•
Төрт тұмсықты цестодалар отряды - Tetrarhynchidea
•
ЦЕСТОДАТӘРІЗДІЛЕР КЛАСЫ - CESTODARIA
•
Гирокотилида
отряды - Gyrocotylidea
•
Амфилинида отряды - Amphilinidea
КІРПІКШЕЛІ ҚҰPTTAP КЛАСЫ - TURBELLARIA
Еркін қозғалатын, теңіз және тұщы су, кейде ылғалы
мол топырақта
мекендейтін құрттар. Олардың денесі кірпікшелі эпителимен жабылған.
Турбелляридің түр саны 3000-ға жетеді.
Құрылысы мен физиологиясы. Денесі созылыңқы, жапырақ тәрізді,
денесінде бөгде шығыңқы жерлері жоқ. Тек кейбір турбелляриде денесінің
алдыңғы жағында екі кішкене қармалауыш тәрізді өсінділері болады (51-
сурет). Турбелляридің ұзындығы миллиметрден бірнеше сантиметрге дейін.
Денелері түссіз немесе ақ түсті, тек кейде терісіндегі пигменттерінің әсерінен
әр түрлі түсті болады. Денесін цилиндр пішінді клеткалардан тұратын бір
қабатты
эпителий жапқан, оның сыртқы бос
шеттерін кірпікшелер қаптап
тұрады. Кейбір турбелляриде клеткалар
арасындағы шекаралар жойылып,
эпителий синцитий тәрізді болады. Мұндай жағдайда ядроны қоршап тұрған
цитоплазма аймақтары дененің ішіне қарай ығысады.
Ткань қабатына
тереңірек еніп кеткендіктен олар колба тәріздес
және өздерінің жіңішке
бөлімімен сыртқы ортамен байланысады. Жіңішке бөлімдерінің ядросы жоқ
және бос жағында кірпікшелері бар бөлінбеген
цитоплазмалық тақтаны
түзеді. Қабаттарының бұндай құрылыс түрі көптеген турбелляриге тән және
олар батып кеткен эпителий деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: