Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет91/102
Дата05.02.2017
өлшемі17,93 Mb.
#3475
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   102

Әдебиеттер

1 Мағауин М. Алдаспан. – Алматы: Атамұра, 2006. – 312 б.

2 Салғараұлы Қ. Ойлан,қазақ! – Астана: Фолиант, 2009. – 184 б.

3 Есім Ғ. Қазақ философиясының тарихы. – Алматы: «Қазақ университеті», 2006. – 216 б.

4 Нар заман мен зар заман поэзиясы: Асан Қайғыдан Әбубәкірге дейін. Жыр-толғаулар / құраст. Дүйсенбайұлы Е. – 

Алматы : Раритет, 2002. – 264 б.

5 Кенжалы Т. Асан Қайғы. – Алматы: Дайк – Пресс, 2006. – 283 б.

6 Мырзахметов М. Қазақ қалай орыстандырылды. – Алматы: Атамұра, 1993. – 128 б.

7 Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалары. – Алматы: Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы, 1955. – 324 б.

8 Абай. Қара сөз. – Семей, 2001. – 264 б.

9 Есім Ғ. Сана болмысы: Сегізінші кітап. – Алматы, 2004. – 330 б.

10 Абай. Өлеңдер, поэмалар, аудармалар мен қара сөздер. – Алматы: Жібек жолы, 2005. – 488 б.

11 Дулатов М. Өлеңдер, роман, пьеса, әңгімелер. – Алматы: Мектеп, 2002. – 368 б.

References

1 Magauin M. Aldaspan. – Almaty: Atamura, 2006. – 312 b.

2 Salgarauly Q . Ojlan, қazaқ! – Astana: Foliant, 2009. – 184 b.

3 Esіm G. Qazaq filosofijasynyn tarihy. – Almaty: «Қazaқ universitetі», 2006. – 216 b.

4 Nar zaman men zar zaman pojezijasy: Asan Qajgydan Abubakіrge dejіn. Zhyr-tolgaular / qurast. Dujsenbajuly E. – Almaty: 

Raritet, 2002. – 264 b.

5 Kenzhaly T. Asan Qajgy. – Almaty: Dajk – Press, 2006. – 283 b.

6 Myrzahmetov M. Qazaq qalaj orystandyryldy. – Almaty: Atamura, 1993. – 128 b.

7 Altynsarin Y. Tandamaly shygarmalary. – Almaty: Qazaqtyn memlekettіk korkem adebiet baspasy, 1955. – 324 b.

8 Abaj. Qara soz. – Semej, 2001. – 264 b.

9 Esіm G. Sana bolmysy: Segіzіnshі kіtap. – Almaty, 2004. – 330 b.

10 Abaj. Olender, pojemalar, audarmalar men qara sozder. – Almaty: Zhіbek zholy, 2005. –488 b.

11 Dulatov M. Olender, roman, p’esa, angіmeler. – Almaty: Mektep, 2002. – 368 b.

Сагатова А.С., Аринов Е.К. Мысли о российском колониализме в сознании казахского народа.

Философские  изыскания  о  российском  колониализме  являются  одной  из  актуальных  проблем  в  казахской  филосо-

фии. Как известно, содержательная реализация заветных целей невозможна без понимания истории народа. Понимание 

истории осуществляется через тщательный анализ проявления событий в сознании народа, раздумьи, позиции и при-

меров мыслителей, одухотворенных бытием сознания своего народа касательно тех событий.В статье авторы анали-

зируют мысли о российском колониализме в сознании казахскогонарода посредством филосовских изречений  казахских 

жырауов и мыслителей, живших в XV-XX веках.

Ключевые слова: история, российский колониализм, эпоха скорби, просвещение, самосознание, бытиесознания, раз-

думье.

Sagatova A.S., Arinov E.K. Thoughts on the russian colonialism in consciousness of the kazakh people.

Philosophical searches about the Russian colonialism are one of actual problems in the Kazakh philosophy. It is known that 

substantial achievement of the goals is impossible without understanding of history of the people. The understanding of history is 

carried out through the careful analysis of manifestation of events in consciousness of the people, thoughts, positions and models 

of the thinkers spiritualized by existence of consciousness of their own people concerning those events. In the article authors 

analyze thoughts on the Russian colonialism in consciousness of the Kazakh people by means of the philoosophical searches of the 

Kazakh zhyraus and thinkers of XV-XX centuries.

Keywords: history, Russian colonialism, zar zaman,education, national consciousness, existence of consciousness, thought.

Редакцияға 11.02.2016 қабылданды.



Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

528


ӘОЖ 13 (574)

Ә. САҒАТОВА

1

, Е. АРИНОВ

2

 

филос.ғ.к., Е.А.Бөкетов атындағы  Қарағанды мемлекеттік университетінің доценті, Қарағанды

1

,

С.Сейфуллин атындағы агротехникалық университеті оқытушысы, Астана

2

 

ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫ «НАМЫС» ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ  «ҒАЛЫМ НАМЫСЫ»

Мақалада  авторлар  намыс  ұғымына  философиялық  талдау  жасаған.  Қазақ  халқының  тарихындағы  намыс 

ұғымының  орнын  қазақ  ойшылдарының  намыс  туралы  ой-толғамдарын  келтіре  отырып  анықтайды.  Бұл  мақалада 

қазақ философиясы мен ғылымының дамуы үшін қажетті фактор ретінде «ғалым намысы» ұғымы ұсынылады және 

еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі уақытта қазақ тарихына, мәдениетіне, ойшылдарына жаңа, объективті баға беруде 

«ғалым намысы» ұғымының маңыздылығы көрсетіледі.

Түйін сөздер: қазақ философиясы, тарих, ұлттық мәдениет, намыс, ар, ұждан, ғалым намысы, тәуелсіздік.

Әр халық өмір сүру тарихында сан қилы кезеңдерден өтеді. Қазақ халқы этнос болып қалыптасу тарихы-

нан бастап осы уақытқа дейін бірлігі жарасқан, «қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған» мамыражай заманды 

да, ұлт ретінде жойылу қаупі төнген «қилы замандарды» да басынан өткізді. Бұған тарих куә. Жау қолынан 

қаза болып жатса да, батыр ұлдары сатқындықтың, жауыздықтың құрбаны болып жатса да, ашаршылықтан 

жартысына жуығы қырылып жатса да, тірі қалғандары тоз-тоз болып, бірі шекара асып жан сауғалап, бірі өз 

жерінде тағдырдың талқысында иленіп жатса да қазақ ұлттық болмысын, ұлттық тәуелсіздігін сақтап қалуға 

деген ұмтылысын еш уақытта жоймаған. Тарихқа көз жүгіртсек, қазақ жерінде өмір сүрген біздің арғы ата-

бабаларымыз саналатын хұндар, сақтар, үйсіндер, қаңлылар т.б., одан берідегі көк түркілер елдігін, бірлігін 

сақтауды мұрат қылған. Қазақ халық болып тарих сахнасына шыққаннан бергі кезде де осы мұрат өзгерместен 

халықтың бойынан көрініс тапты. Асан Сәбитұлының болашақта халықтың басына орнайтын «Қилы заман-

ды» болжап, халықтың болашағына қам жеп «Қайғы» атануы, «Жер Ұйық» идеясын елдік сана деңгейіне 

көтеруі, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Ақтамберді, Бұқар жыраулардың «Ел» мен «Жер» үшін қам жеуі, 

қазақ саяси тәуелсіздігінен айрыла бастаған тұстағы «Зар заман» ойшылдарының зары, қазақтың тәуелсіздігі 

үшін күрескен Алаш Ордашылардың елдік мүдде жолындағы арпалысы, М. Әуезов, Е. Бекмаханов, Қ. Сәтпаев 

сынды  тағдыры  тауқыметке  толы  қазақ  ұлдарының  тәуелсіздікке  деген  аңсары,  қазақ  халқы  тәуелсіздігін 

алғаннан кейінгі кезеңдегі қазақтың тілін, дінін, ұлттық болмысын жаңғыртудағы мемлекеттік тұрғыда жаса-

лынып жатқан харекеттер, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» Стратегиясындағы «Мәңгілік Ел» 

идеясы қазақ халқының тәуелсіздікке деген мұратының бір сәтке де ұмытылмағанын дәлелдейді. Халықтың 

тәуелсіздікке деген мұратының ұрпақтар арасында сабақтастығы, сол сабақтастықтың рухани негізі, рухани 

қуаты «намыс» еді.

Намыс  –  қазақ  халқының  сана  болмысында  мықтап  орын  алған  ұғым.  Намыс  –  адамның  ең  қадірлі 

қасиеттері – ар, ұят, ұждан ұғымдарымен қатар айтылады. «Қоянды қамыс өлтіреді, Ерді намыс өлтіреді» 

дейтін қазақ үшін намыс асылдардың асылы саналған.

Отанын сүйген адамға,

Отты сезімді адамға,

Барынан да ары асыл.

Жойса-дағы өз басын

Таптатпайтын басқаға

Сезімнен туған адамның

Асылдардың атасы

Намыс емей не асыл! [1, 82]

– дейді, қазақтың батыры, әрі биі болған Көкенай Үмбетайұлы адам үшін дүниедегі асылдарды айта келе. 

Дүниеде не көп – асыл көп, «ынтықтырған жар – асыл, шөлдегенге су – асыл, шаршағанға ұйқы – асыл, 

қарны ашқанға дәм – асыл, бойыңдағы жан – асыл». К.Үмбетайұлының ойынша, бұл асылдардың бәрі шарт-

ты түрдегі асылдар, барлығы өзінің адамға керек уақытында ғана асыл бола алады, ал шын асыл – намыс.

Намыс  қазақ  халқының  дүниетанымындағы  басты  ұғымдардың  бірі  болғанымен,  философияда 

зерттелінбеген тақырып. Алғашқы болып намысты философиялық категория ретінде анықтауға тырысқан 

философ  Балташ  Қасенов  болатын.  Б.Қасенов  өзінің  философиялық  эссе  түрінде  жазылған  «Намыс»  деп 

аталатын  еңбегінде  намыс  ұғымын  ғылыми  талдау  қажеттілігіне  көңіл  тоқтатады.  Сол  еңбектен  мынадай 

үзінді келтірейік: «Қазақ халқының тарихында «намыс» сөзі, оның өмірдегі мәні өте зор, өте маңызды мәселе. 


№ 3 (112) 2016

529


Дүниеде намыссыз адамдар, ұлттар, топтар, қоғамдар жоқ. Ал намыс қазақ халқының тарихында, күнделікті 

өмірде ерекше орын алады. «Жаралған намыстан қаһарман халықпыз» деп Әнұранымызда жай айтылмаған. 

Ғылыми  жолмен  намыс  осы  күнге  дейін  зерттелінбеген,  мұның  ғажап  рухани-психологиялық  күшіне 

ешкім ерекше көңіл аудармаған. Сондықтан намыс мәселесіне көңіл қояйық, қымбатты қазақ ғалымдары! 

Ғылыми  намысымыз  іске  ассын!»[2,  11].  Кейінгі  кезде  әдебиетте,  тарих  ғылымында,  философияда  на-

мыс төңірегінде мәселелер көтеріліп жүр. Бұл қазақ ғалымдарының намысқа ғылыми ұғым ретінде қарай 

бастағандығын көрсетеді. Мәселен, философ Г.Нұрышева намысты қазақ өмірімен біте қайнасқан, ғасырдан 

ғасырға жалғасып келе жатқан ұғым ретінде көрсете келе, намысты ғылыми тұрғыда зерттелінбегенін айта-

ды: «Намыс категориясы ғылыми тұрғыдан мүлдем зерттелмеген. Намыстың ғылыми сипаттамасын беруге 

талпынсақ, оны әрбір адамның өзінің еркіндігі мен тәуелсіздігін, рухы мен жанын, ар-ұяты мен сенімін, сана-

лы тіршілік етуші ретіндегі «Менін» аса жоғары, асқақ, өр дәрежеде қадір тұту, қастерлеу сезімін ақыл-оймен 

ұштастырып, сана деңгейінде игере білуі деген анықтама беруге болады» [3, 20]. 

Г.Нұрышева намысты жалған намыс және ақиқат намыс деп екіге бөліп түсіндіреді. «Намыстың қарапайым 

түсінігі  тек  сезіммен  байланысты  қарастырылады.  Жалған  намыс  осы  сезім  деңгейінен  көтеріле  алмай-

тын, ақылдың бақылауынан шығып кететін, соның нәтижесінде адамды адастыруы мүмкін намыс. Ақиқат 

намыс  жалған  намыстан  жоғары,  ол  ақылмен  үндеседі,  оған  бағынады»  [3,  21]  –  дейді  философ.  Біз  бұл 

пікірмен  келісе  отырып,  «ақиқат  намысты»  «парасатты  намыс»  ұғымымен  алмастырсақ.  Жалған  намыста 

адамның сезімі басым болса, парасатты намыста адамның ақылы мен жүрегі басым болады.  Қазақ халқының 

түсінігінде, парасат – ақыл мен жүректің үндесуі, үйлесуі немесе Абайдың «нұрлы ақылы». Жалған намыстан 

адамның жағымсыз қасиеттері – мақтан, күншілдік, арсыздық, тіпті, зұлымдық та туу мүмкін. Ал парасатты 

намыстан шыншылдық, арлылық, ізгілік туады. Бұл ойымызды Шәкәрімнің мына бір ойымен нақтылайық:

Ар демек – адамшылық намыс деген,

Арың кетпес жағыңа қарыс деген,

Теріс ұғып жүрмесін мұны біреу,

Сөз емес күншіл болып алыс деген.

Намыс сол – өзің қорлан кемдігіңе,

Құрбыңмен ұмтылып бақ теңдігіңе.

Алмай оз алдыңғының аяғынан,

Соқтықпай өзің ізден еңбегіңе [4, 167]

Шәкәрімнің  «адамшылық  намысы»  біздің  ұсынып  отырған  «парасатты  намысымызбен»  мәндес.  Па-

расатты  намыс  жөнінде  Мұхаммед  пайғамбар  (с.ғ.с.)  хадисінде  былай  делінеді:  «Ер  жігіттің  үш  намысы 

бар: бірі – иманы, екіншісі – Отаны, үшіншісі – отбасы, өзгесі жалған намыс». Жеке адамның осы үш на-

мысы  жалпылық  сипатқа  ие  болып  ұлттық  намыс  деңгейіне  көтеріледі.  Ұлттық  намысты  белгілі  бір  ұлт 

өкілінің  еліне, жеріне, тіліне, дініне, тарихына қатынасынан көруге болады. Ұлттық намысы парасаттылық 

деңгейіне жеткен адам халқының артықшылықтарымен қатар кемшіліктерін де, жетістіктерімен қатар артта 

қалушылығын да көре біледі. Жоғарыда келтірілген философ Б.Қасеновтың «намыс мәселесіне көңіл қояйық, 

қымбатты қазақ ғалымдары! Ғылыми намысымыз іске ассын!» деген емеурінін қазақ тарихы, мәдениеті, фи-

лософиясы саласының ғалымдары түйсініп, ұлттық намыстан нәр алған ғалымдық намыстарын іске асырса 

қазақ ғылымының дамуына зор екпін болар еді. 

Енді  «ғалым  намысы»  ұғымы  төңірегінде  сөз  қозғайық.  Ғалым  намысы  ұғымын  қалай  түсінуге  бо-

лады? Ғалым намысы ұғымын түсіну үшін қазақ жеріндегі алғашқы фарабитанушы, геолог ғалым Ақжан 

Машановтың 1994 жылы басылып шыққан «әл-Фараби және Абай» еңбегіндегі ойлармен танысайық. «Бізден 

бұрын  көп  ғалымдар  болды,  солар  неге  әл-Фарабиді  білмеген?  Білмеуі  мүмкін  емес,  өйткені  ол  туралы 

мәлімет барлық мәдениетті елдердің энциклопедиясында бар. Білді, біле тұра неге оны қолға алмаған? Екінші 

ұстаз, Шығыстың Аристотелі атанған әл-Фарабиді туған елінің білмеуі қалай, зерттемеуі қалай? Расында біз 

кембағыл болғанымыз ба? Осы ой, халық намысы маған маза бермеді. Осындайда менің жан дүниемде бір 

адам отырған сияқты... Ол маған:

–  Несіне  босқа  намыстанасың,  несіне  ашуланасың,  несіне  өткендерге,  басқаларға  кінә  қоясың.  Өзің 

отырсың емес пе? Сен бастамасаң сенен кейінгілерде сен сияқты өте береді. Баста. Адамдық міндет сонда» [5, 

11] – дейді  Ақжан Машанов. А.Машановтың әл-Фараби мұраларын зерттеуіне түрткі болған оның ғалымдық 

намысы. Өзі айтып отырғандай, әл-Фарабиді туған халқының білмеуі, зерттемеуі ғалымның намысына ти-

ген, халық намысы оған маза бермеген. Ол намыстанғандықтан әл-Фараби туралы зерттеп, нәтижесінде әл-

Фарабидің Отаны Қазақ жеріндегі Отырар қаласы екенін дәлелдегенін және оның еңбектерінің біршамасын 

қазақ тіліне аудартқанын білеміз.

Ғалым намысы ұғымын енді Шәкәрім арқылы түсініп көрелік. Шәкәрімнің өмірі жайында құнды дерек 


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

530


қалдырған Ахат Шәкәрімұлының «Менің әкем – халық ұлы Шәкерім» естелігіндегі мына бір оқиғаға наза-

рымызды аударайық.

«Әкей биіктің ықтасын күнгей бетінде отырған. Мен қарабұйра жинауға кіріскем. Әлден уақытта әкейдің 

қасына келіп байқасам, әкейдің екі көзінен құлай аққан жастың сорабын көрдім. Әкей көп жыламайтын, берік 

болатын. Жылай қалғанда өңі бұзылмай, көзінен жас парлап қана ағатын. Неліктен жылады екен деген ой келіп, 

«Неге жылағансыз?» – деп сұрадым. «Өткен бір жағдай есіме түсіп, көңілім босап, көзіме жас келді» – деді. 

«Басқа жұрт қазақты, әсіресе өзіміз – надан, білімсіз, өнерсіз, мәдениетсіз дейміз. Өнерсіз надан қалғанымыз 

рас. Бірақ, жете тексерсек, біздің де зор білімді адамдарымыз болған. Жер жүзіне жайылған, ғылым іздеп, 

өмірін сарп еткен бабаларымыз өткен. Әбунасыр, Әбусина, Қорқыт, Ұлықбек, тағы-тағылар түрік қауымынан, 

бізден шыққан. Тіпті кешегі өткен Әнет Бабаңның өзі ғалым-философ адам екен. Соны да тани алмай, баға 

бере алмай келдік қой. Абайға не қылмадық, не көрсетпедік – қарғадық, сөктік, жала жаптық, ұрдық, соқтық, 

талас-тартыс, ру партиясын қуумен өттік қой. Нақыл сөздердің иесі, алтын қазынаның қорларын жасаған 

– Асан, Бұқар, Марабай, Марқасқа, Өтеген, Үмбетей сияқты дүлдүл төкпе ақын, жыраулар, соларды жете 

ұғып, түсіне алдық па? Жоқ...» [6, 32]. Адамзатқа мәдениеттің озық үлгілерін ұсынса да бөгде жұрттың қазақ 

халқын білімсіз, өнерсіз, мәдениетсіз деп санауы, ойшылдарының танылмауы, төл мәдениеттің ұмытыла ба-

стауы Шәкәрімнің намысын жаниды, көңілін босатады, көзіне жас үйіртеді. Шәкәрімнің ғалымдық намысы 

осы оқиғадан көрініс табады.

Намыс – тәуелсіздіктің тірегі, құлдықтың жауы. Отарлаушы ел өзінің отарындағы елдің бірінші кезек-

те  ұлттық  рухын,  намысын  жоюға  ұмтылатындығы  тарихтан  белгілі.  Елдік  намысы  бар  ел  отарлаушыға 

бағынбайтыны, тәуелсіздігі үшін әрқашан күресетіні де тарихтан белгілі. Ресей империясы қазақтың елдік 

намысын ру намысы деңгейіне, ұлттық мінезін тобыр мінезіне дейін әлсіретті. Абай мұны былай бейнелейді: 

«Осы күнгілер өзге мінезге осы өрмелеп ілгері бара жатқанына қарай сол аталарымыздың екі ғана тәуір мінезін 

жоғалтпай тұрсақ, біз де ел қатарына кірер едік. Сол екі мінез жоқ болған соң, әлгі үйренген өнеріміздің бәрі 

де адамшылыққа ұқсамайды, шайтандыққа тартып барады. Жұрттықтан кетіп бара жатқанымыздың бір үлкен 

себебі сол көрінеді.

Ол екі мінезі қайсы десең, әуелі – ол заманда ел басы, топ басы деген кісілер болады екен. Көш-қонды 

болса, дау-жанжалды болса, билік соларда болады екен. Өзге қара жұрт жақсы-жаман өздерінің шаруасы-

мен жүре береді екен... Екінші мінезі – намысқорлық екен. Ат аталып, аруақ шақырылған жерде ағайынға 

өкпе, араздыққа қарамайды екен, жанын салысады екен»[7, 97]. Ресейдің боданы болғаннан кейінгі қазақтың 

жұрттықтан кетуінің себебі елдік намыстан, ұлттық мінезден айырылуында еді.

Қазақ  халқының  Ресей  отаршылығы  кезінде  жоғалтқан  ұлттық  мінездері  қазіргі  уақыттағы  рухының 

қайта жаңғыруымен қалпына келу үстінде. Бұған себеп болған еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі уақытта 

қазақ тарихына, мәдениетіне, ойшылдарына жаңа, объективті баға беруге ұмтылыстың басталғандығы. Ендігі 

мәселе осы ұмтылыстардан  туындаған төмендегі сұрақтарға жауап табу. Осы уақыт аралығында қазақ тарихы 

мен мәдениетіне, ойшылдарына отарлық өлшемдерден ада баға бере алдық па? Әлде Ресей ғалымдарының 

көзімен  жасалынған  өлшемдерден  аса  алмай  отырмыз  ба?  Санаға  кірген  отарлық  дерттен  айықпайынша 

жақсы  нәтижеге  жете  аламыз  ба?  Осы  уақытқа  дейін  ғалымдарымызды  отарлық  өлшемнен,  құлдық  сана 

шеңберінен шығаратын ғалым намысын іске асыра алдық па?

Бұл сұрақтарға жауапты қазақ философиясының тарихы, оның ішінде Шәкәрімнің дүниетанымы бойын-

ша мәселелер жазылған философиялық оқулықтарды мысалға келтіре отырып берейік. Оқулықтар арқылы 

сұрақтарға  жауап  беру,  біріншіден,  оқулық  авторларының  ғалымдық  намысынан  хабар  береді;  екіншіден, 

бұл оқулықтар колледждерде, ЖОО-да философия пәнін оқытуда басты оқулықтардың бірі болғандықтан, 

берілген оқулықтар оқушылардың, студенттердің бойында «тәуелсіз» сана қалыптастыра алып жүр ме деген 

сұраққа да жауап аламыз. Біздің мақсат Шәкәрімнің философиялық көзқарасын түсіндіру емес, Шәкәрімнің 

философиялық  ойлары  туралы  жазылған  оқулықтардың  авторларының  көзқарасын,  қазақ  философиясын 

зерттеудегі  әдістемелік  өлшемдерін  анықтау,  сол  арқылы  философ  ғалымдарымыздың  «ғалым  намысын» 

қандай дәрежеде екенін көрсету.

Жоғары  оқу  орындары  мен  колледждерде  «Философия»  пәнін  оқытуда  көп  пайдаланылатын  мына 

авторлардың  оқулықтары:  С.Мырзалы,  Т.Ғабитов,  Ж.Алтай,  А.Қасабек,  Ә.Нысанбаев,  К.Әбішев,  т.б.  Осы 

авторлардың ішінен С.Мырзалының 2010 жылы басылған «Философия» оқулығын бірнеше мысал келтіруде 

қолданайық.  Оқулықтың  333-ші  бетінде:  «Шәкәрімнің  онтологиялық  көзқарастарына  келер  болсақ,  оны 

рационалистік діни философияға, нақтылай айтсақ деизм бағытына жатқызуға болатын сияқты» – делінген 

[8,  333].  Шәкәрімнің  философиялық  көзқарасын  Еуропалық  философиядағы  деизм  бағытына  жатқызу 

қаншалықты орынды? Деизм бағытына философиялық сөздіктен түсініктеме келтірейік: «Деизм (лат. deus – 

Құдай) – Құдайдың болғандығын, кейіннен өз заңдары бойынша дамитын дүниенің бейнесіз алғашқы себебі 


№ 3 (112) 2016

531


ретінде мойындайын ілім»[9, 124]. Деизм – Құдайдың барлығын тек оның дүниені жаратуымен шектеп, дүние 

өздігімен өмір сүреді дейтін ілім. Мұндай ой Шәкәрімде кездеспейді. Шәкәрім, керісінше, деизмге қарсы ой 

айтады. «Мұсылмандық шарты» еңбегінде «Ей, достар, жақсылық пен жамандық әрне іс болса Алла Тағала 

болсын демей болмайды. Бұл сөзді бек анықтап ұғу керек. Осының мәнісін білмей теріс ойлайтұғындар көп. 

Кейбіреулер адамда түк ерік жоқ, әрі не қылса құдай тағала қылғызады деп Алла Тағаланың пендеге берген 

еркіменен талабын танады. Бұл теріс, кейбіреулер: жақсылық, жамандықты басында жаратқан Алла Тағала, 

сол себептен бәрі Алладан дейміз. Онан басқа Алла тағала дүниедегі пенденің ісіне тіпті кіріспейді. Бәрін 

де жаратты дейміз, пайғамбар арқылы ұқтырды да қойды. Пенде өз сүйгенін қыла береді дейді. Бұл ой да 

теріс ой...» дей келе, «Енді дүниедегі іске Алла тағала кіріспейді деген кісіге жауабымыз: Егерде олай болса 

пайғамбар да жоқ дегенін болады. Себебі пайғамбар да әншейін өздігінен бір себеппен болған болады. Оның 

үшін Алла тағала дүние ісіне кіріспеген соң, қалайша пайғамбар жібереді және сауап, күнә, тілек – бәрі бекер 

болады. Себебі Алла тағала дүние ісіне кіріспесе тілекті де бере алмайды. Және әр нәрсе себептен болған 

болып, сауап іс қылғанға разы болып рахмет қылып, обал іс қылғанға жаза қылудың да қисыны жоқ... Сол се-

бептен бұл сөздің де түбі теріс болады» [4, 668] – дейді. Шәкәрімнің өзі деистік түсінікті теріс деп отырғанда, 

оның көзқарасын деизмге жатқызуымыз дұрыс емес.

«Философия» оқулығында бұдан басқа Еуропалық философияның тағы бір іліміне қатысты мынадай ой 

берілген. Автор Шәкәрімнің: 

«Жанымыз – Күннен келген нұрдан.

Тәніміз – топырақ пен судан.

Күн – атам, анық жер – анам,

Бірі нұр беріп, бірі – тамақ,

Бұзады бірақ қайтадан.

Ер жетем, толам, қайта солам,

Әрі анам – бұл жер, әрі – молам» – деген өлең шумақтарын келтіре отырып, «бұл шумақтан біз Шәкәрімнің 

тіпті деизмнен гөрі пантеизмге жақынырақ екенін жорамалдаймыз» [8, 333] – дейді. Шәкәрімнің осы өлеңінің 

соңындағы бұл сөзімді естіп, тыңдаған адам мені кәпір демес бұрын, ақылмен және аятпен анығын байқасың 

деген ойың ескере бермейміз. Пантеизмге жақын болатындай Шәкәрімнің ойлары бар ма еді? Бұл сұраққа 

жауап бермес бұрын пантеизм ұғымын анықтап алайық. 

Пантеизмге философиялық сөздікте «пантеизм «гр. pan – бәрі және  tcheos – Құдай) – Құдай табиғаттан 

тыс бола алмайды, ол табиғатпен барабар бейқам бастама дейтін философиялық ілім» [9, 332] деген анықтама 

берілген. Пантеизм Құдайдың өзін Табиғатпен теңейтін ілім. Құдай – Табиғат, Табиғат – Құдай. Шәкәрімнің: 

«Алла тағала бар, өздігінен бар, біреу бар қылған емес, барлығының алды жоқ, бұрыннан бар, арты жоқ, 

ешқашан жоқ болмайды, өлмейді, тозбайды, өзгермейді. Алла тағала жалғыз не серігі жоқ, не теңдесі жоқ, 

ұқсасы жоқ және ешнәрсеге ұқсамайды. Кітапта бұл алты сипатын затия сипаты дейді. Олар мынау: бар, 

өздігінен бар, бұрыннан бар, жоқ болмайды, жалғыз, ешнәрсеге ұқсамайды» [4, 664]– деген ойларын оқи оты-

рып, оның пантеистік көзқараста болғандығына күмән келтіреміз. Шәкәрім Алла жалғыз, серігі жоқ, теңдесі 

жоқ,  өзгермейді  деп  тұр  ғой.  Келетін,  кететін,  толатын,  солатын,  туатын,  өлетін,  жанатын,  сөнетін,  күнде 

өзгеретін Табиғатты Шәкәрім Алламен теңеді деуіміз оған жасалған қиянат болар.

Енді мысалға алынып отырған оқулықтағы Шәкәрімнің «Үш анық» деп аталатын философиялық трактаты 

туралы ойларға тоқталайық. Оқулықтың 336-шы бетінде: «Алғашқы да ақын екі анықты сөз қылады. Бірінші 

–  ол  ғылымдағы  ақиқаттар,  оған  адамзат  мыңдаған  жылдар  бойы  ізденіп,  зерттеп  жетті.  Екінші  –  діннің 

берген аяңдары. Бұл, әрине, философия саласында мыңдаған жылдар созылып келген «ақыл-ой мен сенім 

ақиқаттары», олардың ара-қатынасы. Осы екі «аныққа» ойшыл үшінші – ар-ұжданды қосып оның іргелілігін 

баса айтады» [8, 336] – деген ойлар келтіріледі. «Үш анық» туралы жазып жүрген көптеген ғалымдар Шәкәрім 

бірінші анық ретінде материалистік дүниетанымды, екінші – теологиялық дүниетанымды, үшінші анық ретінде 

– ар-ұжданды ұсынды деген жалған түсінікке бой алдырады. Аузынан Алласы түспеген Шәкәрімде қандай 

материалистік ойлар болсын. Шәкәрімнің «Үш анығын» «бірінші анық – дүниені құдайдың, жаратушының 

жаратқандығы, екінші анық – жанның ажалсыздығы, үшінші анық – жанның тілегі ұждан» [10, 88-97] – деп 

түсіндірген философ Рақымжанов Бақытжанның ойымен басқа да ғалымдар санасса, үлгі ретінде ұстанса, 

Шәкәрімнің «Үш анығын» түсінуде жаңсақ пікірге келмес еді.

Қазақ  халқының  төл  хакімдерінің  дүниетанымын  тануда,  түсінуде  батыстық  өлшемдерге  сүйенеміз. 

Еуропалық  философия  тарихында  болған  түрлі  ағымдарды  қазақ  философиясына  теліп,  ойшылдарды  сол 

ағымдарға  жатқызамыз,  ағым  арқылы  көзқарасын  анықтаймыз.  Бұл,  бәлкім,  қазақ  философиясын  кәсіби 

философия деңгейіне көтеру ұмтылысынан туындаған шығар. Алайда, бұл ұмтылыс қате методологиямен 

жүретінін  жоғарыдағы  мысалдардан  көруге  болады.  Дұрыс  таным-түсінікке  бастамаса  да  отарлық  сана 


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

532


қалыптастырған Еуропалық философиясының өлшемдері арқылы қазақ философиясын зерттеуді, түсіндіруді 

жалғастыра  беруіміз  ғалымдық  намысымызды  оятуы  керек.  Қазақ  философиясына  қазақи  өлшеммен  кел-

месек, қазақ философиясының ұлттық сипатын сақтай отырып зерттемесек төл һакімдеріміздің сыры бізге 

ашылмайды. Олай болғанда жақсы нәтижеге жете алмаймыз. Жақсы нәтижеге жетуде ғалымдарға жолбасшы 

болатын «ғалымдық намысы» болуы керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет