390
391
белгiлi бiр бағытта жылжып бара жата бiрнəр-
се iстеп бара жатқандығын көрсетедi) ♦He came hurrying to see her as soon as he heard she was ill. - Ол оның ауырғанын ести сала асыға жеттi. ♦The children came running to meet us. - Балалар бiзбен кездесуге жүгiрiп келдi. ♦She came sobbing into the room. - Ол бөлмеге өкси кiрдi. ♦Sunlight came streaming through the win- dow. - Күн сəулесi терезеден ағыла кiрдi. 4.
(кеңiстiк я уақыт бойынша бiр орынды алу я
болу) ♦She came fi rst in the examination. - Ол емтиханда бiрiншi болды. ♦(ауысп. мағ.) His family ~s fi rst. - Ол үшiн жанұясы өмiрiндегi ең басты нəрсе. ♦May ~s between April and June. - Мамыр сəуiр мен маусымның арасында келедi.
♦Her resignation came as a suprise. - Оның отставкаға кетуi бiз үшiн жай түскендей болды. 5.(заттар, товарлар ж.) бар болу ♦This dress ~s in three sizes. - Бұндай көйлектен үш түрлi размер бар. ♦Do these shoes ~ in black? - Мына аяқ киiмнiң қарасы бар ма? ♦New cars don’t ~ cheap. - Жаңа машиналар арзан емес.
6.болу; болып шығу ♦The handle has come loose. - Тұтқа босап кетiптi. ♦My shoe laces have come undone. - Аяқ киiмiмнiң бауы шешiлiп кетiптi. ♦It ~s cheaper if you buy things in bulk. - Затты көп алсаң, арзан түседi. ♦Everything ~s right in the end. - Соңында бəрi де дұрыс болады. 7.көзi жету,
түсiну, т.б. ♦She had come to see the problem in a new light. - Ол проблеманы жаңа қырынан көре бастады. ♦I have come to believe that the government’s economic policy is misguided. – Мен үкiметтiң экономикалық саясатының терiс жүргiзiлiп жатқанына көзiм жете бастады. 8.(how-дан кейiн бiрнəрсенiң
себебiн я оны түсiндiрудi сұрағанда келедi)
♦How did he ~ to break his leg? - Ол аяғын қалайша сындырып алды екен? ♦How do you ~ to be so late? - Соншалықты неге кешiктiң? 9.~ smth (with smb) (ауызекi) болып көрiну,
өзiн солай етiп көрсету ♦Don’t ~ the bully with me! – Менi қорқытпа! ♦She tried to ~ the inno- cent with me. – Ол маған бейкүнə болып көрiнуге тырысты. 10.(ауызекi) (уақытты
көрсетер алдында қолд.) белгiлi бiр уақыт
келгенде ♦We will have been married for two years ~ Christmas. – Рождество кезiнде үйленгенiмiзге екi жыл толады. ♦C~ next week she’ll have changed her mind. - Келесi жетiде ол ойын өзгертедi. 11.(ауызекi) оргазм болу
(жыныс қатынасының шарықтау шегi) 12.(to я
into+n формаларында қолд.) ♦At last winter came to end. – Ақырында қыс аяқталды. ♦The trees are ~ing into leaf. – Ағаштар жапырақтана бастады. 13.(idm) *to be as clever, stupid, etc as they ~ (ауызекi) өте
ақылды, ақымақ, т.б. болу *~ again? (ауызекi)
(түсiнбегендiктен қайталауды өтiнгенде қолд.)
♦«She is an entomologist.» «C~ again?» «An en- tomologist – she studies insects.» – «Ол - энтомолог.» «Не дейсiң?» «Энтомолог – насекомдарды зерттейдi.» *~ and go келу-
кету; болу-қою ♦The pain in my leg ~s and goes. – Аяғымның шаншуы бiресе ұстап, бiресе қояды. ♦Governments ~ and go. - Үкiметтер келедi, кетедi. *~ easily,naturally, etc to smb (əрекет, шеберлiк, т.б. ж.) бiреу үшiн бiрнəрсе
iстеу жеңiл, табиғи т.б. болу *~ over dizzy, faint, giddy, etc (ауызекi) кенет басы айналу,
есiнен тану, т.б. ♦I suddenly came over (all) fun- ny/queer and had to lie down. - Кенет өзiмдi бiртүрлi сезiндiм де жатуыма тура келдi. *~ to nothing; not ~ to anything ешбiр нəтижесiз
болу ♦All her plans have come to nothing. – Оның бар жоспары сəтсiз болды. *~ to oneself өзiне-өзi келу; өзiн-өзi қолына алу *~ to that; if it ~s to that (ауызекi) иə-иə, солай-солай;
мұны қара, т.б. ♦I haven’t seen her for weeks – or her parents, ~ to that. – Мен оны апталап көргенiм жоқ - я оның əке-шешелерiн де, иə солай. *~ what may не болса да, ешнəрсеге
қарамастан ♦He promised to support her ~ what may. – Ол не болса да оған көмектесуге уəде бердi. *how ~ (…)? (ауызекi) бұл неге осылай
я осылай болды, себебi не? ♦If she spent fi ve years in Paris, how ~ she can’t speak a word of French? – Егер ол Парижде бес жыл тұрған болса, французша бiр ауыз да бiлмегенi қалай? ♦You are an hour late this morning, how ~? – Сен бүгiн таңертең бiр сағатқа кешiктiң ғой, не болып қалды? *not to ~ to much маңызды
ешнəрсе болмау, iстемеу ♦He’ll never ~ to much, he’s too lazy. – Ол ешқашан қызмет биiгiне көтерiлмейдi, ол өте жалқау. ♦I don’t think her idea of becoming a journalist ever came to much. – Мен оның журналист болам деген ойы жүзеге аса ғойды деп ойламаймын. *to ~ (зат есiмнен кейiн келедi) болашақта, келешек-
те ♦in years to ~ … - келер жылдары… ♦for some time to ~ - болашақта бiраз уақытқа *when it ~s to smth ретi, кезегi келгенде ♦I’m as good a cook as she is except when it ~s to (making) pastry. – Мен ол сияқты жақсы аспазбын, тек печенье пiсiруге келгенде жоқпын. *to ~ a cropper cropper *to ~ clean clean14.(phr v) *to ~ about (желкендi кеме
ж.) бағытын өзгерту *to ~ about (that …) оқиға, т.б. болу ♦Can you tell me how the acci- dent came about? - Мына оқиғаның қалай болғанын айта аласың ба? ♦How did it ~ about that he knew where we were? – Ол бiздiң қайда екенiмiздi қалай бiлген? *to ~ across (кейде ~ over) (a)түсiнiктi болу ♦He spoke for a long time but his meaning did not really ~ across. – Ол ұзақ сөйледi, бiрақ та оның не айтқысы келгенi түсiнiксiздеу болды. (b)əсер қалдыру,
көрiну ♦She ~s across well/badly in interviews. – Ол интервью кезiнде жақсы/нашар əсер қалдырады. *to ~ across smb/smth бiреумен/
бiрнəрсемен кездейсоқ кездесу я оны
кездейсоқ табу ♦I came across an ols school friend in the Oxford Street this morning. – Оксфорд Стритте мен бүгiн ескi мектептес досыммен ойда жоқта кездесiп қалдым. *to ~ across (with smth) (көне қолд, ауызекi)
(информация, ақша т.б. ж.) беру, табыстау ♦He owes fi ve pounds but I doubt if he’ll ever ~ across (with it). – Ол маған бес фунт стерлинг қарыз, бiрақ оның оны қайтарарына күмəнiм бар. *to ~ after smb бiреудi қуу, өкшелеу *to ~ along (a)
келу, пайда болу ♦When the right opportunity ~s along, she will take it. – Оңтайлы сəт келгенде, ол пайдаланбай қоймайды. (b) = (to ~ on (d))
(c) = (to ~ on (e)) *to ~ apart быт-шыты шығу;
сыну *to ~ at smb бiреуге шабуыл жасау ♦She came at me with a rolling-pin. – Ол оқтау ала маған жүгiрдi. *to ~ at smth (фактiлердi,
шындықты) ашу, табу ♦The truth is often diffi - cult to ~ at. – Шындыққа қол жеткiзу көбiне қиын. *to ~ around (to smth) = come round (to
smth)*to ~ away (from smth) ажырап кету
♦The plaster had started to ~ away from the wall. – Пластер қабырғадан ажырай бастады. *to ~awaywith smth сезiммен, əсермен кету ♦We came away with the distinct impression that all was not well with their marriage. – Бiз олардың некелерiнде бiр кiлтипан бар деген əсермен қайттық. *to ~ back (a)оралу, қайтып келу (b)
қайтадан атақты, беделдi, т.с.с. болу ♦Mini- skirts are starting to ~ back. – Миниюбкалар қайта оралуда (қайтадан сəнге кiруде). (c)
қайта енгiзу, қалпына келтiру ♦Some people would like to see the death penalty ~ back. – Кейбiр адамдар өлiм жазасының қайта енгенiн қалайды. *to ~ back at smb бiреуге
қатты я ашумен жауап қату *to ~ back to smb есiн жию; есiне түсiру ♦It’s all ~ing back to me now. – Есiме бəрi де ендi түсе бастады. *to ~ back to smb (on smth) бiреуге бiрнəрсе жайлы
белгiлi бiр уақыттан кейiн жауап беру ♦Can I ~ back to you on that one later? - Мен ол мəселе жайлы сенiмен кейiнiрек сөйлессем, қалай? *to ~ before smb/smth (a) бiреуге/бiрнəрсеге
талқылануға, қарастыруға т.с.с. берiлу, əкелiну
♦The case ~s before the court next week. - Iс келесi жетiде сотта қаралады. (b)бiреуден/
бiрнəрседен маңыздырақ болу ♦Fighting pover- ty and unemployment should ~ before all other political considerations. - Кедейлiк пен жұмыссыздыққа қарсы күрес барлық саяси мəселелерден бұрын тұруы керек. *to ~ be- tween smb and smb екi адамның өзара қарым-
қатынасына араласу, қыстырылысу я оған зиян
келтiру ♦I’d hate anything to ~ between us. – Мен не нəрсе болсын арамызға килiккенiн қаламас едiм. *to ~between smb and smth бiреуге бiрнəрсе iстеттiрмеу *to ~ by smth (a)
бiрнəрсеге күш сала қол жеткiзу ♦Jobs are hard to ~ by these days. - Қазiргi күндерi жұмыс табу өте қиын. (b)бiрнəрсенi кездейсоқ алу,
кездейсоқ ұшырау ♦How did you ~ by that scratch on your face? – Бетiңдi не тырнап кеткен? *to ~ down (a)құлау ♦The ceiling came down. – Төбе құлап түстi. (b)(жаңбыр, қар,
т.б.ж.) жауу ♦The rain came down in torrents. – Жаңбыр нөсерлеп жауды. (c)(ұшақ ж.) қону;
құлау ♦We were forced to ~ down in fi eld. – Бiзге ашық алқапқа қонуға тура келдi. (d)(құн,
температура ж.) *to ~ down (from …) (Brit)
университеттi бiтiру (көбiнесе Оксфорд пен
Кəмбридждi) ♦When did you ~ down (from Ox- ford)? – Сен (Оксфордты) қашан бiтiрдiң? *to ~ down (from …) (to …) бiр жерден екiншi
жерге келу (көбiнесе Солтүстiк Англиядан
Лондонға я қаладан ауылды жерге) ♦We hope
392
393
to ~ down to London next week. – Бiздiң келесi аптада Лондонға келемiз деген үмiтiмiз бар.
♦They’ve recently come down from London to live in the village. – Олар жақында Лондоннан ауылға тұруға келдi. *to ~ down on smb (ауызекi) (a)бiреудi қатты сынға алу, кiнəлау
(b)бiреудi жазалау *to~ down on smb for smth (ауызекi) бiреуден төлем я ақша талап ету *to ~ down to smb бiр ұрпақтан екiншiсiне өту *to ~downto smth/to doing smth (ауызекi)
кедейлiк, т.б. мəжбүр ету; құлдырау ♦He had come down to begging. – Ол қайыр сұрауға дейiн жеттi. *to~ down to smth (a)белгiлi бiр
жерге дейiн төмен/ұзын болу ♦Her hair ~s down to her waist. – Оның шашы белiне дейiн жетедi. (b)бiрнəрсеге барып тiрелу ♦It ~s down to two choices: you either improve your work, or you leave. – Мəселе мына екi нəрсеге барып тiреледi: не жұмысыңды жақсартасың не кетесiң. ♦The whole dispute ~s down to a power struggle between manage- ment and trade unions. - Бүткiл дау-дамай басқарма мен кəсiподақтың арасындағы текетiреске барып тiреледi. *to ~ down with smth (бiрнəрсемен) ауырып қалу ♦I came down with a fl u and was unable to go to work. – Маған тұмау тиiп жұмысқа шыға алмадым. *to ~ forward өзiн көрсету; келу ♦to ~ forward with help, information, money – көмекпен, мəлiметпен, ақшамен келу ♦Police have asked witnesses of the accident to ~ forward. – Полиция оқиғаның куəгерлерiне келiп көрiнулерiн сұрады. *to ~ from … (continuous tens-те
қолданылмайды) (белгiлi бiр жерде туғанын я
бiр жерден екенiн бiлдiредi) ♦She ~s from Lon- don. - Ол - Лондоннан. ♦Where do you ~ from? – Сен қай жердiкiсiң? *to ~ from …/smth (бiр
жердiң я бiрнəрсенiң) өнiмi болу ♦Much of but- ter eaten in England ~s from New Zealand. – Англияда желiнетiн сары майдың көпшiлiгi Жаңа Зеландиядан келедi. ♦Milk ~s from cows and goats. – Сүт сиыр мен ешкiден сауылады.
*to ~ from smth (кейде to come of smth)
бiрнəрседен тарау, шығу, туу *to ~ from doing smth = to ~ of smth/doing smth *to ~ in (a)
(толқын ж.) жағаға қарай жылжу, көтерiлу
♦The tide was ~ing in fast. – Толқын жылдам келе жатқан болатын. (b)жарысты аяқтау;
жарыстан белгiлi бiр орында келу ♦Which horse came in fi rst? - Қай ат озып келдi? (c)
сəндi болу, болып кету ♦Long hair for men came in in the sixties. – Ерлердiң ұзын шашы сəнге 60-жылдары енген. (d)пайда болу, бар болу,
шығу (жылдың белгiлi бiр уақытында) ♦Eng- lish strawberries usually ~ in in late June. – Ағылшын бүлдiргендерi əдетте маусымның соңына қарай пайда болады. (e)сайлану ♦The socialists came in at the last election. – Социалистер соңғы сайлауда жеңiп шықты.
(f)табыс көру, пайда келтiру ♦She has a thou- sand pounds a month ~ing in from her invest- ments. – Ол өзiнiң инвестицияларынан айына мың фунт стерлинг табады. (g)өзiнiң белгiлi
бiр атқаратын ролi, орны, т.с.с. болу ♦I under- stand the plan perfectly, but I can’t see where I ~ in. – Мен жоспарды жақсы түсiнудемiн, бiрақ та мен ондағы өз ролiмдi көре алмай тұрмын.
(h)(жаңалық, хабар, т.б. ж.) телестанцияға,
газет мекемесiне келiп түсу ♦News is ~ing in of a serious train crash in Scotland. – Шотландиядағы ауыр темiр дол апаты жөнiндегi хабарлар келiп түсуде. (i)
талқылауға қатысу, талқылауда сөз алу ♦Would you like to ~ in at this point, Prime Minister? – Мына ба жөнiнде сөз алғыңыз келе ме, Премьер-министр? *to ~ in for smth бiрнəрсенiң тқырыбы болу, назарға iлiгу ♦The Government’s economic policies have come in for much criticism in the newspapers. - Үкiметтiң экономикалық саясаты газет беттерiнде көп сынға ұшырады. *to ~ in on smth бiрнəрседе
үлесi, орны болу; бiрнəрсеге қосылу ♦If you want to ~ in on the scheme, you must decide now. – Жоспарға қосылғың келсе, қазiр шешуiң ке- рек. *to ~ in with smb(ауызекi) белгiлi бiр жо-
спармен, т.б. бiреуге қосылу *to ~ into smth бiрнəрсенi мұраға алу♦She came into a fortune when her uncle died. – Ағасы қайтыс болғанда оған мол дəулет қалды. *to ~ of smth = to come
from smth *to~ of smth/doing smth (кейде to ~ from doing smth) бiрнəрсенiң нəтижесi,
салдары болу ♦He promised to help, but I don’t think anything ~ of it. – Ол көмектесуге уəде бердi, бiрақ бұдан бiрдеңе шығады деп ойламаймын. ♦This is what ~s of being over-con- fi dent. – Тым өзiмсiгеннен келiп шығатыны осы. ♦No harm can ~ of trying. – Талпынғанның еш зияны жоқ. *to come off (a)(дақ, кiр, т.б.ж.)
кету, шығу (b)(ауызекi) болу, орын алу ♦When is wedding ~ing off? - Үйлену тойы қашан болмақшы? ♦Did your proposed trip to Rome ever ~ off? – Сенiң Римге барайық деген ұсынысың жүзеге асты ма? (c)(ауызекi)
(жоспар, т.б.ж.) сəттi болу, ойлағандай болу
♦Her attempt to break the world record nearly came off. – Оның əлем рекордын жаңартам деген талпынысы сəл болғанда орындалар едi.
♦The fi lm doesn’t quite ~ off. – Фильм онша ойдағыдай шықпаған. (d)(ауызекi) жақсы
көрiну; жақсы болу ♦Who came off best in the debate? – Дебатта (пiкiрталаста) кiм күштi шықты? *to ~ off(smth) (a)бiрнəрседен құлау
♦to ~ off one’s bicycle, horse - веловипедiнен, атынан құлау (b)ажырау, жұғу ♦When I tried to lift the jug, the handle came off (in my hand). - Мен құмыраны көтермек болған кезде, тұтқасы жұлынып кеттi. ♦Lipstick often ~s off on wine glasses. – Ерiн бояғыш көбiнесе шарапқа арналған стакандарға жұғады. *~ off it (ауызекi) жə, қойшы! жə, доғар! ♦C~ off it! England don’t have the chance of winning the match. - Жə, қойшы! Англияның матчты ұтуға шамасы жоқ. *to ~ off smth (ақша ж.)
құнынан, бағасынан алыну; арзандау ♦I’ve heard that ten pence a gallon is ~ing off the price of petrol. - Мен бензиннiң бағасы əр галлоннан он пенске арзандайды деп естiдiм. *to ~ on (a)
сахнаға шығу (b)(спорт ж.) ойын кезiнде
ауысымға шығу ♦Robson came on in place of Wilkins ten minutes before the end of the game. – Ойын бiтуге он минут қалғанда Робсон Уилкинстiң орнына шықты. (c)(кейде to ~ along) iлгерiлеу, жетiлу, өсу ♦The garden is ~ing on nicely. – Бақша жақсы өсiп келедi.
♦Her baby is ~ing on well. – Оның сəбиi жақсы жетiлуде. (d)(кейде ~along) бол, тез, қане(ки)
(т.с.с. бұйрық райды бiлдiредi) ♦C~ on, we’ll be late for the theatre. - Бол ендi, театрға кешiгетiн болдық. ♦C~ along now, someone must know the answer. - Ал, қане, iштерiңде бiреуiң жауапты бiлуге тиiс. (e)баста(л)у ♦It’s getting colder: winter is ~ing on. – Суыта бастады: қыста келiп қалды. (f)(фильм, пьеса
ж.) көрсетiлу, ойналу, қойылу ♦There’s a new play ~ing on at the local theatre next week. – Келесi аптада жергiлiктi театрда жаңа пьеса қойылмақшы. *to ~ on/upon smb/smth (кiтаби) бiреудi/бiрнəрсенi кездейсоқ кездес-
тiру я табу ♦I came upon a group of children playing in the street. – Мен көшеде ойнап жүрген бiр топ баланың үстiнен шыға келдiм.
*to ~ out (a) жұмысты тоқтату, ереуiлге шығу
♦The miners have come out (on strike). - Кеншiлер ереуiлге шықты. (b)( көне қолд, жас
қыз ж.) беделдi ортаға, элитаға таныстырылу,
шығу ♦Fiona came out last season. - Фиона өткен маусымда беделдi ортаға алғаш рет шықты. (c)(күн, ай я жұлдыз ж.) көрiну, пайда
болу шығу ♦The rain stopped and the sun came out.- Жауын тоқтады да күн шықты. (d)(гүл
т. б. ж) өсе бастау, шығу, гүлдеу, көктеу ♦The roses came out late this year because of the cold weather.- Ауа-райының суықтығынан раушан гүлдер биыл кеш гүлдедi. (e)басылу, шығу,
жарық көру ♦When is her new novel ~ing out? - Оның жаңа романы қашан жарық көрмекшi? (f)(жаңалық, шындық т. б. ж.) белгiлi болу,
мəлiм болу ♦The full story came out at the trial.- Сот кезiнде бүкiл болған оқиға белгiлi болды.
(g) (фотография ж.) шығу, iстелiну ♦After holi- day photos didn't ~ out. - Бiздiң саяхатқа барғандағы фотоларымыз шықпады (яғни, пленканың нашарлығынан). (h)анық көрiну,
айқын көрiну; көрiну, белгiлi я мəлiм болу;
байқалу ♦The bride ~s out well in the photo- graphs. - Қалыңдық фотографияларға жақсы шығады екен. ♦His arrogance ~s out in every speech he makes. - Оның өркөкiректiгi сөйлеген сайын байқалады. ♦Her best qualities ~ out in a crisis. - Оның жақсы қасиеттерi дағдарыс кезiнде көрiнедi. (i)(сөздер, сөз т. б.
ж.) сөйлену; көрiну, ұғылу ♦My statement didn't ~ out quite as I had intended. - Менiң мəлiмдемем өзiм ойлағандай болып шықпады.
(j)(проблема, есеп ж.) шешiлу ♦I can't make the equation ~ out. - Мен мына теңдеудi шығара алмаймын. (k)өзiнiң гомосексуалист екенiн
мəлiм ету ♦She's been much happier since she came out. - Ол өзiнiң гомосексуалист еткенiн мəлiм еткеннен кейiн əлдеқайда бақыттырақ болды. (l)бақылау, емтихан кезiнде белгiлi бiр
орын (баға) алу, үлгерiм көрсету ♦She came out fi rst in the examination. - Ол емтиханда бiрiншi болды. * to ~ out (of smth) (a)бекiтiлген,
тұрған орнынан тайып кету, шығып кету
(қалу) ♦The little girl's tooth came out when she
394
395
bit into the apple. - Кiшкентай қыз алманы тiстегенде тiсi түсiп қалды. (b)(дақ, белгi т.
б. ж.) жуып кетiру; кету, тазару ♦These ink stains won't ~ out (of my dress). - Мына сия дақтары (көйлегiмнен) жуса кетпейдi. *to ~ out against smth бiрнəрсеге қарсы екенiн
жария ету. ♦In her speech, the Minister came out against any change to the existing law. - Өз сөзiнде Министр қазiргi заңға қандайда бiр өзгерiстер енгiзуге қарсы шықты. *to ~ out at smth бiлгiлi бiр бағаға я сомаға тең болу ♦The total cost ~s out at $500. - Барлық құны $500-ге тең. *to ~ out in smth үстi бөрту; үстiн дақ,
бөрткен жабу ♦Hot weather makes her ~ out in a rash. - Ыстық күнде оның денесi қызарып кетедi. *to ~ out with smth бiрдеңе айту,
сөйлеу ♦He came out with a stream of abuse. - Ол балағаттай жөнелдi. *to ~ over = to ~
across*to ~ over (to...) = to ~ round (to...)*to ~ over (to...) (from...) бiр жерден екiншi бiр
жерге бару, жылжу ♦Why don't you ~ over to England for a holiday? - Демалыс кезiнде неғып Англияға келмейсiң? ♦Her grandparents came over from Ireland during the famine. - Оның ата-əжесi ашаршылық кезiнде Ирландиядан келген. *to ~ over smb бiреуге əсер ету ♦I can't think what came over me. - Маған не болғанын (не əсер еткенiн) бiлсем бұйырмасын. *to ~ over (to smth) бiр жақтан, пiкiрден екiншi
бiреуiне өту *to ~ round (a) айнала жүру; ұзақ
жолмен жүру ♦The road was blocked so we had to ~ round by the fi elds. - Жол бөгелген соң бiзге алқап арқылы айнала жүруге тура келдi. (b)
(жыл сайынғы оқиға ж.) келу, болу ♦Christmas seems to ~ round quicker every year. - Жыл сайын Рождество ерте келетiндей көрiнедi.
(c)(кейде to ~ to) (есiнен танып қалған соң)
есiн жию ♦Pour some water on his face - he'll soon ~ round. - Бетiне оның бiраз су бүрк - аздан соң есiн жияды. (d)(ауызекi) қайтадан
жадырау, қайтадан шаттану * to ~ round (to...) ( кейде to ~ over(to...)) бiреуге/бiр жерге бар
(əдетте бiр қаланың iшiнде) ♦Why don't you ~ round (to my fl at) this evening? - Бүгiн кешке (менiн пəтерiме) келмейсiң бе? *to ~ round (to smth) (кейде to ~ around (to smth) басқа
пiкiрге, көзқарасқа өту ♦She will never ~ round (to our way of thinking). - Ол ешқашан бiз сияқты ойлайтын болмайды. *to ~ round to smth/doing smth (ауызекi) бiрнəрсенi ұзақ
кешiктiрiп барып iстеу ♦It was several weeks before I eventually came round to answering her letter. - Мен оның хатына жауап бергенше бiрнеше апта өттi. *to ~ through (жаңалықтар, хабар ж.) телефон, радио т.б.
арқылы жету, келу ♦A message is just ~ing through. - Хабар келiп түсуде. *to ~ through (smth) қатты аурудан айығу, ауыр жарақаттан
аман қалу; аман қалу ♦He's very ill but doctors expect him to ~ through. - Ол өте ауру, бiрақ дəрiгерлер оны айығады деп ойлайды. ♦She came through without even a scratch. - Оның үстiне (апат кезiнде) сызат та түспептi.
♦He has come through two world wars. - Ол екi дүние жүзiлiк соғысты басынан кешiрдi. *to ~ to (a) = to ~ round(b)(қайық ж.) тоқтау ♦The police hailed to us to ~ to. - Полиция бiзге тоқта деп қол бұлғады. *to ~ to smb (that...) (идея ж.) ойға түсу ♦It suddenly came to her that she had been wrong all along. - Ол кенет басынан бастап қателесiп жүргенiн түсiндi.
*to ~ to smth (a) бiрнəрсеге тең болу, құны
белгiлi бiр сома болу. ♦I never expected those few items to ~ to so much. - Мен ешқашан сол бiр аздаған заттар соншама қымбат болады деп ойламаппын. (b)белгiлi бiр жағдайға, күйге
жету ♦Things have come to such a state in the company that he’s thinking of resigning. - Компаниядағы жағдайдың осынша дəрежеге жеткенi сонша, ол кетудi ойлап жүр. *to ~ to smb (from smb) (ақша, дүние-мүлiк ж.)
бiреуге мұра есебiнде берiлу, қалу. ♦The farm came to him on his father’s death. - Оған ферма əкесi өлгенде мұраға қалды. *to ~ under smth (a) белгiлi бiр категорияға енгiзiлу (b)
бiрнəрсенiң нысанасы болу. ♦We came under heavy enemy fi re. - Бiздiң жау ауыр оқ астына алды. *to ~ up (a) (өсiмдiктер ж.) өну, көтерiлу
(b)(күн ж.) көтерiлу. ♦We watched the sun ~ up. - Бiз күннiң көтерiлгенiн көрдiк. (c)(əскер,
керек-жарақ т.б.) алдыңғы шепке жылжытылу
(d)болу, пайда болу ♦We'll let you know if any vacancies ~ up. - Бос (жұмыс) орындар пайда болса, саған айтамыз. (e)талқылану, қаралу,
аталыну; (сұрақ, т.б. ж) көтерiлу. ♦The subject came up in conversation. - Мəселе əңгiме кезiнде қаралды. ♦The question is bound to ~ up at the meeting. - Бүл сұрақ жиналыс кезiнде көтерiлмекшi. (f) сотта қаралу ♦Her divorce case ~s up next month. - Оның ажырасу iсi келесi айда қаралады. (g)(лоторея билетi,
номер т.б. ж) шығу; жеңу ♦My number came up and I won $100. - Менiң номерiм шықты да мен $100 ұттым. *to ~ up (to...) (but) университетте оқуын бастау; ун-ке түсу
(əсiресе Оксфорд пен Кəмбриджде) ♦She came up (to Oxford) in 1982. - Ол (Оксфордқа) 1982 ж. түстi. *to ~ up (to...) (from...) бiр жерден
екiншi бiр жерге келу (əсiресе шағын жерден
Лондонға я оңтүстiктен Солтүстiк Англияға)
♦She offen ~s up to London at weekends. - Ол апта соңында көбiнесе Лондонға келедi. *to ~ up against smb/smth - бiреудiң/бiрнəрсенiң
қарсылығына кездесу; бетке-бет келу т. б. ♦We expect to ~ up against a lot of opposition to the scheme. - Бiз жобаға қарсылық өте көп болады деп күтудемiз. *to ~ up for smth бiрнəрсеге кандидат, үмiткер есебiнде қаралу.
♦She ~s up for re-election next year. - Ол келесi жылы қайта сайлануға қатысады. * to ~ up to smth (a)(белгiлi бiр нүктеге) жету ♦The wa- ter came up to my neck. - Су мойныма дейiн жеттi. (b)(белгiлi бiр дəрежеге) жету, сай
келу ♦Their holiday in France didn't ~ up to ex- pectations. - Олардың Франциядағы демалысы күткендей болмады. *to ~ up with smth (жауап, шешiм т.б.) табу, ұсыну т. с. с. ♦She came up with a new idea for increasing sales. - Ол сатуды ұлғайтудың жаңа идеясын ұсынды. *to ~ upon smb/smth = to ~ on smb/
smth B.interj (бiреуге дем беру я сəл мiнеу
үшiн қолданылады) ♦Oh, ~ (now), things aren't as bad as you say. - Жə, бопты (ендi), сен айтқандай соншама мүшкiл емес. ♦C~, ~, Miss Jones, be careful what you say. - Мисс Джоунс, жарайды, байқап сөйлеңкiреңiз.
come-back [‘kʌmbæк] n 1. қайта оралу, қайта
«жарқырау» ♦Miniskirt made a ~ in the late 1980s. - Миниюбка 1980 ж.ж. аяғында қайта оралды. 2.(ауызекi) сынай я терiс пиғылмен
айтылған сөзге дəл əрi есесiн қайтара (шаға)
жауап беру. 3.Компенсация, өтемақы ♦If you're not insured and you get burgled, you have no ~. - Егер сен сақтандырылмаған болып, тоналсаң, ешбiр өтем ала алмайсың.
сomedian [kə’mi:diən] n 1.(a) комедиант,
күлдiргi актер, комедиялық актер; (b) күлдiргi
жерлердi орындаушы актер, актриса. 2. əпендi,
күлдiргi адам.
comedienne [kə’mi:diən] n (көне қолд)
комедиантка, күлдiргi актриса
come-down [‘kʌmdаun] n (ауызекi) маңызын я
дəрежесiн жоғалту
comedy [‘kɒmədi] n 1. комедия, қызықты əрi
күлдiргi фильм, пьеса; 2. əзiл, əзiл-оспақ;
күлдiргi нəрсе
comedy of manners мəнерлер комедиясы
(қоғамдық өмiрдi əзiл-оспақпен көрсететiн
комедия)
come-hither [,kʌm’hαiðə] adj (көне қолд,
ауызекi) ойнақы, қылымсыған ♦a ~ look - көз сала қарау ♦a ~ smile - өзiне тарта жымию comeliness [‘kʌmlinis] n тартымдылық, iзеттiлiк
comely [‘kʌmli] adj (-lier, -liest)(көне қолд я
кiтаби) (көбiне əйел ж.) тартымды, биязы, iзеттi
come-onn (ауызекi) (əйел ж.) бiреудi өзiне
елiту, тарту (сексуалды түрде)
comer [‘kʌmə(r)] n 1.келушi; қатысушы;
(жарысқа) қатысқысы келушi ♦The race is open to all ~s. - Жарыс барлық қатысқысы келгендерге ашық. ♦Late-comers willnot be allowed in. - Кешiгiп келушiлер iшке жiберiлмейдi. 2. (əсiресе
USауызекi) үмiт арттыратын адам; болашағы
бар адам, жолы болатын адам
comestibles [kə’mestəblz] n (кiтаби) тамақ;
жеуге жарамды нəрселер
comet [‘kɒmit] n комета (күндi айнала
қозғалатын құйрықты жұлдызға ұқсаған
ғарыш денесi) ♦Halley's ~. - Галлей кометасы come-uppance [kʌm’ʌpəns] n (ауызекi)
лайықты жаза, сауап; сазай ♦to get one's ~ - сазайын тарту comfort [‘kʌmfət] A.n 1.жайлылық; бейғамдық;
қайғы-қасiретсiздiк; үлде мен бүлде ♦to live in ~ - жайлы жағдайда өмiр сүру 2.жұбату сөз;
жұбату; жұбаныш
♦a few words of ~ - аздаған жұбату сөздерi ♦The news brought ~ to all of us. - Жаңалық бəрiмiздiң көңiлiмiздi орнына түсiрдi. 3.
жұбаныш (беретiн адам, зат)
♦Her children are a great ~ to her. - Оның балалары өзiнiң аса iрi жұбанышы. 4. [көбiне
pl] жайлылық, қолай, қолайлылық. Жақсы
жағдай; ыңғай (-лылық)
♦The hotel has all modern ~s. - Қонақ үйде барлық (жақсы) жағдай жасалған.
396
397
5. (idm) *cold ~ cold B.v жұбату, жұбату
айту ♦to ~ a dying man - қайтыс болар адамға жұбату айту comfortable [‘kʌmftəbl; US -fərt-] adj 1. (жанға)
жайлы, ыңғайлы, рахат, тамаша
♦a ~ bed, position - жайлы төсек, лауазым ♦The patient is ~ after his operation. - Операциядан кейiн пациенттiң күйi жақсы.
♦~ life - рахат өмiр 2. (ауызекi) дəулеттi,
ауқатты ♦They may not be millionaires but they're certainly very ~. - Олар миллионер емес болар, бiрақ та əрине олар өте дəулеттi. 3.
кəдiмгiдей; көлемдi
♦a ~ income - көлемдi табыс comfortably [‘kʌmfətəbli] adv 1. [қ-з: comfort- able] 2.(idm)*~ off дəулеттi, бай; жетерлiктей
ақшасы бар
comforter [‘kʌmfətə(r)] n 1. жұбатушы
2.(US) көрпе 3.(Brit)(USpacifi er) = dummy
нəрестенiң резина соскасы 4. (көне қолд, Brit)
жүн шарф, жүн бөкебай.
comfortless [‘kʌmfətlis] adj ыңғайлы емес,
қолайсыз; жай-күйсiз; ыңғайы жоқ
♦a ~ room - еш ыңғайы жоқ бөлме comfort station [‘kʌmfət ,steiʃən] n (US euph)
көпшiлiк дəретханасы, туалетi
comfy [‘кʌmfi ] adj (-ier, -iest) (ауызекi) = com-
fortable
comic [‘kɒmiк] A.adj 1. күлдiргi, күлдiретiн ♦a ~ song - күлдiргi əн B.n 1. комедиан; күлдiргi
актер 2.(UScomic book) комик (суретке толы
балалар журналы)
comical ['kɒmiкl] adj қызықты; күлдiргi
comically ['kɒmiкl] adj [қ-з comical]
comic strip ['kɒmik strip] (кейде strip cartoon)
«күлдiргi жолақ» (газетке т.б. басылған
күлдiргi я қызықты əңгiменi бейнелейтiн су-
реттер тiзбегi)
coming [‘kʌmiη] n 1.келу, жету ♦the ~ of the space age - ғарыш заманының келуi 2.(idm) *~s and goings (ауызекi) келулер мен
кетулер
comma [‘kɒmə] n үтiр ((,) белгiсi)
command [kə’mα:nd; US -’mænd] A.v 1.бұйыру, бұйрық беру, əмiр ету ♦Do as I ~ (you).- Мен не бұйырсам, соны орында.
2.билiгi болу; бақылау; басқару; қадағалау
♦The ship's captain ~s all the offi cers and men. - Кеме капитаны барлық офицерлер мен адамдарды қадағалайды. 3. (бiрн-нi) қолдана
алу; иелiгiнде, қол астында болу ♦to ~ skill, funds - шеберлiгi, қоры (қаражаты) болу ♦She ~s great wealth - Ол өте бай. ♦(ауызекi)
The house ~s a fi ne view. - Үйден тамаша табиғат көрiнiсi көрiнедi. 4.лайықты болу
♦Great men ~ our respect. - Тамаша адамдар бiздiң құрметiмiзге лайықты. 5. (жай, қамал
т.б. ж) көрнектi жерде орналасу ♦The castle ~ed the entrance to the valley. - Қамал алқапқа кiреберiсте орналасқан болатын.
B.n 1.(a) бұйрық, үкiм, хүкiм, əмiр ♦Her ~s were quickly obeyed. - Оның бұйрықтары жылдам орындалды. (b)(компьютерге деген)
бұйрық, тапсырма
2.(көбiнесе əскери) билiк, бақылау, қарамағы
♦To have/take ~ of a regiment, etc. - Полкты т.б. қарамағына алу. ♦He should not be given ~ of troops. - Оның қарамағына əске- ри бөлiмдi бермеу керек едi. ♦Who is in ~ here? - Бұл жерде кiм (əскери) басшы? ♦General Smith is in ~ of the army. - Генерал Смит армияға қосбасшылық етедi. 3.C~ армия, командование, команда, əскери округ
(армияның, əскери əуе күштерiнiң өзiнше жеке
бөлiмi) ♦Western C~ - Батыс армия (коман- дование) 4.~ (of smth) шеберлiк; бiрнəрсенi
қолдана я бақылай бiлу қабiлетi ♦He has (a) good ~ of the French language. - Ол французша жақсы бiледi. ♦He has enormous funds at his ~. - Оның қарамағына орасан көп қаражат көздерi бар. ♦He has no ~ over himself. - Ол өзiн-өзi ұстай алмайды. 5.(idm) *at/ by smb’s ~ (кiтаби) бiреудiң бұйрығымен, үкiмiмен.
♦I am here at the king's ~. - Мен мұнда корольдiң бұйырумен келiп тұрмын. * at the word of ~ word*to be at smb’s ~ бiреудiң
қарамағында, қол астында *your wish is my ~ wish
commandant [‘kɒmən,dænt] n 1.бастық,
командир 2.комендант
commandeer [,kɒmən’diə(r)] v (көлiктердi,
ғимараттарды т.б.) қарамағына, бақылауына алу
commander [kə’mα:ndə(r); US -’mæn-] n 1.
командир, бастық 2.(Brit) (a) 3-шi дəрежелi
капитан, командир (Британ теңiз күштерiндегi
капитаннан кейiнгi тұрған шен). (b) командир
(Лондонның қалалық полициясының жоғарғы
шендi офицерi)
commanding [kə'mα:ndiη] adj 1.басқаратын,
бұйрық берушi, бастық; үстiнен қарайтын
♦one's ~ offi cer - бiреудiң үстiнен қарайтын офицерi ♦Japan's ~ economic position. - Жапонияның қуатты экономикалық пози- циясы. 2. бақылауға я үстем болуға шамасы
жететiн ♦The fort occupies a ~ position. - Форттың орналасқан орны мықты. 3.адамды
өзiне қарататын; əсерлi; мерейi үстем
commandment [kə’ma:ndmənt; US - ‘mænd-] n (a) (кiтаби) бұйрық, үкiм, əмiр, команда; (b)
өсиет (Інжiлде)
сommand module [kə’mα:nd ,modjul] n негiзгi
бөлiк; басқару бөлiмi (ғарыш кемесiнiң эки-
паж отыратын ж/е басқару бөлiмi)
сommando [kə'mα:ndəu; US -'məеn-] n (pl~s не
~es) коммандо, шұғыл тапсырма орындайтын
əскери бөлiм; шұғыл топ
сommand performancen топтың өнер
көрсетуi (мемлекет басшысының тiлегiмен
орындалатын театрдағы т.б. өнер көрсету)
сommand post [kə'mα:nd,pəust] n əскери штаб
сommemorate [kə'meməreit] v (a) (ұлы адам-
ды, оқиғаны т.б. мəңгi) мəңгi есте сақтау; еске
алу, есте ұстау, атап өту ♦We ~ the founding of our nation with a public holiday. - Бiз елiмiздiң құрылған күнiн ұлттық мейраммен атап өтемiз.
commemoration [kə,memə’reiʃn] n мəңгi есте
сақтау, мəңгi есте ұстау ♦a statue in ~ of a na-
tional hero - ұлттық батырға арналған мүсiн
commemorative [kə’memərətiv; US -’meməreit-] adj есте қалдыруға арналған/
көмектесетiн; ескерткiш ♦~ stamps, medals - ескерткiш маркалар, медальдар commence [kə’mens] v (кiтаби) (бiрн-нi)
бастау, кiрiсу ♦You may ~ reading, Jeremy. - Джереми, оқи беруiңе болады.
commencement [kə’mensmənt] n (кiтаби) 1.
бастау, басталу, кiрiсу 2. (əсiресе US) жоғарғы
оқу орнын аяқтап, диплом т.б. алу рəсiмi; оқу
орнын аяқтау; graduation
commend [kə’mend] v 1.(a) ~ smb (on/for smth); ~ smb/smth (to smb) мақтау, жоғары
бағалау ♦Her teaching was highly ~ed - Оның оқытуы жоғары бағаланды.
(b) ~ smb/smth (to smb) (кiтаби) ұсыну,
рекомендация жасау 2. ~ oneself/ itself to (кiтаби) (бiреуге) ұнау, жағу, қабыл болу ♦Will this government proposal ~ itself to the public? - Үкiметтiң мына ұсынысы жұртқа ұнай қояр ма екен? 3.~ smth to smb (кiтаби) (бiреуге)
сенiп тапсыру ♦~one’s soul to God - жанын құдайға сенiп тапсыру commendable [kə’mendəbl] adj (кiтаби)
мақтауға тұрарлық
commendably [kə’mendəbli] adv [қ-з: com- mendable]
commendation [,kɒmen’deiʃn] n (a) мақтау,
құптау (b) ~ (for smth) (ресми) мақтау
commensal [kə’mensəl] n 1. табақтас,
дастархандас, дəм-тұздас 2. (биол) бiрге өмiр
сүрушi аң, хайуан; коменсал
commensurate [kə’menʃərət] adj~ (to, with smth) тиiстi, лайықты, сəйкес, пара пар ♦Her low salary is not ~ with her abilities. -Оның төмен жалақысы қабылетiне сай емес.
comment [‘kɒment] A.n 1. ~ (on smth) пiкiр,
көзқарас, айтар сөз, коментарий
♦Have you any ~(s)to make on recent develop- ments - Соңғы өзгерiстер жайлы айтарыңыз бар ма? 2.(idm) *no ~ «айтар еш нəрсем жоқ»
(деген мағ) B.v~ (on smth) пiкiр айту, көзқарас
бiлдiру, коментарий беру
commentary [‘kɒməntəri; US -teri] n 1. ~ (on/of smth) коментарий, репортаж (болып
жатқан оқиғаны ауызша суреттеу) ♦a broad- cast ~ of a football match - футбол матчының репортажы 2.~ (on smth) түсiнiктеме
commentate [‘kɒmenteit] v~ (on smth) репортаж жүргiзу commentator [‘kɒmenteitə(r)] 1.коментатор;
репортаж, хабар жүргiзушi 2. сарапшы,
талдаушы, түсiнiктеме берушi 3.коментарий
жазушы
commerce [‘kɒmз:s] n сауда, коммерция
commercial [kə’mз:ʃl] A.adj коммерциялық,
сауда(ға қатысты) B.n жарнама
commercialism [kə’mз:ʃəlizəm] n (көбiнесе
жақтырм) коммерциализм, пайда қуушылық,
пайда көздеушiлiк
commercialization [kə,mз:ʃəlai’zeiʃən] n [қ-з:
commercialize, - ise]
commercialize, - ise [kə’mз:ʃəlaiz] v (көбiнесе жақтырм) пайда қуу, табыс қуу,
коммерциялану ♦Sport has become ~d in re- cent years - Спорт соңғы жылдары пайдағы бағышталынып кеттi.
398
399
commercially [kə’mз:ʃəli] adv комерциялық,
коммерциялық жағынан алғанда
commercial traveller [.,.. ‘...] n коммерциялық
жүргiншi, саудагер (көптеген дүкендерге
товардың үлгiлерiмен барып, заказдар
жинайтын адам)
commercial vehicle [.,.. ‘...] n жүк көлiгi, товар
таситын көлiк
commingle [kɒ’miηgl] v араластыру, шылау
comminute [‘kɒminju:t] v ұнтаққа айналдыру,
уату, ұсату
commiserate [kə’mizəreit] v~ (with smb) (on/ over smth) (кiтаби) жұбату, көңiл айту
commiseration [kə,mizə’reiʃn] n~ (on/over smth) (кiтаби) жұбату, көңiл айту
commiserative [kə’mizərətiv] adj көңiл
айтатын, жұбататын, медет боларлық
commissar [‘kɒmisα:(r)] n 1.комиссар
(бұрынғы СССР-дегi 20-40 жж. үкiмет
басқармасының бастығы) 2. комиссар
(бұрынғы СССР-дегi 20-40 жж. армияда саяси
сабақ беретiн офицер)
commissariat [,kɒmi’seəriət] n комиссариат
commissary [‘kɒmisəri] n 1. (Brit) комиссар,
азық-түлiкке жауапты офицер 2. (US) əскери
лагерьдегi азық-түлiк дүкенi 3. (US)(үлкен
ұжымдағы т.с.с.) кафетерий, шағын асхана
commission [kə'miʃn] A.n 1.~ (to do smth) за-
каз,тапсырыс, тапсырма; өтiнiш
♦She has received many ~sto design pub- lic buildings - Ол қоғамдық ғимаратарды дизайндауға көптеген заказдар алды.
2.(көбiнесе C~) комиссия ♦the Civil Service C~ - мемлекеттiк қызмет комиссиясы (яғни,
мемлекет органдарына жұмысқа алу жөнiндегi
комиссия) 3.~ (of smth) (қате я заңсыз нəрсе)
iстеу, жасау ♦the ~ of a crime - қылмыс жасау 4. комиссиялық үлес, ақшалай табыс, ақшалай
үлес, пайда ♦You get a 10% ~ on everything you sell. -Сен əр сатқан нəрсеңнең10% пайда көресiң. ♦She is working for us on ~. - Ол бiзге түскен табыстан үлесiн алып жұмыс iстеп жүр. 5.(армиядағы монарх құжат жүзiнде
берген) офицерлiк шен, атақ ♦He resigned his ~ to take up a civilian job. - Ол мемлекеттiк қызметте болу үшiн əскери қызметтi тастады. 6.(idm)* in/into ~ (көбiнесе кемелер
ж.) қызметтегi, қолданыстағы, саптағы ♦Some wartime vessels are still in ~. - Кейбiр соғыс уақытындағы кемелер əлi де сапта. *out of ~
(a) (көбiнесе кемелер ж.) саптан, қолданыстан,
қызметтен шыққан ♦With several of their planes temporarily out of ~ , the airline is los- ing money. - Бiрнеше ұшақ уақытша iстен шыққандықтан авиокомпания ақшалай шығын шегуде. (b) (ауысп. мағ.) iстемейтiн, жоқ ♦I got a fl u and was out of ~ for a week. - Маған тұмау тиiп бiр жетi жұмыста болмадым.
B.v 1. заказ беру, тапсырыс, тапсырма беру ♦to ~ an artist to paint a picture - суретшiге сурет салуға заказ беру ♦He ~ed a statue of his wife - Ол əйелiнiң мүсiнiн жасауға заказ бердi. 2. ~ smb as smth əскери шен, дəреже беру ♦She was ~ed (as a) lieutenant in the Women’s Army Corps. - Оған əйелдер əскери корпусының лейтенанты шенi берiлдi. 3.(жабдықты,
технологияны) iске қосу, iстету ♦The nuclear plant now being built is expected to be ~ed in fi ve years’ time - Тұрғызылып жатқан завод бес жылда iске қосылмақшы.
commissionaire [kə,miʃə’neə(r)] n (көбiнесе
Brit) швейцар, комиссионер (кинотеатр,
мейманхана т.б. кiрер есiгiнде тұратын,
униформа киген, келiп-кетушiлерге есiк
ашатын, такси табатын күтушi)
commissioned offi cer [.,.. ‘...] n марапатталған
офицер (корольдiң ұйғарымымен шенi
жоғарылаған офицер)
commissioner [kə’miʃənə(r)] n (əдетте C~) 1.
комиссия мүшесi 2. комиссар, арнайы өкiл
♦High C~ - Достастық (бұрын Британия империясына кірген елдер) елдерiндегi бiр елдiң екiншi елдегi елшiсi Commissioner for Oaths [.,....’..] n Ант
комиссары (арнайы өкiлетi бар, заңды
құжаттарға қатысты азаматтардан ант
қабылдайтын адвокат)
commit [kə’mit] v (-tt-) 1.(қылмыс, қате, т.б.)
жасау, iстеу ♦to ~ murder, suicide, theft, error - адам өлтiру, өзiн-өзi өлтiру, ұрлық iстеу, қате жiберу 2.~ smb/smth to smth (бiреудi/
бiрнəрсенi)мемлекетке я бiр жерге беру,
өткiзу, табыстау, аманат ету ♦to ~ a man to prison - бiреудi түрмеге жабу ♦to~ a patient to a mental hospital - пациенттi ес түзеу емханасына беру ♦to~ smth to paper/to writing - жазып алу, қағазға түсiру ♦to~ smth to mem- ory - еске сақтап қалу, жадында ұстап қалу 3.~ smb/oneself (to smth/ to doing smth) өзiн-
өзi мiндеттеу, бiреудi/өзiн бiрнəрсеге арнау,
өзiн-өзi борышты ету, уəде ету ♦I can’t come on Sunday: I’m already ~ted.- Жексенбiде келе алмаймын: басқа бiрнəрсе жоспарлап қойғанмын. ♦Signing this form ~s you to buy- ing the goods. - Мына қағазға қол қойсаңыз заттар сатып алуға мiндеттi боласыз. ♦The regiment is already ~ted to the eastern front. - Бұл полк шығыс майданда болатын болады.
4.~ oneself (on smth) өзiнiң позициясын,
пiкiрiн бiлдiру ♦I asked her what she thought, but she refused to ~ herself. - Мен одан пiкiрiн сұрап едiм, жауап бермей қойды. 5.~ oneself (on smth) бiреудi сотқа беру
commitment [kə’mitmənt] n 1. ~ (to smth/to do smth) уəде, мiндеттеме ♦a ~ to pay $100 - $100 доллар төлеуге уəде беру 2.(бiрнəрсеге, iске)
берiлгендiк; өзiн-өзi арнау, бағыштау 3.~ (to smth) өткiзу, өткiзiлу, берiлу, табысталыну (commit 2, 3)
♦the ~ of a patient to a mental hospital - пациенттiң жүйке ауырулар емханасына өткiзiлуi ♦the ~ of funds to medicine - медицина саласына ақша бөлiнуi committal [kə’mitl] n 1. (бiреудi түрмеге,
емханаға) беру, өткiзу, жiберу 2. (кiтаби)
(мəйiттi) жерлеу, кремация жасау
committed [kə’mitid] adj (өз iсiне т.б.)
берiлген, нағыз
committee [kə’miti] n комитет, комиссия
commode [kə’məud] n 1. комод (киiм-кешек
салуға арналған, тартпалы аласа шкаф) 2.
комод (дəретхана ретiнде қолданылатын,
пiшiнi креслоға ұқсаған жиһаз)
commodious [kə’məudiəs] adj (кiтаби) кең,
үлкен ♦a ~ house - үлкен үй commodity [kə’mɒdəti] n 1. күнделiктi қажет
зат(тар), товар(лар), өнiм(дер) 2. (қаржы) (саудаға түскен) зат, товар
commodore [‘kɒmədɔ:(r)] n 1. (теңiз флотында)
коммодор, 1-шi рангiлi капитан
2.яхт клуб президентi 3.кемелер конвойының
(сабының) бастығы
common ['kɒmən] A.adj 1. кəдiмгi, көп
кездесетiн, кең таралған, əдеттегi 2.~ (to smb/ smth) ортақ, бəрiне тиесiлi, бəрiне қатысты ♦~ interest - ортақ мүдде 3.қарапайым. қатардағы, жай ♦the ~ people - қарапайым халық, адамдар 4.(ауызекi, жақтырм) (адамдар, олардың
жүрiс-тұрысы, мүлiгi ж.) қоғамның төменгi
сатысына жататын; тұрпайы, өрескел, нəрсiз,
дөрекiлеу, талғамсыз, тым қарапайым, ерсiлеу
♦~ manners, clothes - ерсi(леу) мəнерлер, киiмдер 5.(матем) ортақ ♦~ denominator/ factor/multiple - ортақ бөлгiш, көбейткiш, еселiк 6.(idm) *(as) ~ as dirt/muck (ауызекi, жақтырм) (адамдар ж.) тым қарапайым,
ерсiлеу, аңғал *to be ~/public knowledge knowledge*~ or garden қарапайым, кəдiмгi
*the ~ touch харизма, жылыжүздiлiк, елдердi
баурай бiлу қабылетi ♦A politician needs the ~ touch. - Саясаткерге жылыжүздiлiк қажет. *to make ~ cause (with smb) (кiтаби)
(бiреумен) ортақ iске, мақсатқа бiрiгу ♦The rebel factions made ~ cause (with each other) to overthrough the regime. - Көтерiлiсшi топтар режимдi құлату үшiн бiрiктi. B.n 1. ортақ
жер, алаң; жайылым 2.(idm) * to have smth in ~ (with smb/smth) ортақ мүддесi, қасиеттерi
т.б. болу ♦Jane and I have nothing in ~ . - Джейн мен менiң ортақ ешнəрсемiз жоқ. *in ~ ортақ, бəрiне тиесiлi, ортақ иелiктегi ♦land owned in ~ by the residents - тұрғындардың ортақ иелiгiндегi жер *in ~ with smb/smth бiреумен/бiрнəрсемен бiрге; бiреуге/бiрнəрсеге
ұқсап, сияқты ♦In ~ with many others, she ap- plied for a training place. - Басқалармен бiрге ол да жаттығатын жерге өтiнiш бердi.
commoner [‘kɒmənə(r)] n қауым мүшесi
(ақсүйектерге жатпайтын қарапайым адам)
common fraction [,.. ‘..] n (US) жай бөлшек
(м:1/2)
common law ['kɒmən,lɔ:] n қауымдар
заңы (Англиядағы қауымдар дəстүрi мен
судьялар шешiмдерiнен дамыған, Парламент
заңдарынан емес заңдар)
commonly [‘kɒmənli] adv жалпы, жалпыға
бiрдей; көбiне(се) ♦~ agreed principles -жалпыға бiрдей принциптер common noun [,.. ‘.] n commonplace [‘kɒmənpleis] adj (көбiнесе
жақтырм) 1. қарапайым, iш пыстыратын 2.
көп кездесетiн, ылғи болып тұратын
commons [‘kɒmənz] n 1. the ~ (архаизм) қауым, қарапайым адамдар 2. the C~ (Brit)(a)
= the House of Commons Қауымдар палатасы
(Британ Парламентiнiң төменгi палатасы) (b)
400
401
Қауымдар палатасының мүшелерi (idm) *short ~ short
common sense [,.. ‘.] n ақыл-ой, түйсiк ♦Use your ~ for once! - Ең дегенде бiр рет ақыл- ойыңа сүйенсеңшi! commonwealth [‘kɒmənwelθ] n 1.the C~ Достастық (кезiнде Британ империясының
құрамында болған, қазiр өзара саяси
экономикалық байланыстағы елуге жуық ел-
дер кiретiн ұйым ) 2.достастық, бiрлестiк,
одақ ♦In 1991 the USSR became the C~ of Independent States. - 1991 жылы СССР Тəуелсiз мемлекеттер достастығына (ТМД) айналды. commotion [kə’məuʃn] n шу, дабыр
communal [‘kɒmjunl, kə’mju:nl] adj 1. ортақ,
қауымдық, қоғамдық, көпшiлiк
♦~ ownership of land - қауымдық жер иелену 2.əртүрлi (дiни, нəсiлдiк) топтар арасындағы,
қауым аралық ♦rising ~ tension in India - Үндiстандағы (дiни) қауымдар арасындығы жиілеп отырған шиеленiс сommunard n коммунар, Париж коммунасына
қатысушы
commune A.n [‘kɒmju:n] 1. қауым, коммуна
2. топ, ұжым 3. коммуна (Франция мен
Бельгиядағы жергiлiктi үкiметтiң ең кiшкене
бөлiмi) B.v [kə’mju:n] (кiтаби)оймен я
сезiммен бөлiсу, сырласу ♦~ing with nature - табиғатпен сырласу communicable [kə’mju:nikəbl] adj 1.
жұқпалы, инфекциялық ♦~ desease - жұқпалы ауру 2.түсiнiктi, ұғымды, жетiмдi
♦Her ideas were not easily ~ to others - Оның ойлары басқаларға тез түсiнiктi болған жоқ. 3.тiл тапқыш, жылы жүздi, көпшiл,
адамға үйiр
communicant [kə’mju:nikənt] n 1. хабаршы,
хабар таратушы 2.коммуникант (шiркеуде
ылғида коммунион (communion 2) алушы)
communicate [kə’mju:nikeit] v 1.бiлдiру,
түсiнiктi ету ♦A baby ~s its needs by cry- ing. - Сəби не керек екендiгiн жылау арқылы бiлдiредi. 2.араласу, сөйлесу, түсiнiсу ♦He learnt how to use sign language to ~ with deaf customers. - Ол мылқау клиенттермен түсiнiсу үшiн белгi тiлiн қалай қолдануды үйрендi.
3.(кiтаби)хабарласу, байланысу 4.бiр-бiрi-
не жалғасып жату, байланысып жату (бiр
ғимараттағы бөлмелер я бөлiктер ж.) 5.жұғу
(аурудың)
communication [kə,mju:ni’keiʃən] n 1.
əңгiмелесу, сөйлесу, араласу, хабарласу
♦means of ~ - хабарласу құралы 2.~s (a)(радио,
теле т.б.) байланыс ♦Modern ~s enable more and more people to work from home - Қазiргi байланыс құралдары үйден жұмыс iстейтiн адамдар санын ұлғайта түсуде. (b)жол
қатынасы
♦Paris has good ~s with many European cit- ies. - Париждiң көптеген европалық елдермен жол қатынасы мықты. 3.(кiтаби)хат, хабар,
телефондық шалу 4. ~ skills ойын жеткiзе
бiлу шеберлiгi 5. (idm) *to be in ~ with smb бiреумен қатынаста болу
communications satellite [ ... ‘..,...] n байланыс
спутнигi
communicative [kə’mju:nikətiv] adj 1. тiл
тапқыш, көпшiл, адамға үйiр 2.ойын жеткiзе
алу, өзiн өзi түсiндiре алу қабылетiне қатысты
♦students’ ~ skills - студенттердiң ойын жеткiзе алу шеберлiгi communion [kə’mju:njən] n 1. (кiтаби) (~ be- tween/with) тату қатынас, түсiнiсе араласу,
сырластық ♦He sought meaningful ~ with anoth- er human being. - Ол басқа бiр жанмен мəндi сырластық тапқысы келдi. 2.(кейде Holy C~)
(Қасиеттi) коммунион (Иисус Христостың
денесi мен қанының белгiсi ретiнде елдер нан
жеп, шарап iшетiн христиан рəсiмi) 3.(кiтаби) дiни қауым, ағым ♦He belongs to the Anglican ~. - Ол англикан қауымына жатады.
communique [kə,mju:ni’kei] n коммюнике,
ресми хабар я мəлiмдеме ♦The Palace has issued a ~ denying the paper’s allegations. - Сарай (Королеваның) газет айыптауларын терiстейтiн мəлiмдеме таратты.
Сommunism [‘kɒmju,nizəm] n коммунизм
Communist [‘kɒmjunist] A.adj коммунист(iк)
♦C~ Party of the Soviet Union - КПСС Совет Одағының коммунистiк партиясы ♦All- Union Lenin Young C~ League - ВЛКСМ, Бүкiлодақтық Лениндiк Коммунистiк Жастар Одағы ♦Young C~ League - комсомол B.n коммунист
communistic [,kɒmju’nistik] adj коммунист(iк)
community [kə’mju:niti] n 1. қауым,
қауымдастық, белгiлi бiр жердегi, мекендегi
жұртшылық ♦We meet once a month to discuss ~ problems. - Бiз жұртшылық мəселелерiн талқылауға айына бiр рет жиналамыз. ♦~ spirit - қоғамдық рух 2.топ, орта ♦sense of ~ - белгiлi бiр топқа, ортаға жату сезiмi 3.этникалық я дiни
топ, қауым ♦There are many different eth- nic ~ies living in New York - Нью Йоркте көптеген этнтикалық топтар тұрады.
4.the ~ қоғам, қауымдастық ♦the interna- tional ~ - халықаралық қауымдастық 5.аңдар,
өсiмдiктер тобы, үйiр, табын
♦C~ies of otters are slowly returning to sev- eral British rivers. - Кəмшат үйiрлерi кейбiр Британ өзендерiне жайлап қайта оралуда.
community chest [ . ‘...,.] n кедей адамдарға
көмектесу үшiн белгiлi бiр ауданда адамдар
мен кəсiпорындар жинаған ақша
community service [ .,... ‘..] n 1. бiреуге көмек
үшiн iстелген тегiн жұмыс 2. iстеген қылмысы
үшiн жаза ретiнде қылмыскер тегiн iстейтiн
қоғамдық пайдалы жұмыс
commutable [kə’mju:təb(ə)l] adj (заң)1.
жеңiлдетуге болатын (жаза ж) 2. икемдi (төлем
ж, яғни төлемнiң бiр түрiн екiнiшi бiр түрмен
ауыстыруға болатын)
commutation [,kɒmju’teiʃən] n 1.жазаның
жеңiлдеуi, азаюы ♦~ of a death sentence to life - өлiм жазасының өмiрлiк қамауға жеңiлдеуi 2.(кiтаби) төлемнiң бiр түрiн екiнiшi бiр
түрмен ауыстыру 3. ауыспа төлем, төлемнiң
бiр түрiнiң орнына iстелген соған пара пар
екiншi түрi
commutator [‘kɒmju(:)teitə] n (эл)ток
өзгерткiш, коллектор, коммутатор
commute [kə’mju:t] A.v 1. (~ to/from/between) жұмысқа жету үшiн ұзақ жол жүру. ♦Jim ~s from Weehawken to Manhattan every day. - Джим Уиһокеннен Мəнһəттанға күнде ба- рып жұмыс iстейдi. 2.қылмыскерге берiлген
жазаны жеңiлдету ♦to ~ a sentence - жазаны жеңiлдету ♦The sentence was later ~ed to life imprisonment. - Үкiм кейiннен өмiрлiк қамауға өзгертiлдi. 3. to ~ smth for/into smth бiр
затты, төлемнiң бiр түрiн оның екiншi бiр
түрiне ауыстыру B.n жұмысқа сапар, жұмысқа
дейін жол жүру ♦My morning ~ takes 45 min- utes. - Мен таңертеңгiсiн жұмысқа 45 минут жүремiн.
commuter [ kə’mju:tə] n (күнде жұмысқа бару
үшiн жол жүретiн) жолаушы, жүргiншi ♦a car- riage full of home going ~s - жұмыстан үйге қайтқан жүргiншiлерге толы вагон compact A.adj [kəm’pækt, ‘kɒmpækt] 1.
ықшамды, шағын əрi жеңiл, шағын əрi
ыңғайлы 2. тығыз өскен, мықты əрi тығыз
қапталған ♦The bushes grew in a ~ mass. - Бұталар жинала тығыз өсiптi. 3. шағын
əрi қатты, мығым ♦a small and ~ looking man - бойы шағын, бiрақ мығым адам 4. (ой
бiлдiргенде, сөйлегенде) қысқа да нұсқа,
анық B.n [‘kɒmpækt] 1.опа сауыт, пудреница
(əйелдерге арналған, iшiнде айнасы мен
опа бар шағын сауыт) 2.(US) шағын көлiк,
машина 3.келiсiмшарт, келiсiм C.v [kəm’pækt]
нығыздау, тығыздау
compactedadj [қ-з: compact C.v]
compact disc [,.. ‘.] n компакт диск
companion [kəm’pænjən] n 1. серiк, дос ♦con- stant ~ - ұдайғы серiк 2. (~ to) сыңар, жұптас,
жұптың сыңары, қостың екiншiсi ♦This book is a ~ to the author’s fi rst book. - Бұл автордың алғашқы кiтабының жалғасы. 3.күтушi,
қамқоршы,
companionable [kəm’pænjənəbl] adj көпшiл,
адамға үйiр
companionablуadv [қ-з: companionable]
companion ladder [kəm’pænjən,laedə] = com-
panion way
companionship [kəm’pænjənʃip] n достық əрi
бауырмал қарым-қатынас, достық, серiктiк
♦When Stan died it was the ~ I missed. - Стəн қайтыс болған соң бауырмал қатынасқа зəру болдым. companion way [kəm’pænjənwei] n (теңіз) палуба басқышы, кемедегi бiр палубадан
екiншi палубаға өтетiн басқыш
company [‘kʌmpəni] n 1. компания (товар
өндiретiн я сататын, қызмет көрсететiн ұйым,
ұжым) 2.компания, топ, серiк (яғни əңгiмесi
жарасатын адамдар я адамдар тобы); қонақтар
♦I enjoy his ~. - Мен онымен араласқанды (бiрге болғанды) ұнатамын. ♦to be good, bad ~ - қызықты, қызықсыз топ/серік болу 3.(бiрге жұмыс iстейтiн т.с.с.) топ ♦a theatri- cal ~ - театр тобы, труппасы ♦a ~ of players - актерлар тобы 4.(əскери) рота 5.(idm) *the ~ one keeps аралас-қоралас адамдар, бiреудiң
402
403
араласатын адамдары ♦(мəтел) You may know a man by the ~ he keeps. - Досына қарап өзiн таны. *for ~ серiк, жолсерiк ретiнде ♦I hate going out alone: I take my daughter for ~. - Сыртқа жалғыз шыққанды жаным сүймейдi: ылғи да қызымды ерте шығамын. *to get into/ keep bad ~ - жамандармен жолдас болу *in ~ көпшiлiк жерде, басқа бiреулер бар кезде ♦It’s bad manners to whisper in ~. - Көпшiлiк бар жерде сыбырласқан ерсi нəрсе. *in ~ with smb басқалармен бiрге
♦I, in ~ with many others, feel this decision was wrong. - Мен де басқалар сияқты бұл шешiм дұрыс емес деп ойлаймын. *to keep smb ~ бiреудiң жанында əңгiме-дүкен құрып отыру
♦I’ll stay here and keep you ~. - Мен осында сiзбен əңгiмелесiп отырмақшымын. *