Бағдарламасы бойынша шығарылды растыр ан: Якуда амандыов ә Әнші әміре әміре ашаубаев туралы естеліктер. раст



Pdf көрінісі
бет68/130
Дата19.09.2022
өлшемі1,9 Mb.
#39444
түріБағдарламасы
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   130
Байланысты:
3e54f76bdab069052700dfbd2773f999

Т6Р*ЫЗЫЛМАЙ АЛ*АН ЕСКЕРТКІШ
Осы сұрақ жөнiнде мен “Қазақ әдебиетi” газетiне мақала 
жазған болатынмын. Әмiре атамыздың жерленген жерi 
табылған соң, көп кешiкпей қабір басының қырық жылдан 
берi қараусыз қалғанын жеткiзiп, жоғарыда аталған 
ағаларымыздың қолымен Әмiреге ескерткiш орнату 
керектiгiн жазып, Дiнмұхамед Қонаев ағамыздың атына хат 
жолдамасымыз бар ма. Көп кешiкпей бұл жұмыстар Қазақ 
ССР Министрлер кеңесiне тапсырылып, олардың шешiмiмен 
Әмiре мүсiнiн тұрғызуға 5000 рубль бөлiндi. Осы шешiм 
негiзiнде 1974 жылдың 9 шiлдесi күнi Қазақ ССР Мәдениет 
министрлiгiнде Әмiреге орнатылатын ескерткiш мүсiннiң 
эскизi мен жобасын бекiттi. Ескерткiш мүсiннiң авторы болып 
мүсiншi Татьяна Викторовна Андрющенко тағайындалды.
Т.В.Андрющенко өз шеберханасында жылдан астам еңбек 
еттi. Нәтижесiнде алты метрлiк Әмiре тұлғасы бой көрсетiп, 
дайын болды. Ескерткiш 1978 жылы Әмiренiң туғанына 
90 жыл толуына орай жезден құйылып орнатылады деп 
жоспарланған болатын.
Мүсiншi Т.В. Андрющенконың шеберханасында түсiрiлген 
Әмiре ескерткiшiнiң фотосуретi үзеңгiлес досы Серағаңның 
төсқалтасында жүрушi едi. Көзi тiрiсiнде бiр қажетi болар 
деп маған берген болатын. Ендi, мiне, сол Әмiре ескерткiшi 
қайда, Т.В. Андрющенко қайда деп iштей қапаланамыз.
Мәселе Т.В. Андрющенкода емес екен. Неге десеңiз Әмiре 
ескерткiшiн орнату жөнiндегi бұйрық осы кiтаптың басында 
атап өткенiмiздей, бұрын да шығыпты. Әмiре қайтыс болып 
жерленген соң, топырағы суымай тұрып Қазақ АССР Халық 


244
Ағарту комиссариатының 1934 жылғы 19 қараша күнгi 
№540 бұйрығында Қазақ ұлт театры шаңырақ көтергенде 
театрдың бiрiншi бұйрығы бойынша қабылданған тұңғыш 
актерi ретiнде және өмiрiнiң соңына дейiн осы театрда еңбек 
етуiне байланысты Ұлт театры (Қазiргi М.Әуезов атындағы
академиялық драма театры) ауласынан Әмiреге ескерткiш
орнату керектiгi жазылған. Амал не, бұл бiрiншi бұйрық та 
орындалмады.
Сонымен үкiмет тарапынан арасына қырық жыл салып, 
екi рет әрекет етiлсе де, екеуiнде де Әмiреге ескерткiш 
орнатылмай қалды. Бұған себеп Әмiре 1925 жылы Францияға 
барып ән айту сапарында алаш ардагерi Мұстафа Шоқайдың 
сағынышты достық құшағына орануы, екеуi фотосуретке 
түсуi, сырласуы болды деуге негiз бар. Осыдан бастап 
Әмiренiң алаңсыз әншiлiгi ендi жеке басының трагедиясына 
айналды десе де болады.
Осыдан бастап Әмiре ғұмырының қалған 9 жылы ой 
тұсауында, жанкештiлiк құрсауында өттi. Неге десеңiз, ОГПУ 
делiнетiн мекеме тыңшылары Әмiренi Мұстафа Шоқайдың 
Қазақстандағы байланысшысы ретiнде бағалап, жөнсiз көп 
мазалай бастайды. Әмiреден сан рет қолхат алынды. Сан 
рет үйiн тiнттi. Сан рет соққыға жықты. Сан рет қорқытып, 
үрейлендiрдi. (Бұл туралы «Абай» журналының 1998 
жылдың № 2 санында шет жағасын жазған болатынмын). 
Осыдан соң Әмiре екiншi рет шетелге аяқ баспайтындай 
болды. «Советская степь» газетiнiң 1926 жылғы 19 мамыр 
күнгi санында «Францияға, Англияға тағы да концерттiк 
турнемен шақырылған едi. Әмiре бұл сапардан бас тартты», – 
деп жазғанының астарында терең мән жатқанын түсiну қиын 
емес.
ОГПУ тiзiмiне мықтап iлiккен Әмiре есiмi ендiгi жерде 
фәниде ғана емес, бақида да қорланатын болды. Оның басты 
айғағы – Әмiре жерленген жердi жасыру, жер етiп тегiстеу, 
1934 жылы қайтыс болғандар есiмдерiн айғақтайтын зират 
кеңсесiндегi журналды жоғалту, сөйтiп Әмiре деген есiм 
болмағандай ету. Бұйрық шығара тұра Ұлт театры ауласынан 
ескерткiш мүсiн орнатқызбау тәрiздi пиғылдар iске асты. 
1974 жылы Әмiре ескерткiшiн орнату жөнiнде шешiм 
шығарылса да, орындалмай қалуы, әрине, көп нәрсенi 
аңғартқандай.


245
Сонымен тағы да үнсiздiкпен жиырма жыл өттi. Әмiреге 
ескерткiш орнатамыз деп жарғақ құлағы жерге тимей 
жүгiрген ағаларымыз бұл жарық дүниеден өттi. Содан 1994 
жылы Әмiре қайтыс болғанына 60 жылға аяқ басқанда, яғни 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет