Адам баласы - Алланың добы» [6, 41 б.]
Адамзат баласы Аллаһтың құлы. Сол себептен адам баласы допты қалай
бағындырса, Аллаһ та адам баласын өзіне солай тәуелді етеді. Осыдан адам
баласының тағдыры Алланың ғана қолында екені шығады.
«Адам жүрген жерде аруақ жүзеді» [6, 41 б.]
Адам баласы әрқашан аруақтарды есіне алып, оларға дұғасын оқып,
Алладан иманды болуын тілеген. Аруақтарды дұғасына қосып, жандары
жәннәтта болуын медет еткен. Адамның жалпы болмысына қатысты мақал-
мәтелдер төменде берілген.
«Адам көркі - шүберек
Ағаш көркі - жапырақ
Адам тілі тас жарар,
Тас жармаса, бас жарар
Адамзатты сөз бұзады,
Тау мен тасты жел бұзады
Алланың шайтанынан адамның шайтаны күшті
Дәм айдаса, қалма,
Адам айдаса, барма» [6, 42 б.]
«Екі кісінің тақсыры,
Бір кісіні діннен шығарады» [6, 57 б.]
«Кісі ақылымен бай болғанша,
Өз ақылыңмен жарлы бол
Достарыңызбен бөлісу: