Бағдарламасы бойынша шығарылды растыр ан: Якуда амандыов ә Әнші әміре әміре ашаубаев туралы естеліктер. раст


– Олай болса, Әмiре жайлы айтылып жрген айылы



Pdf көрінісі
бет62/130
Дата19.09.2022
өлшемі1,9 Mb.
#39444
түріБағдарламасы
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   130
Байланысты:
3e54f76bdab069052700dfbd2773f999

– Олай болса, Әмiре жайлы айтылып жрген айылы 
оиалар оны жеке басыны, тадырыны трагедиясы 
деуге келер ме екен?
- Тұжырымың дұрыс тәрiздi. Мәселенiң мәнi осында. 
Әмiре 37 жасында 1925 жылы Парижде ән айтып, әлем 
жұртшылығын таңдандырған ғой. Сол сапарында Париж 
қаласында алаш ардагерi Мұстафа Шоқаймен жолыққанынан 
бастап “Бiрiккен Бас саяси басқармасының” (ОГПУ) 
назарына, қырағы қадағалауына, аяусыз шүйлiгуiне iлiктi. 
Париж сапары қазақ әншiлiк дәстүрiнiң мерейiн өсiрiп, Әмiре 
даңқын айдай әлемге қалай паш етсе, дәл сол тұрғыда, осы 
сапары оның 1934 жылғы дүниеден өткенге дәйiнгi қалған 
9 жылын құсалықпен өткiзуге душар өттi. Тағылған айып 
– “Мұстафа Шоқайдың Кеңестегi тыңшысы”. Оның түбіне 
жеткен – ОГПУ-дің тергеуі.
– М"стафа Шоайды Әмiремен жолыаны шындыа 
жанаса ма? андай жадайда жолыты екен? 
– Ұзақ сапарға 1925 жылдың 27 мамыры күнi Семей 
қаласынан шыққан Әмiре Мәскеулетiп отырып сол жылдың 
9 шiлдесi күнi бiр жарым ай жол жүрiп, әрең дегенде 
жеткен ғой Парижге. Содан Кеңестен келген делегация 
құрамында қазақ бар екен дегендi естiп, Мұстафа Шоқай 
Париждегi Әмiре орналасқан “Дария” қонақүйiне сәлем 
беруге келмей ме. Содан екеуi “Қайран қазағым-ай” десiп, 
төс қағыстырып дегендей, жыласып амандасқан ғой. 
Концерттен бос уақыттарында Мұстафа Әмiренi жанына 
ертiп қаланы аралатқаны, ресторанға апарып сыра iшкенi, 


238
екеуi фотосуретке түскенi, содан Ахмет Байтұрсынов пен 
Мiржақып Дулатовқа Әмiренiң қойын кiтапшасына жазып, 
сәлем жолдағаны тәрiздi деректердiң бәрi де шындық.
– ОГПУ тышыларыны Әмiреге ол жгiртiп, инаан 
кездерi болды деп санайсыз ба? 
– Әлбетте. Оған Әмiре екiншi рет шет елге 
шақырылғанында, атап айтқанда, 1926 жылы Англия 
сапарынан бас тартуы, келесi 1927 жылы Германияның 
Майндағы Франктфурт қаласына шақырылғанда тыңшылар 
назарында болуы дәлел. ОГПУ қызметкерлерiнiң Әмiренiң 
үйiн тiнткенi, қолхат алғаны, түн жамылғысында сан рет 
жауап алғаны, көгала қойдай етiп қол жұмсап, ұрып соққаны 
анық. Осы ауыртпашылықтың бәрi оның жеке басына
санасына, күнделiктi тұрмысына әсер етпей қоймаған. 
Отбасылық қайғысына әкелiп тiреген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет