щины, man and women түрінде тілдік бірліктер қолданылады. Демек,
әлеуметтік-мәдени қатынас турғысынан алғанда, еркектер әйелдер-
ге дейін бірінші жүреді, одан ары қарай әлеуметтік турмысы жақса-
рып, жоғары көтерілген сайын мырза (господа) мен джентльменге
айналады. Сөйтіп олар нағыз ер-азамат ретінде ханымдарға (дама,
леди) орын береді. Балалар мен қыздар, сол сияқты boys and girls
қоғамдағы патриархаттык, қатынасты көрсетеді. Осылайша кішкентай
бала өз туған ана тілі (орыс немесе ағылшын) арқылы қоғамда кімнің
маңызды екенін, кімнің рөлі жоғары бағаланатынын меңгереді. Сол
себепті еркектер мен әйелдер дамы и господа дегендегі господа
сөзін алдына шығарып, орнын ауыстырып қолдануға болмайды.
Ағылшын тілінде өзің мен әйелің, не күйеуің туралы айтқанда
тек қана my wife and I (менің әйелім және мен), my husband and I
(менің күйеуім және мен) түрінде қолданысқа түседі. Мунда бірін-
ші жақтағы жіктеу есімдігі міндетті түрде соңында туруы тиіс. Бұл
өзінің өмірлік серігіне деген сый-құрметті көрсетеді.
Ал орыс тілінде сөздердің орын тәртібі қатаң сақталмайды. Бел
ил! бір ойды жеткізудің бірнеше нүсқалары болуы мүмкін: я и моя
жена, мой муж и я, моя жена и я; кең таралған қолданыс - мы с
женой немесе мы с мужем.
Ағылшын тілінде кездеспейтін тек (род) категориясының орыс
тілінде болуы, орыс халқының қоршаған ортадағы заттардың өзін
әйелдерге (женский), еркектерге (мужской) тән және бейтарап (сред
ний) екенін көрсетуі, орыс халқының қоршаған ортаға деген, әлемге
деген эмоциялык, қарым-қатынасын айқындайды. Мәселен, орыстың
«Рябина» атгы халық әнінің эмоциялық мәнін, шетеннің (рябина)
еменге жете алмай аңсауын ағылшын тілінде қалай жеткізуге бола-
ды? Өйткені ағылшын тілінде емен де, шетен ағашы да ешқандай тек-
пЮ.М. Лотман.
Куль
тура и взрыв. -М.Д992,
с. 181.
тік көрсеткішке ие емес, оның орнына тек белгілі не белгісіздік артиклі
қолданылады. Бұл ағылшын тілінің өкілі үшін өте маңызды. Яғни көп
шетен ағаштарының біреуі ме (белгісіздік артиклі
о
) немесе әңгіме
болған сол бір шетен туралы (белгілі артикль the) ма? Орыс халқы үшін
бүл артикльдердің ешқандай маңызы жоқ, олар байғұс әйел-шетен
мен еркек-еменнің қосыла алмай жүргендеріне аяушылықтанытады.
М.Ю.Лермонтовтың «Утёс» өлеңіне назар аударайық:
Ночевала тучка золотая
На груди утеса-великана;
Утром в путь она умчалась рано,
По лазури весело играя;
Но остался влажный след в морщине
Старого утеса. Одиноко
Он стоит, задумался глубоко,
И тихонько плачет он в пустыне.
Егер «тучка» - женский родтың, утес - мужской родтың көрсет-
кішін иеленбесе, осы керемет туынды саналатын өлеңнен тук те
кдлмас еді. Ағылшын тіліндегі сияқты тектік көрсеткішті иеленбей,
тек артикльдерді ғана (а тучка, ап утес) көрсететін болса, ақынның
өлеңі оқырмандарға мүлдем түсініксіз болар еді. Мәселен, бірінші
қатардағы (белгісіз бір бұлт (тучка) және белгісіз бір жартас (утес))
және екінші қатарда сол бір жартас болар еді. Шынтуайтқа келген-
де, орыс халқы үшін ағылшын халқының «загадочная английская
душа» ұғымы түсініксіз, өйткені мұнда артикльдің көмегімен осы
қоршаған орта туралы түсінік қалыптасқан.
Ю.М. Лотман осы әлемді танудағы артикльдің рөлін былай түсін-
діреді: «Артикльдер есім сөздерді жақын таныс заттар әлемі мен бөг-
де заттар әлеміне бөліп қарастырады. Орыстар үшін тек категориясы
қаншалықты қажетболса, ағылшынтілініңөкілдері мен ағылшын мә-
дениеті үшін де артикльдер соншалықты маңызды рөл атқарады».31
Орыс әдебиетінен, әсіресе поэзиядан тек категориясын алып
тастасаң, поэзия әлемінің жартысынан айырыламыз. Өйткені тектік
категориядан айырылғаны үшін поэзия әлемі де көмескілене түседі.
М.Ю. Лермонтов Генрих Гейненің солтүстік балқарағайының
оңтүстіктегі пальманы сағынғаны туралы жазған танымал өлеңін
орыстіліне аударуда контексті біршама бүлдіріп алған.
Ein Fichtenbaum steht einsam
Іт Norden auf kahler Hob'.
Ihn schlafert; mit weijier Decke
Umhullen ihn Eis und Schnee.
Er traumt von einer Palme,
Die, fern im Morgenland,
196
Einsam und schweigend trauert
Auf brennender Felsenwand.
Лермонтовтың аудармасында әсем пальманы балқарағай сарғая
сағынады...
На севере диком стоит одиноко
На голой вершине сосна,
И дремлет, качаясь, и снегом сыпучим
Одета, как ризой, она.
И снится ей все, что в пустыне далекой,
В том крае, где солнца восход,
Одна и грустна на утесе горючем
Прекрасная пальма растет.
Лермонтов оны ағылшын тілінен аударғанда, жай бір белгісіз
(тегі және жынысы белгісіз, бірақ артиклі бар) a cedar (кедр, балқа-
рағай) ағашы туралы жазып, аты-жөні белгілі о palm-tree (пальма
ағашы) туралы армандаған болса сөз басқа. Оған кешіріммен қа-
рауға болады. Бірақ Гейненің өлеңінде бәрі анық: ein Fichtenbaum
(мужской род), eine Palme (женский род). (Қазак, тілінде мужской
род, женский род деген түсінік жоқ болғандықтан, біз оны аудару-
ды жөн санамадык,). Неміс тілінде орыс тіліндегідей тек (род) ка-
тегориясы және ағылшын тіліндегідей артикль категориясы да бар.
Сөйтіп тіпті грамматика деңгейінің өзінде орыстың ұлттық мі-
незінің, орыс жанының жоғары эмоциялылығы, сезімталдығы және
жүрегінің нәзіктігі айқын көрінеді.
Орыс тіліндегі әртүрлі суффикстер орыстілді адамның махаббат
сезімі мен мейірімге толы жүрекжарды сөзін жеткізудің жоғары
мүмкіндігін ғана айқындап қоймайды, сондай-ақ осы қасиеттердің
қалыптасуына сөзсіз ықпал етеді.
Орыс тіліндегі сен (ты) және сіз (вы) сөздерінің арасындағы
таңдаудың болуы ағылшынтілді адамдармен салыстырғанда
сезімді білдірудің зор мүмкіндігіне ие болады.
Леп белгісі мен тектің (род) грамматикалық категориясы да
адамдар мен қоршаған ортаға деген эмоциялы қатынастың бояуын
қалыңдата түседі.
Демек, тіл иелерінің жеке тұлғалык, қасиетін қалыптастыруға тіл-
дің барлық, соның ішінде грамматикалық қүралдары да қатысады.
Әрине, бул қысқаша шолу қарастырып отырған проблеманың
барлык, құбылыстарын зерттей алмайды. Ол мүмкін де, қажет те
емес. Мұнда зерттеуге қатысты бағыттағы мысалдар ғана беріліп
отыр. Бұл зерттеуге қазіргі сәтте көптеген ғылыми мектептер мен
жекелеген ғалымдар қатысып отыр. Біраз уақыттан кейін осы тақы-
рыпқа қатысты ақпараттыңтасқынын күтуге болады.
197
|