 

ұялып, тек түнде ғана тысқа шығады екен. Ал бейбастақтығынан қатты ұятқа 

батқан  Күнсұлу  түн  қараңғылығында  бұғып  жатады  екен.  Содан  бері  Айсұлу 

мен Күнсұлу біріне-бірі көрінбейді.  



 

Асыл шөп 

 

Зылиха  мен  Бәтима  деген  біреудің  қызметінде  тұрған  екі  қыз  бала 

төбесіне бір-бір жәшік жеміс көтеріп қалаға келе жатыпты-мыс. Зылиха ахлап-

ухлеп  шаршадым  деп,  Бәтима  күліп,  әзілдесіп  келе  жатады.  Сонда  Зылиха 

айтты: 



Сен  неге  мәз  болып  қуанып  келесің,  төбеңдегі  жәшіктің  ауырлығы  да 



менің басымдағыдан кем емес, өзіңде менен күшті емессің? 

Мен жәшігім ішіне ауырды жеңілдететін бір шөп салдым деді Бәтима. 



Ай, ондай болса шөбіңнің атын айтшы, менде ауырымды жеңілдетейін 

деди Зылиха 

Ол шөп сенің қолыңа түспей ме деп қорқамын аты: сабыр деген деді. 



 

Жолға шығарда 

 

«Жақын  жолға  шығарда,  алыс  сапарға  аттанарда  таба нанның  шетінен 



бір тістеуді ешқашан ұмытпағайсың». Мен алыс па, жақын ба әйтеуір сапарға 

беттегенімде, әжем осылай деп ескертетін еді. 

Немерем, сен де осы салтты ұмытпа, сонда сапарлардан аулыңа, Отаныңа 


32 

аман-сау ораласың... 



 

Қосмосқа шағын саяхат 

 

Ерте заманнан-ақ адам баласы аспанға назар аударып келеді. Күндіз олар 

көз  шағылысқан  күнді,  түнде  жымыңдаған  жүлдыздар  мен  формасы  өзгеріп 

тұратын  айды  көрді.  Келе-келе  жұрт  аспан  туралы  тиянақты  білім  алып, 

ғылымдардың ішіндегі ең көнесі саналатын – астрономия ғылымы туды. 

 

Қос қарлығаш 

(Әңгіме) 

 

– 

Ата, ата, анаң қара! Қарлығааш! 



Атасының жанында саяжайда жүрген Алдан жерден жеті қоян тапқандай 

мәз. Дауысының қатты шығып кеткенін де байқамай қалған. Расында, бұл биыл 

жазғытұрымғы көрген алғашқы қарлығаштары еді. 

– 

Тыныш, балам, қатты дауыстама. Шошытып, үркітіп аласың. Кел одан 



да қозғалмай отырып, олардың әрекетін бақылайық,– деп Орман қарт немересін 

қасына  шақырып,  өздері  суғарып  жүрген  тақтаның  жиегіндегі  көкмайсаға 

жайғасты. 

Алғашында  Алданның  қаттырақ  шыққан  үнінен  жасқаншақтап,  кері 

серпілген  қос  қарлығаш  сәлден  соң  қалықтай  келіп,  бұлардың  алдындағы 

суғарылып жатқан тақтаға қайта оралды. 

– 

Су іздеп жүрген болар? – Сыбырлай сөйлеген немересі атасына сұраулы 



кейіппен қараған. 

– 

Тс-сс, асықпа, балам. Қазір көреміз. 



Қалықтай келіп текшеленген тақта үстіне қонған олар алдымен тіп-титтей 

сүйір тұмсықтарына іліп жерден бір-бір тал шөп қиындысын алды. Екі-үш күн 

бұрын шабылған шөптің қурай бастаған қалдығы. Тістеген әлгі шөптерін енді 

беті дымқылданған топыраққа ары-бері үйкеп алған қос қарлығаш жерден лып 

көтеріліп әлдеқайда асыға ұшып кетті. 

– 

Су іздесе, батпақта нелері бар, ата? Қарлығаш та шөп жей ме?– деген 



Алдан аң-таң. 

– 

Үндеме,–  деді  атасы  әлі  де  болса,  сыбырлай  сөйлеп.  –  Олар  жақын 



маңға ұя салғалы жүр. Қазір тағы оралады. 

Атасы айтып болғанша зуылдай келіп, тақта үстіне қонған қос қарлығаш 

тура жаңағы әрекеттерін қайталай, тұмсықтарына бір-бір тал шөпті ілген бойда 

тағы да ұша жөнелді. Өздері тым асығыс, жұмыстары қауырт секілді. 

– 

Шөпті қайтеді? Оны неге батпаққа батырып, былғап жатыр? 



Немересінің сауалына еріксіз мырс еткен атасы: 

– 

Құлыным-ау,  былтыр  ауылға,  Сәлім  ағайыңның  үйіне  барғанда  қора 



жақтауына салынған қарлығаштың ұясын көріп едің ғой, есіңде ме?– деді. 

– 

Әрине,  есімде.  Тұмсықтарын  соза,  ауыздарын  ашып,  тамақ  сұрап 



шиқылдап  жатқан  балапандарын  да,  енелерінің  оларға  қалай  тамақ  әкеліп 

беретіндерін де көрдік қой. 



33 

– 

Ендеше,  міне,  мына  қос  қарлығаш  та  өздеріне  дәп  сондай  ұя  салуға 



кірісіп жүр. Жаңағы балшыққа шыланған ши шөпке аттың қылын немесе жүн-

жұрқа  араластырып,  ұя  қабырғасын  қиюластыра  қалап  шығады.  Тұп-тура 

кірпіш қалаушы құрылысшылардай. 

– 

Бұлардың  бұрынғы  үйлері  қайда  мықты,  берік  болса?..–  деді  Алдан 



тынымсыз қарбаласқан қос қарлығашқа көмекке асыққан сыңаймен. 

– 

Байқаймысың,  бұлар  биыл  ғана  табысқан  жұп  секілді.  Сенің  Арман 



ағайың мен Гүлім жеңешең сияқты. Олар да жаңа отау құрып, жаңа үй салып 

жатқан  жоқ  па?–  деп,  Орман  қарт  немересіне  түсінікті  болу  үшін  нақты 

мысалмен сөйлеуге тырысып бағуда. 

– 

Қарлығаш та адам секілді болғаны ғой сонда?.. 



– 

Әрине,  барлық  тіршілік  иесі  адамға  ұқсас  тірлік  кешеді.  Және  олар 

адамдардан  демеу  күтеді.  Оның  ішінде,  әсіресе,  қарлығаш  адамға  өте  жақын. 

Өздері мен балапандарын жауларынан қорғау үшін ұяларын адамдарға жақын 

жерге,  үйлердің  маңдайшалары  мен  бұрыштарына  салады.  Ең  жанашыр 

қамқоршыларының адам  екенін жақсы түйсінеді,–  деп  тоқтаған  атасы  күрегін 

алып,  немересін  жетектеп,  үйге  қарай  бет  алған.–  Жүр,  құлыным, 

қарлығаштардың жұмыстарына кедергі болмайық. Керектерін жасқанбай, емін-

еркін тасып алсын. 

Осылай  істесе,  қарлығаштарға  көмегі  көбірек  тиерін  түсінген  Алдан  да 

орнынан  тұрып,  тынымсыз  қайшыласқан  қос  қарлығашқа  қызықтай  қараған 

күйі атасына ерді. 



Әке мен бала 

 

Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған 

аттың бір ескі тағасын көріп, баласына айтты: 

-

 



Анау тағаны, балам, ала жүр, — деп. 

Бала әкесіне: 

-

 

Сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын, — деді. 



Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп алды да, жүре берді. 

Қаланың  шетінде  темірші  ұсталар  бар  екен,  соған  жеткен  соң,  әкесі 

қайырылып,  манағы  тағаны  соларға  үш  тиынға  сатты.  Одан  біраз  жер  өткен 

соң,  шие  сатып  отырғандардан  ол  үш  тиынға  бірталай  шие  сатып  алды. 

Сонымен, шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бір-бірден алып жеп, баласына 

қарамай,  аяңдап  жүре  берді.  Біраз  жер  өткен  соң,  әкесінің  қолынан  бір  шие 

жерге түседі. Артында келе жатқан бала да тым - ақ қызығып келеді екен, жерге 

түскен  шиені  жалма-жан  жерден  алып,  аузына  салды.  Біраздан  соң  және  бір 

шие, онан біраз өткен соң және бір шие, сонымен әр жерде бір әкесінің қолынан 

түскен шиені он шақты рет иіліп, жерден алып жеді. Ең соңында әкесі тоқтап 

тұрып айтты: 

Көрдің бе, мана тағаны жамансынып жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға 



еріндің, енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдің 

орнына он еңкейдің. Мұнан былай есінде болсын: аз жұмысты қиынсынсаң — 

көп жұмысқа тап боласың, азға қанағат ете білмесең — көптен де құр боласың, 

деді. 



34 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет