Бағдарламасы бойынша шығарылды растыр ан: Якуда амандыов ә Әнші әміре әміре ашаубаев туралы естеліктер. раст


жыл толма# Әмiре мерейтойына төмендегiдей дайынды#



Pdf көрінісі
бет67/130
Дата19.09.2022
өлшемі1,9 Mb.
#39444
түріБағдарламасы
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   130
Байланысты:
3e54f76bdab069052700dfbd2773f999

жыл толма# Әмiре мерейтойына төмендегiдей дайынды# 
шараларын iске асыру #ажет деп санаймын, олар: 
1. Әмiре жайлы жазған Мұхтар Әуезовтың, Әлкей 
Марғұланның, Сәбит Мұқановтың, Ахмет Жұбановтың, 
Сапарғали Бегалиннiң, Елубай Өмiрзақовтың, Қалыбек 
Қуанышбаевтың, басқадай да көптеген авторлардың 
естелiктерiн, Қайнекей Жармағамбетовтың “Әншi азамат” 
повесiн, Мұқатай Тоқжiгiтовтың “Ән атасы – Әмiре” кiтабын, 
Хамза Абдуллин мен Оразақын Асқардың поэмаларын, менiң 
де Әмiре жайлы жазған кiтаптарымды сол қалпында қайтадан 
жеке-жеке бастырып шығару кезек күттiрмейтiн жұмыстар 
болуға тистi. Әмiренiң асқақ әншiлiгiн айшықтайтын 
құнды дүниелер, мiне, осылар. Ал Әмiре шығармашылығын 
зерттеймiз дегендерге осы аталған авторлар еңбектерiне 
сүйенгенде немқұрайлы қарамай, сiлтеме көрсету арқылы 
пайдалану қажеттiгiн ескертемiз.
2. Алматыдағы Гоголь мен Пушкин көшелерiнiң 
қиылысындағы жарты ғасыр бойына Әмiре есiмiмен аталып 
келген музыкалық мектеп ғимаратына (бұл күндерi басқа 
мекемеге айналған) “Бұл үй 1934 жылдан - 1990 жылдарға 
дейiн Әмiре Қашаубайұлы атындағы музыкалық мектеп 
болды” деген Әмiренiң есiмi жазылған тақта iлу.
3. Қазақстан астаналары болған Қызылорда, Алматы, 
Астана және туған елi Семей қалаларында Әмiре тұрған үй 
маңдайшаларына ескерткiш тақта iлу. Әмiренiң есiмiмен 
көше атау.
4. Әмiре Қашаубаев атындағы Республикалық халық 
әндерiн орындаушылардың конкурсын жандандыру.
5. Халық ағарту комиссариатының 1934 жылғы 19 
қараша күнгi “Әмiреге мүсiн орнату” жөнiндегi нөмiрi 540
бұйрығына назар аударып, ескерткiш орнатуға әрекет жасау.
6. Өткен ғасырдың 70 жылдарында Қазақ ССР 
Министрлер кеңесiнiң шешiмiмен мүсiншi Т.В. Андрющенко 
сомдаған Әмiре ескерткiшiнің қай жерде, қай аулада 
жатқанын iздеп табу.
7. Әмiре дауысы жазылған күйтабақты “Сиди дискiге” 
көшiру.


243
Мiне, осы жұмыстар iске асырылар болса, Әмiре атамыз-
дың әншiлiк өр тұлғасы жұрт назарында әлi де айқындала 
да, айшықтала да түсерi сөзсiз. Ең бастысы, әншi атамыздың 
аруақ рухына деген парызымыз ақталмақ. Осы жұмыстар 
шын жаны ашитын адамның ойлайтын ойы, атқарар 
мақсаты болмақ. Сонымен қатар, Әмiре бастаған дәстүрлi 
әншiлiк өнерiмiзге деген көпшiлiктiң сүйiспеншiлiгi болмақ. 
Нақтылай түйiндеп айтқанда, ұлы әншi мұрасын қастерлеу
ұрпаққа жеткiзу ұлтымызға, мәдени мұрамызға сын болмақ.
*** 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет