Коммуникация



Pdf көрінісі
бет114/188
Дата14.09.2022
өлшемі11,31 Mb.
#39018
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   188
21 
И. Ильин.
Сущность 
и своеобразие русской 
культуры. - Москва, 
1996, №1,171 б.
§ 3. Жеке тұлға мен үлттық мінез- 
құлықты қалыптастырудағы лексика 
мен грамматиканың рөлі
Мәдени ақпарат - лексиканың, сөздің, сөз тіркесінің өн бойын­
да сақталатыны белгілі. Кез келген халықтың, улттың дүниеге деген 
көзқарасының негізінде әлемнің тілдік бейнесі қалыптасады. Бул 
халық даналығы, халықтың мәдениеті көрнекі түрде бейнеленетін 
турақты сөз тіркестері, идиомалар, фразеологизмдер, мақал-мә- 
телдер арңылы көрініс табады. Мундай тілдік бірліктерді Н.Д. Бур- 
викова, В.Г. Костомаров сынды ғалымдар өз мақалаларында «лого- 
эпистемалар» деп атауды усынады. Логоэпистема -тілдік бірліктер 
арқылы тасымалданатын білім жүйесі.22
Ағылшын және орыс тілдерінің идиоматикалық жүйесіне ар- 
найы зерттеу жүргізіліп, орыс, ағылшын тілді қоғам мен сол қоғам- 
ның мәдениеті тарапынан жоғары бағаланатын адами құндылықтар 
мен айыпталатын кемшіліктер қаралған болатын.
Адамгершілік қасиеттердің жағымды және жағымсыз баға- 
лауыштык, сипатты иеленетін идиомалар жүйесінің сандык, және 
сапалық көрсеткіштеріне қарай отырып, сол халықтың устанатын 
этикалық нормаларын, қоғамдық тәртіп пен әлеуметтік өмір салтын 
ұстанудың ережелері, өз мәдениеті арқылы өзге мәдениетке де­
ген қарым-қатынасын, көзқарасын тануға болады. Мәселен, адам 
бойындағы кемшіліктердің бірі - жауапсыздықты алайық. Ағыл-
22 
П.Л. Коробка.
Идиома­
тическая фразеология 
как лингводидактичес­
кая проблема. Канд. 
дисс. МГУ. Факультет 
инностранных языков. -  
Москва, 1998.
181


шын және орыс тілдерінде адамның бойындағы осындай қасиеттің 
жағымды түрғыдан сипатталатын бірде-бір фразеологизмді кездес- 
тірмедік. Ал жағымсыз тұрғыдан сипатталуына келсек, ағылшын 
тіліндегі «Too many cooks spoil, the broth» [Слишком много кухарок 
портят бульон - наубай көп жерде нан шикі болады (қазак, тілінде 
осыған сәйкес келетін: «Қойшы көп болса, цой арам өледі» деген 
маңал бар)] бір мақалына орыс тіліндегі он екі уғым, ұғым-түсінік 
сәйкес келеді:
У семи нянек дитя без глазу -  жеті тәрбиеші бар, бірақ бала 
қараусыз жүр;
Сам кашу заварил, сам и расхлебывай -  осының бәрін өзің 
былықтырдың, енді өзің ретте;
Моя хата с краю, я ничего не знаю -  менің үйім шетте орна- 
ласқан, ешнәрсе білмеймін; (Көрдім деген көп сөз, көрмедім 
деген бір сөз);
Наше дело маленькое -  біздің ісіміз кішкентай ғой;
Наше (мое) дело сторона -  біздің ісіміз шет жақта туру (Аш 
пәледен қаш пәле);
После нас хоть потоп -  бізден кейін топан су басса да бәрібір;
Без меня, меня женили -  мені өзім жоқта үйлендіріпті;
Обещанного три года ждут -  уәде еткенді үш жыл күтеді;
За что купил, за то и продаю -  қаншаға алдым, соншаға 
сатамын;
Обещать молочные реки и кисельные берега — уәдені үйіп төгу;
Сделать что-либо после дождичка в четверг -  бейсенбі күні 
жаңбырдан кейін бірнәрсе жасау;
Бросать слова на ветер -  айтқан сөзінде тұрмау (Жел сөзі көп)
Керісінше, сақтық, құнттылық туралы ағылшын тілінің идиома- 
тикалык, жүйесі орыстіліне қарағанда едәуір көп кездеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет