Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет90/102
Дата05.02.2017
өлшемі17,93 Mb.
#3475
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   102

Литература

1 Есім Ғарифолла. Саяси философия. Акме-қоғам мәселелері. - Астана: Елорда, 2009. - 376 б. 

2 Нысанбаев А. Философия взаимопонимания. - Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2001. - 541с.                                                               

3 Международные Фарабиевские чтения. Материалы Международный Фараби Форума «Абу Наср аль-

Фараби в диалоге времени». - Алматы, Казахстан, 2 апреля 2014 г. 

4 Абдильдин Ж. Собрание сочинений в 10-ти томах. Т. 9. «Время и культура. Размышления философа». - 

Астана: 2012, - 504 с. 

 

Rеferenсes

1 Еsim Garifolla. Саyasi filosofiya. Аcме-kogam мaseleleri. - Аstana: Elorda, 2009. – 376 s .

2 Nisanbayev А. Filosofiya vzaimoponimaniya. -Аlmati: Kazak ensiklopediyasi, 2001. – 541s. 

3 Mejdunarodnie Farabievskie chteniya. Materiali Mejdunarodniy Farabi Foruma «Abu Nasr al-Farabi v dialoge 

vremeni» . - Almaty, Kazakhstan, 2 Aprilya. 2014 g. 

4 Аbdildin J. Cobranie cochineniy v 10-ti tomax. Т. 9. «Vremya i кultura. Razmishleniya filocofa». – Аstana: 

2012, - 504 s. 



Рахимшикова М.К., Балтабаев Н.К. Қазіргі Қазақстан философиясы және тәуелсіздік.

Бұл мақалада тәуелсіздік жылдарындағы қазақ философиясының дамуы қарастырылды. Сонымен қатар, мақалада 

Қазақстанның қазіргі дәуірдегі философтарының шығармалары мен ғылыми жетістіктері зерттелді. Философияның 

атқаруы қажет негізгі үш міндетіне ерекше назар аударылды: бұл - реальдықты тану және философия тұрғысынан 

түсіну, оған дұрыс баға беру, болашаққа дұрыс бағдар жасау. 

Қазіргі дәуірдегі қазақ философиясының негізгі мәселесі - адам мәселесі, сонымен қатар, оның жақсы өмір сүруінің 

№ 3 (112) 2016

519


оңтайлы жағдайларын жасау. Қоғамда аса жоғарғы құндылық адам болғандықтан, қазақ философтары бүкіл ерік-

жігері  мен  күшін  ұлттың,  халықтың  және  адам  баласының  бақытты  өмір  сүруін  қамтамасыз  етуге  арнаған.  Бұл 

тұрғыдан  алғанда,  философтардың  адам  баласына  тән  келесі  қасиеттерге  назар  аударғандығы,  атап  айтқанда: 

қайырымдылық, кеңпейілділік, патриотизм, адалдық және т.б. ашып көрсетілді. 

Түйін сөздер: өркениет, қазақ философиясы, діни төзімділік, сұхбат, отансүйгіштік, «Мәңгілік Ел». 

Raximshikova M.K., Baltabaev N.K. The philosophy of modern Kazakhstan and independence.

In this article development of philosophy for the years of independence.    In addition the article examines the achievements 

and scientific works of the philosophers of modern Kazakhstan. Emphases are spared three problems, which executes philosophy: 

will get to know the reality, values the reality, designs future. In condition modern call for eliminating the main threats to Kazakh 

thinkers offer to find the dialogue between developed countries.

The Central problem modern Kazakh philosophy - a person, happy circumstances for his (its) vital activity. Since main by 

value society is a person, that Kazakh philosophy has directed all their own efforts on good of the nations, folk and person. In this 

plan main priority qualities are: affectionate, toleration, patriotism, probity and others. 

Keywords: civilization, Kazakh philosophy, tolerance, the value of dialogue, patriotism, «Mаngіlіk El». 

Поступила в редакцию 11.02.2016.

ӘОЖ 1 (091) (574) (045)

Ә. САҒАТОВА

1

, Е. АРИНОВ

2

 

филос.ғ.к., Е.А.Бөкетов атындағы  Қарағанды мемлекеттік университетінің доценті, Қарағанды

1

,

С.Сейфуллин атындағы агротехникалық университеті оқытушысы, Астана

2

 

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ САНА БОЛМЫСЫНДАҒЫ РЕСЕЙ ОТАРШЫЛЫҒЫ ЖАЙЛЫ ОЙ-ТОЛҒАМДАР

Ресей отаршылығы жайлы философиялық ізденістер қазақ философиясы тарихындағы өзекті мәселелердің бірі. 

Халықтың өткен тарихын пайымдамайынша, келешекке қойған мұраттарды мазмұнды еңсеру мүмкін емес екені белгілі. 

Тарихты пайымдау болған оқиғалардың халықтың санасында көрініс табуын, төл санадан сусындаған ойшылдардың 

сол оқиғаларға қатысты ой-толғамдарын, ұстанымдарын, жұртқа ұсынған үлгілерін жіті талдау арқылы іске асады. 

Мақалада авторлар қазақ халқының сана болмысындағы Ресей отаршылығы жайлы ой-толғамдарды XV-XX ғасырларда 

өмір сүрген қазақ жыраулары мен ойшылдарының философиялық ойлары арқылы талдауға тырысады.

Түйін сөздер: тарих, Ресей отаршылығы, қилы заман, зар заман, ағартушылық, төл сана, сана болмысы, ой-толғам. 

XV ғасырдың бірінші жартысында Орталық Азия аймағында Қазақ Ордасының құрылуы бұрыннан бір-

бірімен туыс болып жүрген аралас-құралас ру, тайпалардың бірігуіне, қазақ этносының қалыптасуына алып 

келді. Мемлекет болуы үшін екі негіз болуы қажет еді: Жері және азаматтары. Жер анықталды, яғни Қазақ Ор-

дасы алғашқы уақыттарда Батыс Жетісу жерін, Шу мен Талас алқаптарын иеленді. Аулы аралас, қойы қоралас 

болып жүрген ру, тайпалар этнос қалыптастырушы туыстық қауымдастық құрды. Бірақ мемлекет болуы үшін 

туыстық қауымдастық қана жеткіліксіз еді, барлық тайпаларды біріктіретін азаматтық сана қалыптастырудың 

қажеттілігі туған болатын. Азаматтық сана – елдік сана. Бұл туыстас ру, тайпалардың тек өз мүдделерін ойлау 

емес, түгелдей елдің мүддесін ойлау, яғни тұтастай ел болып бірігу, мемлекеттің ілгері дамуын, өмір сүруін 

қамтамасыз  етуді  көздейтін  негізгі  нысаналы  ортақ  мақсатқа  бірігу.  «Төртеу  түгел  болса,  төбедегі  келеді, 

алтау ала болса, ауыздағы кетеді» деген қазақ даналығы бар. Шынында да бірлік мықты болса, алынбайтын 

қамал болмайтынын Әбілқайыр ханнан бөлініп шығып, Моғолстан жеріне барып мекендеген, кейін аз ғана 

уақыттың ішінде жерінің аумағын Ертіс пен Қараталдан Сырдария мен Жайыққа, Алтай мен Тянь-Шаньнан 

Каспий мен Аралға дейін жеткізген Керей мен Жәнібек хандар дәлелдеп берді.

Қазақ  хандығы  құрылды,  қазақ  деген  этнос  қалыптасты.  Құрылған  хандықты,  хандықта  өмір  сүріп 

отырған  халықты,  жерін,  суын,  жұртын  сыртқы  жаулардан  қорғау  мәселесі  басты  орынға  шықты.  Себебі 

М.Мағауин жазғандай: «XV ғасыр – Шығыс Еуропаның тарихында ұлы өзгерістер болып жатқан дәуір еді. 

Күні кеше Алтын Орданың тепкісінде жүрген орыс елі қайта көтерілді, Мәскеу күшейе бастады, бірлі-жарым 

қақтығыстарда өз қаруының салмағын көрсетіп те қалды. Орыс мемлекетінің қуаты күн сайын артып келе 


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

520


жатты» [1, 23]. Күшейген Орыс елі көршілес жатқан Қазақ еліне көз аларта қарады, оны жаулап алудың жол-

дарын қарастыра бастады. «Осы орайда «XVI-XVII ғасырлардағы қазақ-орыс қатынастары» деп аталатын 

тарихи құжаттар мен материалдардың жинағында 24-нөмірмен берілген: «Қазақтарды орыстардың боданы-

на тарту жөніндегі Петр І айтқандары бойынша А. Тевкелевтің жазбаларынан» деген құжатқа назар аудара 

кеткеннің артықтығы жоқ. Сонда Петр І қазақтардың ұлан-ғайыр даласын орыс империясының құрамына 

кіргізу үшін ештеңе аямай, үлкен шығындарға қарамай, миллион сомға дейін қаржы шығару туралы нұсқау 

бергені айтылған. «Қазақ Ордасы – бүкіл Азия елдеріне шығар қақпаның кілті. Сол себепті оны Ресейдің про-

текциясына кіргізудің Ресей үшін тиімді де қолайлы шаралардың бәрін қолдану керек» делінген нұсқауда» [2, 

29]. Қарап отырсақ, Ресей үшін Қазақ елі Орта Азияға кіретін қақпа ретінде саналды және Қазақтың асты да, 

үсті де бай, кең даласы оны қызықтырмай қоймады.

Ресейлік  патша  үкіметі  қазақ  даласын  жедел  отарлауды  XVIІІ  ғасырдың  басында  қолға  алды.  Алай-

да  отарлаудың  алғашқы  нышандары  XV  ғасырда  біліне  бастады,  ал  ХІХ  ғасырда  толығымен  аяқталды. 

Міне, осындай ел басына төңген ең ауыр да қауіпті кезеңдерде халық арасынан дана ақылгөй адамдардың 

дүниеге келуі қажеттіліктен туған үдеріс болатын. Кез келген ойшыл дүниетанымының қалыптасуына оның 

өмір сүрген ортасы, белгілі бір уақыт кеңістігі, оның саяси-әлеуметтік ахуалы тікелей әсер ететіні даусыз. 

Адамды заманы, қоғамы өсіретіні шындық. Қазақ хандығы құрылып, оның буыны бекімей тұрып көршілес 

елдердің қанды тырнағына іліне бастаған кезінде елім деп еңіреген ұлдардың тууы заңдылық еді. Хандық 

дәуірдің  басында,  қазақ  халқының  жеке  ұлттық  санасы,  төл  дүниетанымы  қалыптаса  бастаған  уақытта, 

өмір  сүрген,  даналығы,  ойшылдығы,  кемеңгерлігімен  қиын  уақыттарда  елін  дұрыс  жолға  бағыттап,  оған 

демеу болған Сүйінішұлы Қазтуған, Асан Қайғы, Тіленшіұлы Шалкиіз, Аймадетұлы Доспанбет, Жиембет, 

Үмбетей, Қалқаманұлы Бұқар жыраулардың Ресей империясының отаршылығына қатысты ой-толғамдарын, 

өз заманындағы саяси-әлеуметтік үдерістерге, оқиғаларға қатынасын талқылап көрсек. 

Керей  мен  Жәнібекке  Қазақ  Ордасын  құруда  ақылшы  болған,  жаңа  қалыптасып  жатқан  хандықтың 

ұраншысы болған, елдік идеясын қалыптастырған, мемлекет қайраткері, ойшыл Асан Сәбитұлы болатын. 

Жәнібек атты жақсы хан,

Еділ менен Жайыққа

Кәуірге қала салдырдың,

Ақылды белден шалдырдың,

Көңілді жаман қалдырдың.

Көңіл қалмай, не қылсын,

Төңірек жүзді, қой көзді,

Әспеттеген балаңды

Атасы нәлет кәуірге

Күндердің күні болғанда

Бас бұлғамай берерсің [1, 56]!

–  дейді  Асан  Қайғы.  Қамал  салып  жатқан  хан  Жәнібекке  Асанның  бұлай  айтуының  себебі  бұл  жер  орыс 

мемлекетінің  шекарасына  жақын  орналасқан  еді.  Күшейген  Орыс  патшалығы  шығысындағы  елдерге  көз 

алартып, жерін кеңейту мақсатында Еділ мен Қазан бойындағы елдерге шабуыл жасап жатқан болатын.

Көреген  Асан  Қайғы  орыстың  Қазақ  еліне  де  көп  ұзамай  шабуыл  жасайтынын  білді.  Сырттан  келетін 

қауіптен сақтану үшін «қарындасты жамандап, туысты қайдан табасың» деп елді бірлікке, ынтымақтыққа, 

бір жерге ұйюға  шақырды. «Асан қарындас деп бір ел боп туысқан жұрттың азаматтарын айтып отыр. Діні 

бір, тілі бір, тарихы бір ру, тайпалар бір жерге ұйып жаңа ұлт болды, оның аты қазақ этносы. Енді осы ұлттық 

сананы  Асан  «қарындас»,  яғни  туыс  деген  ұғыммен  бейнелеп  отыр.  Туысынды  жамандасаң,  жауға  жем 

боласың, елдігіңнен айрыласың, – дейді Асан Қайғы. Бұл Асан идеясының жанды жері» [3, 37]. «Арғымаққа 

міндім деп, Артқы топтан адаспа» деп ханға, хан маңайындағыларға халықты ұмытпауды, халықтың қамын 

ойлауға шақырса, «хансыз елде күн бар ма?», «халықтың жайын хан білер» деп ханның халыққа қажеттілігін 

түсіндірді, хан мен халықтың арасындағы сенімнің нығаюын тіледі. «Жер-ұйық» идеясын жасады. Жер – 

мемлекеттің мемлекеттілігінің белгісі, оның негізі. Мемлекет жерсіз болмайды. Жер болғанда да жай жер 

емес, халық айрандай ұйыйтын, бірлікте, келісімде, татулықта өмір сүретін Жер болуы шарт. Асан Қайғының 

жел  маясына  мініп,  жер  аралауының  мақсаты  елді  жаудың  құрығы  жетпейтін,  кең  сахараның  қойнауына, 

даланың төсіне қарай көшіру еді. Өзі ақылшы, кеңесші болып отырған хан Жәнібекке:

Желмая мініп, жер шалсам,

Тапқан жерге ел көшір,

Бұл арадан көшпесең,



№ 3 (112) 2016

521


Айтқаныма түспесең,

Кәуір алар қалаңды,

Шулатар қатың-балаңды [1, 58]!

 – деп «қарындастарына» жақсы жер – Жер-ұйықты іздеп кетеді Асан Қайғы. Бірнеше жыл қазақ жерінің 

о шеті мен бұ шетінен Жер-ұйықты іздеген Асан ата Қайғы атанды. Оның қайғысы – халқының қайғысы, 

ұрпағының қайғысы. Ұрпағы өзге жұрттың қолында болмаса екен деп Асан қайғырады.

Арқада жатып ақырған,

Аламанды шақырған,

Амалды кәуір алғанда,

Қиямет-қайым болғанда,

Жәнібек атты жақсы хан,

Баланы сенен сұрармын [1, 57]!

Асанның  Жәнібекке  баланы  сенен  сұраймын  деуі  жайдан-жай  емес.  Жәнібек  болса,  хан,  ал  Асан  бол-

са, жырау, ойшыл. Ол халықтың тағдырына, ұрпақтың тағдырына ханның жауапты екендігін жақсы біледі. 

Сондықтан  да  ол  ханды  жауапкершілігін  жақсы  атқаруына  міндеттейді,  «баланы  сенен  сұраймын»  деп 

қатты айтады. Себебі хан халықтың басшысы болғандықтан, халықтың сенімін арқалағандықтан, халықтың 

болашағын ойлауы, ұрпағының өзгенің құлы болмай өсуіне жағдай жасауға міндетті. Асан Қайғының да, 

басқа да қазақ жырауларының да толғандырған мәселесі – санасы лайланбаған, рухы сынбаған, тілін де, дінін 

де, ділін де ұмытпаған ұрпақ өсіру мәселесі болатын. Бұны Қазтуғанның мына бір толғауынан аңғаруға бо-

лады:


...Кейінгі өскен жас бала,

Ақ балтырын түрініп...

...Аузы түкті кәпірдің

Етпегей еді жұмысын!...

...Аузы түкті кәпірдің

Соқпаса екен пайдасын [4, 92]!

Жыраулар бостан-бос даурығып жүрген жоқ. Олар болып жатқан оқиғаларды ой елегінен өткізіп барып, 

«аузы түкті кәпірлердің» күшті болған салдарын көргеннен кейін ғана «қозғалақтайды». Тарихқа үңілсек, 

бұл кездер Ресей патшалығының Қазан, Астрахань хандықтарын, Оңтүстік-Батыс Сібірді жаулап алып, Қазақ 

Ордасының шекарасына жақын келіп, Еділдің, Жайықтың, Ертістің бойына әскери бекіністерін, қорғандарын 

салып жатқан уақыт еді.

Еділді алса – елді алар,

Енді алмаған не қалар?

Жайықты алса – жанды алар,

Жанды алған соң не қалар?

Ойылды алса – ойды алар,

Ойлашы, сонда не қалар?

Қара мауыты мұшақат

Бүтін тоғай жерді алар [4, 15].

«Аузы  түкті  кәпірлер»  Еділ  мен  Жайықты  алды.  Даналарымыздың  көрегендігі  дәл  келді.  Орыс 

жасақшылары Еділ мен Қазан бойындағы елдерге қайта-қайта шабуыл жасады. Енді олардың көздері қазақ 

даласының  орталығына,  оңтүстігіне  түсті.  Қазақ  жеріне  «жаяулап  келіп»,  Қазақ  елінің  ішкі  (сұлтандар 

арасына іріткі салу), сыртқы (қазақтарға қарсы қалмақтарды, ойраттарды, Орта Азия елдерін айдап салу) 

тыныштығын бұзу арқылы қитұрқы отарлау саясатын жүзеге асырып жатты. Қазақ жеріне жымысқыланып 

кіре берді. XVIII ғасырдың бірінші жартысында Ресей патшалығы қазақтың біраз жерін басып алды. Ресейдің 

қамқорында болады деген қазақ халқы оның құлы болып шыға келді.

Қазақ  елінің  Ресей  елімен  саяси,  сауда-саттық  байланысы  орнай  бастаған  заманнан  ХVIII  ғасырдағы 

отарлық басыбайлықтың алғашқы дәмін тата бастаған заманға дейінгі аралық қазақ халқының қилы заманды 

басынан кешкен уақыты деп айтсақ болады. Заман – адамдардың өмір сүруінің тарихи-мәдени кеңістігі. За-

ман – адамдардың өмір сүру қалпы. Адамдардың өмір сүру қалпының өзгеретіндігін, өмір сүретін тарихи-

мәдени кеңістігінің бұзылатындығын елдің ішкі де, сыртқы да жағдайын сараптап, бағамдап болжай білетін 

қасиеті арқасында Асан Қайғының көзі жеткен. Болашақта ұрпағының басына туар заманды «қилы заман» 

деп атайды. Қилы заманның сипатын Асан былайша түсіндіреді:

Мұнан соң қилы-қилы заман болар



Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

522


Заман азып, заң тозып жаман болар,

Қарағайдың басына шортан шығып,

Балалардың дәурені тәмам болар.

Ол күнде қарындастан қайыр кетер,

Ханнан күш, қарағайдан шайыр кетер.

Ұл-қызың орысқа бодан болып,

Қайран ел, есіл жұртым сонда не етер [5, 218]?!

Қарағайдың басына шортанның шығуы табиғатта болмайтын құбылыс. Яғни, бәрі ойдағыдай, өз орнында 

болатын қалыпты жағдайда судағы шортан шөлдегі қарағайға қалай шықпақ? Ал қилы заманда бұл мүмкін. 

Бұл  метафоралық  сөздің  мәнісі  «қилы  заманда»  құндылықтардың  ауысатынында.  Бұрынғы  жаман  жақсы 

атанады,  қоғамдағы  нормалар,  заңдар  ұмытылып,  әуелде  істеуге  болмайтын,  теріс  әрекеттер  бұл  заманда 

қалыпты құбылысқа айналады және қазақтың ұл-қызы орысқа бодан болады. Асан халқының басына осын-

дай заман келерін болжап, көзі жетіп отыр.

Қазақ  болашағын  Асан  Қайғыдан  артық,  дәл  болжаған  ешкім  болған  жоқ.  Ол  ХV  ғасырда  отырып-ақ 

бірнеше ғасырларға болжамдар айтқан. Оның айтқан болжамдары шындыққа айнала бастаған ХVIII ғасырда 

өмір сүрген қазақтың көмекей әулиесі Бұқар жырау да болашақта орыстардан қауіптің болатынын дәл айтып 

көрсетеді. Оның ойынша, «өзі сары, көзі көк, күн батыстағы бір дұшпан» қазақ «жұртыңа жаяулап келіп», 

қазақтың «бауыздамай қанын ішіп, өлтірмей жанын алады». Бұқардың да ойы Асан қайғының ойымен астар-

лас. Екеуі де қилы заманның болатынын болжап берді. Бір ойшылдың сөзінің мәнісін ойшыл ғана түсінсе 

керек.


Бұқар  жырау  мына  бір  өлеңінде  көршілес  жатқан  орыс  империясынан  келер  жамандықтың  бар  екенін 

ескертеді.

...Он екі айда жаз келер,

Құс алдында қаз келер.

Айтып-айтпай не керек,

Дәуреніңіз аз келер.

Сондай заман жеткенде,

Шаңырағың тұл болар.

Еліңе қауіп төнгенде,

Ата ұрпағың құл болар.

Қараларың қас болар,

Қаскөйлерің бас болар.

Орыстар келер ғалым боп,

Әулиедей көрінер.

Поптары болар сазандай,

Кітабы болар қазандай...

Ақыретке барғанда,

Ақсүйекті қор тұтқан,

Қараны одан зор тұтқан,

Орыстарды пір тұтқан,

Сорлы болған қазағым,

Татарсың солардан жазаңды-ай [1, 125].

Осы айтылған сөздердің ақиқаттығын уақыт дәлелдеді. ХVIII ғасырда Ресей империясының қазақ елін 

ашық түрде отарлау саясаты басталды. XIX ғасырда хандық билік ресми түрде жойылып, ханнан күш кетті. 

Қазақ  елі  бодан  елге  айналды.  Онымен  қоймай  ХХ  ғасырда  Қазақ  мемлекетінің  КСРО  құрамында  болуы 

елді өз төл құндылықтарынан ажыратты, жамандар би болып, игі жақсылар қор болды. Елдің рухани өмірі 

өзгеріске ұшырады. Ұлтты жоюға бағытталған, яғни оның тілін, ділін, дінін құрту саясаты қарқынды түрде 

жүзеге асып, жемісін әлі күнге дейін беріп келеді.

Асан Қайғының «қилы заманы» шындыққа айналып, «зар заман» деп зарлаған Дулат Бабатайұлы, Шор-

танбай  Қанайұлы,  Мұрат  Мөңкеұлы,  Асан  Барманбекұлы,  Әбубәкір  Кердеріні  және  Ресей  отаршылығына 

қарсы күресті жаңа деңгейге көтерген қазақ ойшылдарын тудырды.

XIX–ХХ ғасырлар Қазақ елінде мазмұнды оқиғаларға толы бетбұрыс дәуір болды. Бұл дәуірде көшпелі 

қазақ елі, Еуразияның басқа да көшпелі ұлыстарымен бірге, тағдыр таразысына түсті. Ең даланы емін-еркін 

жайлаған  қазақ  елі  тұрмыстың  жаңа  үлгісін  жасауға,  замана  ағымына  бейімделуге  мәжбүр  болды.  Себебі 



№ 3 (112) 2016

523


Ресей империясы Қазақ елін ХІХ ғасырдың екінші жартысында толықтай отарлап болған еді. Қазақстанның 

Ресейге қосылуының аяқталуы империяның қазақ өлкесіне байланысты саясатына елеулі өзгерістер енгізді. 

Отарлық саясатын жымысқыланып жүргізген Ресей енді ашықтан ашық отарлауға, қанауға кірісті. 

Отарлық саясат қазақ елінің бұрынғы басқару әкімшілік жүйесін түбірімен өзгеріске түсірді. Ресей бода-

ны болмай тұрғандағы Қазақ Ордасының басқару жүйесін пирамида типінде түсіндіруге болады. «Пирамида 

басында хан, одан соң оның кеңесшілері, тағы тағылар, ең соңғы пирамида табанын азаматтық қоғамның 

институттары  жайлап  отыр.  Ол  ақсақалдар  кеңесі,  әжелер,  жеңгелер  кеңесі,  дәстүрлер,  құдаласу  тағы 

тағылар. Ондай істерге ханның тікелей қатысы болмаған, яғни басқармаған. Азаматтық қоғамға мемлекет 

тікелей кіріспеген. Мемлекет көбінесе сыртқы саясатпен елді жаудан қорғаған, түрлі індет, жұқпалы аурулар 

жайылғанда көмектескен, экологиялық немесе табиғи апаттарға байланысты елдерді басқа жерге қоныс ау-

дарумен айналысқан» [3, 70]. Ал енді отарлық кезеңде бұл пирамидалық басқарудың орнына «бөліп ал да, 

билей бер» ұстанымына сүйенген билікті бөлшектеуге негізделген басқарудың жаңа жүйесі енгізілді. 1822 

жылы Сперанскийдің жарлығымен хандық билік жойылды.

1822,  1824  жылдары  Сібір  және  Орынбор  қазақтары  туралы  шыққан  низамдар  Ресейдің  әкімшілік-

территориялық құрылысын қазақ даласына орнатудың ірі тәжірибесі болды. Орта жүз жерінде дуандар ашыла 

бастады,  орта рулардың көбі болыс атанды.  Кіші жүз жері үшке бөлініп сұлтан-правительдердің қарамағына 

берілді. Қазақ хандарының ту тіккен Түркістан өлкесі Қоқан хандығына бағынышты болды. Қазақ жері Абы-

лай тұсындағы бір тұтастығынан, саяси тұтастық арқауынан, қалыптасқан қоғамдық-әлеуметтік тәртібінен 

айрылды.

1867,  1868  жылдары  қазақ  жерін  отарлаудың  жаңа  кезеңі  басталды.  Сырдария  мен  Жетісуға  арналған 

1867 жылғы және Орал, Торғай, Ақмола және Семей облыстарына арналған 1868 жылғы Уақытша ережелер 

Қазақстанның Ресей тәртібіне біржолата енуінің айғағы еді. Түркістан өлкесі Ресей құзырына қараған соң-

ақ қазақ жері ішкі отар есебінде қарастырылды. Қазақ даласы губернияларға, губерниялар уездерге, уездер 

болыстарға,  болыстар  ауылдарға  бөлінді.  Осыдан  кейін  ел  арасында  съезд  құрып,  болыс-старшын  сайлау 

дегенді шығарды. Абай айтқандай, «болды да партия, ел іші бүлінді». Осының әлегінен шен-шекпен үшін бо-

латын ру-тайпалар арасындағы бұрынғы алауыздық өрті өршіп келіп, енді ағайындас, аталас адамдар арасына 

түсіп, лапылдай лаулады. Отаршылдарға керегі де осы болатын. 

Тізгіннен айырылған қазақ қоғамы күрделі өзгерістер кезеңіне аяқ басты. Материалдық игіліктер мен ру-

хани тұрақтылық хақындағы түсініктердің де өзгерген дәуірі осы кез. Сол замандағы қазақ халқының көңіл 

күйін Дулат ақын былай білдірген еді:

Ағашты тауға үй салып,

Еліңді алды ақылап... 

Тау басында болыс тұр,

Ұлық сөзін мақұлдап.

Бишараның пұлы жоқ

Корыққаннан қақылдап...

Сол себептен қорқамын,

Заман ақыр болар деп...

Кетеме деп бұлымыз,

Құри ма деп шөбіміз.

Замана тарылып барады,

Сол себептен жылаймыз [4, 186].

ХІХ ғасыр қазағының санасын екі түрлі заманның бейнесі биледі. Оның бірі – әуелгі заман – қазақтың 

бағы  басында,  қару-жарағы  қасында,  ен  далада  ақбөкендей  еркін  жүрген  шағы,  екіншісі  –  Дулат  пен 

Шортанбайдың, Әбубәкір мен Мұраттың жырлайтын кері кеткен кер заманы, зар заманы. Әбубәкір:

Заманым түгіл ел азды,

Ел ішінде ер азды.

Айдын-айдын сулардың

Балығы кетіп, көл азды.

Ойпаң-ойпаң жерлердің

Оты кетіп, жері азды

Заманның түбін барлаймын,

Бұрынғының бірі жоқ,

Жақсылардың күні жоқ,



Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

524


Соларды жоқтап зарлаймын [4, 314]

– десе, Мұрат ақын:

Азамат ердің баласы

Айдарына малы жоқ,

Топ көрерге зар болды.

Асылзада баласы

Дәулеті кетіп қолынан

Коңсысына құл болды [4, 311] 

– деп зарлады. Қоныстың тарылуы, қара шекпенділердің мындап қазақ даласына келуі, саудадағы алдау-ар-

бау көшпелі шаруашылықтың ірге тасын күйретті. Амал жоқ заманға бейімделіп өмір үшін күреске шыққан 

кешегі  көшпелілер  отырықшылыққа,  егіншілікке  кірісті  мыңдаған  кедей  жатақтар  өндіріске  барды,  кәсіп 

іздеді, байғұс-қайыршылар, ел қарасынан асып, Ресейдің ішкі қалаларына жолданды. Қазақ баласы делдал, 

алыпсатар болып, базар мен жәрмеңкені айналдырды.

Қазақтың өмірінде болып жатқан бұл өзгерістер халықтың дүниетанымынан да көрінді. Мыңдаған жыл-

дар бойы қалыптастан құндылықтардың ауысуы халықты қатты толғандырып, үлкен мәселеге айналды. Шор-

танбай:


Мына заман қай заман?

Азулыға бар заман,

Азусызға тар заман!...

Мұның өзі зар заман!

Асың жұқпас бойыңа,

Әр не түсер ойыңа.

Жалмауыз болды ұлығың,

Қазақ, сенің сорыңа!

Арқадан дәурен өткен соң,

Қуғындап орыс жеткен соң,

Тіпті амал жоқ қазулы

Түспеске енді торына... [4, 260]

– дейді. Бұл өлеңді оқығанда көз алдымызға сол дәуірдің бейнесі келеді. «Атасын ұлы сыйламай», «атасы 

батасын бермей», «жас пен аға жаға жыртысып», үлкен мен кіші арасындағы сыйласу дәстүрі бұзылған заман 

орнады. Қазақ қазақ болғаннан бері мұндай ауыр күн басына түспеп еді. «Ол заманда Қазақстан территория-

сы бөлінбеген бірлікте өмір сүріп келген болатын. Ал халық бойында намыс, ар, ождан секілді биік сезімдер 

жоғалмаған еді. Халықтық дүниетанымға енген жаңа құндылықтар басқаша кері әсерлерін бере бастады. Зар 

заман – хандық дәуірдің ақыры туралы аксиологиялық толғаныстар. Елді үш жүз жыл бойы бірлікте ұстап 

тұрған ескі құндылықтар кетіп, жаңа құндылықтар орныға бастады. Бұрынғы ешкімге бағынбайтын адамдар, 

бағынышты болып, қолдан билік кетіп, елдік сана, дәстүр жойыла бастады. Құндылықтың ең үлкен басты 

мәселесі саяси тәуелсіздіктің жойылуы, қазақ біртұтас мемлекет болудан қалды» [3, 73].

Бұл заманда Шортанбай айтпақшы, жердегі шөп сұйылды, көлдегі құс, елдегі бай таусылды, жұрт бүлінді, 

ұлықсыған туды, қылықсыған қыз туды, ұлық жандарал болды, сиынғаны майыр болды, пірі кәпір болды, биі 

тілмәш болды, үйі дуан болды, байлар ұрлық қылды, билер пара жеді, заманның түрі бұзылды. Иә, бұл азған 

заманның көрінісі еді. Бұны Шортанбай жырламағанда кім жырласын?!

Зар заман – Шортанбайлар үшін ақыр заманның бір нышаны. Ол саяси тәуелсіздікке, елдікке зар болу, 

жоғалып  бара  жатқан  хандық  дәуірді  жырлау.  Зар  заман  Ресей  отаршылдығының  орнауымен  туды.  Оның 

бастауларының тамыры тереңде, сонау Асан қайғы, Қазтуған... бабаларымыздан басталады. Сонау заманда 

жырауларымыздың айтқан болжамдары осы күнде расқа айналды. Осы заманды Әбубәкір Кердері:

Замана жылдан жылға түрлі болды,

Күн болды қарағай басың шортан шалған.

«Бақа би болған көлге» деген болып, 

Біздерге әркімдер де көзін салған [4, 324]

– деп суреттейді. Бұл өлеңнен Асан атаның сөздерінің шындыққа айналғанын көруге болады. Қазақ халқы 

үшін  ақырзаманды  орнатқан  Ресей  отаршылығы  болса,  басына  ақырзаманның  орнағанына  көніп,  үнсіз 

отырған қазақтың да кінәсі баршылық. Мұрат ақын:

Бәйіт еттім бұл сөзді

Қайғы шегіп заманнан.



№ 3 (112) 2016

525


Заман азып не қылсын:

Ай орнынан туады,

Күн орнынан шығады.

Бұның бәрі адамнан [4, 310]

– деп қазақ баласына міндет жүктейді. Заманының бейнесі сол заманда өмір сүріп отырған адамға байланы-

сты. Абайша айтсақ, заманды кемел жан билейді, ал жаманды заман илейді. Сондықтан заманның қылған 

әлегіне  көніп  отыра  бермей,  алдында  сайрап  жатқан  ата-бабаның  салған  жолы,  салт-дәстүрі  барда  өзіңді 

түзет, сөзіңді түзет деп жөн сілтеді.

Ақындардың осындай бозторғайдың шырылыңдай жырлары отаршылдықтың езгісінде жатқан халықтың 

санасың оятты, қарсылығың күшейтті. Әлі де бойында «қазақ» деп соққан жүрегі бар ерлеріміз атқа қонды. 

Халық наразылығы күшейе-күшейе келе ұлт-азаттық көтеріліске ұласты. Бұны 1836-1838 жылғы Ішкі не-

месе  Бөкей  Ордасындағы  Исатай,  Махамбеттің  көтерілісінен,  1838-47  жылдары  Кенесары  хан  бастаған 

көтерілістерден  көруге  болады.  Бұл  көтерілістер  аяусыз  жаншылып  басылғанымен,  қазақ  халқының  өр 

мінезін, біреудің езгісіне бағынбайтынын көрсетіп кетті.

«Зар  заман»  дәуіріндегі  ойшылдарымыз  Ресейдің  отаршылығынан  болған  хандық  биліктің  жойылуын, 

замандағы құндылықтардың ауысуын зарлап жырласа, кейінгі ағымдағы ойшылдар отаршылықтың тек сал-

дарын көрсетіп қана қоймай, онымен күрес жолын да көрсете бастады. Отарлық езгіден босану үшін халыққа 

керегі білім алу, ғылым үйрену арқылы халықтың санасын ағарту еді. ХІХ ғасырдың соңына таман қазақ 

жерінде халықтың санасын ағарту ісі қолға алына бастады. 

Егер  «ағартушылықты  халыққа  білім  беру,  мәдени  істерді  атқару  деп  позитивтік  мәнде  түсінсек,  бұл 

өлшемнің  өз  мағынасына  толық  келетін  тұлға  Ыбырай  Алтынсарин.  «Бір  Аллаға  сыйынып,  кел  балалар 

оқылық» дегені тек өлең емес, поэзия тілімен бейнеленген ағартушылықтың негізгі принципі» [3, 103]. Ыбы-

рай атамыздың қазақ үшін істеген еңбегі зор. Ол 1864 жылы Торғайда мектеп ашты, оқуға зайырлы білім 

беру үшін қыз балаларды тартты. Оқушыларға арналған оқу құралдарын жазды. Оның «Қазақ хрестоматия-

сы», «Шариат-уль ислам» және «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» деген оқулықтары бар. 

Әдебиетші ғалым Мекемтас Мырзахметов: «Ы. Алтынсарин өзінің ағартушылық жолында Ильминскийдің 

мисионерлік  танымын  бойына  дарытпай  әрі  сенімсіздік  тудырмай  дипломатиялық  жолмен  пайдаланды. 

Ильминскийдің қарсылығына қарамай «Шариат-уль ислам» атты еңбегін араб әліпбиімен жазып шықты» [6, 

45] – дейді. «Шариат-уль ислам» еңбегі 1883 жылы 24 қазанда Петерборда, келесі жылы Қазан университетінің 

баспаханасында басылып шықты. Төрт баптан тұратын бұл еңбегінде ғұлама 140-тан астам араб терминдеріне 

қазақша түсіндірме жасаған. Осы еңбегі турасында Ы. Алтынсарин миссионер Ильминскийге жазған бір ха-

тында: «Ана тілінде жазылған мұсылман дінінің негізгі рухына сай, дін оқытуға басты құрал бола алатын оқу 

құралын жасап берудің қажет екенін ескеріп, біріншіден... қазақ жастарының дін жөніндегі түсініктері теріс 

бағытқа түсіп кетпеуі үшін, екіншіден, қазақ жазба тілінде татар тілі орынсыз етек алмауы үшін мен соңғы 

Мұхаммед шариғатын үйреніп, сізге жолдап отырған осы оқу құралын құрастырып бітірдім» [7, 324] – дейді. 

Бұл  деректен  Ы.Алтынсариннің  қазақ  даласында  ғана  емес,  күллі  шығыста  жүйесіз  оқылып  жүрген  діни 

білімдерді дұрыс жүйеге салуға деген  ұмтылысын байқауға болады.

Ресей отаршылығы туралы сөз қозғанғанда Абай Құнанбайұлын айналып өту мүмкін емес. Өз еркіндігінен 

айрылған, биліктен қалыс қалып, бодандықтың бұғауын тартып жатқан халқының мүшкіл күйінің себептерін 

Абай  анық  көре  білді.  Абайдың  айтуынша,  «бұрынғы  біздің  ата-бабаларымыздың  бұл  замандағылардан 

білімі, күтімі, сыпайылығы, тазалығы төмен болған, бірақ бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен. 

Ендігі  жұрт  ата-бабаларымыздың  мінді  ісін  бір-бірлеп  тастап  келеміз,  әлгі  екі  мінезін  біржола  жоғалтып 

алдық. Осы күнгілер өзге мінезге осы өрмелеп ілгері бара жатқанына қарай, сол аталарымыздың екі ғана 

тәуір мінезін жоғалтпай тұрсақ, біз де ел қатарына кірер едік, мінез жоқ болған соң, әлгі үйренген өнеріміздің 

бәрі де адамшылыққа ұқсамайды, сайтандыққа тартып барады. Жұрттықтан кетіп бара жатқанымыздың бір 

үлкен себебі сол көрінеді.

Ол екі мінезі қайсы десең – әуелі – ол заманда ел басы, топ басы деген кісілер болады екен. Көші-қонды 

болса, дау-жанжалды болса, билік соларда болады екен. Өзге қара жұрт жақсы-жаман шаруасымен бірге жүре 

береді екен...» [8, 132]. Адамның адамшылығын анықтайтын мінез деген ұғым бар. Ұлттық дәстүр негізінде 

тәрбиеленген  ұлт  адамының  мінезі  ұлт  мүшелерінің  бәрiне  бірдей,  болмаса  басым  көпшілігіне  тән  ортақ 

деңгейге көтеріліп, жалпылық сипат алып ұлттық мінезге ұласады. Ұлттық мінез ұлттықты анықтайтын үлкен 

қасиет. «Мінездік жеке адамның да, ұлттың да болмысының көрінісі. Халықтық қасиеттеріміздің негізінде 

мінез жатыр. Ұлттық мінез көрсете алмаған – қалың тобырмен тең. Ездіктің езгісінде болып, құрметтен құр 

қалады»  [2,  104].  Абайдың  айтуынша,  қазақ  жоғалтқан  мінездердің  себебінен  жұрттықтан  кетіп  барамыз. 



Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

526


Сонда жұрттықты сақтап тұратын ұлттық мінез болғаны ғой. «Сол мінез халықты билеген топбасының, ел 

басының  харакеттеріне  сай  келеді.  Халықтың  жұрттығы,  елдігі,  мінезі  осы  кісілердің  харакеттері  арқылы 

көрінеді.  Топ  басының  харакеті  ешқашан  жұрттың  мүддесіне  кереғар  келмейді.  Топ  басының  білімі, 

шешендігі, әділдігі, басқа қасиеттері осы жұрт қалауына сай болуы шарт. Жұрт оған өз тізгінін сонда ғана 

ұстатады» [9, 288-289]. Көріп отырғанымыздай топ басының, ел басының бойында ұлттық мінездер тоғысуы 

шарт, өйткені топ басы, ел басы халықтың, елдіктің айнасы. Оған жұрт өз тағдырын сеніп тапсырғандықтан 

кейін, топ басы, ел басы мойнына үлкен жауапкершілікті арқалайды. «Адамдар топ басылыққа, ел басылыққа 

өздерінің жеке қасиеттері арқасында келеді және де оны халық сайлап емес, таңдап, қалап алады» [9, 288]. Ел 

басының дәрежесі топ басының дәрежесінен жоғары. Абайдың заманында бұл қызметтердің жағдайы қандай 

еді? Ресей отаршылығы салдарынан хандық билік түбегейлі жойылды, бұрын ел басқарған хандар еді, ол 

институт енді жоқ, біраз мерзімге аға сұлтандар болды, келе-келе олар да жойылып болыстық шықты. Бұл 

бірлігі жарасқан, қаймағы бұзыла қоймаған қазақтардан болыс сайлап, ел ішінің төрелерін шен-шекпенге та-

ластыру саясаты болатын. Абай сияқты кемеңгер даналар осы құйтұрқы саясатты білді және оны әшкереледі. 

Абай «Болыс болдым мінеки» және «Мәз болады болысың» деген өлеңдерінде болыстың қауқарын, оның 

бейшаралық халін, «үйден үрген итке ұқсап» деп болыстық қызметтің бет-пердесін ашып берді. Бұл амал 

жоқтықтан,  шарасыздықтан  айтылған  сөз.  Болыс  деген  бас  еркі,  қолында  толық  билігі,  айтар  еркін  сөзі 

жоқ жалдамалы қызметші. Бұл болыстың жамандығынан емес, саясат солай, елді бейшара халга жеткізген 

заманның бейнесі сондай болатын.

Абай айтқан халқымыздың екінші жоғалтқан мінезі – намысқорлық. «Екіншісі – намысқор келеді екен. Ат 

аталып, аруақ шақырылған жерде ағайынға, өкпе, араздыққа қарамайды екен, жанын салысады екен. «Өзіне 

ар тұтқан жаттан зар тұтады»деп, «Аз араздықты қуған көп пайдасын кетірер» деп, «Ағайынның азары болса 

да, безері болмайды» деп, «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» десіп, «Жол 

қуған қазынаға жолығар, дау қуған бәлеге жолығар» десіп.

Кәнеки,  енді  осы  екі  мінез  қайда?  Бұлар  да  арлылық,  намыстылық,  табандылықтан  келеді.  Бұлардан 

айрылдық»  [8,  132].  Намыс  қашанда  елді  елдікке  бастайды.  Намыс  –  ұлттың  ілгері  дамуын,  өмір  сүруін 

қамтамасыз  ететін  нысаналы  ортақ  мақсаттың,  яғни  ұлттық  мүдденің  қорғаушысы.  Бұл  жерде  сөз  елдік, 

ұлттық  намыс  жайында  болуы  керек.  Ұлттық  намыс  болмаған  жерде  ұлттың  құндылықтарына  бейтарап, 

немқұрайлы  көзқарас  қалыптасып,  елдік  мінездің,  құндылықтардың  жойылуына  әкеліп  соғады.  Ұлттық 

намыс  –  азаттықтың  жаршысы,  құлдықтың  қас  жауы.  Ұлттық  намыс  бар  жерде  құлдыққа  орын  жоқ.  От-

арлаушы ел ең алдымен бодандағы елдің елдік, ұлттық санасын улап, рухани құндылықтарынан айыруға, 

ұлттың  асылдарын жоюға  ұмтылатындығын  тарих  тәжірибесінен  білеміз. Өйткені  ұлттық намысы оянған 

елдердің құлдыққа көнбейтінін, қарудың күшімен бағындырғанымен бәрібір азаттығы үшін қайтадан күреске 

шығатындығын білген. «Бөлшекте де билей бер» құйтұрқы саясатын ұстанған Ресей отаршылдығының саты-

лап бағындыру жүйесіне негізделген мемлекет аппаратын құруы жалпыхалықтық сипат алған ұлттық намы-

сты жүзге бөлінгендердің жыртысын жыртқан рулық, тайпалық намысқа телімденуіне әкеліп соқты. Намыс 

ұлттық сипатын жоғалтты. Бір айта кететіні, намыстың мүлдем жойылуы мүмкін емес, бірақ ол жасырын, 

бұғып жатуы мүмкін. Бұғып жатқан намыс Абай сияқты ұлтының дана ұлдарымен бірге оянады. Абай:

Ұятың, арың оянсын,

Бұл сөзімді ойлансын [10, 70]

– дейді. «Ұятың, арың»  – намысын. Ел намысы, ар намысы. Намыстың мақсаты – Тәуелсіздік. Елінді, жерінді 

өзге жұрттықтарға қор қылмау.

«ХІХ ғасырдың соңында қазақтың бір топ зиялы жастары Мәскеуде, Петербургте білім алды. Бұл Ыбырай 

бастаған істерінің жемісі, қазақтың оқыған зиялы қауымы қалыптаса бастады. Ол кезде Ресейде либералдық-

демократиялық қозғалыстар басталып та кеткен еді. Осы үрдіске орай саяси топтар шыға бастады. Осындай 

либералдық-демократиялық бағдарламаны ұсынған Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсыновтар т.б. болды» 

[3, 106]. Ғаламға жар салып XX ғасыр есік ашты. Жиырмасыншы ғасырдың бас кезіндегі қазақ зиялыларының 

ұлы шоғырын топтастырған ортақ мұрат – бодандық бұғауында жаншылған елін құлдықтан, құлдық санадан 

құтқару, жаңа ұлттық сананы қалыптастыру, өзге өркениетті елдер қатарына қосу болғаны белгілі. М. Дула-

тов:

Көзінді аш, оян, қазақ, көтер басты,



Өткізген қараңғыда бекер жасты.

Жер кетті, дін нашарлап, хал һараб боп,

Қазағым, енді жату жарамас-ты [11, 24]

– деп қазақтың санасын оятуға тырысса, А. Байтұрсынұлы «ұйықтап жатқан» қазақты «маса» болып шақты. 



№ 3 (112) 2016

527


Алаш партиясының жанына біріккен қазақтың зиялылары Ресей «демократиялық-федеративтік» мемлекетінің 

құрамында  Қазақ  елі  автономды  болып,  теңдікке  негізделген  заңға  сүйеніп  өмір  сүруін  қалады,  сол  үшін 

еңбек  етті.  Бірақ  Ресей  империясы  құлағаннан  кейін  оның  заңды  мұрагері  КСРО  отарлау  саясатын  басқа 

қалыпта жалғастыра берді. Қазақты ұлт ретінде тарих сахнасынан жоюға бағытталған, яғни тілін, ділін, дінін 

құрту саясаты ХХ ғасырда да қарқынды түрде жүзеге асып, өз жалғасын тапты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет