(“Семей таы” газетінен, 1 маусым, 1968 ж.)
арпы# ЕГІЗБАЙ6ЛЫ
ӘМІРЕ МЕН КЕРІМБАЙ
...Алдына жылқы салмаған бәйге күрең сияқты жүйрік ат,
қыран бүркіт, жүйрік тазы ұстаған Райымбектің Керімбайы
(1891-1949) осы аймақтың Ақаны мен Біржаны болған...
... 1933 жылы ел аралап жүріп, Көкпектінің «Шұбарши»
колхозында Алматыдан келіп өнер көрсетіп жүрген Әміре
Қашаубаевпен кезігеді. Керімбайға: «Сіздің әншілігіңіз
менен артпаса, кем емес екен», - депті Әміре. «Жоқ, сіз үкімет
әншісісіз, сізбен теңесе алмаймын», - дедім деп айтып келді
Кекең (жұрт құрметпен Кеке дейтін).
...Алматыға театрға шақырып, атақты әртіс Қуан Лекеров
екі рет келіп кетіпті. Соған барам деп жүргенде 1938 жылы
301
«Халық жауы» ретінде ұсталып, жазықсыз жазаланған
айтулы өнер иесі сол сапардан қайтпады. (292- бет)
(«Таылым» кітабынан, Семей, 2001).
Әнуар ЖАПАРОВ
ӘМІРЕ ПАРИЖДЕ
(Тамара – хануммен сұхбат)
Біздің бұл әңгімеміз 1925 жылы «Вестник работников
искусств» журналының сегізінші санында басылған
сурет жайында. Сол жылы шілде айында Парижде өткен
дүниежүзілік этнографиялық концерттен табыспен оралған
өнер иелерін журнал редакциясы арнайы шақырып, суретке
түсірген. Алдыңғы қатарда бірінші болып отырған Әміре
Қашаубаев, төрт адамнан кейінгі – белгілі өзбек бишісі
Тамара Ханум.
Мен осы ескі сурет сырын білу мақсатымен таяуда
Ташкент қаласында тұратын СССР халық әртісі Тамара
Ханумға арнайы соқтым. «Мен Әміре жайлы естелік айтуға
әзірмін. Әміремен 1925 жылы Парижде бірге болғанмын», -
деп бастады әңгімесін Тамара Ханум.
– Сол кезде Мәскеуде музыка техникумында оқитынмын.
Бір күні А.Луначарскийдің шақыртуымен келсем, онда бір
топ адамдар тосып отыр екен. Көпшілігі өнер адамдары,
біразының аты-жөнін білмегеніммен түрлері таныс.
Сәлден соң белгілі өзбек әншісі Кари Якубов келді. Халық
комиссарының кең кабинетіне қатар отырып жайғастық. Орта
жасқа келген қасқа бас, тұлғалы адам А.Луначарский екенін
бірден танып отырмыз. Көзінде песнесі жалт-жұлт етеді. Ол
орнынан тұрып алыстан келгендерге: «Жақсы жеттіңдер
ме?» – деп, маған: «Оқуың қалай?» – деп, әрқайсымыздың
хал-жайымызды сұрап алды. Бәріміз де «жақсы» деп
жатырмыз. «Уақыт болса таяп қалды. Сіздер Парижде өтетін
этнографиялық концертке баруға белгілендіңіздер. Концертті
басқарушы – Ресей филормониясының директоры Б.Красин,
музыкалық жетекші – РСФСР-дың еңбек сіңірген әртісі
Г.Любимов. Мақсатымыз – кең-байтақ совет елінде тұратын
әр ұлттар өнерін шет елге таныстыру. Сіздер өз халқыңыздың
әнін, күйін, биін ұлттық аспаптарыңыздың сүйемелдеуімен
орындайсыздар. Тек қана асыға дайындық жасау керек», -
деп сөзін жетекшілерге аударды.
302
Дайындық күн сайын қыза түсті. Бір күні сахнаға басында
бөрік, жеңіл шапан киген орта бойлы, бетін күн қаққан, бидай
өңді жігіт шыға келді. Мен оның киінген киімінен, өңінен
қыр қазағы боларсың-ау деп ойладым. Қателеспеппін. «Әнші
Әміре Қашаубаевтың орындауында қазақ әндерін тыңдалық»,
- деді концерт жүргізуші. Әміре қолына домбырасын алып,
тиегін дұрыстап, құлағын күйлеп алды да, ешкім естімеген
шалқар әнді шырқай жөнелді. Алғашқы әуеннен жұрт
құлаққа ұрған танадай тына қалды. Зал ішін дүрілдеткен
өктем дауыс бәрімізді елең еткізді. Тыңдаушыларын еліткені
соншама оның қанша ән айтқанын аңғармадық. Жақсы әнге,
асқақ үнді әншіге дуылдата қол соқтық. Сол жолы білдік.
Әміренің әншілігіне ерекше ықылас қойып, қадағалап
жүрген адам А.Затаевич екен.
Осы дайындықтың қорытынды концерті жайында 1925
жылы 26 маусымда «Правда» газетінде мақала жарияланғаны
де есімде.
Тамара Ханум сәл ойланып қалды да, әңгімесін одан әрі
жалғастырды.
– Қойымыз қоралас, малымыз аралас жатқан бауырлас
көрші елдің ән дариясы мол екенін сезініп, Әміре даусын
естігеннен кейін мен қазақ әндеріне құштар болдым.
Этнограф, композитор А.Затаевичті ен далаға еріксіз жетелеп
әкелген де осы әсем әндер сазы-ау...
Қараторғай, ұштым зорға-ай,
Бейшара шырылдайсың жарға қонбай...
Ол өлеңнің әр сөзін бөліп-бөліп, әндетіп орнынан тұрып
кетті.
– Көп ұзамай Париж сапарына аттандық. Астананың
өнерсүйгіш қауымы, тілектес жандар шығарып салды. Біздің
концертті ұйымдастырушылар – Ресей филормониясының
директоры Б.Красин, Мемлекеттік академиялық халық
әндері ансамблінің жетекшісі Г.Любимов – бәріміз бір қауым
ел болып жүріп кеттік. Жол бойы Еуропа қалалары мен ну
ормандар көз алдымыздан өтіп жатты.
Париж – аспанмен тілдескен мұнаралар, қат-қабат қара
қошқыл зәулім үйлер. Біз мұнда шілде айының бас кезінде
келдік. Совет елшілігінде істейтін адамдар тегіс қарсы алды.
Біз қала орталығындағы «Ле-Италин» қонақ үйінің 18
қабатына келіп жайғастық.
303
Ертеңінде Париж көшелерін аралап, мәдени орындармен
таныстық.
Көше қиылысындағы, арнаулы жерлерден біздің
концертіміздің жарнамаларын жиі кездестірдік. Орыс,
француз тілдерінде үлкен әріптермен құлпырта жазылған бұл
хабарландыруларда Әміренің де суреті бар. Солар менде қазір
де сақтаулы. Жарты ғасырдан астам Әміренің тірі көзіндей
көріп келемін.
Тамара Ханум қоңыр альбомын алып, француз тілінде
жазылған жарнаманың қиындысын көрсетті. Онда «№ 50
үй. «Комедия» журналының концерт залы» деген сөздерді
өзі аударып оқыды. Осы залда өз өнерін паш еткенін, белгілі
өнер иелерімен жүздескенін еске алды.
– Сахна шымылдығы орыстың көп дауысты халық
қорымен ашылды. Одан кейін әншілер А. Доливо, О.Ковалева
орыс халық әндерін орындады. О. Федоровская украин
халық әндерін шырқады, грузин бишілерінің дүбірі залды
көтеріп әкетті. Ш. Мамедова әзірбайжан әндерін, К. Якубов
өзбек әндерін айтқанда жұрт дуылдап қол соқты. Армян мен
башқұрт сыбызғышыларының жүрек қылын шертетін нәзік
әуендеріне де зал іші таңғалысты.
Концерттің орта тұсында: «қазақ әншісі Әміре Қашаубаев
домбырамен халық әні «Ағашаяқты» айтады», - деген дауыс
саңқ етті. Ол әдеппен сахнаға шығып, домбырасының құлақ
күйін келтірді. Мойынын созып, иығын сәл көтерді де, әнді
баяу бастап, біртіндеп шырқау биікке шалқып кетті. Оның
даусы әдеттегіден ашық та анық көтерілді. Таңғаларлық еркін
ән қалықтап барады. Дауыстың күштілігінен қабырғалар
өздігінен ашылып, қараңғы түнді қақ жарған найзағайдай
әсер берді. Шырқалған дауыс ырғақпен төмендеп, қоңыраудай
сылдырай баяулады. Домбыраның ішектері естілер-естілмес,
ән әуенімен сыңғырлайды. Құдіретті ән оның епті де салалы
саусақтарынан босанып кеткісі келетіндей. Ән аяқталды.
Әміре орнынан тұрып, ізет білдірді. Қолы шапан жеңіне
жасырынып кетті. Пұшпақ бөркінің қылшықтары люстра
жарығымен шағылысып жарқырады. Қос жанарынан нұр
құйылып, екі езуінен күлкі төгілгендей, жымың қақты. Зал
ішін кернеген дауыстар ұласып жатты. Әміре сахнаға қайта
шықты. «Балқадиша» әні. Ол бұл әнді алғашқыдан да асыра
орындады. Жұрт Әміреден айрылар емес. Үшінші рет «Дудар-
ай» әні қалықтады. Тағы да қол соғу, құрмет, қошемет
толастар емес.
304
Мен концерттің соңында шығып, халық әндерін бимен
орындадым. Көрермендер разы болғандай еді.
Концерт табысты өтті. Сахнаға шығып қол алысып,
құшақ жайғандар көп болды. Әсіресе, орыс композиторы
С.Рахманинов, атақты әнші Ф. Шаляпин, ақын С. Есенин,
сол кезде би өнерімен аты шыққан Айседора Дункан, француз
жазушылары Ромен Роллан, Анри Барбюс әрқайсымызға
жылы лебіздер білдірді. Осы залда екі рет, тағы басқа
театрларда бірнеше концерт бердік. Жұрт концерт бітісімен
есік алдында тосып тұрып, жанымызға келіп, бастарын изеп,
киімдерімізді қолдарымен ұстап, музыкалық аспаптарға
қызыға қарап, босатар емес. Қай жерде концерт берсек,
осындай қошемет бізді билеп алды. Өнерді сүйе білетін
француз халқы шын ықыластарын білдіріп жатты. Осы
кезде Париж газеттері совет өнерпаздары жайында үзбей
мақалалар жазып тұрды.
...Тарлан өнер иесі әңгімеден жалығар емес. Ойланған
сайын сол сапар қызығын шеберлікпен айта берді. Кең-
байтақ Қазақстанды аралағанын, онда Әміренің әнші інілері
мен сіңлілері көп екенін қуана әңгімеледі.
- Бүгінде елімізге кеңінен танылған СССР халық әртістері
Бибігүл Төлегенова, Ермек Серкебаев, тағы басқа атақты
әншілерді кім білмейді? Бірақ, Әміренің орны бөлек. Оның
даусы биік шың-құздардан асып жатушы еді. Ол – дара
шыққан ұлы талант, - деді.
Мен Тамара Ханумға әсерлі әңгімесі үшін үлкен рахмет
айттым.
Достарыңызбен бөлісу: |