Бағдарламасы бойынша шығарылды растыр ан: Якуда амандыов ә Әнші әміре әміре ашаубаев туралы естеліктер. раст


(«Бел-белестер» кітабынан, Алматы, 1987 ж.)



Pdf көрінісі
бет41/130
Дата19.09.2022
өлшемі1,9 Mb.
#39444
түріБағдарламасы
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   130
Байланысты:
3e54f76bdab069052700dfbd2773f999

(«Бел-белестер» кітабынан, Алматы, 1987 ж.)
Әлкей МАР*6ЛАН
ӘМІРЕ
Семей қаласындағы атақты әнші Әміре Қашаубайұлының 
Мәскеудегі Халық ағарту комиссары жолдас Луначарскийдің 
телеграммасы арқылы, шақыруы бойынша 15 июльде 
болатын Францияның Париж қаласындағы Дүниежүзілік 
көрмесіне (әр ұлттың ғұрпымен қойылатын үлгілі әдеби-
1
Мақаланың өз кезеңіне тән қалпын бұзбау үшін түзетуді жөн 
көрмедік.


152
сауығына – «этнографический концерт») 27 майда жүріп 
кетті.
Әміре есен-сау Париж қаласындағы әдеби-сауық 
көрмесінде ән салатын болса, күншығыс еліндегі Арқаның 
сұлу әндерін Еуропа композиторларына, әншілеріне сұлулап 
түсіріп береді деген үміт зор...
1917 жылы еркіндік қайнаған кезде Әміре Семейге келіп, 
содан бері Семей сахнасында ән салып, сарынының анық 
мағыналы екендігін талай рет көрсеткен еді.
Әміремен қойылған сауық кешіне сатуға билет жетпей 
қалатын уақыттар да болатын.
Әміре – қырдың әдемі, сәнді әнін кейінгіге тапсыратын 
көзі.
Осы жылы апрель айының ішінде Әмірені Орынбордағы 
қазақ азаматтары шақырып, ондағы Қазақстан съезінің 
уәкілдігіне арналған сауық кешінде де көркем әнін естіртіп 
қайтқан.
Мәдениет гүлінің бір жапырағы Әміренің аман жүріп 
қайтуына тілектеспіз.
(« аза тілі» газеті, 1925 жыл.)
***
ПАРИЖ КОНЦЕРТІ
Париж қаласындағы үлгілі сауық көрмесіне жіберілетін 
әнші-музыканттардың Мәскеуде сыны болып, күншығыс 
елінен барған әнші-жыршылар туралы, Ресейдің бір 
композиторы (ән шығарушысы) газет жүзінде күншығыс 
елінің ортасынан шыққан әншілерге сүйсінгендігін білдіріп 
отыр. Күншығыс орталығының сымбатты өнерге бейімділігін 
көрсетіп, әсіресе, ең алдымен, қазақ пен армян әндерін 
Германияның музыканттарының үнімен салыстырып баға 
береді. 
Композитордың толғауы бойынша, біздің тұсымыздағы 
не түрлі сұлу ән-жырлар, сымбатты күйлер, бұл күнге 
шейін ел арасында лайлы толқынға араласып, нелер сұлу 
үндердің, мағыналы орындардың қасиетіне халық түсініп 
баға бере алмағаны көрініп, белгісіз, ажары жоқ нәрседей, 
кім көрінгеннің аузында, саудагердің ләпкесінде шаңның 


153
астында басылып, талай асыл әндердің негізгі сұлулығы 
азайғаны айқын.
Қазіргі уақытта күнделік қойып отырған сауықтағы 
үлгілі ән-жырлар – ескіліктен келе жатқан асыл сымбаттың 
жұрнағы; бұны тексеріп, дәуірден алғы дәуірге жүргізіп 
отырған ел ортасынан шыққан әр ұлттың белгілі жыршысы, 
музыканты, бұларсыз сұлу үндері тарихта, ел аузында 
қалмақ емес, әлгі айтқанымыздай тозаңмен араласып, 
ақырында тамыры құрып, әннің тек әлсіреген ізі қалмақ ия 
таза жоғалмақ.
Мәскеудегі әншілер жарысында композиторлардың көзіне 
алдымен түскен башқұрттың қурайшысы Есен, қазақтың 
әншісі Әміре Қашаубаев, өзбектің биші-жыршысы Тамара 
ханум, армянның күйшісі Сокиасов, міне, осылардың 
бәрі де күншығыс елінің адамдары. Еуропаның атақты 
композиторларынан кейін екінші қатардан орын алып, 
өздерінің сымбатты сұлу әндерімен аз да болса, еуропа 
халқына ләззат бере алып отыр. Күншығыс Азиядан барған 
музыкант-әншілер ішінде қазақтың Әміресі мен башқұрттың 
Есені абзалырақ. Сондықтан қыр сахарасында табиғатпен 
бірге туысып, бірге өсіп сырласқандай. Табиғаттың сұлу 
түрінен үн алған қазақ баласының ілгеріде өнерге баюына, 
өмірі сымбатты өнерге пісуінде күмән жоқ.
Бұған Әміре дәлел.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет