§3. Әлеуметтік-мәдени
комментарийдің түрлері
14 «Нетворческий харак
тер носит объяснение
различных географи
ческих, исторических и
прочих реалий. Пре
имущество коммента
тора перед читателем
в данном случае в том,
что в его распоряжении
имеются многочислен
ные справочные изда
ния, которыми учащийся
обычно не располагает»
(В.И. Фатющенно.
О фи
лологическом коммен
тарии к учебному тексту
// Melbourne Slavonic
Studies, 1971, Nos 5-6,
P. 52).
Салыстырмалы зерттеулер, реалияларға берілген түсініктеме-
лер тіл мен мәдениеттегі өзгерістерді, яғни әлемнің тілдік бейнесін-
дегі мәдени өзгерістердің бейнеленуін айқын, нақты көрсетіп бере
алады.
Орыстілін үйренуші ағылшынтілді оқырмандарға арнайы бағыт-
талып шығарылған «Белкин повестеріне» берілген түсініктемелерді
мысалға алып қарастырайық:
1. Лондон (Three Tales by Pushkin. Translated by R. T. Curall.
London, 1945).
2. Оксфорд (a. S. Pushkin. Tales of the Late Ivan Petrovich Belkin.
Oxford, 1947).
3. Мэскеуде «Руский язык» баспасынан шыққан (А. С. Пушкин.
Повести Белкина. - М., 1975).
4. Калифорния (A. Pushkin. Complete Prose Fiction. Translated by P.
Debreczeny. California, 1983).
Мұнда орыс тілін үйренушілерге тілді меңгерудегі қиындықтар,
тілден тысқары жатқан фактілер: мәдениет пен тұрмысқа тән реа-
лиялар, тарих, халықтың әлеуметтік өмірі және т.б. жайында түсін-
діреді.
Тілден тыс фактілерге, оның ішінде, географиялык, атаулар,
кісі есімдері, Ресейдің әлеуметтік және мәдени өміріндегі құбылыс-
тарға тоқталамыз. Тілден тыс мұндай фактілерге түсініктеме беру
тілдік түсініктемеден гөрі оңайырақ саналады.14
Бір қызығы, тілде әбден орныққан, түсіндірілуі жеңіл деген ма-
териалдың өзіне комментатордан улкен шығармашылықты талап
етпейтін түсініктеме берудіңтүрлі тәсілдері бар.
Шынында, бұл пікірдің қандай да бір фактіге байланысты түсінік-
теме анықтамалық сөздіктерден
алынған жағдайда, берілетін түсінік-
теме энциклопедиялык, турғыдан сипатталғанда ғана негізі бар деуге
болады. Ал түсініктеменің бул түрін шартты түрде энциклопедиялың
түсініктеме деп атауға болады. Дәл осылайша «Сенатские ведомос
ти», Бородино, Артемиза, Никитские ворота, «Недоросоль», Фонви
зин, «Жоконд», Георгий в петлице және тағы басқа реалияларға бай
ланысты түсініктеме энциклопедиялык, түрде жүргізілген.
Жоғарыда аталған фактілерге қатысты берілген барлық түсінік-
темелер көркем мәтінмен байланыссыз түрде, энциклопедиялык,
негізде жүргізілген. Комментаторларға
қойылатын басты талап-
оқырманды шатастырмайтын дәл аңпаратты беру. Мәселен, «Ме
тель» шығармасындағы Бородиноны еске түсіргенде, осы атау-
ға қатысты барлық мәліметтер әртүрлі деңгейде толықтырылып
114
беріледі, бірақ түсініктемеде берілген мәліметтердің өзі объективті
сипатта болғандықтан, таза энциклопедиялык, түсініктеме санала-
ды.
Мұнда не лингвоелтанымдық, не контекске байланысты айқын-
далатын коннотация да ашылмайды.
London, 1945:
The battle which was fought at Borodino on August 24-26, 1812.
The Russian lost 50 thousand killed and wounded, but the engagement
was not fought to a finish, and Napoleon understood that the war with
Russia was only beginning [1812 жылы 24-26 тамыз аралығында Бо
родино үшін шайқас өтті. Орыстардан елу мың әскер қаза болып,
сонша әскер жараланды, бірак, олардың сағы сынбады.
Наполеон
Ресеймен соғыстың енді ғана басталғанын түсінді].
Oxford, 1947:
The Battle Borodino was fought on 7-th September, 1812 (according
to the Russian calendar, 26-th August) [Бородино үшін шайқас 1812
жылы 7 қыркүйекте болды (орыс күнтізбесі бойынша 26 тамыз)].
Moscow, 1975:
On the 26-th of August, 1812, a most important battle of the
Patriotic War was fought between the Russian and the French armies
at the village of Borodino (approx. 69 mi. from Moscow) [1812 жыл-
дың 26 тамызында орыс жэне француз әскерлері арасында Бороди
но елді мекеніне жақын жерде (шамамен Мәскеуден 69 километр
қашықтықта орналасқан) Отан үшін шайқас өтті].
Міне, энциклопедиялық тусініктеме дәл осылай беріледі. Де-
генмен реалияларға берілетін түсініктемелерге
шығармашылық
түрғыдан келуге болады. Бүл жағдайда түсініктеме жалпы фило-
логиялык, және әлеуметтік-мәдени ерекшеліктерді қамтиды, соны-
мен қатар мүндай нақты ақпараттар, қосымша мәліметтерді иеле-
неді. Атап
айтқанда, бір жағынан саяси, ұлттык, мәдени-тұрмыстык,
ерекшеліктерді қамтиды, екінші жағынан берілген фактілермен,
жеке атаулармен, көркем шығарма авторымен және кейіпкерлері-
мен байланыс орнатады.
Түсініктеменің мүндай түрін зерттеу немесе шығармашылың
түсініктеме ретінде тануға болады. Өйткені тілден тыс фактілер тү-
сініктеме авторынан зерттеу жүргізуді, шығармашылықпен қарау-
ды талап етеді.
Реалияларға зерттеу жүргізуді қажет ететін түсініктеме
өз құра-
мына энциклопедиялықтүсініктемені ала отырып, мынадай қасиет-
терге ие болуы тиіс:
1. лингвоелтанымдық (тілден тыс фактілердің ұлттық ерекшелік-
терін айқындайды);
2. контекске бағытталған коннотация (берілген көркем шығар-
мадағы тілден тыс фактінің рөлін айцындап көрсетеді).