143
– Бағанадан бері айтқан әніңіздің бәрін Әміре
Қашаубаевич берген, шүбәлансаңыз
тыңдап отырыңыз, мен
айтып берейін, – деп ыңылдаған ақырын дауыспен «Жалғыз
аршаны» жатқа айтып қоя берді. Сөйтіп менің білген
әндерімді Затаевич те білді. «Енді қайттым», – деп едім. Ол
кісі: «Адам естімеген ауыл әндері болса, соны айт», – деді.
Жібі түзу бір ән есіме түспей,
сасқанымнан ауылда әйелдер
aйтып жүретін «Екі ғашық, дариға» дейтін, тағы сондай бір
ұсақ-түйек әндерді құрастырып, үш-төрт ән бердім.
Әндерімді жазып болған соң:
– Көңіліңізге келмесін. Осында
бірсыпыра әншілермен де
кездестім, бірақ сіздерге Қашаубаевичтай болу қайда, – деді
даусын созып Затаевич маған.
Достарыңызбен бөлісу: