Бағдарламасы бойынша шығарылды растыр ан: Якуда амандыов ә Әнші әміре әміре ашаубаев туралы естеліктер. раст



Pdf көрінісі
бет74/130
Дата19.09.2022
өлшемі1,9 Mb.
#39444
түріБағдарламасы
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   130
Байланысты:
3e54f76bdab069052700dfbd2773f999

 Николай АНОВ:
Менiмен жақсы қарым-қатынасы бар, “Бiздiң жетiстiгiмiз” 
журналының редакция алқасы мүшелерiнiң бiрi Петр 
Петрович Крючков бiрде әңгiме үстiнде былай деген едi:
– Есiңiзде ме, Алексей Максимович, сiзге қазақ әншiсi 
туралы жазуға кеңес берген едi ғой. Атын ұмытып тұрғаным. 
Парижде ән салып, алтын медаль алған. 
– Әмiре Қашаубаев!
– Сiзге өзiңiздiң уәдеңiздi орындауға кеңес берген болар 
едiм. Қазiр бұл маңызды да қажеттi тақырып. “Бiздiң 
жетiстiгiмiз” журналына ол туралы шағын очерк жазсаңыз.
Мен очерктiң орнына қазақ әншiсi туралы пьеса жазуды 
ұйғардым. Онда Әмiре Қашаубаевқа - Серке Әлиев деген 
есiм берiлдi. “Серкенiң оралуы” – әлi пьеса емес, тек пьесаға 
арналған материал.
Пьеса сәттi шықпады. Оның кемшiлiктерi туралы маған 
Алексей Максимович қолжазбаны ұсына отырып, хатта 
жазған болатын. Онда былай делiнген:
“Жақсы материал. Сiз оны асығыс және атүстi жазғансыз. 
Серке пьесада ақын, әртіс ретiнде көрiнбеген. Оны Америкаға 
апаруға болмайды, менiңше Париждiң өзi жетiп жатыр. 
Америкаға барудың қажетi шамалы. Қазақтар сiздiң сөз 
саптасыңыздың тым орысша, тiптi бiржақты екендiгiн 
айтуда. Сiзге сөздердi бұрмаламай, фразеологияны өзгертуге 
тура келедi. Әйелдер аз, бұл да керi әсер етедi. Пьесаны әлi де 
пiсiре түсу керек. Менiң ойымша, дәл осы түрiмен ол сахнаға 
жарамайды. 
Сәлеммен Алексей Пешков”


263
Алексей Максимовичтiң қазақ әншiсi жайлы тақырыпта 
ойлануға берген кеңесi менiң көңiлiмде тұрып алды. Пьесаның 
сәтсiз шыққанына қарамастан, мен повесть жазуды ойладым. 
1948 жылы Иса Байзақовтың отаны Павлодар даласына ат 
басын тiреген мен жұмысқа кiрiсiп кеттiм. Повесть қазақ 
кеңес театрының өмiрге келуi жайлы “Ән қанатында” атты 
романға айналды. Оның бас кейiпкерлерi ақын Иса Байзақов 
пен Қазақстанның танымал әншiсi Әмiре Қашаубаев болды. 
1947 жылы мен Мәскеуде марқұм Исаның балаларымен – 
қызы Мәкен және ұлы Ертiспен кездестiм. Жас студенттермен 
әңгiмелескеннен кейiн менде Горькийдiң кеңесiн орындау 
үшiн Иса мен Әмiре жайлы жазуға деген құлшыныс пайда 
болды. 
1948 жылы мен Қазақстанға келдiм. Мен Исамен дос 
болған адамдарды тапқым келдi. 
А.В.Затаевичтiң “Қазақ халқының 1000 әнi” кiтабын 
қарап отырып, Павлодар уезi, Қызылағаш болыстығына 
қарасты № 9 ауылдың тұрғыны Иса Байзақовтың “Кәкен”, 
“Манш-Қаншы”, “Жар-жар”, “Танысу” және “Бике” деген 
әндерiне назарым ауды. 
Бике – әйел адамның аты. Демек, Исаның өмiрiнде 
маңызды рөл атқарған әйелдiң болғаны ғой. Мен композитор 
Ахмет Жұбановқа бардым. Ол маған ол әйелдi Семейден 
немесе Павлодардан iздеуге кеңес бердi. 
– Ол тiрi болуы керек, оған әлi елу жас та болған жоқ. 
Мен Семейге барып, Бикенiң хабарын тапқандай болдым. 
Бұл iздестiру сапарында маған ұстаз Ғалиакбар көмектестi. 
Расында да, Бике Семейде тұрған екен. Исаға ұнаған, ол 
Бикеге үйленгiсi де келген. Осы жiптiң ұшын табумен мен 
повесть емес, “Ән қанатында” романын жаздым.
Әміре атамыз туралы көркем шығарма жазған Қайнекей 
Жармағамбетов, Хамза Абдуллин, Оразақын Асқар, Мұқатай 
Тоқжігітов есімдерін осы кітаптың бас жағында келтірілген 
«Алтын Орда» газеті тілшісіне берген жауабымда айта 
отырып, олар жазған еңбектерді қайтадан жарыққа шығару 
жөнінде айтқан болатынмын. Сол аға жазушы, ақындардың 
кітаптарына қоса осы кітап авторының да 1975 жылы Қазақ 
теледидарынан көрсетілген «Ән атасы – Әміре» пьесасын қоса 
кету артық болмас деген пікірдемін. Жалпы Әміре тәрізді 


264
ұлы тұлға туралы шын жазу, әділ жазу, халықтық деңгейде 
насихаттау, кейінгіге мұра ету – қай ұрпақтың да бір оралар 
мүмкіндігі болуға тиісті.
Әміре даңқтың ұлы биігіне қалай жетсе, медальдің екінші 
жағында әнші шыққан алып шыңнан оның тағдырын 
құлдыратуға бағытталған әрекеттерді де көреміз. Осындай 
парадокстық өмірінде оның көз жұмғанға дейінгі бар қызығы 
да, қуанышы да саф таза алтындай мұқалмаған дауысы, 
айтқан әндері болды. Әміре әндері әлі де қалықтап ұшқандай, 
құлағыма шалынғандай тебірентедi.
Осы жазғанымның басында оның қарапайым мінезді адам 
екенiн айтқан болатынмын. Осы қасиеті жөнінде де бір-екі 
ауыз сөз айта кетейік. Әмірені көзі көргендердің жазуынша, 
оның әншілігін жоғары көтере отырып, мінезінің момын 
адам болғандығы аталады. Ол – қой аузынан шөп алмас 
момын. Ал, момын деген ұғым әдетте сылбырлыққа, тіпті 
жалқаулыққа, сөз таба алмас ынжықтыққа меңзейтіні 
бар емес пе. Әміренің қарапайымдылығы мен момындығы 
ол сылбырлыққа жатпайды. Ағайындас туысы Нығымет 
Исабаевтың айтуынша, Әміренің бірге туған жалғыз апайы 
болған. Бәтима Қазан төңкерісіне дейін-ақ тұрмысқа 
шыққан соң дүниеден өткен. Ал, Әміре болса әке-шешеден 
ерте айырылған соң сол ағайындас туысы Исабектің 
тәрбиесінде болады. Қандай туыс болса да кісі есігінде 
жүрген соң қазекемнің жатырқайтыны бар емес пе. Әміре 
де күнделікті тұрмысында «қожайын не айтар екен» деген 
күйді кешкендердің бірі. Ол Исабектің ат айдаушысы, 
мал күзетушісі, Үкіжан байдың қасапшысы, фабрикада 
тері илеуші, Ертіс өзеніндегі пароходта жүк тиеуші, 
көмірмен пеш жағушы, Семейдің ет комбинатында консерві 
дайындаушы, не керек күн көру үшін басқа түскеннің бәріне 
көнген ғой. Жастайынан «қу жетімек, Қашаубайдың сорлы 
баласы» деген сөздерді көп естіген Әміре кей сәттерде тіріден 
жабырқайтынды таппаған соң, жүрген ортасынан жырақ 
кетіп, жалғыздықта әке-шешесінің зиратына келіп, Аллаға 
жалынып, паналайды екен. Алладан хабаршы келгендей, 
Әміре ыңылдап жылағанда, келе-келе ән үйренгенде «бұ 
неғылған ғажап дауыс» деп өткен-кеткендер сүйсінеді екен. 
Осындайлық ерекше өнерін бағалаған ауылдың үлкен-кішісі 
Әмірені аялап, назарға ала бастапты.


265
Осы күй, осы өмір Әміренің Қазан төңкерісіне дейінгі 30 
жасына дейінгі аралықтағы уақыттарында жиi қайталанып
отырған.
Семейдегі «Ес-Аймақ» мәдени ағарту қоғамына мүше 
болғанынан бастап Әміренің ендігі тіршілігінде теңдік 
әкелген жаңаша өмір тұрды. Алайда ширек ғасыр бойы кісі 
есігінде жүріп, «жұмысты дұрыс атқармадың» дегендегі, 
қожайынның қол жұмсағандағы жон арқасында қамшыдан 
қалған іздері, басқа түскен тағдырына көнiккенi, іштегі 
ашуы, ыза-кегі оны бұл өмірге мойынсындырып, үндемес, 
томаға тұйық мінезді адамға айналдырған. Жаңа өмірге, 
жаңаша қанат қақса да әдет қалмайды емес пе. Бәрін ай та
бірін айт, көп-көрім ересек танылса да көрші балалармен 
асық, тығылмақ ойнайтынын қайтерсің. 
Әміре бала құсап мектеп қабырғасын көрмесе де, араб 
қарпінде жазылған сөздерді ежіктеп оқи алатын сауаты 
болған. Тағдыр тепкiсi оны орыс, татар азаматтарымен дос 
болуға, жақын жүруге себепкер етті. Орыстан частушка, 
татардан жыр үйренді. Осы қалпымен Алла оны А. Затаевич 
арқылы Луначарскийдің назарына іліктіруге нәсiп еттi. 
Қолымыздағы нақтылы деректер бойынша Әміре атамыз 
екі әйел алған адам болып шықты. Әміренің алғашқы алған 
әйелі өз елі тарақты ішіндегі, Бөкей тармағынан Сәрсен 
дегеннің қызы екендігін, ол Кеңес үкіметі орнардың алдында 
бір жыл бұрын қайтыс болғандығын Нығымет Исабеков 
хатында жазды. Нығымет ақсақалдың ойын Мұқатай 
Тоқжігітов өрбіте түседі.
Ол: «Үшеуміз келіп, Сәрсен балуанның үйіне түстік. 
Бәріміздің арғы атамыз тарақты болғанымен, Бөкей мен Әлі 
қыз алысады, құдандалымыз олармен. Көл жағалай үйме-
жүйме отырған ел: «Әміре келді, ауылға», «Әміре келділеп» 
әп-сәтте жинала қалды», – деп осы сөзді Әміренің өзі 
әңгімелеп еді дейді. – Алған қалыңдығының есімі – Қайныш 
еді, – дейді одан әрі.
«Әміре бертін келгенше бала сүймеді, бұрынғы әйелінен 
де бала қалмады, ал енді өзінің балажандылығы керемет 
еді. Ерінбей, жалықпай балалармен ойнап, олармен өтірік 
төбелесіп жүретін», – деп ойын қорыта түседі Мұқатай 
Тоқжігітов. («Ән атасы – Әміре», Алматы, «Жазушы» 
баспасы, 1972, 75 бет).


266
Әміренің тарақты Қожа–Ахметтің Кәрімжанын (Хасен-
нің әкесі), Жақыптың Мұқатайын өзіне тартуы, әнші 
Манарбек Ержановты «балам» деп үйіне тұрғызуы оның 
бала көрмеген жылдарындағы балажандылығын да, 
адамгершілігін де танытады. Ақсақалдардың айтуынша 
Әміре бірінші әйелі Қайныш дүниеден өткен соң өзінен 15 
жас кіші екінші әйелі, тобықты қызы Оразкені алады. 1926 
жылдың 22 мусым күні, яғни Парижге барып келген соң 
бір жылдан соң 38 жасында осы Оразкеден дүниеге келген 
қызы Күләннің туғанын айғақтайтын құжат сақталған екен. 
Жалпы нақтылы деректер бойынша Әміре мен Оразкеден 
екі қыз бір ұл туған. Қыздары Күлән мен Күләш дүниеден 
өтті. Серке Қожамқұловтың берген дерегі бойынша, Әміре 
дүниеден өтерде Оразке жеңгеміз жүкті қалып, Әміре 
жерленген соң оның қырқын беру үстінде ұл тауып, нәресте 
есімін Серағаңның өзі Әміржан деп қойған екен. Амал не, сол 
апақ-сапақ дүрбелеңде Әміржан шетінеп кеткен. Бұл күндері 
Әміренің жиен немерелері бар.
Ал, Өміртай Мустин қарияның Сыдық деген шал айтты деп 
жазған, Әміренің табыты жанында үш қызы отырды дегенін 
әлі де болса зерттеу қажет деп санаймыз. 
Қашаубайдың әйелінің қалыптасқан есімі Тойған екені 
белгілі. Кейбір хат жазушылардың Бөпе еді дегендері де 
бар. Бұл тұрғыдан алғанда Әмірені көзі көрген жазушы 
Сапарғали Бегалиннің айтуы бойынша, о баста Тойған деп 
жазған болатынбыз.
Сонымен Әміре атамыз осы күйімен, осы мінезімен өнер 
айдынында жарқылдап көрініп, атағы әлемге жетіп, өзі жас 
әйелінен перзентті болып, шексіз қуанышқа кенеліп, алаңсыз 
күн кеше бастап едi. Алайда әуелден маңдайына жазылған 
тағдыры оны бұрып әкетті. Әмірені шектен шыға мақтандыға 
санады ма, көре алмаушылық па, әлде көз тиді ме, әйтеуір ол 
жат қылықты адам қатарына саналып, сол заманның алғаш 
соққан қара түнек құйынына тап келіп, басы тасқа соғылды. 
Тағдыр зауалының талапайына түсті. 
Құрметті оқушы!
Өздеріңіз ойлаңыздаршы, бала көңілді, пәк таза жүректі, 
қауқар күші – өнері ғана болып, әлемді сүйсінткен пенде 
баласын әлдекімдердің оны ортаға алып, қыспаққа салып, 


267
шашын жұлып қорласа не деуге болады. Осындай жаза 
түрін Әміреге әр жылдарда қолданып, тірідей өмірден күдер 
үзуге себепкерлік күйге жеткізген. Және тұрақты түрде 
үзбей әрекет жасалынған. Осының бәрі Парижде Мұстафа 
Шоқаймен жолыққаннан соңғы болған Кеңес тыңшыларының 
әрекеттерінен басталған. Сонда нешеме жылдар бойы шет 
жұртта жүріп, Мұстафа атамыз Қазақстаннан жеткен, қазақ 
өкілімен амандаспауы керек пе? Әлде Әміре Мұстафамен 
амандаспау керек пе еді? Жоқ, олай болмады. Екеуі төс 
қағыстыра құшақтасты. Әңгімелесті. Бірге жүрді. Екеуінің 
кездесуі – сағыныштан туған гуманистік, адамгершілікті 
принцип. Олар сырласты, мұңдасты, сөйлесті. Осылай болуы 
тиісті де еді.
Бұл Әмiреге жеткен зауалдың басы едi. Сол басы тасқа 
соғылған қалпы Әміре өз-өзіне қайырылмай кетті. Бұл, бұл 
ма, «Әміре дегеніңіз ОГПУ тыңшысы екен» деген қауесет те 
тарап, екі жақтан да жала жабу тактикасы басталды. Әміре 
атамыз осылайша қарша бораған қып-қызыл жаланың 
ортасында жүрді. Сол қиналыс күйімен ол 1934 жылдың 
қарашасының 5- нен 6 –на қараған түніне дейін жетті-ау, 
әйтеуір, әупірімдеп. Дүниеден өтті.
***
Әміре қиналған сәттерінде көңіліне медет тұтар Иса 
Байзақов, Қалыбек Қуанышбаев, Серке Қожамқұлов, 
Елубай Өмірзақов тәрізді дос інілері жүрді жанында. Олар 
қаймыққан Әміре көңілін, өмірге деген талпынысын әр 
сәттерде жігерлендіріп отырды.
Мәселен, Әміре қайтыс болғанда оның денесін ұлт 
театрынан (бүгінгі М.Әуезов атындағы академиялық драма 
театры) арулап шығарғаны, жерлеуді Елубай Өмірзақов 
басқарғанын, Әміре қайтыс болған соң қырық күннен кейін 
зайыбы Оразке ұл тапқанын, оның шетінегенін немесе 
Әміренiң екі әйел алғаны кейіннен белгілі болған деректер 
қатарына жатады.
Әміре өмірінде, әсіресе, Иса Байзақовтың алатын орны 
ерекше. Екеуінің өмір сүру уақыты да ұқсас. Мәселен Исадан 
12 жас үлкен Әміре 46 жыл ғұмыр кешсе, 1900 жылы туған 
Иса 1946 жылы Әміре өлген соң 12 жыл тосып, бұл да 46 
жасында дүние салды.


268
«Әр дәуірдің сахнасында Исалар туып отырса, осы түр 
қазақ сахнасының бір ерекше қызығы болып дәурен сүреді.
Исасы жоқ болған заманда уақыт та үзіледі. Тағы бір Исаның 
келуін күтеді», -деп жазған ғой Мұхтар Әуезов. Исаға деген 
бұл баға жалпы қазақ өнері мен әдебиетіндегі ғасырда бір 
туатын жеке дара, асқар шыңға көтерілген пенде баласына 
арналған сөз деп түсінгеніміз орынды.
Сол Иса Әміре қиналған сәттерде, тіпті, ОГПУ үйіне бірге 
еріп барған, Әміренің жанында жүріп, қиналғанда тіреу 
болғаны шындық.
Әміренің өлу себептерін Иса білген. Алайда 37-ші жылдың 
қара түнек зұлматы тақаған сайын шындықты айту былай 
тұрсын, «Екі елі ерінге, бір елі қақпақ» дегендей құлп салу 
әрекеті басталған. Жалғыз Иса ғана емес, кім де кім Әміренің 
өткен күндерін ауызға алса, сол адам сезікті танылған. 
Сондықтан әр адамның өз қамын ойлау, өз басын құтқару 
әрекеті басталып, өзді-өзімен кеткен уақыт аралығы болған. 
Әміре жерленген жердің қараусыз қалуы, ұмытылуы – соның 
бір кепілі.
Абай атамыздың:
Әркiмдi заман сүйремек,
Заманды қай жан билемек?
Заманға жаман күйлемек,
Замана оны илемек.
деп айтқанындай, Әміре атамыз да, оған қара күйе 
жаққандар да өмірден өтті. Уақыт өте келе жақсылық пен 
жамандықтың ара жігі ашылып, таразыланды. Ендiгi жерде 
Сапарғали Бегалиннің тілімен айтқанда: «Мына тарақты 
Қашаубайдың жайынауыз ұлының көмекейі бүлкілдейді 
ғой. Тағы, қайта айтшы», – дегендегiсiндей, балауса шағында 
жұртты аузына қаратқан Әміре, жер жүзіне қазақты 
танытқан Әміре, періштедей бала көңілдi Әміре өз халқының 
мәңгілік жүрегінде, мәңгiлiк ұрпақ мақтанышы бола бермек.
Осы орайда айта кетер бір жай – тарақты деген атау жөнінде 
болмақ. Әншінің шығармаларын зерттеу барысында Тарақты 
адыры, Тарақты елі деген сөз тіркестері жиі ұшырасады.
Тарақты – ру аты. Ертеде жоңғар шапқыншылығына қарсы
шыққан Тарақты Наймантай, Байғозы батырлар есімдері 


269
тарихтан белгілі. Тарақты елі Орта жүзге кіреді. Жазушы 
Жарылқап Бейсенбаев дайындаған «Қазақ шежіресі» 
кітабында тарақты бірде бүкіл Орта жүздің, бірде Арғынның
«Ноқта ағасы» - деп жатады деген ойды жазады. («Қазақ 
шежіресі», Алматы, «Атамұра - Қазақстан», 1994, 36-бет).
Осыдан отыз жыл бұрын жазған хатында қария Өміртай 
Мустиннің: – Тарақты руы – арғын, найман, қоңырат, 
қыпшақ дейтін елдерге қосылмайтын ескі ел. Тіпті Қытайдағы 
«қызай» дейтін елде де бар, - деп айтқандағы ойлары түптей 
зерттеуді қажет етеді.
1977 жылы жарық көрген «Қазақ совет 
энциклопедиясының» 10-шы томында Тарақтының Орта 
жүз құрамындағы тайпа екені анық жазылған. Ал, Хисмет 
Табылдиев пен Ақылбек Қалмұратовтың шежіресінде: – 
Жанарыстан Ақтам, Қара, Момын, Смайыл, Қосым атты 
бес бала туған. Ақтамнан жеті бала: Ақжол, Сапы, Тарақты
(бұлар бәйбішеден); Керей, Уақ (бұлар тоқалдан), Арғын, 
Найман (бұл екеуі балдыздай алған әйелден) туған, - деп 
шегелей түседі. Енді бір жазғанында Арғыннан 9 бала – 
Тарақты, Қанжығалы, Шақ-Шақ, Қарпық, Қаракесек, 
Тобықты, Алтай, Қыналы, Атығай, – деп Тарақтыны 
Арғыннан да таратады. («Кіші жүз рулары», Алматы, Ер-
Дәулет, Қазақстан, 1994, 26-бет).
Қалай дегенмен де терең тамырлы тұңғиық шежіре әлі 
де көп уақыттар бойы жан-жақты зерттеле түсетiнi анық. 
Шежiре – халқымыздың көнеден жеткен генологиясын 
зерттейтiн ғылыми сала деуге келедi. Шежiренi - бiр 
адамның ғана емес, жалпы көпшiлiктiң үлес қосуы арқылы
тұжырымдауға болатынын естен шығармауымыз қажет. Осы 
есте болсын.
Бұл тұрғыдан алғанда, анық белгiлiсi қазақтың тарақ 
таңбалы Тарақты руынан Әміредей ұл туғаны анық еді.
«Ән әуендері мейлінше алуан түрлі әрi бірегей. 
Қырғыздардың айтуынша, бір кездерде жер үстінен ән 
қалықтап өткен және ән жер бетіне жақындап өткен 
жерлердегі адамдар ән айтуды үйреніп алған. Ән қырғыз 
даласының үстінен жерге бәрінен де жақын ұшып өткен, 
соның арқасында Қырғыздар әлемде ән айтудан алдына жан 
салмайды», - деп жазды «Орыс энциклопедияларындағы 


270
қазақ шежіресі» кітабында Мұхтар Құл-Мұхаммед. 
(«Атамұра», Алматы, 1994, 221 бет)
Осында айтылғандай әннің жер бетіне ең жақын келген 
тұсы Қарқаралы төңірегі, Дегелең таулары, Тарақты адыры 
үстінен ұшқанда Алла періштедей бала Әміреге қондырған.
Өз елінің атын жер жаһанға танытқан мұндай әншілер 
саусақпен санарлық.
Олар: американдық Марио Ланца, итальяндық Энрико 
Карузо, орыстың Федор Шаляпині. Қазақ ұлтының 
мақтанышы - Әміре осылардың ең алдында тұр. 
Аққумен ән қосқан Әміре - жасай бермек мәңгiлiк! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет