46-ғылыми-әдiстемелiк конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет11/41
Дата05.02.2017
өлшемі12,74 Mb.
#3473
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   41

 
                          
 
 
Осы интернет ресурсын араб тілі сабағында қолдануға болады. Бұл сайттағы ұсынылатын 
қызметтер:  Басты  тақырыптар  төмендегідей  беске  бөлінген:   يمْوَي  نيرْمَت    күнделікті 
жаттығулар,  يعوُبْسُأ  مُّلَعَت    апталық  сабақтар    انُعَمَتْجُم  біздің  бірлестігіміз, 
َوـــَم
دِرا
 

87 
 
ресурстар  
 
апталық  жаттығуларда  түрлі  төменде  көрсетілген  тақырыптар  бойынша  мәтіндер  және 
сол мәтіндерге сәйкес тапсырмалар беріледі: Мысалы, бір мәтін тапсырмалары: 
 
Мұндағы : 
ٌطاَقْسِإَو  ٌبْحَس – Сәйкес  сөйлемдерді  өз  орындарына  қою; 
ٌراَيِتْخا
 
ٍدِّدَعَتُم  ْنِم
  дұрыс 
жауабын таңдау; 
ليصْوَت – байланыстыру,  ِتاَغاَرَفْلا  ُءْلَم  – бос  орындарды  толтыру,  يباتِك  جاَتْنإ    -
жазбаша  жауап  беру  يوَفَش  جاَتْنإ – ауызша  жауап  беру.  Сондай-ақ  мәтіннің  дайын  сөздігі 
беріледі. Әрі қарай апталық сабақтарға: теледидарлық хабарлама, мақалалар мен хабарламалар, 
грамматтика  бойынша  дәрістер,  өлеңдер  мен  сурет  галереясы  ұсынылады.  Әр  бөлімде  екі 
бағыт: лексика және грамматика бойынша жаңа мағлұмат пен сәйкесінше тапсырмалар бар. Ал,  
«Біздің бірлестік» атты бөлімде өзге де араб тілін үйренушілер мен сондай-ақ оқытушылармен 
байланыс  жасауға  хат  жазысуға  болады:  Соңғы  бесінші  «Ресурстар»  атты  бөлімде  қысқа 
анимациялар  ағылшын  және  араб  тіліндегі  субтитрлермен  берілген  (қалау  бойынша  қосуға 
болады),  сондай-ақ  пысықтау  сұрақтары  бар.  Осылай  араб  тілі  сабағы  барысында,  интернет-
ресурстарының,  компьютердің,  интернеттің  көмегімен  түрлі  дидактикалық  тапсырмаларды 
орындауға болады: оқу дағдыларын қалыптастыру, жазу дағдыларын қалыптастыру, студенттің 
сөздік  қорын  кеңейту,  араб  тілін  оқуға  деген  қызығушылығын  арттыру.  Сонымен  қатар,  тест 
жұмыстарымен  түрлі  ойындар  арқылы  өтетін  қызықты  жаттығулар  жасауға  мүмкіндіктері 
болады.  Соңғы  жылдарда  оқыту  үрдісіне  елеулі  әсерін  тигізген  халықаралық  желі-  Интернет. 
Интернетті  тілді  оқыту  мақсатында  қолдану,  оқыту  әдістемесінің  жаңа  бағыты  болып 
саналады.  Интернеттің  негізі  студенттің  мәдениетаралық  дағдысын  қалыптастыру,  әртүрлі 
халықтардың, ұлтаралық, яғни әлемнің миллиондаған адамдарының электронды түрде қарым-
қатынас  жасау  кезінде  студенттер  шынайы  өмірлік  жағдайларға  тап  болады.  Компьютер 
студенттердің  өзіндік қабілеттерін дамытып, олардың өздеріне деген сенімін арттыра отырып, 
қолайлы  әлеуметтік  психологиялық  көңіл-күй  туғызады.  Олар  компьютер  көмегімен  өдері 
атқарған жұмыстарының дұрыс немесе бұрыстығын анықтай алады. 
Қазіргі таңда білімді дамыту студенттің ақпараттық потенттік деңгейін дамыту деген сөз. 
Әлемдік ақпараттық қоғамға ену үшін студент ақпараттық мәдениетті,  компьютерлік экранды 
білу  қажет,  яғни  интернетпен  тығыз  байланыста  болу  керек.  Шет  тілін  оқитын  студенттерге 
ақпаратты  жүйе ретінде Интернет түрлі ақпараттар мен ресурстарды ұсына алады. Мысалы: - 
электрондық хат; теле конференция; видео конференция; өзінің ақпаратын беру, өзінің сайтын 
құрып Web- серверге орналастыру; ақпараттық ресурстарды қолдану; ақпараттық жиынтықтар; 
желіде  сөйлесу  мүмкіндігі [2, 4]. Интернет  әлемде  болып  жатқан  соңғы  жаңалықтар  жайлы 
мәлімет алудың тез  және ең оңтайлы жолы. Интернеттің көмегімен  аудиторияны жаңалықтар 

88 
 
өзегімен  қамтамассыз  етіп,  студенттерді  тәжірибелі  журналистерге  айналдыруға  болады. 
Қазіргі  таңдабасқа  тілдердегідей  араб  тіліндегі  көптеген  газеттердің  жеке WEB парақшалары 
бар. Сонымен қатар WEB газеттер түрлі бөлімдерге бөлінеді: жаңалықтар (мәдениет және өнер, 
сауда, экономика т, б), спорт, жарнама, ауа райы жаңалықтары [3, 41].  
Әртүрлі  тақырыптар  бойынша  арабша  сайттардан  мәтіндер  алуға  болады.  Студенттер 
WEB газеттер арқылы әлемде болып жатқан жаңалықтарды көру арқылы, есту процесі арқылы 
және оқу арқылы хабардар бола  алады. Араб тілінде студенттер оқыған  мақаласы  жөнінде өз 
ойын айтуға және автормен тікелей байланысқа түсуге мүмкіндік алады. Бұл әдіс шағын топты 
аудиторияның  қызығушылығын  арттырып,  сабаққа  белсенді  түрде  қатысып  отыруына  үлкен 
ықпалын  тигізеді.  Дарынды  студенттер  күрделі  мақаламен  жұмыс  жасай  алады,  ал  үлгерімі 
төмен  студенттер  жеңіл  тақырыптармен  мысалы  ауа  райы,  мәдениетпен  байланысты  шағын 
мақалалармен жұмыс жасауға болады. Студенттерді бүгінгі заман талабына сай маман ретінде 
дайындауда  олардың  араб  тілін  еркін  меңгерулері  өте  пайдалы.  Араб  тілін  үйретуде  сту-
денттердің  тіл  үйренуге  деген  қызығушылығын  арттыруда  олардың  шығармашылық  қабі-
леттерін  дамыту  өте  маңызды  болып  табылады.  Қазіргі  жастарды  шығармашылыққа  баули 
отырып,  жан-жақты  даму  мүмкіншілігіне  жол  ашу  маңызды.  Студенттерді  шығармашылық 
жұмыстарға  тарту  үшін  оларды    қызықты  материалмен  қамтамасыз  ету  қажет.  Студенттердің 
араб  тілін  үйренуге  деген  қызығушылықтарын  арттыруда  оқытудың  әдістері  мен  құралдары, 
тіпті  сабақты  ұйымдастыру  жағынан  да  өзгеше  болатын    дәстүрлі  емес  сабақтарды  өткізудің 
маңызы  өте  зор.  Студенттердің  тағы  бір  жауапкершілік  сезімдерін  жетілдіретін,  олардың  өз 
бетінше іздену арқылы дамуларына себін тигізетін, үлкен тәрбиелік маңызы бар тапсырманың 
бірі -үй тапсырмасы. Студенттерді шет тіліне деген қызығушылығын тудыра білу үшін оларды 
жан – жақты дамытатын үй жұмыстары қолданылады. Бұл жаттығуларды орындау барысында 
студенттердің  шығармашылық  қабілеттері  артады,  әрі  лексикалық  және  грамматикалық 
материалдарды жеңіл үйренуге жол ашылады және өз алдымен жұмыс істеу дағдылары артады.   
Осындай  жұмыс  түрлеріне  жататын  жұмыстар:  эссе,  шығарма,  хат    жазу,  слайд-
презентациялар әзірлеу; баяндама, реферат дайындау; әңгіме, диалог құрастыру немесе оларды 
аяқтау,  толықтыру;  жобалар  дайындау;  аталған  тапсырмалар  студенттердің      сабаққа  жан – 
жақты  дайындалуына,  көп  ізденулеріне  себін  тигізеді.  Студенттер  чаттар,  видеокон-
ференциялар,  форумдармен  электронды  пошта  арқылы  қолдана  алады.  Олар  өмір  жайлы  жан 
жақты  мәліметтер  алады.  Мысалы;  тарих,  әдебиет  және  басқада  құндылықтар.  Бұл  әсіресе 
студенттер  үшін  үлкен    пайда,  себебі  бізде  шетел  тілін  күнделікті  қолдану  мүмкіншілігі  өте 
аз.[4, 103]. Студент  тікелей  интернеттен  мәтінді  тыңдағанда  мәтіндегі  сөздерді  бірден 
қабылдап,  жаңа  сөз  тіркестерін  танып  түсініп  уйренуге  жаттығуы  керек.  Кез-келген  адамның 
бірден  барлық    сөз  тіркестерін  ойында  сақтауы  мүмкін  емес,  әйтсе  де,  жаңа  сөз  тіркестері 
қайта-қайта тыңдалынып танылып, түсініледі. Ол есте қалған сөз тіркесі ойға түседі деген сөз 
емес, қабылдаудың тұрақтылығы болып табылады. Жалғыз сөзді танып, түсінгенмен, ол бүкіл 
сөйлемді  ұғынуға  мүмкіндік  бермейді,  сондай-ақ,  жеке  сөйлем  бүкіл  мәтіннің  мағынасын 
бермейді. Ал сөзді мәтін құрамында, синтагманы және толық сөйлемді белгілі бір сөзді білмей-
ақ  түсінуге  болады.  К.С.Фоломкинаның  айтуынша: «Материалды  қабылдау  мен  қорыту 
процестері  бір  уақытта  ма,  әлде  бірінен  соң  бірі  іске  аса  ма  және  әр  процеске  кететін  уақыт 
мөлшерін де білмейміз[5,33-35].  
Екі  процестің  біреуінің  жылдам  жүруіне  байланысты  оқу  жылдамдығы  қалыптасатыны 
белгілі.  Сондықтан  оқу  жылдамдығы  техникалық  дағдыларды  автоматизациялау  деңгейінің 
жанама  көрсеткіші  болып  табылады.  Бұл  айтылғандардан  белгілі  сөздер  тобын  бірден  тану, 
әрекет  түрлерінің  бірі  ретінде  оқуды  дамытудың  негізгі  факторларының  бірі  деп 
қорытындылауға болады. Мұның бәрін практикалық сабақта меңгеру мүмкін емес сондықтан, 
интернет  ресурстарын  қолдану  студенттің  өз  бетінше  үйде  қосымша  дайындалуына,  оқып 
үйренуіне әсіресе ізденіп, талпынған студентке берері көп.  
Араб  тілін  оқытудағы  басты  мақсат – практикалық  тіл  дайындығы.  Өйткені 
студенттердің  араб  тілін  меңгерудегі  практикалық  қабілеттерін  арттыруда  кәсіби  біліктілігі 
осымен  тығыз  байланысты.  Жоғары  оқу  орындары  үшін  араб  тілі  бойынша  бағдарламаның 
түпкі  талаптары  студенттердің  араб  тілі  бойынша  білімі  толық,  тілді  меңгерген  болуы  керек 
деген  тұжырым  жасауға  мүмкіндік  береді.  Соған  байланысты  араб  тілін  толыққанды 
меңгерудің  негізгі  критерийлері  анықталады:  араб  тілінің  барлық  тілдік  және  стилистикалық 
нормаларын  сақтаған  қарапайым  коммуникация  құралы  ретіндегі  сөйлеу  әрекетінің  барлық 
түрлерін еркін пайдалану (айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым); араб тілін кәсіби меңгеру. 

89 
 
Осы талаптардан шығу үшін интернет ресурстарын араб  тілі сабағында қолдану студенттердің 
ойлау және өздік жұмыс жасау белсенділігін арттырады. 
 
Пайдаланған әдебиеттер: 
1. http://learning.aljazeera.net/arabic  
2.  Teeler D., Gray P. How to use the Internet in ELT. – London: Longman .  
3. Клейман Г.Б., Леонов А. Г., Кузьменко М.А.  Что Такое Интернет? Информационные и комму-
никационные технологии в образовании. 1998.   
4.  Полилова  Т.А.,  Пономарева  В.В.  Внедрение  компьютерных  технологий  в  преподавание  ино-
странных языков. //  ИЯШ. – 1997. 
5.Фоломкина К. С. О работе над компонентами чтения. // Иностр. яз. в шк. - 1997. - № 12. 
 
 
 
Ибрагимова М.Н., Нусупбаева С.А. 
 
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ САБАҒЫНДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ 
ПАЙДАЛАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ  
 
Әл-Фараби  атындағы  Қазақ  ұлттық  унверситеті  жоғары  оқу  орнына  дейінгі  білім  беру 
факультетінде  оралман  тыңдаушыларды    жоғары  оқу  орнына  дайындайтын  кафедра  жұмыс 
істеп келеді. Төрт жылдан бері Қазақстанның бірыңғай ұлттық тестілеуден жоғары балл жинай 
алмай  қалған  оқушылар  да  келіп,  біздің  факультетте  дайындалуда.  Оралман  тыңдаушылары  
Қазақстан  тарихын  мүлде  білмей  келіп,  қиналып  жатса,  керісінше,  жергілікті  балалардың 
көбінің білімдері тарихтан қуантарлық.  Бірақ бұл жергілікті балалардың тарихтан барлығының 
білімі  жоғары  деген  сөз  емес.  Бізге  келген  тыңдаушылардан  айтатын  сөздері:  біз 11 сыныпта 
тек сұрақ-жауаппен дайындалдық. Сондықтан тесте келеді деген сұрақтарды ғана жаттағанын 
айтады. Қазіргі бізге келген тыңдаушылардың көбінің проблемасы сұрақтарды автоматты түрде 
жаттап алуы. Әрине, тесті жаттағаны дұрыс, бірақ сонымен тарихында оқу қажет. Мысалы, ІІ 
Дүние  жүзілік  соғыс  пен  Ұлы  Отан  соғысының - 1941-1945 жылдарын  немесе  екеуін  бөлек 
уақытта болғандай жеке-жеке қарастыруы. Бұл, олардың осы кезеңнің тарихын тек жаттап алу 
арқылы оқығанның әсері деп ойлаймын.  Ұлы Отан соғысы кезіндегі тыңдаушылардың жаттап 
алған сұрақтары біріншіден; барлық батырларымыздың есімдері және олардың саны; екіншіден 
Қазақстаннан неше адамның соғысқа аттанғаны.   
Екінші  дүние  жүзілік  соғыстың  қалай,  қай  жылы,  қай  мемлекеттің  бастағанын  көп 
тыңдаушы  біле  бермейді.  Енді  осындай  үлкен  тақырыпты  аз  уақытта  тыңдаушыға  қалай 
меңгертуге болады. Тыңдаушылардың барлығы айтқанды жүз пайыз қабылдамайды. Біреулері 
тек  тыңдау  арқылы    қабылдаса,  екінші  біреулері  көру  арқылы,  енді  біреулері  құлақпен  естіп, 
көзбен слайдтарды көріп, тыңдаушылармен талқылау арқылы түсінеді.  Дәрісханада 50 минут-
тың ішінде осының барлығы қамтылуы керек.  
Сабақтың тақырыбы: Ұлы Отан соғысы кезіндегі  Қазақстан 
Білімділік:  Тыңдаушыларға  Ұлы  Отан  Соғысы  жылдарындағы  Қазақстан  тарихын 
қайталату.  
Сабақтың міндеттері:  
1.  Кеңес - герман  соғысы  жылдарындағы  қазақстандықтардың  қайтпас - қайсарлықтың 
үлгісін көрсеткендігін, олардың ерліктерін насихаттау.  
2.  Тыңдаушыларды  осыған  дейінгі  білгендерін  еске  түсіре  отырып,  халқының  жеңіске 
қосқан  үлесі,  жауынгерлеріміздің  өшпес  ерліктері  туралы  қосымша  деректермен  таныстыру. 
Тыңдаушылардың ой - өрісін дамыту және іздену қабілетін арттыру. 
3. Тыңдаушыларды Отан қорғау жолындағы батырлардың ерліктеріне бас ие отырып, өз 
елін, жерін сүюге және құрметтеуге тәрбиелеу. 
4. Тыңдаушыларды тақырыпты толық меңгертіп, тестке дайындау.    
 
Сабақтың  мақсаты:  Ұлы  Отан  соғысында  қазақстандықтардың  барлық  соғыстарға 
қатысуын айта отырып,  олардың тарихтағы ерліктерін түсіндіру. 
Дамытушылық:  Оқушылардың  тарихи  оқиғаларды  есте  сақтау,  зерттеу,  іздену,  шы-
ғармашылық жұмыс істеу қабілеттерін дамыту. 

90 
 
Тәрбиелік:  Ұлы  жеңістің  тарихи  маңызын  танып  білуге  үйрету,  отансүйгіштікке 
тәрбиелеу.  
Сабақтың түрі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, қайталау, дамыта оқыту технологиясы. 
Білімділік:Оқушыларға  Ұлы  Отан  соғысы  жылдарындағы  Қазақстан  тақырыбын, 
қайталату.  
Сабақтың  әдіс  тәсілдері:  Сұрақ  -жауап,  топпен  жұмыс,  деңгейлік  тапсырма  беру, 
жұмыс,шығармашылық тапсырмалар,сын тұрғысынан  ойлауды дамыту технологиясы. 
Сабақтың  көрнекілігі: Интернеттен алынған материалдар, көрсетілген слайдтар, видео-
лар, карта, кітаптар, тест нұсқалары  
Сабақтың барысы 
 І. Ұйымдастыру кезеңі.  
1. Сәлемдесу.  
2. Түгендеу.  
3.Сабаққа дайындықтарын тексеру, бүгінгі тақырыптың маңыздылығын түсіндіру. 
ІІ. Өткен материалға шолу 
Ауызша сұрау интерактивті тақтада орындалады. Қайталау сұрақтары: 
1.  Майданға жақын өңірлерден өнеркәсіп орындарын елдің шығыс аудандарына көшіру 
жүзеге  асырылып,  Қазақстанға  орналастырылған  зауыт  пен  фабрика,  цехтар  мен  артельдер 
саны 
2.  Ұлы  Отан  соғысы  жылдары  республикаға  көшіріліп  әкелініп,  қалпына  келтірілген 
тамақ өнеркәсібі кәсіпорнының саны 
3.  Ұлы  Отан  соғысы  жылдары  республикаға  көшіріліп  әкелініп,  қалпына  келтірілген 
жеңіл және тоқыма өнеркәсібі кәсіпорнының саны 
4.  Ұлы Отан соғысы жылдары үздік табыстарға жеткен Қазақстан колхозшылары 
5.  Күріштен рекордты өнім алған, екі мәрте "Социалистік еңбек ері" 
ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту.  
1. Ұлы Отан соғысының басталуы  
2. Қазақстандықтар Мәскеу үшін шайқаста 
3. Қазақстандықтар Ленинград үшін шайқаста  
4. Қазақстандықтар Сталинград үшін шайқаста 
5. Соғыстың аяқталуы 
Жаңа сабақты түсіндіру барысында сабақты видеомен бастағаны дұрыс. Бұл бейбіт күнде 
өмір  сүріп  жатқан  тыңдаушыларға  естуден  қарағанда  ерекше  әсер  етеді.  Видеода  көрсетіліп 
жатқан мәліметтер баяндау тәсілімен түсіндіріледі. (Видео көрсетіледі)  
1.Ұлы Отан соғысының басталуы 
(Гитлердің  кім  екенін  қысқаша  түсіндіріліп,суреттері  көрсетіледі.  Слайдтан  картаны 
шығарып, Герман әскерлерінің Кеңес одағына қай жағынан келгенін және Қазақ жерінде соғыс 
болмаса да, қаншалықты ұрыс ошақтарына жақын екенін көрсетеміз.  
1940 жылы 18 желтоқсан фашистік Германия  басшылығы “Барбаросса”соғыс жоспарын 
жасады. Мақсаты: 
- КСРО ға қарсы соғыс ашу 
- “Қауырт соғыс” идеясы бойынша соғысты 1941 жылдың күзінде аяқтау  
- Фашистер жоспары бойынша КСРО:  
- Сансыз көп ұлттың жасанды және тұрақсыз бірлестігі; 
- Ішкі бірліктен жұрдай этникалық конгломерат; 
1941  жылдың 22 маусым  айында  фашистік  Германия  әскерлері  Кеңес  Одағының 
шекарасына басып кірді. ¥лы Отан соғысына Қазақстан біртұтас ел болып қатысты. Шайқасып 
жатқан  армия  қатарына  1196164  (1 200 000) қазақстандықтар  қосылды(әрбір  бесінші  Қазақ-
стандық).  Майданға  және  корғаныс  өнеркәсібіне  республикамыздың  әрбір  төртінші  тұрғыны 
жіберілді.  Еліміздің  экономикасы  соғыс  мақсатына  жұмылдырылды.  Өнеркәсіп  орындарын 
көшіру және қабылдау, тылдағы қайта құрудың құрамдас бөлігіне айналды.  
Соғыс  болып  жатқан  өңірлерден  Қазақстанға 27 әскери  оқу  орны  көшірілді.  Онда 
соғысқа  қажетті 16 000 әскери  офицер  дайындалды.  Бұл  әскери  оқу  орындарының  түлектері 
Кеңес  одағының  батыры  атағын  алғандар  көп  болды.  Мысалы,  Шымкент  Чугуев  әскери 
авиация училищесінде КСРО –ның үш мәрте  И.Н. Кожедуб оқыды. 
2.  Қазақстандықтар Мәскеу үшін шайқаста 
Мәскеу үшін шайқас (1941 -30 қыркүйек – 1941 жылы 8 желтоқсан ) 

91 
 
(Слайдтан  Мәскеудің 1941 жылғы  соғыс  кезіндегі    суреттерін  көрсетіп,  Бауыржан 
Момышұлының өз даусымен жазылған аудио тыңдатылады). 
316  атқыштар – дивизиясының  ерлік  жолдары:Мәскеу  шайқасында  генерал  майор 
И.В.Панфилов қолбасшылық еткен 316 атқыштар дивизиясы қатысты. Жауды Москва түбінде 
алғаш рет ірі жеңіліске ұшыратты. Мұнда Генерал майор И.В.Панфилов және полк комиссары 
А.С.Егоров  қолбасшылық  еткен  даңқты 316-шы  атқыштар  дивизиясы  ерлікпен  шайқасты. 
Мәскеу  шайқасындағы  ерлігі  үшін 316-шы  атқыштар  дивизиясы  Қызыл  ту  орденімен 
марапатталды.  Москва  үшін  шайқаста  қаһарман  Кеңес  Одағының  батыры  Москва  түбіндегі 
шайқас Бауыржан Момышұлының өміріндегі ерекше кезең болды. Жас сардар, 1073 атқыштар 
полкінің батальон командирі, аға лейтенант Бауыржан Момышұлы сарбаздармен қақаған қыста 
Мәскеу түбінің омбы қарына малтыға жүріп, бес рет қоршауды жарып шығып, жалпы саны 27 
рет  қол  бастап  ұрысқа  кіріп,  соғыс  тарихында  болмаған  тактикалық  маневрлер  жасап,  әскери 
өнерге жаңалық енгізген. КомандирМомышұлыжетікстратег, асқан тактик, психологеді. Батыр 
атағы тек 1990 жылы қайтыс болғаннан кейін берілді.  
1941 жылғы 16 қарашада Дубосекова разьезі түбінде жаудың 18 жауынгерлік машинасын 
жойып,  оны  шығысқа  жібермеген 1075-ші  атқыштар  полкінің  танк  жоюшылар  тобы  өшпес 
ерлік көрсетті.Ол топтың саяси жетекшісі В.Г.Клочков бүкіл майданды шарлап кеткен «Россия 
кең –байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ, артымызда Москва» деген жалынды ұранын көтереді. 
Бородино  селосында  неміс  бөлімінің  штабына  басып  кіріп, 5 неміс  офицерінің  көзін 
жойған  Төлеген  Тоқтаровтың  ерлігі  жауынгерлердің  есінде.  Оған  қаза  тапқаннан  кейін  Кеңес 
Одағының батыратағы берілді. 
Ротаның  саяси  жетекшісі  Мәлік  Ғабдуллин  басқарған  автоматшылар  тобы  жау  танкісін 
жойып, өз бөлімшелерін қоршаудан алып шықты.Неміс фашистері қарсы ұрыстарда көрсеткен 
жауынгерлік  ерлігі  үшін  Ғабдуллинге  Кеңес  Одағының  батыры  деген  атқа  ие  болды.  Төрт 
қазақстандық  ұшқыш - Талғат  Бигелдинов,  Леонид  Беда,  Иван  Павлов,  Сергей  Луганский 
Кеңес Одағының Батыры атағына екі рет ие болды. 
Талғат  Бегильдинов 1942 жылы  майданға  аттанады.  Ұшақпен  көк  жүзінде 500 сағат 
болады. 305 рет әскери шабуылға шығып, жау ұясы – Берлинді алуға бірінші болып қатысады. 
Фашистер  Талғат  мінген  ұшақты  «Қара  ажал»  деп  атаған. 23 жасында  Кеңес  Одағының  екі 
мәрте батыры атағын иеленді. 
Ұлы  Отан  соғысы  жылдары  ең  алғаш  Кеңес  Одағының  Батыры  атағын  алған 
қазақстандық жауынгер К.А.Семеченко (1941 жылы 22 ш1941 жылы 22 шлде) 
238 – атқыштар дивизиясының  автоматшысы Ока жағасында, Серпухов  түбіндегі Воро-
нино қыстағындағы шайқаста 13 фашистің көзін жойып, өзі де қаза тапқан –  Амангелді Има-
новтың ұлы Рамазан Амангелдиев. 
316 атқыштар дивизиясы Мәскеу шайқасындағы ерлігі үшін  8 гвардиялық дивизия болып 
қайта  құрылып,  Қызыл  Ту  орденімен  марапатталды. 1942 жылы  қаңтар  ақпан  айларында  Старая 
Русса-Холм аралығында “қарлы жорықтағы” ерлігі үшін Ленин орденімен марапатталды. 
  3.Қазақстандықтар Ленинград үшін шайқаста (1941 жылы қыркүйек - 1943 жылы 
қаңтар).  (Ленинград  қаласының  тұрғындарының  қырылуы  туралы  фильмдерден  үзінді, 
қазақтың батыр қыздары Ә.Молдағұлова, М.Мәметова туралы деректі фильм көрсету ).  
Қазақстандық  әскери  құрамалардың  үштен  бірі  Ленинград  түбінде  соғысты. 316-
атқыштар  дивизиясы (1941 ж. 9 қыркүйек)  және 314-дивизия  Ленинград  облысының 22 елді 
крейсерінде 156 қазақстандық  шайқасып,  ерліктері  үшін  ордендер  мен  медальдармен  мара-
патталды. Ленинград 900 күн қоршауда 850 мың бейбіт тұрғыны қаза болып, 1943 жылы қаң-
тарда  жаудан  босатылды. 1944 жаудан  түгел  жаудан  тазартылды. Ленинград  үшін  шайқастың 
ауыр күндерінде С.Баймағамбетов жаудың арнайы салынған қорғаныс ұясының оқ жаудырып 
тұрған  аузын  кеудесімен  жауып,  қаза  тапты.  Қаза  тапқанннан  кейін  Кеңес  Одағының  батыры 
атағы берілді. М.Маметова "Апам да, ағам да жоқ, сондықтан менің өзімді" майданға жіберуді 
өтінемін"деп  соғысқа  аттанған. 1944 жылы  М.  Мәметова  Невель  қаласы  үшін  болған  соғыста 
қаза тапты. 54 атқыштар бригадасының Ә. Молдағұлова Казачиха станциясын алу кезінде 1944 
жылы қаза тапқан. Қазақ тапқаннан кейін Әлияға батыр атағы берілді.  
Ленинград шайқасының маңызы: 
- Гитлершіл Германияның ірі жеңісі еді.  
- Халықтар достастығы мен ерлігінің көрінісі. 
3.  Сталинград   барлық жағынан Қазақстан қамтамасыз еткен. Осында көптеген әскери 
техника  жөндеуден  өтті.  Мысалы,  бір  ғана  Ақтөбеде  ай  сайын 30 ұшақ  құрастырылды. 

92 
 
Қазақстан  жерінде  құрылған 292, 387-атқыштар  дивизиясы, 81-атты  әскер  дивизиясы 
т.б.Сталинградты қорғауға тікелей қатысты. Сталинградтың түбінде көптеген Қазақстандықтар 
ерліктің небір тамаша үлгісін көрсетті. Жамбылдың ұлы Алғадай Сталинград түбінде ерлікпен 
қаза тапты. Г.Сафиулин, М.Баскаков сияқты азаматтардың басқарған әскери бөлімдері жауды 
талқандау  барысында  көп  үлес  қосты. 1942 жылы 19 желтоқсанда  қарағандылық  ұшқыш 
Нүркен  ӘбдіровБоховская-Пономаревка  ауданындағы  әуе  шайқасында  ұшағын  жау  танкілері 
шоғырына  құлатып,  ерлікпен  қаза  тапты. 29 және 38-атқыштар  дивизиясының  жауынгерлері 
жауды  Сталинградтың  Киров  ауданына  енгізбей,  танкі  мен  зеңбіректер  жөндейтін  заводттың 
тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз етті. 1943 жылы бұл дивизиялар 72 және 73-гвардиялық 
дивизияларға  айналып, «Сталинград  дивизиясы»  құрметті  атағына  ие  болды.  Оңтүстік 
Қазақстандық жауынгері ТолыбайМырзаев «Павлов үйін" қорғауда ерлік көрсетті. Сталинград 
түбінде  қазақстандықтар  К.Сатпаев  пен  А.А.Бельгин  өздерінің  ерлігі  нәтижесінде  Кеңестер 
Одағынын батыры атағына ие болды.  
116-атқыштар дивизиясы, 565-атқыштар полкінің 7-ротасының жауынгерлері Сталинград 
көшелерінде  ерлікпен  шайқасты.  Олардың  ерлігі  құрметіне  Сталинградта  «Қазақ»  көшесі 
ашылды. 11 жауынгер 300 фашистке  қарсы  шайқасып,  түгел  қаза  тапты  (араларында 
Лениногорскілік  комсомол  Кәміл  Хузин  болды).  Ержүрек  жауынгерлер  қорғаған  төбе 
«Шығыстың 11 батырының  төбесі»  деп  аталады.  Қазақстандық  Т.С.Позолотин  басқарған 17-
гвардиялық  танк  полкі  Еділ  жағасындағы  ірі  операцияларда  шешуші  роль  атқарды.  Сөйтіп, 
1943 жылғы қыста Сталинград түбінен жау 600-700 км. жерге қуылды.  
Сталинград шайқасының жарығы маңызы. 
Сталинград шайқасы соғыс тарихында ерекше орын орын алды. 
-Екінші дуниежүзілік соғыстағы түбегейлі бет бұрысқа шешуші үлес қосты.  
- Қызыл Армия стратегиялық инициативаны берік қолға алды.  
- Гитлерлік Германияның тағдырының шешілу ұақытын жақындата түсті. 
-Еділдегі  (Волгадағы)  шайқас  бүкіл  дүниежүзілік  тарих  шежіресіне  ұмытылмас  ерлік 
беттерін қосты.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет