Мұның бәрі, сондай-ақ мақал-мәтелдердің мотивтік негіздерінің басым
көпшілігі ретроспективті бағыттағы үрдісте, көне салт-дәстүрлер мен
дүниетанымды уағыздау барысында қалыптасуы,
сайып келгенде, олардың
«архаикалық құбылыс»'
екендігін айқындай түседі. Замана талабына сай
қаншама жаңа мақал-мәтелдер пайда болып, даналық қоры толассыз толығып,
дамып жатса да оның рухани көзі өткен өмірімізге байланысты. Мақал-
мәтелдерді «көненің көзі, дананың сөзі»
деп атауымыздың басты себебі де, міне,
осы.
Әрбір халықтың тілінде қорланып, қалыптасқан
мақал-мәтелдер бір
заманның ғана емес, әр түрлі заманның және біріне-бірі жалғасып, үздіксіз
дамып келе жатқан ұзақ замандардың жемісі. Олай болса, халық даналығының
ұйытқысы саналатын мақал-мәтелдер мен аталы сөздердің басқа түрлері де,
жоғарыда ескерткен екі – ішкі және сырткы –арнаның екеуі бойынша толығып,
дамып отыратығын
мойындағанымыз жөн.
Бұл екі арнаның екеуі де мұрагерлік дәстүрі негізінде қалыптасқан. мақал-
мәтелдердің ішкі арна бойынша адасуы, мәселен, казақ халқы үшін өз ата-
бабаларынан рухани мұра болып келе жатқан мақал-мәтелдерді оның тікелей
мұрагері
ретінде жадында сақтап, өз өмірінде қолдану бар да, бүкіл түркі
әлеміне тән сол тәрізді байлықты «ортақ дүние» деп қабылдап, пайдалану тағы
бар. Бұлардың екеуі де атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа рухани мұра боп
ауысып, өз дүниесіне айналады. Ішкі арна мен сыртқы арна бойынша толассыз
толығып отыратын даналық қорындағы мақал-мәтелдердің өзара мидай
араласуы соншалық, оларды, тек тарихи-салыстырма зерттеу арқылы болмаса,
қарапайым жұрт бірінен-бірін ажыратып ала бермейді.
«Көпшілік жағдайда ата-бабаларымыздың аталы сөздері бейнелі
мағынасын,
өзекті идеясын сақтағанымен, тілдің тұрақты дамып отыру
заңдылығына байланысты, берілу тәсілі, құрамдық-құрылымдық тұлғасы
өзгеріп отыруы да мүмкін» [12, 250, 280 б.] – дейді Әбдуали Қайдар. Оның ең
басты себебі: түркі әлеміне ортақ, оның көптеген тілдерінде қолданыста жүрген
мақал-мәтелдердің, баршасы сол тілдердің
дыбыстық,
тұлғалық
зандылықтарына
сәйкес өзгеріп, сол тілдерге икемделіп, өздерінің о баста
қалыптасқан «төркін-тілінің» ерекшеліктерін жойып алатындығында. мақал-
мәтелдің бәрін бірдей қай заманда, қандай тарихи себептермен,
этнолингвистикалық мотивтермен
пайда болғанын дәйектеп, құжаттап айтып
беру, әрине, мүмкін емес.Өйткені, ол мақал-мәтелдердің басым көпшілігі, тіпті
«қазақ'« болып саналатын 5 ғасырдың бер жағынан емес, өз бастауын соның ар
жағындағы тарихи тұңғиықтан, алғашқы ру-тайпалар заманынан алады.
37