Домбыра
Домбыра — қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі
музыкалық аспабы. Ол – қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, өзіндік
музыкалық сипаты бар аспап. Алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде жыр, толғау,
термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық шығарма – күй
жанрының қалыптасуына ықпал еткен. Қазіргі кезде домбыра жеке әнді
сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтық-фольклорлық музыкада, классикалық
шығармаларды орындауға қолданылатын, мүмкіндігі кең музыкалық аспап
болып табылады. Домбыра ежелде қазақтың тарихын баяндаған музыкалық
аспаптардың бірі.
XIX
ғасырда қазақ халқының тұрмысында анағұрлым кең тараған
Музыкалық аспап екі ішекті домбыра болатын. Егер бұрынғы заманда көне
аспаптар ән, жыр, ертегі-аңыздарды сүйемелдеу үшін ғана қолданылған болса,
енді домбыра жеке шығарма орындауға арналып, күрделі аспаптардың
қатарына қосылды.
Әртүрлі ескерткіштерге, сондай-ақ этнографтардың жазып қалдырған
еңбектеріне жүгінсек, домбыра және өзге халықтардың осы тектес аспаптары
тіпті сонау орта ғасырларда белгілі болған екен. Өзбектердің домбыраға өте
ұқсас екі ішекті дутары алғаш рет әл-Хусейнидің «Музыкалық канон» деген
трактатында ауызға алынды.
Қобыз
Қобыз — таңқаларлық пішінді және ғажайып сазды, бай тембрлі аспап.
Қобыз ең көне аспаптардын бірі.
Қобыз екі шекті 40-қа тарта аттың ұзын қылы керілген ысқышы бар
аспап. Қылқобыз аталуы да осыдан болар. Қобыз үнінің төмендеп қайта
жоғарылап дыбыс шығаруы — шектеріне саусақтың ұшын ғана тигізіп, сәл ғана
басып шертіп, керілген қылды ысқышпен үйкеп ысқылап тарту арқылы
ысқышты аспапқа «іліп қойғандай» етіп көлденең ұстап ысқылап сүйкеп-
сүйкеп көсеп-көсеп жібергенде флажолетті обертонды қою-қошқыл сазды
мұңлы болып шығады.
Біреулер оны құс даусына ұқсатады: « — Оның даусы аспаптың шегін
аттың жалынан керілген қылдан тартылған еспе ысқышпен үйкелегенде
аққудың үніне ұқсас дауыс шығады» — дейді (П. Паллас). Енді біреулер қобыз
үнін адам даусына ұқсатады (Б. Сарыбаев) ащы, зарлы, өксікті үн шығарады
деген де пікір айтады. Кобыздын 4000 жылдык тарихы бар.
Қобыздың саз аспабы ретінде тағдыры тайғақ, жолы тар, қиын-қыстау
43
болды. Бұл аспап қазақ халқының тарихи-этникалық мәдениетінің көне көзі,
рухани қазына мүлкі, эпостық және аспаптық музыкалық өнерін күні бүгінге
дейін сақтап жеткізуші ұлттық мұра бола тұра, ол өзіне деген кертартпа
ескілікті көзқарастан арылмай ақталмай-ақ қойды. Әу бастан-ақ қобыз
бақсының, бақсылық жасаудың құралы деген пікір қалыптасқан болатын.
Сыншы бала
Баяғыда бір баланы жат жұрттықтар тұтқындап, еліне алып кетіпті. Еліне
әкелген соң, қой бақтырып қойыпты.
Бала қой бағып жүріп, далада қалған қу бастың қасына келіп: «Сенің
арғымақтың басы екенінді кім білсін, менің Тортай сыншының баласы екенімді
кім білсін?» деп зарлайды екен.
Күндердің күнінде баланың қожасы үш арғымақ әкеліп балаға
сынатыпты.
–
Бала, мына арғымақтардың қайсысы жүйрік? – деп сұрапты. Бала:
–
Мен білмеймін, әкем білетін еді, - депті.
Мұнан соң бай сәйгүліктерді балаға бақтырып қойыпты. Бала ең
тұлпарын танып, жарата беріпті. Бір күні бала тұлпарға мініп, еліне тайып
отырыпты. Жат жұрттықтар жабыла қуыпты. Бірақ бала оларға жеткізбей
кетіпті. Сөйтіп аман – есен еліне жетіпті.
Еріншек
Ешбір жұмыс тындырмас, шөптің басын сындырмас, еріншек бір етікші
болыпты. Еріншек етікшінің үш ешкісі бар екен. Күн суытып, қыс
түсіпкележатқанын көре тұра еріншек ешқандай қам жасамапты. Ешкілеріне
азықтық жем-шөп жинамапты. Бір түнде боран қар жауады да, жердің бетін ақ
көрпе бүркеп қалыпты. Ешкілері енді бұрынғыдай өрістеп жайыла алмай, суық
қорада бүрісіп, дірдектеп тұрады.
Етікші, керек десең, сыртқа шығуға да ерініп, әйеліне:
—
Барып көріп келші, ешкілерге не болып жатыр екен,— деп жұмсайды.
Әйелі барып көріп келеді де:
—
Бір ешкі өліп қалыпты,— дейді. Сонда еріншек:
—
Е, мал іші болған соң, өлім-жітімі де болады ғой,— деп жата беріпті.
Ертеңіне еріншек ешкілерді көріп келуге әйелін тағы жұмсайды.
—
Тағы бір ешкі өліп жатыр,— деп келеді әйелі. Еріншек келесі
жамбасына аунап түсіп:
—
Мал іші болған сон, өледі де,— дейді де қояды.
Үшінші күні етікші әйелін малды көріп кел деп тағы да жұмсайды. Әйелі
жалғыз ешкінің де қатып қалғанын айтып келеді. Сонда етікші жаны жай
тапқандай, бір аунап түсіп:
—
Бәйбіше, біздің малдың өлімі осымен тыйылған да шығар,— депті.
Жер мен күн
44
Бірде Күн мен Солтүстіктің үскірік Желі бірінен – бірі күштімін деп,
айтысып қалды олар ұзақ айтысты, ақырында, сол мезетте үлкен жолмен келе
жатқан жолаушыны көріп қалды да, өз күштерін соған жұмсап, сынаспақ
болды.
-
Бері қара, - дейді Жел, - менің күшімді көр, қазір мен анау
жолаушының үстіндегі шекпенін кірпік қаққанша ұшырып түсіремін!
Сөйтті де, екілене ышқынды ай келіп. Жел екпіні неғұрлым күшейген
сайын, жолаушы да қасарыса ерегіскендей, шекпенін мықтап қымтай түсті де,
әрі қарай кете барды. Жел құтырына ызаланып, байғұс жолаушыны жаңбыр
мен қарға көмді. Желге зығыры қайнаған жолаушы белін мықтап буынып,
шекпенінің етек-жеңін қаусырынып алды. Енді Жел жолаушының шекпенін
ұшырып түсіре алмағанына өзі таңданып қалды.
Қарсыласының айласы құрығанына Күн күлді де, бұлт арасынан сығалап,
жер бетін қыздыра жалын атты, қатты жаураған байғұс жолаушыға да жылу
төкті. Күн сәулесінің ыстығы пысынатқан жолаушы жадырап сала берді де,
Күнге алғысын жаудырды. Сонан соң шекпенін шешіп, ерінің артына бөктеріп
алды.
-
Көрдің бе, - деді сол кезде жайдары Күн ызаға булығып тұрған Желге. –
Қаһар төгіп, босқа ашу шақырғаннан гөрі мейірімділік пен қайырымдылық жүз
есе артық!
Ағаштар неге ашуланды?
Жадырап көктем туды. Қар тез еріді де, аз күнде төңірек қарайып, құрғап
шыға келді.
Мектепте көшелерді көгертіп, ағаш отырғызу апталығы басталды.
Оқушыларды түгел қызықтырған бұл бастама тек Алмабекке ұнамады.
Бірақ жұрт бір кісідей кіріскен істен Алмабек шетте қала алмады.
Бірнеше жас тал, терек, қайың әкеліп, басқалардың үлгісімен терезе тұсына
тізіп отырғызды.
Алмабек осымен істі тыңдыға санады. Өзгелер отырғызған ағаштарын
суарып, түбін қопсынып, мәпелеп күтумен болса, бұл оның бірін де істемеді.
Жаз шықты. Көктемде отырғызған ағаштар ешбір күтім көрмеген соң,
тамырланып кете алмай, шөгіп, шала-жансар жұтып тұрды.
Бұл қайғылы халді самал жел өзен бойындағы орманға жеткізді. Бір күні
Алмабек орманға барып еді, оны ағаштар қоршап алып, үйіне қайтармады.
-
Сендерге мен не жаздым?.. – деп, Алмабек жылап жіберді. Сол кезде
төбесі көк тіреген, көпті көрген, көп жасаған орман атасы – кәрі еменнің
гүжілдеген жуан даусы естілді.
-
Сенің жазығың сол: біздің бірнеше жас шыбықтарымызды үйіңнің
қасына отырғызбақ болып, қазып әкетіп едің, нағыз азап халне салып
қойыпсың. Жайқалып өстіп тұрсақ, қыстықтың көркі емеспіз бе? Сен осыны
неге түсінбейсің, неге бағаламайсың? – деді қарт емен.
-
Кешіріңдер. Мен отырғызған ағаштарымды бүгіннен бастап мәпелеп,
45
күтуге уәде беремін, - деді Алмабек.
-
Жарайды, -деді қарт емен, олай болса, бар үйіңе ...
Табиғат тәрбиесі
Біз тау болып үйіліп жатқан құмырсқаның илеуіне келдік. Құмырсқаның
бірі кіріп, бірі шығып, сапырылысып, құжынап жүр. Бәрі қимыл әрекет, қауырт
іс үстінде.
-
Әке, мынау не төбешік?- дедім.
-
Бұл – құмырсқаның илеуі.-Илеу деген не?
-
Илеу – құмырсқаның үйі, мекені деген сөз.
-
Бүкіл құмырсқа бір – ақ үйде тұра ма?- Иә, бір үйде тұрады.
-
Олар тату тұра ма?
-
Тату болмаса, бір үйде тұра алмаған болар еді ғой ...
Баласы қалың қарағай өскен орманды көріп:
Әке, мына қарағайлар да бір үйде тұра ма? – деп сұрады.
Иә, бұл қарағайлар да қауым болып, бір-біріне жақын өседі.
Сөйтіп, баласы табиғаттың елеусіз тамашаларын біліп, көзімен көріп,
қызықтап қайтты.
Астрономия
Ерте заманнан-ақ адам баласы аспанға назар аударып келеді. Күндіз олар
көз шағылысқан күнді, түнде жымыңдаған жұлдыздар мен формасы өзгеріп
тұратын айды көрді. Келе-келе жұрт аспан туралы тиянақты білім алып,
ғылымдардың ішіндегі ең көнесі саналатын – астрономия ғылымы туды.
«Астрономия» гректің екі сөзінен құралады: «астрон» - жұлдыз, «номос»
-
заң деген сөз.
Аспан әлеміндегі күнді, айды, жұлдыздарды зерттейтін ғылым –
астрономия адамдарға өте қажет. Ол уақытты дәлме-дәл білуге жәрдемдеседі,
ол географқа, саяхатшыға, теңізшіге, ұшқышқа да керек-ақ. Техника
саласындағы тамаша табыстардың нәтижесінде адам Жердің тарту күшінен
сытылып шығуға мүмкіндік алды. Бірақ астрономиялық білімі болмаса, адам
аспан әлеміне космос корабльдерін ұшыра алмаған болар еді.
Әлем кеңістігі
Әлем кеңістігін орысша «вселенная», грек тілінде «космос» деген сөз
көбірек қолданылып жүр.
Ал енді әлем кеңістігі дегеніміз не?
Біздің жеріміз – Күн жүйесінің кішкене бір бөлігі. Күн жүйесінің өзі –
Галактикадағы құртымдай арал, ал осы алып Галактика аспан әлеміндегі бір
бозғылт дақ сияқты ғана. Мұндай жүздеген миллион галактикалар бар деп
есептейді астрономдар.
Әлем кеңістігі шетсіз-шексіз.
46
Өте зор шапшаңдықпен самғап бара жатқан зымырандағы ер жүрек
зерттеушілерді көз алдыңнан өткізші. Тіпті олардың мың, миллион жыл ұшқан
екен делік. Сонда олар әлем кеңістігінің шегіне жата алар ма еді? Айта
көрмеңіз!... Зерттеушілер қанша ұшса да, әлем кеңістігінің шегіне жете
алмайды. әлем кеңістігі шексіз. Адамның әлем кеңістігі жөніндегі білімі қанша
артқанмен, оның сырын түгелдей білу мүмкін емес.
Галактика
Ашық түнде далаға шығып, жоғары қараңдаршы. Аспанды белдеулей
созылған жарық жолақ бірден көзге түседі. Құс жолы төгілген сүт сияқты.
Сондықтан да оны гректер Галактика деп атаған. «Галактикос» грекше сүт
деген сөз. Бізде оны Құс жолы дейді.
Жер – біздің үйіміз, Күн жүйесі – туған қаламыз, ал Галактика – көптеген
ғажайып күн қалалары бар самсаған жұлдызға толы мемлекетіміз секілді.
Жұлдыз да – Күн. Жұлдыздар бізден тым алыста жатыр. Олардың титтей
боп көрінетіні де содан. Ал өте алыстағы жұлдыздарды жай көзбен көру мүмкін
емес, олар ұласып, ақ жолақ боп көрінеді. Құс жолы дейтініміз де сондай
жұлдыздар.
Галактика үлкен. Бірақ ол да шетсіз-шексіз әлем кеңістігінің болымсыз
бір бөлігі ғана.
Болашаққа кім барады?
Мен әрқашан өзiм түсiнбейтiн сөздi көкемнен сұрап алам. Мұндай
сұрақтарыма көкем қуанады да, ерiнбей жауап бередi.
Бiр күнi:
–
Көке, Болашақ деген кiм? – деп сұрадым. Көкем менiң сөзiмдi естiмеген
адамша, газетiн оқып отыра бердi. Тiптi мазасын алып, қыңқылдай берген соң,
ол «кiм десем екен?» дегендей, бетiме бiр қарап алды да:
–
Болашақ – бiздiң туысқанымыз, – дедi.
–
Туысқан болса, үйiне неге қонақка бармаймыз? – Көкем күлдi.
–
Барамыз. Ертең түстен кейiн жолдастарынды ертiп кел, мен сендердi
Болашақтың ауылына алып барайын, дедi арқамнан қағып.
–
Жаяу барамыз ба?
–
Жоқ. Болашаққа еш уақытта жаяу баруға болмайды, тек машинамен
барамыз.
–
О кiсi алыста тұра ма, көке?
–
Онша алыс емес, мына таудың iшiнде.
–
Ой, ол алыс қой, көке.
–
«Көрiнген таудың алыстығы жоқ» деген сөз бар.
–
Ол машинаға алыс па?
–
Болашақ – әжең сияқты жақсы кiсi. Не сұрасаң да аямайды.
47
2.
Негізгі мектепке арналған қазақ тіліндегі мәтіндер
Оқылым
Отбасындағы дәстүр мен мерекелер
Дәстүрлі қазақ қоғамында жасы үлкен адамдарды құрметтеу рәсімі
ежелден бар болатын. Ондай құрмет жасы үлкен кісінің қай рудан, қай жүзден,
қай ұлттан екендігіне қарамай көрсетілетін. Олар барлық мерекелерде, жиын-
тойларда құрметті орындарға, төрге шығарылады. Жиналыстарда олар елеулі
рөл атқарады. Жастар олардың айтқан сөзін жерге тастамай, мүлтіксіз
орындайтын. Жас жігіт үшін үлкен табақтан ақсақалдың өз қолынан ет асау ең
жоғары марапаттың белгісі саналатын. Кіші іні үлкен ағаның рұқсатынсыз
дастарқан басына өз бетінше ешқашан отырмайтын. Жас адамның үлкен
кісінің, әйел адамның ер азаматтың алдын кесіп өтуі көргенсіздік деп
есептелінетін. Жасы кішілердің жасы үлкендерге дауыс көтеруіне, үлкен кісінің
сөзін бөлуіне, барып тұрған әдепсіздік ретінде, үзілді-кесілді тыйым
салынатын.
Мектеп өмірі
Назым мен Бейсенгүл – түйдей құрдас, тату дос. Қашан көрсең де, жұбын
жазбайды. Ойынды да бірге ойнайды, сыныпта да бір партада отырады. Екеуі
қабақ шытысып көрген емес. Сабақты да жақсы оқиды. Оларды мұғалімдер де,
балалар да сыйлайды, қадірлейді. Әрі кішіпейіл, әрі достықты қадір тұтатын
екеуінің мінезі мен ісі басқаларға ұнайды. Тентек Мәліктің өзі де:
-
Назым мен Бейсенгүл жақсы жолдасымыз,- деп мойындайды.
Оқушылар жиынында бұл екеуін оқушылар кеңесінің мүшелігіне
басқалардан бұрын ұсынған да осы Мәлік.
Қазақстандағы жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемі
Қазақстанда өсiмдiктердiң 15 мыңдай түрi бар. Оның 2 мыңнан астамы
балдырлар, 5 мыңдайы — саңырауқұлақтар, 600-ге жуығы — қыналар, 500-ге
жуығы мүк тәрiздiлер және 6 мыңнан астамы — жоғары сатыдағы түтiктi
өсiмдiктер.
Ал жануарлар әлемі тіптен ерекше. Қазақстан жерiнде сүтқоректiлердiң
180,
құстың 500, бауырымен жорғалаушылардың 52, қос мекендiлердiң 12,
балықтың 104-ке жуық түрi бар. Омыртқасыз жәндiктер шаян тәрiздiлер,
ұлулар, құрттар бұдан да көп. Тек жәндiктер түрлерiнiң өзi-ақ 30 мыңнан асады.
Қазақстанның солтүстігіндегi орманды дала белдемiнде бұлан, елiк, ақ қоян,
сұр тышқан, су егеуқұйрығы, орман тышқаны, бұлдырық, ақ кекiлiк, көл
айдындарын су құстары — аққу, қаз, үйрек, шағала, тарғақ, қасқалдақ
мекендеген. Кең байтақ Қазақстан жерiн мекендеген жан-жануарлар мемлекет
тарапынан қамқорлыққа алынған.
48
Ежелгі көшпенділер мәдениеті
«Мәдениет» деген ұғымның аясы өте кең. Адам ой-санасы мен өрекетінің
нәтижесінде туындаған құндылықтарды біз мәдениет дейміз. Көшпелілердің
рухани мәдениетінің өз даму ерекшеліктері бар. Ол көшпелілердің тіршілік
қарекетінің, тұрмысының ерекшеліктерінен туындайды. Көшпелілер өз тұрмыс-
әрекетіне лайықты мәдениет қалыптастырған. Көшпелілердің материалдық
мәдениеті көші-қонға ыңғайланып жасалған. Мұндай таза көшпелі мәдениет
үлгілеріне біз жиналмалы, жығып-тігуі өте жеңіл киіз үйді, ер-тұрман, ат
әбзелдерін, теріден, ағаштан жасалған бесігін, басқа да тұрмыстық заттарын
жатқызамыз.
Көшпелілердің рухани мәдениеті тіптен бай. Мал шаруашылығы —
егіншілікке карағанда бұқара халықтың барлығы қамтылмайтын, қамтығанның
өзінде көшпелі кауымның бос уақыты көбірек болатын шаруашылық түрі.
Су – өмірдің нәрі
Сусыз тіршілік жоқ, ол бүкіл тірі жан иесінің бойында бар. Мұхиттар мен
теңіздерді, өзен-көлдерді былай қойғанда, жер астында да, топырақта да су бар.
Мұздықтар мен айсбергтер де қатып қалған су болып табылады. Су
атмосферада да аз емес, онда ол бұлт, тұман, бу және жаңбыр мен қар түрінде
болады. Бұл — судың негізгі қасиеті. Ол сұйық, қатты және газ тәрізді үш түрлі
күйде кезігеді.Судың көптеген заттарды оңай ерітетін және бір маңызды
қасиеті бар. Табиғатта қоспасы жоқ, тап-таза су дегенді таппаймыз. Таза суды
тек лабораториялардан ғана алуға болады. Ондай судың ешбір дәмі жоқ, онда
тірі организмге қажетті тұздар да болмайды.
Әлемдегі ірі кітапханалар
Мұрағатында 5 000 000 кітабы бар кітапхана бар екенін білесіз бе?
Әуесқойлықпен кітап сөресіне бір-бірлеп кітап жинаудан бастаған Джей
Уокердің үйі бүгінде әлемдік деңгейдегі ең таңғажайып кітапханалардың бірі.
Мұндай кітапханалар әлемде сирек кездеседі деуге болмайды. Солардың
қатарында Джей Уокердің Риджфилдегі үйіде орналасқан, адамзат
тарихындағы ең үлкен көп деңгейлі лабиринт тәрізді құрылған кітапхана. Онда
50000
кітап және музейлік деңгейдегі артефакттар бар.
Ал Швейцариядағы Сен-Галль аббаттығының кітапханасы —
ортағасырлық кітаптарға ең бай кітапхана. 2005 жылы жүргізілген санақ
бойынша мұнда 160000 кітап бар.
Сонымен қатар, Дублиннің Тринити-колледжінің кітапханасы —
Ирландиядағы ең үлкен ғылыми кітапхана. Мұнда 5000000 кітап бар, соның
ішінде манускрипт, карта және ноталар да қамтылған.
49
Денсаулық – байлықтан қымбат
Денсаулық — табиғаттың ең қымбат сыйы. Денсаулықты сақтау үшін
дұрыс тамақтануға, уақытында демалуға, дене қимылымен айналысуға көп
көңіл бөлу қажет. Әсіресе жасы ұлғайған адамдарға майлы тамақтарды көп
жеуге болмайды. Оның орнына сүт, көкөніс тамақтарын пайдаланған дүрыс.
Денсаулық сақтауда дұрыс тамақтаудың маңызы зор. Ал спортпен айналысу —
денсаулықты жақсартады. Спорттың ең қарапайым түрі — жүгіру. Күн сайын
таңертең үйдің маңайында, саябақта жарты сағатгай жүгіруе болады. Егер
жүгіруге дәрігер рұқсат етпесе, таңғы таза ауада серуендеуге болады. Әртүрлі
жаттығулар жасауға болады.
Менің Тәуелсіз Қазақстаным
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алғаннан бері көптеген
жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Қазақстанның ең үлкен жетістігі – ұлтаралық
келісім мен бейбіт өмір. Оны біздің елге келген Рим Папасы да атап айтқан
болатын.
Қазақстан мемлекеті – Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесі. Қазақстанның
өз армиясы бар. Біздің елімізде Жер шарында кездесетін кен байлықтарының
бәрі бар. Қазақстан дамыған елдердің қатарына жатады.
Біздің республикамызды дүние жүзіні көптеген мемлекеттері біледі.
Аспан әлемінің құпиялары
Галактика - бәріне ортақ бір центрден айналатын сансыз мол
жұлдыздардың алапат үлкен жүйесі. Аспандағы жай көзбен көрінетін самсаған
6000
жұлдыз Біздің Галактика деп аталатын бір ғана галактикаға жатады. Кейде
«Сүт Жолы» деп те атайтын Біздің галактикада жай көзге көрінбейтін 200
миллиардтай жұлдыз бар. Оған аспан күмбезін белдеулеп жатқан, шашырап
төгілген сүтке ұқсас, ақшыл жолақ та кіреді. Бұл жолақты Сүт жолы, ал
қазақтар Құс жолы деп атайды.
Күн – Жерден орташа алғанда 150 млн. км қашықтықта орналасқан. Ол
осы Галактиканың кішігірім жұлдызы. Жарық Жер бетіне секундна 300000 км
жылдамдықпен 8 минутта жетеді. Жарық бір жылда 9 460 528 405 000км жол
жүреді – осы қашықтық астрономияда бір жарық жылы деп аталады.
Компьютердің тілін табу өнер
Қазіргі кезде мемлекетіміз бәсекеге сай 50 елдің қатарына кіруді көздеп
отыр. Ол үшін жастар және әрбір қазақ азаматы жаңа ақпараттық-
комуникациялық технологияны жетік меңгеруіміз қажет. Қазір адамдар қызмет
орнында да, үйде де компьютермен жұмыс істей береді. Оның өмірімізге,
кеңінен енгені соншалықты, бала біткен ойыншықпен емес, компьютермен
ойнап, өзінің өміртанымын ғаламтордағы желі ішінде қалыптастырады. Қазіргі
50
күнкөріс қамы мен заман ағымының күрделілігі, көптеген ата-аналар тәулік
бойы балаларының тыныс-тіршілігіне бақылау жасай алмай, олар шектен тыс
бейне монитордың алдында отырғандықтан денсаулығына зор зиянды әсер
алады. Бірақ та, компьютермен жұмыс істеу барысында оқушылар техника
қауіпсіздік ережелерін сақтаса,ол біздің ақылды, сүйкімді, қайырымды
досымыз бола алады.
Қазақстандағы ұлттар достастығы
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «Қиындық атаулыны жеңетін бір – ақ күш
бар, ол – бірлік, ендеше жеріңді қорғау үшін бірлік қаншалықты қажет болса,
тәуелсіздік жемістерін, бүгінгі қол жеткізген табыстарымызды сақтап қалу үшін
ол сондай қажет. Қазақстанның болашағы тек қана халықтардың
ынтымағында» — деген бағдар сілтеді.
Елдегі ұлтаралық келісім мен жарастық мәселелеріне үлкен ықпалын
тигізіп келе жатқан ұйымдарының бірі – Қазақстан халқы Ассамблеясы болып
табылады. Көп жылдан бері қызмет атқарып келе жатқан осы қоғамдық
институт халықтар мен ұлттардың біртұтастығын сақтауды қамтамасыз етудегі
басты міндеттерді тиімді түрде шешіп келеді. Бұл ұйымның алдына қойған
мақсат-міндеттерінің бірі – нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге қатысына, қандай
әлеуметтік топқа жататындығына қарамастан республика азаматтарының
құқықтары мен бостандықтарының теңдігін, халықтар достығы мен ұлтаралық
келісімді нығайту мен сақтау болса, бұл міндеттер табысты түрде іске асып
келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |