98
99
қазақ даласы мен Орта Азияны отарлаушы қаныпезер жендеттер дайын-
дайтын казачество мектебі ғана болыпты. Ол кезде мұндай мектептердің
маңайына қыр қазағы түгілі, исі азиялық атаулының жолаттырылмағаны
белгілі. Нақты тарихи құжаттар солай дейді. Демек, «қызылжарлық
Сегіз сері заманында» Омбыда ешқандай кадет корпусы болмаған. Ал,
1845 жылы ашылған әскери оқу орнына қазақ сақарасынан тек пат-
шалық империяға адал қызмет еткен төре тұқымдары (Шоқан) кейінірек
аға сұлтандардың балалары ғана (Халиолла Құнанбайұлы Өскенбаев
т.б.) қабылданатын болған. Ал, қара халық өкілдері бертінге дейін кадет
корпустарына мүлде алынбаған.
Қ.Биғожиннің жинаған деректері ақылға сыймайтын қисынсыз мәлі-
меттерге «тұнып» тұр. Өкініштісі, өткен ғасырдың жетпісінші жылда-
ры бұл деректер Қаратай Биғожиннің «табандылығының» арқасында
«ғылыми айналымға» баса-көктеп кіріп кетті. Тіпті, фольклор жинау-
шының құрған тұзағына даңқты жазушы Ғабит Мүсірепов пен атақты
ғалым Әлкей Марғұлан да оңбай түсіп қалады. Куәгерлердің айтуына
қарағанда, қазақ әдебиеті мен ғылымының қос алыбы: Ғабең мен Әлекең
Қ.Биғожиннің арандатуларына иланып қалғанына қатты өкінген деседі.
Сол сияқты марқұм Жәнібек Кәрменов ағамызды да бұл іске шатылды-
рып, аталған «композиторлардың мұрасын» зерттеушінің ән жинағына
кіргізуге «зор еңбек сіңірген» тағы да осы Қ.Биғожин болып шықты.
Бұл жайында «Қазақстан» ұлттық арнасындағы «Телқоңыр» бағдарлама-
сында Жарылғапбердінің «Гауһартас» әнінің шығу тарихын талдау
үстінде әншінің жұбайы Тоты жеңгеміздің аузынан естідік.
Қаратай Биғожинің Сегіз сері Баһрамұлы жайындағы ойдан туғызған
жасанды аңызы – осы күнге дейін көптеген көркем шығармалар мен
ғылыми мақалардың жазылуына, сондай-ақ БАҚ-тың ешқашан бітпейтін
қаншама дау-дамайларына арқау болды десеңізші. Осы былықтың бәрі
Қ.Биғожиннің халық жыры «Мақпал – Сегіз сері» хикаясын бұрмалаған
күнінен басталып тұр емес пе. Плагиат нұсқаның өтіріктігі «жыр» бас-
талған бетте шаң береді:
Достарыңызбен бөлісу: