Коммуникация



Pdf көрінісі
бет26/188
Дата14.09.2022
өлшемі11,31 Mb.
#39018
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   188
Әлеуметтік лингвистика - тіл білімінің бір саласы ретінде 
тілдік құбылыстар мен тілдік бірліктердің, әлеуметтік факторлар 
және ықпалдастығын зерттейді. Біріншіден, тілдік коммуникация 
шарттарымен (мезгіл, мекен, мақсат, тілдесушілер), екіншіден, 
тілдік ұжымның салт-дәстүрлері, ырым-жоралғылары сынды мә- 
дени факторларымен, қоғамдық өмірімен байланысты қарасты- 
рады.
Лингвоелтану - әлеуметтік лингвистиканың дидактикалық ба- 
ламасы, шет тілдерін оқытуда ана тілі өкілінің (сөйлерменінің) қо- 
ғамдық және мәдени өмірінің жинақтық формасымен байланыс- 
та алып қарастырады.
Е.М. Верещагин мен В.Г. Костамаров сынды ғалымдар Ресей 
тіл білімінде лингвоелтану саласының негізін қалады. Тілші ға- 
лымдар лингвоелтану саласының шет тілдерін оқыту маңызды 
аспектілердің бірі екенін айқындай келе, мынадай пікір білдіреді: 
«Екі улттың мәдениеті ешқашан бір-бірімен толык, сәйкес келмей- 
ді. Бұның себебі, әрбір мәдениеттің өзіне ғана тән ұлттық және
18 
Э. Сепир.
Язык. Введение в изу­
чение речи // Там же, 
185 6.
37


п Е.М. Верешагин,
В.Г. Костомаров.
Указ, 
соч., 30 6.
ұлтаралық элементтерінің болуында. Сәйкес келетін (ұлтаралық) 
және сәйкес келмейтін (ұлттық) мәдени элементтердің өзара 
салғастырылып отырған мәдениеттердегі көрінісі әртүрлі бола- 
ды... Сол себепті, тілдік бірліктердің түрпат межесін ғана емес, 
оның мазмұн межесін меңгеру үшін де көп уақыт қажет, яғни тіл 
уйренушінің санасында олардың төл мәдениетінде, ана тілінде 
кездеспейтін жаңа заттар мен құбылыстар туралы уғым-түсінікті 
қалыптастыру қажет. Соған орай, шет тілін оқытуда лингвоелта- 
ну пәнінің элементтерін енгізу туралы сөз болды, бірақ мундағы 
лингвоелтанымдық элементтер жалпы елтану пәнімен салыстыр- 
ғанда сапалы болуы тиіс. Оқыту үдерісі тіл мен улттық мәдениетті 
біріктіріп қарастыруға бағытталғандықтан, білім берудің мундай 
түріне лингвоелтанымдық оқыту деген атау усынылды.19


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет