– Әмiре есiмiн, мраларын жаO ырту жолында алда ы уа#ытта #андай жмыстар ат#арылуы керек деп ойлайсыз? Мәселен, ту ан жылына арнал ан мерейтой өткiзу шаралары деген тәрiздi жоспарлы ойларыOыз бар ма? – Үстiмiздегi жылы Мұхтар Әуезов атындағы академиялық
драма театр өзiнiң 80 жылдық мерейтойын атап өтпек.
Ал, осы театрдың тұңғыш директоры Дiнше Әдiловтың
қолымен берiлген бiрiншi бұйрығында, театр тарихында,
театрдың тұңғыш актерi болып қызметке қабылданған адам
Әмiре Қашаубайұлы екенiн бiрiмiз бiлсек, бiрiмiз бiлмеспiз.
Әмiренiң осы театр сахнасында ойнаған рөлдерiн атай
отырып, ерекше еске түсiрiп, құрметтеу қажет.
Белгiлi зерттеушi, композитор Якуда Амандықов ағамыз
өткен жылы Әмiре атында қор ұйымдастырып, бiр жақсы iстi
бастаған болатын. Алғашқы бiр басқосуына шақырылған да
едiк. Әмiре өмiрiнiң соңғы жылдарындағы қиыншылықта
өткен тағдырын еске алуда, қайтыс болған соң да елеусiз,
қараусыз қалған қыруар жұмыстарды атқаруда, есiмiн мәңгi
есте сақтауда Якуда ағамыз бастаған қор қызметкерлерi
алдағы уақытта қажымастан еңбек етедi деп сенемiз.
Осы орайда, “Ұрпақ озған сайын Әмiре жөнiнде талай
кiтаптар, дастандар, жазыла бередi”, – деген Ахмет
Жұбановтың аталы сөзi еске оралады. Әмiренi көзi көргендер
болса өмiрден өттi. “Бұрын-соңды Республика көлемiнде
Әмiренiң 80, 90, 100, 110 жылдық мерейтойлары аталынды
немесе қайтыс болған жылы еске алынды дегендi естiген
емеспiн. Бұл – шығар күндей шындық. Ендi осы стереотиптi
жою керек”, – деп жаза келе, газетте 2008 жылы атап өтiлмек,
Әмiре атамыздың 120 жылдық мерейтойына байланысты
оның аруақ рухына бағышталған, мен ұсынған жоспарды да
келтiрген екен.
242
Жар#ын ШӘКӘРIМ: – Алла бйырса, келе жат#ан 2008 жылы ту анына 120