conditional [kən’diʃənl] adj (a) ~ (on/upon smth) шартты, бiрнəрсеге тəуелдi, байланысты
♦Payment of the money is ~ upon delivery of the goods. - Ақша тауарды жеткiзгенде ғана төленедi. ♦His agreement to buy our house was ~ on our leaving all the furniture in it. - Ол бiздiң үйдi тек бiз ондағы жиһазды қалдырып кеткенде ғана сатып алатын болды. (b)
(грам) шартты ♦~ mood - шартты рай conditionally [kən’diʃənəli] adv [қ-з: condi- tional]
conditioned refl ex шартты рефлекс
conditioner [kən’diʃənə(r)] n кондиционер
(шашты күтуге арналған жəне оны
жарқырататын зат)
condole [kən’dəul] v~ with smb (on smth) (кiтаби) көңiл айту (қазаға, бақытсыз
жағдайға байланысты)
condolence [kən’dəuləns] n көңiл айту (қазаға,
бақытсыз жағдайға байланысты)
♦a letter of ~ - көңiл айта жазылған хат, көңіл айту хаты condom [‘kɒndəm] n кондом (жыныс қатынасы
кезiнде мүшеге киiлетiн презерватив)
condominium [,kɒndə’miniəm] n 1.
кондоминиум, бiрлесе иелену (бiр елдi екi не
одан көп елдiң басқаруы) 2. (US) көп пəтерлi үй
condonation [,kɒndəu’neiʃn] n [қ-з: condone]
condone [kən’dəun] v көз жұма қарау;
кешiрiммен қарау; кешiру
condor [‘kɒndɔ:(r)] n (зоол) кондор (Оң.
Америкада мекендейтiн үлкен құзғын)
conduce [kən’dju:s; US -’du:s] v~ to/towards smth (кiтаби)бiрнəрсегекөмектесу, септiгiн
тигiзу, жəрдемдесу ♦A good diet ~s to good health. - Диетаны сақтау денсаулықтың жақсы болуына септiгiн тигiзедi. conducive [kən’dju:siv; US -’du:s] adj~ to smth ыңғайлы, қолайлы, бiрнəрсегекөмектесетiн,
септiгiн тигiзетiн, жəрдемдесетiн ♦These noisy conditions aren’t really ~ to concentrated work. - Мына айғай-шу берiле жұмыс iстеуге қолайсыз.
conduct A.n [ ‘kɒndʌkt] 1. жүрiс-тұрыс,
мiнез-құлық 2.~ of smth басқару, жүргiзу,
жетекшiлiк ету ♦There was a growing criticism of the government’s ~ of the war. - Үкiметтiң соғысты жүргiзісi үлкен сынға ұшырады. B.v [kən’dʌkt] 1. жетелеу, көрсету, бастап жүру
♦A guide ~ed the visitors round the museum. – Гид келушiлерге музейдi аралап көрсеттi.
2.(a) басқару, жетекшiлiк ету; қадағалау;
өткiзу ♦to ~ a meeting, negotiations - кездесу, келiссөздер өткiзу ♦She was appointed to ~ the advertising campaign. - Ол жарнама додасына (кампаниясына) жетекшiлiк ететiн болып тағайындалды. (b)(оркестрдi, хорды, т.б.)
басқару, жетекшiлiк ету 3.~ oneself well, badly, etc (кiтаби)өзiн-өзi ұстау, жүрiп тұру
♦to ~ oneself honourably - өзiн-өзi абыроймен ұстау 4.(ыстықты, электр ағынын т.б.) өткiзу
♦Copper ~s electricity better than other materi- als do. - Мыс электрдi басқа материалдарға қарағанда жақсы өткiзедi.
412
413
conduction [kən’dʌkʃn] n (электр ағынын я
жылуды бойынан) өткiзу
conductive [kən’dʌktiv] adj (электр ағынын я
жылуды бойынан) өткiзе алатын
conductivity [,kɒndʌk’tivəti] n (электр ағынын
я жылуды бойынан) өткiзе алу қабылетi, күшi,
өткiзе алушылық
conductor [kən’dʌktə(r)] n 1. дирижер 2.
кондуктор (автобуста, вагонда жүргiншiлерден
жол ақысын жинаушы) 3.(электр ағынын я
жылуды бойынан) өткiзгiш, өткiзе алатын
зат ♦Wood is a poor ~. - Ағаш нашар (жылу) өткiзгiш.
conductor rail n өткiзгiш рельс (бұл рельстің
үстінен метро локомотивi жүреді əрі оған
рельстен электр тогы барады)
conductress [kən’dʌktris] n кондуктор əйел
(автобуста, вагонда жүргiншiлерден жол
ақысын жинаушы)
conduit [‘kɒndit; US ‘kɒndju:it, US -dwit] n (a) су құбыры (b) (эл) изоляцияланған түтiк,
трубка (электр сымдарын жауып тұратын
түтiк, трубка)
cone [kəun] A.n 1.конус 2.конус (конус
пiшiндi нəрсе я жол жөндеу жүрiп жатқан
жерге қойылатын белгi) 3. (бот) бүршiк,
түйiн, бүр (кейбiр мəңгi жасыл ағаштардың,
м: қарағай, жемiсi) B.v (phr v) ~ smth off конустармен белгiлеу я бөлу ♦~ off a sec- tion of motorway during repairs - жолдың жөнделiп жатқан тұсын конустармен бөлу, белгiлеу coney =cony
confab [‘kɒnfæb] n (көне қолд, ауызекi) жеке
əрi достық жағдайдағы əңгiме, сұхбат
confection [kən’fekʃn] n (кiтаби) тəттi,
мəмпаси (тəттi нəрселерден iстелген өнiм)
confectioner [kən’fekʃnə(r)] n кондитер, тəттi
өнiмдер жасаушы
confectionery [kən’fekʃənəri; US -ʃəneri] n (a)
кондитерлiк өнiмдер (тəттiлер, кəмпиттер,
кэкстер, шоколадтар т.б.) (b) кондитерлiк
өнiмдер өндiрушi кəсiпорын; кондитерлiк
өнiмдер сататын дүкен
confederacy [kən’fedərəsi] n 1. конфедерация;
лига; елдер одағы 2. the (Southern)~ =Con-
federate States
confederate A.adj [kən’fedərət] конфедерацияға
бiрiккен, одаққа бiрiккен B.n [kən’fedərət]
1. сыбайлас, астыртын iске қатысушы 2.
C~ конфедерат, АҚШ-тағы оңтүстiк 11
штат конфедерациясын жақтаушы (1960-
65 жж.) C.v [kən’fedəreit] ~ (with smb/smth) конференцияға, одаққа бiрiгу
Confederate States 11 оңтүстiк штат
конфедерациясы (1860-61 жж. АҚШ-тан
бөлiнген, соның нəтижесiнде АҚШ-та азамат
соғысын тудырған 11 штат)
confederation [kən,fedə’reiʃn] n (a)
конфедерацияға, одаққа бiрiктiру, бiрiгу (b)
конфедерация, одақ
confer [kən’fз:(r)] v (-rr-) 1.~ (with smb) (on/ about smth) ақылдасу, пiкiр алмасу
♦She withdrew to ~ with her advisers before an- nouncing a decision. - Ол шешiм шығармас бұрын кеңесшiлерiмен ақылдасуға кеттi. 2.~ smth (on smb) (атақ, дəреже) беру
conferment [kən’fз:(r)mənt] n (кiтаби) атақ,
дəрəже беру
conference ['kɒnfərəns] n конференция (кезде-
су, семинар)
confess [kən’fes] v 1. ~ (to smth); ~ (smth) (to smb) мойындау, мойнына алу 2. (a) ~ (smth) (to smb) (Роман Католик шiркеуiнде)
дiнбасыға, дiн қызметкерiне күнəлi екенiн
айту, кiнəсiн мойындау, сырын ашу (b) (Ро-
ман Католик шiркеуiнде) дiнбасының, дiни
қызметкердiң бiреудiң сырын я күнəсын мой-
ындауын тыңдауы
♦The priest ~ed the criminal. - Священник қылмыскердiң сырын тыңдады.
confessedly [kən’fesidli] adv мойындауы бой-
ынша, мойындауына сəйкес
confession [kən’feʃn] n 1. мойындау, мойнына
алу 2. (Роман Католик шiркеуiнде) дiнбасыға,
дiн қызметкерiне күнəлi екенiн айту, кiнəсiн
мойындау, сырын ашу
3.өзiнiң дiни нанымын мəлiм ету, мəлiмдеу
confessional [kən’feʃənl] n (Роман Католик
шiркеуiндегi) дiнбасыға, дiн қызметкерiне
күнəлi екенiн айтып, сырын ашатын жабық
орын
confessor [kən’fesə(r)] n (Роман Католик
шiркеуiнде) бiреудiң сырын я күнəсын мойын-
дауын тыңдайтын священник
confetti [kən’feti] n конфетти (бал, маскарад
болғанда адамдар бiрiне-бiрi шашатын түрлi-
түстi қиқым қағаздар)
confi dant [,kɒnfi ’dænt] n сырлас, оң көз, сенiмдi
(бiреудiң өзi сенетiн, сырын ашатын адамы)
confi dante [,kɒnfi ’dænt] n сырлас, оң көз,
сенiмдi əйел адам (бiреудiң өзi сенетiн, сырын
ашатын адамы)
confi de [kən’faid] v 1. (a) ~ smth to smb бiреуге
сырын ашу, құпиясын ашу
♦She ~ed her troubles to a friend. - Ол өз тауқыметiн досына айтты. (b)~ smb/smth to smb/smth (кiтаби) сенiп тапсыру, табыстау
♦Can I ~ my children to your care? - Мен балаларымды саған табыстап кетсем бола ма? 2.(phr v) ~ in smb бiреуге сену, сенiм арту
♦There’s no one here I can ~ in. - Бұл жерде сенiм артар ешкiм де жоқ. confi dence [‘kɒnfi dəns] n 1. (a) ~ (in smb/ smth) сенiм, кəмiл сенiм ♦There is a lack of ~ in the government. - Үкiметке деген сенiм аз.
(b) сенiм, өзiнiң дұрыстығына деген сенiм,
батылдық, көзi жеткендiк ♦He answered the questions with ~. - Ол сұрақтарға батыл жауап бердi. 2.сыр, құпия ♦The two girls sat exchanging ~s. - Екi қыз сырласып отырды.
3.(idm) *in (strict) ~ құпия, құпия түрде ♦to take smb into one’s ~ бiреуге сенiп сырын айту
confi dence trick n бiреудiң сенiмiн
алаяқтықпен терiс пайдалану
confi dence trickster n (кейде ауызекiconman)
алаяқ, көз бояушы
confi dent [‘kɒnfi dənt] adj~ (of smth/that...) сенiмдi, батыл ♦He is ~ of victory. - Ол жеңетiнiне сенiмдi. confi dently [‘kɒnfi dəntli] adv [қ-з: confi dent]
confi dential [,kɒnfi ’denʃl] adj 1. құпия,
басқалар бiлуге болмайтын 2. сенiмге ие,
сенiмдi (адам), құпиялар сенiп тапсырылған
(адам) 3. сенетiн, iш тартатын, оң қабақ
танытатын, бүйрегi бұратын ♦to speak in a ~ tone - бүйрегi бұра сөйлеу confi dentiality [,kɒnfi ,denʃi’æləti] n [қ-з: confi - dential]
confi dentially [,kɒnfi ’denʃəli] adv [қ-з: confi dential]
confi ding [kən’faidiη] adj сенгiш, ақкөңiл
♦She was a practised swindler and took the advantage of the old man’s ~ nature. - Ол əккi алаяқ болатын, қарт кiсiнiң ақкөңiлдiгiн пайдаланып кеттi. confi dingly [kən’faidiηli] adv сен(гiштен)е,
ақкөңiлдене
confi guration [kən,fi gə’reiʃn; US -,fi gju’reiʃn]
n конфигурация, пiшiн, сүлбе, кескiн; пiшiн
үйлесiмi, кескiн үйлесiмi
confi gure [kən’fi gə(r); US - kən’fi gjər] v басқа
бiр нəрсемен үйлесетiндей етiп дайындау
confi ne [kən’fain] v 1. ~ smb (in/to smth) қамау,
қамауда ұстау; еш жаққа шықпау
2.~ smb/smth to smth ауытқымау, алыс кетпеу,
шектелу ♦I wish the speaker would ~ him- self to the subject. - Сөйлеушi тақырыптан ауытқымаса екен деймiн.
confi ned [kən’faind] adj тар, шектелген, жабық
♦It was diffi cult to work effi ciently in such a ~ space. - Ондай тар жерде сапалы жұмыс iстеу қиын болды.
confi nement [kən’fainmənt] n 1. қамауда болу,
еш жаққа шықпау; түрмеде болу
♦to be placed in ~ - түрмеге отырғызу я ес түзеу емханасына жатқызу т.с.c. ♦The pris- oner was sentenced to three months’ solitary ~. - Тұтқын үш айға жалғыз қамауға жабылды. 2.
толғақ, босанатын кез confi nes [‘kɒnfainz] n (кiтаби) шек,
шекара ♦beyond the ~ of human knowledge - адамзаттың бiлiмi жетпейтiн confi rm [kən’fз:m] v 1. растау, дəлелдеу;
қуаттау, мақұлдау ♦The rumors of an attack were later ~ed. - Шабуыл туралы қауесет кейiн расталды. ♦Please write to ~ your reserva- tion. - (Билетке деген) заказыңызды мақұлдау (орындау) үшiн жазыңыз. 2.~ smb (in smth) бекiту, мақұлдау ♦The new minister will be ~ed in the offi ce by the Queen. - Жаңа министрдi лауазымына Королева бекiтедi. 3.христиан
шiркеуiнiң толық мүшелiгiне қабылдау,
конфирмация
confi rmation [,kɒnfə’meiʃn] n [қ-з: confi rm]
confi rmed [kən’fз:md] adj барып тұрған,
түзелмес, бiткен ♦a ~ bachelor - сүр бойдақ ♦a ~ drunkard - барып тұрған алқаш confi scate [‘kɒnfi skeit] v конфискiлеу, (дүние-
мүлкiн) тəркiлеу
confi scation [,kɒnfi ’skeiʃn] n конфискiлеу,
(дүние-мүлкiн) тəркiлеу
confl agration [,kɒnfl ə’greiʃn] n (кiтаби) алапат,
жойқын өрт
confl ate [kən’fl eit] v бiрнəрсеге бiрiктiру, қосу
♦The results of the two experiments were ~ed. - Екi тəжiрибенiң нəтижелерi бiрiктiрiлдi.
414
415
confl ation [kən’fl eiʃn] n [қ-з: confl ate]
confl ict A.n [‘kɒnfl ikt] 1. (a) конфликт, жанжал,
қақтығыс (b) (ауысп. мағ.) iрi қайшылық,
келiспеушiлiк, кереғарлық 2.кереғарлық,
қайшылық, қисынсыздық
♦a ~ of interests - мүдделер қайшылығы ♦Your statement is in ~ with the rest of the evidence. - Сенiң айтқаның басқа айғақтармен кереғар.
B.v [kən’fl ikt] A and B ~/A ~s with B кереғар,
қайшы болу, келiспеу; қақтығысу, соқтығысу
♦The statements of the two events ~. - Екi куəның айтқандары бiр-бiрiне кереғар.
confl uence [‘kɒnfl uəns] n (өзендер ж.) қосылу,
тоғысу, бiрiгу
confl uent [‘kɒnfl uənt] adj (кiтаби) бiрге
ағатын, бiрге келетiн; қосылатын
conform [kən’fɔ:m] v 1. ~(to smth) сəйкес
келу, сай келу, бағыну ♦The building does not ~ to safety regulations. - Ғимарат хауiпсiздiк ережелерiне сай келмейдi. 2.~ with/to smth келiсу, сай келу, сəйкес болу; үйлесу
conformation [,kɒnfɔ:’meiʃn] n структура,
құрылым; қалыптасу, түзiлу
conformist [kən’fɔ:mist] n конформист, елден
ерекшеленбейтiн я бөлектенбейтiн адам
conformity [kən’fɔ:məti] n (кiтаби) 1. ~ (to/ with smth) бағыну, үйлесiм, сай келу, сəйкес
болу 2. (idm) *in ~ with smth бiрнəрсеге
сай, бағына ♦to act in ~ with the rules, law - ережеге, заңға сай əрекет ету confound [kən’faund] v 1. (көне қолд я кiтаби)
таңғалу, аңыру; сасу 2. ~ smth (with smth) (көне қолд я кiтаби)шатастыру, түсiнiксiз ету
3. (көне қолд я кiтаби) (a) жеңу (b) болдырмау,
жолын кесу, жолын бөгеу 4. (ауызекi) (одағай
interjection ретiнде қолданып, ашуланғанды,
жаратпағанды бiлдiредi) ♦C~ it! - Ой, құрып қалғып! ♦C~ you! - Ой, баршы əрi! confounded [kən’faundid] adj (ауызекi) (ашуланғандықты, мазасыздықты бiлдiредi)
құрығыр, көгермегiр ♦That ~ dog has run away again! - Ана көзiң жоғалғыр ит тағы қашып кетiптi! confoundedly [kən’faundidli] adv (ауызекi)өте,
мүлдем ♦~ hot - ми қайнатарлықтай ыстық confront [kən’frʌnt] v 1. ~ smb with smb/ smth бетпе-бет келу, келтiру, беттестiру,
жүздестiру, жүзбе жүз келу ♦They ~ed the pris- oner with his accusers. - Олар тұтқынды өзiн айыптаушылармен бетпе-бет кездес- тiрдi. ♦When ~ed with the evidence of her guilt, she confessed. - Өз қылмысының бұлтарпас айғақтарымен беттестiргенде ол мойындады. 2. (a) бетпе-бет келу, жүзбе-жүз
келу, қарсы келу
♦the problems ~ing us - бiзге бетпе бет келiп тұрған проблемалар ♦C~ed by an angry crowd the police retreated. - Ызалы лекпен бетпе бет келгенде полиция кейiн шегiндi. (b)қасқия
бетпе бет келу, жүзбе жүз келу ♦A soldier often has to ~ danger. - Жауынгер хауiп-қатермен талай рет бетпе-бет келедi.
confrontation [,kɒnfrʌn’teiʃn] n конфронтация,
текетiрес ♦a ~ between the government and the unions - үкiмет пен кəсiподақтар арасындағы текетiрес Confucian [kən’fju:ʃn] adj, n конфуцийшiл,
(б.э.д 551-479 жж өмiр сүрген Қытай
философы əрi ағартушысы Конфуцийдiң (Con-
fucius [kən’fju:ʃəs])) жолын қуушы
confuse [kən’fju:z] v 1. шатас(тыр)у, сас(тыр)
у, абырж(ыт)у, қысылу, бейжай ету, аңыр(т)у,
əбiгерге түсiру, əбiгер болу; қайран қал(дыр)у
♦They ~d me by asking so many questions. - Олар маған сұрақты жаудырып, əбiгерге түсiрдi.
2.шатастыру, бұзу, өзгерту ♦Her unexpected ar- rival ~d all our plans. - Оның күтпеген жерден келуi жоспарлағанымыздың бəрiн бұзды.
3.~ A and/with B шатастыру, ауыстырып
алу, қателесу ♦I always ~ the sisters: they look so alike. - Мен апалы-сiңлiлi екеуiн ылғи шатыстырамын: олар бiр-бiрiне сондай ұқсас. 4.түсiнiксiз ету, шатастыру, ауытқу
♦Don’t ~ the issue. - Мəселенiң негiзгi түйiнiнен ауытқымаңыз.
confused [kən’fju:zd] adj 1. сасқан, əбiгерге
түскен, қысылған, бейжай, беймаза 2.
шатасқан, түсiнiксiз
confusedly [kən’fju:zidli] adv [қ-з: confused]
confusing [kən’fju:ziη] adj түсiнiксiз,
түсiнуге қиын, шатасқан, бытысқан; қайран
қалдыратын, бейжай ететiн
confusingly [kən’fju:ziηli] adv [қ-з: confusing]
confusion [kən’fju:ʒn] n 1. қайран қалу, аңыру,
бiртүрлi болу; қысылу, сасу 2. ретсiздiк,
тəртiпсiздiк 3. шатастыру, қателесу 4.
көмескiлiк, айқын еместiк, түсiнiксiздiк
confutation [,kɒnfju:’teiʃn] n [қ-з: confute]
confute [kən’fju:t] v (кiтаби) қате екенiн
дəлелдеу, бiреудi я бiрнəрсенi терiстеу
conga [‘kɒngə] n конгə (Латын Америкалық би)
congeal [kən’ʤi:l] v қоюлану, ұю, қатаю ♦The blood had ~ed round the cut on her knee. - Оның тiзесiндегi кесiлген жердiң айналасына қан қатып қалды.
congenial [kən’ʤi:niəl] adj 1. бiр-бiрiне сай,
үйлесетiн, қолайлы (адамдар) 2. ~ (to smb) қолайлы, жақсы, талапқа сай ♦a ~ climate - қолайлы климат congeniality [kən,ʤi:ni’æləti] n [қ-з: congenial]
congenially [kən’ʤi:niəli] adv [қ-з: congenial]
congenital [kən’ʤenitl] adj 1. Iштен туған, туа
бiткен (ауру т.с.с.) ♦~ defects, blindness - iштен туа болған зақымдар, туа бiткен соқырлық 2.(адамдардың мiнезiн суреттегенде) барып
тұрған, атып кеткен, бiткен, туа бiткен ♦a ~ idiot, liar - барып тұрған нақұрыс, суайт congenitally [kən’ʤenitli] adv [қ-з: congenital]
conger [‘kɒηgə(r)] n (кейде conger eel) (зоол)
жыланбалық
conger eel =conger
congested [kən’ʤestid] adj 1. ~ (with smth) толы, толған, толып кеткен ♦streets ~ed with traffi c - ағыл-тегiл көлiкке толған көшелер 2.(a) қанға толған, қанға толып кеткен
(дененiң бөлiгi, м: өкпе) (b) бiткен, толған
(мұрын) ♦He had a cold and was very ~. - Оған суық тигендiктен мұрны пышылдап жүрдi. congestion [kən’ʤesʧən] n [қ-з: congested]
♦traffi c ~ - көшелердiң машинаға толып кетуi ♦~ of the lungs - өкпенiң қанға толып кетуi conglomerate [kən’glɒmərət] n 1.
конгломерат, үйiндi, əртүрлi материалдардан
тұратын үйiндi 2. тастүйнек, ұсақ
тастардан тұратын жартас, жыныс 3.
(коммерц) конгломерат, (бiрнеше фирманың
қосылуынан пайда болған) корпорация
conglomeration [kən,glɒmə’reiʃn] n үйiндi,
жиынтық
congratulate [kən’græʧuleit] v~ smb (on smth) құттықтау ♦to ~ smb on his marriage, new job - бiреудi үйленуiмен, жаңа жұмысымен құттықтау congratulatory [kən’græʧulətəri; US -tɔ:ri] adj құттықтау, құттықтайтын ♦~ letter, telegram - құттықтау хат, телеграмма congratulation [kən,græʧu’leiʃn] n 1. құттықтау
♦a speech of ~ - құттықтау сөз 2.~s (a) құттықтау, құттықтау сөздер (b)
(одағай interjection ретiнде қолданады)
♦You’ve passed your driving test? C~s! - Машина жүргiзу сынағынан өткенсiң бе? Құттықтаймын. congregate [‘kɒngrigeit] v жиналу, топталу
congregation [,kɒηgri’geiʃn] n 1. конгрегация,
шiркеуге жиналған адамдар 2. шiркеуге келушiлер
congress [‘kɒηgres; US -grəs] n 1. конгресс,
сьезд, басқосу, жиылыс 2. C~ АҚШ Конгресi
(заң шығарушы орган)
congressional [kən’greʃənl] adj конгрес(тiң)
Congressman [‘kɒηgresmən; US -grəsmən] n конгресмен, АҚШ Конгресiнiң мүшесi
Congresswoman n конгресмен əйел, АҚШ
Конгресiне мүше əйел
congruent [‘kɒηgruənt] adj 1. (геом) конгруэнт,
бiр-бiрiне сəйкес 2. (кейде congruous) ~ (with smth) (кiтаби) сəйкес, тура келетiн
congruous [‘kɒηgruəs] adj~ (with smth) (кiтаби) = congruent2
conic [‘kɒnik] adj конус, конустық, конус
сияқты, конус пiшiндi, конусқа қатысты
♦~ sections - конустың жазықпен қиылғандағы бөлiктерi conical [‘kɒnikl] adj конус пiшiндi
conifer [‘kɒnifə(r); ‘kəun-] n қылқан
жапырақты ағаш
coniferous [kə’nifərəs; US kəu’n-] n қылқан
жапырақты (м: қарағай)
conjectural [kən’ʤekʧərəl] adj болжамға,
жорамалға негiзделген, болжам, жорамал
conjecture [kən’ʤekʧə(r)] A.v~ (about smth) (кiтаби)пайымдау, болжау, жорамалдау,
шамалау, долбарлау, күту (пайымдау
мағынасында) ♦It was just as I had ~d. - Бұл тұп-тура мен күткендей болып шықты. B.n 1. пайым, болжам, долбар, жорамал, ой ♦I was right in my ~s. - Менiң болжамым тура келдi.
2.пайымдау, болжау, жорамалдау, шамалау,
долбарлау, күту (пайымдау мағынасында) Your theory is pure ~. - Сенiң теорияң - əншейiн бiр жорамал.
conjoin [kən’ʤɔin] v (кiтаби) қосу, бiрiктiру