105. Өмір бақытты және көңілді шым-шытырық оқиға болуы мүмкін
Өзіңді-өзің оқып үйрене беру шексіз болып көрінуі мүмкін, бірақта күнделікті
өмірдің нақтылы заңдарынан тайқымай дұрыс қолдана білсең, өмір сүру таңқаларлық
қуаныш, шым – шытырық оқиғаға айланады. Біздің әрқайсымыз да, денсаулыққа осы
бағытпен беттеуіміз керек. Осыны жылдар бойы зерттеп үйреніңіз. Саулықта, бақытта,
ұзақ та салауатты өмірдің нәтижесінде өткен әр күніңіз, сізге шаттық әкеледі.
106. Ашығу біздің өмірлік күшімізді сақтайды
Кеңінен түсіндіруге тырысайын. Біз тамақты жұтқан кезде ұсақталады, қортылады,
сіңіріліп – өзгеріп, қалдығы ағзадан шығарылады. Адамның төрт мүшесі зиянды
қалдықтарды аластатуға жауап береді: ішек, бүйрек, өкпе және тері. Бұл мүшелер жақсы
жұмыс істеу үшін, ағзамыз жоғары деңгейдегі өміршеңдікке, яғни қуат мүмкіншілігіне ие
болуы керек. Артықты шығару үшін қуат жұмсау қажет. Өңештен, тік ішекке дейін 10-12
метр аралықтағы ас қорту жолымен тамақты өткізу үшін де аса көп мөлшерде өмірлік қуат
кетеді.
Бүйректегі екі миллион сүзгіден сұйықты тазалап шығару үшін, ағзамыздағы
миллиардтаған клеткалардың қорегін өңдеу үшін, бауыр мен өтте жүретін химиялық
ағымдарға да тіршілік қуаты қажет. Өкпенің көмегімен ағзамыздағы 5-8 литр қанды
оттегімен қанықтырып, көмір қышқыл газынан тазалау және теріміздің 96 миллион тесігі
арқылы тәніміздегі уларды тер түрінде бөліп шығару үшін де зор мөлшерде өмірлік қуат
қажет.
107.
Біз уланған әлемде өмір сүреміз
Өмірлік күштің міндеті, ас қорту ағымында пайда болған улардан арылтатын қуатпен
ағзаны қамтамасыз ету және денеде бірқалыпты 36, 6 Цельсия бойынша температураны
ұстап тұру (ыстығымыз көтерілсе де, төмендесе де аурамыз). Біздің қазіргі өркениетті
әлемімізде, адамның өзі жасаған және басқа да улардың бәрі - өмірлік күштің жаулары,
өмірлік күш осылардың бәрін жеңуі қажет.
108.
Ең көп кір аспанда
Кір бізді төбемізден төмпештейді. Мысалы Алматы, Қарағанды, Шымкент, Өскемен
т.б. өнеркәсіп дамыған қалаларда әрбір шаршы шақырымға, ай сайын көптеген тонна шаң
–
тозаң құйылады. Осы лас жағдайда, ағза аман болу үшін қалай жанталасатынын ойлап
көріңіз. Осы уланған қалаларда аурухана мен аурулардың көптігіне таңырқауға болмайды.
104
Ғалымдардың анықтауынша, ауыр өнеркәсіптері дамыған қалалардың тұрғындары,
мезгілсіз ажалдың себепкері, өте қатерлі өкпе, жүрек ауруларымен жиі ауырады. Себеп –
лас ауамен дем алғанның нәтижесі. Күйенің, фабрика мен зауыттардың, қоқыс өртейтін
пештердің, химия өнеркәсібі және автокөліктердің түтіндері мен газдары,
қазақыстандықтар дем алатын – қорқынышты қойыртпақ жасайды. Ауаның ластануы
біздің денсаулығымызға және өмірімізге төнген қатер. Осы сұмдық қалдықтарды
ағзамыздан аластатудың жалғыз жолы – ашығу.
109. Біздің өзен, көлдеріміз де қатты ластанған
Біздің ағзамызды тек ауа ғана уламайды, ласталған кір суды ішуге пайдалану үшін,
арнайы химиялық әдістермен тазалаймыз. Ішетін суды тазалау үшін өлі зат – хлор т.б.
қоспаларды пайдаланамыз. Есіңізде болсын: біздің ағзамыз тек қана тірі заттарды ғана
сіңіре алады (өсімдік және жануардан алынған). Қандай болмасын өлі зат ағзадан
шығарылып тасталынады (мөлшерлі өмір қуатының шығындалуымен). Егер адам өмірлік
күшінің шегіне жетсе, осы өлі заттар тәнде жинала беріп, келешекте денсаулықты
ойсыратады. Көптеген өзен, көлдеріміздің жағдайы қыл үстінде. Б
ұрынғы ақ шаңқан жағалау, қолқаны қаптыратын мүк қойыртпағына айланған. Бекіре,
табан, алабұғалар мүлдем жоғалған. Бұнда балық тіршілік етпек тұрмақ, адамдар суын
іше алмайды, себебі улы химикалилермен уланған. Осыған қосымша мыңдаған өлген
балықтардың қалдығын қоссаңыз, сұмдық көрніс айқындала түседі. Осындай ласталған су
көздерін, еліміздің барлық жерінен табасыз. Біз суды өте көп мөлшерде қолдануымыз
қажет, бірақ ол химиялық тазаланудан өткен.
Есіңізде болсын: осы өлі заттар ағзадан шығарылуы керек, әйтпесе қатерлі зиян...Ағзадағы
өмірлік күштің деңгейі төмендесе, өзінің шығаратын жүйесімен өлі заттарды шығара
алмаса, онда олар ағзада қалып – кемтарлыққа, өлімге ұрындырады. Егер біз ағзамыздан
уларды шығаруға тырыссақ, онда ашығуымыз керек, ашығудың көмегімен ағзамызға
физиологиялық тыныштық береміз. Осы демалыс біздің өмірлік күшімізді қайта қалпына
келтіреді, осы күш көбейген сайын ағзамыздағы улар мен қалдықтар тез шығарылады.
Ашығу – ішкі емделу және тазалану.
110.
Химиялық тозаңмен улану
Тонналаған улы заттар ауада тозаң түрінде зиянды құрт-құмырсқаларды өлтіріп қана
қоймайды, біз жейтін жеміс-жидектерге де сіңіп қалады. Салаттар, пайдалы да, дәмді,
бірақта кей кезде өмірге қауіпті де болады, егер де улы пестицидпен (құрт-құмырсқаларды
өлтіретін улар) өңделсе. Қай кездегіден болмасын, жеміс-жидектердің өнімі химиялық
пестицидтармен көптеп өңделеді. Сондықтан да өз денсаулығыңды қатерге ұшыратудан
сақ болуың керек. Салаттан адам уланып қалуы мүмкін.
Біздің жейтін тағамдарымыз өте жоғары мөлшерде улы пестицидтармен өңделеді. Бұл әлі
түк емес. Тексеруден тек қана сауда жасаған жемістер қамтылады. Пестицид қалдығы бар
көптеген тонна салаттар өздері өсірген маңда қала береді. Олар мүлде тексерілмейді.
Саудаға түскен тағамдардың белгілі бөлігін ғана тексеруден өтеді.
105
111.
Кейбіреу білім бұлағынан қанғанынша сусындайды, басқалары тамағын ғана
шайқайды
Ащы шындық мынада, ауылшаруашылық өнімдерінің басым бөлігі хлорлы көмір
сутегі, ДДТ-ны қоса, фосфор қоспалары және басқа да пестицидтермен, улармен дәріленіп
өңделеді. Дәрігелердің дәлелдеуінше тек өсіп тұрған сабағын ғана емес ДДТ, т.б.
химикаттар топырақта айлап жатып, осы алқапқа егілген басқа өсімдіктерге сіңеді. У
тамырмен жоғары көтеріліп, жеміске сіңіп, өсімдіктің бір бөлшегі болып қалады да, одан
шығару мүмкін емес.
Егер сіз памидордың уланғанын білсеіңіз, онда оның қабығын аршып удан
құтылуға тырысасыз. Өкінішті, сіз бекер әуреленесіз. Сіз, бірдемесінен құтылдыңыз,
бірақта удың негізі өсімдікте қалды. Улар қайнатқанда да, тамақ пісіргенде де кетпейді.
112. Ашығу ағзадан уларды аластатуға көмектеседі
Адам ашыққан кезде тамақ жеуді доғарады, тамақ қорытуға кететін бүкіл өмірлік
қуат, енді ағзадағы уларды шығаруға жұмсалады. Мен лекциялар оқумен және басқа да
шаруалармен елдерді көп саяхаттадым. Менің бақытыма қарай көптеген ауылдарда өздері
өсірген жеміс – жидектермен қамтамасыз етіп тұрды. Дүкендерде осы тағамның негізгі
бөлігі улы химикаттармен қанықтырылғанын біле тұра барына қанағат тұттым.
Міне, мен сондықтан да аптасына 24 не 36 сағат, жыл бойы он күннен төрт қабат
ашығамын. Он күндік ашығу кезінде, таңертең оянғаннан кейін, кіші дәретімді кішкентай
құтықшаға құйып, салқын жерге сақтап қоямын. Бірнеше күннен кейін, кішкентай
қиыршықтар пайда болады. Осыны химиялық сараптамаға жібергенде, ДДТ және басқа
улардың ізін, қалдығын көрсетеді.
113. Жеміс-жидектегі балауыз біздің денсаулығымызға қауіпті
Ұлтымыздың денсаулығына тағы бір қауіп төнуде. Алма, алмұрт шие, қияр не
бұрыш жеген кезде сыртқы қабығын мұқият қараңыз. Жалтырап тұр ма? Теп-тегіс
жылтыр ма? Олай болса сақ болыңыз! Мүмкін бұларға балауыз ертіндісі жағылуы.
Дәрігелердің пайымдауынша – бұл қазақстандықтардың денсаулықтарына өте қатерлі.
Жемістің қабығына жағылған балауыз, оның суын, шырынын және дәмі мен алғашқы
қалпын сақтайды. Бірақта бұл қабық денсаулыққа өте зиян.
Біз жемісті жеген кезде, қортылмайтын балауызды қоса жейміз. Балауыз – мұнай өнімі,
оны біздің ағзамыздағы бір де бір мүше қорыта алмайды. Қауіпті балауыз ағзада жинала
береді. Дәрігерлердің мазасызданатын да жөні бар. Сауда мақсатында тағамдарды
өңдегеннен бастап, Америкада аурудың жаңа түрлері пайда бола бастады. Біз өз
ағзамызда, ауру әкелетін балауызды қалдыруға тиіс емеспіз.
Менің көзқарасым бойынша, 24 не 36 сағат ашығу және жыл бойы ашығулар, осы қауіпті
қалдықтан ағзаңызды тазалайды. Біліңіз, ашыққан кезде босаған өмірлік қуатыңыз,
ағзаңызда зор тазалау жұмысын жүргізеді.
114.
Біздің тағамымызды жаңа улар жаулап жатыр
Ұлттық тағамымызға мыңдаған жасанды тамақ қоспаларының қосылуы, ауруға ауру
жамап жатыр. Ұзақ жылдар бойы «зиянсыз» деп келген қоспалар, денсаулық үшін өте
106
қауіпті болып шықты. Сөйткенмен де, көпшілігі әлі де қолданылып жүр. Өндірістік
кәдімгі ақ нанды алайықшы – ол ақталған, боялған, байытылған, тазаланған,
жұмсартылған, иістендірілген, қораптандырылған. Осының бәрі жасанды химиялық
ингредиенттің көмегімен жасалған. Қазіргі уақытта 100 пайыз жасанды қоспа қоспаған,
таза бидай ұнынан істелген нан таба алмайсыз.
Адам ағзасы – жеке жасаушалардың жиынтығы ғана, басқа ештеңе емес. Егер сіз
дұрыс тамақтансаңыз, асыңыз – өсу мен қозғалыстың сұрамын толықтай қамтамасыз етсе,
онда жасаушаларыңыз 120 жыл, не одан да көп өмір сүруіңізге мүмкіндік береді. Адам
қай уақытта өзінің ағзасымен санаспайды, сасық – лас ауамен тыныс алады, онда оның
клеткалары да осыған сәйкес әрекет істейді, адам не ауруханаға, не зиратқа кетеді.
Өзінің тамағын ластап, оның құрамына улы химикаттар қосса ағзасындағы жасаушаларға
сөзсіз зиян келтіреді, бұндайға бейімделмеген ол, өз қызыметін нашар атқара бастайды.
Жасанды қоспаларға толы ағза қалай жақсы жұмыс істейді? Жалғыз берер кеңесім,
химиялық өңделген тамақты емес, мүмкіндігінше табиғи тамақтармен тамақтаныңыз!
Сатып алған кезде жарнамасын мұқият оқыңыз! Дүкеннен алатын тағамдарыңыздың
толықтай сараптамасын анықтап, өндіретін кәсіпорынға дейін сұрау салыңыз.
24 пен 36 сағат ашығу кезеңінде көптеген саудалық улардан құтыласыз. Таза емес екенін
сезсеңіз, онда 7 – 10 күн толық ашығып, толықтай тазаланыңыз. Тағамыңызда қанша улы
заттар болғанына өзіңіз шошисыз. Біліңіз, алыпсатар мен сатушы сіздің денсаулығыңыз
бен өміріңізге пысқырып та қарамайды, керісінше: «өлмесең, өме қап» – дейді.
Сіз ашыққан кезде, ағзаның өмірлік қуаты тазалау жұмысын жүргізеді.
Ағза өзін өзі тазалайды, өзін өзі емдейді, өзін өзі қалпына келтіреді.
Сіз тамақ жеуді тоқтатқан кезде, ағзаңызда керемет құбылыстар болады.
Егер, сіз ағзаңыздың тазалығын сақтағыңыз келсе, сіз ашығуға тиіссіз!
Бірнеше рет ашығып көріңіз, сіз бұрын сезбеген – денсаулыққа жетелейтін ішкі
тазалыққа тап боласыз, настықтан құтыласыз!
115. Тіліңіз еш уақытта алдамайды
Сіздің тіліңіз сиқырлы айна. Сіздің тіліңіз арқылы, ағзаңыз бен жасаушаларыңызда
қанша мөлшерде улы заттардың шоғырланғанын білуге болады. Тіл асқазан мен бүкіл
шығару жүйесінің айнасы. Сіздің ағзаңызда өңешіңізден тік ішегіңізге дейін созылған
он метірлік арна бар. Осы арада ылғал мен жылу жиналады. Біз жеген тамақтың
барлығы осы арна арқылы өтеді.
Өту үшін, әртүрлі тамаққа әртүрлі уақыт керек. Осы күні көптеген адамдар
рафинадталған, ауыр, қышқылдандыратын тамақ ішеді. Олар мол мөлшерде ақ ұнды,
рафинадталған қантты, қанықтырылған майды жейді. Ішектен тез өту үшін, осы
өркенниетті деген тағамдарда қалыпты ылғалдық, түтілгіштік, тығыздық болмайды.
107
Мен есептеймін, көптеген ауруды қоздырушы себепкер болып қалушы бар, ол тік
ішектің бекітілуі (запор). Осыны әртүрлі себептермен түсіндіреді, менің
көзқарасымша, ішкен тамақ пен шыққан дәрет арасында тепе-теңдік болмаса, тік ішек
бекітіледі. Бұл көптеген аурулардың бастамасы.
Біздің кезімізде, адамдар қай уақытта болмасын қанша ішсем де, не жесем де
зияны жоқ деп есептеуге әдеттенген. Бізді, қуатты болу үшін деп таңертең тоя ішуге,
іле-шала екінші таңғы тамақ, түскі ас, түстен кейін кофе, кешке лықа тою, сонан соң
теледидар көріп, тура ұйықтардың алдында тамақ ішуге үйретті. Осыған майлы
балмұздақ араластырылған тұздалған жаңғақты қосыңыз. Бұл дегеніңіз, тамақ қорту
ағымы тәулігіне 6 қабаттан астам жүреді.
Егер таңертең күніне бір қабат қана үлкен дәретке отырса, шығару жүйесіне қауіп
жоқ деп есептейді. Өздері тықпаштап жеген тамақ қалдықтарынан арылу үшін бұл
жеткіліксіз. Нәтижесінде, тамақ қалдықтары ішекте қалады да ферменттік,
бактериялық өзгерістерге ұшырап шіріп, ауыр ауруларға тап қылады.
Адам ағзасы өте сенімді, мықты, ол тамақпен келген артық зиянды заттардан
құтыла алады. Бірақта адамдарды дұрыс тамақтанбайсың, күніне бір қабат үлкен
дәретке отыру жеткіліксіз, тік ішегіңіз бекітілген, осының арты жамандыққа апарады
деп сендіру қиын. Осыларды алдын ала ескертетін бір белгі бар, ол ішегімізде қанша
улы заттардың божып жатқанын тура айтатын – тілің.
Егер 2 – 3 тәулік таза сумен ашықсаңыз «сиқырлы айна» – тілің – ағзаңызға қандай
қатер төніп тұрғанын айтып береді. Тілді жаман иіс бөлетін, ақ қоймалжың улы зат
басып алады. Ақтаңдақты сыпырып алып тастаңыз, бірнеше сағаттан кейін қайта
пайда болады. Бұл ағзаңыздағы улы заттардың, қалдықтардың, шырыштың, маңқаның
бүкіл ағзаның жасаушаларына шоғырланып жиналған тура көрсеткіші, осылар
ашыққан кезде асқазанның, ішектің т.б. мүшелердің ішкі бетінен бөлініп шығады.
Қалыпты кезде саумын деп жүрген адам, өзінің ішінде улы заттардың мол
мөлшерде екенін білгенде сенгісі келмейді. Менің пікірімше, көптеген аурулардың
себебі, ас жүретін ішектің бекітілуінде, тіпті дем алатын мүшенің қан тамырлары
ауырса да. Зиянды қалдықтар ішекпен сорылып алынып, ағзаның барлық жүйесін
улайды.
Табиғат ағзада мол мөлшерде улы заттардың барын, ашыққан кезде тілдің бетін
ақтаңдақ қоймалжыңмен жауып көрсетеді. Өмірлік маңызы бар бүйрек, бауыр
бездерінің құрлысы сорғышты еске түсіреді. Тесіктері толып тұрған сорғышты көз
алдыңызға елестетіңізші. Адамдардың қаншама улы заттарды ағзасына
шоғырландырып жатқанын білемін. Адамға суық тиді делік. Ол тоқталып ойлануы
керек, неге танауы мен тамағы арқылы көп маңқа мен сұйық бөлініп жатыр. Ал
адамның ағзасы өкпедегі, бүйректегі, өттегі жиналған улардан тазалануға мәжбүр,
өзіндік қиыншылықтан осылай құтылуда.
Егер өзіңіз жайлы кеңірек білгіңіз келсе, мұқият тіліңізді тексеруден бастаңыз. Тіл
–
дененің әр мүшесінің ауру не сау екенін көрсететін мүше. «Сиқырлы айна» сізді
108
ғажап денсаулыққа жетелейтін жұлдызыңыз. Неғұрлым дұрыс ашығып, дұрыс
тамақтансаңыз соғұрлым тіліңіз тазара береді. Таза тіл – сіздің аурмайтын,
шаршамайтын, қартаймайтын өмірге бет бұрғандығыңыздың белгісі.
Адам кәріліктен өлмейді, неге десеңіз кәрілікке тән ауру болмайды. Көптеген
аурулар жас, кәрі деп таңдап жатпайды. Осы аурулардың басым бөлігі ағзада улы
заттардың мөлшерден тыс шоғырланып жиналуынан болады. Ашығумен және табиғи
тамақтанумен өз ағзаңызды таза ұстаңыз. Сіздің тіліңіз бен кіші дәретіңіз ішкі
тазалығыңыздың жолын көрсетеді. Ашығу барысында тіліңіз бен кіші дәретіңізді
мұқият қадағалап отырыңыз.
116.
Адамға тамақ бермей қойып ашықтырса, тәндік және жүйкелік
ауыртпашылыққа ұшырайды
«Менің ашыққым келеді, себебі ғажап өзгерістер болатынына сенемін, бірақта
алғашқы үш күнде адамды қинайтын азабына шыдай алмағандықтан ашыға
алмаймын». Осыны ашығудың кереметі жайында лекция оқығанымда талай рет
естідім. Бұндай адамдарға берер кеңесім: «Тістеніп алыңыз да күліңіз». «Мен ашығып
көрейін деп едім, әлсіреп өзімді нашар сезінгенім соншалық, қайта тамақ ішіп
қойдым». Осындай пікірлерді жиі естимін. Мен осы кітапта, ашығу жеңіл өтеді деп бір
де-бір рет айтқан жоқпын.
Тамақ біздің өміріміздің маңызды бөлігіне айналғаны соншалық, егер адамға тамақ
бермей қойып ашықтырса, тәндік және жүйкелік ауыртпашылыққа ұшырайды.
Ашығудың кең өріс алмауының басты себебі осында. Адамдар әдеттерінің құлы.
Мен анда-санда шетелдердің қонақ үйіне қону мүмкіншілігіне ие боламын. Бұл
шетелдік жақсы қонақ үйі, жамбас ақысына тамағы қоса кіреді. Таңғы тамақ 7.30-да,
түскі тамақ 12-15, кешкі ас 19.00-де. Осы сағаттарда асхананың қасынан қай уақытта
өтпейін, қарындарын тойдыру үшін, есіктің ашылуын күтіп тұрған адамдарды көремін.
Адамдар осы сағаттарда аш па еді? Неліктен бұлай болуы тиіс? Осында
тұратындардың көпшілігі жағалауда жатып құмар ойнап, кітап оқып, құмға аунағаннан
басқа түк те істеген жоқ. Олар сандалғаннан басқа тамақ ішетіндей жұмыс жасаған
жоқ, бірақ олар тура осы сағатта тамақ ішу керек екендеріне сенімді.
117. Жеу үшін өмір сүрмеңіз, өмір сүру үшін жеңіз
Тамақ! Тамақ! Тамақ! Адамзат үшін алғыс та, қарғыс та болуы мүмкін. Артық
жеген тамақ адам ағзасына көптеген зиян келтіреді. Бір күні ас қорту жүйесінің артық
жұмыс істеуден бас тартатын күні туады. Бұның салдары өте қатерлі болуы мүмкін. Ас
қорту жүйесінің ауруы – қазіргі заман адамының қасіреті. Ішектің бекітілуі осы
аурулардың тізімін бастайды.
Адам, ішегінің ішінде жиналған улы қалдықтарды тазалауға тырысып, тонналаған
ұнтақ дәрілер т.б. сатып алуда. Өркениетті осы заманның адамы, қарнын қабақтай
қылып толтырып алғандықтан, ас қортылмайды және уақтылы шығарылмайды. Бұл
ескі автокөліктің жылдамдығын арттырам деумен тең. Ішектің бітелуі көптеген
аурулардың басты себепкері екені дау тудырмасы анық.
109
Осыған бір дәлел, кішкене тәжірибе жасап көріңіз. Түскі тамаққа жейтініңізді түгел
дайындаңыз, бірақ жемеңіз, ыдысқа салып 38 градус жылылықтағы суға салып
қойыңыз (ішектің ішіндегі жылулыққа сәйкес). Жылудың тұрақты болуын
қадағалаңыз. Енді 8 сағат өткеннен кейін не болатынын байқаңыз. Бірінші
байқайтыныңыз ауыр, жаман иіс. Сонан кейін тамақ божып, газ бөле бастайды.
Газ қысымы адамға талай келеңсіздік әкеледі. Диафрагманны қысып, жүректің
қысылуын т.б. жайсыздықтар жасайды. Ағзада осы божып жатқан быламықтан улар
үзбей бөлініп, басты және басқа мүшелерді ауыртады. Жәй бактерологияның
анықтағанындай, бактерияның көбеюіне тік ішекте қортылмай қалған тамақтан жақсы
орта жоқ. Сөйтіп, біз өз ағзамызда – өзімізге қасірет әкелетін, сан жетпес жауды өсіріп
өрбітіп отырмыз.
Егер суық тиіп жиі ауырсаңыз, осы аурудың қоздырғыштарын өсіретін, тіршілік
ететін ортасына айланған – ішектің бітелуі. Зиянды тамақтарды көп жегенде пайда
болатын улардан денеңіздегі ең маңызды мүше – бауыр зардап шегеді. Бауырдың ағза
үшін маңыздылығын, әркім білуге тиіс. Бауыр көптеген қызметтер атқаратын
химиялық лаборатория.
Ол тек өт сөлін ғана бөлмейді, сондай-ақ ағзаның негізгі тазалағышы. Бауыр мен ішек,
ас қорту ағымындағы әріптестер. Егер әріптесінің біреуі пәлеге ұшыраса, екіншісі
көмекке келеді. Осы жиі қайталанса, ағза талқандалады. Бауыр мен ішек жолдарының
қызметі бұзылса, адам ауыр халге ұшырайды. Міне неліктен, ішек бітелгенде бауыр
ауырып, басқа мүшелердің де сау болмайтыны сондықтан.
Ағзаңызды тазалау үшін ашығуға кіргеніңізде, тамақтан тартылу қолайсыз
болатыны айтпаса да түсінікті. Сіз ашыққан кезде, ағзаның өмірлік күші шоғырланған
зиянды қалдықтарды аластатып, зат алмасу ағымына қосады, соңынан
залалсыздандырады. Осы улы заттар шыққан кезде, сіз өзіңіздің жеңілдеп, бұрынғыдан
жақсарып қалғаныңызды сезесіз.
Ашығу барысында жағдай күнделікті өзгеріп тұрады. Ағза өзінен көп мөлшерде
уларды қуып жатқан уақытта өзіңізді жайсыз сезінесіз. 3 тәуліктік ашығуға қарағанда,
7 тәулік ашығудан кейін өзіңізді тіпті жақсы сезінетініңізді біліп алыңыз. Себебі,
қанша бейнет әкелген улардан арылдыңыз. 10 тәуліктік ашығудың соңғы күндері
өзіңізді бастапқыдан жақсы сезінесіз.
Ағза тазарған сайын соншалықты өмірлік күш қосылады. Сондықтан да, ашығудың
басында ағзаның тазалану барысында болатын барлық жайсыздықтарды тістеніп алып,
күліп қарсы алыңыз, осыған шыдаңыз. Қалай тазаланасыз, солай өзіңізді күштірек
сезінетініңізді білесіз.
118.
Дұрыс ашығу маңқаға қарсы
Менің пікірімше, адам денсаулығының көптеген келеңсіздіктерінің түп тамыры,
шығару жүйесіне толып алған қалдықтарда. Көптеген жағдайда ішектің бітелуіне
себепкер шырыш пен маңқа. Сіз өзіңіз шырыш пен маңқадан тазасыз ба? Осы туралы
ойланыңыз. Маңқа танау кеңсірігінде жинала ма? Мұрныңыз қалай? Қол шытыңызды
110
неше қабат шығарасыз? Тамағыңызды неше қабат шайқайсыз? Күніне неше рет
қақырынып сіңбіресіз?
Қалыпты тамақ ішетін қандай адамның болмасын, шығару жүйесі шырыш пен
маңқаға толы. Бұл улы қоймалжың, туғаннан бастап қортылмаған және шығарылмаған
табиғи емес тамақ қалдықтары. Бұл тек қана тамақты, танауды, өкпені ғана емес –
өңештен тік ішекке дейін созылған шығару жүйесін де тығындап тастайды. Адамдар
кеңсірігіне толып алған маңқадан зардап шегеді, құлақта сұйық және құлық түрде
болады. Өте көп мөлшерде өкпеде кездеседі.
Өкпенің қабынуы (пневмония) өте қатерлі аурулардың бірі. Қанды қанықтыратын
оттегі, маңқа толы өкпеге бара алмағанда, ауру үдей түседі. Қалыпты тамақ ешуақытта
толық қортылмайды, ал жиналып шоғырланған қалдықтар ешуақытта толық
шығарылмайды. Осы жағдайда біздің шығару жүйеміз біртіндеп, амалсыз ластана
береді. Көптеген аурудың себебі осында жатыр. Қалдықтар ағзада қалып, көбейіп
жинақтала береді.
119.
Достарыңызбен бөлісу: |