118
119
Керейде Қожаберген, Сегіз өткен,
Қазақтың шежіресін жыр ғып шерткен.
Үш жүзге өлеңменен үндеу тастап,
Олар да бірлік үшін еңбек еткен
61
, –
«өлеңінің» де ақынның ешбір жинағында жоқтығы Сұлтанмахмұт
шығармашылығымен етене таныс оқырманға мәлім. Оның үстіне мы-
нандай шалдыр-шатпақты Сұлтанмахмұт жазды дегенге кім сенеді?
«Қожабергентанушылардың» тағы бір куәлікке тартатын адамы –
халқымыздың қас батыры Бауыржан Момышұлы. Баукең бүй деген
көрінеді: «Керей Қожаберген жыраудай бұрынғы-соңды өмір сүрген
ақындарының бірде-біреуі
қазақ жұрты жерінің көлемін, шекарасын
айқындап берген емес. Ол кісінің «Елім-ай» жыры – әскери дастан!
Бала кезімізде оны әншілердің аузынан талай естіп едім. Шіркін-ай, сол
әскери дастан қайда бар екен?» Бұл күнде Бауыржан Момышұлының
отыз томдық шығармалар жинағы жарық көргені белгілі.
Бір кереметі,
сол отыз томдықтың бірде-біріне Баукеңнің әлгі пікірі кірмей қалған.
Б.Момышұлы шығармаларын зертеушілер де «Баукең ондай пікірді
ешқай жерде айтқан да, жазған да емес», – деп зар қағады. «Қожа-
бергентанушылардың»
осындай шексіз бейбастақтығы, түк қысылмас-
тан алаш ардақтыларының аузына еш жауапкершіліксіз,
оп-оңай сөз
сала салатыны жан түршіктіреді. Бұдан Қожаберген мен Сегіз сері бар
бола қалмайды ғой.
Осы жерде оқырманның көңілінде дық қалдырмас үшін ағартушы, пе-
дагог Ыбырай Алтынсариннің Қожаберген жырау туралы мәліметін қаз-
қалпында бергенді жөн көрдік:
Достарыңызбен бөлісу: