90. Қанымыздағы сiлтiлiк ағым деген не?
«Қоршаған ортаға тәуелдi болма!
Оны өзiңе бағындырып, осыны ӨЗIҢ жаса! ». Әсет Мұқашбеков
Бiздiң қанымызда сiлтiлiк ағым болу керек. Бiздiң көпшiлiгiмiзде қанымыз қышқылдық
әрекеттi бередi. Бас ауруынан бастап, асқазанның қортпауы, безеу шығу мен кәдiмгi тұмау
қышқылданудың салдары, ал осының өзi қанның улануының кесiрiнен болады. Қан өте
ласталғанда, мүмкiндiгi болса өзiмiздi бас салғалы отырған, ауру әкелетiн микробтардан
бiз қайтiп қорғана аламыз?
Бiз микробтардың әлпештеп өсулерiне жағдай жасаймыз, олар бiздiң iшiмiзде өз
үйiндегiдей сезiнiп, бiздiң есебiмiзден, өзiмiздi талқандауға, бұзуға жол беремiз. Сiз
сұрарсыз: «Осы қышқылдықты қалай бейтараптандыруға, қанды қалай тазалауға болады?
» –
деп. Жауап мынау: «Қаныңды сiлтiлiк қоспалармен қанықтыру арқылы ғана». Қанның
улануы белгi бере бастасымен-ақ 3...4 күн ашық, сонан кейiн сiлтiлiк әрекет беретiн
тамаққа көш және қышқылдық әрекет беретiн тамақтардан бас тарт.
–
Қандай тамақтар сiлтiлiк әрекет бередi?
–
Ең бастысы жаңадан үзiп алынған жемiс-жидектер, көкөнiстер, шөп қосылған
салаттар. Сiздiң тамағыңыздың 60 пайызы шикi және дайындалған көкенiстер болу керек.
Қандай болмасын тамақтың алдында шикi көкөнiстен жасалған салат пен жаңа үзiп
алынған жемiстер жеңiз. Осы сiлтiлiк өнiмдердiң сiздiң ағзаңыз үшiн маңызы өте зор.
Кейбiреулер айтады, көкөнiстер мен жемiс-жидектердi жақтырмаймыз деп.
Бұлай болуы, сiздiң қаныңыздың әрекетi әзiрше қышқылдық, сiз сiлтiлiк әрекет
беретiн тамақтарды жеген кезде, олар қанды улардан тазалай бастайды, сiз өсiмдiк
тамағына бейiмделе бастайсыз, олар ұнағанның үстiне ұнай түседi. Тек әлсiреген және
уланған ағза ғана жемiстерден, көкенiстерден дайындалған тағамдарды қабылдамайды.
Егер сiзге кейбiр жемiстер мен көкенiстер ұнамаса бiлiңiз, бұлар пайдалы, ағзаны
тазалайтын тағамдар. Бастапқыда, улардан тазаланғанша аз-аздап жеңiз. Аптасына 24
сағат ашығуыңыз, улардан арылуға көмектеседi. Егерде 3...7 күн ашығуға жiгерiңiз жетсе,
онда ағзаңыз зиянды қалдықтардан мүлдем арылады.
80
91. Қандай тағамдар қышқылдық әрекет бередi?
«Құлқы жаман адам өзiн-өзi азаптайды. Кiмнiң уайымы көбейсе, соның денсаулығы
нашарлайды. Кiм де кiм адамдар мен айтыса беретiн болса оның абройы кетедi».
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)
Негiзiнен қант, кофе, шәй, көмiр сутегiнен және ұннан, еттен, балықтан дайындалған
тағамдар мен қоздырғыш iшiмдiктер. Әрине, осы тағамдардаың жартысын
пайдаланбаудың өзi сiздi шошытады, егер сiз өмiр жасыңызды ұзартқыңыз келсе, көнуге
тура келедi. Ақыр соңында, алғашында шошынғанның өзiнен, есiңе алсаң шошитын
боласың. Бастапқыда жаңа мақсат орындалмайтындай көрiнедi, себебi өзiңiз көз
алдыңызға солай елестетесiз, ойлайсыз. Осы мақсаттың iс жүзiне асуын ойлап, алдымен
санаңызға сiңiрiңiз, қалғаны оңай.
Жемiстерден, көкенiстерден, жаңғақтан, көк салаттардан, дәндерден құралатын
тағам мәзiрiн сақтаудың еш қиындығы жоқ. Нәрлi жемiстердi, түрлi-түрлi салаттарды
қанша мөлшерде болса да дайындауға болатынын ешкiм де жоққа шығара алмайды.
Барлық дәндер мен жаңғақтар дәмдi әрi құнарлы. Аздап қуырылған грек жаңғағы,
күнбағыстың дәнi, арахис т.б. тәбеттi және пайдалы.
Егер сiздiң қаныңызда зиянды қалдықтар мен улар басым болса, тамағыңыздың
негiзгi бөлiгi жоғарыда аталған тағам түрлерiнен құралу керек. Егер сiз ет жесеңiз,
аптасына 2 – 3 рет қана жеңiз. Өзiңiздi жаман сезiне бастағанда бiрден сiлтiлiк мәзiрге
көшiңiз. Бұның белгiлерi – бас ауруы, ауыздағы кермек дәм, әлсiреу, енжарлық, топастану
т.б. Әрине бұл белгiлер онша қорқынышты емес, бiрақ осының арты ауыр жағдайға
апаруы мүмкiн екенiнiң хабаршысы. Бауырыңыз ауыра бастаса, бiрден ет пен майлы
тамақтан, қант пен көмiр сутектерiнен бас тартыңыз. Басқаша айтқанда, оларды табиғи
жемiстер түрiнде қолданыңыз. Қажеттi белокты жаңғақ пен дәннен жеткiлiктi мөлшерде
ала аласыз.
Сiздiң қаныңыздың уланғанын бiлу қиын емес. Егер өзiңiздiң өмiрлiк күшiңiздiң
шегiне жете бастағанын сезсеңiз, қалпыңызға келе алмасаңыз 36 сағаттан бастап 3...4 күн
ашығыңыз. Таза судан басқа ештеңе iшпеңiз.
92. Қан уланудың кесепаты, алғашқы белгiлерi қалай бiлiнедi?
«Денсаулық дегенiмiз – тек дененiң сыртқы бүтiндiгi ғана деп қарау ағаттық, жалпы
алғанда оны ағзаның жан-жақты дамуы мен бүкiл дене қызметтерiнiң жүзеге дұрыс
асырылуы деп ұққан жөн». Н.А.Добролюбов
Қан уланудан сақтануыңыз керек. Талай рет айтқан шығарсыз: «Шаршап,
әлсiреп, түрiм бозарып тұр. Бұлай болады, өмiр осылай! ». Қатты қателесесiз. Сiз,
бiрқалыпты көтерiңкi көңiл күйдi тұрақты сақтай аласыз. Сiз, ағзаңызды жақсы
күтiм болса, ешуақытта бұзылмайтын тамаша механизм деп есептеуiңiзге болады.
Қан уланудың алғашқы белгiлерiн қалт жiбермей қадағалап отырыңыз, тiлдегi ақ
таңдақ, ашушаңдық, қанның бетке шапшуы. Осы белгiлерге көңiл аудармай жүрмеңiз. Бұл
бүгiн бiлiнбесе де, ертең айқын бiлiнетiн қауiптiң хабаршысы. Қанның улануы
81
қорқынышты, ол шоғырлана бередi. Өзiңдi құтқару үшiн ертең емес, бүгiн қимылда. Өмiр
деген: өзiңдi-өзiң қорғау. Қарсыласыңыз басында басым болғанмен де, ұзақ арпалыста сiз
жеңесiз. Сiз өзiңiзден мықты жаумен шайқасасыз. Түбiнде сiз жеңiлесiз, бiрақ соғыстың
созылу ұзақтығы, тiкелей өзiңiзге байланысты.
Қанның улануы, ол ұрындыратын кесапат, осы ортада өсетiн микроорганизмдер
жайлы бәрiн бiлу қажет. Егер қан үнемi улана берсе, ол қан қысымының деңгейiнiң ұдайы
жоғарлауына, осының нәтижесi қан тамырларының қабырғасына қақ тұруына әкеп
ұрындырады (атеросклероз). Шынжыр былай тұйықталады: қышқылдық тағам (диета) –
қан улану (аутоинтоксикация) – қан қысымының деңгейiнiң жоғарлауы – қан
тамырларының қатуы (артерия) – мезгiлсiз ажал. Сондықтан да, сiздiң iшкен тамағыңызға
қарап әпенде деп санаса да, назар аудармаңыз. Осы әпенделiк сiздi зираттан құтқарады.
Өздерiн қалыптымыз деп санайтын адамдар күлсе күле берсiн, сiз соңынан күлесiз.
93. Қан улануы бiлiнсе не iстеу керек?
Қауiптiң бiрiншi белгiсi бiлiнiсiмен-ақ, картошкадан памидорға, май мен
iрiмшiктен – жемiстерге көшiңiз. Егер қан әрекетiн бейтарапты қалыпта ұстай алмасаңыз,
сiлтiлiк бола берсiн. Қышқылдануына жол бермеңiз. Қауiптiң қорқыныштысы сол, бiрден
бiлiнбейдi. Өздерiнiң қандарының созылмалы түрде уланғанын және осының салдары
әртүрлi келеңсiздiктерге, аурулаға, ең соңында мезгiлсiз өлiмге апаратынын көпшiлiк
бiлмейдi.
94. Өліп барып тіріліп, өзіне-өзі жоқтау айтқан адам
Өзімнің бал-бұл балалық шақтан Науалыда тай-құлындай тебісіп бір көшеде өскен
Сарқыт деген құрдасым бар. Екеуміз бір жылы, бір ай, бір күнде дүние есігін де, мектеп
есігін де бірге ашыппыз. Бірақ, оның әке-шешесі ерте өліп, аға-жеңгесінің қолында өсті.
Сарқыт Қажығалиев бала күнінен сөзге пысық, еті тірі, мінезі шәлкім-шалыс болатын.
Өмір жайлы толғағанда: «Пах, пах! Осындай да сөзге жүйрік адам баласы туа береді екен-
ау! », – деп еріксіз ойлайсың, іштей сүйсінесің.
Біз он жылдықты бітіргенде, ол шешен балаларына еліктеп 8 жылдықты
тәмамдады. Кейбір сыныпты екі қайталап жіберді. Ауылда бір орта мектеп қана болатын.
Кейіннен жетпісінші жылдары екінші орта мектеп ашылды. Ол кезде мектепте нашар
оқысаң, сол отырған сыныбыңда – ұсақ балалардың арасында омалып, ең артқы партада
өңкиіп отыра бересің. Мұғалімдер де күдер үзіп: «Сен бадырақ маған тиіспе, мен саған
тиіспейін», – деп оның тыныш отырғанына қуанады. Сабаққа келмесе шаттанады!
Себебі, ойдан-қырдан жиылған, өңшең бұзық Науалы жетімдер үйінің және сабақ
оқымайтын тентек шешендердің балалары, қаптаған орыс пен немістің балалары,
ауылдың аңқау қазақ балалары бір мектепте екі кезекпен, екі тілде әзер сиып оқитын. Бір
класста жоқ дегенде 30-40 оқушы. Біздің көрші екі қыздың бізден 3...4 жас үлкен
ағасының 4-ші сыныпта 4 жыл тапжылмай отырғаны бар. Кішкентай қыздар 4-ші сыныпқа
көшкенде ағасымен бірге оқитындарын біліп үйлеріне ботадай боздап: «Егер анау бізбен
оқыса, біз оқымаймыз. Балалар мазақтайды», – деп қиғылықты салады.
82
Апасы, әке-шешесі барып, оны басқа, қатар сыныпқа ауыстырады. Қарындастары
8-
ші бітіргенде, ол әлі 4-ші сыныпта «білім жілігін», қайта-қайта қайталап, кеміріп
отырған. Мектеп осындай сабақ оқымайтын, тентек ұлдарды, жылына бір қабат жиып-
теріп, жасы толса қолына 8-ді «ойдағыдай» бітірді деген құжат беріп, көрші «Южный»
ауылындағы трактористер дайындайтын училищеге жіберетін.
Тамағы, киімі, жатар орны бәрі тегін, мемлекеттің мойнында. Осы оқу орнын
Сарқыт құрдасым да бітіріп, әскерге барып келген соң, ауылдан 120 шақырымдағы
Алакөл көлінің жағасындағы «Сартерек» бөлімшесінде трактор жүргізді. Жаз айларында
дайындаған шөпті, қыс бойы ауылға тасиды. Кей жылдары біз жақта қыс өте қатты болып,
тфу деп түкірсең, түкірігің жерге түспей қатып қалатын сары шұнақ аяздар жиі болып
тұрады.
Осындай қақаған қыстың бір күні Сәкең ауылға ымырт жабыла шөп алып келеді.
Тіркемесін ағытып, арақ ішеді. Ішкенде сілейіп тойып, сілекейі аққанша, есінен
айырылғанша ішеді. Түн қоюлана тракторымен өлеңдетіп үйіне қайтады. Біздің ауылды
қақ жарып ағатын Қусақ өзені бар. Көпірден өту керек. Бұл ерің көпірді таба алмай, тап
көпірдің жанындағы жарға, қалың омбы қарға тракторымен шоңқиып асылып қалады.
Қардың қалыңдығынан трактор жарға құламайды. Асылып қалған трактор – артқы екі
дөңгелегі шыр айланып, айналаны азан-қазан қылып, ауылды басына көтеріп дарылдап
тұра береді...
Тәп осы жардың басында Людмила Павловна дейтін мұғалім орыс әйелі тұратын.
Үйінің іргесінде дарылдап тұрған трактор ұйқы бермейді. Мезгіл түн жарымынан ауған.
«Неде болса барып, мынауыңды дарылдатпай өшір, әйтпесе бұл арадан кет», – деп
айтайын деп күйеуі екеуі келсе, трактордың түбінде – бір қолы жоғары көтеріліп, бүк
түсіп қатып қалған адамды көреді. Дереу ауылдық, аудандық милицияға телефон шалады.
Олар іле-шала жетіп келіп қараса, аязда қатып қалған адамның мәйітін көреді.
Мәйіттің аяқ-қолын созайын десе, шеге болып қатып қалған. Милициялар мәйітті
тексеріп, біраз уақыт тракторды айналшықтап жүреді. Тоңған соң, өздерімен бірге мәйітті
мұғалім әйелдің үйіне ала кіріп, мәйіт жібісін деп пештің үстіне ағаш салып, қолын
қоқитып жатқызып қояды. Өздері жылыну үшін арақ, ыстық шәй ішіп, біраз әңгіме-дүкен
құрып отырады. Мәйіт жібімейді. Мәйіттің бір қолы жоғары көтерілген қалпы, ашық
машинаға тиеп, аудандық милиция бөліміне алып келеді.
Олар: «бізге өліктің қажеті жоқ» деген соң, аудандық ауруханаға әкеледі. Олар да:
«біз өлікті емес, сырқат адамды ғана қабылдаймыз», – дейді. Мәйітті мәйітханаға (морг)
апарып тастап, оның үйіне, ағайын-туыстарына, колхозға: "Сарқыт колхоздың шөбін
әкеле жатып, ерлік жасап, аязда далада қалып, мұз болып сіресіп қатып қалған жерінен
тауып әкелдік, сүйегі аудандық мәйітханада", - деген қаралы хабар естіртеді.
Сарқыт тоңып оянады. Жан-жағына қараса бірнеше адам, анадан жаңа туғандай
шешініп тастаған, қаперлерінде түк жоқ, ұйқыны соғып жатыр. Қолын созып біреуінің
жамылғысын жұлып алады. Екінші жағына қараса кішкентай бала ұйықтап жатыр екен:
«Алда бейшара-ай! Суық үйде жалаңаш жатқаны несі? ! », – деп жаны ашып, қойнына
83
алып жатады, сұп-суық. Бала оянбайды. Оны қымтап жауып қояды. Қайдан келіп-
тұрғанын білмейді. Үстінде лыпа жоқ, анадан туғандай жап-жалаңаш.
Бас әңкі-тәңкі. Біраз уақыт жатқан соң: «Қой, біреуден шылым алып шегейін», –
деп ойлайды. Ұят болмасын деп жамылғысын жамылып, шығатын есікті іздесе, бір
жарықтың сызаты көрінеді. Есікті ақырын ашып сығаласа, қалғып-шұлғып бір орыстың
кемпірі отыр екен. Шошытып алмайын деп жайлап барып орысша: «Апа! Темекі бар ма?
», –
деп сұрайды. Көзін ашқан кемпір бақырайып қарап тұрып: «О, Құдайым-ай! », – деп
айқайлап барып шалқасынан түседі де, талып қалады.
Сарқыт кемпірдің бетіне су бүркіп тірілтіп алғанда, кемпір төрт тағандап, ойбайлап
қаша жөнеледі. Қараса таң сібірлеп атыпты. Кемпірдің қылығына түсінбей, жалаңаш
шығуға ұялып, босағада, әліптің артын күтіп отыра береді. Бір уақытта у-шу болып
дәрігерлер, медбикелер жетеді. Киіндіріп аудандық милиция бөліміне: «Мына бәлең
тіріліп кетті», – деп апарып тастайды. Аудандық милиция бөлімінің бастығы Жидебаев:
«Өмірімде талай сұмдық, талай басқадай нәрселер көріп едім, бірақта, өліп-тірілген
адамды бірінші қабат көріп тұрмын», – деп ауылына апарғызып тастайды. Ұржар мен
Науалының арасы 12 шақырым.
Сарқыт "ерің" милицияның машинасынан қайқиып, көшесінің басынан түсіп
қалады. Түс кезі. Үйіне жақындаса, ауласы қаптаған адам, асылған қазан. Айғай-шу, бір-
бірімен «Ой, бауырымдап» көрісіп жатқан адамдар. Миы айланып тұрған Сәкең: «Е, мен
жоқта үйімде біреу өліп қалған екен ғой. Бұлар кешеден бері мені таба алмай жүр.
Естімедім деп айтсам ұят. Одан да хабар алып, білетін кісіше айғайлап барайын. Жүрісім
болса мынау, өзіме де обал жоқ», – деп, түндегі қорлыққа, өзінің өліктермен айқасып
құшақтасып жатқанына намысы келіп, өзінің шошқа қылығы есіне түсіп, онсызда басы
ауырып, кінәлі екенін сезініп, көңілі босап жылағысы келген Сарқыт:
–
Ой бауырым-ай! Қырышында кеткен арманым-ай! Асылым-ай! Ардағым-ай! Көре
алмай, соңғы сөзіңді тыңдай алмай арманда кеттім-ау! Есіл ерім-ау! Боздағым-ау!
Бауырым–ау! деп өкіріп жылап, өзін-өзі жоқтап айғайға, жоқтауға басады. (Біздің жақта
даладағы таяқ ұстап тұрған ағайындарына жылап көріседі. Сонан соң әйелдермен көріседі.
Әйелдер тоқтамай жоқтау айтады.
Сәкең суырып салма керемет әнші, даусы әдемі болатын). Алдымен қатар-қатар қаздай
тізіліп тұрған ағайын-бауырларымен көрісіп, ойбайлаған күйі, үйде жоқтау айтып отырған
апайлары, жеңгейлерімен бірігіп, тоқтамай сұңқылдап жоқтау айтады. Ең соңынан
әйелімен көріседі. Еш бір адам танымайды. Бажайлап қараса бала-шағасы, ағайын-туысы
түгел аман.
Балалары ол кезде кішкентай, қаперлерінде түк жоқ, «Әкеміз келді! Әкеміз келді! » – деп,
ойнап-шауып жүр. Ағалары түгелдей таяқ ұстап тұр. Өлген кім болды екен? !» – деп аң-
таң болып отырғанда, «алтын басты, қара қасты, жалбыр шашты, жылқы ерінді, қыр
мұрынды, өзі көсем, сөзге шешен, ақын, жырау, тентек, өз дегенінен басқаға көнбейтін
қыңыр-қисық қайным-ау! Сенің орныңа егін егеміз бе, қайтеміз? ! », – деп жоқтап отырған
бір жеңгесі: «Ойбай! ! ! Өліп, қатып-сіресіп мұз болып, жібімей жатыр деген Сарқыт
тіріліп кеткен бе? ! », – деп құлап барып, талып түседі.
84
Мұндай сұмдықты көрмеген ауыл халқы, нөпір жұрт: бала-шаға, қыз-келіншектер,
қатын-қалаш, кемпір-шалдар үйді айлана қашады. Ол аз болса қазан жағалап жүрген иттер
ұлып, қорадағы сиырлар мөңіреп ауылды азан-қазан қылады. Біраздан кейін есін жиған
жұрт көз көрім, құлақ естір жерден: "Әй! Сен Сарқытпысың? ! Әлде оның әруағымысың? !
Әруақ не Сарқыттың кейпіне түсіп алған жын шайтан, пері болсаң жөніңе кет! Бізде не
әкеңнің құны бар? ! ", - деп айғайлап жөн сұрасады.
Есі шыққан Сарқыт шешендерден көрген діни білімі есіне түсіп: "Оллаһии,
билаһии! Олаһии, билаһии! Мен Сарқытпын! мен Сарқытпын! Сарқытпын! Аязда өлердей
арақ ішіп қатып қалыппын. Енді жібіп, тіріліп үйге келіп тұрмын! Маған сеніңдер! Мен
Сарқытпын! Ендігәрі сайтанның сідігін ішсем желкемнің шұқырын көрмей кетейін! ", -
деп тамағын қолының қырымен өзін бауыздағандай кейіп көрсетіп, қос жұдырығымен
кеудесін ұрғылап, тізерлеп отырып алып шешендерше қарғанып-сіленеді.
Ол жылдары біздің ауылда шешендер көп, шетінен баукеспе ұры. Ұсталып қалса
өстіп қарғанып-сіленіп құтылып кететін. Аңқау қазақ: Бұл бейшара "Олаһии билаһии! ", -
деп Құдайды аузына алып қарғанып отыр ғой! Қой дүниесі де, малы да құрсын, кешегі
соғыстан да, ашаршылықтан да аман қалдық, бұған да тәуба! , - деп әлгі шешенді жөніне
жіберетін. Ақиқатында соғыс жылдары қоныс аударылып келген шешендердің тұрмыс
жағдайлары өте ауыр, аяқтарына қысы-жазы калош киіп, сығандар сияқты: көше-көшені
күндіз қатын-қалашы мен бала-шағасы, түнде еркектері ұры иттер сияқты тіміскілеп,
қазекемнің дастарханынан төгілген қиқымдарды теріп жеп, малдарын, жұмыртқа,
тауықтарын ұрлап-жырлап күндерін көретін.
Тағы бір ерекшеліктері бірде-біреуі жұмыс істемейтін, қазіргі Алматы қаласында
үйір-үйірімен өріп, қаңғып жүрген тәжіктерден айнымайтын. Сарқыттың діни білімінің де,
рухани білімінің деңгейі де, түсінігі де осы шешендерден үйренген екі ауыз "Олаһии,
билаһии! " деген сөзбен тамамдалатын. Әлі де өзгере қойғаны шамалы.
Сарқыттың тірі екеніне көзі жеткен ел: улап-шулап Сарқытпен қайта көріседі, аяқ-
қолын сипап, шашын жұлып, нұқып, ұрып көреді. Сарқыттың денесі көгеріп, соққы
жанына батып ойбайлағаннан кейін әруақ емес екеніне көздері жетеді. Қазаның арты
тойға ұласады, Талып жатқан адамды тірілтуден тәжірибесі бар Сәкең, енді жеңгесін
тірілтуге кіріседі...
Сарқыттың Ғазиз жаны осылайша оны маскүнемдіктен сақтап, өмірлік сабақ берді.
Менің құрдасым сонан бері салауатты өмір салтын ұстанып, мешіттің имамы сияқты:
«арақ ішпеңдер, ол һарам. Ішсеңдер тылсым дүние тарапынан жазаға ұшырап, Құдайдың
қарғысына ұшырайсыңдар. Мен бұны басымнан өткізгенмін! " - деп елге уағыз шашып,
осы оқиғасын жырдай қылып, майын тамызып айтып, ішімдік баласын аузына алмайды.
Қазір ауылда өзі шамалас зейнеткерлікке шыққан мұғалімдерді т.б. ерігіп жүргендерді
жиып алып: сөткелеп, апталап, айлап жатып карта ойнап, 100, 200, 500, 1000 мың теңге
үшін қызыл кеңірдек болып айтысып, тартысып, шапқылап, аман-есен ел қатарлы ауылда
жүріп жатыр. Сынықтан басқаның бәрі жұғады демекші, осы картожниктердің бірен-
сараны болмаса, басым бөлігінің жұмысқа қырлары жоқ
85
95. Біреу: өмірге, үкіметке, саясатқа өкпелеп апталап жатып ішеді
Мен саясатты түсінбейтін, әкімдерге, үкіметке қарсы келмейтін адамдарды жек
көремін, – дейді бұрын арақкеш болған, қазір зейнеткерлікке шықан жағрапия мұғалімі,
қазір Науалыдағы аты шулы картожник, қу сөзден "қуырдақ қуыратын" өзін саясаткермін,
білгішпін деп санайтын Ә.Ж. дейтін адам. Оның Ғазиз жанында: ашу-ыза, көре
алмаушылық, жек көру т.б. келеңсіз ойлар мен жаман қылықтар жылдар бойы
шоғырланып, қордаланып қалған. Қырық жылдай Науалы орта мектебінде география
пәнінен мүғалім болды. Бір де бір сабақта сабақ айтпайтын, тек түкке тұрмайтын өсек,
өтірікті судай ағызатын.
Себебі, тақырыпты өзі білмейтін надан болатын. Осының нәтижесінде ауыл
тарихында Науалы орта мектебінің бір де бір оқушысы география бөлімін бітірген емес!
Ескерту: Науалыда екі орта мектеп бар. Оның үстіне жоғарғы класс оқушыларын араққа
үйретіп солармен бірге қосылып ішетін. Оларды карта ойындарына үйрететін.Жас
жеткіншектерге теріс тәрбие бергені үшін қарымта заңы бойынша Жаратушы тарабынан
қатты жаза алуда. Қаңғырып қу басы ғана қалды.
Біреу қатынын қызғанып ішеді. Арақ оның қызғанышын басады. Енді біреу: өмірге,
үкіметке, әкімдерге, саясатқа деген ірілі, ұсақты өкпе-ренішін өзіне өмір бойы жинақтап,
сонан соң апталап жатып ішеді.
96. Тамақ ішкенде қандай ережелерді басшылыққа алуымыз керек?
Өзіңізде талай рет байқаған шығарсың, адамдар тамақты дұрыс жей алмайды. Өзіңіз
тамақ ішкен адамдарды бақылаңызшы. Олар тамақты тек ойланбай шайнап жұта береді.
Тамақ ішу барысында басында неше түрлі аласапыран ойлар жүйткіп жүреді, ал жүрегі
қым-қиғаш сезімдерге толы болып, онымен қоймай тамақ ішіп отырғанда айтысып,
дауласып жатады. Осылай олар өзінің ағзасының жұмысын бұзады: бір де бір ағым: ас
қорту, уларды шығару және сөл бөлетін бездердің жұмысы дұрыс жүрмейді.
Мыңдаған адамдар ауруларының себептері, тамақты дұрыс ішпегендіктен
болатынын білмейді. Жанұяларға қараңызшы, тамақ ішпегенше әркім өз ісімен өзі әуре.
Ал дастархан басына жиналып тамақ іше бастағанда әңгіме өрбіп, кей кездерде бір-
бірімен жанжалдасып та жатады. Осындай шулы отырыстан кейін денең ауырлап
маужырап ұйқың келеді, барып демалуың қажет, ал кімге жұмысқа бару керек, ол
құлықсыз кетеді. Ал дұрыс тамақтанған адам өзін жеңіл, тамаша сезінеді.
Сондықтан да – тамақ ішу кезіндегі сақтайтын ережелер төменгідей:
1.
1. Қарныңыз ашып тұрмаса еш уақытта тамақ ішпеңіз. Бұл ережені сақтамасаңыз, ішкен
тамағың қортылмайды, ал қортылмаған тамақ ағзаңызды улайды.
2.
2. Шаршағанда, ашуланғанда, қорққаныңызда, жақтырмаған кездеріңізде тамақ ішуші
болмаңыз. Қатты сезім әсеріне беріліп кеткен кезде, асқазан мен ішек тамақты дұрыс
қабылдай алмай ішкен тамағыңыз уланып кетеді.
3. 3
. Тамақ ішердің алдында дәрет алыңыз: аузыңызды шайып, беті қолыңызды, аяғыңызды
өкшеге дейін жуыңыз, мүмкіндік болса душқа түсіп шомылып алыңыз.
86
4.
4. Тамақты шығысқа қарап отырып ішіңіз, егер солтүстікке немесе батысқа қарап
тамақтансаңыз денеңіздегі қуатыңыздың деңгейі төмендеп кетеді.
5.
5. Тамақ сүйіспеншілікпен дайындалуы керек. Тамақты пісіретін адамның көңіл күйі
мамыражай, көтеріңкі күйде болып, ықыласымен дайындалған кезде ғана тамақ жеңіл
қортылады. Байқайсыз ба, жас бала немесе сәбилер дайындаған тағам шала піссе де өте
дәмді болатынын, себебі ол шын ықыласымен, пейілімен ата-анасын не келген қонақты
разы қылсам деген ниетте болады, осыған жүрегімен қуанады, шаттанады. Егер де тамақ
нашар көңілмен, ықлассыз, уайымда, ашуланғанда, қайғыда, үрейленгеде т.б.
жағдайларда пісірілсе сізге ешқандай да пайда бермейді. Тамақ дайындаған адамның
көңіл күйі тамаққа беріліп тамақтың дәмі мен сапасы болмай уға айланып кетеді.
6.
6. Тамақты ішкенде танауыңның оң жақтағы тесігі жұмыс істеп тұруы керек. Егер тамақ
ішкенде танауыңыздың оң жақ тесігі бітеліп тұрса, сол жақ тесігін жауып оң жақпен
тыныс алыңыз. Танауыңыздың сол жағы ғана істесе тамақ жөнді жанбайды да тамақ
дұрыс қортылмайды. Оң жақ жұмыс істеу үшін сол жақ қырыңызбен жата тұрыңыз.
7. 7
. Тамақ ішер алдында Аллаға алғыс айтыңыз, Бисмилләһир-рахмаанир-рахиим
(Бастаймын мен ұлық Алланың есімімен, Ол ұлық Алланың есімі, Рахман! Яғни бұл
дүниеде жаратылған бүкіл жаратылысқа рахым қылады. Ар-рахиим – о дүниеде өзіне
мойын ұсынып тақуа болған момын пенделеріне арнайы рахым қылады) деп ниет
қылыңыз, себебі тамақтану қасиетті ағым, Жаратушының бергеніне тәубәшілік
қылғаныңызда тамақ жақсы сіңеді, тамақ ішуге өзіңді ойша дайындайсың. Дұрыс
тамақтану үшін өзіңнің ниетіңді дұрыстап алып дастарханға отырыңыз. Тыныштықтың
болғаны қолайлы. Ауызға алдымен салған асты саналы түрде өзі жұтылып кеткенше
асықпай ұзақ шайнаңыз. Ас жеудің басталуының зор маңызы бар. Бастапқы жұтқан
қорегіңіз ішкі мүшелердің бәрін іске қосатындықтан, тамақты ішпестен бұрын жайлы
жағдай жасаңыз.
8.
8. Тамақты қанша іше аласыз сонша мөлшерде ғана ыдысыңызға салыңыз да тауысып
жеңіз, қалдық қалдырмаңыз. Қалған тамағыңызды бір ыдыстан екінші ыдысқа басқа
біреуге салып бермеңіз, себебі сіз өзіңіздің қарымтаңызды өзіңіздің от басы
мүшелеріңізге бересіз, егер өзіңіз басқа біреуден қалған тамақты жесеңіз онда оның
қарымтасын аласыз. (Қалдық тамақтарыңызды үй хайуандарына беріңіз.) Бірақ
бұрынырақта қазақтар жақсы адамның сарқыты деп, ол кісіден қалған тамақты ырым
қылып жеген. Тамақты мүмкін болса темір ыдыспен ішіңіз, өйткені ол таза және екінші
біреудің қарымтасы беріле алмайды. Жанұяның әрбір мүшесінің өздерінің ыдыстары
болуға тиіс, тек ауырған кезде ғана емес. Тамақ ішіп болғаннан кейін дастарханға бата
беріңіз, еліңізге, халқыңызға, отбасыңызға, қоршаған ортаңызға жақсы тілек тілеңіз,
тілегіңіздің қабыл болуын Жаратушыдан өтініңіз.
9.
9. Тамақ ішпестен бұрын үйіңіздегі мейманды, не жолаушыны тамақтандырыңыз, бұл
ата-бабамыздан келе жатқан жақсы дәстүр. «Жолаушы үйден қырық қадам шықаннан
кейін мүсәпір», – деген түсінік көшпенді халықтың бәрінде де болған, әсіресе біздің қазақ
халқы меймондостықтың үлгісін әлі күнге дейін көрсетіп келеді.
87
10 10. Тамақ жақсы қортылу үшін шәй ішіңіз немесе бар болса көкөніс салатын жеңіз. Бұл
асқазанды алдын ала тамақ ішуге дайындайды.
11.Тамақ ішкенде сөйлемеңіз. Бос әңгіме қуатыңызды шашыратып, ауа алмасуын тежейді.
Тамақты жақсылап асықпай шайнау керектігін айтып өттім, бұл тәніміз үшін қажет.
Ал тамақтану барысында терең тыныс алу астың жануын қамтамасыз етеді. Ас қорту,
тыныс алу, ойлау барыстары – әр түрлі температура мен жиіліктегі жану ағымы. Тамақ
жеу барысында ара-тұра тоқтап терең тыныс алыңыз, сонда эфирді жақсы сіңіресіз. Эфир
–
өміршеңдігіңізді, еске сақтау қабілетін және сезімталдығыңыз бен өреңізді (интеллект)
арттырады.
12.Тіс сізге сәндікке берілген жоқ. Тамақты әбдән шайнап, асықпай ішу керек. Бұл
астың қортылуына да жақсы және екінші себебі: ауызға тамақ бірінші барған мезетте ол
да асқазанның жұмысын атқарады. Ол тамақтың қуатын өзіне сіңіріп алып, қалған
қоймалжың бөлігін асқазанға айдайды.
13. Тамақ сіздің бес сезім мүшелеріңізді: көзіңізді қуантып, хош исі бұрқырап,
сезімдеріңізді қытықтап, жүрегіңізді қуантып, көңіліңізді жұбатып әсер етуі керек.
14. Еш уақытта исі шығып бұзылып кеткен тамақты жеуші болмаңыз. Тоңазытқышта
тұрмаса 3, 5 сағаттан астам тұрып қалған тамақты да ішпеңіз, ал бұл біздің қазақта
керісінше. Еттің сорпасын жылытып ертеңіне іше береміз. Есіңізде болсын, сорпа
микробтардың өсіп өрбуіне ең қолайлы орта!
15. Тамақтан кейін аузыңызды шайыңыз, реті келсе тісіңізді тазалаңыз.
16.Тамақ ішкеннен кейін бірден ұйықтауға жатпаңыз. Тамақтанғаннан кейін 1-1, 5
сағаттан кейін ғана ұйықтауға жатыңыз.
17. Жатар алдында айран т.б. сүттен дайындалған қышқыл тамақ пен қышқыл жеміс
жемеңіз.
18. Күн шықпай және түнде тамақ жемеңіз. Өкінішке орай бізде бәрі керісінше. Біздің
қазақтың асқазаны басқа халықтан ерекше, түнгі 11-12-де қай халық ыңқия тойып ет жеп,
соңынан сорпа ішеді. Онымен қоймай ашты шәймен ары қарай тықпалайды, осылай
тамақтанатын халық әлемде екеу болса біреуі бізбіз, жалғыз болса тағы бізбіз! Білмеймін,
осылай тамақтану бағымыз ба, әлде сорымыз ба? Не мақтанарыңды, не сақтанарыңды
білмейсің. «Алла артының қайырын бере көр», – дейміз де.
19. Түрегеп тұрып және тамақтану аралығында жеңіл болса да тамақтанбаңыз.
20. Тамақ ішердің және ішіп болғаннан кейін бірден су ішпеңіз. Егер де арықтағыңыз
келсе суды тамақ ішердің алдында ішіңіз, ал салмағыңызды бір қалыпты деңгейде
ұстаймын десеңіз тамақпен араластырып, толғыңыз келсе тамақтан кейін ішіңіз. Бірақта
бұл әдіспен онша әуестене бермеңіз, себебі асқазаныңыздың жұмысын әлсіретеді.
88
21. Егер де үлкен дәретке отырғыңыз келсе, тамақтанғаннан кейін 3 сағаттан кейін
отырыңыз.
22. Ішегіңді үлкен дәретпен босатып алмай тамақ ішуші болмаңыз. Ерте сағат таңғы 6-
да тұрсаңыз ішек өз қалпына келеді. Таңертең ерте қайнаған ыстық суға бал мен лимон
қосып ішсеңіз үлкен дәретіңіз тез келеді. Бұл әдісті іш қатып қалғанда да қолдануға
болады. Үлкен дәретке отырғаннан кейін дәрет алып жуыныңыз, мүмкін болса душқа
түссеңіз нұр үстіне нұр болар еді.
Достарыңызбен бөлісу: |