топтамалары берілген. Бірінде молдалар төңірегінде жиналған мақал-мәтелдер
шоғыры орын алса, келесінде «Құран» кітабынан алынғандары, ал
қалғандарында «Хадис-шариф» кітабынан алынған мақал-мәтелдер
топтамалары еңгізілген. Мұндағы соңғы тақырыпта: «Ер туған жеріне, ит
тойған жеріне» мақалының мағынасын қазақ білмейді: «Бұл Хадис-
Шарифта»Шіп Алутин мен Алайманның мағынасынан алынған сөз», – деп
оның қандай мағына беретінін де ашып береді.
Сондай-ақ осы қолжазбасының 47-53-ші беттер арасында Мәшһүр-
жүсіптің «Қазақ мақалдары» деп кіргізген 15 шақты мақал-мәтелдері де бар.
Мақал-мәтелдің әрқайсына Мәшһүр-Жүсіп түсініктеме берген, және де олардың
біразының Құран Кәрімде де бар екенін т.б. көрсетіп кеткен.
Міне, бұдан біз мақал-мәтелді жинау барсында Мәшһүр-Жүсіптің қай
материалды қайдан алғанын көрсетіп отыру өнегесін танимыз. Сондай-ақ ел
арасында жиі кездесетін кейбір мақал-мәтелдердің кітап ішіндегі нұсқалармен
салыстырылып отырғаны да байқалады бар болса бар деп көрсетіліп отырған
Мәселен, «мақал аят пен хадиске дәлме дәл келетұғыны», – делінген ақын пікірі
де бар. Және шамасынша әр мақал-мәтел мәніне тоқтап, оның берер мағынасын
ашуға тырысқан. Бұдан қазір көпшілікке түсініксіз,
беймәлім болып келген
қазақ мәтелдер т.б. төркінін ғылым мен мәдениеттің бастауы болған Құран,
библия тәрізді ескі кітаптар арасынан іздестіру қажеттігі туады.
Соның бір көрінісі біз қарастырып отырған Мәшһүр-Жүсіптің «Шығасы
шықпай, кіресі кірмейді» мақалының шығу төркіні әңгімесі. Әңгімесінің
қысқаша оқиғасы мынандай: далада кле жатқан жесір әйелдің бір қап ұнын жел
ұшырып әкетеді. Соның мәнісін білу үшін Хазірет Дәуіт Ғалейссаламға барады.
Ол жауап берудің орнына бірде үш, екіншсінде бес пұт бидай беріп қайтарады.
Әр қайтарғанына есік алдында ойнап жүрген Сүлеймен оның ұн алғанына мәз
болмауы керектігін, қиянат иесін жауапқа тарту қажет екенін айтып, әйелді
қайта әкесіне жұмсайды. «Осы саған далада біреу үйретіп тұр ма, шыныңды
айтшы», – деп Хазірет Дәуіт әйелден сұрағанында, ол үйретуші Дәуіттің он үш
жастағы баласы Сүлеймен екенін айтады. Одан әрі Сүлеймен икеліп, әкесінің
жел әрекетінің себебін жел иесінен сұраған жөн екенін түсіндіреді. Кейін әкесі
Хазірет Дәуіт ғибадатханаға барғанда құдай жіберген періште келіп оған түсінік
береді. Сөйтсе, ол қап бидай теңізде батуға таянған бір кемеге ұшырылып
апарылып, соның тесігін бітеген екен.
Себебі олар құдайға жалбарынып,
кемедегі жарты қазынаны жетім-жесірлерге бермекші болыпты. Аяғында
кемедегілер соны істепті де, жарты дүниені әйел алыпты. «Шығасы шықпай,
кіресі кірмейді» деген сөз содан қалды дейді.
Жоғарыда айтып кеткендей, нұсқаны кімнен, қайдан алғандығы т.б.
турасында деректерді келтірмей кету тәрізді кемшіліктер орыс фольклорист-
ғалымдары арасында кездеседі. Мәселен, фольклор үлгілерін жинаушы П.
Лукашевичтің де М. Максимовичтің де өзіндік қателері – біріншіден, үлгіні
кімнен алғанын көрсетпеуі болса,
екіншіден, көшірілген тексті өзгертуінде
екенін ғалым Б. П. Кирдан дұрыс байқаған. Сондай-ақ ол кісі материал көзін
көрсетушілер қатарына Н. Цертелевті де жатқызады.
20
Мұндай тексті өзгерту ғалым В. И. Чичеров пікірінше, Богданова
еңбектерінде де кездеседі. Ал, ғалым А. И. Баландин фольклорист П. И.
якушкин еңбектеріне келгенде, бірде: «Записывая самое краткое соднржание
сказок, Якушкин, как видим, отмечал лишь их оснавные сюжетные узлы. Потом
он подвергал свои записи литературной обработке», – десе, бірде «....И все же
свободный текстуже не был подлинным народным произведением, при такой
обработке многообразие содержания произведений сводилось к некоему
образцу, совершенно утрачивалось своеобразие мастерства сказителей /певцов/
ниволировался под образец язык песен и
разрушолось местная песенная
традиция, поэтому Якушкин, наблюдавший песни в их живом бытовании,
отказался от этого
метода и выбрал иной: печетать наиболее ценный, как ему
казалось, текст, а все варианты выносить в примечания..» – деп материалды
өзінше билеп-төстеп сұрыптау орынсыздығына көңіл бөлген. Ал, мұндай
жоғарыдағы қателіктер, яғни кімнен алғанын көрсетпеу, я ел аузындағы тексті
хатқа түсірерде өзгерістерге ұшырату т.б. секілді ағаттықтардың Мәшһүр-Жүсіп
қолжазбасында мүлдем аз кездесуінің өзі жинаушы еңбегінің ауыз әдебиеті мен
фольклор табиғатын тану үшін де баға жетпес қазына көзі болып қала беретінін
дәлелдесе керек.
Қорытындылай келе, Мәшһүр-Жүсіп жазбаларын ақтара отырып, тағы бір
мақал-мәтелдерге қатысты мынадай деректерге кез болдық. Онда: «Мәшһүр-
Жүсіп қолжазбасынан көшірме, 1920 жылы Ә. Диваев экспедициясы жинаған» ,
– делінген. Бұған сүйенсек, кезінде Ә.Диваев ұйымдастырған экспедиция
мүшелері де фольклорлық үлгілерді жинау кезінде Мәшһүр-Жүсіп қолжазбаларын
пайдаланғанға ұқсайды, және де ол нұсқаларды
кімнен алғандығын жазып
кеткен. Енді бірде аты жойылып кеткен Қатаған жұрты туралы да: «Қатаған
ханы Тұрсын, қай неткенді ант ұрсын» – деген мақал сонан қалды деседі. Сонан
соң Қатаған деген жоғалды. Бірі – жарымды қалғаны болса, Қаңлы-
Шанышқылыға соңды кетіп, сонан қалған елден қалыпты деп айтылады» –
деген дерегін келтіреді. Яғни Еңсегей бойлы Ер Есімге опасыздық жасаған
Қатаған ханы Тұрсынның, елімен бірге тарих алаңынан із-түссіз жоғалғандығы
сөз болады.
21