Практикалық конференциясының м а т е р и а л д а р ы



Pdf көрінісі
бет9/45
Дата07.02.2017
өлшемі2,79 Mb.
#3575
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   45

Денсаулық сақтау 
технологиясының 
түрлері 
Күн тәртібінде өткізу 
уақыты 
 
Өткізу әдістемесінің 
ерекшеліктері 
 
Жауапты 
 




1. Денсаулық сақтау және ынталандыру технологиялары 
Созылу 
 
Тамақтанған соң 30 
минуттан кейін, 
аптасына 2 рет 30 
минуттан.  
Жалпақ табан және сымбаты 
солған балаларға ұсынылады.  
Дене тәрбие 
жетекшісі 
Динамикалық 
үзіліс 
Сабақ барысында 
баланың шаршауына 
байланысты 2-5 минут 
Шаршағанды алдын алу үшін 
барлық балаларға ұсынылады. 
Көзге, тыныс мүшелеріне 
арналған жаттығуларды 
қолдануға болады.  
Тәрбиешілер 
 
Қозғалыс және 
спорттық 
ойындар 
Дене тәрбиесі сабағында
серуенде, аз және 
орташа жылдамдықта 
топ бөлмесінде күнде 
барлық топта өткізу. 
Ойындар баланың жас 
ерекшелігіне, өткізілетін орынға 
және уақытқа байланысты 
таңдалып алынады. Спорттық 
ойындардың тек элементтері 
ғана алынады. 
Тәрбиешілер, 
Дене тәрбие 
жетекшісі  
Эстетикаға 
бағытталған 
технологиялар 
Көркемдік эстетикалық 
циклдік сабақтарда, 
мұражай, театрларға 
баруда және мерекелерге 
қарсы безендіруде 
жүзеге асырылады  
МДҰ бағдарламасы бойынша 
сабақтарда және сонымен қатар 
арнайы жоспарланған іс 
шаралар кестесіне сай жүзеге 
асады. Отбасымен жұмыс басты 
орынға ие болады.  
МДҰ барлық 
педагогтары 
 
Саусақтарға 
арналған 
гимнатика 
Кіші жастан бастап, жеке 
немесе кіші топпен күн 
сайын. 
Барлық балалармен өткізу 
ұсынылады.  
Тәрбиешілер, 
логопед 

61 
 
 
Көзге арналған 
гимнастика 
Күнде 3-5 минутан кез 
келген уақытта көру 
жүктемесіне қарай. 
Көрнекі құралдар қолдану 
ұсынылады.  
Барлық 
педагогтар 
 
Тыныс алуға 
арналған 
гимнастика 
Дене шынықтыру, 
сауықтыру 
жұмыстарының әр түрлі 
формаларында  
Ғимаратты желдету, 
процедураны бастамас бұрын 
педагогтың балаларға мұрын 
тыныс жолының гигиенасын 
сақтауды ескертуі. 
Барлық 
педагогтар 
 
Ортопедиялық 
гимнастика 
Дене шынықтыру, 
сауықтыру 
жұмыстарының әр түрлі 
формаларында  
Жалпақ табан балаларға 
арналады. 
Тәрбиешілер, 
Дене тәрбие 
жетекшісі  
2. Салауатты өмір салтына оқыту технологиялары 
Дене шынықтыру 
сабақтары 
Аптасына 2-3 рет спорт 
және музыка 
залдарында.  
Кіші жас- 15-20 мин., 
Естияр жас - 20-25 мин., 
Ересек жас- 25-30 мин. 
Сабақ МДҰ бағдарламасына 
сәйкес жүргізіледі. Сабаққа 
дейін залды желдету. 
 
Тәрбиешілер, 
Дене тәрбие 
жетекшісі 
Мәселелік-
ойындық 
(ойынтреннингіле
рі және 
ойынтерапиясы) 
Бос уақытта, күннің 
екінші жартысында. 
Уақыт шектелмеген
педагогтың қойған 
міндеттеріне 
байланысты. 
Сабақ балаға белгісіз 
ұйымдастырылуы мүмкін, 
педагогтың ойын қызметіне 
енуі. 
Тәрбиешілер, 
психолог 
 
 
Коммуникативтік 
ойындар  
Ересек жаста аптасына 
1-2 рет 30 минуттан. 
Сабақ арнай схема бойынша 
құрылады және бірнеше 
бөліктен тұрады, оған 
әңгімелесу, сурет салу, мүсіндеу 
сабақтары кіреді.  
Тәрбиешілер, 
психолог 
 
«Денсаулық»   
сабағы 
 
Ересек жаста аптасына 1 
рет 30 минуттан. 
Сабақтың құрылымына 
танымдық даму енеді. 
Тәрбиешілер,Де
не тәрбие 
жетекшісі, 
педагог-валеолог 
Нүктелі массаж 
Көктемгі және күзгі 
мерзімдерде 
эпидемияның алдында 
педагогқа ыңғайлы 
уақытта  
Арнайы әдістеме бойынша 
жүргізіледі.  
Тәрбиешілер, аға 
медбике, Дене 
тәрбие 
жетекшісі. 
3.Түзету технологиялары 
Арттерапия 
Естияр тобында 30-35 
минуттан . 10-12 сеанс 
сабақтар бойынша. 
Сабақ адамнан тұратын кіші 
топта жүргізіледі, бағдарлама 
диагностикалық құрылғылардан 
тұрады және сабақтың 
хаттамасы болады. 
Тәрбиешілер, 
психолог 
Әуендік әсер 
технологиясы 
 
Сауықтыру шынықтыру 
жұмыстарының әр түрлі 
формасында. 
Шаршағанды басуда, 
эмоционалды жағдайды 
көтеруге көмектесетін басқа 
технологиялардың көмекші 
құралы ретінде қолданылады. 
Барлық 
педагогтар 
Ертегі терапия 
 
Ересек жаста айына 2-4 
сабақтан 30 мин.  
Сабақ психологиялық 
терапевтік және дамыту 
жұмыстары негізінде 
ұйымдастырылады. Ертегіні 
үлкендер немесе бір емес 
бірнеше адам баяндайтын 
топтық мазмұндау болып 
табылады.  
Тәрбиешілер, 
психолог 
 
Психогимнастика 
Ересек жаста аптасына 
1-2 рет 25-30 минуттан.   
Сабақ арнайы әдістемелер 
бойынша жүргізіледі. 
Тәрбиешілер, 
психолог 

62 
 
Фонетикалық 
ритмика 
Кіші жаста тамақтанған 
соң 30 мин. кейін 
аптасына екі рет. Дене 
тәрбиесі және музыка 
залында өтеді. 
Сабақ есту қабілеті нашар 
балалармен өткізуге ұсынылады 
немесе алдын алу жолымен. 
Сабақ мақсаты қозғалыссыз 
фонетикалық сауатты сөз.  
Тәрбиешілер, 
Дене тәрбие 
жетекшісі, 
логопед 
 
Бағдарлама  мазмұнын  іске  асыру  ерте  жастағы  баланың  жан-жақты  дамуына, 
олардың  денсаулығын  сақтауға,  келесі  жасқа  табысты  өтуге  мүмкіндік  туғызады. 
Бағдарламада  екі-үш  жастағы  баланың  дене  және  жүйке  жүйесі  мен  психикасының 
дамуына  талдау  жасалған,  топта  балалардың  тіршілік  әрекетін  ұйымдастыру,  мектепке 
дейінгі  ұйымдардың  отбасымен  ынтымақтастығын  құру  бойынша  нұсқаулар  берілген. 
Сондай-ақ,  мектепке  дейінгі  ұйымдардағы  және  отбасындағы  күн  тәртібінің  үлгісі  мен 
оларды ұйымдастыру бойынша нұсқаулары ұсынылады. 
Бала  тілін  дамытуға,  өзіне-өзі  қызмет  ету  дағдылары  мен  мінез-құлық  ережелерін 
қалыптастыруға  басты  назар  аударылады.  Ерте  жастағы  балаларда  заттармен  әрекет 
жасау  дағдыларының  дамуымен  өздік  тәжірибесі  молаяды,  көру,  есту  және  сипап  сезу 
сияқты қабылдау түрлері жетіле түседі. Сондықтан, бағдарламада берілген осы жастағы 
балаларға  арналған  күн  тәртібі  уақытты  есепке  алу  арқылы  ғана  емес,  сондай-ақ  жеке 
тұлғалық  және  мазмұнды-тәрбиелік  бағытты  қамтамасыз  ету  есебінде  құрылады. 
Баланың  танымдық  іс-әрекеті  икемділік,  маусымдық,  отбасы  тәрбиесімен  сабақтастық 
ұстанымдары негізінде құрылуы тиіс.  
Маңызды  орын  бағдарламада  оның  құрылымдық  компоненттері  мен  мазмұнын 
тұтастай қамтитын ойын әрекетіне беріледі.  
Бағдарлама,  ең  алдымен,  балалардың  жеке  және  біріккен  әрекеттерін  тиімді 
үйлестіру  барысында  жас  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  жеке  даралықты,  денені 
дамытуға, психикасын және эмоционалды жетістігін нығайтуға бағытталған. 
Зерттеу  барысында  анықтағанымыздай,  осы  технологияларды  кешенді  қолдану 
балалардың  бойында  салауатты  өмір  салтын  тиімді  қалыптастыруды  іске  асырады. 
Оқытудағы тұлғалық – бағыт ережелеріне негізделе отырып, біз педагог пен балабақша 
балаларының өзара қарым – қатынастылықтарын анықтап ұйымдастыру, педагогикалық 
процессті жетілдіру мақсатында іс – шаралар ұйымдастырдық. Осы шаралар барысында 
педагог пен балалардың бойындағы тұлғалық ерекшеліктерді анықтап, қарым – қатынас, 
салауатты  өмір  салтын  қалыптастыру  мәселелері  қарастырылып  отырды.  Балалардың 
жас ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбиеші өз көзқарастарын үстемдік етпей, балаларға 
денсаулыққа қатысты мәселелерді өздерінің шешулерін ұсынып отырды.  
Денсаулық  сақтау  технологияларының  баланың  оқу  кезеңінде  денсаулығын 
сақтайтынын,  оның  салауатты  өмір  салтының  қажетті  білім,  білік,  дағдыларын 
қалыптастыратындығын,  алған  білімін  өмірде  пайдаланатынын  ескере  отырып,  барлық 
оқу мекемелерінің бастауыш мектептерінде кеңінен қолдану ұсынылып отыр. 
Пайдаланған әдебиеттер 
1.
 
Науменко,  Ю.В.  Мониторинг  здоровьесберигающей  деятельности  школы  ⁄ 
Ю.В.Науменко // Стандарты и мониторинг в образовании. 2007. - №3. −С. 20 
2.
 
Кучма  В.Р.  Современное  дошкольное  воспитание:  гигиенические  проблемы, 
пути  решения,  медико-профилактическая  эффективность.-М.:  изд-во  ГУНЦЗД  РАМН, 
2010.-356 с. 
3.
 
Кучма  В.Р.  Проблемы  мониторинга  состояния  здоровья  десткого  населения  в 
связи с факторами окружающей среды // Гигиена и санитария.-1993.-№11.-С. 4-6 
4.
 
Киспаев  Т.А.  Как  сохранить  и  укрепить  здоровье  Вашего  ребенка: 
Метод.пособ.-Караганда, 2007.-161с 
5.
 
Акиева  Г.С.  Педагогические  основы  развития  и  совершенствования  системы 
охраны здоровья школьников.-Алматы, 1997 

63 
 
6.
 
Неменко  Б.А.  Оспанова  Г.К  Балалар  мен  жасөспірімдер  гигиенасы(Оқулық).- 
Алматы 2002.344б. 
7.
 
Ахутина  Т.В.  Здоровьесберегающие  технологии  обучения:  индивидуально- 
ориентированный подход // Школа здоровья. 2000. Т. 7. №2. 
8.
 
"Балалар  мен  жасөспірімдерді  тәрбиелеу  мен  білім  беру  объектілеріне 
қойылатын  санитариялық-эпидемиологиялық  талаптар"  санитариялық  қағидаларын 
бекіту  туралы Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2011  жылғы  30  желтоқсандағы  № 
1684 Қаулысы.-Астана, 2011. 
9.
 
Методические 
рекомендации: 
Здоровьесберегающие 
технологии 
в 
общеобразовательной  школе:  методология  анализа,  формы,  методы,  опыт  применения. 
/Под ред. М.М. Безруких, В.Д. Сонькина. - М., 2002. 
 
ЖАЛҒЫЗДЫҚ СЕЗІМІ 
 
ЖАҚСЫЛЫҚОВА Ә.Р.,  БАҚЫТХАН М.Б. 
Семей қаласының Қазақстан Инновациялық Университеті, педагогика және 
психология мамандығының студенттері 
Ғылыми жетекшісі:АБИЛЬМАЖИНОВА О.С. 
Семей қаласының Қазақстан Инновациялық Университеті, аға оқытушы 
 
Бүгінгі  таңда  басынан  жалғыздық  сезімін  бірде-бір  рет  өткермеген  адам 
табылмайды.Өмір  сүру  барысында,  біз  достарымызды,  сүйіктілерімізді,  жақын 
адамдарымызды  жоғалтамыз.  Жалғыздықтан  құтылудың  екі  жолы  бар:  біріншісі,  сол 
сезімді  қабылдап,  басқа  маңызды  істерге  ой  бөліп,  онымен  күресе  білу,  мысалы, 
қызықты іс, хобби табу, жұмысқа толықтай берілу немесе екіншіден, адамдармен қарым-
қатынас құруды үйрену, өзіңді  жалғыз сезінбес үшін жаңа достар мен өмірлік серігіңді 
табу.  Әр  адамның  өмірі  –  жалғыз  ғана,  және  ол  таңқаларлықтай  жылдам  өте  шығады. 
Шешілмейтін  жалғыздық  мәселесі  –  біреулер  үшін  маңызды  емес,  себебі  олар  үшін 
шынайы,  жалғыз  өмірлері  маңызды,  олар  оны  жақсы,  бірлікпен,  сәтті,  әрқилы  және 
толыққұнды  өмір  сүргілері  келеді.  Бұл  олардың  құқығы  және  ол  құқықтарына  сыймен 
қарауымыз  керек.  Біз  бәріміз  әртүрліміз,  және  әрқайсымыз  өз  өмірлік  жолымызды 
таңдаймыз.  Біреу  үшін  –  жалғыздық  –  депрессияға  толы,  және  меншікті  толымсыздық 
сезімімен азапты ғұмыр кешу, ал басқа біреу үшін – тыныш, өзі үшін арналған өмір, өз 
карьерасы  немесе  шығармашылығымен  айналысу  мүмкіншілігі.  Жалғыздық  әртүрлі 
болады,  оған  тек  қана  негативті  эмоциялар  емес,  сонымен  қатар  қуаныш  пен 
қанағаттанушылық  та  жатады.  Көптеген  адамдар,  басқа  біреулермен  қарым-қатынастан 
шаршаған кезде, саналы түрде қоршаған адамдармен байланысын үзе бастайды.  
Жалғыздықты  түсінуде  психология  арасында  кең  таралымға  ие  болған  шет  ел 
авторларының мәлімдемелері: психодинамикалық  (З. Фрейд, Дж. Зилбург, Х. Салливан, 
Э. Фромм, Ф. Фромм-Рейхман); интеракционисттік (Р. Вейс); «интимді» (В.Дж. Дерлега, 
С.Т. Маргулис); когнитивті (Л.Э. Пепло, Д. Перлман); феноменологиялық (К. Роджерс); 
экзистенциалды (Ж.-П. Сартр, А. Камю, К. Мустакас, В. Франкл, И. Ялом) бар. 
Жалғыздықты  әлеуметтік  –  психологиялық  феномен  ретінде  зерттеумен 
айналысқандар  (К.А.  Абульханова-Славская,  Л.И.  Старовойтова,  Г.М.  Тихонов,  С.Г. 
Трубникова,  Ж.В.  Пузанова);  жалғыздықтың  мәдени  –  тарихи  түрлерін  зерттегендер 
(Н.Е.  Покровский,  С.А.  Ветров,  Ю.М.  Швалб,  О.В.  Данчева);  жасөспірім  және  ерте 
жастық  шақтағы  жалғыздықтың  психологиялық  ерекшеліктерінзерттегендер  (И.С.  Кон, 
О.Б.  Долгинова,  Н.В.  Перешина);  жалғыздыққа  жақын  құбылыстарды  сипаттаушылар 
(шектету, оңашалану) (О.Н. Кузнецов, В.И. Лебедев, А.У. Хараш). 
«Жалғыздық»  термині  «жалғыз»  сөзінен  шыққан.  Алайда  жалғыздықты  бастан 
кешіру,  үнемі  жалғыз  болу  дегенді  білдірмейді.  Жалғыз  болу  оңай  және  осы  кезде 

64 
 
жалғыздықты  сезінбеуге  болады,  және  топтың  арасында  да  жалғыздықты  сезінуге 
болады.  Психиканың  дұрыс  дамуы,  сезімдерді  интенсивті  қабылдаудың  кезектесуімен 
және оңаша қалғанда ақпараттарды саралау, өңдеу, себебі біздің санамыздың түпкірінде 
сыртқы ортаға байланған ойлау процесінің сызықты ойлауға қарағанда, әлдеқайда үлкен 
бөлігі  жатқандығын  енді  біз  мойындаймыз.  Антикалық  авторлардың  (Платон, 
Аристотель,  рим  философтары)  шығармаларында  жалғыздық  қандай  да  болмасын 
әлеуметтенуге  қарсы  тұра  алады  және  жиі  жағымсыз  пікірлермен  мадақталады. 
Антикалық менталитет бойынша, жалғыз адам  – ол не намысшыл, немес аластатылған, 
не болмаса аяушылықты қажет ететін жетім болған. Жалғыздық – бұл  жазмыш, шамадан 
тыс  даңқ,  өрескелдік,  адами  өркөкіректілік,  құдайларды  алдауға  тырысқандығы  үшін 
берілген тағдырдың қарғысы. «Жалғыздық жаратқанға ғана жарасады» деген сөз бар. 
Жалғыздық  —  басқа  адамдардан  оқшаулаған,  өзгерген  (үйреншікті  емес) 
жағдайға  ұшыраған  адамның  эмоциялық  күйіне  ықпал  ететін  психогендік 
факторлардың  бірі.  Адамның  жалғыздық  жағдайда  болу  уақыты  ұзарған  сайын 
тілдесуді,  қарым-қатынасты  қажетсіну  күшейе  түседі.  Бұл  қажетсінуда 
қанағаттандыру  мүмкіндігінің  болмауына  жауап  ретінде  адамдар  заттарды 
(қуыршақтардыжәне  т.б.),  әртүрлі  жануарларды  (өрмекшіден  бастап  аттарға  дейін) 
тұлғаландырып тіл бітіргендей әрекет жасайды, қиял күшімен серіктестер тудырады 
(бірқатар  жағдайларда  түсінде  көрген  жарқын  эйдетикалық  бейнелер  түрінде), 
олармен  дауыстап  сөйлесе  бастайды.  Бұл  экстериоризациялық  реакциялар 
қорғаныштық  (есесін  өтеушілік)  реакциялар  деп  бағамдалып,  психологиялық  норма 
шеңберінде қарастырылады. 
Адамдар  ғасырлар  бойы  жалғыздықтан  қашып  құтылуға  немесе  оған  үйренуге 
тырысты.  Келіспейтіндер  –  жалғыздықты  қарғады,  көнгендері  –    оны  байқамады,  ал 
даналары  –  онымен  рахаттанды.  Жалғыздық  бар,  демек  ол  қажет.    Өз-өзіңмен    жалғыз 
қалғанда,  топтасқан  адамдардың  арасында,  тіптен  сүйіктіңмен  бірге  отырып  та  өзіңді 
жалғыз сезіне аласың. Жалғыздық сезімі, сіздің жаныңызда жақын адамыңыз бар ма, жоқ 
па оған мүлде тәуелді емес, ол тұлғаның құрылымына байланысты. 
Кімдер  жиі  өзін  жалғыз  сезінеді  деген  сұраққа  келетін  болсақ?  Егер  адамдарды 
интроверт және экстраверт деп жіктесек, онда былайша айтуымызға болады: интроверт – 
бұл  “өзінің  ішіндегісі”,  ол  меншікті  тұлғаға  бағытталған,  ал  экстраверт  үнемі 
адамдардың көз алдында болуға талпынады.  Тобыр арасындағы жалғыздық интровертке 
ғана  тән.  Экстраверт  кез  –  келген  ер  және  әйел  адаммен  тіл  табысып  кетеді  және  ол 
беткей  таныстыққа  риза  болады.    Экстравертке  көшеде  таныса  салу  оңайға  түседі, 
танымайтын адамның жанына барып, әңгіме бастай салады  – себебі ол терең және ұзақ 
қарым-қатынасқа  талпынбайды  ғой.    Оған  таңданудың  ауыспалылығы  маңызды,  және 
қасында адамдар болғандықтан, ол жалғыздықтан жапа шекпейді. Интровертке жанында 
сүйікті  адамының  болғаны  маңызды.  Интровертке  жай  ғана  әңгіме  маңызды  емес, 
маңызды  оның  жақын  досының  бары,  онымен  сөйлесе  алатындығы,  және  қиналған 
уақытта қоңырау шала алатындығында. Адамдар бар жерде жаңа таныстық және қарым-
қатынас  табатын,  экстраверттерге  қарағанда,  интровертке  түсінушілік  қатынас  орнату 
қиынға  түседі.  Бірақ  білуімізше,  таза  экстраверт  пен  интроверттер  болмайды.  Әрбір 
адамның бойында интроверт пен экстраверттің қасиеттері бар; пропорция маңызды. Сол 
себептен  де,  әрбір  адам  бір  рет  болсын  өзінің  жалғыздығын  сезінді.  Ескерте  кететін 
жайт, үлкен қалалар жалғыз адамдар санынан барлық рекордтарды жеңіп кетеді. Үлкен 
қалалар адамдарды бір-бірімен қоспайды, керісінше ажыратады. 
Жалғыздық  –  ол  қайдан  шығады?  Адам  өмірінің  алғашқы  күндерінде  ана 
махаббатына  бөленген,  ол  балалармен  ойнап,  туыстарымен  араласып  жалғыздықты 
сезінбейді.  Ол  қоршаған  ортамен  етене  байланысқан  және  өзін  үшінші  жақта  айтады. 
Бірақ ол өзін «Мен» деп айта бастаған уақыттан бастап, ол өзінің басқалар сияқты емес 
екендігін  түсіне  бастайды,  онда  қарым-қатынас  жүйесі,  мінез  және  т.б.  қалыптаса 

65 
 
бастайды.  Міне, осы сәттен бастап жалғыздық сезімі пайда болады. Балаға дұрыс тәрбие 
беріп,  ол  еркін  дами  алатын  болғанда  ғана,  жалғыздық  сезімі  айқын    болмайды.  Егер 
балада  невротикалық  мінез  қалыптасатын  болса,  яғни    баланың  қабілетін  бағыттағанда 
ата-анасы  оның  дамуын  тежесе,  баланың  ішкі  жан  дүниесіне  сай  келмейтін  (мысалы, 
әуендік  қабілеті  болмауына  қарамастан,  оны  әуенге  үйретсе)  әрекеттерге  мәжбүрлесе, 
балада  эмоционалды  зорлық  жағдайы  туындайды,  ол  мына  себептерден  пайда  болады:  
бір жағынан бала ата-анасын жақсы көреді, себебі олар оған қажеттінің барлығын береді, 
ал  екінші  жағынан    онда  ата-анасына  деген  дұшпандылық    сезімі  туындайды,  өйткені 
олар  оған  армандарын  шындыққа  айналдыруға  мүмкіндік  бермейді.  Ата-анаға  деген 
дұшпандылық бала санасында сараланбайды, сол себепті  үрей туындайды, бірақ үрей де 
ессіз  жағдайға  ығыстырылады.  Әртүрлі  психологиялық  қорғаныш  қалыптаса  бастайды, 
оның бірі -  әлеуметтік қолайлы роль. Санада жалғыздық, қажетсіздік және түсінбеушілік 
сезімі қалып қояды да, маңайында адамдар көп болса да, олар баланың бүкіл өмірі бойы 
қатарласып жүреді.  
Жалғыздық  мәселесін  қандай  қарым-қатынаста  жеңуге  болады?  Тұлғалық  өсуге 
ықпал  ететін  қарым-қатынас  қана.  Басқалармен  әсерлесу  арқылы,  біреуден  бірдеңе  алу 
емес, бере алу маңызды. Мұндай қарым-қатынас сабақта, шығармашылықта, әріптестікте 
жүзеге асады.  
              Біз жиі жалғыздықты байқамаймыз, ол сонымен қауіпті, бос 
пәтерде    түнде  өзіңмен-өзің  қалғанда  ғана  аңғарасың.  Жұмыс  күндерінің қарбаласында 
жалғыздық  сезілмейді,  оны  ұмытып  кетеді,  ал  қаланы  түн  басқанда,  қараңғы  болғанда, 
көшелер  босағанда,  достарың  үйді-үйіне  тарасқанда,  телефонға  қоңырау  шалу  тоқтаған 
сәтте,  жалғыздықпен  бетпе-бет  кездесеміз.  Әрине,  түнгі  клубқа  барып,  бейтаныс 
адаммен бос әңгімені  жалғастыруға болады,  бірақ бұл  жалғыздық  мәселесін шешпейді. 
Сіз уақытша ғана өзіңізден қашып кетесіз. Есте сақтаған жөн, жалғыздық – үнемі жаман 
болмайды.  Келеңсіз  жағдайлар  болады,  ондай  кездері,  өзіңмен  жалғыз  қалып,  қалыпқа 
келіп, өзіңмен қатынас таба білу керек. Бірақ егерде жалғыздық қалауыңа қарсы болса, 
жалғыздықтан  адам  қайғыратын  болса,  міне  осы  кезде  жалғыздық  мәселесін  айтуға 
болады. Егер адам өзіне қажетті  қарым-қатынас саны мен өмірлік маңызды әсерлерден 
аластатылған  болса,  ол  адамда  психологиялық  және  соматикалық  сипаттағы  мәселелер 
туындауы  ғажап  емес.  Жалғыздықтан  қайғыру  –  жақын  достарыңның,  жылы  қарым-
қатынастың, жаңа ақпарат пен әсерлердің жеткіліксіздігі. 
Жалғыздық  мәселесін  қалай  шешуге  болады?  Ең  әуелі,  жалпы  қарым-қатынас 
жағдайын, қандай ақпараттар мен әсерлер жетіспейтіндігін анықтап алуымыз қажет және 
сол жеткіліксіздіктердің орынын толтыра білу керек. Сол себепті жалғызбасты еркек пен 
әйелге  түнгі  клубқа  баруға  немесе  жаңа  таныстар  табуға  кеңес  беру  нәтижесіз. 
Маңыздысы,  жалғыздықты  шақыратын  қажеттілікті  анықтап,  сол  қажеттіліктің  орнын 
толтыру керек. Жиі сол өмірлік кезеңде, өмірге ненің жетіспейтінін, жалғыздықтың дәл 
ненің туындататыны белгісіз.  Адам өмірінің көп бөлігі жалғыздықтан құралады, ол тек 
қана өзін оқшаулаудан ғана емес, адамның өзіне деген қарым қатынасынан да құралады. 
Жалғыздық  сәтінде  біз  немен  айналысуға  болатындығына  таңдау  жасаймыз,  көп 
жағдайда    бұл  істер  әртүрлі  және  пайдалы  болып  келеді.  Жалғыздық  бізге  өмірлік 
тәжірибемізді  түсінуге  көмектеседі  және  белсендіреді,  бізді  қызықты  және  мазмұнды 
қарым-қатынасқа  түсуіміз  үшін  белсенді  ізденіске  ынталандырады.  Жалғыздық  кезеңін 
басымыздан  өткереннен  кейін  ғана,  біз  достық  және  махаббат  қатынастарын  бағалай 
бастаймыз,  өз  серігімізге  аз  талап  қойғыш  және  шыдамдылық  таныта  алып  үйренеміз. 
Жалғыздық,  бізді    даналық  пен  махаббатқа  үйретеді  деуімізге  де  болады.  Өміріміздегі 
өзгерістермен  күресіп  немесе  өзімізді  өзгерткенде  ғана,  өмірімізді  толыққанды  және 
бақытты өмір сүреміз деген сөз емес, мұндай ғұмыр кешу үшін өзімізді қандай болсақ та 
жақсы  көре  алсақ,  өмірімізді  шынайы қабылдай  алсақ  болғаны.  Өзіңе  ұнағанын  таңдау 
қажет, жалғыздықты ма, әлде отбасын ба? Өз таңдауымызға деген сенімділік болу керек, 
толық құнсыздық комплексін сезінбеу, керісінше өзіңнің үндестігіңді таба білу қажет. 

66 
 
Әдебиеттер: 
1.  Шагивалеева  Г.Р.  Одиночество  и  особенности  его  переживания  студентами.  – 
Елабуга: «Алмедиа», 2007. – 157 с. 
2.  Корчагина  С.Г.  Психология  одиночества:  учебное  пособие.  -  М.:  Московский 
психолого-социальный институт, 2008. 
3.  Марасанов  Г.И.  «Социально  психологический  тренинг»,  Москва, 
«Совершенство», 1998. 
 
 
 
ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕГІ ИНТЕРНЕТ ТӘУЕЛДІЛІГІ 
ЗАМАНАУИ  МӘСЕЛЕ  РЕТІНДЕ 
 
ЖАҚСЫЛЫҚОВА Ә.Р. 
Семей қаласыныңҚазақстанИнновациялықУниверситеті, педагогика және 
психология мамандығыныңстудентті 
Ғылыми жетекшісі: КУРЕБАЕВ Е.А. 
Семей қаласыныңҚазақстанИнновациялықУниверситеті, ағаоқытушы 
 
Мақсаты: Жастардыңәлеуметтікжелілергетәуелділігініңсебептерінзерттеужәнеәле
уметтікжелілергетәуелділіктіңалдыналуғаұсыныстар мен бағдарламаларжасау.   
Ғылымизерттеудіңмақсаты: 
1) интернет тәуелдіадамдарменшетелдікжұмыстәжірибесінталдау; 
2) жастардыңәлеуметтікжелілергеүйренусебептері 
мен 
дәрежесінанықтауғамүмкіндікберетінсоциологиялықзерттеулержүргізу; 
3) жастардыңәлеуметтікжелілергетәуелділігініңалдыналуғаарналғанұсыныстар 
мен бағдарламаларжасау. 
Бүгінгікүндеинтернеттібарлықжастағыадамдарқолданаалады. 
Олөркениеттіңталассызжетістігі  бола  отырыпбіздіңөміріміздіәлдеқайдажеңілдетуде. 
Интернет 
дүкендерүйденшықпайсаудажасауға, 
on-
lineтрансляциялартеледидардыалмастырып,  жаңалықтар  мен  ауа-райыболжамынәнр 
минут сайынжаңалапкөругемұмкіндіктерберуде. Дегенмендеалаңдататынбір фактор бар, 
ол – жастарэкранғажабысыпотырыпалатынәлеуметтікжелілер.  
Зерттеудіңтәжірибелікмаңызықазіргіуақыттаәлеуметтікжелілердіңжастарғажағым
сызмүмкіндіктерініңықпалынтүсіну 
мен 
алдыналумәселесімамандар 
(дәрігерлер, 
психотерапевтер,  әлеуметтік  сала  мамандары,  психологтар  мен  педагогтар)  мен  ата-
аналарүшінанықеместігінде. 
 
Тұтасалғандажастардың 
интернет 
тәуелділігінтөмендететінжылдамалдыналушараларыныңқажеттілігінеқарамастан, 
оны 
диагностикалауғажәнепайда  болу  себептерініңалдыналуғақажеттіүлгінұсқаулықтар  да 
жасалмаған. 
Сондықтанмамандар 
мен 
ата-аналарпайдаболғанмәселеменемес, 
оныңтүрлікөлемдегісалдарларыменжиікездеседі. Біздіңзерттеуіміздежастардың интернет 
тәуелділігіменжұмысжасайтынмаманүшіннұсқаулар 
мен 
алдыналужұмыстарыныңбағдарламасыжасалады. 
Соныменқатар 
осы 
мәселегеқатыстыәлеуметтікжұмысмаманыныңбіліктіліксипаттамасыанықталады.   
Зерттеутақырыбыныңөзектілігіжастар 
мен 
жеткіншектердіқызықтыратыналуантүрліәлеуметтікжелілердіңкөбеюі. 
Кейінгікездеәлеуметтікжелілержастардың 
бос 
уақыттарынөткізуініңбастынысанынаайналды.  Әлемдікстатистикағасүйенсекхалықтың 
50 
%-ғажуығыәлеуметтікжелініңбірінде, 
ал 
кейбіреулерініңбірнешежелілердебірдейтіркелгендігінбайқауғаболады. 
Қазіргіуақытта«Вконтакте»,  «Одноклассники»,  «Мой  мир»,  «Мой  круг»,  «Соратники», 

67 
 
«Мир  тесен»,  жәнет.б.  көптегенәлеуметтікжелілер  бар.  Бұларәсіресежеткіншектерді  аса 
қызықтырадыжәнеолардың 
 
96 

желіарқылықатынасжасайды. 
Жүргізілгенсұрауларжелілердіңшынында 
да 
интернеткетәуелділіктітуғызатындығынкөрсетеді. 
Ресейғалымдарыныңпікіріншебірнешежылбұрынинтернеткетәуелділік  26  %  ғанақұраса, 
бүгіндеоләлеуметтікжелілердіңпайдаболуымен 4 есегеартқан. 
Көптегенғалымдарадамдардың 
интернет 
тәуелділігінзерттеугеқұлықты. 
Әлеуметтікжелілердіжәнеолардыңадамденсаулығынаықпалын Кимберли Янг, Якоб Леви 
Морено,  Н.  Н.  Алексенко,  М.  А.  Шаталина,  Л.  О.  Пережогин,  Джеймс  Шуровьески 
Стэнли 
Мильграм, 
Джеймс 
Барнсон, 
Е. 
В. 
Шумакова 
сияқтыбірқатарғалымдарзерттепжүр. 
Жастардыңәлеуметтікжелілердегі 
интернет 
тәуелділігіғылымижәнепрактикалықтұрғыданқызығушылықтудырғаныменде, 
ғылымиәдебиеттебұлмәсележеткіліктіқарастырылмаған. 
Жастарменжүргізілетіналдыналужәнетерапиялықжұмыстардыңтүрлерітуралыақпараттар
жүйеленгенқұралдар мен ұсыныстаржоқ.  
Жастардыңәлеуметтікжелілердегі 
интернет 
тәуелділігімәселесіөзектіліккеие, 
өйткеністуденттер  мен  жастардыңарасында  40  %-ы  «желілік  наркоман»  диагнозынаие. 
Ресейғалымдарыныңстатистикалықдеректерінесүйенсеккүніне 
«В 
контакте» 
әлеуметтікжелісіне  30  миллион,  «Одноклассники»-ға  22  миллион,  «Facebook» 
желілікпорталына 
13 
миллион 
пайдаланушыкіредіекен. 
Жастарарасындағысұрауларкеңтаралғанжелілікпорталдарқатарында  «В  контакте»  –  94 
%, «Одноклассники» – 90 %, «Мой мир» – 83 %, «Facebook» – 66 %, «MySpace» – 18 %, 
соныменқатар 
«ICQ», 
«Twitter», 
«Фотострана» 
бар 
екендігінкөрсетеді. 
Оныңбірсебебібұлжелілердегімүмкіндіктердіңмолдығы. 
Жастардың 
20 

әлеуметтікжелілердеойынойнаса, 
20 

(қыздарғана) 
танысуүшінкіредіекен. 
«Сізнеліктенәлеуметтікжелілергекіресіз?» 
дегенсұраққаберілгенжауаптың 
80 

«сыныптастарымен, 
достарымен, 
өзгелерменараласу» 
құрайды. 
Бұлқазіргізаманжастарыныңнақтыөмірдегіараласу,  қарым-қатынасындапроблемалардың 
бар 
екендігінкөрсетеді. 
Осы 
нәтижегесүйенеотырып, 
жеткіншектермен, 
жастарменжәнеолардыңата-аналарымен 
орта 
жәнежоғарыоқуорындарындаалдыналужұмыстарынжүргізукерек.  Жастардың  93  %-ы  
әлеуметтікжелілердіңшынында 
да 
олардыөзінетартып 
бара 
жатқандығын, 
ондағыуақыттыңжылдамөтетіндігінбайқағандықтарынатапкөрсеткен.  
Дамығанелдердеәлеуметтікжелілергетәуелдіадамдарғаарналғанлицензиялыемхана
ларашылған. 
Ресейдемұндайадамдардыдәрі-
дәрмекарқылыпсихикалықауытқушылықтары 
бар 
адамдарғаарналғанемханалардаемдейді. 
Біздіңеліміздеәзіргемұндайқызметтүрлеріжоқ, 
дегенмен 
де 
ашылақалғанжағдайдатиістімамандардыдаярлаудыңқажеттілігітуралымәселетуындайды. 
Сондықтандәлқазіргісәтте 
интернет 
тәуелділіктіжастарменжұмысжасайтынәлеуметтікжұмысмаманыныңбіліктіліксипаттамас
ынжасаудамыз.   
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет