49Татьянин день, 1997,
№ 17,16 6.
“ Завтра, 1996, №53
(161).
222
лау орын алып, ұлттық мінез-к,ұлык,тың ор-
нына жалпыадамзаттық мінез-құлық сіңірі-
ле бастады. Әлемде мұндай қадамға
бірде-бір ел бармады, тек Ресейдің дум-
ше саясаткерлері ғана: «Басты міндеті-
міз - жалпыадамзаттық
құндылықтарға
қол жеткізу!» - деген ұранға басты. Бұл
не өзі? Қытайлықтардың қүндылығы бас
ка, америкалықтардікі басқа, испандар-
дың, арабтардың да өз құндылықтары
бар. Сонда жалпыадамзаттық қундылық-
тарды тауып жүрген қай білгіш?».49
Екіге бөлінген Ресейде «патриоттар»
мен «демократтар» арасында саяси күрес
жүріп жатыр. Назар салыңызшы: екі сөз де
«тым жақсы», екеуінің де білдіретіні - отанға деген сүйіспеншілік,
әділет деген мағыналар, алайда демократтар патриоттарды ұлт-
шылдар, фашистер десе, патриоттар демократтарды сатқындар, ел-
дің түбіне жетушілер дейді.
Елдегі осы саяси жағдайға байланысты жоғарыда айтылған тіл-
дік факт:
Ресей туралы, отан туралы қалай айтқан жөн деген мәселе
өзекті бола бастады. Бұрын басқа нұсқа болмайтұғын, тек - біздің
ел бар еді. Алайда ағылшын тілінің, ондағы қалыптасқан әлеумет-
тік-мәдени, идеологиялық мазмұнның ықпалымен орыс тілінде
ауызша, жазбаша сөйлеуде
бүл ел деген тіркес көбіне жағымсыз
контексте, жағымсыз коннотацияда жиі ушырасатын болды. Патри-
оттық, басқа да «тәуелсіз» баспасөз өкілдері бұл
мәселеге бей-жай
қарамайтынын білдіріп, үн қатты.
Әлеуметтік ғылымдар академиясының академии Александр
Чачия «На холмы Грузии легла от фески тень («Грузия қыраттары-
на қалпақтың көлеңкесі түсті)» атты мақаласының «Где гордость,
великороссы? (Тәкәппарлығың қайда, орыстар?)» атты бөлімінде
«Ұлы халық, Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банк
қызметкерлерінің алдында иілгенде үш бүктеліп, тыпырлайтын
министрлеріңе қарап, қалай шыдап тұрасың? Шыққан тегі белгісіз
алаяцтар ел қазынасын ұрлап, онымен қоймай, «бұл елге», «бұл
халыққа»
кекесінмен қарап, миығынан күлгенде қалай ғана үнсіз
қалдың? Ата-бабаңнан қалған елің қандай еді, ұрпағыңа қандай
елді қалдырмақсың? 1912 жылғы Отан соғысының бастапқы ке-
зеңіндегі жеңілістің күйігімен генерал Петр Иванович Багратион
былай деген екен: Біздің Ресей - біздің анамыз, құдай үшін ай-
тыңдаршы, осындай кеңпейіл, мейірбан Отанымызды жау қолына
беріп қоямыз ба?».50
Багратионныңсөзіне назар аударыңызшы: «Біздің Ресей-біздің
анамыз». Ресейдің нағыз патриоты Отанға деген махаббатын, шын
көңілін білдіргенде көзіне жас алуға дайын. Ал
енді шағын линг-
вистикалық эксперимент жүргізіп көрейік: біздің сөзін бұл сөзімен
алмастырыңыз, нені байцадыңыз, Багратион туралы қандай ойда
қалдыңыз?
Виктор Кожемяконың «Мусор на могилу (Молаға қоқыс шашу)»
атты мақаласынан тағы бір мысал келтіре кетейік: «Сонымен, шын-
дығында кім үшін? Еліміздің тағдыры қыл үстінде тұрды емес пе?
Ал бәз біреулер «бул елдің» дейді, ақиқатында бұл біздің еліміз
ғой... Сол бәз біреу Сталин мен Трумэннің сұхбатын баяндап беретін
болса, пейілінің дұрыс-бұрыстығын тіпті анық байцайсыз».51
Надя Кеворкова «Чистеньких всяки полюбит (Тап-туйнақтай
адам кімге ұнамасын)» атты мақаласының «Апология нового рус
ского (Жаңа орыс апологиясы)» бөлімінде былай дейді: «Жаңа
орыстарды негізінде жаңа, жас деуге келмейді. Олар әлдекім-
дердің көзқарасы тұрғысынан алғанда, нағыз орыс емес, бузылған
еврей, татар не грузин болуы мүмкін;
бұзылған деуіміздің себебі,
олар өздерінің жымысқы істерін БҰ/1 елмен емес, БІЗДІҢ елімізбен
байланыстырады. Еш шімірікпестен БІЗ деген есімдікті ңолданады,
Замятиннің прозасынан туындайтын семантикалык, ассоциация-
ның салмағын түсінбейді, кейбірі мәселенің мән-жайын түсінген-
мен, ресейліктерді орыстар деп, зорлықпен болса да әдеп саңтау-
ды білмейді. Біздің еліміз оларға сәні кеткен жумақтың синонимі
не түнек пен топастық орын алған мекен емес».52
Дегенмен әдеп
сақтау дегеніміз ресейліктерді орыстар деу емес, Ресейде тура-
тын орыс еместерді орыстар деп атамай, ресейліктер деуде болса
керек.
Қазіргі кезде елімізде, басқаша айтқанда, бул елде «өзіміз-
дікілер» мен «бөтендерді» «мырзалар», «жолдастар» деген сөз-
дермен ажыратады. Орыстарға тән тілдік, тілдік емес ойлау жү-
йесінде біздің ел
тіркесінің әдетке айналып, сіңісті болып кеткені
соншалық, ағылшын тілін білмейтіндер үшін отанды бейнелеуде
басңа тіркесті ңолдану мүмкін емес сияцты. Бул турғыдан алғанда,
Валерий Ганичевтің «Из Англии, но не о ней (Англиядан, алайда
ол туралы емес)» атты мақаласында Англия мен Ресейді идеоло-
гиялық тұрғыдан ұтымды салыстырғаны бір жағынан қызық, бір
жағынан әсерлі шыққан: «Ағылшынның бетке ұстар саясаткерле-
рінің басты ерекшелігі - Англияның,
мемлекеттің, керек десеңіз,
халықтың басты мақсатына қызмет ету болған. Жоқ, олар саяси
қарсыластарын масқаралау үшін әртүрлі реңктегі сөздерді қол-
данған, алайда ешкім Англияны «бул ел» деп атаған емес, атауға
дәті де бармаған».и
Достарыңызбен бөлісу: