198
199
ЖүсЕКЕңЕ!
Бұлақтай
сұлу әнге таза тұнық,
Қалатын сыр ұққандай дала тұнып.
Сыймайтын киіз үйге кемпір мен шал,
Тыңдайтын босағада бала тұрып.
Есітіп әсем әнді ту алыстан,
Жылайтын қариялар қуаныштан.
Асақ
ән ел көгінде қалықтайтын,
Қырандай шың басында түлеп ұшқан.
Сол әнің алпыста да асқақ әлі,
Қалықтап шыңды құшып асқаралы.
Эфирден ертелі-кеш бір тынбастан,
Тербейді, тербетеді астананы.
Жүрегі жаралмаған мұң-зар үшін,
Ерекше елден шыққан шын дарынсың.
Арыны алпыста да басылмаған,
Қазақтың сен бүгінгі Біржанысың.
Іздеген
адам едің жыр өмірден,
Өнердің өзенінде жүзе білген.
Қабыл ал достарыңның ақ тілегін,
Өзіңнің махаббатты жүрегіңнен.
Қазақстан Жазушылар одағының басқармасы
ЖЕрлЕсіміз ЖүсіпБЕК ЕлЕБЕКоВКЕ
(70 жасқа толуына байланысты Егіндібұлақ ауданы
еңбекшілерінің атынан ескерткіш)
Оянды дала,
Оянды қала,
Өзіңнің салған әніңнен.
Қарады дана,
Қарады дала көз ілген.
Қазақтың әнін,
Өзіңнен ғана сезінген.
Мен қалай бүгін,
Шаттанбай өлең жазамын.
Бақытты, тегі,
Өзіңмен менің қазағым,
Халқыңа, әсте,
Үлкен бір мұра қалдырдың,
Өнердің көріп мазағын.
Арқалап
келдім
Арқаның,
Жердің
Сәлемін.
Сол елден ұшқан,
Балапан балғын өнерің.
Бүгін де, міне,
Жетпіске келген шағыңда,
Сайраған ұл-қыз,
Аз емес өнер бағыңда.
Жүсекең дейміз,
Ән
айтқан дарын табылса,
Жүсекең дейміз,
Ауылға құстар ағылса.
Жүсекең десек, домбыра кетер безілдеп,
Туған жер сөйлер бабында.
Ән-күйдің елін,
Өзіңмен жұртым таниды.