ком огонечке, добавлю лучка, петручешки, укропчика (кезек күтіп
тұрған сәтте естілген әңгіме).29
Беделді мәскеулік шипажайлардыңбірініңесігінде «Медсестрич
ки» деген жазу бар. Шипажайдың қызметкерлері асханаға қарай қа-
лай өту керегін былай түсіндірді:
По коридорчику направо. Ал дәріні
қабылдау кезінде былай дейді:
«Это вам анальгинчик, стрепто-
цинчик и ноотропильчик». Ағылшынтілді өкілдердің өз тілінде
dear
little corridor) немесе
dear little hospital деп сөйлеуі мүмкін емес. Мұ-
ның мүмкін еместігі ағылшын тілінде кішірейту және еркелету мәнді
жүрнақтардың мүлде қолданылмауынан емес, ағылшын халқының
менталитетіне тән болмауы негіз болып отыр.
Кез келген тілде менталитетке тән емес нәрсе тілдік жүйеде бей-
нелене алмайды. Ағылшын халқы тілдегі мүндай «нәзіктікке» үй-
ренбеген. Орыс тілді өкілдердің көтеріңкі эмоциялыққа бейімділі-
гі, атап айтқанда, әсірелей бағалауда
(overstatement), ең алдымен,
пунктуациядан, леп белгісінің қолданысынан байқалады.
Орыстіліндеағылшынтілімен салыстырғанда леп белгісі көбірек
қолданысқа түскен. Өйткені бұл үдеріс орыс халқының эмоциялы
халык, екенін, оларға көтеріңкі эмоциялык, тән екенін, өз эмоция-
сын ашық көрсететінін білдіреді. Орыс тілінде леп белгісі жазбаша
формада - кез келген жанрда, ресми стильде қаратпа сөзден кейін
қолданылады. Ал ағылшын тілінде қай жанрда болсын үтір қойыла-
ды. Мұның өзі мәдени ңақтығыс тудырады.
Ағылшын тілінің өкілдері тарапынан орыстармен хат алмасуда
қолданылатын леп белгісі түсінбестікке әкеп соқтырады:
Dear John!
Dear Smith I Dear Sir / Madam I
Орыс тілділер адам есімінен кейін қойылатын үтірге ренішпен
қарайды: олар бізге құрмет көрсетпейді, біз үшін леп белгісін аяй
ма,
Dear Svetlana, - бұл не деген сөз!
«Aeroflot» журналының ағылшын-орыс тілінде қатар берілетін
мәтіндерін аударуда сауатты аудармашылар ағылшын тілінде леп
белгісін қоймайды:
Достарыңызбен бөлісу: