...Бақтияр айттырғанға бермей қойды,
Құда түсу ісіне көнбей қойды.
«Кімді сүйсе, Мақпалым соған барсын», – деп,
Бұл сөзін аса берік шарт қып қойды.
Бақтияр қыз сатқанды хош көрмеді,
Құдалық айтқан мырзаларды дос көрмеді.
Біртоға мінезі ауыр найман байы,
Қыздардың азаттығын жөн көреді.
Бақтияр айтты: «Қызым барсын өз теңіне»,
Шаппаймын мен балтаны оның өміріне».
Атастырмай жасында ұлдарына қыз,
Таңдатқан балаларына келінін де.
Балалары ұнатқан қызға құда түскен,
Сол себепті келіндері рахат өмір кешкен.
Жылатып жас қыздарын берген жанды,
Деуші еді Бақтияр бай: «Ол қан ішкен».
104
105
Ол Найман-Қоңырат күн мен айы,
Белгілі қыз көркемдікпен елге жайы.
Баршы сап, құдалықты сөйлеспек боп,
Мазаны алды төре, қожа төлеңгіт байы.
Бақтияр оларға да қыз бермеді,
Шатпа деп бастарыңды қол сермеді.
Жеті ұлы бар ініміз Бақтияр бай,
Еліктірген сөздерге көп ермеді.
Келгенде, әуелі Сегіз, Нияз екеу еді,
Бір аста бесеу қосылып жетеу еді.
Атағын Сегіз сері естіген соң,
Қосылып көп ерлер ақыры бірнешеу еді
52
.
Осындай шатпақы сөздерден құралған «жыр» одан әрі «қызылжарлық
Сегіз серінің» «Қыз Жібек», «Ер Тарғын», «Айман – Шолпан», «Қамбар ба-
тыр» дастандарын «қобызбен жырлап бергендігі» жөніндегі қойыртпаққа
ұласып кетеді. Бір сұмдығы, осы бір дәстүрлі жырлау үлгісіне жат, пла-
гиат нұсқаны елімізге белгілі академик, профессор ағаларымыз, таны-
мал ақындарымыз «керемет жыр» деп бағалаудан танбай келеді. Соңғы
уақытта мұның сыры да ашыла бастағандай. Академик ғалымдарды,
ақын-жазушыларымызды тура жолдан тайдырып, нағыз адал ғалымдарға,
әділетшіл ақындарға тән принципшілдігінен айнытуға дәргейлері жет-
кендер кімдер екен десек: олар өздерін Қ.Биғожин ойлап тапқан «үш
жүзге аты мәлім Сегіз сері» мен жалдамалы зерттеушілер «дәлелдеген»:
«Қазақ, Ноғай, Қарақалпақтың бас сардары, дауылпаз баба Қожаберген
жыраудың» ұрпағы санайтын, онысын мақтан көретін, трайбалистік
сананың тұтқынына түскен негізінен орыстілді «нувориштер» болып
шықты. Бұл күндері адамның ұлы болудан атаның ұлы болуды артық
көрген қалталы байлар мен еліміздің басқа аймақтарына қарағанда, өкі-
нішке қарай, қатты орыстанған солтүстік өңірге қазақы көсем болып
«күмп ете қалуды» көздейтін, сөйтіп, «ел жақсысы» атануды мақсат
еткен заңгер саясаткерлеріміз өздерінің ел бүлдіргіш әрекеттеріне еш
қысылмастан, басты мақсаты қолдан тұлға жасау болып табылатын
«Қожаберген жырау Толыбайсыншыұлы мен Сегіз сері Баһрамұлы
«феноменіне» дем беруде.
52
Бұл да сонда – 264–265-б.
Қожаберген жырау демекші, «дауылпаз бабаның» біраз дауының
халқымыздың ән өнерінің тарихына, оның ішінде Жүсіпбек шырқайтын
«Қанатталды» әніне қатысы болғандықтан, осы еңбегімізде еріксіз пікір
айтуға мәжбүрміз. Өйткені соңғы кездері: қазақтың жыры мен әнінің ата-
сы Қожаберген жырау, себебі ол атақты «Елім-ай» әнінің авторы деген
желбуаз пікірлер еліміздің БАҚ беттерін бермеуге айналды.
Өз басым «Елім-ай» әнін бала кезімнен білемін. Маған бұл әнді
үйреткен өзім қолында өсіп, тәрбиесін көрген нағашы шешем еді. Сол
төрт ауыз өлеңді орта мектепке арналған тарих оқулығынан да оқыдық.
Кейін ЖОО-да білім алып жүрген шағымызда қазақтан шыққан тұңғыш
теміржол инженері Мұхамеджан Тынышбаевтың қазақ тарихына қатысты
еңбегі қолымызға түсті. Алаш қайраткері де аталған еңбегінде «Елім-ай»
әніне тоқталыпты. Сонда мені М.Тынышбаев хатқа түсірген «Елім-ай»
мен нағашы шешем Бибігүл Қалмағанбетқызынан үйренген «Елім-ай-
дың» айна қатесіз ұқсастығы қайран қалдырды. Екеуі де төрт ауыз. Бір
ғажабы, бұл әнді ауылда тек кәрі әжелеріміз айтушы еді. Оның өзінде
көңілді той-томалақта емес, жүн түтіп немесе ою ойып, көрпе қабып
отырған мазалы, тыныш шақтарда кейуана шешелеріміз естілер-естілмес
мұңлы үнмен қоңырлата салатын. Сонда да әсері керемет болатын. Бала
болсам да, сәби түйсігім осы бір мұңлы әннен бір тылсым сыр, сұмдық
сарын естігендей болушы еді. Неге екенін білмеймін, егер осы әнді еркек-
тер айтар болса, көрер көзге сөкет болып көрінетіндей болушы еді. Со-
дан ба екен, ауылдағы ер-азамат атаулының аузынан, тіпті, қазірге дейін
«Елім-ай» әнін естіп көрмеппін. Оның сырын кейін білдік қой. Ол жайын-
да сәл кейінірек.
Арада жылжып жылдар өтті. Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары-
ның басында «Елім-ай» дастанының табылғаны жайында, оның шы-
ғарушысы Қожаберген жырау туралы дақпыртқа толы мақалалар қазақ
баспасөзін кернеп кетті. Кейбір басылымдар фольклор жинаушы Қаратай
Биғожин «тапқан» «жырдың толық нұсқасын» сүйіншілей жариялғаны
да есімізде. Басында бұл дақпыртқа біз де сендік. Содан да болар,
«көнеден жеткен қастерлі жырға» Кербаланың шөлінен қаталап жет-
кен жандай, ай-шай жоқ бас қойғанбыз. Бірақ лепірген көңіліміз лезде
басылды. Бала кезімізден халық жырларын жаттап өскендіктен бе екен,
өлең десе күліктей көсілетін қайран тіл «Елім-ай» жырына келгенде
тұсаулы аттай кібіртіктей берді. Жүйесіз сөздер, оралымсыз ойлар, жы-
лусыз жыр жолдары қадам басқан сайын адым аштырар болмады. Ақыры
болмаған соң, нәрсіз, құнарсыз, жансыз «дастанды» жылы жауып қойған
106
107
едік. Бірақ, сол кездің өзінде дастанның шынайылығына, төлтумалығына
деген көңілде күдік, ойда секем қалған еді.
Содан да болар, «Елім-ай» әні жөніндегі жылт еткен деректерге на-
зар аудара жүретін болдық. Ұмытпасам, «Елім-ай» туралы алғашқы
қызғылықты деректі ХІV ғасырдың жазба жәдігері болып саналатын «Ко-
декс куманикстегі» «Ақсақ құлан» күйінің сандық ноталарын (Музыка
зерттеуші ғалымдардың дәлелдеуінше, ең алғаш сандық нотаны ойлап
тапқан әл-Фараби көрінеді) оқып танысқан музыка зерттеуші Б.Г. Ерза-
кович жариялады. Көне жәдігердегі «Ақсақ құлан» күйін үңіле зертте-
ген кәсіби музыка зерттеушісі аталмыш күйдің алғашқы төрт тактісінің
«Елім-ай» әнімен тура дәлдікпен үйлесетіне назар аударды. 1227 жылы
дүниеге келген «Ақсақ құланның» ХVІІІ ғасырдың зары «Елім-аймен»
үндесуі – шынында да керемет жағдай! Демек, «Елім-ай» тарихи тамырын
тым тереңнен тартады деген сөз. «Елім-айдың» бір нұсқасының түбі бір
түркімен халқында сақталғаны да таң қалдырады. Түркіменнің халық әні
былай басталады:
Достарыңызбен бөлісу: |