КGЙТАБА ТЫX І ЖАYЫ
ЛЕКТОР:
Қазақтың өткен замандарда өмір сүрген әйгілі әнші,
күйшілерінің асыл мұралары біздің заманға әртүрлі жолмен
жетті. Күйші-композиторлардың өз шәкірттері болды,
көптеген күйлер солардың орындауында ұрпақтан-ұрпаққа
ауыса келіп, кейін қағаз бетіне түсті, бертінде талантты
домбырашылардың, оркестрдің орындауында пластинкаға,
пленкаға жазылды, әншілердің мұрасы да осылай сақталды.
Ұлы әнші Әміре Қашаубаевтың орындайтын әндерін күні
бүгінге дейін біздер қағазға түскен нота бойынша білуші
едік. Әншінің өз орындауындағы бірде-бір әні белгісіз болып
келген.
247
Енді, міне, Әміре қазір біздің алдымызда өзі … я-я, өзге
ешкім емес, өз аузымен ән салып бергелі отыр.
Бұл не ғажап. Әміренің бар болмысы, өмірінің бар мазмұны
ән, тек қана ән еді. Сол әні, Әміренің өз дауысымен шырқаған
әні қайта оралғаны оның өзі оралғанымен барабар емес пе?
Бұл сіздер тыңдағалы отырған Әміренің дауысы
әншінің 1925-1927 жылдар аралығында Мәскеуге барған
сапарларының бірінде фонографқа жазылып алынған.
Фонограф — дыбыс жазу аппаратының алғашқы тым
қарапайым түрі. Сол себепті Әміре әндерінің жазылу сапасы,
дыбысының анықтығы, тазалығы ойдағыдай емес. Оның
үстіне, жарты ғасыр архивте белгісіз жатып, фонограф
валигінің ескіріп тозғандығынан Әміре әндерінің мына
пластинкаға түскен қалпында да техникалық ақаулықтар
жоқ емес.
Әміренің о баста фонографқа жазылып алынған бұл жеті
әнін ұзақ жылдар іздену нәтижесінде Мәскеудің орталық
архивінен таптық. Бұл әндерді фонографтан грампластинкаға
аударып жазуда Мәскеудегі Бүкілодақтық “Мелодия”
фирмасының реставрациялау мамандары дауыстың барынша
табиғи да таза шығуын қадағалап, үлкен еңбек етті.
Сөйтіп, Әміре әні қазақ даласына қайта оралды, туған
аспанында қайтадан қанат қақты.
Қанатың талмасын, қыран ән!
Енді Әміренің өзін тыңдайық.
(“Балқадиша” әні орындалады).
ЛЕКТОР:
Фонографтың дыбыс жазу мүмкіндігі шағын болғандық-
тан, жеті әннің бәрі де жаңағы орындалған “Балқадиша”
әніндей қысқа қайырылады.
Ал, ендігі орындалатын “Жалғыз арша” әнінің де сөзі
қысқа, оның үстіне жазу сапасы төмен. Соған қарамастан,
Әміренің дауысы еркін самғап, шырқау биікке көтеріледі.
(“Жалғыз арша” әні орындалады)
248
ЛЕКТОР:
Әміре жайлы әншінің ауылдасы жазушы Сапарғали
Бегалин былай дейді:
“Әміремен біз бір болыстас, жерлес туыспыз. Бірақ,
көшпелі ауыл арасы алшақ болып, балалық шағымыз
қанаттас болған жоқ. Әміремен жете танысып үйірлескенім
1912-13 жылдары Семей шаһарында болды. Сұраса келгенде,
Әміре менен жеті жас үлкен екен, өзі аға болып, іні тұта
танысты.
Әміре бұрынғы Семей губерниясы Қарқаралы уезі Дегелең
болысында 1888 жылы туған екен. Әкесі Қашаубай еті тірі
кедей шаруа болған. Әміре әнді жас күнінен әдеттеніп айтып,
ауыл ішінде әнші бала атанды. Оны әнге баулыған немере
ағасы әрі әнші, әрі ақын Серік деген кісі екен.
Мен Семейде Әміремен танысқан кезімде Әміре Семей
шаһарында аты әйгілі әнші еді. Ол кезде “ар жақ, бер жақ”
атанатын Семей қаласының той думаны, арал серуені Әміресіз
өтпейтін. Әміренің сол кездегі өте мәнеріне келістіріп айтатын
әндері “Үш дос”, “Ағашаяқ”, “Бес қарагер” болатын.
Мен Әміренің осы әндерді айтқанын 1913 жылы Аралдағы
бас қосудағы бір мәжілісте тыңдап, сүйсінген едім. Әміренің
сондағы үні әлі күнге құлағымда күмбірлеп тұрғандай
болатын. Әміренің асқақ үнін, әсем әндері мен шырқаған сол
әндерін, міне, бүгін тағы тыңдап, өзін көргендей сүйсініп
отырмыз.
Халқымыздың ән асқары атанған күміс көмей, жез таңдай
саңлағы Әміре 1925 жылы Париж қаласында әлем аспанынан
халқының әнін асқақтата шырқағанын естігенде орасан
қуанған едік. Міне, бүгін өлген тіріліп, өшкен жанып, сол
әндерді тағы қуаныштап отырмыз”.
(“Бес қарагер” әні орындалады).
ЛЕКТОР:
Әміренің замандасы, өкшелес інісі, шәкірті, қазақтың
ұлттық театр өнерінің ірге тасын қалаушылардың бірі, Қазақ
ССР-ның халық әртісі Серке Қожамқұловқа сөз берелік:
“Мен алғаш рет Әмірені 1925 жылы қазақ театры
ашылғанда көрдім. Ән деген нәрсе әркімге қона бермейді ғой.
249
Талай әншілерді көп естіп жүрдік, бірақ тап Әміредей әнді
нақыштай, қуаныш, күйінішін жүрекке жеткізе айтатын
әншіні кездестірген емеспін.
Әміре алғаш рет “Еңлік-Кебектегі” Жапал рөлінде ойнады.
Онда ол “Көк көбелек” әнін салатын еді. Спектакль біткен
соң жұрт сұрап отырып, оған ән салғызатын.
Әміре кей әндерді өзі өңдеп, жанынан жаңаша әуен, үн
қосып, түрлендіріп жібергенде, сүйсіне тыңдаушы едік.
Сол кезде жалпақ елге даңқы кеткен Әміренің мінез-құлқы,
кішіпейілділігі, көпшіл-қарапайымдылығы өз алдына
бөлекше еді. Бір ренжуді білмейтін, ақкөңіл Әміре жол
жүргенде де ойын-сауықтың қызығы, алтын қазығы сияқты
көрінетін. Әміре бәрімізге де ұстаз еді.
Мына Әміре дауысын ести отырып, біріншіден, сол өткенді
еске түсірсек, екіншіден, мұра қастерлеудегі парызымызды
ақтайтындай осы еңбекке ризалығымды білдіремін”.
ЛЕКТОР:
Әміре орындауында “Дудар-ай” әні аса серпінді, ширақ
естіледі. Әншінің ашық та таза дауысы әр тұста алуан
құбылып, әннің сөзі мен мәнін, барша бояуын тыңдаушыға
мейлінше әсерлі, ажарлы қалпында жеткізеді.
(“Дудар-ай” әні орындалады).
Достарыңызбен бөлісу: |