Бағдарламасы бойынша шығарылды растыр ан: Якуда амандыов ә Әнші әміре әміре ашаубаев туралы естеліктер. раст


ШЫРАУ Атанып Аашая жыра кеттім



Pdf көрінісі
бет115/130
Дата19.09.2022
өлшемі1,9 Mb.
#39444
түріБағдарламасы
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   130
Байланысты:
3e54f76bdab069052700dfbd2773f999

ШЫРАУ
Атанып Аашая жыра кеттім,
Көрінсе ыз-келіншек шыра деппін.
Әніммен «енди олжаыз айдалап» ызы уып,
Парижге Шыыстаудан бір-а жеттім.
Берікбол КӨПЕН6ЛЫ/А ашая#
Әміре артқа тастап даланы кең,
Жат жерді тұрды басып табанымен 
Мұнда да оң жағалау, сол жағалау, 
Ортада өзені бар аралымен. 
Адамзат қайталанбас туынды еткен,
Әлемге дақпыртың мен шуың жеткен.
Армысың Париж және париждіктер,
Сенаның екі мың жыл суын кешкен!
Әншіні қала көркі еліктірді,
Ел-жұртын Еуропаның көріп-білді.
Сәлемін Сарыарқаның жеткізбекке,
Залына «Комедия» келіп кірді.
Сүйеді-ау бұл қаланың өнерді елі,
Талғампаз, маңғаз дейді көрермені.
Бейне бір бүкіл әлем сахнасы,
Әншінің шықпас оған өлермені.
Әміре кезек күткен, тартынбаған,
Жат тілден үш сөз ұқты саңқылдаған:


447
«Домбыра», «қазақ» және «Қашаубаев»,
Содан-ақ жігер оты жарқылдаған.
Жүргендей Қояндыда сайран салып,
Ортаға шыға келді жайраң қағып.
Бөркі мен шапанына, аспабына
Қарайды француздар қайран қалып.
Дегендей «Ал, әлеумет, енді ыңғайлан,
Сынап бақ, арқаланам мен мұндайдан».
Соққылап екі ішекті, көкке кетті:
«Қарағым айналайын, келдің қайдан».
5
Мол дыбыс кернегендей тамақты еркін, 
Алқымы алқым емес, шанақ дерсің. 
Бұл неткен үзілмейтін терең тыныс, 
Бұл неткен ғаламат үн , ғажап серпін. 
Күтпеген бастан кешіп қызық халді, 
Сілтідей тыңдаушылар тынып қалды. 
Кім мынау? Нөсер ме өзі, нажағай ма, 
Кенеттен тіліп өткен тымық таңды. 
Шалқыды айқай соңы әнге айналып, 
Халайық аңғарғанша мән-жайды анық 
« Бибай» деп, әнші жылап қоя берді, 
Айрылған ғашығынан жандай налып. 
Көз жасын уыс-уыс шашты дейсің, 
Бет-жүзін құбылтуға әккідей тым. 
Оп-оңай күлімсіреп, бойын тіктеп, 
Қайтадан шат-шадыман тапты кейпін. 
Әншінің тамсандырды зият үні, 
Халықтың байқалмады қиятыны. 
Бір әнге талай жанр сыйып кетті-ау, 
Мінеки, бір актердің театры. 
Баяулап ән тоқтады. Жұрт аң-таң боп, 
Менмендік терезесі күл-талқан боп. 
----------------
5
 «Аашая'» әніні бастап'ы тармаы.


448
Қол соқты алақандар қызарғанша,
«Браво! Кэль вуа манифик! Киль шанкт анкоғ!»
6
Мынау жұрт Мольерден, Шекспирден, 
Вольтерден бастап бәрін тегіс білген. 
Ал бүгін жалғыз қазақ жалғыз ән сап, 
Тымақпен ұрып алды-ау келіп бірден. 
Өнердің залда отырған тарландары, 
Білінді талантына таң қалғаны.
Тілдескен ғасырлармен хас өнерге
Париж де басын иді, арланбады. 
***
Халықты төрт миллион арқалаған 
Көшелер қозғалыстан шаршамаған. 
Шықты да көп ішіне сіңіп кетті,
Екі адам Эйфельдегі дәмханадан.
- Кім көрген мұнша биік мұнараны, 
Көбінен осы болды ұнағаны.
-Париждің дулығасы секілденіп,
Бұл биік талай заман тұрар әлі. 
- Жұрт көрер көк тіреген зорды ғана, 
Бір арман көкейіме қонды жаңа:
Қазағым орнатса ғой ордасында
Осындай бір ескерткіш домбыраға. 
Ойына оралды ма өткен ісі,
Ел десе қан жылайтын көптен іші.
Жалт етіп Әміреге қарай қалды,
Тұранның қамын жеген көкбөрісі:
-Бұл сөзің ұлт ісіне үн қосқандық,
Демеңдер өркендеуден тым бос қалдық.
Домбыра аспан тіреп тұру үшін.
Алашым алу керек шын бостандық.
----------------
6
 Жарайсы! Неткен керемет дауыс! Таы да ән айтсын.


449
Күмәнді кеңестердің бет алысы,
Қор болды ұлтымыздың неше арысы.
Дін мен діл, тіл қыспаққа салынған соң,
Ерлердің бола бермек еш әр ісі.
Тарихта кедейлерге май асатқан
Талайлар уәдеден тая сатқан.
Абай бол, осы сөзді сақтап еске,
Бауырым, мұның бәрі саясаттан.
Ер түркі баласы үшін еңбектендім,
Амалсыз туған жерден мен кеткенмін.
Шошынып, Шоқай десе шоршып түсер,
Торына түспеу үшін жендеттердің.
Тарихи тағдырыңды ұқ та таны,
Еліңнің сенімен бір шықты атағы.
Жақсы атпен қалам десең жан адамға
Көрдім деп айта көрме Мұстафаны.
Жат жерде сені көріп, сырласып та,
Ән тыңдап, кенелдім ғой бір бақытқа.
Тек қана сәлем дегін елде жүрген
Ахмет, Мұхаметжан, Міржақыпқа.
Кенестің керегіне жарасаң да,
Аз ұлтқа басады әлі қара таңба.
Шекеңді шылқытпайды Шаляпиндей,
Салмайды Карузодай алақанға.
Әнші айтты: «Сөзің мені толғандырды,
Алдымда екі түрлі жол қалдырды.
Орыстың көп жақсысы шетелде жүр,
Таңда деп отырмысың сол тағдырды ?»
- Жоқ досым, мұнда қалу – мәңгі қалу,
Сағыныш тозағына жанды қару.
Шетелдің шеңберіне сыю үшін,
Аз болмақ әдемілеп әнді салу.
Қал демен, бар қазаққа сүйіктісің,
Сезбесін біз сезінген күйікті ішің.


450
Көмейден керуен тартқан ән байлығын
Ұрпаққа табыстауға тиістісің.
- Ол рас, кезбе қазақ атанбаймын,
Дәм бітіп, кім біледі батам қай күн.
Халқымның өзі берген қайран әнді
Жыраққа алып қашып сата алмаймын.
Лебізі жүректерге жаққан алау,
Жаңағы Ромен Роллан жақсы адам-ау.
Деді ғой: «Мұндай ғажап ел перзенті
Болуды мүмкін емес бақ санамау.
Әніңнің берері көп ұғушыға,
Халқыңның жаны сондай сұлу, сірә.
Тұрғанда «Ағашаяқ», «Қанапия»,
Қазақтың нұқсан келмес рухына.
Әндері өршіл екен Бетховендей,
Жағымды-ақ мен сүйетін ескі өлеңдей.
Бір кітап сіз туралы жазар едім,
Уақыттың қысқалығы шектегендей.
Қызығып сіз туралы дерек біліп,
Жоқ ешбір сауатыңыз деп естідік.
Париждің газеттері мақтап жатыр, 
Біртуар дүлділдерге теңестіріп.
Осылай әлем сізді мойындады, 
Құт болсын күміс медаль мойындағы,
Шынымен, бірақ тілде шырқайды екен, 
Бар халық мұң-шатттығын ойындағы».
Сөздерін Ролланның терең ұқтым.
Өнердің арқасында еленіп тым
Жүргенім туған елдің киесі ғой,
Дәл қазір ауылыма келеді ұшқым.
- Десе де «сап көңілім, тоқта, шыда»,
Әншінің ақ жүрегі соқты асыға...
Жетті олар қала шетін мекен еткен
Қонақжай Мұстафаның отбасына.


451
Жүрегін жаулаған соң Сыр қазағы,
Жар үшін кешкен талай күнді азалы,
Мариям Жақыпқызы
7
есік ашты,
Қазақы, ибалы екен, бір ғажабы.
Әміре жастық алып шынтақтады,
Көңілі керім еді бұл шақтағы.
Сыпайы жиған бұйым, қағаз, кітап,
Ұқыпты тұрмысынан мін таппады.
- Мұсеке, ризамын құрметіңе, 
Қияннан айдап келді бір несібе.
Сақтапсыз салтыңыз бен қалпыңызды,
Париждің орын теуіп іргесіне.
- Қайтесің, мен бе екенмін жұмаққа үйір,
Наршоқы, Сұлутөбем тым-ақ қиыр
Қалды ғой, мұның бәрін айырбастап,
Тасына берер едім бір-ақ түйір.
Болған соң көзден жерің, жұртың ғайып,
Ішіңе келмейді екен сыртың лайық.
Алаштың аңыратшы арқалы әнін,
Жайғасып емін-еркі н бір тыңдайық.
- Шырқайтын отырғам жоқ таппай әнді,
Амал не, қоштасатын шақ таянды.
Тыңдарсыз елді, мені еске алғанда
Салайын арнап сізге «Ақбаянды».
Сағыныш... Ән емес пе оның да емі,
Мынау ән - іздеп жүрген жоғың ба еді,-
Дегендей үзілдіріп әнші кетті:
«Арқаның сен де есен бол, қоңыр желі».
Кім айтты қаһармандар жыламас деп,
Кім айтты жылатпайды қу ағаш деп.
Ақ көңіл Әміренің, Мұстафаның
Тамғаны-ай жанарларын жуа жас кеп.
7
Мария Жа'ып'ызы – Мстафаны зайыбы.


452
Осылай бірге дәурен кешіп аз-ақ,
Қоштасты қимай-қимай екі қазақ.
Деректі бұл туралы түртіп қойды
Тыңшылар ізін аңдып, не сығалап. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет