Стереотип- «әдетте эмоциялык, реңкі бар, тұрақталған әлеумет-
тік құбылыс не нысан туралы нобайы жасалған, стандартталған бей-
не не көрініс. Белгілі бір әлеуметтік жағдай, тәжірибе ықпалымен
туындаған құбылысқа адамның әдеттегі қатынасын білдіреді».14
Ағылшын сөздіктері де осы тәріздес анықтама береді: stereotype: «fixed mental impretion» (белгіленген ақыл-ой көрінісі) (COD), «а fixed pattern with is believed to represent a type of person or event (адам не оқиға типі туралы көрініс ретіне саналуы тиіс белгіленген
үлгі)» (LDCE).
Стереотип, стереотиптік сөздері орыс тілінде де, ағылшын тілін-
де де қалыпқа түскен (шаблонный) деген сөзбен анықталатын-
дықтан, таптауырын болған, бірегейлігі, бейнелілігі жоқ деген
мағынада жағымсыз реңкке ие. Бұл стереотип сөзіне, әсіресе мә-
дениетаралык, коммуникация контексі тұрғысынан алғанда әділет-
сіздік жасағанмен тең. Басқа халықтар мен басқа мәдениеттер ту
ралы стереотип пікірлер өзге мәдениетпен келіспеушілікке алдын
ала дайындап, жағымсыз мәдени эсер алуды жеңілдетеді. «Стерео
типтер адамның тар шеңбердегі әлеуметтік, географиялық, саяси
әлемінен шығып, дүние туралы тұтас, кең ауқымды көзқарасын қа-
лыптастыруына көмектеседі».іг
Ұлттық мінез туралы стереотип пікірлерді халықаралық анек-
доттардан көптеп кездестіруге болады. Шаблон сюжетпен құрылған
мұндай анекдоттарда әртүрлі ұлт өкілдері бір уақытта бір жағдайға
тап болып, әрқайсысы басына түскен қиындықты анекдот отанын-
да стереотип ретінде қалыптасқан ұлттық мінезінің қырларына сай
қабылдайды.
Мысалы, орыс анекдоттарында ағылшындар әдетте уақыт-
қа қатаң бағынатын (пунктуаль), көп сөйлемейтін, прагматик,
ұстамды, темекіні, вискиді, ат спортын жақсы көретін болып су-
реттеледі. Немістер - істің өзіне оңтайлы жағын тапқыш, тәртіп-
ке бағынатын, жинақы, тәртіпсүйгіштігінен өзін көп шектейтін, ал
француздар жеңілтек, әйелқұмар, сайран салып, көңіл көтеріп,
ішіп-жеуді ғана ойлайтындар ретінде көрсетіледі. Америкалықтар
бай, жомарт, өз-өзіне сенімді, әрқашан қымбат көлік мініп жүре-
ді деп қабылданады. Орыстар күй талғамайтын, аңғал, маскүнем,
төбелескіш, содыр, ішіп алып, шатақ іздеп жүретіндер ретінде
бейнеленеді.
Мысал ретінде бір анекдотты келтірейік: түрлі улт өкілдерінің
13Осы тур. қараңы з, мыс.,