151
Мстафа КӨШЕКОВ
«АРАГӨЗ»
Декабрьдің
1
5-і күні
мемлекет театрында Әуезұлы
Мұхтардың 3 перделі 6 суретті «Қарагөз» деген драмасы
қойылды.
Сырымның жолдастары Қалыбек пен Әміре оның қас-
қабағына қарап, ол күлгенде күліп, қайғысына бірдей
ортақтық білдірді. Әсіресе, Сырым мен Қарагөз сөйлесіп
отырған Ақбаланы ортасына алып жүріп,
Әміренің ойда
жоқ жерде өз жанынан шығарып әңгіме айтқанындай болуы
келісіп тұрды.
Әміренің осы күнгі әні қандай?
Әміреге болсын, басқа әншілерге болсын, Жұмат пен
Ковалев контролирующий винт жасап берген секілді.
Әміренің әнін естіген адам сусап,
тағы айтса екен деп
отырады. Бейімді қимыл, бапты даярлығы – барлығы, өзін
көптің қызметкері екендігін ұққандығы көрініп тұр. Әнді
Әміредей салушы әзір жоқ секілді. Әміре бұрын жаман әнші
ме еді дер. Әміре – көптен бері әнші, жақсы әнші. Бірақ,
25-26-жылдардағы театрдағы қалпы мен бүгінгі қалпы бір
емес. Қазір ілгері өрлеп
бара жатқаны көрініп отыр, біз соны
салыстырып отырмыз.
Бісмілдә да жақсы әнші, бірақ ол әлі Әміре болған жоқ.
Жаңадан кірді. Баули бара күшті болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: