150
ЖАСӨСПІРІМ ШАҚТАҒЫ СУИЦИДТІК МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ ПАЙДА
БОЛУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЕГІЗГІ СЕБЕПТЕРІ
ШАҚАБАЕВА А.Қ.
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің
«Педагогика және психология» мамандығының 3 курс студенті
Ғылыми жетекшісі: ТҰРҒАНБАЕВА Б.Ш.
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті,
педагогика кафедрасының доценті, педагогика ғылымының кандитаты
«Суицид» терминін алғаш рет итальян психологы Г.Дэзен 1947 жылы қолданды.
Яғни бұл – «Өз өмірін қиюға ниеті бар мінез-құлық» деген мағына береді. Суицид қазіргі
кезде дүниежүзілік қауіпті, өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Бүгінгі біздің қоғам
өмірінде баланы теріс бағытқа апарар түрлі жолдар бар. Олардың арасында әлем дабыл
қаққан жасөспірімдер арасында көбейіп бара жатқан суицид проблемасы. Жалпы
жасөспірімдік кезеңде адам түрлі қиындықтарға қарсы тұруға қабілетсіз және бұл кезең
психикалық және денелік тұрақсыздықтың айқын көрінетін кезеңі.Сондықтан бұл мәселе
жан-жақты зерттеуді қажет етеді. Біздің мақаламызда осы мәселе төңірегінде,
жасөспірімдік шақтағы суицидтік мінез-құлықтың пайда болуы және оның негізгі
себептері айқын зерттеліп қарастырылды.
Суицидалды мінез-құлық деген – адамның саналы түрде өзін-өзі өлтіргісі келетін
мінез-құлқының бір түрі.
Адамзат тарихында өзін-өзі өлтіру әртүрлі түсіндіріледі. Европа халқында өзін-өзі
өлтіретіндер – вампираға айналады десе, ал, көне Греция, Спарта, Афинада олардың
мәйітін өртеп отырған. Орта ғасырда Австрия, Пруссия, Францияда өзін-өзі өлтіруші
адамдарды діни көзқарас бойынша – қылмыскер деп санаған.
Суицидалды мінез-құлықтың белгілі бір формасы, тәсілі, даму стадиясы, тәуекел
факторлары болады. Суицидалды мінез-құлыққа адамның жас ерекшелігі, жынысы,
кәсібі, өмірлік жолының ерекшелігі де әсер етеді.
Әр бір жас кезеңдеріне белгілі бір суицидалды белсенділік тән болады:
Балалық шақ – 12 жасқа дейін;
Жеткіншектік жас – 12-17 жас;
Жастар арасы – 17-29 жас;
Ересек арасы – 30-35 жас;
Қарттық кезең – 55-70 жас.
М. Әділбекованың мақаласында түрлі мінез-құлық көріністері кезінде суицидке
бейімділікті анықтауға болатынын атап көрсетумен қатар төмендегідей типологиялық
белгілері бар адамдар тобын ұсынады:
өзіне деген сенімсіздік;
өзін бағалау деңгейі төмен;
оптимизмнің төменгі деңгейі;
өзін кінәлуға бейім;
өзін қорғансыз сезінеді;
инфантилизм ( дамудағы тежеу).
Суицид адам баласына жабысқан дерт десе де болады. Кез келген дертті
қоздыратын вирустар бар. Сол сияқты суицидтің де емін табу үшін қоздырғыштарын
тауып алған жөн.
Дүниежүзілік денсаулықты сақтау ұйымы өзін-өзі өлтірудің мынадай себебін
анықтап отыр: жеке өмірдегі кикілжіңдер, үмітсіздік, махаббатағы сәтсіздік, жалғыздық,
қорлық, зомбылық көру, мүгедектік т.б
Өзіне-өзі қол салу үш топқа бөлінеді: ашық, жасырын және демострантты.
151
Ашық суицид – қашанда жабырқау дағдарыстық жағдай немесе өмірден баз кешу
жайлы ой, өмір сүрудің мәні жайлы ойланып күйзелу жатады. Өйткені, өзін ешкімге
керексіз сезінеді.
Демонстративтік суицид – өлуге деген ниеті жоқ, жай ғана басқалардың назарын
өзіне аудару үшін өз-өзіне қол жұмсау әрекеті жатады.
Жасырын суицид – өлуді мәселенің шешімі деп санамайды, одан басқа жол таба
алмай қиналатындар баратын мінез қылығының бір түрі. Жасөспірімдер арасында
еліктеуіш күш те қарқынды әсер етеді. Олар теледидар, радиохабарлар, интернет арқылы
«көшірме» ретінде өз үлгілерін табады да, оларға еліктейді.
Жасөспірімнің психикалық ұйымдасуы өте тұрақсыз, айта кететін жайт, ол
тұрақсыздық барлық деңгейлерде көрініс табады: эмоция, сезім және интеллект
деңгейінде. Жасөспірімдер көңіл-күйдің жиі ауысуына бейім, мазасыз күйде болады.
Оларда қорқыныш сезімі тез пайда болады. Бұл жас тобының өзіне өзі қол жұмсауға
бейім тұлғалар мектеп өміріне тәнік бейім және қандай да бір мәселелерден толық
тәуелсіз болуы мүмкін, бірақ бұл жаста адам сәйкестендірудің бейберекттік дағдарысын
басынан кешіреді және/немесе тәуелсіздік үшін күрес жүргізуі мүмкін. Өзіне өзі қол
жұмсауға дайын болу ұзақ мерзімді соққылар мен психикалық жарақаттар жағдайында
пайда болады. Жасөспірімде эмоционалды күйінің төзімділігі төмендеді, агрессиясы
жоғарылайды, күнделікті тұрмыстық қиыншылықтарға төтеп беру икемінің жоқтығы
айқындалады. Жасөспірімдердің іс-әрекеттері өзін өзі жоюға бағытталмайды, жойылған
әлеуметтік қарым-қатынастарды қайта қалпына келтіруге бағытталады. Өзіне өзі қол
жұмсайтын жасөспірімдердің ауыр әлеуметтік ортасы бар: нашар отбасы, жалғыздық
және қажетсіздігі, үлкен адмнан тірегінің жоқтығы. Өзіне өзі қол жұмсаудың себептері,
әдетте, аса күрделі емес: сабақтан екі алу, үлкендерге реніш, әділетсіз қарым-қатынас
үшін уайымдау және т.б. Көптеген өзіне өзі қол жұмсаудың мақсаты бір – ата-ананың
және жақын достарының назарын өзіне аудару. Жасөспірімдер, өздерінің мақсаты –
басқа адамдарға бақылау жасау және айла-шарғы жасау болса да, өздерін өлтіруге
барады.
Жасөспірімдер мінезі тұрақсыз келгендіктен, сенгіш, жел сөздерге еріп әр түрлі
әрекеттер жасайды. Жасөспірім көбінесе өліммен қорқытып, өзінің қарсыласын
бағындыру мақсатында және бұл әрекетті ең дұрыс тәсіл деп түсінеді, қайғылы
жағдайларға ұшырайды.
Өзіне өзі қол жұмсау туралы ойлайтын жасөспірімдер көбінесе:
- Жалпы өлім мен өзіне өзі қол жұмсау туралы айтуы мүмкін;
- Өзінің «кетуі» туралы айтады;
- Үмітсіздік немесе күнә сезімі туралы айтуы мүмкін;
- Отбасынан және достарынан алыстайды;
- Қызықты іс-шаралар мен оқиғаларға қызығушылығын жоғалтуы мүмкін;
- Нақты ойлана алмауы немесе бір нәрсеге назарын дұрыс аудара алмауы мүмкін;
- Күнделікті әдеттері мен тамаққа деген талғамын өзгертуі мүмкін;
- Өзін өзі жоятын мінез-құлықтың пайда болуы: ішімдікке, темекіге және
есірткіге әуестігінің пайда болуы.
Жасөспірімдер арасында өзіне өзі қол жұмсау тәуекелін жоғарылататын
факторлар құрайды:
- Психологиялық тәртіпсіздік, әсіресе тоқырау, биополярлы тәртіпсіздік, сонымен
қатар ішімдік пен есіртке пайдалану (95% жасөспірімдер өзіне өзі қол жұмсау кезінде
психологиялық бұзылуға ұшыраған);
- Ренжу, ызалану, қозу сезімінің пайда болуы;
- Қажетсіз болу немесе үмітсіздік сезімінің болуы, бұл сезімдер жиі тоқырауға
әкеледі, мысалы, мектепте үнемі сәтсіздікке үшырайтын, уйінде зорлық көретін немесе
өз құрдастарынан алшақтатылған жасөспірімдер;
152
- Бұрын өзіне өзі қол жұмсауға әрекеттенгендер;
- Тоқырау мен өзіне өзі қол жұмсауға генетикалық түрде бейімділер.
- Физикалық немесе сексуалды дәмешілдіктер;
- Қоғамның жеткіліксіз демеу жасауы, отбасымен және құрдастарымен әлсіз
қатынаста болуы;
- Қоғамдағы гомосексуалдықпен немесе мектептегі қастық ортамен бетпе бет
келгендер;
Жоғарыда аталғандардан жасөспірімдердің өзіне өзі қол жұмсаудың ортақ себебі
ретінде өткір психологиялық жарақаттар мен тұлғаның жақын ортасымен қарым –
қатынасының бұзылуы әсерінен болған әлеуметтік-психологиялық бейімсіздігі деп
қорытынды жасауға болады. Алайда, жасөспірім үшін бұл көбінесе жалпы
бұзушылықтар емес, жақындары мен отбасымен қатынастың бұзылуы болып табылады.
Тұлға өзіне өзі қол жұмсауға бару арқылы өзінің жағдайын түзеуге ұмтылады деп
есептеледі: жанын ауыртатын уайымнан қашу, жарақат әкелетін шарттарды бұзу,
аяушылық пен мейірімділік сезімдерін ояту, көмек немесе біреудің өміріне қатысуына
қол жеткізу, өз басындағы мәселелерге назар аударту. Өзіне өзі қол жұмсау
өкпелеткендерге деген кек сақтаумен де сипатталуы мүмкін, «кейін өкінетіндерге», бұл
жерде мақсатқа кез келген жолмен жетуге бағытталған патологиялық қасарсу келбеті
көрініс табады. Көп жағдайда бұл ашынушылық актісі ретінде сипатталады, тұлға
жағдайға әсер ете алатын және өзгерте алатын барлық мүмкіндіктері мен күшінен
шектелгенде.
Дегенмен, психожарақаттаушы жағдайдың орын алуы өзіне өзі қол жұмсауға
итермелеуге толық қажетті шарт емес. Екінші құраушысы – өзіне өзі қол жұмсаушының
тұлғалық ерекшеліктері. Көп авторлар тұлғаға өмірлік мәселелерге тәнік елеу жасауға
мүмкіндік бермейтін, соған байланысты өзіне өзі қол жұмсауға бейімділікті қамтамасыз
ететін бірнеше ерекшеліктерді бөліп көрсетеді. Оларға жататындар: қажеттіліктер мен
тілектердің қысымы, оларды қанағаттандырудың жолдарын таппау, қиын жағдайлардан
шығудың жолдарын іздеуден бас тарту, өзін өзі бақылаудың төмен деңгейі, жүйкелі-
психикалық қысымның төмендетуге қабілетінің келмеуі, эмоционалды тұрақсыздық,
импульсивтілік, сендірудің жоғары дәрежесі, ымыра келе алмауы және өмірлік
тәжірибесінің болмауы. Сонымен қатар өзіне өзі қол жұмсауға бейім жасөспірімнің
тұлғалық сипатының келесідей негізгі ерекшеліктерін атап өтуге болады:
- Өзін өзі бағалаудың төмен немесе төмендетілген деңгейі, өзіне өзі сенбеуі;
- Өзін өзі жүзеге асыруға қажеттілік;
- Қоршағандардың тарапынан жылы, эмоционалды байланыстардың жоғары
маңыздылығы, қарым – қатынастардың шыншыл болуы, эмпатияның, түсінушілік пен
қолдауды болуы;
- Шешім қабылдауда кездесетін қиындықтар;
- Алаңдаушылықтың өсуі, оптимизмнің төмендеуі және қиын жағдайлардағы
белсенділік деңгеәінің төмендеуі;
- Өзін кінәлауға беталыс, өз кінәсін әсерлеу;
- Тұлғаның қажетті деңгейде әлеуметтенбеуі, тежелушілігі, дүмбілездігі;
- Дербестіктің төмендігі.
Суицидтік мінез құлықтың айқын көріністердің классификациясы.
Суицидтік мінез құлық көріністері – суициттік ойлар, түсініктер, көріністер,
күйзелістер, тенденциясы. Суицидтік әрекеттін көріну дәрежесі.
1. Өмір туралы ойлар. Бұл өмір тақырыбында қиялдау, бірақ іс жүзінде емес тек
сөйлеген кезде ғана қолданылады. Мысалы: «Өлгенім артық», «Ұйықтап қалып,
оянбасам ғой», «Менімен осындай жағдай болғанынша, өлгенім артық» т.б.
153
2. Суицидтік ниет. Бұл ойға ерік компонеті қосылған кезде шығады, яғни
шешім сыртқы мінез-құлық әрекеттеріне көшуге дайын болады. Ол дегеніміз өз-өзіне
қол жұмсауға жоспар құру, қол жұмсау уақыты беріледі.
3. Суицидтік әрекет. Саналы түрде өз өмірін қандайда да бір жолымен қиюға
бағытталған, бірақ соңы өліммен аяқталған іс-әрекет. Суицидтік ойдын пайда болуынан
өз өмірін қандайда бір жолымен қиюға шешімнің уақыт мерзімі: кейде минуттардың
ішінде, кейде бірнеше айларға дейін созылады.
Өз-өзіне қол жұмсау – бұл шешілмеген қиындықтар мен жағдайларға баланың
тығырықтан шығу тәсілі болып келеді.. Суицидтік жағдай жас ерекшеліктерге тығыз
байланысты. Егер балалық шақ кезенінде суицидтік тәртіп өз-өзін өлтіруді емес, тек
жазалаудан қашу, ашу –ызанын, қорқыныштың себептерінен болса, өтпелі балалық
жасөспірім шақта 10% нақты өлімге қадам басу болса, қалған 90% ол көмекке шақыру
немесе жан айқайы деп айтуға болады.
Жасөспірімдік суициттік психологиялық негізінде – өзіне жанкүйзелістеріне көңіл
аударту, көмек сұрау. Жасөспірім өлімді басқа өмірде есік ашу, барлық қиындықтардың
аяқталуы, өзін ренжіткен адамдарды жазалау ретінде қарастырады. Әрине көп ересек
адамдар бізде жасөспірім болғанбыз ештенесі жоқ, біраз қиналады, барлық өтеді деп
санайды. Бірақ әр жасөспірімнің осы кезеннен өтуі әрқалай. Сондықтан жасөспірім шақ
мәселелері, бізге жеңіл деп көрінседе, өте күрделі процесс.
Жасөспірім шақта осындай жағдайды болдырмау үшін ата-аналарға келесідей
кеңестерді ұсынамыз:
Балаға ілтипатпен, ізгі тілестікпен қараңыз;
Оның жағымды қасиеттеріне сүйенуге тырысыңыз;
Ата-аналар үшін стресс болмайтын жайттардың балалар үшін алу
себептерінің бірі болуы әбден мүмкін. Сондықтан әрбір қадамыңызды ойланып
жасауыңыз қажет;
Балаға көп уақыт бөліңіз, сырласыңыз;
Баланың сұрақтарына жауап берген кезде, шын және шыдамдылықпен
жауап беріңіз;
Оның адамгершілік күшіне, потенциалды мүмкіндіктеріне сеніңіз;
Балаға үнемі қол ұшын созыңыз. Баланың ойымен санасыңыз;
Жатар алдында баланы қандай жағдайлар мазалап жүргені турал айтуға мүмкіндік
беріңіз:
Баланың көзімен әрбір жайттарды көруге тырысыңыз.
Осы аталған жағдайлардың бәрін ескере отырып тәрбиеленуі қиындардың
әрқайсысына әр түрлі қатынас жасау, оларды жеке-жеке бақыланып, әрқайсысына арнап
жасалған жүйелі тәрбие жұмысын жүргізу қажет. Қиын жасөспірім болса да оның
толыққанды дамуына жағдай жасау керек.
Біз жасөспірімдерге өз-өзіне қол салу табиғаттың ең қымбат сыйына қол салу –
табиғаттың ең қымбат сыйынан қол үзу, яғни, ауыр күнәға бару болып саналатынын
түсіндіруіміз қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
Әділбекова
М.
Суицидке
бейім
адамдардың
мінез-құлқының
психологиялық ерекшеліктері. Жантану мәселелері.2010-№1-37-40 бет.
2.
Ғаламтор желісі: http://sc0019.burabay.akmoedu.kz/
3.
И.Аманова, М.Қуаналиева. Жасөспірімдік шақта стресстің әсерінен
суицидтік мінез-құлықты пайда болуы, оны зерттеудің психологиялық маңыздылығы.
Оқушы тәрбиесі. 2012-№11-33-36 бет
4.
Қ.М Айғараева. Суицидтік мінез-құлықтың өзіндік психологиялық
ерекшеліктері және оның алдын алу жолдары. Валеология. Денсаулық және өмірлік
дағдылар. 2011-№3-41 бет.
154
5.
Сағидуллаева Р. Суицидттік мінез-құлықтың өзіндік психологиялық
ерекшеліктері. //Мектептегі писхология- Психология в школе.- №3 (9),2007. – 30-31 бет.
155
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
АКТУАЛЬНЫЕ ВОПРОСЫ ПО ЕСТЕСТВЕННЫМ НАУКАМ
УЛЫ ЖӘНДІКТЕР МЕН ЖАНУАРЛАРДАН САҚТАНУ
АДАМБАЙ Н.Е.
Алматы Университеті, Биология мамандығы 3 курс студенті
Ғылыми жетекшісі: ИБРАГИМОВА З.А.,
п.ғ.к., доцент
Жаз айларында география, бастауыш сынып, биология мамандығының студенттері оқу-
дала практикасына, ал мектеп оқушылары жазғы демалыста, туған өлкесінің табиғатын
тамашалап, зерттеу үшін топсеруенге, саяхатқа шығады. Жазғы маусым, ауылшаруашылығы
мамандарының (малшылар, диқаншылар, шөпшілер және т.б.) иелері үшін науқандық
жұмыстардың қызған кезі. Олар көпшілік уақытын тікелей табиғат аясында өткізетін
болғандықтан қай-қайсына да улы жәндіктер, жануарлар жайлы біліп, олардан сақтанып жүру
артықтық етпейді.
Кейде улы жәндіктер ( қарақұрт, құршаян, бүйі ) мен жануарлар (улы жыландар: дала
сұржыланы, кәдімгі сұржылан, гюрза, Палласов қалқантұмсықты жылан) жайында шындыққа
жанаспайтын әңгімелерді естуге болады. Олар адамдарға өздері шабуыл жасап, қуып жүріп
шағатын сияқты. Шын мәнінде адам өзі байқаусызда қолымен ұстап қалады, кейде қолы тиіп
кетеді немесе оларды аяғымен басып қалады. Сол уақытта олар қорғану үшін шағып алады
Қазақстан жерінде кездесетін улы жәндіктер мен жануарлардың уымен уланудың
қиындығы ол тек удың денедегі мөлшеріне ғана емес, сонымен қатар адамның қай жерін
шақты, у қай мүшеге тарады соған да байланысты.
Дүние жүзінде жыланның 2700-дей түрі бар.Солардың 400-ге тарта түрі адамдардың
өмірі үшін қауіпті. ТМД елдерінде жыландардың 56 түрі бар, соның ішінде 11 түрі улы. Ал
Қазақстанда жыландардың 19 түрі бар, оның 4- еуі ғана улы. Олар кәдімгі сұржылан, дала
сұржыланы, гюрза ( бозжылан), Палласов қалқантұмсықты жыланы.
Қазақстанда жоғарыда айтылған улы жыланның төрт түрінен басқа оқ жылан кездеседі.
Оның улы тістері үстіңгі жақ сүйегінің артқы жағында. Сондықтан ол кесірткі және
тышқандарды ғана шаға алады. Адам мен ірі жануарларға қауіпті емес.
Жүздеген жылдар бойы адамдар табиғатта немесе елді мекендерде өрмекші тәрізділер
мен жыландарды кездестірсе болғаны олардың табиғатын жете білмегендіктен адамдар
қолдарына тас, таяқ алып оларды өлтіруге тырысады, тек улы жыландар ғана емес, ешқандай
зияны жоқ усыз жыландар да жапа шегуде.. Мұндай ересек адамдардың жат қылықтарын
көрген баланың бойында мейірімділік, адамгершілік т.б. қасиеттерді тәрбиелеу өте қиын.
Туған өлкесінің табиғатын зерттейтін студенттер мен оқушыларды және
ауылшаруашылық мамандарын улы жәндіктер мен жануарлардың құрылысымен, таралуымен,
жыл мезгілінің және тәуліктің қай уақытында көбірек зиянын тигізетіндігімен, адам өміріне
өте қауіпті екендігімен, одан қалай сақтана білу шаралары жөнінде түсінік беріп, білімін
тереңдетіп, отыру қажет.
Республика жерінің бестен екі бөлігін шөл, шөлейт жерлер алып жатыр, бұл өңірдің
жазы ыстық, қысы суық, жауын-шашыны мардымсыз, ауасы өте құрғақ, міне осындай
аймақтарда улы өрмекші тәрізділер (қарақұрт, құршаян, бүйі) мен улы жыландар (дала
сұржыланы, гюрза, Палласов қалқантұмсықты жылан ) түрлері өте көп, олардың ішіндегі ең
улысы және қауіптісі қарақұрт.
Қарақұрттар біздің республикамыздың оңтүстік аудандарында кездеседі. Қарақұрт өте
әдемі, барқыттай қап-қара түсті. Аналығының үлкендігі 1,5-2 см, улы безі тырнақ тәрізді
156
жоғарғы жағына ашылады, арқасында 13 ашық қызыл түсті дақтары болады; ал аталығының
үлкендігі 4-7 мм, улы безі болмайды; аналығының улылығы улы жыланның уынан 15 есе
күшті. Қарақұрттар шөл және шөлейт жерлерде жоталарда, әсіресе жусаны мол жерлерде
көбірек кездеседі. Көбінесе суы жоқ арықтың күн түспейтін жағында, кемірушілер мен
тасбақаның тастап кеткен інінде немесе қураған ағаш астында және жусан, жантақ,
тобылғылардың түбінде, тіптен көпшілік жағдайда ескі бұзылған үйлерде т.б. кездеседі.
Қарақұрттың көбеюі үшін ең қолайлы-жаңбыры аз ыстық жаз айлары.Жаздың бас
кезінде аналығы өзінің артынан өрмегін сүйретіп шөлді кезіп жүреді, оны аталығы осы өрмегі
арқылы табады. Ал шілдеден бастап аналығын ұрықтандырғаннан кейін, табиғатта бірде-бір
аталығы кездеспейді. өйткені өздері табиғи өледі немесе аналығы жеп қояды
Қарақұрттың көбеюі үшін ең қолайлы-жаңбыры аз ыстық жаз айлары. Жаздың бас
кезінде аналығы өзінің артынан өрмегін сүйретіп шөлді кезіп жүреді, оны аталығы осы өрмегі
арқылы табады. Қарақұрттың құрсағының ұшында өрмекші аппараты болады, онда өптҵген
тесіктері бар, бес ко
ᐽус пішінді төмпешᑖгі орналасқан, одан жабысқақ сұйықтық бөлінеді.
Жер бетінен аздап биіктегі шөпке жұмыртқасы бар саны екіден он екіге дейін, диамеърі 1 см
шар пішінді,Ƞпілләсін салатын қалпақ тәрізді тор тоқиды да оны ұясындағы өрмек жіптеріне
іліп қояды. Әрбір пілләсінде 100-600-ге жуық жұмыртқасы болады. Қыркүйекте аналығы
жұмыртқасын салып, пілләсін орналастырғаннан кейін өледі.Көбінесе пілләсінің түсі
сарғыштау, қыстап шыққаннан кейін ақшылдау болады.Сәуір айында күн жылынысы мен
әрбір өрмекші сыртқа шығып, ұзын өрмегінің арқасында жел арқылы тарайды.
Маусымда бірнеше рет түлеп, жетілгенше аналығы, аталығы бөлек тіршілік етеді.
Сонымен қарақұрттың даму циклі бір жылға созылады. Қарақұрт жас кезінде құмырсқамен, ал
ересек кезінде бүрге, құршаян, кейде кесірткелермен қоректенеді. Қарақұрт түнде активті.
Олар тек жалаң аяғыңмен басып кетсең немесе өсімдік жинап жүріп жаншып кетіп мазасын
алсаң шағады. Сондықтан да біздің аталарымыз ”Қара тасты баспа, қара бүршікке тиме”,- деп
айтып ескерткен.
Қазіргі уақытта ғалымдар зертханаларда осы улы өрмекшілердің уынан бағалы дәрілер
жасауда. Сондықтан оларды өлтірмей одан сақтана білудің, қорғанудың маңызы өте зор.
Құршаяндар көбінесе тасты болып келетін шөлді жерлерде кездеседі.
Құршаянның үлкендігі 50-100 мм (кейде 200 мм) жетеді. Оның ұзынша келген артқы
құрсағының артқы ұшында улы безі болады. Безінің кейінгі жағында іші қуыс, үшкір тырнақ
түтікшесі болады, шаққанда сол арқылы уы құйылады.
Арахнологтар (өрмекшіні зерттейтін мамандар) өрмекші інінің аузына қарап, көп нәрсені
айтады. Егер інінің ауызы өрнектелген мықты өрнекпен керісе, онда өрмекшінің жағдайы
жақсы болғаны. Құршаяндар жазды күні өрмегі арқылы қорегін аулайды, ал қыста іннің ішін
қаптап, суықтан, жаңбырдан сақтанады.
Көптеген құршаяндар баласын тірі табады, тек кейбіреуі ғана жұмыртқа салады. Көп
жағдайда 25-30-ға жуық балалары кейде бұдан да екі-үш есе көп балалары пайда болады.
Түлегеніне дейінгі алғашқы жұмада құршаян балалары анасының арқасында болады, ал
бірінші киімін тастағаннан кейін, ата-анасына ұқсайды, денесінің сыртында түк пайда болады,
өседі, бірақ анасынан айырылмайды. Құршаян әбден өсіп-жетілгенде ғана өз алдына өмір
сүреді.
Құршаяндар түнде активті, егер күндіз ыстық болса, олар баспанаға тығылып жатады.
Көбелек, шыбын, өрмекшілер, кесірткелерді тіптен тышқандарды құйырығындағы
тырнағымен ұрып, оны бөліп өлтіреді.
Олар бір жарым жылға дейін аш жүре алады, су ішпейді.
Сары түсті құршаянның уы онша қауіпті емес, бірақ удың тиген жері қызарады, ашиды,
томпиып ісіп кетеді, адамдар аздап бейнет шегеді. Бүкіл дене қақсап ауырады. Құршаянның
уының күші жас ерекшелігіне қарай әртүрлі болады.
157
Құршаяндар шаққан жерін ертінділерге батырылған мақта басып, тез дәрігерлерге апару
керек. Құршаяндардың уының емдік қасиеттері зерттелуде. Бірақ, ертеде оны жүйке
ауруларын емдеуге пайдаланған.
Сондықтан қазіргі кезде жаңа дәрігерлік препараттар дайындайды. Республика
ғалымдары зертханаларда сары құршаянның уын алып, оның пайдалы қасиеттерін зерттеуде,
осындай өрмекшінің биологиясы, экологиясын және сақтану шараларын біліп, олардың
пайдасын халыққа түсіндіре отырып, қорғау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |