Әдебиеттер
1 Дүниежүзілік мүгедектер туралы баяндама. - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, 2011г. http://www.who.int/
disabilities/world_report/2011/summary_ru.pdf?ua
2 Инклюзивті білім беру жағдайында қызмет ететін мұғалімдердің кәсіби құзіреттіліктеріне қойылатын талаптарды
дайындау бойынша әдістемелік ұсынымдар.–Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2015. – 32 б.
3 Всемирная встреча на высшем уровне по вопросам информационного общества: http://www.itu.int/wsis/
index.html ООН/МСЭ ВВУИО, Женевская декларация принципов, см. http://www.itu.int/wsis/documents/doc_multi.
asp?lang=en&id=1161|0
References
1 Vsemirnyj doklad ob invalidnosti. – Vsemirnaya organizaciya po sohraneniyu zdorov›ya, 2011 g.
2 Metodicheskie rekomendacii po professional›noj kompetentnosti prepodavatelej rabotayushchih v usloviyah inklyuzivnogo
obrazovaniya. Astana: Nacional›naya akademiya obrazovaniya im. Y. Altynsarina, 2015. – s. 32
3 Vsemirnaya vstrecha na vyisshem urovne po voprosam informatsionnogo obschestva: http://www.itu.int/wsis/
index.html OON/MSE VVUIO, Zhenevskaya deklaratsiya printsipov, sm. http://www.itu.int/wsis/documents/doc_multi.
asp?lang=en&id=1161|0
Основы использования информационных и коммуникационных технологий в работе будущих учителей
начальных классов в условиях инклюзивного образования.
Эта статья посвящена основным проблемам использования информационных технологий в работе будущих
учителей начальных классов детьми c ограниченными возможностями. На современном этапе с помощью различных
информационных технологии реализуется целая образовательная система, статья раскрывает значение и
останавливется на ключевых проблемах использования ИКТ будущими учителями начальных классов в условиях
инклюзивного образования. Предложения которые рассматриваются в этом докладе касаются не только студентов,
но и специалистов в области просвещения, административных начальников образования, и всех других специалистов
работающих в сфере образования. Также в докладе предлагается примерный проект специализированного курса для
студентов специальности 5В01020-Педагогика и методика начального обучения
Ключевые слова: инклюзивное образование, учитель начальных классов, информационные и коммуникационные
технологий.
The basics of using information and communications technologies in the work of the future teachers of initial classes of
in the conditions of inclusive education.
This article focuses on the basic problems of the use of information technologies in the work of the future teachers of initial
classes with children disabilities. At the present stage with the help of various information technologies implemented by the whole
educational system, the article reveals the significance and is a bus stop on the key issues of ICT use by future teachers of initial
classes in the conditions of inclusive education. Proposals are considered in this report apply not only to students, but also in the
field of education specialists, administrative heads of education, and all other professionals working in the field of education. The
report also proposed a rough draft of a specialized course for students majoring 5B01020-pedagogy and methodology of primary
education
Keywords: inclusive education, primary school teacher, information and communication technologies.
Редакцияға 27.01.2016 қабылданды.
№ 3 (112) 2016
351
ӘОЖ 371.01
М.Н. ОСПАНБЕКОВА
PhD докторант, Абай атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ. Meirgul 1976@mail.ru
БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ
РЕФЛЕКСИЯСЫН ДАМЫТУҒА ДАЙЫНДАУ МҮМКІНДІКТЕРІ
Мақалада болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін инновациялық іс-әрекетте оқушылардың рефлексиясын дамытуға
дайындау мүмкіндіктері қарастырылған. Студенттерді инновациялық іс-әрекетке дайындауда қолданылатын
мотивациялық, креативтік, пәндік-технологиялық, рефлексиялық компоненттерге талдау жасалған. Студенттердің
пәнді оқыту теориясы мен әдістемелерінде игерген теориялық білімдерін практикалық іс-әрекетте жүзеге асыруда
өз іс-әрекетіне рефлексия жасатумен шектелмей, оқушылардың рефлексиясын дамытуға бағытталған жұмыстардың
мақсаты мен мазмұнының сәйкестігін анықтап, рефлексия жасата алуға үйретуге негізделген ЖОО-дағы сабақтың
құрылымы берілген.
Түйін сөздер: жоғары білім беру, бастауыш сынып, инновация, мотивациялық компонент, креативтік компонент,
пәндік-технологиялық компонент, рефлексия компонент, концепция, алгоритм, критерий, итермелеу сатысы,
конструкциялау сатысы, нұсқалау сатысы.
Қоғамның өркендеп даму барысында болып жатқан өзгерістерге байланысты мемлекетіміздегі білім беру
мекемелерінің алдында жүйеленіп, дайындалып берген білімді, дағдыларды меңгеріп, қайталайтын емес,
шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашып, ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке
тұлға қалыптастыру міндеті тұр.
Егеменді еліміздің ағарту жүйесінің мақсаты – өркениетті елдермен деңгейлес дамуымызға мүмкіндік
беретін жаңа білім беру жүйесін қалыптастыру.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды меңгеріп,
ғылым мен практикадағы жетістіктерді игеру үшін, адамның шығармашылық және рухани дамуындағы дара
мүмкіндіктері мен интеллектуалдық сапаларының жоғары деңгейде қалыптасуын ұйымдастыру міндет деп
бекіткен [1].
Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылға дейінгі «Білім беруді дамыту» бағдарламасында: «Бүгінгі
білім берудегі басты мақсат – білім, біліктілік, дағдылар жүйесі ғана емес, осы білімді өмірде қолдана алу,
өз бетімен білім алу, өгерістер заманында тиімді өмір сүріп, жұмыс істеу дағдыларын дамыту» делініп, осы
мақсат негізінде сапалы білім беру міндеті айтылады [2]. Осы ретте білім беру мекемелерінде мемлекеттік
сұраныс пен тапсырыстың орындауы талапқа сай жүргізілуі тиіс.
Жоғары білім беру – болашақ маманға білім, іскерлік және дағды ғана беріп қоймайды, ол жеке тұлға
қалыптастырады. Бүгінгі күнгі педагогика ғылымының көкейкесті мәселелері – әлемдік білім беру кеңістігіне
сай бейімдеп білім беру және білім алу, кәсіби қалыптастырудың сапасын жақсарту, біліммен қамтамасыз
етудің ғылыми-әдістемелік жүйесін түбегейлі жаңарту, оқытудың әдістері мен ұйымдастыру түрлерін өзгерту,
алдыңғы қатарлы оқу-тәрбие тәжірибелері мен қазіргі қоғамның сұраныстарының алшақтығын жою, білімдегі
жаңашылдықты саралау, білімді жетілдіру үдерісіндегі үздіксіздікті қамтамасыз етуде оның рөлін арттыру.
Әдіскер-ғалым А.Әлімов: «Тұлғаның білімді болуы бүгінде жеткіліксіз. Білім беру, алу жүйесінің басты
мақсаты – өзіне-өзі есеп беріп, ойлары мен әрекеттерін талдай білетін, өзін-өзі бағалай алатын, өзінің
мүмкіншіліктері мен қабілеттерін жүзеге асырып, өркендей білетін, өз өмірі мен әрекеттерін жоспарлай алатын,
жауапкершілігі жоғары тұлға қалыптастыруға мейлінше тиімді жағдайлар жасау. Мұндай рефлексиялық
қасиеттерді қалыптастырған тұлға ғана жаңа Әлем жағдайында өмірдегі өз орнын тауып, қоғам игілігіне
нәтижелі еңбегімен қызмет жасауы мүмкін» – деп, өз еңбегінде ерекше атап көрсетеді [3].
Мектепке педагогикалық үдеріске қатысушылардың барлығымен ынтымақтастықта болатын, заманауи
оқыту технологияларын меңгерген, әртүрлі педагогикалық жағдайларда дұрыс шешімді тез қабылдауға
икемділік қабілеті бар мұғалім қажет. Ол қабілет негізгі пәндерді оқыту барысында пәнді оқыту жүйесінің
барлық деңгейлеріндегі инновациялардың әдістемелеріне студенттердің инновациялық әрекеттерінің
дағдысын қалыптастыру «ЖОО - дағы негізгі пән және пәнді оқыту теориясы мен әдістемесі» жүйесіндегі
өзара байланысты орнату арқылы дайындау кезінде жүзеге асырылады.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін инновациялық іс-әрекетке дайындауда:
- мотивациялық компонент бойынша инновациялық технологияларды оқытуда пайдаланудың
маңыздылығын түсінуін;
- креативтік компонент бойынша педагогикалық инновацияларды шығармашылықпен қабылдауын;
- пәндік-технологиялық компонент бойынша пәнді жоғары деңгейде білуін, оқыту технологияларындағы
инновацияларды игеруін;
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
352
- рефлексия компоненті бойынша өз іс-әрекетін талдай алуын және іс-әрекетінің инновация мақсатына
сәйкестігін анықтай алуын қамтамасыз ету қажет [4].
Студенттерге пәнді оқыту теориясы мен әдістемелерінде игерген теориялық білімдерін практикалық
іс-әрекетте жүзеге асыруда өз іс-әрекетіне рефлексия жасатумен шектелмей, оқушылардың рефлексиясын
дамытуға бағытталған жұмыстардың мақсаты мен мазмұнының сәйкестігін анықтап, рефлексия жасата
алуға үйрету керек. Сонымен қатар, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін жаңа стандарттарды, соған
сәйкес дайындалған жаңа оқулықтарды талдауға және инновациялық технологияларды тиімді қолдана алуға
дайындау қажет.
Жоғарыда көтеріліп отырған мәселелерді ЖОО-дағы оқу үдерісінде жүзеге асыру мақсатында
ұйымдастырылған «Бастауыш білім берудің қазіргі педагогикалық технологиялары» пәні негізінде «Оқу
мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау технологиясы» тақырыбындағы тәжірибелік сабақтың құрылымын
жасауда С. Мирсеитованың «Оқыту ізденіс ретінде. Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту
нысандары мен әдістері» [5], А. Әлімовтің «Интербелсенді әдістерді ЖОО-да қолдану мәселері» [3], Н.
Қошқарбековтің «Қазіргі кездегі оқытудың педагогикалық технологиялары» [6] оқу құрадары және Қазақстан
Республикасының Білім туралы Заңы [1] мен Қазақстан Республикасының бастауыш, негізгі орта және жалпы
орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты [7] басшылыққа алынды.
Тәжірибелік сабақтың мақсаты: Бастауыш мектепте қолданылатын «Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан
ойлау» технологиясына талдау жасай отырып, олардың түрлері мен әдістемесін оқып-үйрену; студенттердің
сабақ кезеңдері мен мазмұнына сәйкес келетін әдіс-тәсілдерді іріктей алу және құрастыру, ұйымдастыра алу
шеберліктерін дамыту.
Міндеттері:
Мотивациялық компонент бойынша студенттерге инновациялық технологияларды оқытуда пайдаланудың
маңыздылығын түсінуде «Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау» технологиясы тақырыбына логикалық-
дидактикалық талдау жасата отырып, игерген білімдерін толықтырып, түсініктерін кеңейту.
Креативтік компонент бойынша «Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау» технологиясының
ерекшеліктерін, логикалық-дидактикалық құрылымын, негізгі мазмұнын жүйелі түрде меңгертіп, әдістемелік-
мазмұндық сипатын анықтай білуге үйрете отырып, шығырмашылық, ізденушілік қабілеттерін дамыту.
Пәндік-технологиялық компонент бойынша пәнді жоғары деңгейде білуін, оқыту технологияларындағы
инновацияларды игеруде студенттерді сабақтың әр кезеңіне араналған «Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан
ойлау» технологиясының тиімді әдіс-тәсілдерін әдістемелік тұрғыдан талдап, тәжірибеде қолдана білуге
машықтандыра отырып, жүйелі жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Рефлексия компоненті бойынша болашақ мамандардың өз іс-әрекетін талдай алуын және іс-әрекетінің
инновация мақсатына сәйкестігін анықтай алуын қамтамасыз ету. Игерген білімдерін тәжірибеде қолдана
отырып, берілген тапсырмалар бойынша студенттердің өзінің белсенді ойлау әрекетін және рефлексия жасай
алуын жүзеге асыруын қалыптастыру.
Түрі: Танымдық сабақ (Оқылған материалды қайталау, жүйелеу, жалпылау).
Оқыту әдістері: шебер сынып, түсіндіру, дәлелдеу, иллюстрациялау, демонстрациялау.
Жабдығы: сабақ мазмұнына сай құрастырылған слайдтар, оқу құралдары, бастауыш мектеп оқулықтары,
флип-чаттар.
Негізгі мазмұны:
1. Итермелеу сатысы (Қызығушылықты ояту кезеңі) – 8 минут:
Ой сергек: «Теңіздегі капитан».
«Ойлан-жұптас-талқыла» старегиясы бойынша студенттер үшін сабақ соңында өз іс-әрекетіне рефлексия
жасату мақсатында талқыланатын келесі сұрақтар ұсынылады.
1. Оқушы ретінде - сіз не сезіндіңіз, не үйрендіңіз?
2. Оқушы ретінде – ойлау қызметінің қандай түрлерін сабақта пайдаландыңыз?
3. Мұғалімнің көзқарасынан алғанда - осындай сабақ не береді және сіздің пәніңіз үшін не беруі мүмкін
деп ойлайсыз?
4. Мұғалім ретінде – пайдаланған стратегиялар бойынша мұғалімнің іс-әрекеті қандай болды? Оларды
пайдалануда қандай сұрақтар туындады? Егер болса, онда... түсіндіріп қадамдарын санап шығыңыз.
Жаңа топ құру
1 топ: Шамшырақ; 2 топ: Болашақ; 3 топ: Жас талап; 4 топ: Ұлағат.
Топтық жұмыс. Бастауыш мектепте қолданылатын «Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау»
технологиясы тақырыбына логикалық-дидактикалық талдау жасату. Өткен сабақтардан игерген білімдерін
пысықтай отырып, игерген білмдерін бекіту мақсатында топтық тапсырмалар беру:
І Тапсырма: Бастауыш мектепте қолданылатын «Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау»
технологиясының стратегиялары (Топтастыру; Венн диограмма; Бес жолды өлең; Кубизм; ДЖИГСО-2;
№ 3 (112) 2016
353
Әлемді шарлау стратегиясы; Кері байланыс парағы; Ой толғаныс; Инсерт кестесі; Еркін жазу; Үш қадамды
сұхбат; Араласып кеткен уақиға; Эссе; Авторлық орындық; Бір айналым сөйлесу; Ой сергек; Авторға хат;
Галереяны шарлау; Бағалау; Топта жариялау т.с.с.). Талдау жасау.
ІІ Тапсырма: «Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау» технологиясының авторлары (Бағдарламаның
авторлары: Чарльз Темпл, Куртис Мередит, Джинни Стилл (Л.С.Выготский, Ж. Пиаже, Дж.Дьюи),
Қазақстанда: С.Мирсеитова). Анықтама беру.
ІІІ Тапсырма: Мектептегі «Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау» технологиясы негізіндегі сабақтың
құрылымы (Қызығушылықты ояту (7,5 минут); Мағынаны тану (15 минут); Ой қорыту (22,5 минут)). Талдау
жасау.
ІҮ Тапсырма: «Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау» технологиясы негізінде сабақтың әр
кезеңі бойынша шығармашылық тапсырмаларды іріктеу (Қызығушылықты ояту кезеңінде жүргізілетін
шығармашылық жұмыстар; Мағынаны тану кезеңінде қолданылатын шығармашылық жұмыстар; Ой қорыту
кезеңінде жүргізілетін шығармашылық жұмыстар; Ой сергектер, бағалау). Талдау жасау.
2. Конструкциялау сатысы (Мағынаны тану кезеңі) 32 минут:
Шебер сынып: «Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау технологиясы» тақырыбы бойынша
студенттердің игерген білімдерін негізге ала отырып, аз топпен жұмыс ұйымдастыру мақсатында студенттерді
төрт топқа бөліп, теориялық игерген білімдерін практикалық іс-әрекетте қолдана білуге машықтандыру.
Студенттер алдымен кез-келген сыныптың оқулығынан бір тақырыпты таңдап алып, ортақ мақсат, міндеттерді
айқындап, одан кейін сабақ кезеңдері бойынша өз топтарында отырып сабақ жоспарын құрады.
Сабақ кезеңдері бойынша топтық тапсырмалар беру:
1. Қызығушылықты ояту кезеңінде жүргізілетін шығармашылық жұмыстар;
2. Мағынаны тану кезеңінде қолданылатын шығармашылық жұмыстар;
3. Ой қорыту кезеңінде жүргізілетін шығармашылық жұмыстар;
4. Ой сергектер, бағалау, сабаққа рефлексия жасату.
Сабақ жоспарын құрып болған соң әр топтан бір студент мұғалім болып, сабақ кезеңдері бойынша
кезектесіп сабақ өтеді. Қалған студенттер оқушылардың рөлін ойнайды.
3. Нұсқалау сатысы (Ой қорыту кезеңі) – 10 минут:
Сабақты талдау: «Ойлан-жұптас-талқыла» старегиясы бойынша студенттердің практикалық іс-әрекеттегі
жетістіктері мен кемшіліктеріне рефлексия жасату. Студенттер өз іс-әрекеттеріне оқушы, мұғалім ретінде
рефлексия жасайды.
1. Оқушы ретінде - сіз не сезіндіңіз, не үйрендіңіз?
2. Оқушы ретінде – ойлау қызметінің қандай түрлерін сабақта пайдаландыңыз?
3. Мұғалімнің көзқарасынан алғанда - осындай сабақ не береді және сіздің пәніңіз үшін не беруі мүмкін
деп ойлайсыз?
4. Мұғалім ретінде – пайдаланған стратегиялар бойынша мұғалімнің іс-әрекеті қандай болды? Оларды
пайдалануда қандай сұрақтар туындады? Егер болса, онда... түсіндіріп қадамдарын санап шығыңыз.
Студенттердің өзін-өзі бағалауы. Бағалау кестелері алдын ала таратылып беріледі. Студенттер өздерінің
сабақ барысындағы іс-әрекеттерін әр критерий бойынша бағалай отырып рефлексия жасайды.
Критерийлер
Топ мүшелері
Идеялар
ды
ұсыну
Ж
олдаст
арын
топ жұмысына
жұмылдыр
у
Топт
ағы
белс
енділігі
Сұрақт
арға
жа
уа
п б
ер
уі
Белс
енді түр
де
тыңда
у
Ж
алпы ба
лл
Топ бойынша
Әр критерий бойынша ең жоғары балл - 4. Барлық балдың қосындысын 100-ге көбейтіп, 20-ға бөлу керек.
Сонда әр студенттің балдық көрсеткіш бойынша білім деңгейі анықталады.
Бағалау қорытындысы ретінде студенттерге рефлексия жасату мақсатында талқылауға ұсынылатын
сұрақтар:
- Топ жұмысының қандай жағымды жақтарына назар аудардыңыз? Бірлесе жұмыс жасау тиімді болды ма?
- Топ жұмысын кім басқаруға ұмтылды? Оның көшбасшылығын өзгелер мойындады ма? Неліктен?
- Топ жұмысында қандай қиындықтар туындады? Неліктен?
- Бұл қиындықтарды топ ішінде қалай жеңдіңіздер? Сіздің бұл жұмысқа қосқан үлесіңіз қандай болды?
Қиыншылықтарды қалай жеңуге болады деп ойлайсыз?
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
354
Қорыта келе, оқушылардың рефлексиясын дамытуда қолданылатын инновациялық технологияларды оқу
үдерісіне енгізуді ұйымдастыру мен басқаруға негіз болатын элементтер:
- педагогикалық технологиялар концепциялары, алгоритмдері, ақпараттық қамсыздандыру базасы;
- педагогикалық технологияларды пайдалану критерийлері;
- инновациялық технологияларды оқу-тәрбие үдерісіне іс жүзінде енгізу тетігі.
Ал, мұғалімнің инновациялық іс-әрекетке даярлығы белгілерінің негізінде, оқушылардың рефлексиясын
дамытуда болашақ мұғалімдерді инновациалық іс-әрекетке дайындаудың негізгі бағытары төмендегідей
қарастыруға болады:
– коммуникациялық технологияларды пайдалануға үйрету;
– пәнді оқытудағы кәсіби құзіреттілігін жетілдіру;
– оқушылардың оқу рефлекциясын дамытуда инновациалық техналогияларды қолдану бойынша өз
бетінше білімдерін жетілдіру дағдысын қалыптастыру;
– инновациалық технологиялар негізінде оқушылардың рефлексиясын дамыту бағыты бойынша
педагогикалық оқуларды ұйымдастыру;
– инновациалар технологиялар негізінде оқушылардың рефлексиясын дамытуға бағытталған сабақтарды
(практикалық сабақтарда, педагогикалық практика кезінде) талдау.
Мұғалім қазіргі педагогикалық технологиялардағы жаңашылдықты тиімді қолдану барысында,
оқушылардың оқу рефлексиясын дамытуға негіз болатын қасиет-сапаларын іске қосып, танымдық үрдістерді
өн бойынан өткізеді. Себебі, кез-келген педагогикалық технология ғылым мен тәжірибе арасындағы аралық
құрылым болып есептелінеді. Оқыту теориясы – мұғалімнің шығармашылығының негізі болып табылады.
Ал, педагогикалық технология – оқыту теориясын мұғалім мен оқушы әрекеті түрінде жобалау, қойылған
нақты мақсаттарға сәйкес оқыту үдерісін тиімді ұйымдастырып, жүзеге асыру болып табылады. Дұрыс мақсат
қойып, нәтижені интуитивті түрде жобалай алу, оның оқушы дамуының іргелес аймағына сәйкес болып,
қызыға еңбек етуге әкелетін сабақ жоспарын құру, ұйымдастыра алу, шығармашылық шеберліктің нәтижесі.
Әдебиеттер
1 Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы. – Алматы: Юрист, 2007. – 42 б.
2 Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
3 Әлімов А.Х. Интербелсенді әдістерді ЖОО-да қолдану мәселері. Оқу құралы. Алматы, 2013. – 448 бет. «Кантана
пресс» ЖСС баспасы.
4 Сластенин В.А., Подымова Л.С. Педагогика: инновационная деятельность. - М., 1997.- 293 с.
5 Мирсеитова С. Оқыту ізденіс ретінде. Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту нысандары мен әдістері. -
Қарағанды, 2011.
6 Қошқарбеков Н. Қазіргі кездегі оқытудың педагогикалық технологиялары (1-2 бөлім). - Алматы, 2007.
7 Қазақстан Республикасының бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті
стандарты. ҚР МЖБС 2.3.4.01-2010.
References
1 The Law on Education of the Republic of Kazakhstan. – Almaty: Lawyer, 2007. - 42 p.
2 State Program for the Development of Education in the Republic of Kazakhstan for 2011-2020.
3 Alimov A. Regarding the use of interactive teaching methods in universities. Textbook. Almaty, 2013. - 448 pages. «Kantana
press» LTD Publishing.
4 Slastenïn VA LS Podımova Education: ïnnovacïonnaya activity. – M., 1997. - 293 s.
5 Mïrseïtova S. Training as a search. The forms and methods to develop students› critical thinking. Karagandy, 2011.
6 Qoşqarbekov N.Modern Teaching Technology (1-2). – Almaty, 2007.
7 The primary, secondary and secondary education in the state compulsory standards. JI 2.3.4.01-2010.
Возможности подготовки обучения рефлексии обучающихся в инновационных действиях будущих учителей
начальных классов.
В статье рассмотрены возможности подготовки к развитию рефлексии обучающихся в инновационных действиях
будущих учителей начальных классов, проанализированы мотивационные, креативные, предметно-технологические,
рефлексивные компоненты. Не только организована рефлексия студентов, заставляющая их задуматься о своей
деятельности по практической реализации теоретических знаний, полученных на основе теории и методик обучения
предмету, определено соответствие цели и содержания работ, направленных на развитие рефлексии обучающихся,
дана структура урока в ВУЗе, основанная на обучении рефлексии.
Ключевые слова: высшее образование, начальный класс, инновация, мотивационный компонент, креативный
компонент, предметно-технологический компонент, рефлексивный компонент, концепция, алгоритм, критерий, ступень
продвижения, ступень управления версиями.
№ 3 (112) 2016
355
Достарыңызбен бөлісу: |