Бағдарламасы бойынша шығарылды растыр ан: Якуда амандыов ә Әнші әміре әміре ашаубаев туралы естеліктер. раст



Pdf көрінісі
бет105/130
Дата19.09.2022
өлшемі1,9 Mb.
#39444
түріБағдарламасы
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   130
Байланысты:
3e54f76bdab069052700dfbd2773f999

Сахнада 
Ақырған азулының күні өткендей,
Түнерген қабақ түйін түн кеткендей.
Ашынған кедей, жарлы қару ұстап,
Тозған, ескі дүниені күйреткендей.
Көтеріп қызыл туын желбіреткен,
Айбынды ұраны бар, сөзі де өктем.
Қалада орнағалы жаңа өкімет,
Қыс кетіп, құлпырғандай нұрлы көктем.
Бүгін халық көңілді шаттық күйде,
Кіргендей бір жылы леп әрбір үйге.
Еркіндеп, алшаң басқан үлкен, кіші,
Шарықтап, қанат қаққан ән мен күй де.
Әміре байқағандай мұның бәрін,
Көбейді сыйлайтындар оның әнін.
Көшеде, клубтарда көрді талай,
Ән салған талапты жас құрбыларын.
Ойдан, қырдан өнерпаз жосып кетті,
Ән салып, күй шертуді кәсіп етті.
Әміре тыңдады алғаш нәзік үнді
Жұқа ерін, сары бала Жүсіпбекті.
Тыным көрмей әнге есік ашылғалы,
Лаулаған от көңілде басылмады.
Осы еді сахнаға ере шыққан,
Әнші бала Әміренің қасындағы.
Ән айтып, сахнада кезектесіп,
Халық үшін әнін арнап, өмір кешіп.
Бас қосты әнші Сайын, Темірболат,
Күн сайын ойын, тойда әзілдесіп.
Ән мен күй атқан таңға құшақ жайды,
Тарқады сұм өмірде тартқан қайғы.
Қалада көрді дүлдүл ән шеберін,
Ғазизді, Жаяу Мұса, Естайларды.


386
Әміре топқа кірді сынап бағын,
Ынтамен ойға жинап ұнатқанын.
Үйренді домбыраны, сырнай сырын,
Үйренді әннің әсем ырғақтарын.
Қоңыр күздің күнінде бұлтсыз ашық,
Бір жігіт үйге кірді асып-сасып.
Бастағы ақ қалпағын қолына алып,
Әміреге сәлем берді амандасып.
Үстінде жібек көйлек ашық жаға,
Аяқта ақ бәтеңке, шалбар қара...
Бетінде қызыл шырай жылылық мол,
Әдеппен Әміренің қолын-ала...
Қыр мұрын, өңі ақсұр, аты Тауман,
Жасынан өлең, әнге көңілі ауған.
Жас талап өнерпазды жинап алып,
Әр жерде басқарып жүр сауық-сайран.
Бұл жігіт танымал жас осындағы,
Білімге талаптанған өршіл жаны.
Арманы: оқу оқып, елге шығып
Тәрбиелеу қырдағы қыршындарды.
Ойын, сауық жасауға өте құмар,
Қызық кештер өткізсе халыққа нұр.
Халық үшін үлкен жұмыс деп санайды,
Соны ойлап маңызды іске көңіл бұрар.
Айтты ол Әміреге өтінішін,
- Біз ертең өткіземіз сауық кешін.
Сіздің де жарнамада атыңыз бар,
Әдейі келіп тұрмын соның үшін.
Ертең кешкі концертке бәрі дайын,
Шақырған жарнамалар көше сайын.
Осы кеште бір-екі ән салсаңыз,
Көп рахмет айтар едік, ағатайым.
Бәлсіну тым орынсыз мұндай жерде,
Әміре уәде берді барар кезге,


387
«Ән салған мәнерімді байқатайын –
Деп түйді – топ алдында түсіп көзге».
Таң атты, төгіп сәуле күні қырға,
Мүлгіген зәулім ағаш тынығуда.
Әміре әзірленіп, домбыра алып,
Келіп жетті «Октябрь» клубына.
Клубта халық тығыз дуылдаған,
Біреулер сәнді киіп қырындаған.
Келе жатқан көрді де Әмірені
Кешегі таныс жігіт бұрылды оған.
Сыртына сахнаның апарды ертіп,
Тұрғандай қуанғаннан көңілі елтіп.
- Бастаймыз қазір концерт, - деді ақырын,
Әзір бол, домбыраңды күйлеп, шертіп.
Перде ашылды, басылды дабыр, шулар,
Жас жігіт дидарында шаттық із бар. 
Шықты да жұрт алдына жариялады:
- Бастаймыз тамашаны тыңдаңыздар!
Әміре асқан әнші, аты мәлім,
Қазір ол шырқап бермек «Аққұм» әнін.
Ықылас қойып тыңдаңдар, тыныш отырып,
Сақтайық тәртіп бұзбай кештің сәнін.
Әміре кең маңдайлы иіп басын,
Ұстаған ән серігі – домбырасын.
Отырып, жеделдете шертіп, шертіп,
Қосылды әуелетіп үнін басым.
Асқақ ән – шығарылған түптен тартып,
Жоғары бұлттан асып жүрді қалқып.
Жүректер ән баураған лүпіл қағып,
Маужырап, тыңдады жұрт бойы балқып.
Клубты құдіретті үн сілкінткендей,
Домбыраға ерекше тіл біткендей.
Тыңдаушы әннің жылы құшағында,
Тәтті саз қармағына іліккендей.


388
Күркіреген күндей нақ,
Бұлтты жарған жасындай,
Бойды еріткен үндей нақ,
Құйылған ән сорғалап,
Нөсерлетті басылмай.
Сылдыр қаққан кіршіксіз
Дауысы мөлдір бұлақтай,
Жүрісі жолға мүлтіксіз,
Мейір қанар сусындай,
Жан тұра алмас құмартпай.
Ән бітті.
Дегендей жұрт: тағы да айтшы,
Зал іші дүрілдеді шулап қатты.
Әміре қайта шығып көп алдына
Түрлентіп: «Қанапия», «Сметті» айтты.
Тыңдаса шын ниетпен тамашалап,
Әміре әнін көптен қалмас аяп.
Тұс-тұстан жамыраған шықты дауыс:
Сұраймыз, айтсын әнін «Ағашаяқ».
Жаңғырып Әміренің зор дауысы,
Тып-тыныш бола қалды залдың іші.
Тағы да салды айғайға күңірентіп,
Қыз іздеп аласұрған зарлы кісі.
Дамыл көрмей қыз үшін қайғы шекті,
«Қыз қайдалап» біресе жасын төкті.
Іштегі мұңын айтып, шер тарқатып,
Соңында жадырады, жайнап кетті.
Әміре тыңдаушыға ұнап кетті,
Бір емес он әншіге балап кетті.
- Шебер әнші, майталман, талмас жүйрік,
Деген лақап халыққа тарап кетті.
Тыңдаған Әміре әнін құлақ салып,
Таңданды өнеріне қайран қалып.
- Япыр-ай, неткен әсем бұлбұл, - десті,
Жиналған сауық кешке сыншы халық.


389
Гүл беріп құрметтеді сүйген халқы,
Сыйлайтын өнерліні елдің салты.
Әсем әнді бағалар заман туып, 
Кеңейіп, арта түсті әнші даңқы...
Ойласа өткен күнді бойлап терең,
Әміре үшін ән – қайық, өмір - өзен.
Жылжып келіп жеткенде отыз жасқа,
Алдынан шыға келді жаңа кезең.
Өкінішті – босқа өтті жас талабы,
Сабақ оқып танымай ақ, қараны.
Енді бүгін сахнаға әзірленбек,
Рөлді қалай жаттап ол, атқарады.
- Тәуекел, тартынбайын қиын істен,
Жеңейін ауырлықты басқа түскен...
Деген оймен бойына қайрат жинап,
Сауықшыл топқа кірді өзін күткен.
Бұл топта оқығандар: әнші, күйші,
Кейбірі тақпақ айтқан, кейі биші.
Пьесаны қоюға әзірленіп,
Рөл бөліп алып жатыр үлкен, кіші.
Жинаған өнерпаздың құрап басын,
Қайырған артқа ұзын, қара шашын.
Бұл топты Жұмат өзі басқарып жүр,
Қоймақшы «Еңлік – Кебек» драмасын.
Шақырып Әмірені жақынырақ,
Шарттарын сахнаның айтты Жұмат.
Ойнарсың пьесада қойшы рөлін,
Ұқыптап, қойшы сөзін жатта бірақ.
Сахнада қойшы болып көрінерсің,
Өзіңді қойшымын деп сезінесің.
Біресе қойды үйіріп, тауға шығып,
Қыз болып ән шырқайсың, егілесің.
Біресе ойнап, күліп еріккеннен,
Шай-шайлап қой, ешкіні өріске өрген.


390
Көрген халық қойшы деп нанар болсын,
Мін таппасын сөзіңнен, жүрісіңнен.
Әміреге ойда қалар берді сабақ,
Бұл оған асқан ақыл, қойған талап.
Оның сөзін бұлжытпай қабыл алып,
Іске дереу кірісті ойланбай-ақ.
Қойшылыққа ыңғайлап арнап өзін,
Оқытып, жаттап алды қойшы сөзін.
Мінезі құлқын қойшыға үйлестірді,
Күтіп жүр енді ойынның болар кезін.
Бір күні көшелерге жарнама іліп,
Естіді жұрттың көбі құлақ түріп.
«Октябрь» клубында «Еңлік – Кебек»
Қойылатын болғанын сұрап біліп... 
Шам сөнді. Клуб іші тынышталды,
Сахнаның шымылдығын сырып қалды.
Отырған жұрт жасаулы үй төрінен,
Күңіренген ақсақалды көзі шалды.
Аударып келген жанның ілтипатын,
Сан сурет өмір сырын аңғартатын –
Өтіп жатыр,
Көргендер 
аяғандай,
Еңлік пен Кебектің махабатын.
Шығатын Әміренің кезегі енді,
Әзір тұр тәуекелге байлап белді.
Киімі қойшыға сай, қолда таяқ,
Қой-тасқа өлеңдетіп шыға келді.
Жүргені, сөйлегені тым ұнамды,
Еріксіз күлдіргендей көрген жанды.
Біресе қойшы болып қутың қағып,
Біресе Еңлік болып әнге салды.
Қойшының аңғал, құлақ сөзін тыңдай,
Дуылдап күлді халық ауыз жимай.


391
Тырп етпей тыңдады оның салған әнін,
Әсем үн естімеген бұрын мұндай.
Көпшілік әнін тыңдап көңілге ұнар,
Қол соқты қошеметпен тарқап құмар.
Халыққа сахнада өнер көрсетудің
Осы еді баспалдағы аттап шығар.
Жүзінде қуаныш бар бүгін ерен,
Жұмат келді сахнаға күлімдеген.
Арқадан Әмірені сипап қолмен,
Тіл қатты баяу, байсал үніменен:
- Мен едім Әміре сенен үміт қылған,
Құламай ең алғашқы өттің сыннан.
Қадамың құтты болын, ұмтыл алға,
Жете бер мұратыңа алда тұрған.
Өр асу, ауыр сыннан мінсіз өткен,
Құттықтап Әмірені қуанысты.
Әнші, артист атаққа қолы жеткен,
Достары, құрбылары қатар өскен.
Осылай құрметтеді сүйген халқы,
Сыйлайтын өнерліні елдің салты.
Ән шырқап, ойын ойнап сахнада,
Кеңейіп, арта түсті әнші даңқы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет