№1 (1341) 5 қаңтар 2017 жыл, бейсенбі „ Жаңа жыл мерекесінде облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев жүзуден ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Рио-де-Жанейро қаласында өткен XV жазғы Паралимпиада ойындарының жеңімпазы Зульфия Габидуллинаның арманын



Pdf көрінісі
бет3/12
Дата05.02.2017
өлшемі6,45 Mb.
#3424
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

 

„

дәуірлердің дүбірі 



жаңғырған даңғарадай 

Ұлы дала Елінің 

ұлағатын жеткізуге сөз 

құдіреті де жетпейтіні 

рас. оны қолмен 

ұстап, көзбен көру 

де ғажап ғанибеттің 

бірегейі. «Экспо-2017» 

халықаралық 

көрмесінің басталуына 

156 күн қалды. 

Индустриализацияның 

символына айналған 

осынау тың бастама 

арқылы еліміз төрткүл 

дүниеге тұғырының 

биіктігін көрсетпек.

мүддЕ мЕн 

мақсаТ мүмкіндіГі

Бетті дайындаған Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ.

әлеумет

 8

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №1 (1341), 5 қаңТар  2017 Жыл  //



 

„

қр президентінің Бес институттық реформаларды жүзеге  



асыру мақсатында бекітілген  «100 нақты қадам» Ұлт 

жоспарының 32-ші қадамы бойынша, яғни «қылмыстылық 

картасы» ұлттық ақпараттық жүйесі негізінде «қылмыстық 

құқық бұзушылық картасы» интернет-порталын құрып, оны 

жүзеге асыру тапсырылды.

Жол-көлік оқиғасы картасы

Қазіргі уақыттағы қолданыстағы Бас прокуратураның Құқықтық статистика 

және арнайы есепке алу жөніндегі комитетімен жасалған (http://service.pravstat.kz) 

электрондық мекенжайымен «Қылмыстық құқық бұзушылық  картасы», «Жол-

көлік оқиғасы картасы», «Кәмелетке толмағандардың қылмыстылық картасы», 

«Тұлғалардың жүгіну картасын» және «Кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық 

күш қолдану әрекетін жасаған тұлғалардың картасы»  облыс орталықтарында, 

моноқалаларда және барлық елді мекендерде тіркелген қылмыстардың жасалған жері 

туралы, оның ішінде қылмыс жасалған көшелер мен мекенжайлар туралы мәлімет 

алуға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда, Жамбыл облысы бойынша барлық елді мекендердің геоақпараттық 

картасы әзірленіп, комитеттің геоақпараттық жүйесіне енгізілген.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін порталдың жабық бөлігінде 

бейнекамералар орнатылған орындар, дабыл жүйесінің болуы, күзеттік жасақтың 

қозғалыс маршруты көрсетіледі. Бұл қылмыстылықтың алдын алуда нәтижелі шаралар 

қабылдауға, жұмыс тиімділігін бағалауға ықпал етеді.   

ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі 

комитетінің Жамбыл облысы бойынша басқармасымен (бұдан әрі - Басқарма) жол-

көлік оқиғалары (бұдан әрі - ЖКО) және одан зардап шеккендердің есебінің жағдайына 

талдау жасалды.

2016 жылдың 6 айын 2015 жылдың тектес кезеңімен салыстырып жасалған тал-

дау нәтижесінде Жамбыл облысы бойынша жол-көлік оқиғалары және одан зардап 

шеккендердің деңгейі 4,3%-ға өскенін байқаймыз.

Жыл сайын жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккендердің және өлгендердің, оның 

ішінде балалар мен ересектердің саны тұрақты өсуде.

 ЖКО барлығына  және  біз үшін маңызды тақырып. Бізде әрбір қатысушылардың 

өмірін және денсаулығын сақтау үшін оларға осы ақпараттарды жеткізу және оның ал-

дын алу бойынша ЖКО мәселелерін зерттеу ойы туындады. Өмірін және денсаулығын 

сақтау үшін жол жүру ережелерінің барлық талаптарын қатаң сақтау қажеттілігін оған 

қатысушылардың әрқайсысының назарына жеткізу қажет.

Сондықтан басқармамен «Жол-көлік оқиғасы жоқ қала» атты жоба жүзеге асы-

рылды.


1. Жобаның  мақсаты жол-көлік оқиғасында зардап шеккендер санын азайтуға 

уәкілетті органдардың назарын аудару болып табылады;

2. ЖКО алдын алу және ескерту.

Басқармамен жол-көлік оқиғасы картасының көмегімен Тараз қаласында жол-көлік 

оқиғасынан зардап шеккендермен жиі жасалған орындарға шығып талдау жасалынды.

Тиісті жол белгілерінің болмауы салдары ЖКО басты себебінің бірі болуы мүмкін.

Басқарма жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету 

мақсатында әкімдікке және ІІД-не қажетті жол белгілерін қою туралы ұсыныс жасады.

Тараз қалалық ІІБ-ның ӘПБ жол-техникалық инспекция тобымен және Тараз 

қалалық әкімдігінің тұрғын жай–коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және 

автомобиль жолдары бөлімі басқармамен жолданған хатта көрсетілген орындарды 

зерделеу жасап, нәтижесінде 14 жол белгілері орнатылды. 

Сондай-ақ қазіргі таңда жаяу жүргіншілер өтетін орындар жасау мәселесі қаралып 

жатыр. Осыған байланысты аталған орындарда және жалпы Тараз қаласында ЖКО 

санының кемуі күтілуде.

Нұржан магажаНов,

қр БПқСжае комитетінің жамбыл облысы бойынша 

басқармасы бастығының орынбасары.

сатушыға да, алушыға да тиімді.   



 

„

Жуырда семей қаласында республикалық техникалық 



және кәсіптік білім беру жүйесіндегі оқу орындарының 

студенттері арасында қр Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 

қазақша күрестен «колледж барысы-2016» республикалық 

сайысы өтті.

студенттеріміз жарады

Республикалық дәрежеде  өткен бұл сайысқа әр аймақтан кілең сайдың тасындай 

мықтылар жиналды. Жамбыл облысының намысын қорғау үшін Жамбыл облыстық 

білім басқармасының Ғылыми дене шынықтыру орталығының қолдауымен  бұл 

турнирге Тараз  «Парасат» колледжінің дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Жам-

был  Есіркепов алдын ала іріктеуден өткен студенттерін бастап барды. Турнирдің 

ақтық сынына дейін белдескен студенттеріміз сайыс қорытындысы бойынша, 80 

келі салмақта белдескен Нұрболат Мырзанов ІІ орын иеленсе, ал одан жоғары салмақ 

дәрежесінде Арнұр Жомартбек ІІІ орын  жеңімпазы атанды. 

Айта кетерлігі, бұл жарыс бұған дейін жылдан-жылға ұлтымыздың рухын 

асқақтататын төл күресіміз «Қазақстан барысының» алғашқы сатысы деуге бола-

ды. Колледжіміздің мақтанышы Нұрболат пен Арнұрдың жерлес ағалары Бейбіт 

Ыстыбаевтай «Қазақстан барысы» боларына сенеміз. Осы турнирдегі сый-сияпатын 

жеңімпаздарымыз атақты шығыстық «Қазақстан барыстары» Мұхит Тұрсынов, 

Шалқар Жоламанов және Айбек Нұғымаровтардың  қолынан алды.  

дәулеткүл СеЙдаХова, 

 «Парасат» колледжінің оқытушысы.

2017 жылғы І тоқсандағы «Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекеме 

басшысының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау 

КеСТеСІ



мемлекеттік 

мекеменің атауы

азаматтарды 

қабылдауды 

жүргізетін 

тұлғаның  аты- 

жөні

азаматтарды 

қабылдауды 

жүргізетін 

тұлғаның  

лауазымы

азаматтарды қабылдау 

күні мен уақыты

мемлекеттік 

мекеменің  

орналасқан 

жері

Байланыс  

телефоны

1

«Тараз қаласы 



әкімдігінің ішкі 

саясат бөлімі» 

коммуналдық 

мемлекеттік 

мекемесі

Сламбекова 

Ұлана 

Сламбекқызы



Бөлім 

басшысы


5, 10, 12, 17, 19, 24, 26, 31 

қаңтар


2, 7, 9, 14, 16, 21, 23, 28 

ақпан


2, 7, 9, 14, 16, 28, 30 на-

урыз


сағат 15.00-18.00 аралығы

Тараз қаласы, 

Төле би 

даңғылы, № 

48 үй

43-54-06


 

Басшының жеке қабылдауына  жазылу Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі ғимаратының 7 кабинетінде жүргізіледі.



Шынболат СеЙдУалИев

Өңірде  азық-түлік  бағасын  тұрақтандыруға  бай-

ланысты  іс-шаралар  жыл  бойына  жалғасын  тауып 

келді. Соның айқын дәлелі - төмен бағамен жәрмеңке 

ұйымдастыру.  Осы  мақсатта  ҚР  Тәуелсіздігінің  25 

жылдығы  мен  Жаңа  жыл  мерекесі  қарсаңында  Та-

раз  қаласының  орталық  «Достық»  алаңында  ауыл 

шаруашылығы  өнімдерінің  жәрмеңкесі  өтті.  Тараз 

қаласы мен Байзақ, Т.Рысқұлов, Талас, Қордай, Сарысу 

аудандарындағы  тауар  өндірушілердің  қатысуымен 

өткен  жәрмеңкеге  жалпы  құны  47,3  млн.  теңгені 

құрайтын 136,1 тоннадан астам ауыл шаруашылығы 

тауарлары ұсынылды. Оның ішінде 16 тонна ет пен 11 

тонна сүт өнімдері, 8 мың дана жұмыртқа мен 1,5 тонна 

кондитерлік өнімдер бар. Сонымен қатар 4 тонна шұжық, 

4 тонна макарон, 1 тонна тұз, 1 тонна балық, 1,6 тонна 

бал, 0,5 тонна кептірілген жеміс пен 87 тоннадан астам 

көкөніс-бақша және жеміс-жидек өнімдері тұрғындар 

назарына ұсынылды.   

- Бұл жерге негізі кондитерлік өнімдер алуға келген 

болатынмын. Енді мұндағы бағаларды базар бағасымен 

салыстырып  көргеннен  кейін  көкөніс-бақша  және 

жеміс-жидек алып қалуға тырысып жатырмын. Бастысы, 

баға көңілге қонымды екен. Келер жылы да осындай 

жәрмеңкелер ұйымдастырылады деген сенімдемін,-дейді 

қала тұрғыны Айша Бақытқызы.  

Қазір нарықта маусымдық тауар құнының өзгеруін 

жиі байқауға болады. Сондықтан мұндай жәрмеңкелер 

кәсіпкерлер  мен  қарапайым  халық  үшін  өте  тиімді 

екендігі сөзсіз. Жалпы облыс бойынша  жыл басынан бері 

197 жәрмеңке өткізіліп, онда 1 млрд. 160 млн. теңгенің та-

уары  өткерілген. Жәрмеңкеге ұсынылған тауар бағалары 

нарық  бағасынан  8-20  пайызға  төмен  саудаланған. 

Облыстық деңгейде шаһардың коммуналдық базарла-

рында 98 жәрмеңке өткізіліп, 784 млн. теңгенің азық-

түлік  тауарлары  өткерілген.  Ал  орталық  «Достық» 

алаңында 7 жәрмеңке өтіп, құны 277,3 млн. теңгенің 

887,1 тонна тауары сауда-саттыққа шығарылған. 

Облыс деңгейінде ұйымдастырылған жәрмеңкелерден 

өзге,  Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  Астана  мен  Алма-

ты  қалалары  айналасында  азық-түлік  белдеулерін 

құру туралы Жарлығына сәйкес, өткен жылы Алатау 

бөктерінде 2 жәрмеңке өткізіліп, құны 422,5 млн. теңгені 

құрайтын 688,2 тоннадан астам ауыл шаруашылығы 

тауары өткерілген. Сонымен қатар ҚР Тәуелсіздігінің 

25 жылдығына орай елордада  «Тарихы терең Тараздан 

тағзым» атты Жамбыл облысының күндері аясында 

қыркүйек айының 24-25 күндері ауыл шаруашылығының 

өнімдері  жәрмеңкесі  өтіп,  құны  237,5  млн.  теңгені 

құрайтын  314  тоннадан  астам  өнім  Астана  қаласы 

тұрғындарына саудаланған.

 

„

Жаңа жыл қарсаңында шаһардың орталығында төмен бағада ауыл 



шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылды. 

Баға көңілГЕ 

қонымды

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №1 (1341), 5 қаңТар  2017 Жыл  //

сПоРт


9

Жаһан ЖасТарының Жалыны

 

„

Әлемдік аренада ғасырдан астам  тарихы бар студенттік спорттың мәні де, маңызы да 



терең. универсиада ретінде алпыс жылға жуық жаһан жастарының жалынын бір арнаға 

тоғыстырып келе жатқан XXVIII  қысқы ойындарының елімізде, алатау баурайында 

өтуіне де санаулы күндер қалды.  Елімізде «Экспо-2017» халықаралық көрмесімен 

қатар ғаламның назарын аударатын ауқымды шараның бірі - осы универсиада 

болмақ. мемлекетіміздің мерейін асырып, беделін биіктететін спорттық салтанатты іс-

шараға жамбылдықтардың дайындығы қандай?

Нұржан СерІКХаНҰлы

Б и ы л   А л м а т ы д а   ө т е т і н 

Д ү н и е ж ү з і л і к   қ ы с қ ы 

универсиаданың  тұмары  ретінде 

сұңқар  таңдалды.  Тұмарды 

ұсынушылардың  пікірінше, 

сұңқар жылдамдықты, жеңілдікті, 

күш-қуат  пен  жеңіске  деген 

құлшынысты бейнелейді. Логотип 

айқын  көрінетін  динамикалық 

пішіні бар сұңқар қанаты түрінде 

жасалған.  Осы  символға  орай, 

Алматыдағы  Универсиаданың 

ұ р а н ы н а   « Қ а н ат ы ң д ы   ке ң 

серпі!» тіркесі таңдалды. XXVIII 

Дүниежүзілік қысқы универсиада 

үстіміздегі  жылдың  28  қаңтары 

мен  8  ақпаны  аралығында  өтеді. 

Алдын  ала  мәлімет  бойынша, 

оған  FISU  альянсына  кіретін  50 

елден  бес  мыңнан  астам  студент 

қатыспақ.  Қатысушылар  11  күн 

бойы  халықаралық  деңгейде 

сайысқа түседі.

- 2016 жыл облыс спортшылары 

үшін  жетістікке  толы,  сәтті  жыл 

болды деп ауыз толтырып айта ала-

мыз. Елбасының өз Жолдауларында 

қойып отырған ең басты тапсыр-

масы бұқаралық спортты дамыту, 

спортпен  шұғылданатындардың 

қатарын көбейту екені белгілі. 2016 

жылы облыс халқының арасында 

спортпен  шұғылданушылардың 

үлесі 26,7 пайызға жетті. Сонымен 

қатар,  бізде  бұқаралық  спорттан 

жоғарғы  спорттық  жетістіктерге 

жол  бағытында  45  спорттық  ме-

кеме жұмыс атқарып жатыр.  Сол 

мектептердің  арқасында  үлкен 

жетістіктерге  де  жетіп  отырмыз. 

2016  жылы  Олимпиада  жылы 

болды.  Онда  жерлесіміз  Елдос 

Сметов  күміс  иеленді.  Зульфия 

Габидуллинаның  алтын  медалі 

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына үлкен 

тарту болды. Бейбіт Ыстыбаевтың 

үш  дүркін  «Қазақстан  барысы» 

атануы - үлкен еңбектің нәтижесі. 

Елімізде  тұңғыш  рет  конфедера-

ция  кубогы  үшін  спорттың  бес 

түрінен жарыс ұйымдастырылды. 

Оның ішінде жерлестеріміз дзюдо 

және таеквондо спорт түрлерінен 

бірінші орын алды. Грек-рим және 

қазақ  күресінен  жүлделі  орын-

дарды  иеленді.  Жылды  осындай 

жетістіктермен қорытындыладық. 

Жаңа  жылда  алдымызда  үлкен 

мақсаттар  тұр.  Оның  бастысы  - 

осы  жетістіктерімізді  ұстап  тұру 

және  жалғастыру.    Сондай-ақ  

елімізде  өтетін  XXVIII    қысқы 

Универсиадаға  үлкен мән берілуде. 

Өңірімізде қысқы спорт түрлерінің 

дамымауына  және  ауа  райының 

қолайсыздығына байланысты бізден 

спортшылар  оған  қатыспайды. 

Дегенмен    28  қаңтар  күні  Тараз 

қаласында  Универсиаданың  алау 

эстафетасы  өтеді.  Бұл  іс-шараға 

дайындықты  біз  2016  жылдың 

қазан-қараша  айларында  бастап 

кеткен болатынбыз. Алау эстафе-

тасын  өңірлерде  өткізу  бойынша 

Алматы  қаласында  семинарлар 

ұйымдастырылды. Оған өңірімізден 

өкілдер қатысып, шараның өткізілу 

тәртібі  мен  талаптарын  үйреніп 

қайтқан  еді.  Бүгінгі  күнге  дейін 

эстафетаның бағыты анықталды. 

Ол  бас-аяғы  12  шақырымды 

қамтиды. Оған 60 алаугер қатысады. 

Оларды  іріктеу  мақсатында 

Қоғамдық  кеңе с  құрылып, 

алаугерлердің жетістігі сараланды. 

Ұйымдастырушылардың  негізгі 

шарты бойынша алаугерлер 17-28 

жас  аралығында  әр  сала  бойын-

ша  үлкен  жетістіктерге  жеткен 

отансүйгіштік  қасиеті  жоғары  

жастар болуы шарт. Ең бастысы,  

алаугерлердің негізгі бөлігі ЖОО 

студенттері  болу  керек.  Іріктеу 

барысында  осы  талаптарды  баса 

назарға алдық. Өңірде Универси-

аданы насихаттау мақсатында 21 

баннер ілініп, мың дана афиша мен 

мыңдаған жарнамалық парақшалар 

таратылды. Облыстық телеарналар 

мен лэд-экрандар, қоғамдық мони-

торлар арқылы насихат жұмыстары 

жүргізілуде. Алаугерлер арасында 

спорт  саласынан  Елдос  Сметов, 

Бейбіт Ыстыбаев, Ғани Жайлауов, 

Ақжүрек  Таңатаров,  Дмитрий 

Трубин, Руслан Жапаров,  Олжас 

Сәттібаев секілді сала саңлақтары 

бар,  -  деді  Жамбыл  облысы 

әкімдігінің дене шынықтыру және 

спорт  басқармасы  басшысының 

орынбасары  Нұржан Жолдасбеков. 

Б ұ л   ш а р а ғ а   ө ң і р і м і зд е г і                       

жастар  да  жан-жақты  дайында-

луда.  Облыс  әкімдігінің  жастар 

саясаты  мәселелері  басқармасы 

мамандарының  айтуынша,  шет 

тілін меңгерген тараздық еріктілер 

осы  бастан  салтанатты  шараға 

көмектесуге сақадай сай.

- Елімізде халықаралық деңгейде 

өтетін ауқымды шаралардың бірі 

«ЭКСПО-2017»  халықаралық 

көрмесі болса, екіншісі осы қысқы 

Универсиада. Бұл - халықаралық 

деңгейде  өтетіндіктен  еліміз 

үшін,  әрбір  қазақстандық  үшін 

жауапкершілігі мол, маңызы зор, 

абыройлы спорттық шара. Оның 

жоғары  деңгейде  өтуіне  әрбір 

қазақстандықтың  қосар  үлесі 

үлкен. Ал студенттік универсиада 

болғандықтан,  жауапкершіліктің 

басым  бөлігі  жастарға  тиесілі 

екендігі анық. 28 қаңтарда Жамбыл 

облысынан  Универсиада  алауы 

өтетін  болады.  Ол  күні    жастар 

ұйымдарының  көшбасшылары, 

халықаралық деңгейде жетістікке 

жеткен,  білімді,  өнерлі  студент 

спортшылар салтанатты сапта қала 

ішімен 12 шақырымда алауды алып 

жүретін болады. Ал рәсім  бары-

сында  алау  ұстаушылардың  осы 

күнге  дейін  жеткен  жетістіктері 

мен жеңістері насихатталады. Со-

нымен қатар, алау ұстаушылардың 

жанында алау қорғаушылар жүреді. 

Олар  ауа  райының  құбылуы 

болса,  алаудың  сөніп  қалмауын 

және  техникалық  қауіпсіздігін 

қ а м т а м а с ы з   е т п е к .   Б і зд і ң 

өңірдегі  іс-шарадағы  маңызды 

жауапкершілік  еріктілердің 

еншісінде.  Шара  барысындағы 

барлық оқиғалар, әрбір белгіленген 

нүктеде  алауды  алмастыратын 

адамды дайындап тұру, салтанатты 

саптағы режиссерлік талаптарды 

қамтамасыз ету міндеті, жиынның 

бастан-аяқ  жоғары  деңгейде 

өтуі    солардың  үлесінде.    Бұл 

жұмыстардың барлығын Жамбыл 

облысы әкімдігінің жастар саясаты 

мәселелері басқармасының жаны-

нан құрылған еріктілер мектебінің 

мүшелері  атқаратын болады. Эста-

фета 8 қаңтарда Астана қаласынан, 

Еуразия университетінен бастала-

ды.  Онда  Елбасының  өзі  алауды 

жағып береді. Астанадағы Назар-

баев университетінің студенттері                                                                               

алауды  өшпейтін,  өздері  ой-

лап  тапқан  химиялық  өніммен 

жақпақшы. Ғалым студенттер ой-

лап тапқан жалынды алмастырушы 

өніммен алау тұтанбақ.  Студенттік 

универсиада болғандықтан, алауды 

алып жүру бағыты ЖОО-лар мен та-

рихы бар оқу ордаларының алдын-

да өтеді. Эстафета 28 күні Тараз, 

Қызылорда, Шымкент өңірлерінде 

болады. 29 күні Алматыға жетеді. 

Онда  ең  жақсы  көрсеткішке  қол 

жеткізген әр өңірдің мақтаныштары 

бас қосып, үлкен алауды жағатын 

болады.  Яғни  ол  құрметті  рәсім 

әр  өңірден  бір-бір-ақ  адамға 

бұйырады.  Еріктілерді  Жамбыл 

өңірінен  шақырса,  біздің  жастар 

оған  сақадай  сай.  Себебі  бізде 

шет  тілдерін  еркін  меңгерген 

білімді, еріктілердің жұмысында 

іс-тәжірибесі  мол  азаматтары-

мыз аз емес. Қазіргі таңда Алма-

ты  қаласында  15  мыңнан  астам 

еріктілер  дайын  тұр.  Олар  сол 

жақтағы ұлттық волонтерлік желі 

мен  еріктілер  қауымдастығында 

дайындалуда. Ал біздің тараптан 

қосымша  көмек  керек  болса,  біз 

қол ұшын созуға әрдайым дайын-

быз.  Еліміздің  беделін  көтеретін 

ауқымды  шара  болғандықтан, 

оған  үлес  қосу,  қызмет  ету  - 

әрқайсымыздың  перзенттік  па-

рызымыз,  -  дейді  Жамбыл  об-

лысы  әкімдігі  жастар  саясаты 

мәселелері басқармасының Жастар 

ресурстық орталығы ұйымдастыру 

және жастар ұйымдарымен жұмыс 

бөлімінің аға инспекторы  Сұлтан 

Темірлан. 

Бұл  енді  28  қаңтарда  Тараз 

шаһарының төрінде, Достық үйінің 

алдынан  бастау  алып,  Төле  би, 

Ы. Сүлейменов көшелері арқылы 

ҚР  Тұңғыш  Президенті  саябағы, 

одан  әрі  қарай  қаланың  батыс 

қақпасына  жалғасып,  соңы  «Та-

раз-Арена»  спорт  кешенінде 

қорытындыланатын алаугерлердің 

жайы. Ал жамбылдықтардың аты-

нан  алауды  Алматыға  жеткізу 

құрметі    қазақ  күресінен  әлем 

чемпионы,  жерлесіміз  Дәулет                          

Пахрединовке бұйырыпты. 

- 8 жасымнан бастап спортты жа-

ныма серік етіп өстім. Ең алғаш рет 

облыста 32 келі салмақта жеңімпаз 

атанғаным  әлі  есімнен  кетпейді. 

Кейін талай дүбірлі додаларда топ 

жардым. «Жас барыс», дүниежүзілік 

көшпелілер ойыны, жасөспірімдер, 

жастар, ересектер арасында өткен 

байрақты  бәсекелерде  бірнеше 

дүркін  жеңімпаз,  ал  2016  жылы 

қазақ  күресінен  әлем  чемпионы 

атандым.  Универсиада  алауын 

туған  өлкем  Жамбыл  өңірінің, 

б а р ш а   з а ма н д а с т а р ы м н ы ң , 

жерлестерімнің атынан Алматыға 

алып бару мен үшін үлкен мәртебе. 

Ол  -  алау  ғана  емес,  мен  үшін 

халқымның аманаты. Кез келген іс, 

кез келген сала, оның ішінде спорт 

саласы  аманатқа  адал,  ізденпаз, 

қайратты, талапты, жігерлі болуды 

талап етеді. Дүбірлі дүниежүзілік 

додада  еліміздің  спортшыларына 

сәттілік серік болғай, - дейді Дәулет.

Эстафетаның  өңірлік  кезеңін 

ұйымдастыру  жұмыстарының 

шығындарын қаржыландыру үшін 

жергілікті бюджеттен 1677,0 мың 

теңге қаржы бөлініпті. Шарапатты 

шараға спорттан бөлек «Мисс Та-

раз - 2016» байқауының жеңімпазы 

Қымбат  Бертай,  халықаралық 

Дельфийлік ойындарының дипло-

манты  Назгүл  Әбітаева  секілді 

өнеріне сұлулығы, ақылына көркі 

сай аруларымыз бен білімін жан-

жақты  жетілдірген,  талабын                        

табыспен  толықтырған  талапты 

жастар да қатысады. 



бюдЖет

10

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №1 (1341), 5 қаңТар  2017 Жыл  //



Бесінші шақырылған Тараз қалалық мәслихатының

ШеШІмІ

(кезекті он үшінші сессия)

     


 Тараз қаласы                          №13-3                      2016 жылғы   23 желтоқсан

2017-2019 жылдарға арналған 

қалалық бюджет туралы 

Қазақстан  Республикасының  2008  жылғы  4  желтоқсандағы  Бюджет  кодексінің  9  бабына  және 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан 

Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына  сәйкес Тараз қалалық мәслихаты 

ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. 2017-2019 жылдарға арналған қалалық бюджет, тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның 

ішінде 2017 жылға  келесі көлемдерде бекітілсін:

1)  кірістер - 37764282 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер - 7323236 мың теңге

салықтық емес түсімдер - 95752  мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер - 210118 мың теңге;

трансферттер  түсімі - 30135176 мың теңге;

2) шығындар - 39135310 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 0  теңге:

бюджеттік кредиттер - 0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0  теңге:

қаржы активтерін сатып алу - 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) –  -1371028 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 1371028 мың теңге:

қарыздар түсімі -  1371028 мың теңге;

қарыздарды өтеу - 0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 0 теңге.

2. 2017 жылға арналған қала әкімдігінің резерві 135152 мың теңге сомасындағы мөлшерінде бекітілсін. 

3. 2017 жылға арналған қалалық бюджеттің атқарылу процесіне секвестрлеуге жатпайтын бюджет 

бағдарламаларының тізбесі 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

4. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан Тараз қаласы бюджетіне түсетін 

түсімдердің көлемі 5-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

5. Осы шешімнің орындалуына бақылау және интернет-ресурстарында жариялауды қалалық мәслихаттың 

бюджет және қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі  тұрақты комиссиясына жүктелсін.

6. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және 2017 

жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет